75
Жалпы шаруашылық мақсаты үшін жұмсалынған
материалдардың құны
7210
1310, 1350
Басқару қызметкерлеріне
есептелінген еңбек ақы
7210
3350
Әлеуметтік салық
7210
3150
Жалпы мақсаттағы негізгі құралдарды жөндеу бойынша
жұмсалынған шығыстар
7210
1310, 1350, 3310,
3390
Әкімшілік мақсатындағы негізгі құралдарға есептелген
тозу сомасы
7210
2420, 2520
Жалпы
шаруашылық
мақсаттағы
жылу,
энергия
шығыстарының құны
7210
3310, 4110
Есепті мерзімнің соңында әкімшілік шығыстардың
есептен
шығарылуы
5610
7210
7210 шотында есепке алынған жалпы және әкімшілік шығыстар есепті мерзімнің
соңында осы шотың кредитінен 5610 «Қорытынды пайда немесе зиян» шотының дебеті
бойынша есептен шығарылады.
2. Үстеме шығындардың есебі және оларды бөлу
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында үстеме шығыстарға арнайы өндірістік саланы
басқару, сондай-ақ өндірілген өнімнің бір түріне немесе бір шығын объектісіне тікелей
апаруға болмайтын, яғни жалпы салаға не болмаса жалпы өндірістік бөлімшеге қатысты
әртүрлі өндірістік шығындар жатады.
Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі үстеме шығыстарды өсімдік шаруашылығының
және мал шаруашылығының үстеме шығыстарды деп бөліп қарастыруға болады.
Үстеме шығыстардың есебі 8410 «Үстеме шығыстар» деп аталатын жинақтап бөлуші
активтік шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебеті бойынша жыл бойы шығындар
жинақталып, ал жылдың соңында шоттың кредиті бойынша шығындар негізгі өндіріс
шығындарының шоттарына шығарылады. Нәтижесінде жылдың соңында үстеме шығыстар
шотында
қалдық қалмай, шот жабылады.
8410 «Үстеме шығыстар» шотына төмендегідей аралық шоттар ашуға болады:
8410/1 «Өсімдік шаруашылығының үстеме шығыстары»;
8410/2 «Мал шаруашылығының үстеме шығыстары».
Үстеме
шығыстар
есебі
арнайы
белгіленген
шығын
баптары
арқылы
ұйымдастырылады. Бұл шығын баптарына сипаттама жеке-жеке беріп өтуге болады.
1) Саланың басқару аппараттарын ұстау шығындары. Бұл шығын бабы бойынша
саланы басқарушылардың еңбек ақылары мен еңбек ақыдан аударымдары есепке алынады.
Өсімдік шаруашылығында – бас агрономдардың, бөлім және учаскі меңгерушілерінің,
бухгалтерлер мен есепшілердің еңбек ақылары мен еңбек ақыдан аударымдары
жинақталады. Мал шаруашылығында – бас зоотехниктердің, ферма және учаскі
меңгерушілерінің, бухгалтерлердің еңбек ақылары мен еңбек ақыдан аударымдары
жинақталады.
2) Саланың басқа да қызметкерлерін ұстау шығындары. Мұнда өсімдік және мал
шаруашылығын басқаруға қатысты өндірістік бөлімдер мен фермалардағы бригадирлердің,
қатардағы агрономдар мен зоотехниктердің, мал дәрігерлерінің және өндірісті басқарумен
айналысатын көмекші мамандардың еңбек ақылары мен еңбек ақыдан аударымдары есепке
алынады.
3) Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздендіру шығындары. Мұнда өндірістік
машиналар мен құрылғылар арқылы орындалатын жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында жұмсалынған шығындар, яғни қоршаулар мен агрегаттар орнату, дыбыс
құралдары мен желдеткіштерді құрастыруға байланыст ышығындар есепке алынады. Бұл
шығын бабында сонымен қатар, өндірістік тазалықты қамтамасыз ету (жунатын
құрылғыларды орнату, су өткізу, канализация және т.б.) және еңбекті қорғауға байланысты
76
басқа шығындар (белгі беретін жазуларды рәсімдеу, анықтамалар мен нұсқауларды сатып
алу және т.б.) есепке алынады.
4) Жалпы салалық негізгі құралдарды күтіп-ұстау шығындары. Бұл бап бойынша
жалпы өндірістік мақсаттағы негізгі құралдардың амортизациясы мен оларды ағымдағы
жөндеуге байланысты шығындар: өсімдік шаруашылығында – агрокабинеттерді,
агрохимиялық зертханаларды, ауыл шаруашылығы машиналарын сақтау орындарын; мал
шаруашылығында – мал дәрігерлік зертханаларды, мал дәрігерлік пунктер мен
дәріханаларды, мал дәрігерлік автокөліктерді күтіп-ұстау мен олардың амортизациялары
есепке алынады.
5) Жеңіл автокөліктерді күтіп-ұстау шығындары. Бұл бапта салаға қызмет көрсетуге
байланысты жеңіл автокөліктерді күтіп-ұстауға жұмсалынған шығындар есепке алынады.
Оған жанар-жағар май құндары, жеңіл автокөліктердің амортизациясы мен оларды ағымдағы
жөндеу шығындары жатады. Сонымен бірге бұл бапта өндірістік-техникалық
қызметкерлерге өндірістік бөлімшелерді аралау мақсатында берілген аттарды күтіп-ұстау
шығындары да есепке алынады.
6) Уақытша құрылыс жайларды күтіп-ұстау шығындары (тек өсімдік шаруашылығы
бойынша). Өсімдік шаруашылығының маусымдық жұмысына байланысты уақытша тұрғын
жайларды (күрделі емес) тұрғызу, олардың амортизациясы, егіс алаңдарында
тамақтандыруды ұйымдастыруға байланысты шығындар есепке алынады.
7) Көліктік қызмет көрсетулер. Бұл шығын бабы бойынша әрбір салаға көрсетілген
көліктік қызметтердің құны көрсетіледі. Өсімдік шаруашылығында – машиналар мен
өндірістік құрылғыларды бір учаскіден екінші уаскіге тасымалдау, су және жұмыс
машиналары мен комбаиндарына жанар-жағап май тасымалдау, жұмысшыларды егіс
алаңына әкелу шығындары; мал шаруашылығында – жұмысшыларды жұмыс орындарына
тасымалдау, құрылғылар мен материалдарды ішкі орын ауыстыру және басқа да шығындар
жатады.
8) Басқа да шығындар. Бұл шығын бабы бойынша жалпы өндірістік мақсат үшін
жұмсалынған энергия, жылыту, эрозияға қарсы шараларды жүзеге асыруға байланысты
шығындар мен карантин шараларын ұйымдастыруға байланысты шығындар есепке алынады.
Өсімдік және мал шаруашылыығнда жыл бойы жұмсалынған үстеме шығындар
8410
«Үстеме шығыстар» шоты дебеті және келесі шоттардың кредитімен корреспонденцияланып
көрсетіледі:
- 1310, 1350 – жалпы өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыс жайларды,
көмекші цехтарды күтіп-ұстау үшін жұмсалынған материалдар;
- 3350 – өндірісті басқару және оған қызмет көрсетуші қызметкерлерге есептелінген
еңбек
ақы сомасы;
- 3150, 3210 – еңбек ақы қорынан есептелінетін әлеуметтік салық сомасы мен міндетті
әлеуметтік аударымдар;
- 3310, 8310 – резерв жасақталмаған кезде өндірістік негізгі құралдарды ағымдағы
жөндеу шығындарының сомасы (мердігерлер көрсеткен қызметтер және көмекші өндіріс
қызметі);
- 2420 – өндірістік мақсаттағы негізгі
құралдардың тозу сомасы;
- 3310, 8310 – өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыс-жайлар үшін
есептелінген коммуналдық төлемдер;
- 3360, 4150 – өндірістік мақсаттағы негізгі
құралдарды жалдау ақылары;
- 3240 – негізгі құралдар мен қой басын ерікті сақтандыру төлемдері;
- 1310, 1350 – кінәлі тұлға болмаған жағдайда мал азығының және басқа
материалдардың бұзылуынан жетіспеушіліктер сомасы.
Ауыл шаруашылығы бөлімшелерінде үстеме шығындардың есебін жүргізу үшін ай
сайын «Орындалған жұмыс және жұмсалған шығын есебінің журналы», «Материалдардың
қозғалысы есебі» және басқа да алғашқы құжаттардың негізінде өндірістік үстеме
шығындардың айлық есебі жүргізіліп отырылуға тиісті. Бірақ, қазіргі жағдайда кішігірім