Бекітемін шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 Павлодар қалалық ауруханасы» кмк



жүктеу 218,98 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі218,98 Kb.
#3183

БЕКІТЕМІН Шаруашылық жүргізу құқығындағы

«№1 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК


бас дәрігері

_____________С.Б.Смаков
2016 жылғы 18 сәуір

200/1-пр бұйрығымен



2016 жылға Республикалық бюджет есебінен емдік дәрі-дәрмектер сатып алу бойынша тендерге қатысу және тендер тапсырыстарын дайындау үшін әлеуетті жеткізушілерге ұсынылатын

тендер құжаттамасы.
2016 жылға Республикалық бюджет есебінен емдік дәрі-дәрмектер сатып алу бойынша тендерге қатысу және тендер тапсырыстарын дайындау үшін әлеуетті жеткізушілерге ұсынылатын тендер құжаттамасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы өзгертулер мен қосымшалар есебімен «Тегін медициналық кепілдеме көлемінде көмек көрсету бойынша фармацевтикалық қызметтерді, медициналық техника мен медициналық тағайындалған бұйымдарды, алды алу препараттары (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық), дәрілік заттарды сатып алуды және ұйымдастыру Ережесі» (одан әрі - Ереже) №1729 қаулысына сәйкес құрастырылды, құрамында 2016 жылға Республикалық бюджет есебінен емдік дәрі-дәрмектер сатып алу үшін қажетті құжаттардың тізімі мен ақпараты бар.

1 бөлім.

Тендер тақырыбы

  1. Осы Тендерлік құжат, 2016 жылға Республикалық бюджет есебінен емдік дәрі-дәрмектер сатып алу жөнінде тендерге қатысу шарттарын әлеуетті жеткізушіге жеткізу мақсатында өңделді.

  2. Тендер, 2016 жылға Республикалық бюджет есебінен емдік дәрі-дәрмектер жеткізетін жеткізушілерді анықтау мақсатында өткізіледі, лот бойынша, осы тендерлік құжаттаманың 2 қосымшасына сәйкес.

  3. Халықаралық патенталмаған атауы (ХПА) бойынша сатып алынатын операциялық жиынтықтарды толық тізімі, осы тендерлік құжаттаманың 2 қосымшасында көрсетілген.

  4. 2016 жылға Республикалық бюджет есебінен емдік дәрі-дәрмектер сатып алу бойынша тендерді ұйымдастырушы Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК болады.


2 бөлім. Тендерлік құжаттаманың мазмұны.

  1. Осы тендерлік құжаттаманың құрамында:

  1. Әлеуетті жеткізушілерге қойылатын біліктілік талап, тендерлік құжаттың 3 бөлімінде көрсетілген.

  2. Сатып алынатын дәрілік заттардың талабы, тендерлік құжаттың 4 бөлімінде көрсетілген.

  3. Халықаралық патентталмаған атаулармен (№2 қосымшада) дәрілік заттардың мөлшері мен тізімі.

  4. Жеткізу жері, мерзімі мен жеткізушінің шарттары, тендерлік құжаттың 6 бөлімінде көрсетілген.

  5. Мамандық бойынша жұмыс өтілі, олардың біліктілігі көрсетілген мамандар саны туралы ақпарат (№4 қосымшада).

  6. Төлем шарттары, тендерлік құжаттаманың 6 бөлімінде көрсетілген.

  7. Медициналық тағайындалған бұйымдар мен дәрілік заттарды сатып алулар туралы шарт жобасы (№8 қосымшада).

  8. Тендерлік өтінімнің бағасын есептеу әдісі мен тәсілі.

  9. Валютада, тендер өтінімінің бағасы мен курсы көрсетілуі керек, тендерлік құжаттың 7 бөлімінде көрсетілгендей, бағалау мен оларды салыстыру мақсатында біріккен валютаға тендерлік өтінімнің бағасын өткізу үшін қолданылатын болады.

  10. Тендерлік өтінімді ұсыну мен құрастыру тіліне қойылатын талап, тендерлік құжаттың 9 бөлімінде Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасына сәйкес көрсетілген.

  11. Конвертерді ашу орны, күні мен уақыты, тендерлік құжаттың 5 бөлімінде көрсетілген.

  12. Тендерлік өтінімді ресімдеу талабы.

  13. Тендерлік өтінімді қамтамасыз етуге енгізілген реті, түрі мен мерзімі.

  14. Әлеуетті жеткізушінің мүмкіндігінше тендерлік өтінімді ұсынудың нақты белгіленген мерзімінің аяқталуына дейін тендерлік өтінімді өзгертуге немесе кері шақыруға нұсқау.

  15. Тендерлік өтінімнің мекені мен аяқталу мерзімі және оның іс-әрекет мерзімі, тендерлік құжаттың 6 бөлімінде көрсетілген.

  16. Тәсілдер, осы тәсілдер көмегімен әлеуетті жеткізушілер тендерлік құжаттың мазмұны бойынша түсініктерді талап етуге құқылы.

  17. Тендерлік өтінімдерді қарастыру мен тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде қолданылатын шаралар.

  18. Отандық тауар өндіруші әлеуметті жеткізушілерге басымдық беру туралы шаттар.

  19. Сатып алу туралы шарт бойынша орындау міндетінің тәсілі, мөлшері, түрі мен енгізу шарттары.

  1. Сатып алу кезінде тендер ұйымдастырушылар жеткізу орны бойынша бір келкі тауарларды лотқа бөлуі мүмкін.

  2. Әлеуетті жеткізуші тендер ұйымдастырушыдан тендерлік құжат бойынша түсінік алуға құқылы, бірақ өтінімді тендерлік өтінімдердің аяқталу мерзіміне он күнтізбелік күн қалғанға дейін, кешіктірмеуі керек. Тендер ұйымдастырушы үш күнтізбелік күннен аспайтын аралықта өтінім бойынша барлық әлеуетті жеткізушілерге сәйкес түсініктемелерді жолдауы тиіс.

  3. Тендер ұйымдастырушы мерзімнің аяқталуына дейін жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей, өз талабы бойынша немесе әлеуетті жеткізушілердің өтінімдеріне жауап ретінде тендерлік құжаттқа өзгерістер енгізе алады.

Енгізілген өзгерістердің күші бар және ол өзгерістер туралы тендерлік құжат ұсынылған барлық әлеуеттік жеткізушілерге хабарланады. Сонымен қатар тендер өтінімінің соңғы мерзімі тендер ұйымдастырушымен бес күнтізбелік күннен аспайтын аралыққа ұзартылады, тендерлік өтінімдердергі осы өзгерістерді әлеуетті жеткізушілер қарастырып шыққанға дейін.
3 бөлім.

Уәкілетті жеткізушілерден талап етілетін біліктілік талаптар

  1. 2016 жылға Республикалық бюджет есебінен емдік дәрі-дәрмектер сатып алуға қатысу үшін, әлеуетті жеткізуші келесі біліктілік талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  1. Фармацевтикалық қызметпен айналысуы үшін лицензиясы болуы тиіс;

  2. Мамандық біліктілігін меңгеруі тиіс, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық нарықтағы жұмыс өтілі бір жылдан кем болмауы керек (осы талап өндірушілерге таратылмайды).

  3. Жасалған шарт бойынша міндетін атқару үшін материалдық қаражатымен еңбек ресурстары болуы қажет.

  4. Шарт жасау үшін азаматтық құқық қабілеттілігін меңгеру керек.

  5. Сатып алу кезінде Қазақстан Республикасы актыларының заңнамасына сәйкес, төлем қабілеттігі болуы керек, ликвидацияға жатпайды, оның шаруашылық – қаражаты тоқтамауы керек.

  6. Біріккен дистрибьюторлармен сатып алулар кезінде әлеуетті жеткізушілер ниетсіздік тізімінде болмауы керек.

  7. Медициналық тағайындалған бұйымдарды және алдын алу препараттарын (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) жеткізуші әлеуетті жеткізуші өндіруші мәртебесін немесе медициналық тағайындалған бұйымдарды және алдын алу препараттарының (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) ресми өкілдік белелі болуы тиіс;

  8. Үш ай мерзімнен асатындай салық қарыздары болмау керек.

  1. Әлеуетті жеткізуші өзінің біліктілік талаптарын растайтын құжаттарды осы Құжаттың 6 бөлімінде 18 тармақшада көрсетілгендей, сатып алуды ұйымдастырушыға құжаттарын ұсынады.

  2. Сатып алуды ұйымдастырушы, осы бөлімде көрсетілмеген біліктілік талаптарын әлеуетті жеткізушіден талап етуге құқылы емес.


4 бөлім.

Тендерде сатып алынатын дәрілік заттарға қойылатын талаптар

  1. Сатып алынатын дәрілік заттарға қойылатын талаптар:

  1. Денсаулық сақтау шеңберіндегі өкілетті органда анықталғандай, дәрілік заттар мемлекеттік тіркеу ретімен және Кодекске сәйкес қолдануға дайын болуы керек және дәрілік заттар Қазақстан Республикасында тіркелуі керек.

  2. Дәрілік заттардың төмен температура кезінде қатып қалудан қорғайтын, арнайы сыйымдылықтарда сақталынып, тасымалдануы керек, тұтынушы тағайындаған мекенге дейін жеткізілгенше дейін.

  3. Таңбалануымен, тұтынушы орамасы және дәрілік затты қолдану бойынша нұсқама, денсаулық сақтау шеңберіндегі өкілетті органда анықталғандай, дәрілік заттар ретімен және Кодекс талабына сәйкес болуы тиіс;

  4. Дәрілік заттарға арналған жарамдылық мерзімінің қалдығы, жеткізу кезінде жарамдылық мерзімі ортақ мерзімнен елу пайызды құрауы тиіс. Дәрілік заттар мен медициналық тағайындалған бұйымдарға арналған жарамдылық мерзімі екі жылдан кем болса, жеткізу кезінде дәрі дәрмектердің жарамдылық мерзімі жиырма пайыздан кем болмауы тиіс.

  5. Медициналық иммунобиологиялық препараттар - шет елде немесе Қазақстан Республикасында қолданылу өтілі туралы және биосәйкестілігін сынау немесе өндіруші елдердегі клиникалық сынаулар туралы нақты деректері болуы тиіс;

  6. Биосимилярларда, дәрілік заттарды қолдану шеңберінде өкілетті органдар бекіткен сәйкестігі, клиникалық әсерлігі мен қауіпсіздігі туралы деректері болуы керек.

  1. Сатып алуды ұйымдастырушы, осы бөлімде көрсетілмеген, жіберілетін дәрілік заттарға, медициналық тағайындалған бұйымдарға талабын қоюға құқығы жоқ.


5 бөлім.

Конверттерді ашудың орны, күні мен уақыты.

  1. Тендер тапсырыстары бар конверттер Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 49-үй, Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК-ның мәжіліс залында (шағын) 2016 жылы 11 мамыр сағат 11.00-де ашылады.


6 бөлім

Тендерлік өтінімдердің әрекет мерзімі, мазмұны, ұсыныстары,

өзгерістері мен пікірлері

  1. Тендерге қатысқысы келетін, әлеуетті жеткізуші, тендерлік өтінімдерді ұсыну мерізімінің аяқталуына дейін тендер ұйымдастырушыға тендерлік құжаттарға сәйкес құрастырылғын тендер өтінімін ұсынады. Тендер өтінімдері тендер ұйымдастырушыға қолма қол немесе пошта бойынша мына мекен-жайға жіберіледі: Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 49-үй, Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК-ны мемлекеттік сатып алулар кабинеті, 2016 жылдың 11 мамыр сағат 09.00-де дейін.

  2. Тендер өтінімін ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін тендер өтінімі жеткізілген жағдайда өтінім ашылмайды және ол әлеуетті жеткізушіге қайтарылады.

  3. Тендерге қатысуға арналған әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінім әрекетінің мерзімі, қырық бес күнтізбелік күннен аспауы керек. Тендерлік шартта көрсетілгендей, тендер өтінімнің мерзімі қысқа болса, ол артқа қайтарылады.

  4. Тендерге қатысқысы келетін әлеуетті жеткізушінің тендер өтінімінің мазмұны:

  1. Осы құжаттағы 1 қосымшаға сәйкес тендерге қатысуға арналған өтінім. Осы құжаттың 7 қосымшасына сәйкес форма бойынша өтінім құжаттардың өтініміне арналған қосымша тізімдеме міндетті түрде электронды жеткізушіде болуы тиіс.

  2. Әлеуетті жеткізушіге ұсынылатын біліктілік талаптарын растайтын құжаттар, осы тендерлік құжаттың 3 бөлімінде көрсетілген:

Медициналық техниканы және медициналық тағайындалған бұйымдарды, алдын алу препараттары (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық), дәрілік заттарды жеке, көтерме сауда бойынша жеткізуге және өндіруге арналған әлеуетті жеткізушінің құқығын растайтын нотариалды түрде заңдастырылған лицензияның көшірмесі;

Мемлекеттік органға сәйкес (жеке кәсіпкерлерге арналған) берілген, заңды тұлғаларға кәсіпкерлік әрекетпен айналысу үшін жеткізушінің құқығын растайтын нотариалды түрде заңдастырылған лицензияның көшірмесі;

Бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның, сонымен қатар бас бұғалтердің қолы қойылған, соңғы жылдың қаражат есептілігін ұсыну «Қаражат есептілігі мен бұғалтерлік есеп туралы» Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес жылдық қаражат есебінің нотариалды түрде заңдастырылған көшірмесі немесе түпнұсқасы ұсынылады. Егер, конвертерді ашу мерзімі ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін ашылатын болса, онда жылдық қаражат есебінің қаражат есептілігінің түпнұсқасы немесе нотариалды түрде заңдастырылған көшірмесі ұсынылады.

Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде белгіленген міндетті түрде аудитті өткізуге арналған заңды тұлғаларды соңғы жылдық қаражаттың аудиторлық есебінің нотариалды түрде заңдастырылған көшірмесі немесе түпнұсқасы ұсынылады. Егер де конверттерді ашу ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін өтетін болса, онда алдағы жылдық қаражаттың аудиторлық есебі нотариалды түрде заңдастырылған көшірмесі немесе түпнұсқасы ұсынылады.

Төлқұжат (жеке кәсіпкерлерге арналған) пен жеке куәліктің көшірмесі, заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеулер (қайта тіркеу) туралы нотариалды түрде заңдастырылған көшірмесі.

Заңды тұлғаларға арналған статистикалық карточканың нотариалды түрде заңдастырылған көшірмесі (егер де әлеуетті жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденты болмаса, онда статистикалық карточканың нотариалды түрде заңдастырылған көшірмесі қажет емес).

Қазақсатан Республикасы бойынша міндетті әлеуметтік және зейнетақы жарнасы бойынша және салық төлеу бойынша салық қарыздарының жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы тапсырылады, тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу күніне дейін бір айдан кем емес берілген анықтама болуы керек, егер Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес төлем мерзімі кейінге шегерілген болса, онда бұл анықтама салық төлеу органының мөрімен және басшысының немесе орынбасарының қолымен куәландырылады.

Әлеуетті жеткізушінің банкта (банктарда) мерзімінен өтіп кеткен қарыздарының жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы тапсырылады, тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу күніне дейін бір айдан кем емес берілген анықтама, бірінші басшысының немесе оның орнын алмастырушы тұлғаның және бас бұғалтердің қолымен, осы құжаттың 6 қосымшасына сәйкес банк мөрімен куәландырылған анықтама тапсырылады (егер әлеуетті жеткізуші екінші деңгейдегі бірнеше банктың немесе филиалдың, сонымен қоса шетел банкның клиенты болса, онда анықтама осы банктардың әр қайсысынан алынады).

Мамандық бойынша жұмыс өтілі мен олардың біліктілігі көрсетілген мамандырдың саны туралы анықтама (осы құжаттың 4 Қосымшасына сәйкес).

Егер де әлеуетті жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденты болмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмесе, онда Қазақстан Республикасының салық төлеу органынан әлеуетті жеткізушінің Қазақстан Республикасының салық төлеу есебінде тұрмайтындығы мен резидент емес екендігі туралы анықтаманың түпнұсқасы және нотариалды түрде заңдастырылған анықтаманың көшірмесі ұсынылады.



  1. Осы құжаттың 5 қосымшасына сәйкес, әлеуетті жеткізушіге ұсынылатын теңге бағасының кестесінде, әлеуетті жеткізушінің барлық шығындары мен жеткізілетін дәрі-дәрмектер мен қосалқы қызметтердің бағасы көрсетілуі керек:

  2. Техникалық ерекшелігі;

  3. Қосалқы көрсетілетін қызметтер;

  4. Тендер тапсырысын енгізгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

  5. Осы құжатта көрсетілген талаптарға дәрі – дәрмектердің сәйкестігін растайтын құжаттар:

7-1) Денсаулық сақтау шеңберіндегі өкілетті орган белгілеген, медициналық тағайындалған бұйымдардың, дәрілік заттардың мемлекеттік тіркеу туралы дәрілік заттың тіркелген куәліктің нотариалды түрде заңдастырылған көшірмесі;

    1. Дәрілік заттардың, медициналық тағайындалған бұйымдардың төмен температура кезінде қатып қалудан қорғайтын, арнайы сыйымдылықтарда сақталынып, тұтынушы тағайындаған мекенге дейін жеткізгенше тасымалдануымен, сақталуы туралы кепілдеме хат.

    1. Тендерлік құжаттың жеткізу шаттары бойынша дәрілік заттарды жеткізу барысында жарамдылық мерзіміне сәкестігі туралы кепілдеме хат.

    2. Техникалық ерекшелігі;

  1. Тендерлік құжатқа сәйкес тапсыруға қажетті басқа да құжаттар:

Осы құжаттың 2 Қосымшасына сәйкес халықаралық патентталмаған атауы бойынша дәрілік заттардың өлшемі мен тізімі;

Әлеуетті жеткізушінің соттың шешімі негізінде заңды күшке енген сатып алулар туралы шарттардың соңғы екі жыл ішіндегі қорытындысы бойынша өз міндеттерін жауапкершіліксіз орындағаны туралы мөремен куәландырылған ақпарат.

Медициналық тағайындалған бұйымдардың, дәрілік заттардың ресми өндіруші өкілімен немесе медициналық тағайындалған бұйымдардың, дәрілік затардың тізімі мен мөлшерінің көрсетілуімен нотариалды түрде заңдастырылған шарттың көшірмесі;

Санитарлы – эпидемиологиялық бақылаудың мемлекеттік органдары бөлген (өтінімдері бар конвертерді ашу мерзіміне дейін бір жылдан кем емес берілген акт) «мұздық шырыш» қажеттігі кезінде, дәрілік заттармен қарым – қатынас жасау үшін аймақтық өкілетті органдардың бөлімшелері бөлген, дәрілік заттарды тасымалдау мен сақтауға арналған шарттарды тексерген акт.



Жеткізу мерзімі: №1,2 лота бойынша – 2016 жылдың 10 желтоқсанына дейін тапсырыс бойынша

Жеткізу орны: №1,2 лот үшін – Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 49-үй, Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК-ның қоймасы.

Төлем шарттары: бюджеттік қаражаттарды бөлу шамасы бойынша дәрілік заттарды жеткізу жағдайы бойынша төлеу. Медициналық тағайындалған бұйымдар мен дәрілік заттарды сатып алушылар 30 (отыз) пайыздан кем емес мөлшерде қаржыландыруға рұқсат. Әлеуетті жеткізуші төлеудің балама шарттары мен нақты баға пайызымен байланысты басқа да шарттарын ұсына алады. Сонымен қоса әлеуетті жектізуші өзінің тендерлік өтінімінде, қандай баға пайызын ұсына алатынын көрсетуі керек.

  1. Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімнің аяқталуына дейін өз тендер өтінімін кері қайтаруға немесе өзгертуге құқылы. Сонымен қоса, өз тендер өтінімінің кепілдемелік қамтамасыздығын қайтаруға құқылы.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінім туралы өз пікірін жазбаша түрде тендер ұйымдастырушыға жолдауы тиіс, бірақ тендерлік өтінімнің аяқталуы мерзіміне дейін кешіктірмеуі керек.

  1. Тендерлік өтінімнің мерзімі аяқталғаннан кейін тендерлік өтінімдерге өзгерістер енгізуге рұқсат берілмейді.

  2. Тендерлік өтінім әлеуетті жеткізушіден тігілген түрде, парақтарының номерленуімен және соңғы парағы мөрмен куәландырылып тапсырылады.

  3. Тендерлік өтінімнің техникалық ерекшелігі (тігілген түрде, парақтарының номерленуімен, соңғы парағы жеке кәсіпкермен немесе заңды тұлғаның мөрімен және қолымен куәландырылады) және кепілдемемен қамтамасыз ету түпнұсқасы тендер өтініміне жеке тігіледі.

  4. Тендерлік өтінім өшірліп қалмайтын сиямен жазылады, әлеуетті жеткізушінің қолы қойылуы керек.

  5. Тендерлік өтінімде грамматикалық немесе арифметикалық қателіктері дұрысталған жағдайлар немесе мәтін жолдарының арасында кірістірмелер, қосып жазулар болмауы керек.

  6. Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді конвертке салады. Конвертте әлеуетті жеткізушінің заңды мекені мен атауы көрсетілуі керек. Конвертте тендер ұйымдастырушының мекен-жайына жіберілуі керек: Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 49-үй, Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК-ны және «2016 жылға Республикалық бюджет есебінен емдік дәрі-дәрмектер сатып алу бойынша тендер» және «2016 жылдың 11 мамыр сағат 11.00-ге дейін АШПАҢЫЗ» деген сөздер болуы керек.


7 бөлім.

Тендерлік өтінімнің және төлемнің валютасы

  1. Әлеуетті жеткізушінің тендер өтінімінің бағасы теңге бағамында көрсетілуі керек.

  2. Жеткізушілерге нақты төлем бюджеттік қаражаттың бөлінуі бойынша теңге бағамында төленеді.


8 бөлім.

Тендерлік өтінімнің кепілдемелік қамтамасыздығы

  1. Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді ұсыну кезінде, кепілдемелік қамтамасыздықты дәрілік заттарды сатып алу бағасынан үш пайыз мөлшерінде енгізіледі, тендерлік өтінімде көрсетілген форма, тәсіл бойынша және тендерлік құжатта көрсетілген шарттар бойынша тапсырылады.

  2. Тендерлік өтінімнің кепілдемелік қамтамасыздығы келесі түрде тапсырылады:

  1. Банктік кепілдемемен осы тендерлік құжаттың 9 қосымшасына сәйкес;

  2. Банкта орналастырылған ақша кепілі

Тендерлік өтінімнің кепілдемелік қамтамасыздығы әлеуетті жеткізушімен ақша кепілі ретінде тендер ұйымдастырушының есебіне аударылады: Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК, СТН 451800029883, БСК HSBKKZKX ЖСК KZ 796010241000013214 /бюджеттік емес есеп/ КБЕ 16.

  1. Тендерлік өтінімнің кепілдемелік қамтамасыздықтың әрекет мерзімі тендерлік өтінімнің әрекет мерзімінен аспауы керек.

  2. Тендер ұйымдастырушы тендерлік өтінімнің кепілдемелік қамтамасыздығын келесі жағдайлар туындаған кезде бес жұмыс күн ішінде кері қайтарады:

  1. Тендер өтінімінің әрекет мерзімі аяқталған кезде;

  2. Тендерлік өтінімінің мерзімі аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізушінің тендер өтініміне пікірі кезінде;

  3. Тендерлік құжаттың шарттарына жауап бермейтін тендер өтінімі кезінде;

  4. Басқа әлеуетті жеткізушіні тендер жеңімпазы деп санаған кезде;

  5. Тендердің жеңімпазы анықталмастан сатып алу шараларын тоқтату кезінде;

  6. Тендерлік құжатта көрсетілгендей, сатып алулар туралы шартты орындауға тендер жеңімпазын енгізу және сатып алулар туралы шарттың күшке енуі кезінде;

  1. Тендерлік өтінімнің кепілдемелік қамтамасыздығы тендер өтініміне беруші әлеуетті жеткізушіге қайтарылмайды, егер де әлеуетті жеткізуші:

  1. Тендерлік өтінімнің мерзімі аяқталғаннан кейін тендер өтінімін өзгертсе және қайтарып алса;

  2. Тендер жеңімпазы болып анықталды, бірақ сатып алулар туралы уақытында шарт жасалмаған кезде;

  1. Әлеуетті жеткізуші кіші кәсіпкерліктің субъектысы болса, онымен қоса тендерлік өтінім ұсынатын болса, онда ол тендерлік құжатта көрсетілгендей, шарттарымен, тәсілі мен түрі бойынша тендер өтініміне дәрілік заттарды сатып алу бағамынан жартылай пайызды мөлшерде тендерлік өтініміне кепілдемелік қамтамасыздық қаражат енгізеді.


9 бөлім. Тендерлік өтінімінің тілі.

  1. Әлеуетті жеткізушімен дайындалған тендерлік өтінім, сонымен қоса барлық тілдік және тендерлік өтінімге қатысты құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тілде құрастырылып, ұсынылады. Әлеуетті жеткізуші ұсынатын ілеспе құжат пен баспа әдебиет басқа тілде құрастырылуы мүмкін, егер де оған дәл, нотариалды түрде анықталған және тендерлік құжат тілінің бөлімшелеріне сәйкес аударылған аудармасы болған жағдайда. Мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде құрастырылған құжаттардың артықшылығыда болады.


10 бөлім.

Тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу.

  1. Тендерлік өтінімдері бар конверттер тендерлік комиссиямен ашылады, мына мекен-жай бойынша: Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 49 үй, мәжіліс залы 2016 жылдың 11 мамыр сағат 11.00-де ашылады. Әлеуетті жеткізуші немесе өкілетті өкіл тендер өтінімінің конвертты ашылуы кезінде қатысуға құқылы.

  2. Тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде, тендер комиссиясының хатшысы тендерлік өтінімді құрастырушылар туралы, құжаттың бар болуы туралы ақпаратты, тендерлік өтінімдердің өзгерістері мен пікірлерін (болған жағдайда), төлемін және жеткізу шартын, баға ұсынысын, тендерге қатысушылар туралы, әлеуетті жеткізушінің мекен-жайы мен қатысатын тұлғалар туралы хабарлайды.


11 бөлім.

Бағасы мен тендерлік өтінімдердің салыстырмасы

  1. Бағалау мен тендерлік өтінімдерді салыстыру кезінде:

  1. Тендерлік комиссия әлеуетті жеткізушілерден тендерлік өтінімдері бойынша түсініктемер алуға, бағалау мен тендерге қатысуға салыстырмалы өтінімдерді қарастыруға құқылы;

  2. Тендерлік құжаттың шарттары мен біліктілік талаптарына сай емес, қосымшалар немесе ұсыныстар, өтінімдер жіберілмейді.

  1. Тендерлік комиссия өтінімді қайтарады, егер де:

  1. Әлеуетті жеткізуші біліктілік талаптарына жауап бермесе;

  2. Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімнің кепілдемелік қамтамасыздық түрімен, мөлшеріне және шарттарына сәйкес енгізбесе;

  1. Тендерлік құжат тендерлік өтінімге жауап бермесе;

  2. Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімінің бағасы, сатып алуға арналған сомадан асатын болса;

  1. Тендер комиссиясы тендерді толықтай немесе жартылай сәйкессіз деп саналады, егер де:

  1. Біліктілік талаптарына сай болмаса, әлеуетті жеткізушілер саны екеуден асатын болса;

  2. Барлық ұсынылған тендерлік өітінімдер тендерлік құжаттың талаптарына сай болмағандықтан болдырмау;

  3. Тендерге қатысуға бір әлеуетті жеткізуші ғана өтінім тапсырса;

  1. Егер тендер толықтай немесе жартылай сәйкессіз деп саналса, онда тендер ұйымдастырушы тендер шарттарының құрамын өзгертеді және қайтадан тендер өткізеді;

  2. Тендерге қатысу үшін қабылданған тендер өтінімі салыстырылады және тендер комиссиясымен бағаланып ең төмен баға негізінде өтінімнің жеңімпазы анықталады.

  3. Тендер комиссиясы конверт ашылғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде тендер қорытындысының хаттамасын ресімдеу жолымен тендер қорытындысын өткізеді;

  4. Тендерге қатысатын, өкілетті жеткізуші Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде көрсетілгендей, тендер қорытындысына шағымдана алады;


12 бөлім. Отандық тауар өндірушілерді қолдау.

  1. Тендер комиссиясы жеңімпазды анықтау кезінде, отандық тауар өндірушінің сатып алулар бағасы жиырма пайызға төмендетіледі.



13 бөлім.

Тендер қорытындысы туралы хаттама.

  1. Тендер тәсілімен сатып алу қызметтерін іске асыру кезінде, тендер комиссиясы тендер қорытындысы туралы хаттама дайындайды, ол хаттамада келесідегідей ақпараттар болуы керек:

  1. Сатып алынатын дәрілік заттардың қысқаша сипаттамасы мен атауы;

  2. Сатып алуға бөлінген сома;

  3. Тендерлік өтінімді ұсынушы, әлеуетті жеткізушілердің мекен-жайы мен атауы;

  4. Тендерлік өтінімді ұсынушы, әлеуетті жеткізушілердің біліктілік деректемелері;

  5. Тендерлік құжатқа сәйкес әр тендер өтініміне басқа да шарттары мен бағасы;

  6. Тендерлік өтінімнің салыстырмасы мен бағасы;

  7. Тендерлік өтінімнен ауытқыған кезде, ауытқу себебі;

  8. Лотамен және шарт бойынша анықталған тендер жеңімпазының мекен-жайы мен атауы;

  9. Жеңімпазды анықтағаннан кейін екінші ұнаған жеткізушінің әр лото бойынша тендер қатысушының мекен – жайы мен атауы;

  10. Егер тендер қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталмаса – осындай шешімді қабылдаған комиссияның негіздемесі;

  11. Сатып алулар туралы жасалатын шарттың мерзімі (тендер жеңімпазы туралы қорытынды хаттаманы алған кезден бастап он күнтүзбелік күннен аспау керек);

  12. Сараптама комиссиясын қатыстыру туралы ақпарат;

  1. Тендер ұйымдастырушы тендер қорытындысы анықталғаннан кейін үш күнтүзбелік күн ішінде тендерге қатысқан барлық уәкілетті жеткізушілерге хазбаша түрде тендер қорытындысы туралы хабарламамен қорытынды хаттаманы жолдау керек.


14 бөлім.

Сатып алулар туралы шарт жасасу реті.

  1. Тендер ұйымдастырушы тендер қорытындысы аяқталғаннан кейін бес күнтүзбелік күн ішінде уәкілетті жеткізушіге дәрілік заттарды сатып алулар туралы қол қойылған, осы құжаттағы 8 Қосымшаға сәйкес форма бойынша құрастырылған шартты жолдауы керек.

  2. Шартқа өкілетті органның өкілімен қол қойылады және ол екі жақ қол қойғаннан кейін күшке енеді;

  3. Тендер жеңімпазы дәрілік заттарды сатып алу туралы шартты қолға алғаннан кейін, он күнтүзбелік күн ішінде қол қояды немесе тендер ұйымдастырушыға келіспеушіліктердің бары екені туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тартқаны туралы жазбаша түрде хабарлайды.

  4. Егер жеңімпаз атанған уәкілетті жеткізуші дәрілік заттарды сатып алулар туралы шартқа мерзімінде қол қоймаса, осы құжаттың 49 тармақшасында көрсетілгендей, тендер ұйымдастырушыны қарама қайшылықтардың бары туралы хабарламаса, тендер ұйымдастырушы дәрілік заттарды сатып алулар туралы басқа да екінші ұнаған уәкілетті жеткізушімен шарт жасауға құқылы, тендер қорытындысы туралы хаттамада расталған.

  5. Дәрілік заттарды сатып алу туралы шарттың жобасына, жеткізушіні таңдауға негізболған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін қандай да бір жаңа шарттар мен өзгертулер жіберілмейді.

Дәрілік заттарды сатып алулар туралы шарттың жобасына өзгертулер енгізуге рұқсат беріледі, егер де бағасы мен сапасы өзгертілмейтін болса.

  1. Тендер ұйымдастырушы сатып алулар туралы шартқа қол қойғанға дейін, тендер жеңімпазы атанған уәкілетті жеткізушілермен шартың сомасын кеміту мақсатында, келіссөз өткізуге құқылы. Сатып алу бойынша тендер жеңімпазы атанған уәкілетті жеткізуші мұндай азайтуға келіспеуге құқылы болғанмен, тендер ұйымдастырушының шартқа қол қоюдан бас тартуға құқысы жоқ. Егер де сатып алулар туралы шартты орындау кезінде, балама дәрілік заттарды сатып алуға бағаның азаюына байланысты, тендер ұйымдастырушы мен жеткізушінің келісімімен сатып алулар туралы шартқа, осы тармақшаның ережесін есепке алумен өзгертулер енгізілуі мүмкін.


15 бөлім.

Сатып алулар туралы шартты орындаумен қамтамасыз етуді

енгізу реті

  1. Сатып алулар туралы шартты орындаумен қамтамасыз етуді енгізу реті, келесі түрде ұсынылуы мүмкін:

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкының құқықтық нормативтік құқықтарына сәйкес бөлінген банктік кепілдеме.

Сатып алулар туралы шартты орындаумен қамтамасыз ету мөлшері шарттың ортақ сомасынан үш пайызын құрайды. Шарты орындаумен қамтамасыз ету енгізілмейді, егер де қаражат айлық есептеудің сәйкес көрсеткішінің мөлшері екі мың шағымнан аспайтын шарт сомасынан аспаса.

  1. Ережелерге сәйкес тендер ұйымдастырушы шартты орындаумен қамтамасыз етуге шарттарды енгізу мен формасымен, мазмұны, сатып алулар туралы шартта және тендерлік құжатта көрсетілген (№8 қосымша).

  2. Сатып алулар туралы шартты орындаумен қамтамасыз ету, шарт күшіне енгеннен кейін, жеткізушімен он күнтүзбелік күн ішінде енгізіледі.


Қорытынды

  1. Сатып алулар туралы шартты орындаумен қамтамасыз етуге енгізілген міндеттер жеткізушіге қайтарылады, егер де шартта көрсетілген мерзім бойынша жеткізуші өз міндеттерін толықтай орындаса немесе өз міндетін бес күнтүзбелік күні ішінде атқарса.

  2. Егер жеткізуші шартта көрсетілгендей өз міндетін толықтай орындамаса, шарт бойынша өтемақы санкциясын төлемесе, онда сатып алуларда ұйымдастырушы жеткізуші енгізген Қазақстан Республикасындағы азаматтық заңнамаға сәйкес шарты орындаумен қамтамасыз еткенін қайтарып алады.

  3. Сатып алулар кезінде пайда болған олқылық жағдайларына сатып алуды ұйымдастырушының басшысы ондай сатып алуларды жарамсыз деп тануға құқылы.

  4. Ашылған тендерлік өтінім банк кепілдемесінінің түпнұсқасынана басқасы, уәкілетті жеткізушілерге қайтарылмайды, сонымен қоса тендер ұйымдастырушының қолы қойылған осы құжат көшірмесі сақталады.

  5. Өткізілетін сатып алулар материалы, сатып алулар ұйымдарының іс номенклатурасына сәйкес көрсетілген ретте сақталады.

жүктеу 218,98 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау