3 Сақтандыру секторының дамуының болашағы мен мәселелері
2009 жылы ҚБА саясаты сақтандыру нарығын реттеудің саласында қазақстандық сақтандыру секторының тұрақтылығын қолдауға бағытталған шаралар жеткілікті, сақтандыруға қатысты тұрғындардың сенімдерін көтеру, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мен сақтандыру әрекеттерінің айқындылығын қамту, сол сияқты сақтандыру қызметінің тұтынушыларының мүдделерін және құқығын қорғау шараларын күшейту жолға қойылуда. Сақтандыру жағдайы – сақтандыру шарты сақтандыру төлемін төлеуді қарастыратын жағдай. Сақтандыру жағдайы – табиғи әсер, техногендік сипат және нақты адам әрекеті ретінде өз пайда болу себебін иемденетін жағдай. Сонымен қатар, сақтандыру жағдайы ретіндегі қарастырылатын жағдай кездейсоқтық және ықтималдық белгілерін иемдену қажет.
2009 жылы сәуірде ҚБА тарапынан сақтандырудың пруданциалды нормативтерін есептеулер әдістемесіне және нормативтік мәнінің Нұсқауларына өзгерістер енгізілді, мекемелерді сақтандыру (қайта сақтандыру) , пруденциалды нормативтердің орындалуы туралы есептерді алға тарту формалары мен есептерді ұсынудың мерзімін қадағалай отырып, қарастырады:
- Қазақстан Республикасының қайта сақтандыру мекеме-нерезиденттерінің несиелік рейтингіне сай сақтандыру мекеменің төлем қабілеттілігінің минималды маржасына сай;
- сақтандыру резервіндегі қайта сақтандырушының үлесін реттеу егер ол Қазақстан Республикасының нерезиденті болмауы жағдайында міндетті түрде несиелік рейтингке назар аудару арқылы іске асырады;
- инвестициялық қорлардың пайларын активтерге орналастыру шектеулерін тағайындау;
-2011 жылдан бастап пруденциалды нормативтердің күн сайынғы есебін қамтамасыз ету;
- қайта сақтандырудағы тәуекелдікті жолдауда ковернот талаптарын тағайындау;
-сақтандыру мекемелерінің реттеуші есептерінің толтырылуы бойынша түсініктерді алға тарту;
- сақтандыру сыйақылары бойынша есептің қосымша формалары аффилиирленген тұлғалардан, банктік сақтандыру бойынша, активтер мен міндеттемелерге сай және жабуға дейін мерзім бойынша шетел валютасында іске асыру көзделеді;
- базалық сақтандыру және қайта сақтандыру сыйақысының есептерін нақтылау .
Заңды немесе жеке тұлғаның кез келген мүддесі сақтандыру объектісі
бола алады. Атап айтқанда, бұлар құқыққа қайшы келетіндерінен өзге, азаматтың өмірімен, денсаулығымен, еңбекке қабілеттілігімен, зейнетақымен қамтамасыз етілуімен және басқа да жағдайлардың, міндеттемелердің туындауымен, мүлікке иелік ету, оны пайдалану, билік жүргізумен байланысты, азаматқа немесе жеке тұлғаның мүлкіне келтірілген залалдың, сондай-ақ заңды тұлғаға келтірілген залалдың орнын толтырумен байланысты. Құқыққа қайшы мүдделер сот тәртібімен белгіленуі мүмкін және оның сақтандырылуы сақтандыру шартына қол қойылған сәттен бастап жарамсыз болып табылады.
Сақтандырудың негізгі қағидаттары: сақтандырылған адамдар құқығының сақталуына кепілдік беру және сақтандырушының қаржылық жағдайының қандай екеніне қарамастан сақтандыру жөніндегі міндеттемені орындау, сақтандыру жүйесінің мемлекет тарапынан реттелуі, сақтандыру мүмкіндігін болуы, сақтандыру ұйымын таңдау еркіндігі.
2009 жылдың шілдесінде ҚБА қаулысымен шартты міндеттемелерді және қосымша, міндетті жарналарды есептеу тәртібін жандандыру мақсатында және 2009 жылы аталмыш мәселелерге қатысты өзгерістер енгізілді. 2009 жылдың тамызында ҚБА сақтандыру мекемелерінің нормативтік қағидалары мен есептеу әдістемесінің Нұсқауларына көптеген өзгерістер енгізілді, пруденциалды нормативтердің орындалуы назарға алынды, 2010 жылдың 1 сәуірінен 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін салымдарды орналастыруда екінші деңгейлі банктерге рейтингтік талаптардың уақытша төмендеуіне қатысты шаралар қолға алынып, сақтандыру мекемелерінің жарғылық капиталының мөлшері тағайындалоды.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек қана Қазақстан Республикасының резиденті – уәкіетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы бар сақтандыру ұйымы жүзеге асыра алады.
Сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушы тікелей сақтандырушыға сақтандыру шартында көзделген сақтандыру төлемін төлеу туралы талап қоюға құқылы. Мүлікті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы қайтыс болған жағдайда сақтанушының құқықтары мен міндеттері мұрагерлік тәртібімен осы мүлікті қабылдаған адамға ауысады. Сонымен сақтанушы тарапынан әмбебап құқықтық мирасқорлық сақтандыру шартының шеңберінде жалпы ережелер бойынша жүзеге асады. Сингулярлық құқықтық мирасқорлық тәртібі бойынша сақтанушының құқықтары мен міндеттемелерінің ауысуы ерекшеленеді. Егер басқа тұлғаға алғашқы сақтанушының мүлкіне меншік құқықтары ауысса, мұндай тұлғаға сақтандыру шарты бойынша құқықтар мен міндеттемелерінің ауысуы сақтандырушының келісімімен жіберіледі, ал жалпы ережелер бойынша талап ету құқығын беру борышкердің келісімін талап етпейді.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек қана Қазақстан Республикасының резиденті – уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы бар сақтандыру ұйымы жүзеге асыра алады.
Аталған міндеттерді тәжірибе тұрғысында бағалау үшін сақтандыру сомасы және сақтандыру төлемін ұғымдарын толық түсінудің маңызы үлкен болып келеді. Сақтандыру сомасының мөлшері шартта көрсетіледі. Міндетті сақтандыру кезінде сақтандыру сомасы сақтандыратын жағдай болған кезде болатын сақтандыру кезінде (міндетті сақтандыру жағдайларын бірге алғанда) сақтандыру сомасы екі жақтың келісімімен белгіленеді. Ал мүлікті ерікті сақтандыру үшін керісінше шектеулер қарастырылған. Мүлікті сақтандыру кезінде сақтандыру сомасы шартта бекіту кезіндегі заттың іс жүзіндегі құнынан аспауы қажет. Шартта бекіткен кезде анықталатын мүліктің құны сақтандыру құны деп аталады. Ол мүліктің нарық құнына негізделеді. Кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандырғанда сақтандыру құны болып, кәсіпкерге сақтандыру жағдайы болған кезде орын алуы мүмкін шығындар есептеледі.
«Қазақстан Республикасының міндетті және өзара сақтандыру сұрақтары бойынша заңдық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» нормативтік құқықтық актілер дайындалып, мына мәселелерді қарастырады:
- ҚБА мен ҚРХБ нормативтік-құқықтық сұрақтары бойынша кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізу, яғни сақтандыру сұрақтары бойынша мәселелерде, өзара сақтандыру қоғамының әрекеттеріне қатысты, актуарлы әрекеттер барысында;
- сақтандыру полисінің мазмұны мен пішініне талаптарды тағайындау, сақтандыру полисінің бланктерін дайындау бойынша мәселелерді шешу, сол сияқты міндетті сақтандыру түрлері бойынша міндетті сақтандыру келісімшарттарын бекіту үшін өтініштердің мазмұнына назар аудару;
- сақтандыру әрекеттері бар сақтандыру мекемелерінің талаптарын жүзеге асыруды реттеп, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастың дұрыс болуына назар аудару, сол сияқты делдалдық әрекеттерді жүзеге асыруда сақтандыру агентінің өкілеттігінің дұрыс іске асуына ден қою;
- бағалаушыны аккредитациялаудың (тәуелсіз сарапшы) ережелерін қамтамасыз ету, мүлікті бағалау бойынша бағалау әрекеттерін жүзеге асыруға қатысты лицензияны иелік етуші жұмыстарының өз мәнінде жүзеге асуына назар аудару, тәуелсіз сарапшылар тарапынан бағалауды жүргізуде келісімшарт талаптарының дұрыстығына назар аудару;
- сақтандырушыға ұсынылатын «бонус-малус» жүйесі бойынша есептеулер класының ережелерінің тәртібін бекіту, яғни көлік құралдарының иегерлерін міндетті сақтандыру бойынша;
- сақтандыру сыйақысының есептелуінде үстеме коэффициенттерді пайдалану , 2011 жылдың 1 қаңтарынан енгізілген еңбек міндеттемелерін орындауда адамдардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян жайын міндетті сақтандыру келісімшарты бойынша жұмыстарды ретпен жүзеге асыру;
- аннуитетті төлемдерді есептеу ережелерін бекіту аннуитет талаптары бойынша жалғасады;
- өзара сақтандыру қоғамдарының әрекеттерін құқықтық актілерін бекіту, соның ішінде есептерді ұсыну ережелерін реттеу, қоғам тарапынан өзара сақтандыру тарапынан активтерді инвестициялау ережелерін назарға алу, өзара сақтандыру қоғамының сақтандыру резервтерін қалыптастыру, есептеу әдістемелерінің нұсқауларын ескеру.
Апатты тәуекелдіктерді реттеуді жандандыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Негізінен, апатты тәуекелдіктердің ықтималдықтарын бағалау моделін дайындау жоспарлануда және жер сілкінісінің залалдарының стохастикалық деректер базасы мен актуарлы моделдерінің іске асуына назар аудару, сақтандырушылардың FIRST Initiative қорымен төлем қабілеттілігі 2002 жылы негізі қаланды, Бүкіл әлемдік банкпен және басқа да ұйымдармен.
Бұлардан басқа, сақтандыру мекемелерінің пруденциалды реттеу қарым-қатынасын енгізу қарастырылады, тәуекелдікке негізделген (risk based supervision). Аталмыш қарым-қатынас капиталдың жеткіліктілігін есептеуде әр түрлі статистикалық әдістерді пайдалануға жол салып, нарықтық, операционды және андеррайтингті тәуекелдіктерді назарда ұстайды (сақтандыру сыйақылары мен сақтандыру резервтері). Тәуекелдікке негізделген қарым-қатынасты енгізу кешенді шаралар жүйесін талап етеді, бұл бухгалтерлік есеп пен статистикалық есеп негіздерінің талаптарын жандандыруға бағыфтталады, тәуекелдік-менеджмент талаптары мен ақпараттарды ашу жағдайы ескеріледі.
Қосымша, сақтандыру және қайта сақтандыру мекемелерінің әрекеттерін күшейту мақсатында аталмыш мекемелерде қаржылық ахуалдың нашарлауымен туындайтын мәселелерге де ден қойылып, лайықты дәрежеде шешімін табады, ҚБА тарапынан сақтандыру ұйымдарында сақтандыру өкілдері институтының жұмысын жолға қою жоспарлануда.
Тақырып 5 Қазақстан Республикаының қор нарығының даму жағдайлары мен болашағы
Жоспар:
1. Құнды қағаздардың нарығының инфрақұрылымы.
2. Құнды қағаздардың нарығының негізгі көрсеткіштері.
3. Қор нарығын дамытудың мәселелері мен болашағы.
Қазақстанның құнды қағаздар нарығының негізгі институттары, яғни оның инфрақұрылымының лайықты деңгейін қамтамасыз ететін алғышарттар:
Қор делдалдары;
құнды қағаздар нарығын қамтамасыз ететін ұйымдар;
реттеу мен бақылау органдары.
Қор делдалдары – құнды қағаздар нарығының қатысушылары, эмитенттер мен инвесторлар арасындағы байланысты қамтамасыз етушілер. Оларға енеді:
Делдал – құнды қағаздар нарығының белсенді кәсіби қатысушысы, эмиссионды құнды қағаздармен және басқа да қаржылық құралдармен мәмілені жүзеге асырушы, клиенттердің мүдделерін нысанға алушы;
Дилер – құнды қағаздар нарығының белсенді кәсіби қатысушысы эмиссионды құнды қағаздармен және басқа да қаржылық құралдармен мәмілені жүзеге асырушы, клиенттердің мүдделерін нысанға алушы , ұйымдаспаған құнды қағаздар нарығында және ұйымдасқан құнды қағаздар нарығында тікелей қол жеткізу құқығына ие болады.
Андеррайтер – құнды қағаздар нарығының белсенді кәсіби қатысушысы, делдалдық-дилерлік әрекеттерді жүзеге асыруға лицензиясы бар, сол сияқты құнды қағаздарды шығару мен таратуға лайықты әрекеттерді жүзеге асырады.
Құнды қағаздар нарығының белсенді кәсіби қатысушысы - заңды тұлға, құнды қағаздар нарығында өзінің әрекеттерін лицензия бойынша жүзеге асырып, заңды актілерді басшылыққа алады, акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық пішінінде қызмет атқарады (клиенттердің, тіркеушілердің, трансфер-агенттің есепшоттарын жүргізу құқығынсыз).
Құнды қағаздар нарығын қамтамасыз етуге қатысушылар ретінде орын алатын мекеме-ұйымдар, мәміле бекітуді іске асырады (сауданы ұйымдастырушылар) және мәміленің іске асуын қамтамасыз етушілер.
Сауда ұйымдастырушыларына енеді:
қор биржасы;
биржалық емес нарықты ұйымдастыру.
Қор биржасы – заңды тұлға, акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық пішінінде құрылған, ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді сатуды ұйымдастырушы арқылы міндетті түрде жүзеге асыруды нысан етеді;
Котировкалы түрде құнды қағаздар нарығының биржадан тыс түрін ұйымдастырушы – заңды тұлға, акционерлік қоғамның ұйымдастыушылық-құқықтық пішінінде құрылған, сауда ұйымдастырушының аталмыш клиенттер арасындағы алмасу жүйесін қолдау мен пайдалану жолымен ұйымдастырушылық және техникалық тұрғыда қамтамасыз ету.
Мәмілені іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымға есептік орталықтар, депозитарийлар, тіркеу орындары, кастодиандар, номинал ұстағыштар, трансфер – агенттер және басқалары енеді.
Тіркеушілер құнды қағаздарды ұстаушыларды тіркеу жүйесін жүргізеді, сақтау, қалыптастыруды жалғастырады, бұлардың барлығы заңдарға, өкілетті органдардың нормативтік актілеріне лайықты жалғасады, тіркеуші мен келісімшарттың ішкі құжаттарымен жүзеге асады, эмитентпен бекітіледі.
Құнды қағаздарды ұстаушылардың тіркеу жүйесі – эмитент, эмиссионды құнды қағаздар мен оларды ұстаушылар туралы мәліметтер жиынтығы, белгілі уақыт аралығындағы эмиссионды құнды қағаздар бойынша құқыққа ие тұлғалардың идентификациясы қамтамасыз етеді, құнды қағаздармен мәмілені тіркеп, сол сияқты өкілетті органдардың құқықтық-нормативтік актілерімен құнды қағаздар бойынша деректер бойынша әрекетке енеді.
Құнды қағаздар нарығында кастодиалды әрекеттерді банктер жүзеге асырады, олар кастодиалды әрекеттерді және сейфтік операцияларға қатысты лицензияларға ие.
Кастодиан – құнды қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, қаржылық құралдар мен клиенттердің ақшаларына есепті жүзеге асырады, оларға қатысты құқықтарды растап, құжаттық қаржылық құралдарды сақтайды, олардың дұрыс сақталуы жайлы міндеттемелерді мойындарына алып, әрекеттердің барлығын ҚР-ның заң актілеріне сай жүзеге асырады.
Орталық депозитарий коммерциялық емес мекеме болып саналады. Орталық депозитарий акциялары құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары арасында орналастырылады және халықаралық қаржылық мекемелер арасында. Орталық депозитарий Қазақстан Республикасының территориясындағы бірден-бір депозитарлық әрекетті жүзеге асыратын ұйым.
Депозитарлық әрекет – құнды қағаздарды номиналды ұстау қызметін басқа да номинал ұстаушыларға көрсету бойынша әрекеттер және қаржылық құралдармен мәмілелер бойынша есептеулерді жүзеге асыру жұмыстары, ұйымдастырылған құнды қағаздар нарығында бекітіледі.
Орталық депозитарий депоненттері –құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, құнды қағаздардың номиналды ұстаушылары, сол сияқты шетелдік депозитарийлер мен кастодиандар.
Номинал ұстаушылар қызметін көрсету үшін орталық депозитарий, кастодиан мен делдалдар әрекет жасайды, дилерлер қосылады, құнды қағаздар номинал ұстаушылары ретіндегі есепшоттарды жүргізу құқығына ие.
Құнды қағаздарды номинал ұстаушылар – құнды қағаздар ұстаушылардың есебінен және атынан жүзеге асады, белглі бір заңды әрекеттер номинал ұстаушылардың келісімшарттарына сай жалғасады, сол сияқты құнды қағаздар бойынша құқықтарды нақтылау мен мәмілелерді тіруке аталмыш ұстаушыларда жалғасатын болады;
Номинал ұстаушылардыңқызметі болып саналады:
1) клиенттердің құнды қағазына есеп жүргізу, құнды қағаздар деректерімен мәміле жүргізудегі шараларды іске асыру;
2) құнды қағаздар клиенттерімен мәмілені тіркеу;
3) құнды қағаздар бойынша клиенттердің құқықтарын нақтылау;
4) клиенттердің мүдделерін номинал ұстауға ұчынылатын құнды қағаздармен мәмілені бекітуде алға тарту;
5) клиенттерге құнды қағаздарға қатысты ақпараттарды ұсыну, номинал ұстауға байланысты мәселелерді шешу;
6) номинал ұстауға қатысты келісімшарттарға сай басқа да қызметтерді , яғни Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін жұмыстарды жалғастыру.
Трансфер-агент – құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы, өз клиенттері арасындағы құжаттар мен ақпараттарды қабылдау мен жолдау бойынша қызмет көрсетуші.
Өзін-өзі реттейтін ұйымдар – заңды тұлға, құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы тарапынан құрылған, қауымдастық үлгісінде, мақсаты – құнды қағаздар нарығында олардың әрекеттерінің стандарттары мен біртекті ережелерін тағайындау.
Өзін-өзі реттейтін ұйымның негізгі міндеттері - өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерінің мүдделерін қорғау, сол сияқты Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығының кәсіби әрекеттерінің түрлерін жүзеге асыру.
Инвесторларға шығындар көлемін қайтаруды қамтамасыз етуде , яғни құнды қағаздардың кәсіби қатысушыларының есебінен жүзеге асырылған, құнды қағаздардың кәсіби қатысушылары өзара сақтандыру қоғамын құруға құқылы, бұл мәселе де Қазақстан Республикасындағы өзара сақтандыру заңдарына лайықты болуы шарт.
1 қаңтар 2004 жылдан бастап құнды қағаздардың нарығында әрекеттерді реттеу мен бақылау органы ретінде қаржылық мекемелер мен қаржылық нарықты реттеу бойынша ҚР Агенттігі жұмыс жасайды.
2 Құнды қағаздар нарығының негізгі көрсеткіштері
Қазақстандағы қор нарығының жағдайының негізгі алғышарты – ұйымдасқан нарық, KASE тарапынан алға тартылған.
Құнды қағаздардың негізгі үлестік салмағы, KASE айналымына енуші, қарыздық құнды қағаздардың үлесіне – 57,0% (315 шығарылым). МҚҚ секторы бойынша – 24,8% (137 шығарылым), акция секторы бойынша – 17,7% (98 шығарылым) инвестициялық қордың секторы бойынша және МФО – 0,3% (2 шығарылым) және 0,2% (1 шығарылым) соған сай.
1 қаңтар 2010 жылдың жағдайы бойынша мемлекеттік емес құнды қағаздардың нарығының жалпы капитализациясы ресми тізімге қосылғаны – KASE бойынша - 11 650,9 млрд. тенге, облигациялар бойынша 2009 жылы 2 ретке ұлғайған ( 1 520,8 млрд. тенгеден 1 қаңтар 2009 жылы 3 141,7 млрд. тенгеге дейін 1 қаңтар 2010 жыл), акциялар бойынша – 2,3 ретке ( 3 756,2 млрд. тенгеден 1 қаңтар 2009 жылдан - 8 506,2 млрд. тенгеге - 1 қаңтар 2010 жылы).
Мемлекеттік емес құнды қағаздар нарығының жалпы капитализациясы, KASE ресми тізіміне қосылуда 2009 жылы 2,2 ретке артқан, яғни 11 650,9 млрд. тенге, нәтижесінде жуық шамамен - 73,0% Қазақстанның ЖЖӨ-нен. Қор биржасының капитализациясының өсуінің бірден-бір негізгі факторы – қаржылық құралдардың құнының жоғарылауы, сауда ұйымдастырушыларының ресми тізіміне енген (График).
2009 жылы мемлекеттік емес құнды қағаздармен мәміленің жалпы көлемі 34,2%-ға азайған. Осы орайда акциялар бойынша мәмілелердің көлемі анағұрлым азайған - 53,0%, қарыздық құнды қағаздар бойынша - 6,3%. «РЕПО» операциясы бойынша мәміле көлемі төмендеген: 44,2% (Кесте).
Құнды қағаздардың нарығында қаражатты инвестициялау жұмысын институционалды және жеке инвесторлар жүзеге асырады.
Негізгі институционалды инвесторларға отандық нарықта ЖЗҚ енеді, зейнетақы жарналарын реттеп, олардың елдің және шет елдің қаржылық құралдарына орналасуын реттейді, сол сияқты БВУ, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, яғни пруденциалды реттеудің талаптарында тағайындалғандай, қаражаттың бір бөлігін ликвидті активтерге шоғырландырады.
Достарыңызбен бөлісу: |