Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы



жүктеу 79,79 Kb.
Дата27.02.2018
өлшемі79,79 Kb.
#10815
түріСабақ

Пән мұғалімі: Маужигитова А.Г

Информатика «6а» сынып күні: 16.03.2017ж
Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы

Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы.


Сабақтың мақсаты

Оқушылардың тұсаукесер (презентация) туралы түсініктерін қалыптастыру.

Оқушылар Microsoft Office тің PowerPoint бағдарламасы мен таныстырып, қарапайым тұсаукесер (презентация) құруға үйрету.



Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Ашық сұрақ әдісі, Миға шабуыл. (ролик), Түртіп алу әдісі, Джигсо. (Бөліп оқу), Постер қорғау.

Күтілетін нәтижелері

Оқушылар презентациялар не екенін және не үшін қолданылатынын біледі . Оқушылар Microsoft Office тің PowerPoint бағдарламасымен жұмыс істей біледі.

Тапсырмалар

Сұрақ жауап, постер қорғау, бастапқы білімді білу

Ресурстар

Компьютер. Интерабелсенді тақта. Бейне фильмдер. Интернет материалдары.

Қосымша материалдар

Маркер, флипчарт, түрлі-түсті қағаз, стикер, желім.



Кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Күтілетін нәтижелер

1.Ұйымдастыру

(3 мин.)

Оқушылармен амандасып, келе жатқан ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтау. Шаттық шеңберін құрып, ынтымақтық атмосфера құру.

Оқушылар сәлемдесті. Оқушылар шеңбер бойына тұрып бір –бірін қазақ халқының жаңа жылымен құттықтап, тілектерін білдіреді.

Оқушылар сабаққа дайын және ынтымақтық атмосфера оқушылар арасында бірлесуге деген құлшыныс орын алады.

Топқа бөлу

(2 мин.)

Мозайка әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлу.

Оқушылар бағдарламалық суреттерді құрастырып, топтасады.

Оқушылар топқа бөлініп бағдарлама аттарын біледі.

Үй тапсырмасы
(9 мин.)

Интербелсенді тақтада көрсетілген ұлттық ойындарда жасырылға ұяшықтардағы тапсырмаларға топ арқылы таңдап топ болып жауап береді.
Топтар басқа топтарды бармақпен бағалауын қадағалау.

Оқушылар ұяшықта жасылыған сәйкестендіру, жоғалған сөзді табу, суреттің қызметі сияқты тапсырмаларды топ болып орындайды.

Оқушылар үй тапсырмасын толық қамтып әр топ өзінің жаубын береді.

Жаңа сабақ.

(10мин)

Қазақ халқының салт-дәстүрі туралы түсінік.

«Ассоциация» әдісі бойынша окушыларға интербелсенді тақтаға «тұсаукесер (презентация)» сөзі койылады.


Оқушылар интербелсенді тақтаға өз ойларын жазады.

Оқушылар жаңа сабақ тақырыбын ашып, тұсаукесер (презентация) мағынасын біледі.

Bilimland.kz сайтынан бейне сабақ көрсетіледі.


Оқушылар бейне роликті қарайды.

Оқушылар бейне роликті қарап , MS Power Point бағдарламасымен жұмыс істеу жолын түсінеді.

Оқушыларға тақырыпқа байланысты үлестірме материалдар беріледі.


Оқушылар тақырып бойынша қосымша мағлұматтармен танысады.

Оқушылар тақырып бойынша қосымша мағлұматтарды меңгереді.

Топтық тапсырма (Жоба жасау)

(11 мин)

Топтар асықтарға жоба тақырыбы жасырылып, үстелге қойылады.

  1. Қазақтың ұлттық тағамы және киімі

  2. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрі

  3. Қазақтың ұлттық ойыны

Оқушылар асық таңдау арқылы жоба тақырыптарын анықтайды.

Топтасып MS Power Point бағдарламасында презентация дайындайды.



Әр топ өз жобасын қорғайды.

Сергіту сәті

(3 мин.)

Қара жорға биі.

Оқушылар Қара жорға биіне билеп іс-қимылдарды орындайды.

Оқушылардың көңілі көтеріледі.

Бекіту

Bilimland.kz тапсырмалары

Топ болып тапсырма орындайды, жауабын келесі топ тексереді.

Окушылар тақырып бойынша білімдерін бекітеді.

Бағалау

2 мин

Оқушылар бағалау парағы бойынша бағалау

Оқушылар қорытынды бағаны есіту үшін өздері бағалау парағын толтырады.

Өзін-өзі бағалау орын алады.

Үйге тапсырма.

1-мин

Венн диаграмма толтырып келу

MS word және MS Power Point



бағдарламалары

Оқушылар екі бағдарламаның ұқсастығы мен айырмашылығын жазады

Оқушылар ізденеді.

Кері байланыс.

Рефлекция

1-мин

Кері байланыс орындату


Оқушылар кері байланыс бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін жүйелейді.

Білімдері жүйеленіп, алған әсерлерін білу


Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы.


Презентация үғымы өзінің толық мағынасында (лат. ргаеяепіо тапсырамын немесе ағыл. ргезепі — үсыну) өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сұрауларды және басқа да көптеген дүниені ұсыну. Қорытып айтқаңда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін ұсыну — бұл әрдайым презентация.

Біз презентация деген кезде оның техникалық жағын, яғни белгілі бір тақырыпқа байланысты слайдтардың сатылы жиынтығын түсінеміз. Олар әдетте бір стильде және тиесілі қосақтаса жүретін материалдар — презентация жоспары, баяндамашы ескертулері, тындаушыларға тарататын материал.

Слайд деп көзге көрінетін күрделі объектіні айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалык кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. Әрбір слайд ескерту парағымен бірге келеді. Бұл параққа түсініктеме мәтінді оны жасау кезінде де, демонстрация кезінде де енгізуге болады. Бұл мәтін презентацияның басты, керекті сәттерін жөне оған катысты жағдайларды фиксациялау кезінде қолданылады.

Ескерту, парақтарын слайдтардың әр түрлі саны үшін қалыптастыруға болады, және де, осы парақтарға презентациямен бірге жүретін сценарийді енгізуге болады.

Презентацияны белгілі тақырыптағы слайд-фильм деп те атайды. Слайд-фильмдерді жасап шығаруға арналған арнайы құралдар — графикалық пакеттер де бар. Осы құралдардың бірі — МS Оffice құрамдасы windows-тың қосымшасы PowerPoint программасы.

PowerPoint қосымшасының неше түрлі объекттерді (мөтін, кесте, графика жасау т.б.) үшін керекті жеке мүмкіншіліктері болғанымен, оның Microsoft Оffiсе дестесінің басқа да құрамдастарымен тығыз байланысуының арқасында пайдаланушы әбден жасалған материалдарды қолдану мүмккіндігіне ие болады.

Роwer Роіnt презентация түрлеріне үлкен таңдау жасауды және екі және үш өлшемді график құрастыруды барлық объекттерді басқаруды: өлшемдерді өзгерту, айналдыру, жоғары дәлдікті орын ауыстыру және т.б. Бүдан басқа бұл қосымшаға дыбыс пен бейне жат емес.

РоwerPoint әр түрдегі презентацияны көруді қамтамасыз етеді. Мыналарға арналған:

  • компьютер экранында автономды көрсету үшін;

  • компьютерлі проектор аркылы көрсетуге;

  • оптикалық құрал арқылы демонстрациялау мақсатында мөлдір қабықшаға басып шығаруға;

  • оптикалык. слайд-проектор арқылы демонстрациялау мақсатында 35 мм диапозитивті фотопленкаға басып шығаруға;

  • дәл осы шақта жортада көрсету үшін;

  • кейіннен пайдаланушының автономды көріп шығуына болатындай етіп желілік ортада жариялау үшін;

  • хат алушылардың автономды көріп шығуына болатындай етіп электронды почта арқылы жіберу үшін;

  • қызыққандарга тарату мақсатында қағазға басып шығару үшін.

Бірқатар объективті (қолданылатын дестенің мүмкіндіктері: презентацияның мақсаты және басқалары) жөне субъективті (аудиторияның физиологиялық және психологиялык ерекшеліктері) факторларды есепке алу керек болғандықтан, презентацияны дайындау процесі айтарлықтай қиын. Сондықтан презентацияны ойлап шығару кезінде мынадай кеңеске сүйену керек:

  • презентацияны алдын-ала жоспарлау, оның мақсаты мсн мазмұнын нақты түсіну;

  • презентацияның әрбір слайды мазмұнды жөне есте қаларлықтай болуы керек;

  • слайдтағы хабар сығыңқы және қарапайым болуы керек;

  • импортацияланатын суреттің форматын таңдаған кезде демонстрацияның мүмкіндіктерін есепке алу;

  • суреттегі объект фоннан түсі жағынан ерекшеленуі керек;

  • фотобейнені тузеу үшін арнайы прграммаларды қолдану;

  • Слайдты керкемдеу үшін контрастты және келіскен түстерді тандау керек;

  • Аудитория көңілін лрезентацияның жеке бір бөлігіне аудару үшін анимациялық өтулерді, бейне, дыбыс және басқа да қүралдарды қолдану артық болмайды;

  • Кейбір жағдайларда, дайын материалды да ақылмен қолдануға болады, себебі: бейнені шығару және анимациялық клип жасау қиын, әрі кымбатқа түседі.

жүктеу 79,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау