Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы



жүктеу 42,26 Kb.
Дата23.05.2018
өлшемі42,26 Kb.
#16686


Шығыс Қазақстан облыстық

мәслихатының 2018 жылға

арналған жұмыс жоспары туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.

2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Сессия төрағасы З. Қамасова

Шығыс Қазақстан облыстық

мәслихатының хатшысы В. Головатюк

Шығыс Қазақстан облыстық

мәслихатының 2017 жылғы

13 желтоқсандағы

№ 16/182-VІ шешіміне

қосымша


Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

I тоқсан


1. 2017 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп.

Лязиза Карлқызы Кенжетаева - Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының басшысы.

2017 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы есеп.

Серікқазы Биғазыұлы Оразалиев - Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.

Шығыс Қазақстан облысын дамыту бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат.

Алмасхан Бауыржанұлы Сматлаев - Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бірінші басшыларының облыс дамуы бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы ақпараттары.

Азамат Маратұлы Мұхаметчинов - Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы.

Виктория Александровна Барсукова - Шығыс Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы.

2. Үштілділікті дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру барысы туралы.

Нұргелді Әлханұлы Әбжапаров - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы.

3. Депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

Сергей Федорович Солдатов – тұрақты комиссия төрағасы.

II тоқсан

1. Облыс әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі.

Даниал Кенжетайұлы Ахметов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі.


2. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол-жөндеу жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспарлары туралы.

Мұрат Хабдылжаппарұлы Мұсатаев - Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

3. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындау жөніндегі есебі.

Асқар Шәкенұлы Жақыпбаев - Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

4. Жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы есеп.

Дулат Төлегенұлы Қазақпаев - Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы.

5. Бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

Жасұлан Құдайбергенұлы Шаймарданов – тұрақты комиссия төрағасы.


III тоқсан

1. Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту туралы.

Алмасхан Бауыржанұлы Сматлаев - Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

2. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты хатшысының есебі.

Владимир Михайлович Головатюк - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы.

3. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді, жылумен қамту ұйымдарын, тұрғын үй қорын және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді 2018-2019 жылдардың жылыту маусымына дайындау қорытындылары туралы ақпарат.

Алмат Қобыландыұлы Арсламбаев - Шығыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

4. Агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

Ержан Ахтанұлы Нұрбаев – тұрақты комиссия төрағасы.
IV тоқсан

1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

Алмасхан Бауыржанұлы Сматлаев - Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
2. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын Шығыс Қазақстан облысында іске асыру барысы туралы.

Алмат Қобыландыұлы Арсламбаев - Шығыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Бородулиха ауданында іске асыру барысы туралы.

Григорий Иосифович Акулов - Бородулиха ауданының әкімі.

4. Жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы есеп.

Дулат Төлегенұлы Қазақпаев - Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы.



5. Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

Төлебай Қосиябекұлы Рахыпбеков – тұрақты комиссия төрағасы.
жүктеу 42,26 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау