IP адресациясы
Желілік деңгейдің басқа хаттамаларындағыдай біріккен желі арқылы IP диаграммаларының маршруттау процесіне қатысты IP адресациясының сызбанұсқасы интегралды болып келеді.
IP адресінің ұзындығы 2 немесе 3 бөлікке бөлінген 32 биттен тұрады.1-кестеде IP желілеріне арналған адрестердің форматтары көрсетілген.
Адрес екі логикалық бөліктен тұрады. Олар желі нөмірі және желідегі торап нөмірі.Ал қайсы бөлігі желі нөміріне, қайсы бөлігі торап нөміріне жатуы адрестің алғашқы биттерінің мәнімен анықталады.
Егер адрес 0-ден басталса, онда желі А класқа жатады және желі нөмірі 1 байт алады,ал басқа 3 байт желідегі торап нөмірі деп түсіндіріледі.А кластағы желілерде 1-ден 126-ға дейінгі диапазондағы нөмірлер бар. (0 нөмірі қолданылмайды, ал 127 нөмірі арнайы мақсаттарға сақталған, ол төменде айтылады). А класының желілеріндегі тораптар саны 216-дан көп, бірақ 224 аспауы керек.
А классы
|
0
|
Желі №
|
Торап №
|
В классы
|
10
|
Желі №
|
Торап №
|
С классы
|
110
|
Желі №
|
Торап №
|
D классы
|
1110
|
Multicast топтық адресі
|
E классы
|
11110
|
Сақталған
|
1-кесте. IP желілеріне арналған адрестердің форматтары
Егер адрестің алғашқы екі биті 10-ға тең болса,онда желі В класына жатады және торап саны 28-216 болатын орташа өлшемді желі болып саналады. В класының желілерінде желі адресі мен торап адресіне 16 биттен, яғни 2 байттан беріледі.
Егер адрес 110 тізбегінен басталса,онда желі С класына жатады, торап саны 2-ден аспайды. Желі адресіне 24 бит, торап адресіне 8 бит арналады.
Егер де адрес 1110 тізбегінен басталса, онда ол multicast деп аталатын ерекше топтық адресті білдіріп, D класты адреске жатады. Егер пакетте бағытталу адресі ретінде D класының адресі берілген болса,онда пакет осы адресті меншіктенген барлық тораптар алуы керек.
Егер адрес 11110 тізбегінен басталса, онда ол Е класының адресі және болашақта пайдалануға сақталған.
Келесі кестеде ір желілер класына сәйкес келетін адрестер диапазоны келтірілген.
-
Класс
|
Ең кіші адрес
|
Ең үлкен адрес
|
A
|
01.0.0.0
|
126.0.0.0
|
B
|
128.0.0.0
|
191.255.0.0
|
C
|
192.0.1.0
|
223.255.255.0
|
D
|
224.0.0.0
|
239.255.255.255
|
E
|
240.0.0.0
|
247.255.255.255
|
Арнайы адрестер туралы келісімдер: broadcast, multicast, loopback
Символдық адресті ІР-адресінде көрсету: DNS қызметі
DNS (Domain Name System) - бұл Internet желісінде түйінді идентификациялау үшін иерархиялық аттар жүйесін қолдайтын бөлінген мәлімет базасы. DNS қызметі түйіннің белгілі символдық аты бойынша IР-адресті автомтты түрде іздеуге арналған. DNS IР-адресті компьютердің адресін көрсететін кестелердің статистикалық конфигурациясын талап етеді.
DNS хаттамасы қолданбалы деңгейдегі қызметтік хаттама болып табылады. Бұл хаттама симметриялы емес, онда DNS -серверлері мен DNS-клиенттері анықталған. DNS -серверлері символдық аттары мен IР-адресінің сәйкестігі жөніндегі бөлінген мәлімет базасының бір бөлігін сақтайды. Бұл мәлімет базасы Internet желісінің административті доменалары бойынша бөлінген. DNS серверінің клиенттері DNS серверінің IP адресін, өз административті доменін біледі және IP хаттамасы бойынша сұраныс жібереді, бұл сұраныста белгілі символдық атты хабарлайды және оған IР -адресті қайтаруды сұрайды.
Егерде сұралған сәйкестік DNS-серверінің мәлімет базасында сақталған болса, ол жауапты клиентке дереу жібереді, ал жоқ болса, онда ол сұранысты басқа доменді DNS серверге жібереді, ол өзі сұранысын өндей алады, немесе басқа DNS -cepвepгe жібереді. Барлық DNS -серверлер Internet желісінің домендерінің иерархиясьша сәйкес иерархиялы түрде біріктірілген. Клиент керекті көрсетулерді таппағанша барлық аттар серверін сұрайды. Сұраныс бойынша берілген ақпаратты аттар серверлері ылғи да кэштайтындықтан бұл процесс тездетіледі. Клиенттік компьютер өз жұмысында бірнеше DNS -серверлердің IР-адресін қолданыла алады, бұл олардың жұмысының сенімділігін артады.
DNS мәлімет базасы әр доменде (ағаш түйіні) аты бар және поддоменді ұстай алатын ағаш құрылымына ие аттардың домендік кеңістігі деп аталады. Доменнің аты осы мәлімет базасында оның туған доменіне байланысты жағдайын идентификациялайды, және де аттарындағы нүкте доменнің түйініне сәйкес бөліктерді беледі.
DNS мәлімет базасының түбірі INIC (Internet Network Information Center) орталығымен басқарылады. Жоғары деңгейдің домені әр елге бөлек беріледі, сонымен қатар ұйымдастырушылық деңгейде белгіленеді. Елдерді белгілеуде 3 әріпті және 2 әріпті аббревиатуралар қолданылады, ал түрлі ұйымдастырушылық типтерге келесі аббревиатуралар қолданылады:
com — коммерциялық ұйымдар;
edu - білімдік;
gov — үкіметтік ұйымдар;
org — коммерциялық емес ұйымдар;
net — желіні қолдайтын ұйымдар.
Әр DNS домені бөлек ұйыммен администрацияланады, әдетге ол өз доменін поддоменге бөліп, бұл поддомендерді администрациялау функцкясын басқа ұйымдарға береді. Әр домен ерекше атқа ие, ал әр бір поддомен өзінің доменінің ішінде ерекше атқа ие. Доменнің аты 63 символға дейін бола алады. Internet желісінде әр бір хост өз толық доменді атымен анықталады. Ол FQDN (fully qualified domain name) бағыты хостан түбірге дейінгі барлық домендердің атын қосады. Толық DNS -атының мысалы: citint.dol.ru
Internet-тің маршрутизациясы
Дәстүрлі түрде Internet желісінде маршрутизация құрылғысын шлюз дейді, бірақ бұл сәтсіз термин, өйткені күнделікті желілер индустриясында бұл терминнен басқа функционалдық мүмкіндіктері бар құрылғыны атайды. Шлюздер (осы сәттен бастап біз оны роутер деп атаймыз) Internet желісінде иерархиялық принципке сәйкес ұйымдастырылған, Кейбір роутерлер бірдей администртивтік басшылықта және басқаруда болып отырған белгілі бір нақты желілер тобы арқылы ақпаратты ауыстыруда колданылады. Мұндай объектілерді автономды жүйе деп атайды (autonoumus system). Автономды жүйе қарамағындағы ақпаратты алмастыруда қолданатын роутерлер ішкі роутерлер (interior routers) деп аталады. Олар осы амалды орындауда түрлі ішкі хаттамаларды (interior gate way Protocol-IGP) қолданады. Ақпаратты автономды жүйелер арасында тасымалдайтын роутерлерді, сыртқы роутерлер (exterior routers) деп атайды. Ол үшін олар сыртқы роутерлер хаттамаларын қолданады. 1‑суретте Internet архитектурасы көрсетілген.
1-сурет. Internet архитектурасы
IP маршрутизацияның хаттамалары динамикалық хаттамалар. Динамикалық маршрутизация (dynamic routing) кезінде маршруттар жайлы сұраулар белгілі бір уақыт интервалы арқылы құрылғылардың программалық қамтамасыз етуімен саналу керек. Бұл процесс белгілі бір уақыт интервалы арқылы жүргізіледі. Бұл процесс желісі администратормен қойылған және де желі администраторы өзі ауыстырмағанша ауыспайтын статикалық маршрутизацияға (static routing) қарсы процесс.
IP маршрутизациясы біріккен желілер арқылы IP дейтаграммасының қозғалуының мінезін анықтайды. Сапар басында бүкіл маршрут белгісіз. Оның орнына әрбір аялдамада, дейтаграммада бар тағайындалу пункті ағымдағы түйіннің маршруттық кестесімен сәйкестіріліп, келесі тағайындалу пункті есептелінеді.
Бекіту сұрақтары
Компьютерлік желі дегеніміз не?
Компьютерлік желінің қандай түрлері бар?
Локальді және аймақтық бөлшектенген желілер дегеніміз не? Олардың айырмашылықтары неде?
Телекоммуникациялық есептеуіш желілер дегеніміз не?
Жергілікті желі дегеніміз не?
Оның жұмыс істеу принциптері қандай?
Негізгі желілік топологияларды атаңыз?
Кабельдердің түрлері қандай? Олардың айырмашылықтары мен артықшылықтары неде?
Желіні физикалық құру дегеніміз не?
Желіні логикалық құру дегеніміз не?
Internet дегеніміз не?
Internet хаттамалары дегеніміз не?
IP адресациясы дегеніміз не?
IP маршрутизациясы дегеніміз не?
Дәріс 14. Электронды үкімет.
http:// www.e.gov.kz
Электрондық үкімет – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кең қолдану жолымен азаматтарға және ұйымдарға қызметтерді ұсынуға максималды бағытталған, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу.
«Электрондық үкімет енгізу – бұл мемлекеттік басқарудың тиімділігін жоғарлатуға бағытталған әкімшілік реформаның маңызды элементі. Біріншіден, ол мемлекеттік процедуралардың тұнықтығын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге мүмкіндік туғызады. Екіншіден, мемлекеттік аппаратты ұстау бойынша мемлекеттік шығындарды қысқартады және бір уақытта мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жоғарлатады. Үшіншіден қызметінің кәсіпкерлігі мен ПҚК жақсартады. Төртіншіден, мынадай салықтарды төлеу, әртүрлі құжаттарды ресімдеу және алу сияқты процедураларға көп уақыт кетірмеуге мүмкіндік береді...»
Нұрсұлтан Назарбаев
Электрондық үкімет (е-үкімет) – халықтың ел үкіметімен тікелей байланысын қамтамасыз ететін жүйе. Бұл – қызмет көрсету, азаматтардың саясатқа араласуы және басқару үрдістерін ішкі және сыртқы қарым-қатынастарды техникалық құралдардың, Internet-тің, қазіргі заманғы БАҚ көмегімен өзгерту арқылы үздіксіз оңтайландыру. ҚР Электрондық үкіметі веб-порталы – www.e.gov.kz. мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» принципімен ұсыну тұжырымдамасын жүзеге асырудың тәжірибелік механизмі болып табылады. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Электронды үкіметті қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қазақстанда Электрондық үкіметті енгізу жұмыстары халықтың мемлекеттік органдарға жүгінуін оңайлату, мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға көрсететін қызметтері сапасын жақсарту және мерзімін қысқарту, мемлекеттік органдар қызметі бойынша дерек қорларына қатынасуды қамтамасыз ету және келешекте әкімшілік жүйе жетістіктерін есепке ала отырып, құрамы жағынан оңтайлы да тиімді мемлекеттік аппарат жасауға бағытталған.
Электрондық үкімет азаматтарға мемлекетпен қарым-қатынас жасауды және мемлекеттік қызметтерге қатынауды орналасқан орны мен жыл мезгіліне тәуелсіз, тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн бойы қамтамасыз етіп отыруы тиіс. Мемлекеттік мекемелер көрсететін барлық қызметтердің тізімі мен сипаттамасы, нормативтік-құқықтық ақпарат, азаматтардың билікпен, түрлі әлеуметтік қызметтермен, комитеттермен және ведомстволармен ашық та тура сұхбаты кез келген уақытта бәріне де, әркімге де ашық болуы тиіс. www.e.gov.kz. Веб-порталының пайдаланушылары екі категорияға бөлінеді: пайдаланушылар және тіркелген пайдаланушылар. Пайдаланушылар веб-порталдың барлық беттерін қарап шыға алады, бірақ жеке беттерге қатынаса алмайды.
Жеке беттерге қатынау мүмкіндігіне ие болу үшін веб-порталда тіркелу қажет. Жеке бет азаматтарға электрондық пошта, күнтізбелік жоспарлау, жөнелтімдер, қатынас құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕҢСІЗДІКТІ ТӨМЕНДЕТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Ақпараттық теңсіздік» - бұл халықтың әртүрлі топтар және қабаттарында ақпаратқа тең рұқсат мүмкіндігінің жоқтығын анықтайтыны түсінікті.
Ақпараттық технологияны дамыту адамдарға зор артықшылық береді. Бұл бағыттың негізігі мақсаты, Қазақстанда компьютерлік технология саласында халықтың сауаттылық үлесін арттырудан тұрады.
Қазақстан Республикасында «ақпараттық теңсіздікті» игеру мақсатында 2006 жылдың 13-қазанынан № 995 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы» (әрі қарай Бағдарлама) жасалған.
Бағдарлама мақсаты: 2009 жылға дейін Интернет торабындағы халықтар мен пайдаланушылардың компьютерлік сауаттылық деңгейін 20-%-ке жеткізу.
Бағдарлама міндеті: Қазақтанның халқына күнделікті өмірде Интернет торабын 20%-тен кем емес тиімді пайдалану үшін ыңғайлы шарт құру, Қазақстан халқының өмірінде ақпараттық ресурстардың әлеуметтік және экономикалық маңыздылығын арттыру.
Бағдармалама бағыттары:
Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшін оқытушыларды дайындау.
Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту процесін дистанциялық және күндізгі оқыту формалары бойынша әдістемелік қамтамасыз ету.
Халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру.
Интернетке кіру рұқсатымен тарифін төмендету және халықты арзан компьютерлік техника бағасы бойынша қамтамасыз ету.
Отандық АТ-мамандарын дайындау.
Индустрия және сауда, денсаулық сақтау, білім, мәдениет салаларында ақпараттық-танымдық веб-порталдар құру.
Бағдарлама құзіретінде «Компьютерлік сауаттылық» курс бағдарламасы бойынша компьютерлік сауаттылыққа оқыту ұйымдастыру жоспарлануда.
Дәріс 15
Модельдерді тұрғызудың негізгі этаптары
Мақсаты: Модельдер түсінігін қалыптастыру және олардың түрлерімен танысу.
Модельдер туралы түсінік;
Модельдеу. Модельдеу түсінігі;
Модельдеу тану әдісінің бір түрі;
Модельдеудің классификациясы;
Модель түрлері;
Модельдерді тұрғызудың негізгі этаптары.
Адамзат ертеден-ақ; объектілерді, процестерді, әр түрлі саладағы кұбылыстарды зерттеу барысында модельдеу (қасиеттері ұқсас шағын үлгісін, баламасын салу) тәсілін қолданып келеді. Осы зерттеулердің нәтижелері нақты объектілер мен процестердің қасиеттерін анықтауда, құбылыстардың болу себептерін ашуда, жаңа объектілерді кұрастыру мен ескілерін талдауда т.б. маңызды орын алады. Модельдеу — адамның өз іс-әрекетін алдын ала жоспарлап, дұрыс шешім қабылдауына әсер етеді.
Адам қолымен жасалған абстрактылы немесе материалды объектілер модель бола алады. Модельді талдау нәтижесінде нақты күрделі объектіні тереңірек білуге мүмкіндік туады. Мұндағы шын мәніндегі нағыз табиғи объект, яғни нақты объект прототип немесе түпнұсқа (оригинал) деп аталады.
Модель дегеніміз — нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу — объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.
Түпнұсқаның өзін зерттемей оның моделін кұрудың қандай пайдасы бар деген заңды сұрақ туындайды. Біріншіден, модельдеу арқылы шын мәнінде жоқ немесе бұрын болып жойылып кеткен объектіні зерттеуге болады. Модельдеу үшін уақыт ешқандай кедергі келтірмейді. Белгілі деректерге сүйене отырып, гипотеза немесе ұқсастық әдісімен өте ерте замандағы жағдайлар мен табиғи апаттарды модельдеуге болады. Екіншіден, түпнұсқаның қасиеті мен өзара әсері орасан зор болуы мүмкін. Кейбір жағдайда адамды қызықтыратын объектінің бір қасиетін зерттеу үшін, оның бірқатар қасиетін ескермей жасаған модельдер түпнұскаға қарағанда оның қасиетін зерттеуде тиімдірек болады.
Объектілердің модельдері ретінде әдеби шығармалар немесе архитектуралық ғимараттың кішірейтілген көшірмесі, мектептегі оқу кұралдары т.б алынуы мүмкін. Модель сутегі атомы, күн жүйесіндегі планеталар, елдегі парламент, үкімет құрылымы т.б. нақты өмірде бар дүниені бейнелеуі мүмкін. Бірақ модель ретінде нақты бір заттың абстрактылы қорытындысын көрсетуге болады. Киім үлгісін насихаттайтын модель жеке ерекшеліктері немесе кемшіліктері бар нақты адамды емес, бір стандарттағы идеал адам бейнесін елестетеді.
Табиғат апаттарын алдын ала болжау мақсатында, тірі табиғат құбылыстарын зерттеу үшін олардың модельдері жасалады. Орыс ғалымы және Ломоносовтын досы — академик Георг Рихман XVIII ғасырдың басында магниттік және электр күштерінің табиғатын зерттеу үшін, болашақта пайдалану мақсатында олардың модельдерін жасады. География пәнінде табиғат құбылыстарын оқу барысында нақты бір жағдайға емес (сел, дауыл, жер сілкінісі), олардың адамға тигізген зардабына ғана тоқталамыз.
Жоғарыда келтірілген мысалдарда модельдің прототипі ретінде ортақ қасиеті бар құбылыстар немесе объектілер тобы алынып отыр. Объектілердің немесе құбылыстардың моделінде түпнұсканың қасиеттері, яғни олардың сипаттамалары мен параметрлері бейнеленеді.
Процестердің де моделін құруға, яғни материалдық объектімен жасалатын іс-әрекеттерді модельдеуге болады. Оған мысал ретінде экономикалық немесе экологиялық процестерді, әлем немесе қоғам дамуын айтуға болады.
Әрбір адамның күнделікті іс-әрекетінде белгілі бір мәселені шешу немесе кез келген жұмыс орындалмас бұрын оның санасында алдын ала оның орындалу моделі жасалады. Мысалы, жолдан өту немесе дүкенге бару, сабақ оқу т.б. әрекеттерді орындау алдыңда өз ойымызша жолдан қалай өту, қандай жолмен бару, қай сабақтан бастап дайындалу сияқты іс-әрекеттер тізбегінің моделі жасалады.
Модель — көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақытта біздің ойымызда бейнеленетін прототип пайда болғанға дейін жасалады.
Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі модель жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.
Мысалы, жуық арада басқа қалаға қыдырып баратын болдық делік. Ол қала туралы өзіміз білетін мәліметтерді жинақтап, ойымызды қорытып, қиялымызда сол қаланың моделін жасай бастаймыз. Мұндағы мақсатымыз — басқа қаламен танысу. Қаланы аралап келгеннен соң, толық мәлімет алғандықтан, ойымыздағы модель өзгеруі мүмкін. Ал сол қаланың сәулетші жасаған моделі мүлде өзгеше болады. Өйткені, онын мақсаты — үйлер мен ғимараттардың үйлесімді орналасуы, құрылысы және оларды кәркейтіп қайта жаңарту болып табылады.
Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді:
Қолданылу аймағы.
Модельде уақыт факторын ескеру.
Білім саласына қарай топтау.
Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.
Қолданылу аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында оқу, тәжірибелік, ғылыми-техникалық, ойын, имитациялық (1-сурет) тәрізді топтарға жіктеледі.
1-сурет. Модельдердін колданылу саласына катысты жіктелуі
Оқу моделі — көрнекі оқу құралы, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.
Тәжірибелік модель—жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады. Бұл модельдер — объектіні зерттеу, қасиеттерін болжау мақсатында қолданылады. Мысалы, үлкен теңіз кемесінің моделін алдын ала бассейнге жіберіп, оның тез қозғалған кездегі ауытқуын, шайқалу кезіндегі ұстамдылығын анықтайды т.б.
Ғылыми-техникалық модельдер—процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады. Оған мысал ретінде электрондардың жылдамдығын үдеткіш — синхротрон, найзағайдың разрядын бақылаушы кұрал және теледидар тексеруге арналған стендтерді айтуға болады.
Ойын модельдеріне — әскери, экономикалық, спорттың ойындар жатады. Бұл модельдер әр түрлі жағдайда объектіні бақылауға жаттықтырады. Сондай-ақ қарсыласы немесе одақтасы тарапынан болатын іс-әрекетке қарай алдын алу шараларын анықтауға көмектеседі. Ойын модельдері адамдарға әр түрлі жағдайда психологиялық көмек көрсетеді.
Имитациялық модель — шын мәніндегі нақты объектіні өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Тәжірибе нақты объектіні зерттеу, бағалау мақсатында бірнеше рет кайталанады немесе бір мезгілде әр түрлі жағдайда бірнеше ұқсас объектілермен қатар жүргізіледі. Дұрыс шешім таңдаудың мұндай тәсілі байқау және қатенің әдісі деп аталады. Мысалы, жаңа дәрілердің әсері мен қабылдау мөлшерін бекіту үшін оны алдымен тышқандарға беріп, тәжірибе жасайды.
Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.
Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. Мысалы, тіс емханасында дәл сол уақыт мезетіндегі окушылардың тістерінің жағдайы туралы мәлімет береді: бастауыш сыныптағылардың сүт тісі, орта және жоғары буын оқушыларының емделген, емделуге тиісті тістерінін саны т.б.
Динамикалық модель — уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. Мысалы, жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасын динамикалық модель деп айтуға болады. Өйткені, осы кітапша бойынша жыл сайын олардың денсаулығындағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мүмкіндігі бар.
Үй салу кезінде оның іргетасының кабырғалары мен тіреулерінің үнемі түсіп тұратын күшке шыдамдылығын тексеру керек. Бұл — үйдің статистикалық моделі. Сондай-ақ дауылға, жер сілкінісіне т.б. уақыт факторына байланысты болатын өзгерістерді де ескеру қажет. Бұл мәселелерді динамикалық модельге сүйене отырып анықтауға болады. Жоғарыдағы мысалдардан байқағанымыздай бір объектіні статистикалық және динамикалық модельдерді пайдалана отырып, зерттеу мүмкіндігі бар.
Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай топтау.
Модель көрсетілу әдісіне қарай материалдық және ақпараттық болып үлкен екі топқа жіктеледі (2-сурет).
2-сурет. Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай топтау
Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға да болады. Олар түпнұсканың геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдың модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады. Ойыншықтар көмегімен кішкене кезінен бала қоршаған орта жөнінде түсінік ала бастайды. Мысалы, кішкене жұмсақ жолбарыс ойыншығымен ойнаған бала, зоопаркте оны бірден таниды. Сондай-ақ материалдық модельге биология кабинетіндегі құстар сұлбасы, тарих және география пәндеріндегі пайдаланылатын карталар, күн жүйесіндегі планеталардың схемалары, жер серігінің макеттері т.б. мысал бола алады. Мектептегі оку құралдарымен бірге физикалық және химиялық тәжірибелер де материалдық модель болады. Бұл тәжірибелер процестерді модельдейді. Сутегі мен оттегінің арасындағы реакцияны көрсету тәжірибесі арқылы процесті бақылай аламыз. Материалдық модель объектіні, процесті, құбылысты материалдық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық модельді колмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана кұрылады. Мұндай модельдер коршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық модель дегеніміз — объектінің, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.
Объекіні немесе процесті сипаттайтын ақпарат әр түрлі көлемде, көрсету тәсілі түрліше және әр түрлі кұралдармен берілуі мүмкін. Әр адамның мүмкіндігі мен қиялы әр қилы болғандықтан алуан түрлілікке қойылар шек жоқ.
Ақпараттық модельге вербальдік (ағылшын тілінен аударғанда ауызша) модель жатады. Бұл модель ойлау мен оның қорытындысы нәтижесінде алынады. Вербальдік модель ойда қалуы немесе сөзбен жеткізілуі мүмкін. Мұндай модельге жолдан өту кезіндегі біздің тәртібімізді жатқызуға болады. Адам жолдағы жағдайға талдау жасайды, бағдаршамға қарап немесе көліктің қандай жылдамдықпен келе жатқандығын бағдарлап жолдан өтуді алдын ала ойша жоспарлайды. Егер осы жоспар, яғни модель дұрыс құрылса, жолдан сәтті өтеді, ал дұрыс құрылмаса, оқыс жағдай болуы мүмкін. Сондай-ақ осындай модельге ақынның ойындағы өлең жолдарын, сазгердің әуенін т.б. мысал ретінде келтіруге болады.
Вербальдік модель дегеніміз — ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.
Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.
Таңбалық модельдерге сурет, мәтін, график, схемалар мысал бола алады. Вербальдік және танбалық модельдер бір-бірімен өте тығыз байланысты. Адамның ойындағы вербальдік модель әр түрлі таңба арқылы көрсетілуі мүмкін. Керісінше, таңбалық модель арқылы шын мәніндегі модельді жинақтап, ойша оның дұрыс моделін құруға болады.
Мысалы, өзіміз білетін аңызда Ньютонның басына құлап түскен алма оған Жердің тартылыс күші жөнінде ой салды. Осы ой занды таңбалар арқылы қорытып жазуға мүмкіндік берді.
Физикалық құбылыстың болу заңдылығын түсіндіретін мәтінді оқыған соң, адамда ойша оның бейнесі жинақталады. Осылайша бейне нақты құбылысты тануға әсерін тигізеді.
Көрсету түріне қарай ақпараттық модельді мынадай топтарға жіктеуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |