Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қаржылық және басқару талдау» пәні бойынша «5В050800-Есеп және аудит» мамандығы



жүктеу 2,77 Mb.
бет11/13
Дата21.01.2018
өлшемі2,77 Mb.
#7792
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Кәсіпкерлік тәуекелділіктің мазмұны

2. Тәуекелділікті сапалық талдау

3. Кәсіпкерлікті сандық талдау және оның негізгі тәсілдері


Қолданылған әдебиет:

1.Ковалев В.В. Анализ финансового состояния и прогнозирование банкротства,

Санкт-Петербург, 1994

2. Шеремет А.Д. Методика финансового анализа, Москва, 1995

3.Дюсембаев К.Ш. Анализ доходности и деловой активности предприятия.

4. Библиотека бухгалтера и предпринимателя, 1996 № 23-24

5.Ковалев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры – Москва: Финансы и статистика, 2001

6.Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия, Алматы,1998

Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субъекта, Москва, 2000

13-тақырып. Ұйымның төлем қабілеттілігін талдау

Мақсаты: Тақырыпты ашу


  1. Төлем қабілеттігі қаржылық тұрақтылықтың маңызды көрсеткіші

  2. Төлем қабілеттігі коэффициенттерін талдау әдістері

  3. Қаржылық тұрақтылықты анықтау

  4. Қаржылық коэффиценттердің рөлі және маңызы

1 - сұрақ. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.

Арнайы есептік талдау әдебиеттерінде төлем қабілеттігін анықтау жөнінде әр түрлі көзқарастар кездеседі. Қаржылық талдау бойынша кейбір авторлар төлем қабілеттілігі ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе ал қабілеттілігін түсінеді. Мысалы, О.С.Ефимова (18) төлем қабілеттілігі: «кәсіпорынның өзіні ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсіну қабылданған», - деп жазады. «Фирманың қызметін қаржылық талдау» кітабының авторлары да осы көзқарасты ұстайды.



«Төлем қабілеттілігін, - деп жазады олар, компанияның ұзақ мерзімді қарыздары уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды».

«Төлем қабілеттілігі, - бұл кәсіпорынның кредиторлары жағынан төлемдер туралы қойылған талаптары қарыздарын өтеуге дайындығы». Сөз, тек қысқа мерзімді қарыздар туралы екендігі анық. Ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала белгілі болады. Төлем қабілеттілігі бұл қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша қарыздырды өтеу және өнім өндіру процесін үзіліссіз асыру үшін жеткілікті қаржының болуы. «Төлем қабілеттілігі – бар ақша сомасының белгілгі бір мерзімді жедел төлемдердің сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігінің коэфициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігінің коэфициенті бірден үлкен немесе тең болса, онда бұл шаруашылық жүргізуші субъект төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер төлем қабілеттілігінің коэфициенті 1- ден аз болса, онда талда процесінде төлем қаражаттарының жетіспеу себептерін анықтау керек».

Қысқа мерзімді міндеттемелер жайлы болса да, бұл түсінікті профессор А.Д.Шеремет (2) басқаша ашып көрсетеді. Ол «кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп өз уақытында техника жіне материалдармен жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру, несиелерді қайтару қызметкерлердің еңбегінің төлемін жүргізу, бюджетке төлемдер енгізу қабілеттілігін түсіндіріледі» деп жазады. Төлем қабілеттілігің өте қысқа және дәлірек анықтамасын профессор В.П.Кондраков береді. Пікірінше «төлем қабілеттілігі – бұл кәсіпорын – өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алу мүмкін». Бұл жағдайда міндеттемелер – бұл кәсіпорынның немесе басқа қарыз берушіге ақша төлеу және өз қарыздарын (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеу міндеті. Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу мерзімі шарты бойынша ұзақ мерзімді несиенің және қарыздың мерзімінің өтуіне байланысы, қысқа мерзімді қарыздардың бір бөлігі қысқы мерзімді қарыздарына жатқызу керектігін есептеу біздің ойымызша дұрыс, себебі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер шотының жоспары «несиелер» 60 бөлімшесінің 601-603 синтетикалық шоттарының әр түрлі субшоттарында ескеріледі. Жоғарыда айтылғандары қорытындылай келе, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек.

Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.

Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауалары материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.

Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдарды құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті.

Сондықтан, төлем қабілеттігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылы болуы керек.

Төлем қаражатының сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі көзқарастар бар. Төлемге қабілетті құралдарға ақша қаржыларын, қысқа мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу әлдеқайда тиімді, себебі олар тез өткізіледі және ақшаға тез айналады. Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы пассивтер, яғни, өтелуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар банкінің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді қарыздар, кредиторлық борыштар және басқа пассивтер кіреді.

Төлем құралының ағымдағы міндеттемелерден кәсіпорынның төлемге қабілетті екенін білдіреді есептің жәе басқа шоттарда ақшаның болмауы, қайтарылатын несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталммауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді. Төлем қабілеттігі оны қысқа мерзім ішінде (апта, ай) талдау кезінде анығырақ көрінеді.

Есепті кезең ішіндегі ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күнтізбе көмегімен есептелуі мүмкін, оның негізінде ағымдағы жедел төлем қабілеттігінің коэффициенті анықталаып, кредиторлармен, банкпен, қаржылық және басқа органдармен өз уақытында есеп айырысу қамтамасыз ететін шаралар жасалады. Төлемдік күнтізбе аналитикалық есептің мәліметтері банк көшірмесі, төлемнің мерзімдік картотекасы негізінде жасалады. Мұндай есептің күнделікті немесе 3-5 күнде бір рет және басқа уақыт аралығында жүзеге асырылуы мүмкін. Есептеудің мерзімділігі кәсіпорын төлем қабілеттігіне байланысты. Егер тұрақты болса, есептесу сирек, ал егер тұрақсыз болса, жиі жүргізуге болады. Ағымдағы оперативтік анықтау үшін кәсіпорынның төлем құралдары және уақыты келген оның қарыздары (мерзім міндеттемелері) туралы келесі ақпаратты қарасытрайық (8-кестені қараңыз).

Осы ақпарат негізінде төлем құралдары мен жедел міндеттемелерді анықтайық.

Келтірілген ақпарат осы мерзімде кәсіпорын өз қарыздарының 86,3%-н ғана төлей алатынын көрсетеді (3655:4233), қарыздарының 13,7%-ы төленбей қалады, бұл айыппұл санкцияларын төлеуге және кәсіпорынның шығындалуына әкелетін мерзімі өткендер қатарына жатқызылады.

Ағымдағы төлем қабілеттігін талдау кезінде сандық көрсеткіштерден басқа, сапалық сипаттамаларын білу керек.

2-сұрақ. Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттігі үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділік статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.

Үш көрсеткіш жиі қолданылады:



  1. Абсолютті өтімділік коэффициенті;

  2. Аралық өтеу (жабу) коэффициенті;

  3. Жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.

Абсолютті өтімділік коэффициенті (жеделдік коэффициенті) ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерінің қатынасы ретінде есептеледі. Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.

Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі елесі түрде болады:



Каө > 0,2+0,5

Бұл – ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттігінің қатаң белгісі.



Аралық өтеу (жабу) коэффициентін есептеу үшін (немесе басқа аталуы қауіпті өтім коэффициенті) ақша қаражатының құралындағы көрсеткіштің алымына дебиторлық және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.

Айналым қаражатының өтімді бөлігінің (яғни, тауарлы-материалдық қорларды есептемегенде), ағымдағы міндеттемелерге қатынасын ашып көрсететін көрсеткшітің есебі айналым құралдарының жеке категорияларының өтімділігі бірдей еместігінен шығып отыр.

Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледі:

Кар*ә > 1
Қауіпті өтімділік коэффициенті кәсіпорынның күтілетін төлем қабілеттігін дебиторлық борыштың бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңге сипаттайды.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді.ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін беогілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалдық айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдікмүмкіндіктерін көрсетеді.

Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттігін дәлелдейді.

Жалпы өтеу коэффициенті өндіріс сипатына байланысты күрт ауытқуы мүмкін. Оның деңгейіне тиелген тауарлар мен көрсетілген қызметтер мен есеп айырысу нысандары, өндіріс циклінің ұзақтығы, тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының құрылымы және басқалар әсер етеді. Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қауіпті мән болып табылады:



Кағ.ө > 2

Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға немес қаражаттарға тиімді қажеттілік деңгейі, ағымдағы міндеттемелерден екі есе асуы қажет екендігін көрсетеді. Ағымдағы өтімділік коэффициенті барлық айналым қаражаттарының бір айналымын орташа ұзақтығына тең кезеңдегі кәсіпорынның күтілетін төлеу қабілеттігін сипаттайды.



Коэффициенттерін есептеп, олардың деңгейіндегі ауытқуларды және оларға әр түрлі факторлардың әсер көлемін анықтау керек. Есептеулер кестеде көрсетілген.

«А3 Эталон» АҚ-ағымдағы активтерінің өтімділік көрсеткіштері (мың теңге)



Көрсеткіштер

Жыл басында

Жыл соңында

Өзгеріс (+;-)

(2гр.-1гр)

1

Ағымдағы активтер мың теңге, оның ішінде:

13781

21956

8175

1.1

Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық салымдар

1463

1425

-38

1.2

Дебиторлық борыш және басқа да активтер

1165

2914

+1749

1.3

Алдағы кезең шығындарынсыз тауарлы-материалдық қорлар қосылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдарының мөлшері азайтылған

11153

17617

+6464




Құрылтайшылармен есеп және ұзақ мерзімді қаржы салымдары










2

Қысқа мерзімді міндеттемелер мың теңге, оның ішінде:

4643

9681

+5038

2.1

Қысқа мерзімді несиелер мен зайымдар










2.2

Кредиторлық борыш

4294

8081

+3787

2.3

Басқа да ағымдағы міндеттемелер

349

1600

+1251

3

Өтімділік көрсеткіштері










3.1

Абсолютті өтімділік коэффициенті 1қ:/2қ

0,315

0,147

-0,168

3.2

Аралық өтімділік коэффициенті

0,566

0,4448

-0,118

3.3

Жалпы (ағымдағы) өтімділік коэффициенті

2,968

2,268

-0,700

Кесте мәліметтері жыл аяғындағы өтімділік жыл басына қарағанда біршама төмендегенін көрсетеді. Осылай абсолютті өтімділік коэффициенті 0,168 пунктке, аралық-0,118 пунктке және ағымдағы -0,700 пунктке төмендеді. Егер 1-көрсеткіш жыл басында теорияға сәйкес, ал 2-ең төменгі талап етілген шектеуден аз болса, онда жыл аяғында бұл көрсеткіштің деңгейі біршама төмендеді, сәйкесінше 0,147 және 0,448 құрады.

Жалпы өтеу, яғни ағымдағы өтімділік коэффициенті жыл басында да, жыл аяғында да талап етілген шектеуге жауап берді. Бірақ жыл басына қарағанда, 0,7 пунктке төмендеді. Бұған көлемін тізбектеп ауыстыру әдісімен анықтауға болатын, оның құрылу факторлары әсер етті. Келесі есептеу кестесін құрай отырып, оларды есептеу әдісімен көрсетейік.



Жалпы өтімділіктің (ағымдағы) коэффициенті деңгейінің өзгеруіне қорытылған факторлардың әсерінің есебі.

Көрсеткіштер

Жыл басында

Ағымдағы активтер мен жыл басында және қысқа мерзімді міндеттемелермен жыл соңында

Жыл соңында

Ауытқулар (-,+)

Соның ішінде өзгеру есебінен

Ағымдағы активтердің

(3б-2б)


Қысқа мерзімді міндеттемелердің (2б-1б)

Ағымдағы активтер

13871

13781

21956

Х

Х




Ағымдағы міндеттемелер

4643

9681

9681

Х

Х




Өтімділіктің жалпы (ағымдағы) коэффициенті

2,968

1,424

2,268

-0,7

+0,844

-1,544


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Төлем қабілеттігі қаржылық тұрақтылықтың маңызды көрсеткіштерін ата.

2.Төлем қабілеттігі коэффициенттерін талдау әдістері қандай?

3.Қаржылық тұрақтылықты қалай анықтайды?

4.Қаржылық коэффиценттердің рөлі және маңызы туралы.

14-тақырып. Ұйымның несие қабілеттілігін талдау

Мақсаты: Тақырыпты ашу.

1. Несие қабілеттілігінің рөлі және маңызы

2. Несие түрлері

3. Несиелеу шарттарын талдау

4. Ұйымның несие қабілеттілігін бағалау

1-сұрақ. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштердің бірі - несиеге қабілеттілігі. Төлем қабілеттігі "несиеге қабілеттілігі" түсінігімен салыстырғанда кеңірек ұғым. Төлем қабілеттілігі (ТҚ) кәсіпорының барлық қарыздарын өтеуге, соның ішінде банк несиесін қайтаруға мүмкіндік беретін қаржылық жағдайын сипаттайды. Талдаудың келесі кезеңі кәсіпорынның несиеге қабілеттілітігін айқындау болып табылады.

Қазіргі кезде нарықтық қатынастарды реттейтін заңдар әсерінен кәсіпорынға олардың ұйымдастыру-құқықтық нысандарына тәуелсіз, кешенді несие-есептік және қызмет көрсететін мемлекеттік, коммерциялық банктердің тармақталған желісі қалыптасуда.

Банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастары-қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процесстерін болдырмауға және ұлттық валютаның (тенге) нығаюына ықпал етуге міндетті. Банктер қарыздарды өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді.

Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді.

Несиені беру және өтеумен байланысты мәселелер келісім түрінде несиелік шарт жасау арқылы, банк ережелерімен және қарыз алушы кәсіпорын мен арасындағы несиелік келісім-шарттарымен реттеледі.



Несиелік шартта мыналар міндетті түрде тырылады:

• несиенің объектілері;

• қарыздың жоспарланған мөлшері, оның мақсаты.

• қарыздарды беру шарттары және өтеу мерзімдері олардың қарыз алушы қызметінің жақсаруыңа әсері;

• қарыз бойынша пайыз мөлшерлемелері, олардың төмендеуі немесе көтерілуі, төлем тәртібі;

• қарыз алушының міндеттемелерін қамтамасыз ету нысандары (кепілдемелер, кепілге, кепілдік беру және басқалар);

• материалдық қорлар мен өндірістік шығындарды өтеудегі меншікті айналым қаражаттарының нормативі;

• несие беру және өтеу бойынша екі жақтың міндеттемелері, құқықтары және жауапкершілігі;

• құжаттардың тізімі және оларды банкке тапсыру мерзімділігі және басқа жағдайлар.

2-сұрақ. Несиелер берілетін мерзіміне қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Несиенің жеделдігі оны қайтару, өтеу мерзімдерімен анықталады. Осылай, қысқа мерзімді несиелер бір жылдан аспайтын мерзімге, ал ұзақ мерзімді - бір жылдан асатын мерзімге беріледі.

Қысқа мерзімді несие кәсіпорынның айналым қаражаттарының қалыптасу көздерінің бірі болып табылады. Ол кәсіпорынның ағымдағы қызметі процесінде жетіспейтін ақша қаражатының қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді. Бір жылдан астам уақытқа кәсіпорын күрделі шығындарына несие ала алады. Бұл жағдайда несие оның дамуына, өндірісті кеңейтуге, оны қалпына келтіруге, жаңа техниканы ендіруге, қымбат жабдықтарды алуға және басқа мақсатты бағдарламаларға бағытылған кәсіпорынның қарыз қаражаттары ресурсінің көздері ретінде жұмсалады. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 7 қаңтардағы кәсіпорынға және ұйымдарға меншікті айналым аттарын толтыруға бөлінетін несиелерді беру жөнендегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы №19 қаулысына сәйкес, ұзақ мерзімді несиелердің бөлігін ағымдағы Іактивтерді сатып алуға бағыттау қарастырылған.

Қысқа мерзімді несиелер қарыз алушыларға Қазақстан республикасының Ұлттық Банк басқармасы 1994 жылы 11 ақпанда бекіткен №1 Қазақстан Республикасының экономикасының қысқа мерзімді несиелеу ережелерін негізінде несиелеудің іріленген объектілері бойынша ағымдағы қызмет мақсатында беріледі . 3-сұрақ. Несиелеудің объектілері:


  • тауарларды экспорттық және импорттық жеткізулер және сыртқы экономикалық қызметтер бойынша шығындар;

  • жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтар сатып алған шикізат, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер;

  • ломбардтың кепіл-несиелік операциялары;

  • театрдың, парктердің, атракциондардың табыстары мен шығындары арасындағы мерзімдік алшақтанушылық және т.б.

Банк басшылығының ұйғаруы бойынша несиелеу ісі болып тиеліп жіберілуі шаруашылыққа тәуелді себептерге байланысты кешіктірілген дайын өнімдер бола алады:

  • өнім тұтынушының сұранысына ие болған кезде өнімді шығару көлемінің жасалған шарттарға қарсы өсуі;

  • оны өткізуге шарттар жасалған өнімдерді жіберу үшін тасымал құралдарын өз уақытықытындабермеуі;

  • келісім-шартты бұзатын ұқыпсыз төлеушілергеөнімді тиеуді тоқтату.

Тауарлы-материалдық құндылықтар мен шығындар несиелеуге қалдық баланстық, бірақ жоспарланғаннан жоғары емес құнымен қабылданады.

Жоспардан артық шығындар мөлшері жыл басынан бергі өткен уақыт ішінде тауар өнімінің өндірістік өзіндік құнының қымбаттау пайызы бойынша анықталады.

Қарыз алушыларға несие беру алдыңғы берілген несиелер бойынша мерзімі өткен қарыздар болмаған кезде жүргізіледі және банк мекемесімен қарыз алушының бірігіп несиенің қажеттілігін зерттеу негізінде анықталатын белгіленген өлшемі көлемінде жүзеге асырылады. Қарыз алушы жоспарланған тоқсан адындағы жылдың IV тоқсанында банкке келесі жылдағы несиенің қажеттілігінің тоқсан бойынша берілетін есебін келесі нысан бойынша ұсынады (12-кесте).

Есептеудің негізіне өндірістің, өткізудің көлемі бойынша алдыңғы жылдың жоспарланған есептік көрсеткіштері соңғы бірқатар жылдардағы баға мен тарифтердің өзгерілуі ескеріліп, несиелер бойынша қарыздар мен кредиторлық борыштар алынуы тиіс.

Жыл бойы бұл есептер банк пен қарыз алушынын екі жақты келісімі бойынша қосымша анықталады, осымен қатар банктер қарыз алушының жеке көздерінін өсімінің қарқынын бақылау керек.

Несиелеуге мыналар қабылданбайды.

• дайын өнімнің нормадан тыс қалдықтары, көліктік қиындықтарға, ұқыпсыз төлеушілерге тиеуді тоқтатуға байланысты өнімдерді тиеп жіберудің кешіктірілуі себепті пайда болған мерзімдікқалдықтарынан басқалары;



  • өтімі шектеулі немесе өтпейтін даяр өнімнің қалдықтары;

  • мерзімдік қалдықтарынан басқа аяқталмаған өндірістің нормадан тыс қалдықтары, сонымен бірге, жабдықтарды жөндеу кезіндегі өндірістің жоспарлы тоқтауынан немесе басқа да себептерден пайда болған жинақтау;

  • өндірістің жылдық қажеттілігінен артық әкелінген, өндірілген, бір жылдан аса немесе несиелеу үшін бекітілген басқа да кезеңнен аса қозғалыссыз сақталған тауарлы-материалдық құндылықтар;

  • артық, қажет емес, қиын өткізілетін және пайдаланылмайтын тауарлы-материалдық құндылықгар;

  • құндылықтардың бұзылуына немесе жабылуына әкелетін, сақтау жағдайлары сақталуын қамтамасыз етпейтін тауарлы-материалдық құндылықтар;

  • несие шарттарында қарастырылған мерзімнен артық жолда келе жатқан материалдық құндылықтар;

  • шығындар сметасынан асатын және өнімнің өзіндік құнына кіргізілмеген немесе ағымдағы табыстар және басқа көздер есебінен өтелмеген шығындар;

  • кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін жүргізілген іске қосуды реттейтін жұмыстар;

  • бекітілген мерзімде қайта өңделмеген өткен жылдардың өнімінің ауыл шаруашылық шикізатының және аяқталмаған өндірісінің қалдықтары;

  • дайындаудың жаңа мерзімінің басына дейін кәсіпорынның оны өңдеу жөніндегі өндірістік қуатынан асатын мөлшердегі ауыл шаруашылық шикізатының қоры;

  • аяқталмаған өндіріске, дайын өнімге және тиелген өнімдерге жататын өнімнің өзіндік құнының қымбаттауы.


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау