71
төлдің өзіндік құн жыл аяғындағы нақты жұмсалынған шығындардан жанама өнім құнын
шегере отырып алынған төлдің нақты санына бөлу арқылы анықталады.
Жас жылқының нақты өзіндік құны есеп беріліп отырған жыл ішіндегі өсім құнына
жыл басындағы жас жылқының бастапқы құнына қосу арқылы анықталады.
Түйе шаруашылығы. 1 төлдің өзіндік құны інгенді бағып-күтуге жұмсалынған 120
жемшөп-күнінің құнына тең болады. Енесінен айырған кездегі төлдің өзіндік құны енесінен
айырғанға дейінгі боталарымен қоса негізгі табындағы түйені бағып-күту бойынша жыл
басындағы аяқталмаған өндіріс шығындарына қосу жолымен анықталады және алынған
сомадан жанама өнімнің және жыл соңындағы аяқталмаған, келесі жылға қалдырылған
өндіріс құны шығарылып тасталынады.
Жұмыс мал бойынша марқайтылған төлдің өзіндік құны. Ағымдағы жылы және
өткен жалдардағы туылған марқайтылған төлдің өзіндік құны шығындардың жалпы
сомасынан жанама өнімнің құнын шегере отырып, қалған шығын сомасын әр жылда туылған
жас мал арасында азықтандырылған күн санына пропорционалды түрде бөлу арқылы
анықтайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Мал шаруашылығы саласының технологиялық ерекшеліктеріне сипаттама беріңіздер.
2. Мал шаруашылығы саласында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қандай
ерекшеліктері бар?
3. Мал шаруашылығында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізгі мнідеттері қандай?
4. Мал шаруашылығындағы шығындар есебінің объектілеріне жеке-жеке сипаттама
беріңіздер.
5. Мал шаруашылығы саласында шығындар есебі қандай шығын баптары бойынша
ұйымдастырылады және олардың құрамына шолу жасаңыздар.
6. Мал шаруашылығында мал азығы шығынын рәсімдеу бойынша алғашқы құаттардың
рәсімделу тәртіптеріне тоқталыңыздар.
7. Мал шаруашылығындағы еңбек ақы шығындарының құрамына сипаттама беріп, еңбек
ақы шығыны бойынша алғашқы құжаттарды рәсімдеу тәртіптеріне шолу жасаңыздар.
8. Мал шаруашылығы саласындағы негізгі құралдарды пайдалану бойынша қандай
алғашқы құжат үлгілерін білесіздер?
9. Мал шаруашылығындағы үстеме шығындар дегеніміз не?
10. Мал шаруашылығындағы үстеме шығындарды құрамына сипаттама беріп, оларды өнім
түрлері арасында бөлудің жолдарын көрсетіңіздер.
11. Мал шаруашылығы саласында жинытық есеп қандай калькуляциялық шотта жүргізіледі
және оған сипаттама беріңіздер.
12. Мал шаруашылығында өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау объектілері болып не
саналады? Және оларға сипаттама беріңіздер.
13. Сүт бағытындағы ірі қара шаруашылығынан алынған өнімдердің өзіндік құны қандай
тәртіп бойынша анықталады?
14. Ет бағытындағы ірі қара мал шаруашылығы бойынша тірі салмақ өсімі мен тірілей
салмақтың өзіндік құнын калькуляциялау тәртіптеріне тоқталыңыздар.
15. Қой және ешкі шаруашылығы бойынша алынған өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
тәртіптері қалай?
16. Шошқа шаруашылығы бойынша өнімнің өзіндік құны қалай анықталады?
17. Жылқы шаруашылығы бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау тәртіптеріне
сипаттама беріңіздер.
Негізгі әдебиеттер:
1. Радостовец В.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учёта –
Алматы: Центр аудит – Казахстан
2. Кеулімжаев Қ.К , Радостовец В.К. , Төлегенов Е.Т. , Продан Л.Г., «Ауыл шаруашылық
кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы,
Қайнар
72
3. Тайгашинова К.Т., Молдашбаева Л.П., “Организация учета животноводческой
продукции в фермерских хозяйствах” Алматы , 2009 г
4. Тайгашинова К.Т. , Лапбаева С.Ш., Бердимурат Н «Вопросы организации кластера в
фермерском хозяйстве», Алматы,2008 г.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ержанова С.Ж., Нурумов А.А, Чернова Н.М.: Бухгалтерский учет в крестьянских
хозяйствах»
Алматы
2. МСФО-41 «Сельское хозяйство»
3. НСФО №1
Бюллетень бухгалтера, 2008г.
4. Международные стандарты финансовой отчетности (Общий обзор и разъяснения).
Составители Сейдахметова Ф. и др. - Алматы :ТОО «Издательство LEM», 2009 г.
5. Тайгашинова К.Т. , Тлеукабылова К.Б. “Значение производственной бухгалтерии в
условиях формирования рынка”, Алматы , 2009 г
Дәріс тақырыбы:
7. АУЫЛ ШАРУАШЫҒЫНДАҒЫ БАСҚА ДА ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ
Дәріс мақсаты:
Өнімді өткізуден алынған өндірістік нәтижені табу әдістемесі шығындар есебінің
және өзіндік құнды калькуляциялаудың әдістемесімен анықталады. Сондықтан
шығындардың бухгалтерлік есебі оңтайлы ұйымдастырылмайынша шаруашылық қызметті
тиімді жүргізу мүмкін емес.
Дәріс сұрақтары:
1. Жалпы және әкімшілік шығындар есебі
2. Үстеме шығындардың есебі
және оларды бөлу
3. Болашақ кезең
шығындарының есебі
1. Жалпы және әкімшілік шығындар есебі
Нарық жағдайында қызмет ететін ұйымдағы шығындар кешені оны басқарудың бүкіл
жүйесінің негізі болып табылады, өйткені мұнда нақты жұмсалған шығындар туралы
барлық ақпараттар қалыптасады, демек, нақты алынған пайданы анықтаудың негізі
қаланады. Өнімді өткізуден алынған өндірістік нәтижені табу әдістемесі шығындар есебінің
және өзіндік құнды калькуляциялаудың әдістемесімен анықталады. Сондықтан
шығындардың бухгалтерлік есебі оңтайлы ұйымдастырылмайынша шаруашылық қызметті
тиімді жүргізу мүмкін емес.
Орталықтан жоспарланған экономика жағдайында жүзеге асырылған бухгалтерлік есеп
жүйесі меншіктің қоғамдық сипаты мен экономиканы мемлекеттік басқарудың
қажеттіліктеріне негізделінді. Бухгалтерлік есеп жүйесінде қалыптасатын ақпараттардың
басты тұтынушысы ретінде мемлекеттік статистикалық және қаржылық органдарды
жоспарлайтын салалық министрліктер мен ведомствалар арқылы танылды.
Қоғамдық қатынастар жүйесінің өзгеруі, азаматтық–құқықтық ортаның өзгеруі
бухгалтерлік есепті сәйкесінше өзгертудің қажеттілігін айқындап берді. Бухгалтерлік есептің
жаңа жүйесі және ұйымдарда бухгалтерлік есепті жүргізудің халықаралық стандарттарға
біртіндеп көшуі әрбір салаға инвестиция салуға, соның ішінде шетелдік инвестицияларды
тартуға қолайлы жағдай жасайтындай нарықтық инфрақұрылымның элементтерін құруға зор
үлесін қосты.
Есеп жұмыстарын жүргізудің әлемдік тәжірибесін негізге ала отырып жасалынған
бухгалтерлік есептің Ұттық стандарттарына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына
сәйкес экономиканың бүкіл саласында өнімнің (жұмыс пен қызметтің) өзіндік құнын қалыптастыру
тәсілі өзгерді. Өндірістік есептің жаңа жүйесінің басты айырмашылығы - ұйымның жанама
шығындарын үстеме және кезең шығындарына бөлу принципі қалыптасты.