Әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы, 2002. 664-676бет.
2. Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005
3. Т.В.Аренова. Тілдерді оқытудағы жаңа бағыт. - Қазақ тілі: әдістеме. №1 2008 (15)
4. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010
№12 Дәріс. Орфографияны оқыту әдістемесі. Пунктуацияны меңгерту әдістемесі
Мақсаты: Орфографияны оқытудың ғылыми – парктикалық маңызы, міндеттері, ұстанымдары. Орфографиялық жұмыстың мазмұны. Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді қолдану әдістері. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі. Орфографиялық талдау.
Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндттері. Пунктуацияны оқытудың мазмұны, кезеңдері, ұстанымдары. Пунктуация және синтаксис. Пунктуация және мәнерлеп оқу, интонация. Пунктуациялық дағдыларды қалыптастырудың негіздері. Пунктуациялық ережелерді оқыту, пунктуациялық жаттығулар мен талдау түрлері.
Жоспар:
Орфографияны оқытудың ғылыми – парктикалық маңызы, міндеттері, ұстанымдары. Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндттері
Орфографиялық жұмыстың мазмұны.
Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді қолдану әдістері. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі.
Орфографиялық талдау.
Пунктуация және синтаксис.
Пунктуация және мәнерлеп оқу, интонация.
Пунктуациялық ережелерді оқыту, пунктуациялық жаттығулар мен талдау түрлері.
Орфография мен орфоэпияның бір-бірімен байланыстылығымен бірге олардың өзара айырмашылығын жете түсіну үшін оқушы фонетиканы жетік білудің маңызы зор.
Мұғалім оқушылардың фонетика саласынан алған білімдерін сабақта сұрақ-жауап әдісі арқылы еситеріне түсіруге болады.
Дауысты және дауыссыз дыбыстардың классификациясын таблица түрінде жазып шығуларын талап ету арқылы, төменгі сыныптарда өткен материалдарын еске түсіріп бекітеді.
Дыбыс пен әріптің өзара айырмашылығын, дыбыстың тілдегі сөз құрайтын фонема, ал әріптің солардың таңбасы екендігін түсіндіргеннен соң, графика, шартты таңбаның қалай болса солай емес белгілі бір қағидаға сүйеніп жазылатынын айтады.
Тілдегі сөздердің жазылу нормалары үш түрлі принципке негізделіп жазылатынын оқушыларға кестені пайдалана отырып түсіндірген жақсы нәтиже береді.
Достарыңызбен бөлісу: |