Пәннің ОҚу- әдістемелік кешені қазақ тілін оқыту әдістемесі 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті 5В020500 «Филология» ОҚУ-Әдістемелік материалдары



жүктеу 283,72 Kb.
бет59/106
Дата16.01.2022
өлшемі283,72 Kb.
#32570
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   106
0bba3ffa-a182-11e4-8a1d-f6d299da70eeМетодика-метод. материалы№1

4-модуль. Тіл дамыту әдістемесі
13 Дәріс. Тіл дамыту әдістемесі. Тіл мәдениеті және оны оқыту әдістемесі

Мақсаты: Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттері. Тіл дамыту жұмыстарының мазмұндық – құрылымдық жүйесі, тілдің ғылыми курсын оқыту барысында оқушылардың тілін дамыту – оқушылардың тілден теориялық деңгейде білім алуының жемісі екендігі. Тіл дамытудың ауызша және жазбаша жұмыс түрлері. Мазмұндама, шығарма жазу әдістемелері.

Тіл мәдениеті бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі. «Дұрыс сөйлеу» мен «жақсы сөйлеу» ұғымдарын талдау. Әдеби норма, ол туралы түсініктерді қалыптастыру. Мектепте стилистиканы оқытудың мазмұны, мақсаты, міндеттері. Стил және стилистика туралы ұғымдарды қалыптастыру жолдары.

Жоспар:



  1. Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттері.

  2. Мазмұндама, шығарма жазу әдістемелері.

  3. Әдеби норма, ол туралы түсініктерді қалыптастыру

  4. Мектепте стилистиканы оқытудың мазмұны, мақсаты, міндеттері.

  5. Стиль және стилистика туралы ұғымдарды қалыптастыру жолдары.

Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі максаты - дүрыс, сауатты жазып, оқушының ауызша және жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалык жағынан дүрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету.

Тіл дамыту жұмысы, негізінен төрт бағытта жүргізілген: бірі - мәдени әдеби сөйлей білу нормаларына үйрету, яғни орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, окушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Екіншіден, лексикалық жүмыстары жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту, тілдің лексика жэне фразеология бөлімдерінен кеңірек білім беру көзделеді. Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем қүратып үйрету, сөйлемнің қүрылысын білдіру арқылы синтаксистік лексикадан білім бері. Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі

Жазбаша сөйлеу - графикалық жазу таңбалары арқылы іске асады. Жазбаша сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлеммен де, қүрмалас сөйлеммен де бере алады. Жазбаша сөйлеу тілінде белгілі жүйелі байланыс болады. Адам сөйлеммен ойын жүйелі беруде тілдегі түрлі жалгау, жүрнақ, түрлі тыныс белгілерін (нүкте, үтір, қос нүкте, сызықша, тырнақша, леп белігісі, сүрау белгісі т.б.), синоним, омоним, теңеу, салыстыру сияқты тілдік кұралдары пайдаланады.

Ауызекі сөйлеу тілін жаксы меңгерген, оған жаттыққан окушы ойын жазбаша да дүрыс эрі жүйелі бере алады. Бүл екі процесс бір-бірімен бірлікте, байланыста қаралганда, жүргізілгенде гана дүрыс нэтиже бере алады.

Тіл дамыту –ана тілі әдістемесінің аса жауапты да күрделі саласының бірі. Оның күрделі болуының себебі, бала тілін дамыту міндетін жүзеге асырушы мектепте жүргізілетін пәндер қазақ тілі мен әдебиетке ғана болмай , оның сөйлеу әрекетіне де тікелей тәуелді.

Дидактикалық принциптер әр пәнді оқыту әдістемесінің теориялық негізі болып саналады. Қазақ тілін оқытумен байланысты тіл дамыту жұмысы да мынадай дидактикалық принциптерге негізделе жүргізіледі.

Тіл дамыту жұмыстарын үйымдастырудың әдістемесін тереңдеп игеріп алмай, тілдік қабілетті дамытуға арналған жаттығу-тапсырмаларды меңгерту қашанда қиынның қиыны болмақ. Сөздік жұмысын үйымдастырудың әдіс-тәсілдері алуан түрлі. Мұғалім оқу жылының алгашқы күнінен бастап сабакта өтілетін грамматикалық тақырыптың тұсында сөздік жұмысын жоспарлы, белгілі мақсатқа орай жүргізеді.

Жүртқа мәлім, сөз белгілі бір заттың атын, түсін, белгісін, санын, сапасын, үлкен-кішілігін, тегін, көлемін, бір сөзбен айтқанда, оның табиғатын, атауын, үғымын білдіреді. Демек, сөз бен сөздің атауының арасында өзара байланыс болады. Сөз заттың атауын білдіретін қызмет атқарады. Сондықтан өмірдегі, табиғаттағы заттарды тану, білу арқылы оқушының да ой-өрісі кеңіп, жаңа атауларды, сөздерді үйренеді. Осыдан баланың затты тану арқылы өмір шындығын кеңірек түсініп, оның дүниеге деген көзқарасы қалыптаса бастайды. Демек, дүниедегі заттардың, кұбылыстың алуан түрлі сырларының атауларын біле бермейді. Оны мектептегі оку процесі арқылы біртіндеп меңгереді. Мысалы, ана тілі, әдебиет, география, тарих, еңбек сабақгары арқылы заттардың атауын, ашып біліп үйренсе, екіншіден, радио, телевидение, оқыған кітабы, үлкен адамдар арасындагы эңгіме арқылы да кеп нәрсені естіп, бір алуан сөздерді үйренеді

Қазақ тілі сабағын басқа пәндермен байланыстыра үйретілетін сөздің этимологиясына, оның тарихи шыгу тегіне, күрамына грамматикалық талдау жасап отырғаны жөн, өйткені оқушы үйренетін сөзінің неден, қалай шыққанын білуге күмартады және ондай үйретілген сөз олардың ойында мәңгі сақталады, сондай-ақ окушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырады, сондай сөздерді біле түсуге қызығады. Мысалы, «Еуропа, Азия, Орал, Баку, Ереван, Кувейт» деген создерді жиі кездестіреді. Бүл создердің қандай магына беретінін білмейді. Осындайда оқушыларға оның тарихи шыгу тегін айтып берсе, балалар оны қызығып тыңдайды.

Сөздік жүмысын үнемі бірқалыпты жүргізу оқушыны жалықтыратыны сөзсіз. Создік жүмысын жүргізудің жолдарын түрлендіріп отыру керек. Мысалы, тіліміздегі ескіріп кеткен архаизм сөздерді де оқушыларға орынды жерде түсіндірудің маңызы зор. Осындай сөздердің мағынасына қүр талдау жасағаннан гөрі, оның нақты суретін көрсету арқылы түсіндіру пайдалы. Мысалы, ак бөкен, бүлан, дулыға, сауыт, қорамсак.

Оқушының үғымына ауыр тиетін, түсініксіз сөздерді сол сөздердің синонимі арқылы түсіндіруге болады. Мысалы, «әулетті» деген сөз «мықты», «күшті» деген мағынаны білдіреді.

Кейде бірсыпыра сөздердін мағынасын оның қарама-қарсы мағынасы, антоним сөздер арқылы салыстырып түсіндіруге болады. Мысалы, «түнек» - қарама-қарсы мағынасы «жарық» сөзі аркылы түсіндіріясе, «үдіріс» деген сөзді «баяу» деген сөз арқылы, «үшкір-доғал» деген сөздермен түсіндіріп, оньщ қарсы мағынасы арқылы оқушы сол сөздің нақты, дәл мағынасын түсініп үғады. Сондай-ақ, сөз тіркестері, идиомалық сөздерді оқытуға орай жоғарыдағы жолдармен салыстыра тусіндіру тиімді. Мысалы, кас пен көздің арасында - лезде, бір сәтте, кұлак қағыс қылу - ескерту, байқау, есіне салу, қабырғаңмен кеңес - ойлан, асықпа, байқа деген мағынаны білдіретінін айту қажет. Сөздік жүмысының бір түрі ретінде ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілімізге енген бірсьгаыра жаңа сөздердің қай кезде, қалай шыққанын жолай айту керек

Оқушылардың жалпы сездік қорын байкау мақсатында ғылымның әртүрлі саласынан қысүқа мэтіндер алып, оларды сыныпта мүғалім өзі дауыстап оқып, оқушылардың қаншалықты сөзді білмейтінін тексеуі де пайдалы. Мысалы, «Жамбыл мен Кенен - егіз козыдай даңкты адамдар. Жамбыл асқан сөзімен, өлеңімен, үзақ жырымен, дастандарьшен даңқты болса, Кенен - сымбатты, сүлу әнімен, әсем толғауымен, тамаша өлеңдершен таныған ақын. Екеуі бір-бірін қатты сыйлаған, құрметтеген. Кенен Жамбылға еріп Мәскеу, Кавказ жеріне барды. Ал жастау шағында тізе қосып, үзеңгі қағыстырып, туысқан қырғыз жерінен бас гагт, Іле мен ІЛу бойын, Әулие Ата мен Мерке өңірін, Балхаш пен Қаратал жағасын, Кеген мен Нарынқол, Алматы мен Қордай ауылдарын бірге аралап өлең- жырды бірге айтқан. Олардың бірге жүрген осындай сапарларын баска ақындар қызғанып, көре алмайды екен. Бірі жырдың, бірі әннің күдіретшдей көрінетін, бірішң кемін бірі толтырып жататын. Сонда да халық бүл екеуін басқалардан ерекше қүрметтеген».

Осы жаттығу мәтінінде бірсыпыра сөздердің мағынасына оқушы бірден жауап бере алмайтьш сэтті байқауға болады. Мысалы, «егіз қозыдай, асқан сезіммен, үзақ жырмен, даңқты болса, танылған ақын, тізе қосып, үзеңгі қағысып, Шу бойын, Мерке өңірін, Қаратал жағасын, көре алмайды, әннің күдіретіндей көрінетін, бірінің кемін бірі толтырып, басқалардан» деген сөздердің мағынасын синонимдік, тусіндірмелі сөздіктерді пайдалану арқылы түсіндіруге тура келеді. Бір жаттығудың әзінде оқушының түсінігіне ауыр келетш он төрт сөз бар. Бұл сөздердің мағынасын, қолданылу мәнін оқушы білуге тиіс. Оқушының сөздік дәптеріне сөздерді осындай ретпен жаздыра отырып, олардың мағынасын, баламасын қатарына жаздырып, талдау жасау қажет. Мысалы: егіз - бірдей, қатар асқан - шебер, шешен даңқты - эйгілі, белгілі

танылған - көпшілікке белгілі тізе қосып - бірге отыру үзеңгі қағысып - бірге жүру, бірге аралау бойын - жерін, маңын

өңірі - елі, жері деген сияқты жолдармен түсіндіріп отыру оқушыны әрбір сөздің мағынасын, мәнін дүрыс түсінуге, оны білуге дағдыландырады. Демек, мүғалім сөздік жүмысын жургізу барысында тілдегі негізгі лексикалық, грамматикалық амалдар жаппай жүмсала бермей, сөйлесу тәжірибесінде көп амалдар белгілі стильдік немесе контекске ыңғайланып жүмсалатын жоғарыдағыдай жолдармен түсіндіру, яғни тілдің мүндай жайлар ескерусіз қалмауды қарастырады.

Оқушы қазақ тілі және әдебиет сабақтарында үйренген сөздерін ауызекі тілде дүрыс жэне кең пайдалана алатындай болу керектігін айғак етеді, Мүндай жүмыстың бәрі де оқушының ойлау қабілетін дамытып, шебер сөйлей білуге тәрбиелейді. Сөздік жүмысын мүғалім жыл басында өзінің күнтізбелік жүмыс жоспарында жоспарлайды. Сөздік жүмысы бағдарламалық материалдардың көлемінде оқушының өткен немесе келешектегі білімін ескере отырып жүргізеді

Оқушы өзінің үйренген сөзін ауызекі сөйлеу тілінде колдана білсе, оның ақыл-ойын дамытуға эсер етеді. Сөзді орынды колданып, оның мағынасын жетік білетін бала өз бетімен сейлем қүрап, оны ауызша сөйлеу тілінде шебер қолдана алатыны сөзсіз. Сондьпсган сөздік жүмысын дұрыс үйымдастырып, баланың сөз байлығын арттыру, сондай-ақ, үйренген сөздерінің орфограммасының дүрыс жаза білу жағына әрбір ана тілін оқытатын сабақ жауапты болғаны жөн.

Сөз тіркесін, сөйлем күрауға үйрету жүмысы оқушы өз ойын байланыстырып айта білумен бірге жаза білуге де дағдыландырады. Грамматиканы, синтаксисті жаксы меңгерген оқушы сөз тіркесін дүрыс біліп, сөйлемді күрастыра алады.

Сөз тіркесі, сөйлемді күрату жүмысы да барлык грамматикалық тақырыптарды оқытуға орай іске асырылады. Сабақта жаттығу жүмыстарын грамматика-стилистикалық бағытга үйымдастырылады. Дайын мәтін ала отырып оған грамматика-стилистикалық талдау жасатуға болады. Оқушылардың назарын сөйлемнің күрылысына аударып, қалай жасалғанын, қандай стильдік қателері барын немесе кандай ерекшелікпен көрінетінін байқатады.

Оқушыларға мынадай жүмыстар орындату тиімді. Сөз тіркестері арқьшы сойлем күрату, жай сөйлемді жалпылама сөйлемге айналдыру,. аяқгалмаған сөйлемді аяқтату, диалогты сөйлем кұрату, әңпмені аяктау, белгілі таныс тақырыптар бойынша әңгіме күрастыру, берілген мәтінді редакциялау, оқушыларға бір-бірінің жүмысын редакциялату т.б. осындай жүйелі жүргізілген жұмыстар арқылы окушы дүрыс сөйлем қүрастыруға бейімделеді.

Оқушы сөз тіркесі мен сөйлемнің түрі мен мазмүны арасындағьі байланысты меңгеруге тиісті, яғни сөз тіркесі сөйлемге кажетті күрылыс материалщары ретінде қаралса, сөйлем синтаксистін негізгі бірлігі ретінде қаралатынын ұктыру қажет. Мысалы, сез тіркесінде «қоңыр» деген сын есім мағынасындағы өзгерісті, оның 'гура және ауыспалы мағынада түрғанын талдау аркылы түсіндіру пайдалы: қоңыр күз, қоңыр мата, қоңыр бояу, қоңыр дауыс. Оқушыға «қоңыр бояу, қо ңыр мата» деген сөздің тура мағынада айтылып түрғанын, ал «қоңыр дауыс, коныр күз» деген сөз тіркестерінің ауыспалы мағынада қолданылып түрғанын салыстыру арқылы түсінік беріледі. Оқушы тілдің осындай нәзік қүбылыстарын байқау арқылы ана тілінің қыр-сырын біле түсуге қүмартады. Алдымен сез тіркесі және сөйлемнің өзара күрылымдық айырмашылыгының неде екеніне оқушының көзін жеткізу кажет. Демек, сөз тіркесі категориясының лексикамен, морфологиямен тығыз байланысты екенін, сондай-ақ сез тіркесі лексика мен морфологияны синтаксиспен тығыз байланыстырып түратын синтаксистік категория екеніне баса назар аударылады. Мүның лексикамен тығыз байланыстылығы енген сөздердің толық лексикалык мағынаға ие болуы және бір-бірімен байланыста айтылатындай тіркесімдік қабшеті болуы екенінен көрінсе, морфологиямен байланыстылығы, сөз бен сөздің белгілі бір қосымша аркылы, яғни соз түлғасы аркылы байланысатынынан, екінші жағынан, белгілі бір соз табының негізінде сөз тіркесі жасалатынынан байқалады. Ал байланысқа тускен сөздердің грамматикалық қарым- қатынасы лексико-грамматикалық деп те аталадыЯғни, окушыға сез тіркесінің, сөздердің сөйлемге дейінгі үйымдасқан тобы екенін үктыру. Олардың қандай басты айырмашылығы болатынын мысалдармен түсіндіру қажет. Сөз тіркесі жеке создерге карағанда зат, қүбылыс жайында кеңірек, нақты түсінік беретін атау. Мысалы, ащы су, жылы жел, таза ауа т.б. Екіншіден, соз тіркесі сөйлемге қажетті кұрылыс материалы болады. Мысалы, жылы жел соқты. Үшіншіден, сөйлем ішіндегі сөздерді байланыс түрғысынан талдағанда, олар іштей сөз тіркесі түріндегі байланыс болып үйымдасады. Мысалы, «ащы суды түіцытатын жылжымалы қондырғылар сынақтан ойдағыдай өтті», - деген сөйлемдегі сөз тіркестері: ащы су, ащы суды, суды түщы, ащы суды тұщытатын жылжымалы қондырғы, жылжымалы қондырғылар, сынақган өтті. Ал «жылжымалы қондыргылар өтгі» дегенде сөз тіркесі емее, сөйлемнің грамматикалық негіздері, яғни бастауыш пен баяндауыш. Қорыта айтқанда, сөз тіркесі жасалу үшін сөздер бір-бірімен әйтеуір байланыспай, өзара сабактаса байланысады, ягни бірінші сөз екінші сөзге тәуелді, бағынышты болады, сол арқылы олардың арасында грамматикалық қарым-қатынас жасалады. Демек, сөз сез тіркесінің және сейлемнің қүрамына белгілі бір түлғада түруы арқылы енеді, сөз тіркесі лексикалык толық мағыналы, ең кем дегенде екі сөзден қүралады.

Ал сөйлем жеке сездің белгілі бір түлғада тұрганын да, сөз тіркесінің алуан түрлерін де ішіне алып, еөйлемге тән түлғаға ие болған бір сөз түрінде де, өзара синтаксистік байланысқа түскен сөздер тобы түрінде жарыққа шығады.

Сөз тіркесі, сөйлеммен жұмыс істеу барысында мынадай тапсырмаларды орындату пайдалы: Сөз тіркесімен келген мекеме, ұжым, зауыт, фабрика атауларын таптырып, құрамына талдау жасату, құрылысы жағынан біртектес сез тіркестерін мэтіннен таптыру, сөз тіркестерінің қай сөз табынан жасалып түрғанына сүрақ қойғыза отырып талдау жасату, сөз тіркесі мен сөйлемнің айырмасын анықтау жұмыс түрлерін мына мәтіндерді пайдалана отырып, жүргіуге болады. Мысалы, Жаспарлай қонган жаңа қоныс, өз бойындағы он шаруашылықтьщ күрдастары. Олар болса астық арнасын ашты. Ал «астық ағысы - өмір ағысы». Мүндай тапрсырмаларды орындауға дағдыланып, жаттыққан оқушылар сөздердің байланысуын жақсы біліп, сөйлем қүрастыруға машықтанады. Ол үшін оқуышлдар жіктеу, өздік, жалпылау есімдіктерін, жинақтау сан есімнің тэуелді түрін, етістіктің ашық рай, бүйрық рай: -ын, -ин, -иік түлғалы қалау рай, шартты рай түрлерінің жіктелуін жақсы меңгеруін қажет етеді

Жеке сөздер арқылы мақал-мәтел, антоним, синоним, сөз тіркестері, идиомалық сөздерді, хат, өмірбаян, рецензия жаздыру, стилъдік қатемен жүмыс істеу арқылы сөйлем күратуға бағыт береді.

Жеке сөздермен сойлем күрастырудың тиімділігі бар. Мысалы, жеке сөздерді бастауыш етіп сөйлем қүрату, бастауыштың зат есімнен болуын талап ету арқылы тыныс белгшерін дүрыс қоюға дағдыландыруға болады. Айталық, Абай - реалист ақын. Ол бүгін мектепте баяндама жасады. Биыл елге кіріс мол кірді деген сөйлемдердегі «Абай, ол, кіріс» деген сөздерді беріп, осылай сейлем кұрату пайдалы болмақ.

Тіл дамыту жүмысында мақал-мәтел және сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем қүратудың да пайдасы зор. Бүл жүмыс түрі арқылы оқушының ойын көрікті айта білуге, мақал-мәтелдердің тіліміздегі көркемдік ерекшелігін, оның тәрбиелік мәнін ұгуға деген дағдыны қалыптастырады.

Оқушы мақал-мәтелдерді кірістіріп сөйлем күрау арқылы еңбекке, білім алуға, өнерге, жақсы әдеттерге үйір болуга, жаман мінездерден безуге, үқыптылыққа, тазалыққа, достыққа, шындыкка байланысты нақыл сөздерді үйренуге жақыи болады. Мысалы, оқулықжардан, дидактикалық материалдардан достық, оқу-білім, енер, еңбек, елі, жері, Отаны, адамгершшік женіндеп мақал-мәтелдерді таптырып, оның мағынасын қалай түсінетінін айтқызып, шығарма жұмыстарында пайдалануға бағыт береді.

Мақал-мәтелдерді пайдаланудың әдіс-тәсілдері көп. Олар сабақта, сыныптан тыс жүмыстарында, белгілі бір грамматикалық тақырыпты оқытуға оңай оларға сэйкес мақал-мәтелдерді таптырып, сөйлем күратуға болады. Зат есімді оқытуға байланысты «дос», «білім» сөздерін кірістіріп, сөйлем кұрату пайдалы. Мысалы, «Адал досты ауыртпалық танытады», «Досы жоқ басым, тұзы жоқ асым», «Білім - бақтың жібермейтін қазығы». Макал-мәтелдерді шығарма жүмыстарында пайдаланады.

Өмірбаян жаздырып үйрету тіл дамыту жүмысына үлкен септігін тигізеді. Оқушы өз өмірбаянын жазу арқылы туған жері, ата-анасының кім екенін, қай жерде жүмыс істейтінін, ата-аналарының қандай мамандык иелері, өндіріс, ғылым мен туысқандары, аталары, әжелері, аға-інілері жөнінде білетіндері жайында пікірлерін айтады. Оған материал жинау үшін ізденеді, ата-аналарымен әңгімелеседі.

Тіл дамыту жүмысында күнделік жаздырудың да үлкен маңызы бар. Оқушыға пікір жаздыру үшін окыған кітабының авторы, аты, кейіпкерлері, оқиға не туралы, қай кезде болған, кітаптың тілі, ондағы мақал-мәтелдерді жинастыру, қолданудағы ерекшелік, кітапқа окушының көзқарасы т.б. мэселелер қамтылады. Пікір жазу арқылы оқушының ой- өрісін дамытады, тілі жаттығады, сөздік қорлары молаяды. Мұндай жүмыс түрлері мазмүндама, шығарма жазуға дайындайды[15, 17].

Қорыта келгенде, қазак тілі сабактарында жүмыс түрлері ұйымдастырылса, оқушының өз ойын жаза, әрі дүрыс айта, жеткізе білуі сөзсіз.
Тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде жиі қолданылатын жазу жұмыстарының бірі – мазмұндама. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғыртуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркесін құру, сөйлем құрау шеберлігіне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бірқатар сөз тіркестері мен сөйлемдер, бейнелі сөздер оқушының есінде қалады, оқылған мәтінді қайта жаңғырту үшін, сөздер мен сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруға жаттығады

Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тілдік материалды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігін, мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда методистер Бегман Ысқақ және Эльмира Оразбаева мазмұндаманың мынандай түрлерін ұсынады:

1. Дайын мәтін бойынша мазмұндама;

2. Сурет бойынша мазмұндама;

3. Аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама

Дайын мәтін бойынша мазмұндаманың өзін бірнеше түрге бөлуге болады:

1. Мәтінге жуық немесе толық мазмұндау;

2. Мәтіннің мазмұнын сақтап, бірақ баяндалу формасын өзгерту;

3. Қысқарта баяндау;

4. Толықтырып мазмұндау.




жүктеу 283,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   106




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау