Зейнетақы жүйесі дегеніміз не? 1. Ортақ жүйе
Базалық зейнетақы. Еңбек өтіліне қарамастан барлығына бірдей төленеді.
Еңбек стажы. Еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетке шығу уақытында алты айдан кем болмаған адамдарға тағайындалады.
2. Жинақтаушы жүйе
Міндетті жарналар. Ай сайынғы табыстан зейнетақы аударымдарының белгіленген 10-пайыздық мөлшері бар міндетті аударымдар.
Ерікті жарналар. Ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарына негізделген жинақталған қаражат
Әлемде әлеуметтік зейнетақымен қамтамасыз етудің екі жүйесі бар – ортақ және жинақтаушы. Әр жүйенің өзінің артықшылығы және кемшілігі бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, зейнеткерлерді барынша қорғауға мүмкіндік беретін көп деңгейлі жүйені пайдаланатын елдер оң нәтижеге қол жеткізді.
Зейнетақы жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері:
Ортақ жүйе бойынша басты болып саналатын негізгі артықшылықтар: -зейнетақыны мемлекет төлейді; -кірісі аз адамдардың тұрақтышығы (қорғалуы); Кемшіліктер:
-зейнетақының ең жоғары мөлшері бойынша шектеудің болуы;
- демографиялық тәуекелдер (жұмыс істейтін халық пен зейнеткерлер арасында баланстың бұзылуы әлеуметтік салықтардың көбеюіне алып келеді)
- зейнетақыны ресімдеудің күрделі жүйесі. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша негізгі артықшылықтар
- салымшы кірісінің деңгейіне зейнетақы мөлшерінің тікелей тәуелділігі; -МЗЖ мемлекет кепілдігі; -жинақталған зейнетақы қаражатын мұраға қалдыру; - инвестициялық кіріс есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын ұлғайту; мультиқоржындар жүйесінің көмегімен жинақталған зейнетақы қаражатын басқару мүмкіндігі (заңнамамен 2015 жылдан бастап белгіленген шектеулерді ескере отырып);
Кемшіліктер
Инвестициялық кірістің мөлшеріне қор нарығының ықпалы
- ерікті зейнетақы аударымдарының жүйесі дамыған жоқ
- МЗЖ сомасының жалақы мөлшеріне тәуелділігі [4].
«Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң 01.01.1998 жылы өз күшіне енген соң әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне реформа жүргізілді. Бағдарламалық конференция өзінің ерекше назарын қазіргі уақыттағы қазақстанның өзіне тән зейнетақы жүйесіндегі кемшіліктерге бөлді. Сарапшылардың пікірі бойынша қартайған кезде зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейіне арналған олардың зейнетақы жинақ ақшалары жеткіліксіз болуы; жинақтаушы зейнетақы қор қызметтерімен халықтың жеткіліксіз қамтылуы; халықтың қаржылық сауаттылығы мен инвестициялық мәдениетінің төмен деңгейлігі; ерікті жинақтаушы зейнетақы жүйесі дамуының лайықсыз деңгейі; және осы уақытта сенімді және өтімді бағалы қағаздар және т.б. тапшылық жағдайында зейнетақы жинақ ақшаларын тиімді инвестициялау мәселелері.
Қазақстанның заманауи зейнетақы жүйесі ҚР Үкіметі 1997 жылы еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін қалыптастыру тұжырымдамасын мақұлдаған сәттен бастап өз жұмысын бастады. Зейнетақы реформасының негізі етіп чилилік үлгі қабылданды. Чилидегі зейнетақы жүйесі таратып тұратын механизмді ұстамайды және қызметкердің жеке шотына қаражатты толықтай жинақтауға және жарналарды капиталдандырып отыруға негізделген. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енуші әрбір адам дербес шот алады, онда оның зейнетақы жарналары аккумуляцияланады. Бұл қаражаттар жеке зейнетақы қорларында жиналып, салымшылардың зейнетақы жасына жеткеніне қарай олар зейнет төлемдерін салымшыларға қайтарады. Бір айта кететін жайт, отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі чилилік жүйенің көшірмесін айнытпай көшіріп алды деп санауға болмайды: қазақстандық үлгі өзіндік ерекшелігін және басқа елдердің тәжірибесін бейімдеп қабылдады, сол себепті ол бірегей жинақтаушы зейнетақы қоры болып саналады.
Жинақтық зейнетақы қорының дамуының негізгі кезеңдері :
1) 1997 жыл: - Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесін реформалау Тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Өкіметінің қаулысымен бекітіледі және дайындалады ;
- «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету» деп аталатын Қазақстан Республикасының Заңы өз күшіне енді;
- Өкіметтің «Мемлекеттік жинақтық зейнетақы қорын құру туралы» қаулысы қабылданып, МЖЗҚ тарапынан ерекше стратегиялық рөлге ие болды: ЖЗҚ дамуды ынталандыру, жинақтық зейнетақы қорына тұрғындарды көптеп тарту, тұрғындардың тарапынан жаңа жинақтық зейнетақы қорына сенімді арттыру, бәсекелестік орта мен зейнетақы нарығының негіздерін құру.
2) 1998 жыл: - зейнетақы қор инфрақұрылымын құру мен жинақтық зейнетақы жүйесінің алғашқы қадамдарын іске қосу;
- 19 қаңтарда МЖЗҚ тарихта алғаш рет Қазақстанның жинақтық зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы түсті.
3) 1998 -2002 жылдар: - МЖЗҚ «Арнайы Қор» арқылы өз әрекеттерін жүзеге асырады: міндетті зейнетақы жарнасы МЖЗҚ қызметкерлері тарапынан аударылады, егер қызметкер таңдау жасап үлгермесе немесе зейнетақы қорымен келісімшарт бекітпесе.
4) 1999 жыл: - МЖЗҚ жинақтық зейнетақы қорының тарихынджа алғашқы қорлардың қатарынан саналады, зейнетақы активтерін басқаруда лицензияға ие болды.
5) 2003 - 2004 жылдар: - салымшыларға мемлекеттік кепілдіктер ұсыну, инфляция деңгейін ескерумен міндетті зейнетақы жарнасын ескеру көлемінде;
- зейнетақы төлемінің сызбасы айқындалып, сақтандыру ұйымдары арқылы зейнетақы алудың мүмкіндігі құрылды;
- жинақтық зейнетақы қорларының сыйақысының жүктемесінің құрылымы мен көлемі өзгерді;
- міндетті зейнетақы жарналарының төлемі бойынша жауапты агенттер жұмысы күшейтілді;
- ерікті кәсіби зейнеткерлік жарналар енгізілді;
- 2005 – 2007 жылдарға арналған жинақтық зейнетақы жүйесінің дамуының Бағдарламасы дайындалды және қабылданды.
6) 2005 жыл: - МЖЗҚ өзінің ресми атауын ЖАҚ «Мемлекеттік жинақтық зейнетақы қорынан» ААҚ «Мемлекеттік жинақтық зейнетақы қоры МЖЗҚ » алмастырды, аббревиатура ретінде бұрынғы мазмұн сақталмайды.
7) 2006 жыл: - РЖЗҚ «Зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталық» базасында төлемдерді оңтайландыру мақсатында біртекті орталық құрылды;
- зейнетақы қорларының және мекемелерінің соттан тыс жауакершілігі тағайындалды, инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерімен жүзеге асырып, салымшылардың жинақтық номиналды кірістерін қолдау бойынша жұмыстар жалғасады;
- Салымшылардың жинақтық зейнетақы аударымдарын жүзеге асыру зейнетақыны төлеу бойынша Мемлекеттік орталық арқылы жүзеге асырылады.
8) 2007 жыл: - МЖЗҚ бастамасы бойынша халықаралық конференцияны ұйымдастыру мен өткізу «Қазақстанның зейнетақы нарығы — жүйелі реформаларға 10 жыл», Қазақстанның зейнетақы жинақтық жүйесінің 10 жылдығына арналған /15/.
9) 2009 жыл:
- жинақты бір қордан екіншісіне аударудың автоматты жүйесі енгізілді, «автоаударымдар» Зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталы арқылы жалғасады.
Бірінші кезеңде ( 1 сәуір 2009 жыл) зейнетақы жинағы тек қана зейнетақы келісімшартын бекіткендер үшін ғана лайықты.
Екінші кезеңде ( 1 шілде 2009 жылдан) автоаударым жүйесіне барлық салымшылар енгізілді, яғни әр түрлі ЖЗҚ зейнеткерлікпен қамтамасыз ету туралы келісімшарт бекітушілер. Бұл кезеңде барлық жинақтық зейнетақы қорлары әрекетке енеді және зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық. Үшінші кезең (2012 жыл) электронды карточкалар арқылы қамтамасыз етуге көшу, яғни карточка иегері, салымшы қорды таңдау мүмкіндігі бар, өзінің салымын сенімді түрде тапсыра алады, аударымын электронды қамтамасыз ету жүйесі арқылы іске асырады. Зейнетақымен қамсыздандыру кез келген ел үкіметінің басты назарындағы әлеуметтік мәселелер қатарына жатады. Қазақстан Республикасында да азаматтардың қартайғанда әлеуметтік қамсыздандыруға құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Қазақстан қоғамдық қатынастар өзгерістерге ұшырап жатқан қиын жағдайларда әлеуметтік қамсыздандыру моделін таңдауды жүзеге асырды.
Мемлекеттік жинақтық зейнетақы қорының міндеттеріне енеді:
зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісіне мониторинг жүргізу;
зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асыру.
Зейнетақы активтерін басқару ҚР Ұлттық банкмен жүзеге асады. Аталмыш таңдау Ұлттық банк әрекетін мына бағытта аңғартады:
Ұлттық қор активтерін басқару бойынша жұмыс тәжірибесі қалыпты екендігі белгілі;
коммерциялық банктермен және басқа да қаржылық топтармен жұмыс жүйесі ойластырылған.
Инвестициялық саясатты жүзеге асырады, ҚР Президентінің зейнетақы активтерін басқару бойынша Кеңесімен дайындалған.
Заң жобасымен ҚР Президентінің зейнетақы активтерін басқару бойынша Кеңесін құру қарастырылған.
Қазіргі таңда Экономикалық даму және сауда министрлігімен, Ұлттық банкпен бірлесіп қолданыстағы зейнетақы жүйесінің жай-күйіне кешенді талдау жүргізу, сондай-ақ оны одан әрі жетілдіруге жағдай жасау үшін әдістемелерді айқындау жұмыстары басталды. Сондай-ақ Қазақстанның Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасындағы бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберінде зейнетақы жүйесінің барлық деңгейлерінде актуарлық есептер жүргізу және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру және одан әрі дамыту жөнінде ұсынымдар әзірлеу бағыттары үшін Дүниежүзілік банк сарапшылары тартылған.
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Президент – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «қазақстандық жолдың жаңа кезеңі – ол экономиканы нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа міндеттер» екенін атап өтіп, Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында жақын онжылдықта әлеуметтік қорғау мәселесі еліміздің негізгі даму басымдықтары болып белгіленген. Осыған байланысты, жарқын келешекте қолданыстағы зейнетақы жүйесіне параметрлік өзгерістер енгізуді талап ететін базалық және ынтымақты деңгейлерде зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру тетіктерін әзірлеу өзекті мәселенің бірі болып тұр.
Зейнетақы жүйесін жетілдіру мақсатында шешімін табуды қажет ететін маңызды міндеттердің бірі орнын басу коэффициентін ұлғайту мүмкіндігін актуаримен зерттеу болып табылады (зейнет демалысына шыққанға дейін алған еңбекақысы сомасына зейнетақы сомасы қатынасы). Зейнетақыны қалыптастыру зейнетақы жинақтау қорына міндетті зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асырылады және салымшының зейнет демалысына шығу сәтіне ол мыналарды таңдауға құқылы: зейнетақы аннуитеті келісім-шартын жасау жолымен сақтандыру ұйымы арқылы зейнетақы жинағын алуға немесе зейнетақы жинақтау қорымен бұрын жасалған зейнетақыны қамтамасыз ету келісім-шартымен сәйкес кесте бойынша төлемдер алуға. Бұл ретте салымшыға варианттардың әрқайсысының барлық артықшылықтары мен жетпестіктері түсінікті болуы тиіс. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында жақын онжылдықта әлеуметтік қорғау мәселесі еліміздің негізгі даму басымдықтары болып белгіленген. Осыған байланысты, жақын келешекте қолданыстағы зейнетақы жүйесіне параметрлік өзгерістер енгізуді талап ететін базалық және ынтымақты деңгейлерде зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру тетіктерін әзірлеу өзекті мәселенің бірі болып тұр.
Біздегі жекеменшікті қорлардың жұмысына салымшылардың құқықтық ықпалын күшейту, салымшылардың зейнетақы қаражатын қорғаудағы келелі мәселенің бірі, ол заң тұрғысында, керекті деңгейде талқыланып, шешілуі қажет. Сондықтан дайындалатын ұсыныстар тек жай ұсыныс қана болып қалмай, заңға ұласатын, қарымды құжат түріне енуі қажет. Міне, осылайша заңға қажетті қосымшалар қабылданады деп ойлаймын. Жалпы зейнетақы жарналары келешекте зейнеткерге зейнетақы төлеуге арналған. Сондықтан жастардың жұмысқа қабілетті кезінде бүгінгі мұқтажына зейнетақы қаражатын жұмсап, ертең жұмысқа жарамсыз, әлсіз шағында зейнетақысыз қалдыруға болмайды.
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жарналарын сақтау бойынша кепілдік сақталады.
Қазіргі уақытта қазақстандық зейнетақы жүйесінде де орын алған кемшіліктер бар:
- тұрғындардың инвестициялық мәдениетінің және қаржылық сауаттылығының төмендігі;
- тұрғындарды жинақтық зейнетақы қорлары қызметтерімен қамтудың жеткіліксіздігі;
- кәріліктің жетуімен зейнетақы төлемдерінің деңгейінің жеткіліксіздігі;
- ерікті зейнетақы жинақтық жүйесінің дамуының жеткіліксіз деңгейі; сенімді және ликвидті құнды қағаздардың тапшылығы;
Қазіргі таңда зейнетақы қорларының салымшылар қаржысының табыс табу деңгейі төмен дәрежеде, яғни мардымсыз екені жасырын емес. Бүгінде зейнетақы қорлары активтерінің табыс табу мәселесі қоғам назарына жиі ілігіп, көкейкесті мәселеге айналған. Жоғарыда аталған бірнеше мәселелерді шешу әдістерінің бірі «мультипортфел» деп аталатын тәжірибеге енгізу, ол әрбір салымшыға тәуекел мен кірісітіліктің ара қатынасындағы меншікті артықшылықтарға негіздей отырып, өз зейнетақы жинақ ақшаларын басқаруға және көбейтуге инвестициялық шешім қабылдау мүмкіндігін береді. Бастау үшін консервативті, біркелкі және агрессиялық инвестициялық стратегияларға негізделген үш қоржынды енгізу ғана ұйғарылады. Алайда болашақта анықталған шарттар болған кезде мүмкін және активтерді инвестициялау стратегиясының көбірек санын тіркеудің өзге үлгісі. Сайып келгенде болашағы пайда болып, ол салымшыда тек құқық қана емес, өзінің зейнетақы активтерін басқаруға арналған жауапкершілік те қалыптасады. Сарапшылар қолайлы шара үш мәселелелі бағдар бойынша тиімді болады деп есептейді: халықтың қаржылық және инвестициялық сауаттылығының төменгі деңгейін жеңуге; зейнетақы жүйесінен тыс қалуды артық көретін барлық халықты оған қатыстыруға; және ерікті зейнетақымен қамсыздандыру дамытуда. Айтпақшы, зейнетақы жинақ ақшасы сақталуының берік кепілдігін қамтамасыз етуімен қатар инвестициялық қоржын көптігін енгізу еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесін бұдан әрі дамыту аясындағы мемлекет басшысының қойған басымдықты тапсырмалары болып табылады.
Конференцияда талқылауға арналған тағы бір тақырып жинақтаушы зейнетақы қорларының кірістілігінің неғұрлым жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету болды, ол инфляция деңгейін арттырып зейнетақы жинақ ақшасының өсуін қамтамасыз етті. Қатысушылардың мүкіндікті шарасы ретінде мынадай ұсыныстар қаралды:
-ішкі инвестиция нарығын және ұсынылатын қаржылық құралдардың спектрін ұлғайту;
-мемлекеттік бағалы қағаздардың жүйелі және тұрақты түрде шығарылуын қамтамасыз ету;
-даму институттарының облигацияларын шығару жолымен жарып шығатын жобаларды іске асыруға зейнетақы активтерін тарту мүмкіндіктерін оқыту («Қазына тұрақты даму қоры», «Қазақстанның «Самрұқ» мемлекеттік активтерді басқару холдингі» АҚ және т.б.);
- қаржылық құралдарды сұрыптаудың рейтингтік жүйесіне өту және жоғарғы кредиттік рейтингпен отандық қор нарығына таралуға әрекет ету; өндірістік қаржы құралдар нарығын дамыту.
Осылайша, зейнетақы жүйесінің аталмыш мәселелерін қарастыру арқылы келесі тұжырымдарды жасауға болады:
- мультиқоржындарды енгізу арқылы зейнетақы жинағының кірістерін арттыруға мүмкіндіктер мол;
- зейнетақы жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ету;
- зейнетақы қорларына және салымшыларға еркіндікті көбірек ұсыну.
Тақырып 4 Қазақстан Республикасында сақтандыру секторын дамытудың болашағы мен жағдайлары
Жоспар:
1. Сақтандыру секторының қазіргі жағдайы.
2. Сақтандыру секторын дамытудың мәселелері мен болашағы.
Қазіргі экономикада сақтандыру секторы маңызды орынға ие, әр түрлі тәуекелдіктерден тиімді қорғау мен тұрақтылықты қамтамасыз етудің құралы.
Осы орайда Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы қызметінің кейбір төмендеу жағдайлары әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында сақтандыруға төлем қабілеттілігі бар сұраныстың азаю нәтижесі болып саналады.
Сақтандыру ұйымдарының активтерінің жиынтық көлемі 1 қаңтар 2010 жылы 297 252,2 млн. тенгені құрады, бұл 1 қаңтар 2009 жылғы жиынтық көрсеткіштен 10,6% -ға жоғары.
Сақтандыру ұйымдарының активтерінің жиынтық көлемінің артуы негізінен құнды қағаздар қоржынын арттыру есебінен жүзеге асты, құнды қағаздар үлесі 1 қаңтар 2010 жылы 41,5% өткен жылдың көлемі - 34,1%, яғни қаңтар айының басында.
Есептік кезеңде сақтандыру резервтерінің көлемі, яғни сақтандыру мекемелері тарапынан қалыптасқан, мақсаты: сақтандыру мен қайта сақтандыру келісімшарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, бұл жағдайдағы шамасы - 101 011,5 млн. тенге, яғни 1 қаңтар 2009 жылмен салыстырғанда 17,1% көбірек. 2009 жылда сақтандыру мекемелерінің өзіндік капиталының жиынтық көлемі 14 550,6 млн. тенгеге немесе 8,8% -ға артты, 1 қаңтар 2010 жылдың жағдайы бойынша - 180 480,0 млн. тенге.
Сақтандыру сыйақылары.
Сақтандыру сыйақыларының жиынтық көлемі , яғни сақтандыру мекемелері тікелей сақтандыру келісімшарты бойынша тарапынан қабылданған, 2009 жылы 113 289,73 млн. тенгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 15,1% азырақ. Осы орайда сақтандыру нарығының төмендеуі банктік сектордағы күрделі ахуал болып саналады және корпоративті сектордың іскерлік белсенділігінің төмендеуі болып саналады.
Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақысының көлемі өткен жылдың көрсеткішінен -1,7% -ға артты, ерікті жеке сақтандыру бойынша 16,1%-ға, ерікті мүліктік сақтандыру бойынша көбею шамасы - 28,1%.
Сақтандыру түрлері бойынша сыйақыларды келесі үлгіде реттейміз (кесте). Анағұрлым мол үлес ерікті мүліктік сақтандыруға тиесілі –60 858,4 млн. тенге, бұның өзі нарық бойынша сақтандыру көлемінің - 53,7% құрайды.
Мүліктік сақтандыру бойынша жоғары көрсеткіштер мүлікті сақтандыру есебінен негізінен қамтамасыз етіледі (автокөлікті сақтандыру, темір жол, әуе, су көлігі, жүкті сақтандыруды қоспағанда) – 54,0% ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақысының түсімінен және ГПО сақтандыру
Достарыңызбен бөлісу: |