М.Ғабдуллин ғылыми-зерттеу саласында көп еңбек етті. "Қазақ халқының ауыз әдебиеті" (1958, 1964) атты күрделі монографиялық еңбегінде Ғабдуллин ауыз әдебиетін зерттеудің ғылыми-методологиялық негіздерін айқындап, қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, лиро-эпостық дастандар, айтыс өлеңдері, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер туралы жан-жақты терең ғылыми талдаулар жасады, олардың ғылымдық, тәлім-тәрбиелік мәнін ашып көрсетті. Бұл еңбек жоғары оқу орындарына арналған оқулық ретінде бірнеше рет қайта басылып шықты. Ол 8-сыныпқа арналған "Қазақ әдебиеті" оқулығын (1952-1957) жазды. М.Ғабдуллиннің көркем шығармадағы тырнақ алды туындылары дивизиялық, майдандық газеттерде жарық көрді. Шығармалары жеке жинақ болып, соғыстан кейін жарияланды. "Менің майдандас достарым" (1947), "Алтын жұлдыз" (1948), "Майдан очерктері" (1949), "Сұрапыл жылдар" (1971) атты кітаптарына енген әңгіме, очерктерінде М.Ғабдуллин майдан өмірін суреттеп, жауынгер тұлғасын, кеңес өкіметінің адамдарының Ұлы Отан соғысы кезіндегі қаһармандық бейнесін суреттеді. Педагог-жазушы ретінде ол жас ұрпақтың тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлді. "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" (1966) деген кітабында М.Ғабдуллин бесік жырынан бастап, батырлар жырына дейінгі халық поэзиясының тәрбиелік мәнін ашып, оны іс жүзінде пайдаланудың тәсілдерін көрсетеді. Сонымен бірге балаларды патриотизмге, шыншылдыққа тәрбиелеу, олардың болашаққа сенімін арттыру, жас баланы дұрыс сөйлеуге үйрету жөнінде ата-аналарға педагогтық кеңес береді.
Қызметтері
М.Ғабдуллин ӀӀ-ӀV сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. КСРО Жоғарғы Кеңесінің парламенттік тобының құрамында Финляндияда (1953), Бельгияда (1957), Югославияда (1957) болды. Ғабдуллин еңбекшілер депутаттарының Алматы облыстық, қалалық Кеңестерінің депутаттығына, Қазақстан КП Алматы облыстық, қалалық, Фрунзе аудандық комитеттерінің мүшелігіне бірнеше рет сайланды. Ленин ордені, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жүлдыз, Ұлы Отан соғысы ордендерімен наградталған. "Қазақ халқының батырлар жыры" кітабы авторларының бірі.[1]
Шығармалары: Менің майдандас достарым, А., 1947; Алтын жұлдыз, А., 1948; Майдан очерктері, А., 1949;Проблема народности қазахского героического эпоса, А., 1953.Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1958;Майдан очерктері, А., 1959;Ел намысы - ер намысы, А., 1966;Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес, А., 1966;Сұрапыл жылдар. А., 1972;Қазақ эпосы, А., 1971;Менің майдандас достарым, А., 1985.
«Майдан очерктері», «Сұрапыл жылдар», «Менің майдандас достарым» атты кітаптарын оқи отырып, ол кісі басқарған ротаның қан майдандағы шешуші нүкте Дубосеково сияқты басқа да маңызды бекеттерді қорғауда қандай жанқиярлық ерліктерге барғандарын мектеп қабырғасынан оқып өскенбіз.аспирант Ғабдуллин екінші дүние жүзілік соғысқа дейінгі ғылыми ізденістері барысында «Қобыланды батыр» жырын ғылыми зерттеу проблемалары» деген тақырыпта едәуір ізденістер жүргізген екен.
Алайда соғыс киіп кетіп, ниет еткен бұл халықтық ісін едәуір жылдарға шегере тұруына тура келген еді. Соғыс аяқталғаннан екі жыл кейін, яғни 1947 жылы аталған тақырыбын одан әрі түбегейлі зерттей түсіп, ғылыми диссертациясын қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын иеленген болатын.Арада тағы біраз жылдар өткенде қазақ ауыз әдебиетін зерттеушілер үшін оның ғылыми-методологиялық шарттарын қалыптастыруға айрықша үлесін қосқан екен. Сонымен бірге «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» деген қомақты дүние жазып, онда ауыз әдебиеті үлгілерін бала тәрбиесінде қалай тиімді пайдалануға болады деген өзекті мәселені қозғаған болатын.Ол кісі жайлы ғылыми анықтамалықта былай делінген: «1959 жылы оған филология ғылымдарының докторы атағы берілді. 1967 жылы КСРО Педагогика ғылымдары Академиясының толық мүшесі, академигі болып сайланды. 1963 жылдан 1973 жылға дейін М.Ғабдуллин ҚазССР Ғылым Академиясы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында фольклор бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. М.Ғабдуллиннің әдеби қызметі 1938 жылдан басталды. Оның қазақ фольклоры мен әдебиеті туралы жазған 100-ден астам мақалалары республикамыздың газет, журналдарында жарияланды. Ол ҚазССР Ғылым Академиясының қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген көптомдық “Қазақ әдебиетінің тарихы” кітабының негізгі авторларының бірі. Қазақ мектептерінің 8-сыныбына арналған «Қазақ әдебиеті», Педагогика институты студенттеріне арналған «Қазақ фольклоры», «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес», «Фольклор және әдебиет», еңбектерінің авторы. Т.Сыдықовпен бірігіп «Қазақ халқының батырлық жыры» монографиясын, көрнекті қазақ жазушыларының шығармашылығы туралы бірнеше сын мақалаларын, мектеп жұмыстары жөнінде ағарту зерттеулерін жазды. М.Ғабдуллин қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Ол үш мәрте (1946-1958жж.) КСРО Жоғары Кеңесіне депутат болып сайланды. М.Ғабдуллиннің еңбегін жоғары бағалап, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады. Оған 1961-жылы ҚазКСР-не еңбегі сіңген қоғам қайраткері атағы берілді».
Мәлік Ғабдуллин туралы Борис Полевой «Елдің Ері» деген көркем очерк жазған. Очеркте бір жауынгер ән айтып отырады. Ол ән батыр Мәлік туралы екен. «- Мұның кім жайында өлең айтып отырғанын білесіз бе? Ол, жақында ғана біздің батальонға келіп, жауынгерлермен әңгімелесіп кеткен Мәлік Ғабдуллинді жырлап отыр, - деп, лейтенант Плимов бізге өлеңінің жайын түсіндірді:
– Ол, Мәлік – батыр, әрі күшті, әрі ержүрек дейді. Қыр түлкісінен айлакер, ақ бөкендей саққұлақ, жау дүрсілін қырымнан біледі. Ақ тұйғындай қырағы, бұққан жауды қиядан көреді. Темірдей қатты білектері неміс төбеттерін қырудан қалжыраған емес: қанша қырса, сонша көбейе береді. Үрейі ұшқан немістер Мәлікті көрген жерден-ақ зыта бастайды.
1941 жылдың күзінде, немістердің октябрь ішінде Москваға жасаған шабуылында жас ғалым, дивизияның барлық жауынгерлерімен бірге астананың іргесін қорғады. Руза өзенінің жағасынан асығыста қазылған тоң қатқан сазды окоп Мәліктің бірінші өткен соғыстық мектебі болды.
Мәлікке оққа ұшқан взвод командирінің орнын басуға тура келді. Сол взвод ең бір қиынға түскен, арпалыстан көз ашырмаған сол қанатты қорғады. Берілген бұйрық: немістерді өзеннен өткізбеу, қанша сұрапыл айқас болса да табан жылжытпау, ақтық күш сарқылғанша тырп етпеу еді.
Мәліктің алғаш көрген соғысы тым-ақ сұрапыл болды. Дем алдырмай, көз аштырмай, мұрын сіңбіртпей, түтеген оқ бір тынбаған аяусыз айқас ұзақ күнге созылды. Немістің бір ротасы өзеннен өтпек болып күні бойы ентеледі. Немістердің әрбір атакасын тойтарған сайын жас ғалым өзінің командирлік міндетіне сенімді түрде кірісіп, бойы түгел үйрене берді. Оның тек 43 жауынгері қалған екен. Қазылған жыралар суға толып қалған екен. Азық таусылуға жақын.
Келер күн бойы взвод үздіксіз соғыста болды. Немістер өзеннің нақ жағасына әкеліп үш машина толы жаяу әскер түсірді. Бронебойщиктер оқтың астына алып, тоқтап үлгіргенше машиналарды өртеп те жіберді. Машиналардан қарғып түсе бастаған фашист әскерлерін пулеметчиктер баудай түсірді, енді немістер біздің взводты бір бүйірінен соқпаққа айналды. Мәлік взводы осы қоршауда тағы бір тәулік соғысты. Сухарь желініп болды. Темекі бітіп, жұрт балдыр тарта бастады. Соңғы оқтар да бітуге таянды. Взводта 23 қана жауынгер қалды. Мәлік бұл жерді тастап, жау қолын кесіп өтіп, өз бөліміне қосылуға бел байлады.
Мәлік взводын үш күн бойы ағаш ішімен жүргізіп отырды. Төрт күннен бері нәр татпаған аш адамдар жауынгерлік тәртіпті бір бұзбастан келе жатты.Пулеметтерді жаяу сүйретіп, жаралыларды плащ-палаткамен алысып жүрді.
Кешке қарай алдыңғы шолғыншылар – алдымызда немістер алған деревня бар деген хабар әкелді.отряд ағаш арасына тоқтады. Зерттеуге жіберілген сержант Коваленко төрт сағат жоқ болып кетіп, қайтып келіп,деревняда немістің штабы бар,қару-құралдың мол складтары бар; әлі бекінбеген, бірақ, қору мықты деген анық хабар айтты.
Мәлік қалаға шабуыл жасап, немістердің азық-түліктерін соғыспен тартып алуға байлам жасады.
Мәлік бел байлаған шабуыл жоспарында тездік пен айла отрядтың әлсіздігін түгел байқатпауға тиіс еді . таңертен отряд деревняны қоршап алып, барлық отыз екі пулеметтен оқты бұршақтай боратты. Содан кейін, немістерге ес жидырмай, «уралап» айғай сала ,жауынгерлер қаланың төрт жағынан бірдей қаптап , деревняға өздері ұмтылды. Соғыстың нәтижесін деревняның ортасында , көшеде болған қысқа ғана қол айқаста шешілді. Немістер өлгендерін де, азық- түліктерін де, қару жарақ складтарын да тастай қашты. Гитлердің 27 қанды балағы қолға түсті. Жеті күннен кейін немістердің майдан шебін бұзып-жара мәлік отряды өз дивизиясына қарай өтіп кетті . манағы отыз екі пулеметті отряд аман алып келді . жауынгерлердің көбі өз мылтықтарынан басқа, бір-бір неміс автоматтарын ала келіпті . он алты жаралы жауынгер көтеруде келді. Ақ көңіл, алып денелі Коваленко өз полкіне төрт жасар бала вованы ала келді, ол баланы мәлік екеуі немістер өртеп жіберген деревнядағы көп өліктің ішінен тауып алған еді. Мәлікті дивизия командирі генерал Панфиловтың өзінің көргісі келді. Сұңғақ бойлы, талдырмаш жаста Панфилоф ұзақ айналдырып қарады. Шынын айтқанда мәліктің денесіне соғыстық әскери киім әлі қона да қоймаған кезі еді.- мә, саған ғылым адамы! Жарайсың! Жаман солдат болмассың, - деді ол Мәлікке жарықшақты дауысымен.»
5-тақырып Ғ.Мүсірепов
Жоспар
1. «Ер ана», «Ақлима» әңгімелері
Ғ. Мүсірепов Ұлы Отан соғысы жылдарында да ана тақырыбына қайта оралып, екі әңгіме жазды. Оның бірі – «Ер ана» (1942). Онда жау уақытша басып алған селода ауру немересімен қалған Наталья ананың партизандар көмген минаны жарып, неміс офицерлері орналасқан мектеп үйін өртеп, ормандағы партизандарға қосылуы суреттеледі.Кішкентай қаладағы мектепте Натальяның немересі Лида ауырып жатады. Қыз жатқан соң қауіпсіз болар деп немістер де орналасады.
– Мына бір еврейдің құрт көзін ! – деген әмір берілгенде, ақ гипстен жасалған Пушкин мүсіні терезеден атып шықты.
Мұнда автор фашистердің еврейлерге деген өшпенділігін аңғартып отыр. Олар Натальяны түн ішінде немересімен далаға шығарып жібереді. «Наталья қарға кеудесінен кіріп отыра қалған Толстой мүсінін көрді. Қалың қабақтың астынан түйіле қараған шүңірек көздер әлденені айтып, әмір етіп тұрғандай, «Аннаны» бастарда жазған «егер кегім бір алынса!» деген сөздері еске түседі». Наталья бомба көмілген жерге от жағып, кетіп қалады. Бір кезде мектептің күлі көкке ұшқанын көреді.
Ал «Ақлима» (1944) әңгімесінде жалғыз ұлы соғыста ерлікпен өлген ананың майданнан мүгедек болып оралған Сапар деген жігітті асырап алып күтуі, оны өз баласы Қасымнан кем көрмеуі баяндалады.Ақлима баласы Қасымнан қара қағаз алған. Бірақ тағы бір хат келеді. Оны көрші қыз Нұрила оқып береді.Хат Сапар деген жігіттен екен. Оның шешесі Ақлима тұрып жатқан үйде бұрын тұрып, қайтыс болған. Баласы шешесінің қазасынан хабарсыз екен. Ол танк ішінде өртеніп, екі аяғынан айрылады. Мұрны да жасанды.Енді жасанды аяқ салғызғалы жатқанын жазады.Ақлима оны өз баласындай күтіп алуға бел байлайды. Жазушының айтпағы: соғыс талай ананы ұлынан айырды, сондықтан соғыс кезінде талай Ақлима мен Сапар секілділер «екі жарты бір бүтін» болып бірінің қайғысын бірі толтырған.
1945 жылы «Қазақ батыры» деген атпен повесі шықты. Кейін өңделіп, «Қазақ солдаты деген атпен шықты». Совет Одағының батыры Қайырғали Смағұлов бас кейіпкер Қайрош Сарталиевтің түп тұлғасы ретінде алынған.Жазушы өмірде нақты болған адамның өмір жолын тізбектеп жаза бермейді. Оларды суреткерлік елегінен өткізіп, оқиғаларды саралап, іріктеп береді.
6-тақырып Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» романы
Жоспар
Романның жазылу тарихы
«Шығанақ» романы
Жазушы романның арнайы тапсырмамен жазылғанын айтады.1941 жылы Ленинградты қорғаушыларға арналған азық-түлік эшелонын апарып тапсырушылардың ішінде С.Мұқанов болады. Ақтөбеде бұларға Шығанақ Берсиев қосылады. Екі айға созылған бұл сапарда С.Мұқанов Шығанақты әкесіндей жақсы көріп кетеді. Шығанақпен С.Мұқанов екінші рет Москва ауруханасында кездеседі. Сонда Ш.Берсиев жазушыға мынадай өтініш айтады: «Бірнеше жыл бағып өсірген шаруам бар еді, сол шаруа халықтың есінде сақталу үшін сипатталып жазылғаны мақұл болар еді. Осыны ұйымдастыруыңызды өтінем».
С.Мұқанов Москвадан Алматыға келгеннен кейін шығанақтың диқаншылық өмірі жайлы шығарма жазуды Ғ.Мұстафиннен өтінеді. Жазушы Шығанақты көре алмай қалады. Романға материал іздеп Ойылға барады. Жазушы атақты диқаншының шәкірттерімен, туыстарымен сөйлесіп, дән еккен алқаптарды аралайды.
«Шығанақ» романында екі жүйе бар. Оның бірі – колхоздан қашқан Олжабектің басынан өткен оқиғалар. Екіншісі Шығанақтың диқаншылық еңбектерімен сабақтасады. Шығанақ – романдағы басты тұлға. Жер жүзіне аты әйгілі тарихи адам. Тары өнімінен дүниежүзілік рекорд жасап, әлемді таң қалдырған. Романда Шығанақтың үй ішін қағыс қалдырмай, бар мәзірмен суреттеген. Обкомның секретары үйіне қонақ боп келгенде Шығанақтың екі әйелі бар екенін аңғарып қалады. М.Хасеновтің пікірінше, осы ескіліктің сарқыншағы жазушы тарапынан сынға ұшырамаған. Қайта бәйбіше, тоқалдың әзілдері жарасып, бірі үйде, бірі жұмыс басында жүреді.
7-тақырып. М.Әуезовтің «Абай» романы
Жоспар
Романның алғашқы кітабы 1938-1940 жылдары «Телқара» деген атпен қағазға түсті. «Оқудан қайтқанда», «Қат-қабатта» атты тараулары 1939 жылы баспасөзде жарияланды. Романға кірісер тұста Леонид Соболевпен бірігіп «Абай» трагедиясын жазды. 1940 жылдың күзінде «Телқара» атты бірінші кітап жазылып бітті. Әуелі араб әрпімен баспаға тапсырылып, кейін кирилл әрпіне түсірілген «Телқара» 1942 жылы шілде айында «Абай» деген атпен басылып шықты.Бейсенбай Кенжебаев баспа қызметкерлеріне құпиялап шығартады. «Абай» романы қызу талқыланды. Ғ.Мүсірепов «Абай» романы туралы деген мақаласында жұрттан өзгеше пікір айтты. Ол романдағы Қодар мен Қамқа оқиғасының кіргізілгенін құптамады. Құнанбайдай әкім, Абайдай ақын шыққан елге бұл оқиға мін деді. Талай елге аударылатын шығармада қазақ еліне сын болатын мұндай жайтты айтудың қажеті жоқ еді деді. Романды қазақтың елдігін танытатын шығарма деп өзінің әділ сыншы екенін танытты. Ол кезде елдік туралы сөз қозғаудың өзі қауіпті болатын.Романдағы бірнеше басты кейіпкерлерді бір-бір сөзбен бағалады. Мысалы, Сүйіндік жалтақ, Бөжей сыр бермес, Қаратай жеңген топтың қасында. Құнанбайдың шешендік сөздерін жетілдіру керектігін ұсынды. Басқа сыншылар айтқан Құнанбайдың Қодарды өлтіртудегі мақсаты оның қыстауын иемдену деген пікірге қарсы болды. Құнанбай көзі тірісінде Байсалдардың жерін тартып алды, сонда Құнанбайдың қорыққаны Қодар болып па деді. Абайдың Қуандық қызбен байланысын арзан мінезге балады.
З.Қабдолов өзінің «Менің Әуезовім» роман – эссесінің аяқталмай қалған екінші кітабында «Абай» романы туралы Қ.Сәтбаевтың пікірін келтіреді: «Абай» романы – аса көрнекті көркем шығарма ғана емес, бағалы ғылыми еңбек. «Абай» романына қалың оқырман ғана емес, әр саладағы ғалымдар да назар салмай өте алмайды. Ғалым-филолог одан фольклордың бай материалдарына қанығумен қоса, қазақ әдеби тілінің тууы мен қалыптасуын көреді. Ғалым-этнограф қазір көне заманмен қоса көнерген небір тұрмыстық бейнелер мен өмір құбылыстарын біледі. Құс салып саят құрған, қыз ұзатып, ас беруді, өлік жөнелтуді суреттейтін тараулар, билер айтысы мен билік шешкен қазылық көріністерінің әрқайсысы жеке-жеке ғылыми-этнографиялық толайым еңбектерге пара-пар. Ғалым-экономистер Қазақстанның 19 ғасырдағы халықтың мал шаруашылығы құрылысынан нақты мәлімет алады. Ғалым-юристер шариғаттан бастап, билер кесіміне шейінгі даланың заң жобаларынан бағалы мағлұматтар жинайды. Терең жазушының шебер қолынан шыққан «Абай» романының шын мәніндегі көркем энциклопедия екені осы ғой!» (З.Қабдолов. Дана дидар.59-б.)
1949 жылы 10 сәуірде Әуезовке екі томдық «Абай» романы үшін Бірінші дәрежелі Сталиндік сыйлық беріледі.Шетел әдебиеті мен әдеби сынында әділ пікірлер айтылып жатты. 1954 жылы «Абайды» неміс тілінде оқып, өз отандастарына насихат жүргізген неміс әдебиетшісі Альфред Курелла 1957 жылы неміс газетінде Әуезовтің шеберлігіне тамсанып мақала жазады.
Қабдоловтың «Менің Әуезовімде» «Абай» туралы, Құнанбай туралы орыс жазушысы Леоновтың мынадай сөздерін келтіреді: «Тірі пендеге бас имейтін тәкаппар Леонов өмір мен өнер туралы түгесілмес философиясын тек Әуезовпен ғана бөліспекке келеді.
Мұхтар Омарханович, Сіздің ақыл-ойыңызға, сыр-сезіміңізге суарылған Құнанбай бейнесіндей ғажайып бейне сізге дейін бүкіл әлем әдебиетінде жасалған жоқ, соны білесіз бе? Біз стандартқа айналдырған ұнамды кейіпкер, ұнамсыз кейіпкер дегендер бар, қалай ойлайсыз: Құнанбай ұнамды ма, ұнамсыз ба? Екеуінің шекарасын сіз қалай жойып жібердіңіз? Әлгі ұғымның адамдарында спектрдың екі-ақ түрі – ақ бояу, қара бояу ғана бар. Ал сіз басқа бояуларды қайдан тауып, қалай қосып жүрсіз? Құнанбайдың «адамның құны не болса, міні де – сол!» дегені қандай терең философия!» (сонда, 48-б.)
8-тақырып Соғыс кезіндегі драматургия
Жоспар
Соғыс кезіндегі пьесалардың тақырыптары
Халықтың майдан мен тылдағы екі жақты жұмысын суреттеуде драматургия да қызмет етті. Бұл тақырыптағы алғашқы шағын шығармалар колхоз, совхоз театрларында қойылды. Олардың ішінде Ш.Хұсайыновтың, Ә.Әбішевтің, Ғ.Мұстафиннің шағын пьесалары бар еді.М.Әуезовтің «Сын сағатта», М.Әуезов пен Ғ.Мүсіреповтің «Қынаптан қылыш», М.Әуезов пен Ә.Әбішевтің «Намыс гвардиясы», Ә.Тәжібаев пен Ш.Хұсайыновтың «Мәншүк» , С.Мұқановтың «Жеңіс жыры», «Гвардия, алға!», Ә.Әбішевтің «Қырағылық» сияқты пьесалары жазылды. Осы кезде туған пьесалар ішінде қазақ тарихының мәселелеріне арналған және фольклорлық сюжетке құрылған пьесалар да болды. М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыланды», Ш.Құсайыновтың «Амангелді», Ә.Тәжібаевтың «Жомарттың кілемі», «Біз де қазақпыз», Ш.Құсайынов пен Қ.Қуанышбаевтың «Алдар көсе» сияқты пьесалары ел қорғау, бостандық идеяларын ескі материалдармен жаңғыртты.
7 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны
1-тақырып. Соғыс кезіндегі поэзия
Жоспар
Соғыс кезіндегі ақындардың шығармалары
Тапсырмалар:
Ақындардың соғыс тақырыбындағы өлеңдеріне талдау жасау
Әдебиет:
1 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1998
2 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы, 2002
2-тақырып Баубек Бұлқышев
Жоспар
1. Шығармалары
Тапсырмалар
Бұлқышевтің «Шығыс ұлына хат, «Жауыздық пен махаббат», «Мен өмір сүргім келеді», «Өмір мен өлім туралы», «Тыңда, Кавказ» очерктеріндегі ерлік пен жауынгер арманы
Әдебиет:
1 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1998
2 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы, 2002
3-тақырып Жұмағали Сайн
Жоспар
«Есімде Айдар өзені», «Ұрыстан кейін», «Днепрге қарады» өлеңдері
Тапсырмалар
«Есімде Айдар өзені», «Ұрыстан кейін», «Днепрге қарады» өлеңдеріне талдау жасау.
Жұмағали Сайн ақындығы туралы зерттеулерге щолу жасау (конспект)
Әдебиет:
1 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1998
2 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы, 2002
4-тақырып Мәлік Ғабдуллин
Жоспар
«Менің майдандас достарым» очерктері
«Алтын жұлдыз» кітабы
Тапсырма
«Менің майдандас достарым» очерктерін оқып, талдау жасау
«Алтын жұлдыз» кітабындағы Бауыржан Момышұлы туралы әңгімелерді оқып, Бауыржан бейнесіне тоқталыңдар.
Әдебиет:
М.Ғабдуллин. «Алтын жұлдыз», Алматы
5-тақырып Ғ.Мүсіреповтің әңгімелері
Жоспар
«Ер ана» әңгімесі
«Ақлима» әңгімесі
Тапсырма
«Ер ана» әңгімесіндегі Наталья бейнесін ашыңдар
«Ер ана» әңгімесіндегі детальдарға көңіл бөліңдер
«Ақлима» әңгімесіндегі Ақлима бейнесіне тоқталыңдар.
Әдебиет:
1 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1998
2 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы, 2002
6-тақырып. Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» романы
Жоспар
Романның жазылу тарихы
Романдағы Шығанақ, Олжабек бейнелері
Романның көркемдік ерекшеліктері
Тапсырма
Романдағы Шығанақ бейнесін ашатын үзінділер келтіріңдер.
Роман туралы ғалымдар пікірлерін келтіріңдер
Романның көркемдік ерекшеліктеріне мысалдар келтіріңдер, романға бүгінгі көзқарас
Әдебиет:
1 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1998
2 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы, 2002
7-тақырып. М.Әуезовтің «Абай» романы
Жоспар
«Абай романы» туралы пікірлер
«Абай» романындағы Құнанбай, Абай бейнелері
Романдағы жазушының сөз қолданысы
Тапсырма
1 Ғ.Мүсіреповтің «Абай» романы туралы атты мақаласын оқыңдар (Суреткер парызы кітабы)
«Абай» романындағы Құнанбай бейнесін ашатын мысалдар келтіріңдер
Абай бейнесіне мысалдар келтіріңдер
Романдағы жазушының сөз қолданысындағы шеберлікке мысалдар келтіріңдер
8-тақырып. Соғыс кезіндегі драматургия
Жоспар
1 М.Әуезовтің «Қынаптан қылыш» пьесасы
2 М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесасы
Тапсырма
1 М.Әуезовтің «Қынаптан қылыш» пьесасындағы кейіпкерлерге талдау жасаңдар.
2 М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесасындағы кейіпкерлерге талдау жасаңдар
Әдебиет:
1 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1998
2 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы, 2002
8 СӨЖ тапсырмалары
Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар
А.Бектің «Волокаламск тас жолы» повесі
Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі
Бауыржан Момышұлы туралы «Легендарный батыр» кітабы
Қ.Қайсеновтің «Партизан соқпағы» кітабы
9 Реферат тақырыптары.
Соғыс кезіндегі қазақ поэзиясы
Ж.Сайн поэзиясы
М.Ғабдуллиннің очерктері
Б.Момышұлы туралы естеліктер
Соғыс кезіндегі драматургия
10 СОӨЖ кеңестерінің кестесі
№
|
Сабақ түрлері
|
дүйсенбі
|
сейсенбі
|
сәрсенбі
|
бейсенбі
|
жұма
|
сенбі
|
1.
|
Дәріс бойынша кеңестер
|
|
|
10.00
11.00
|
|
|
|
2.
|
Тәжірибелік сабақтар бойынша кеңестер
|
|
|
|
11.00
12.00
|
|
|
3.
|
СӨЖ бойынша кеңестер
|
|
11.00
12.00
|
|
|
10.00
11.00
|
|
4.
|
Реферат бойынша кеңестер
|
|
|
|
|
|
|
5.
|
Тест сұрақтары бойынша кеңестер
|
|
|
|
|
11.00
12.00
|
|
11 Пән бойынша тапсырманы орындау және тапсыру кестесі
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырманың мазмұны, мақсаты, тақырыбы
|
Қолданылатын әдебиет
|
Орындалу ұзақтығы
|
Бақылау түрі
|
Бақылауды тапсыру мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Реферат
|
Соғыс кезіндегі қазақ поэзиясы
|
|
3 апта
|
Реферат-ты қорғау
|
3- апта
|
2
|
Тезис
|
М.Ғабдуллиннің очерктері
|
|
2 апта
|
Тезисті конспектілеп, қорғау
|
4- апта
|
3
|
Конспект
(күрделі түрі)
|
Ж.Сайн шығармашылығы
|
|
|
Күрделі конспект жазу
|
5-7 апта
|
4
|
Межелік бақылау
|
1,2 Модуль
|
|
|
Тест
|
8- апта
|
5
|
Эссе
|
Тәуелсіздік тұсындағы әдеби сын
|
|
2 апта
|
Эссе жазып, қорғау
|
7-9 апта
|
6
|
Баяндама
|
Б.Момышұлы туралы естеліктер
|
|
2 апта
|
Қорғау
|
10-14-апта
|
7
|
Межелік бақылау
|
3,4 Модуль
|
|
|
коллоквиум
|
15- апта
|
12 Курс саясаты
Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету. Студент аудиториялық сабақтарға, міндетті түрде дәріс сабақтарына, тәжірибешілік сабақтарға қатысып, кешікпей, берілген тапсырмаларды уақытында орындауы керек, сондай-ақ ішкі ережелерді сақтап, өздеріне тиісті жүктелген міндетті дұрыс атқаруы керек. Сабақты босатқан жағдайда деканаттың шешімімен босатқан сабақты қайта толықтырады. Сабаққа екі рет кешігу – бір рет босату болып есептеледі. Сабақты екі реттен артық босатса, оқытушы студентті сабаққа кіргізбеуге құқығы бар.
Студентке берілген тапсырманы уақытында тапсыру керек. Емтихан сессиясына үш күн қалған кезде тапсыру ең кеш тапсыру болып саналады.Берілген тапсырманы және курстық жұмысты тапсырмаған студенттер емтиханға кіре алмайды.
Қойылған талаптар орындалмаса, жаза қолданылады. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы балл 100 б. қойылады.
Студенттердің білімін аралық бақылау тест немесе жазбаша бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі.
Осы көрсеткіштер орындалмаған жағдайда жеткіліксіз немесе айып санкциялары қолданылады:
сабақты босату (себепсіз);
тапсырмаларды уақытымен орындамау;
тапсырмаларды орындау барысында қателіктер жіберу, яғни,студент материалды толық меңгермеген жағдайда.
Егер студент сабаққа себепті жағдаймен келе алмаса, келесі аптада сол сабаққа өтеу (отработка) жасайды. Бірақ ұпай азайтылады.
13 Қолданылатын әдебиеттер тізімі
5. Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1 Жүсіп Қ.П. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. Павлодар, 2011
2 Қирабаев С. Әдебиетті қайта оқу. Алматы, 2010
3 Ысқақұлы Д. Әдеби сын тарихы. Алматы, 2012
Қосымша
4 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы, 2002
5 Дәдебаев Ж. Қазiргi қазақ әдебиетi:лекциялар курсы. Алматы, 2003
6 Рымғали Н. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Астана, 2000
7 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1998
Пәннің еңбек сыйымдылығы
Семестр
|
Кредиттар саны
|
Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны
|
Студенттің өздік жұмысының сағат саны
|
Бақы- лау түрлері
|
барлы-ғы
|
дәріс
|
практика
|
зертха-налық
|
студия-лық
|
жеке
|
барлығы
|
СӨЖ
|
Бар-лығы
|
3
|
135
|
30
|
15
|
-
|
-
|
-
|
90
|
22,5
|
емтихан
|
Кафедра меңгерушісі ______ Н.Қ.Жүсіпов 2013 ж. «__» __________
(қолы) (аты-жөні)
Мамандық(тардың) жұмыс оқу жоспарынан көшірме
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/33
|
5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме
«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиеті» пәні
Оқу нысаны
|
Пәннің еңбек сыйымдылығы
|
Семестр бойынша бақылау түрлері
|
Семестр
|
Семестр бойынша студенттердің жұмыстарының көлемі
|
кре-дит-тер
|
академиялық сағат
|
кре
дит
тер
|
Аудиториялық сабақ
(ак. сағат)
|
СӨЖ
(ак. сағат)
|
Бар-лығы
|
ауд
|
СӨЖ
|
емт
|
сын
|
КЖ-а
|
КЖ-с
|
бар-
лығы
|
дәр
|
тәж
|
зерт
|
бар
лығы
|
ОСӨЖ
|
ЖОБ база-сындағы күндізгі
|
3
|
135
|
45
|
90
|
7
|
-
|
-
|
-
|
7
|
3
|
45
|
30
|
15
|
-
|
90
|
22,5
|
Кафедра меңгерушісі: ___________Жүсіпов Н.Қ. «____» 2013 ж.
5. Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1 Жүсіп Қ.П. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. Павлодар, 2011
2 Қирабаев С. Әдебиетті қайта оқу. Алматы, 2010
3 Ысқақұлы Д. Әдеби сын тарихы. Алматы, 2012
Қосымша
4 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы, 2002
5 Дәдебаев Ж. Қазiргi қазақ әдебиетi:лекциялар курсы. Алматы, 2003
6 Рымғали Н. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Астана, 2000
7 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1998
Достарыңызбен бөлісу: |