27
«Тауарлық-транспорттық жүкқағазы», «Акті», «Ведомостілер» және басқа да алғашқы
құжат үлгілері қолданылады.
Мал шаруашылығы өнімдерінің кірісі, жөнелтілуі және жұмсалуы бойынша
құжат айналымы. Ірі қара мал шаруашылығы кәсіпорындарында сауылған сүт есебі
«Сауылған сүттің есеп журналында» жүргізіледі. Бұл журнал шаруашылықтағы күн сайын
сауылған сүттің есебін жүргізуге арналған.
Ай ішінде сүттің кірісі және жұмсалуы бойынша есепті шаруашылық меңгерушісі
«Сүттің қозғалыс ведомостісінде» немесе
«Дайын өнімнің қозғалысы ведомостісінде»
жүргізеді.
Шикізаттар мен материалдарды сатып алу, кірістеу және қоймадан жұмсау бойынша
құжат айналымы.
3. Қоймадағы және басқа да сақтау орындарындағы дайын өнім мен материалдық
қорлардың есебі
Ауыл шаруашылығы
кәсіпорындарында қоймадағы дайын өнім мен материалдардың
қозғалысы мен олардың қалдығының есебін жүргізу үшін, оларды сақтау мақсатында және
мүмкін пайда болатын өндірімсіз шығындардың алдын алу үшін қойма шаруашылығын
ұйымдастырудың маңызы өте жоғары.
Қойма меңгерушісінің есеп бөліміне тапсыратын құжаттар
«Қабылдау-өткізу
регистріне» тіркеледі. Материалдарға жауапты тұлғаның келісімі бойынша есеп бөлімінің
қызметкері әрбір операцияның дұрыстығын тексергені және құжатты қабылдағаны жөнінде
карточкаға қол қояды.
Ведомості құрамында материалдардың өзгерісі (кірісі мен шығысы) бар материалдар
бойынша жасалып, онда тек қана материалдардың сандық қалдығы көрсетіледі. Ведомостіге
цех, қойма, бөлімше бастығы және ол құжатты толтырушы (жүргізуші) қол қояды.
Дұрыстығын тексеріп болғаннан кейін ведомостінің бір данасы жіберілген қателіктер
жөніндегі ескертумен қоймаға қайтарылады.
Материалдардың есебін жедел (қалдықтық) әдіспен жүргізген жағдайда қоймалық
есеп карточкасымен қатар М-20 үлгідегі
«Қоймадағы материалдар қалдығының есептеу
ведомостісі» жүргізіледі.
Айдың соңында есеп беру калькуляциясын жасағаннан кейін барлық өнімнің нақты
өзіндік құны мен кәсіпорынның келісімді бағалары бойынша есептелген өзіндік құнның
арасындағы айырмашылықтар анықталады.
4. Дайын өнім мен материалдық қорлардың талдамалық және жиынтық есебі
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында материалдық қорлар мен өндірістен алынған
дайын өнімнің есебі 1300 «Қорлар» шотына ашылған шот топтарында жүргізіледі.
1310 «Шикізаттар мен материалдар»;
1320 «Дайын өнім»;
1330 «Тауарлар»;
1340 «Аяқталмаған өндіріс»;
1350 «Басқа да материалдық құндылықтар».
Ауыл шаруашылығынан алынған дайын өнім өсімдік шаруашылығы, мал
шаруашылығы, өнеркәсіп өндірісінің дайын өнімі болып бөлінеді. Сондықтан 1320 «Дайын
өнім» шотына төмендегідей аралық шоттар ашуға болады:
1320/1 «Өсімдік шаруашылығының дайын өнімі» (жем-шөп);
1320/2 «Мал шаруашылығының дайын өнімі»;
1320/3 «Өнеркәсіп өндірісінің дайын өнімі».
Өсімдік шаруашылығынан алынған дайын өнімнің өзіндік құны Дт 1320/1
Кт 8110/1;
28
Мал шаруашылығынан алынған дайын өнімнің өзіндік құны Дт 1320/2 Кт 8110/2;
Өнеркәсіп өндірісінде қайта өңдеуден алынған дайын өнімнің өзіндік құны Дт 1320/3
Кт 8110/3 бухгалтерлік жазуларымен көрсетіледі.
Сатылған дайын өнімнің өзіндік құнын есептен шығару кезінде Дт 7010 Кт 1320/1;
1320/2; 1320/3 бухгалтерлік жазу беріледі.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында шикізаттар мен материал-дарды мынадай
түрлерге бөліп жіктеуге болады:
1310/1 «Отырғызылатын тұқымдық шикізаттар»;
1310/2 «Минералдық тыңайтқыштар»;
1310/3 «Отын»;
1310/4 «Биопрепараттар,
дәрі-дәрмектер, химикаттар»;
1310/5 «Ыдыс және ыдыстық заттар»;
1310/6 «Өңдеуге берілген материалдар»;
1310/7 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар, тетіктер
мен бөлшектер»;
1310/8 «Қосалқы бөлшектер»
1310/9 «Құрылыс материалдары»;
1310/10 «Басқа да материалдар».
Бақылау сұрақтары:
1. Ауыл шаруашылығы өнімдері дегеніміз не?
2. Қаржылық есептіліктің 1-ші Ұлттық стандартына сәйкес материалдық қорлар дегеніміз
не?
3. Материалдық қорларды бухгалтерлік есепте алғашқы танудың шарттары қандай?
4. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түсімін рәсімдеуге байланысты алғашқы құжаттарды
атап, оларды рәсімдеу тәртіптеріне сипаттама беріңіздер.
5. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін жөнелту және жұмсау бойынша құжат айналымына
сипаттама беріп өтіңіздер.
6. Мал шаруашылығы өнімдерінің кірісі, жөнелтілуі және жұмсалуы бойынша құжат
айналымына шолу жасаңыздар.
7. Шикізаттар мен материалдарды сатып алу, кірістеу және қоймадан жұмсау бойынша
құжат айналымына сипаттама беріңіздер.
8. Материалдар мен дайын өнімнің қоймадағы есебіне сипаттама жасаңыздар.
9. «Отырғызылатын тұқымдық шикізаттар» аралық шотына сипаттама беріңіздер.
10. «Минералдық тыңайтқыштар» аралық шотына сипаттама беріңіздер.
11. «Отын» аралық шотына сипаттама беріңіздер.
12. «Биопрепараттар, дәрі-дәрмектер, химикаттар» аралық шотына сипаттама беріңіздер.
13. «Ыдыс және ыдыстық заттар» аралық шотына сипаттама беріңіздер.
14. «Өңдеуге берілген материалдар аралық шотына сипаттама беріңіздер.
15. «Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар, тетіктер мен
бөлшектер» аралық шотына сипаттама беріңіздер.
16. «Қосалқы бөлшектер» аралық шотына сипаттама беріңіздер.
17. «Құрылыс материалдары» аралық шотына сипаттама беріңіздер.
Негізгі әдебиеттер:
1. Радостовец В.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учёта –
Алматы: Центр аудит – Казахстан
2. Кеулімжаев Қ.К , Радостовец В.К. , Төлегенов Е.Т. , Продан Л.Г., «Ауыл шаруашылық
кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы,
Қайнар
3. Тайгашинова К.Т., Молдашбаева Л.П., “Организация учета животноводческой
продукции в фермерских хозяйствах” Алматы , 2009 г