Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қаржылық және басқару талдау» пәні бойынша «5В050800-Есеп және аудит» мамандығы



жүктеу 2,77 Mb.
бет10/13
Дата21.01.2018
өлшемі2,77 Mb.
#7792
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:

  • банкроттықты құқықтық реттеу;

  • кәсіпорынның банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім қабылдау процестерінің нормативтік-әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамасыз етілуі;

  • перспективалы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;

  • қайта құру және жою шараларын қаржыландыру;

  • банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;

  • кең ауқымды қоғам үшін банкроттар жайында ақпараттардың жариялылығын қамтамасыз ету, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындардың тізімін жүргізу.

Қазақстан Республикасы жағдайында банкроттық механизмінің нормативті-құқықтық базасы ретінде әдебиеттер тізімінде көрсетілген құжаттар пайдаланылады.

Қазақстан Республикасының «Банкроттық жайында» Заңына сәйкес, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешімі ерікті немесе еріксіз түрде қабылданады. Банкроттық, борышкердің сотқа жазған өтініші бойынша ерікті түрде немесе оның өзінің банкроттығы жайында соттан тыс түрде кредиторлармен келісімге келе отырып, ресми түрде хабарлауы жолымен жасалады. Ал еріксіз түрде, кредиторлардың немесе "Банкроттық жайында» Заңымен өкілет берілген тұлғалардың өтініші негізінде жасалады.

Банкроттық жайында кредитордың өтінішпен сотқа баруына негіз болып борышкердің төлеу қабілетінің болмауы табылады. Егер борышкер өзінің міндеттемелерін 3 ай ішінде орындай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп саналады.

Кредитордың борышкерге қойған талаптарының сомасы 150 айлық есепті көрсеткіштерден жоғары болса ғана, банкроттық жайында іс сотпен қаралады.

Банкроттықтың ықтималдылығын бағалауды қаржылықылық талдау арқылы жүргізуге болады, себебі ол кәсәсіпорынның экономикалық "ауруын" және одан " жолдарын таңдауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның банкроттылығын болжау бойынша құралдарды кең пайдалана отырып, кәсіпорынның дағдарыс жағдайынан шығу шараларын ойластыруға мүмкіндік туғызады. Болжау, қалыптасып жатқан тенденцияларды зерттеп қарауға сыртқы, ішкі жағдайлардың әсерін есепке ала отырып, қаржылық саясатты жүргізу үшін, кәсіпорынның келешегі төлем қабілеттігінің төмендеуі немесе жоғарылауы қандай деген ең маңызды сұраққа жауап беру керек.



3-сұрақ. Қаржылық жағдайдың динамикасының негізгі тенденциялары мен қызмет нәтижелерін формаланған және формаланбаған әдіс арқылы болжауға болады. Инфляция қарқынының күшті болуы, шығындар нормасының орталықтандырылып бекітілмеуі және келісім-шарттар жасау кезінде алдын ала төлеудің кең таралуы жағдайында, жабдықтау келісім-шартына отырған кезде болжау дәлдігі төмендейді. Осындай кезде қаржылық жағдайды болжау, табыстардың есеп беруге қатысты өзгермелі параметрлері - өндіріс көлемі, шаруашылық субъектілер қызметінің әр түрлі бағыттары бойынша шығындардың бағдарлама жүйесі қаржылық есеп беру және электронды кесте негізінде құрылуы мүмкін.
А. Несие беру қабілетгілігі индексінің есебі.

Қаржылық болжауда бағалардың эксперттік бағалау әдісі мен экономика-математикалық моделдеу қолданылуы мүмкін. Экономика-математикалық моделдеу көрсеткіштер динамикасын келешекте қаржылық процестердің дамуына тигізетін факторлар әсеріне байла-нысты белгілі дәрежеде дәл анықтауға мүмкіндік береді.Экономикалық-математикалық модельдеудің қаржылык болжамының ең тиімдісін алу үшін, ол экспертгік бағалау тәсілімен толықтырылады, нәтижесінде қаржылық процестердің сандық мәндеріне түзетулер жасауға мүмкіндік туады. Жалпы әлемдік практикада кәсіпорыннының тұрақтылығын болжау, оның қаржылық стратегиясын таңдау, сонымен қатар, оның тәуекелділігін анықтау және банкроттығын болжау үшін экономикалық-математикалық модельдер қолданылады.



Банкроттықтың ықтималдығын бағалаудың ең жиі қолданылатын әдісі белгілі американ экономисі Э. Альтман үсынған Z модельдері.

Осы модельдердің ішіндегі ең қарапайымы екі факторлы модель болып табылады.

Ол негізгі екі көрсеткішке негізделеді. Э. Альтманның пікірі бойынша банкроттықтың ықтималдығы: кәсіпорынның жалпы жабу коэфиценті (К °) немесе ағымдағы өтімділік (ктл), яғни кәсіпорынның активтерінің өтімділігін сипаттайтын коэффициентке және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын қаржылық тәуелділік коэффицентіне байланысты болып табылады. Эмперикалық жолмен табылған бүл көрсеткіштер коэффиценттердің салмақтық мағынасына көбейтіліп, нәтижелері белгілі бір тұрақты өлшеммен қосылады, ол да тәжірибелік-статистикалық тәсілмен табылады. Егер нәтиже (Z) теріс болса, банкроттық ықтималдық үлкен емес. Ал егер Z мәні оң болатын болса, ол банкроттық ықтималдылығының жоғары екенін көрсетеді.

Америка тәжірибесінде мынандай коэффиценттердің салмақтық мәндері қолданылады.

• жабу немесе ағымдағы өтімділік тл) көрсеткіші үшін:

-(-1,0736);

• баланстың пассивіндегі заемдық қаражаттың үлес салмағының көрсеткіші үшін:

+0,0579);

• тұрақты шама -(-0,3877).


Бұдан Z есебінің формуласы мынандай болады:

Z= -0,3877+Ктл(-1,0736)+Кз*-0,0579.

Мұнда:


Z=0 болғанда кәсіпорындар үшін банкроттық ықтималдығы 50%-ға тең. Егер Z<0 болса, онда банкроттық ықтималдығы 50%-дан кем болады, және Z төмендеген сайын пайыз да төмендей береді. Егер Z>0, болса, онда банкроттық ықтималдығы 50%-дан асып, Z өскен сайын ұлғая береді.

Осы модельдердің ерекшелігі оның қарапайымдылығы, оның кәсіпорын жайында ақпарат көлемі шектелген жағдайда қолданылу мүмкіндігі болып табылады.

Отандық кәсіпорындар басқа жағдайларда жұмыс істейді, біздің елімізде инфляция қарқыны макро- және микроэкономика циклдері, сонымен қатар өндірістій энергия, қаржы және еңбек сыйымдылығы, еңбек өнімділігі деңгейі, салық ауыртпалығы басқаша болып келеді. Осыған байланысты бұл жоғарыда көрсетілген коэффициенттер мәнін біздің жағдайда ойламай бірден пайдалану мүмкін емес. Бірақ модельдің өзін, басқа еліміздің нарығына сәйкес келетін көрсеткіштермен алмастырып, отандық есеп және есеп беруде банкрот кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпараттар толық болған жағдайда қолдануға болар еді.

Э. Альтманның көп факторлы моделі кеңінен қолданылады. 1968 жылы ол болжаудың бес факторлы моделін ұсынган. Осы модельдерді жасаған кезде Э. Альтман өнеркәсіптің 66 кәсіпорынын қарап тексерген. Оның жартысы банкроттыққа ұшырап, жартысы жақсы жұмыс істеген. Ол мүмкін болатын банкроттықты болжау үшін ұтымды болып келетін 22 талдау коэффициентін зерттеген. Банкрот болған америка фирмаларының қаржылық жағдайын, гүлденіп өсіп келе жатқан кәсіпорындар көрсеткіштерімен салыстыра отырып, олардың банкроттық ықтималдылығына байланысты дәрежесін және салмақтық коэффициентін анықтап, бес негізгі көрсеткішті шығарған Э. Альтманның жалпы түрдегі моделі (несие қабілеттілік индексі) мына түрде көрсетіледі:



Z=

Мұндағы: К, - К5 келесі түрде есептелінеді:


К1 = Меншікті айналым қаражаттары

Барлық активтер

Бөлінбеген табыс

К2= ----------------------------------

Барлық активтер

К3=Пайыз бен салық төлеуге дейінгі табыс

Барлық активтер

Меншікті (акционерлік) капиталдың нарыкгық бағасы (жай және К4=айрықша акциялар)/__ Қатыстырылған капитал (баланс бойынша заем қаражаттарының сомасы)

Өткізуден түскен табыс

К5=-----------------------------

Барлық активтер
Z индексінің шекті мәні статистикалық сүрыптау мәліметтері бойынша Э. Альтманның есептеуінше 2,675 болды. Осы өлшеммен нақты кәсіпорын үшін есептелген несие қабілеттілік индексінің мәні салыстырылады. Бұл кәсіпорындар арасында шек қоюға және болашақта (2-3 жыл) біреулерінің банкроттыққа ұшырап (Z<2,675 болғанда) және (Z>2,675 болғанда) басқалардың қаржылық жағдайы тұрақтануы жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді.

Кестеде Z-шотының мәні мен банкроттық ықтималдығы көрсетілген.



32-кесте Банкроттықтың ықтималдық дәрежесі

Z-шоттың мәні

Банкроттықтың ықтималдығы

1,81 және одан төмен

өте жоғары

1,81-ден 2,70 дейін

жоғары

2,71-ден 2,90 дейн

мүмкіндік бар

3,0 және жоғары

өте темен

.

Басқа да белгілер мәлім болды, мысалы, Британ ғалымдары Тофлер мен Тишоу 1977 жылы төрт факторлы болжамдық модельді үсынды. Сол жылы Э.Альтман банкроттық ықтималдылығын 5 жыл бойы қадағалауға мүмкіндік беретін жеті факторлы модельді жасады,оның дәлдігі 70%-ға дейін болады. Бүл модель келесі көрсеткіштерді қамтиды:


1) активтердің рентабельділігі;

2) пайданың динамикасы;

3) несие бойынша пайыздарды жабу коэффициенті;

4) комулятивті түсімділік;

5) ағымдағы өтімділік коэффициенті;

6) автономия коэфициенті;

7) жиындық активтер.

Бұл модельдің құндылығы өте дәлдігінде, бірақ қолданылуына ақпараттың жетіспеушілігі қиындық туғызады (сыртқы пайдаланушыларда жоқ аналитикалық есептің мәліметтері қажет).



Ә. Формаланған және формаланбаған белгілер жүйесін қолдану.

Жоғарыда көрсетілген көп факторлы модельдер, қор биржасында өздерінің акцияларына баға кесетін компаниялар үшін ғана мүмкін болады. Сонымен қатар белгінің тек біреуіне бағытталу теория жағынан өте жағымды, ал іс жүзінде ақталмаған. Сондықтан анали-тикалық шолумен, болжаумен және кеңес берумен айна-лысатын көптеген аудиторлық фирмалар мен басқа компаниялар өздерінің аналитикалық бағалауында белгі-лер жүйесін қолданады. Мысал ретінде аудит практикасын талдап қорыту (Ұлыбритания) бойынша комитеттын ұсынысын келтіруге болады. Бұл көрсеткіштерді екі топқа бөлуге болады:



Бірінші топқа динамикасының өзгеруі немесе жағымсыз ағымдағы мәндері келешекте банкроттық және қаржылық қиыншылықтардың болуы мүмкіндігін көрсе-тетін динамикасының өзгеруі немесе белгілер мен көрсеткіштер жатады. Оған жататындар:

• негізгі өндіріс қызметіндегі қайталанатын елеулі шығындар;

• ұзақ мерзімді салымдардың көзі ретінде қысқа мерзімді заемдарды шамадан тыс қолдану;

• мерзімі өткен кредиторлық борыштың кейбір қауіпті деңгейінің өсуі;

• өтімділік коэффициентінің тұрақты төмен мәндері;

• айналым қаражаттарының аса тапшылығы;

• қаражаттар көзінің жалпы сомасындағы қарыздар үлесінің қауіпті шектеріне дейін тұрақты өсуі;

• дұрыс емес қайта инвестициялау саясаты;

• инвесторлар, кредиторлар және акционерлер ал-дында міндеттемелерді үнемі орындамау;

• дебиторлық борыштың жоғары үлес салмағы;

• нормадан тыс, жатып қалған тауарлар мен өндіріс қорларының болуы;

• банктік жүйедегі мекемелермен қатынасының нашарлауы;

• тиімсіз шарт бойынша жаңа қаржылық ресурстар көзін пайдалану (мәжбүрлі);

• пайдалану мерзімі өтіп кеткен жабдықтарды өндіріс процесінде қолдану;

• ұзақ мерзімді келісімдерді потенциалды жоғалту;

• тапсырыстар портфеліндегі жағымсыз өзгерулер.



Екінші топқа жағымсыз мәндері ағымдағы қаржылық жағдайды шекті жағдай түрінде қарастыруға негізделмейтін белгілер мен көрсеткіштер кіреді. Оған жататындар:

• басқару аппараттарының белді қызметкерлерінен айырылу;

• мәжбүрлі тежеулер, сонымен қатар өндірістік техникалық процестердің ырғақтылығьшың бұзылуы;

• кәсіпорынның активті түрі, жабдықгың типі, нақты бір жобадан тәуелді болуы;

• жаңа жобаның табыстылығы мен сәттілігіне орынсыз сену;

• кәсіпорынның немен аяқталатыны белгісіз сот ісіне араласуы;

• тиімді контрагенттерді жоғалту;

• кәсіпорынды техникалық және технологияльіқ тұрақты жаңартудың қажеттілігін дұрыс бағаламау;

• тиімсіз ұзақ мерзімді келісімдер;

• кәсіпорынмен тікелей немесе оның бөлімшелері-мен байланысты саяси тәуекел.

Осы ұсыныстардың құндылықтарына жүйелілікті, мүмкін болатын банкроттық тұрғысынан қарағанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын кешенді жолмен түсінуді, кез келген кәсіпорынның ешқандай өзгерту-лерсіз қолдануына болатындығын жатқызуға болады. Қаржылық есеп берулер мәліметтерінен басқа, қосымша ақпарат қажет. Бұл белгілердің шекті мәні салалар бойынша нақтыланады, ал оларды жасау тек қана анықталған статистикалық мәліметтер жиналғаннан кейін жүргізіледі.

В. Қаржылық ағымдардың талдауы.

Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін алдын ала көрсетіп және оны болдырмауда қаржылык агымдардың талдауы маңызды әдіс болып табылады. Ол несие алудың мақсатқа сәйкестігін бағалау, қарыз қаражаттарының қажетті көлемдерін және мерзімдерін бағалау міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.

Қаржы қаражаттарының қозғалысын немесе қаржы ағымдарын талдауда көрсеткіштердің 4 тобы қарастырылған:

- кірістер;

- шығындар (немесе «төлемдер»);

- олардың айырмасы («сальдо», «баланс»);

- нақты бар болуы («өспелі нәтижелі сальдо», топтастырылған «сальдо»), шоттағы бар қаражаттарға сәйкес.

Егер болашақта 4-көрсеткіш («өспелі нәтижелі сальдо») теріс болса, онда ол қарыздың пайда болуын көрсетеді. Егер бұл қарыздарды жабатын мүмкіндік болмаса, ал кредиторлар оларды сот арқылы талап етсе, ол банкротқа немесе форс-мажордық жағдайға алып келуі мүмкін. Демек банкроттықгың бірінші белгісі, ол -соңгы көрсеткіштің теріс болуы.

Банкроттықтың келесі белгісі сыпайылау, ол тіпті өркендеген кәсіпорынның да «несиелік қақпанға» түсу мүмкіндігімен байланысты. Бұндай жағдайда қарыз қаражаттарды алу көлемі қарыз қаражаттарды қайтару көлеміне тең немесе кем. Ол қарыздар алынғаннан кейін бірден кәсіпорынды дамыту үшін жұмсалмағанын білдіреді, ал олардың төлемі оның тиімділігін төмен-детеді, яғни өз қаражаттарының «жуылып» кетуі нәтижесінде шығынды қызметке және банкроттыққа алып келеді.

Банкроттықтың ықтималдығын бағалаудың бұл әдісі Батыс елдерде кеңінен қолданылады. Мысалы, Германияда қаржылық ағымдардың талдауы кәсіпорынның төлем қабілеті жоқтығын анықтау үшін заңды түрде қолданылады.

Төлем қабілетсіздік қаупі, қарыздарды төлеу уақыты келген кезде қолма-қол төлем міндеттемесін орындай алмаған жағдайда болады. Төлем қабілетсіздікті анықтау алынатын және шығатын төлемдер негізінде жасалады. Төлем қабілетсіздік қаупі болашаққа бағытталған,сондықтан белгісіздік мәселесіне қарсы тұрады. Табьіс-тар мен шығыстардың көптеген көлемдері, қаржыльіқ болашағы нақты жағдайға байланысты екенін көрсетеді

4-сұрақ. Қаржылық ағымдарды талдау әдісінің артықшылыгы есептеудің қарапайымдылығы, алынған нәтижелердің көрнектілігі, басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті ақпараттылығында болып отыр. Бұл әдістің кемшіліктері де бар: қажетті деңгейдегі дәлдікті қажет ететін ақша қаражаттардың түсу көлемін, ұзақ мерзімді болашақтағы төлемдердің көлемін, сонымен қатар кәсіпорындағы аналитикалық есептің қажетті мәліметтерін жоспарлау өте қиын.

Түсуі мен шығуы жоспарланған, өтімді қаражаттардың барлығы кірістірілген қаржылық жоспар, бағалаудың барабар құралы болып табылады.



Банкроттықтың алдын алып, кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтіру үшін, кәсіпорын келесідей батыл әрекет жасауға мәжбүр болады:

а) қозғалмайтын мүліктің бір бөлігін сату;

ә) басы артық тауарлы-материалдық қорлардан құтылу;

б) жарғылық капиталды өсіру;

в) айналым қаражаттарын толтыру үшін ұзақ мерзімді ссудалар мен заемдарды алу;

г) шығындарды қысқарту бағдарламасын жасау және жүзеге асыру;

ғ) активтерді басқаруды жақсарту;

д)қайтарылмайтын немесе қайтарылатын негіздегі әр түрлі деңгейдегі бюджеттерден, салалық және салааралық бюджеттен тыс қорлардан мемлекеттік қаржылық көмек алу.

Банкроттықты болдырмауға бағытталған жұмыстың басқа жайы маркетингтік саясатты дүрыс жүргізу болып табылады.



Үшінші бағыт - капиталды тез айналымын қамтамасыз ету. Кәсіпорынның аз табыс алатынының ең басты себебінің бірі, ол оның қаржыларының үлкен сомасының қозғалыссыз жататындығы. Құралдар көп қолданылмайды, шикізаттың қоры тым көп, ғимараттардың шамадан тыс көп болуы т.б. Бұның барлығы әрекетсіз капитал болып табылады. Кейде капиталдың 2/3 бөлігі доғарылып қалып, барлық тапсырыстар қалған бір бөлігіне жүктеледі. Баға өскенде ғана болмаса, тауарды ұстап түрудың ешқандай қажеті жоқ. Римараттар немесе құралдардың құндылығы олардың бағасына емес, пайдаланылуына байланысты. Бизнестің мәні айырбастау больш табылады. Пайда нормасы жоғары бағаға емес, сату жылдамдығына байланысты, сондықтан бағаны көтеру банкроттыққа әкеледі, ал капиталдың айналымдылығының ең жоғары жылдамдығы банкроттықтан сақтайды.

Бұл ұсыныстар банкроттықты болдырмайтын жұмыстарға жалпы бағыт береді. Шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық дағдарыс жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға бағдарлама жасап шығару керек.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Банкроттық және оның негізгі пайда болу себептері

2. Қаржылық көрсеткіштерді талдаудың әдістері мен тәсілдері

3. Банкроттықтың ықтималдылығын талдау

4. Қаржылық ағымдарды талдау
Қолданылған әдебиет:

1.Ковалев В.В. Анализ финансового состояния и прогнозирование банкротства,

Санкт-Петербург, 1994

2. Шеремет А.Д. Методика финансового анализа, Москва, 1995

3.Дюсембаев К.Ш. Анализ доходности и деловой активности предприятия.

4. Библиотека бухгалтера и предпринимателя, 1996 № 23-24

5.Ковалев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры – Москва: Финансы и статистика, 2001

6.Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия, Алматы,1998

Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субъекта, Москва, 2000


12- тақырып. Кәсіпкерлік тәуекелділікті талдау

Мақсаты: Тақырыпты ашу.
1. Кәсіпкерлік тәуекелділіктің мазмұны

2. Тәуекелділікті сапалық талдау

3. Кәсіпкерлікті сандық талдау және оның негізгі тәсілдері

Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін тәуекелдік факторы нарықтық экономикада үдей түседі. Тәуекелділік қандайда бір жағымсыз жағдайдың болуының мүмкіндігін көрсетеді. Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдығын (қаупі), қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді.

Тәуекелділік ықтималдық категориясына жатады яғни оны белгілі бір деңгейдегі жоғалтулардың ықтималдылығы ретінде есептейді. Әр кәсіпкер басшы типіне байланысты таңдап, тиімді тәуекел деңгейін өзі белгілейді. Кертартпа басшылар жаңалықтарға бейімделмеген, әдетте олар қандай да бір тәуекелден қашуға тырысады. Икемді басшылар, егер тәуекелділік ерікті болып, ал орындаушылар өз ісінің маманы болса, олар тәуекелді шешімдерді қабылдауға тырысады.

Кәсіпкерлік тәуекелділіктің жағымды деңгейдегі және мақсатты шешімдер қабылдаған кезде белгілі бір жоғалтуларға апаруы ықтималдығын білумен шектеліп қоймай, сонымен қатар ол жоғалтулар сол немесе басқа деңгейден аспау ықтималдығын да қарастыруы керек.

Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің тәуекелсіз болмайтынын көрсетеді. Кәсіпкер тәуекелді ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін қалай азайтатынын білуі қажет. Фирма үшін қандай да бір жағымсыз жағдай болса да, кәсіпкер негативті нәтижелерді азайту мүмкіндіктерін қарастыруы керек.

Тәуекелді өзін-өзі сақтандыру есебінен және хеджиралау жолымен тәуекелдің бөліктерін басқа фирмаларға беру арқылы азайтуға болады.



Өзін-өзі сақтандыру меншікті қаражаттардың бөлігінің есебінен зиянды жабу және ойда болмаған шығындарды жабуға қаражат жинақтаумен байланысты. Кұны фирманың қаржы көрсеткіштерімен салыстырғанда аса көп емес мүліктің немесе бір типті мұліктің мөлшерін жоғалту қаупі төнгенде, ішкі шаралар өзін-өзі сактандыру орынды болады.

Шет елдерде тәуекелді азайтудың кең тараған тәсілі хеджиралау (аудармасы - жоғалтулардан сақтау), қарсы валюталық, коммерциялық, несиелік және басқа талаптар мен міндеттерді даярлау. Бірақ, тәуекелдің көп бөлігі (менеджерлердің қатесі, бағаның өзгеруі, сұраныс, дұрыс таңдалмаған жоба және т.б.) толығымен кәсіпкерлерге жүктелген. Жағдайларды болжап, кәсіпкерлік тәуекелді бағалауды үйрену керек.



Кәсіпкерлік тәуекел- бұл бизнестің түріне байланысты компанияның қызметінің тәуекелі. Олардың негізгі түрлеріне өндірістік, коммерциялық және қаржылық (несиелік) тәуекелді жатқызуға болады.

Өндірістік тәуекел -бұл өнім өндірумен, қызмет көрсетумен, басқа да түрлі өндіріс қызметтін жүзеге асырумен байланысты тәуекел. Өндірістік тәуекелдің пайда болу себептері: ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін болатын төмендеуі, материалдық шығындардың өсуі, қызметкерлердің наразылығы, менеджерлердің қатесі, көтеріңкі аударым сомалары мен салықтарды төлеу және т.б.

Коммерциялық тәуекел- кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізу процессінде пайда болады. Коммерциялық тәуекелдің себептері: өнімді өткізу көлемінің төмендеуі, материалдық ресурстардың сатып алу бағасының жоғарылауы, сатып алу көлемінің ойда болмаған төмендеуі, айналым шығындарының өсуі, экономиканың тұрақсыздығы және клиенттердің ұнату қабілетінің өзгеруі, бәсекелестердің әрекеті.

Қаржылық тәуекелкәсіпорынның банктермен және басқа да қаржылық институттармен қатынас өрісіндепайда болады. Қаржылық тәуекелдің себептері: қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынастарының көлемінің жоғарылауы, кредиторларға тәуелділік, капиталдың әрекетсіздігі, бір жобаға, бір мезгілде көп қаражат жұмсау.

Қаржылық тәуекел мына операциялардан алынған шығындарда көрсетіледі: несиелік, инвестициялық құнды қағаздар эмиссиясы.

Айналым және өндіріс өрісіндегі кәсіпорындар үшін қаржылық тәуекелдің құрамдастарын ажырата білу керек: несиелік, пайыздық, валюталық айрылып қалған пайда тәуекелі, инвестициялық тәуекел, салықтық тәуекел.

Несиелік капитал нарығының қатысушылары қаржылык тәуекел деп әдетте клиенттің төлем қабілетсіз болуына байланысты міндеттемелерді орындай алмау қаупінен туындайтын жалпы экономикалық тәуекелдің бір тұрін тұсінеді.

Қаржылық тәуекелді шешуге нақты қаражаттарды таңдаған кезде инвестор келесі принциптерді назарда ұстауы керек: меншікті капитал мүмкіндігінен артық тәуекелге бармау керек, аз нәрсе үшін көп нәрсені тәуекелге салмау керек, тәуекелдің нәтижесін алдын ала білуге тырысу қажет. Яғни берілген тәуекел бойынша, мүмкін болатын шығындардың ең көп мәнін есептеп, содан соң берілген тәуекелге игермелейтін кәсіпорынның капитал көлемімен, содан кейін салыстыру керек. содан кейін барып мүмкін болатын шығындарды жалпы ақша қаражаттарының көлемімен салыстыру керек. Сонда ғана, бұл тәуекел кәсіпорынды банкроттық жағдайға әкелмейтінін анықтауға болады, Басқаша айтқанда бұл тәуекелді басқарудың жалпы стратегиясы.

Қаржылық тәуекелді басқару процесі 5 сатыдан тұрады: 1.мақсаттарды анықтау,

2.тәуекелді анықтау,

3.тәукелді бағалау,

4.оларды жүзеге асыру

5. нәтижелерді бағалау.

Мақсатты анықтау кәсіпорынның едәуір шығындар жағдайында жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағьтталады.

Мақсат кәсіпорынды сыртқы орта жағдайынан немесе ішкі орташа оңтайландырудан қорғау болып табылады.

Тәуекелділік ықтималдылығы ресми және бейресми көздерден әр түрлі ақпараттар жинау көмегімен анықталады.

Шығындардың қаупін оның мағынасына байланысты үш тұрге бөлуге болады: банкроттық қауіп, шығынды болдырмау үшін қосымша ресурстардың қажеттілігі, активтердің бір бөлігін шарасыз жоғалту.

Қаржылық тәуекелді басқарудың ең кұрделі кезеңі болып табылатын тәуекелді талдаудың міндеті мүмкін болатын серіктестіктерге, жобаға қатысудың тиімділігі туралы шешім қабылдауға және ақша жоғалтуды болдырмау шараларын жасау үшін кажет мәліметтерді беру болып табылады.

Тәуекелді талдау кезінде тәуекел аймағы ұғымын пайдалану маңызды, яғни ол шекарасында белгіленген тәуекел деңгейінің шекті мәндерінен аспайтын жоғалтулар болатын, рыноктың жалпы шығындар аймағы. Нарықтық экономика жағдайында кез келген кәсіпорын қызметінің 5 негізгі тәуекел аймағын белгілеуге болады.



Тәуекелсіз аймақтаоперация жүргізген кезде кәсіпорын ешқандай тәуекел жасамайды, ешқандай шығын көрмейді, кәсіпорын кем дегенде есепті табыс алады. Жобаны орындау кезінде, теориялық жағынан кәсіпорынның табысы шексіз.

Аз тәуекелді аймақтағықызмет нәтижесінде кәсіпорын таза табысының барлық мөлшерін немесе бір бөлігін жоғалту ықтималдығы бар.

Жоғары тәуекелді аймақтакәсіпорын, нашар болған жағдайда барлық шығындарын жабады, ал жақсы болған жағдайда есепті деңгейден төмен табыс алады. Бұл аймақта өндіріс қызметі қысқа мерзімді несие есебінен болуы мумкін.

Қауіпті тәуекелді аймақтакәсіпорын есепті табыс ғана емес, сонымен қатар өнім өткізуден (жұмыс, қызмет) түскен табысты жоғалту ықтималдығы және шығындарды өзінің есебінен қайтарады.

Жарамайтын (апатты) тәуекелді аймақтағы кәсіпорынның қызметі банкроттыққа әкеледі, барлық инвестицияларын жоғалтады.

Тәуекелді талдау кезінде оның көздері мен себеп терін анықтау керек. Пайда болу көзіне байланысты тәуекелділік былайша бөлінеді: меншікті шаруашылық адамның өзімен байланысты, табиғи факторлармен байланысты. Тәуекелділіктің пайда болу себептері болашақтың анықталмауынан, әріптестің айқыңдалмаған мінезі, ақпараттың жетіспеуінен туындаған деп жіктеледі. Қандай да бір жағдайда болмасын, тәуекелдік шешімнің ақпаратпен жабдықталу жағдайына байланысты болады.

Инвестор кейде нәтижелер анықталмаған және шектелген ақпаратқа негізделген жағдайда шешім қабылдайды. Әрине, ақпарат толық болған жағдайда тәуекелділікті жақсы болжап, оны төмендетуге болады. Мұндай жағдайда пайдалы ақпарат тауар тұрінде көрінеді. Ақпарат толық болған жағдайда, толық ақпараттын құны белгілі бір заттың күтілген құны арасындағы айырма түрінде көрініп, ал ақпарат толық болмаған жағдайда күтілетін құны түрінде көрінеді.

Тәуекелді талдауды бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бір-бірін толықтыратын екі түрге бөлуге болады: сапалық және сандық.



Тәуекелді сапалық талдаутәуекелді басқаруда екінші кезеңі турінде көрінеді. Ол мүмкін болат барлық тәуекелдерді теңестіріп салыстырады. Салыстырмалы түрде қарапайым болуы мумкін. басты міндеті жұмыс пен кезеңдердің орындалуы кезендегі тәуекелдің себептерін анықтау, яғни тәуекел мүмкін болатын аймақты айқындау, содан кейін барып, барлык тәуекелдерді анықтау болып табылады.

Тәуекелдік дәрежесіне әсер ететін барлық факторды объективті және субъективті деп бөлуге болады. Объективті факторларға кәсіпорыннан тәуелсіз инфляция, бәсеке саяси және экономикалық дағдарыстар,экология, кедендік салықтар жатады. Субъективті факторлар тікелей нақты түрін сипаттайды: өндірістік потеңциал , кадрлық құрылым, шаруашылық байланыстар , қаржылық жағдай.



Тәуекелдің сандық талдауы- бұл жалпы қаржылық тәуекелдің және ақшалай шығындардың жеке турлері бойынша нақты көлемін анықтау тәуекелдің өлшемдерін анықтау тұрлі талдаудың әдістері арқылы жүргізіледі, соның ішінде кең тарағандары : статистикалық, шығындардың мақсаттылығын талдау, эксперттік бағалау әдісі, ұқсастықтарды (аналогтарды пайдалану.)

Статистикалық әдістің мәні берілген немесе өндірістегі шығындар мен табыстардың статистика зерттеліп, сол немесе басқа экономикалық қайтарулардың көлемі белгіленіп және болашаққа дәлірек болжау құрылуында болып отыр. Вариация, дисперсия және стандарттық ауытқулардың есептеулері жүргізіледі

Вариация - бір жағдайдан (вариант) басқа жағдайға ауысқандағы белгінің сандық бағасының өзгерүі (тербелмелігі). Мысалы, экономикалық табыстылықтың (рентабельділіктің) өзгеруін экономикалық табыстылықтың нақты мәнін сәйкес келетін ықтималдылықтың мәніне көбейтуді жинақтау арқылы анықтауға болады.

Тәуекелділіктің дәрежесін есептеудің статистикалық әдісі көптеген көлемді мәліметтерді талап етеді. Олар әрдайым болмағандықтан, оны қолдану қиындайды.

Шығындардың мақсаттылыгын талдаукәсіпорынның экономикалық тұрақтылығының көрсеткіштерін есепке отырьш, тәуекелдің потенциалды аймақтарын бағытталған. Шығындарды артық жұмсауі 4 фактормен немесе олардың қосылуларымен байланысты туындауы мұмкін:

1) құнның ең басында жете бағаланбауы;

2) жобалаудың шектерінің өзгеруі;

3) өнімділіктегі айырмашылық;

4) алғашқы құнның өсуі.

Бұл негізгі факторлар нақтылануы мұмкін. Мысал ретінде қаржы-қаражаттарының тәуекел дәрежесін мақсатында, қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері қызмет ете алады.

Эксперттік-багалау әдісі маман-сарапшыға сұрақ-суал қоюға негізделген. Анкеталар кейін қойылған талдау міндетінің сол немесе басқа шешімін қабылдау үшін статистикалық өңделеді.

Сапалы пікір алу ұшін сараптауға жоғары білікті және қойылған проблема аумағында ұлкен практикалық тәжірибесі бар, даму тенденциясын теңдей көрсететін қабілеті бар, қойылған мәселеге ынталы мамандар қатыстырылады.



Ұқсастықтарды пайдалану әдісіқұбылыстардың, құралдардың, жүйелердің ұқсастығын тауып пайдалануында болып табылады, яғни жаңа идеялар мен ұсыныстар ұқсас объектілерді салыстыру негізінде пайда болады.Бұл әдісті, сонымен қатар эксперттік бағалау әдісін түсінікке, талдаушының тәжірибесі мен біліміне байланысты болғандықтан, анықтау субъективті алады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, кәсіпкерлік тәуекелді талдау кезінде тәуекелді төмендетудің жолдарын толық зерттеп білу керек. Тәуекелді тиімді болжаумен фирма ішілік жоспарлау бойынша сапалы жұмыстар жүргізу нәтижісінде төмендетуге болады.
жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау