Пән бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)


Тәжірибелік сабақтардың мазмұны , олдардың сағат бойынша көлемі



жүктеу 2,07 Mb.
бет8/8
Дата14.05.2018
өлшемі2,07 Mb.
#13037
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны , олдардың сағат бойынша көлемі



Тақырып 1 Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. 2 сағат.
Жоспар:

1. Экономиканың шынайы секторы. Жалпы жиынтық өнім: динамика, құрылымы. Экономиканың жекелеген салаларындағы өндірістің физикалық көлемінің индексінің динамикасы. Қаржыландыру көзінің аясында негізгі капиталға инвестиция. Жұмыссыздық деңгейі.

2. Жиынтық сыртқы қарыз: шамасы, динамикасы мен құрылымы. Сыртқы қарыздың қатыстық көрсеткіштері: ВВД ЖЖӨ қатынасы; ВВД және ЭТУ қатынасы; төлемдерді қамтамасыз ету бойынша қатырастыр, ВВД - ЭТУ

3. Салықтық-бюджеттік сала. Салықтық заңдардағы өзгерістер. Мемлекеттік бюджеттің кірістері. Мемлекеттік бюджеттің орындалуы. Өкіметтік қарыз: шамасы мен құрылымы. ПТөлем балансы мен сыртқы қарыз. ҚРХБ резервтік активтері.



Тапсырма:

1. Ұсынылған сұрақтар бойынша қосымша теориялық материалдарды қарастыру.

2. Салықтық заңдардағы өзгерістерді қарастыру, салыстырмалы ерекшелікті арқау етіп сызба құрастыру.

3. Аталмыш тақырыпқа сай 10 тест сұрағын дайындау.



Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

Теориялық материалды толығымен қарастыру, дәріс материалдары толық жахылған соң дәрістерге назар аудару, әр сұрақ бойынша қосымша ақпараттарды іздестіру (ғылыми журналдар, интернет көздер). Аталмыш тақырыпқа сай 10 тест сұрағын дайындау. Салыстырмалы ерекшелікті арқау етіп сызба құрастыру үш бағанда жалғасады: өзгерістер атауы, 2013 жылдың деректері мен тұжырымдар. Тұжырымдарда міндетті түрде енгізілген өзгерістердің сипаттамасы орын алады.



Әдебиет: [1, 3]
Тақырып 2 Қазақстан Республикасындағы банктік сектордың дамуының болашағы мен жағдайлары. 3 сағат

Жоспар:

1. Қазіргі даму жағдайындағы экономиканың банктік секторының бағыттарын бағалау. Банктік секторының бағыттарының абсолюттік көрсеткіштері. Банктік секторының бағыттарының қатыстық көрсеткіштері.

2. Несиелік қоржынның сапасы мен несиелік тәуекелдік. Коммерциялық банктердің несиелік әрекеттеріне талдау. Несиелік қоржынның сапасы.

3. Банктік сектордың даму болашағы мен мәселелері.



Тапсырма:

1. 1. Ұсынылған сұрақтар бойынша қосымша теориялық материалдарды қарастыру.

2. Банктік секторының бағыттарының абсолюттік көрсеткіштері мен банктік секторының бағыттарының қатыстық көрсеткіштеріне кесте құрастыру.

3. Банктік сектордың даму болашағы мен мәселелеріне блок-сызба құру



Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

Теориялық материалды толығымен қарастыру, дәріс материалдары толық жахылған соң дәрістерге назар аудару, әр сұрақ бойынша қосымша ақпараттарды іздестіру (ғылыми журналдар, интернет көздер). Екі баған бойынша кесте құрау: абсолюттік және қатыстық көрсеткіштер, банктік сектор бойынша. Банктік сектордың даму болашығының блок-сызбасыгн құрау, әр мәселенің оңтайлы жүзеге асуына қатысты шаралар болуы керек



Әдебиеттер: [3,4]
Тақырып 3 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз етудің дамуының болашағы мен жағдайлары. 2 сағат
Жоспар:

1. Зейнетақы жүйесінің қалыптасуының негізгі кезеңдері мен алғышарттары. Жинақтық зейнетақы жүйесін мемлекеттік реттеу. Зейнетақы секторының институционалды құрылымы.

Зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы. Зейнетақы жүйесінің қызметінің негізгі көрсеткіштері. Зейнетақы жүйесінің жинағының динамикасы мен құрылымы.

2. Зейнетақы жүйесінің мәселелері мен даму болашағы. Зейнетақы жүйесінің секторын стресс-тестілеу. Зейнетақы жүйесінің секторын тұрақтандыру шаралары. Зейнетақы жүйесінің секторын реттеу аясындағы заңды жандандырулар. Зейнетақы жүйесінің секторының перспективалы бағыттары.



Тапсырма:

1. Дәріс материалдары аясында қаралмаған қосымша материалдар бойынша жұмыс атқару.

2. Зейнетақы жүйесінің секторын дамытудың кестесін құру.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

Теориялық материалды толығымен қарастыру, дәріс материалдары толық жахылған соң дәрістерге назар аудару, әр сұрақ бойынша қосымша ақпараттарды іздестіру (ғылыми журналдар, интернет көздер). Үш бағаннан тұратын кесте құру, зейнетақы заңдарының даму жылдары, жағдайлардың ерекшеліктері, аталмыш кезеңнің даму мәселелері.



Әдебиеттер: [8,3]

Тақырып 4 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру сектордың дамуының болашағы мен жағдайлары. 1 сағат

Жоспар:

1 Сақтандыру жүйесінің қалыптасуы. Сақтандыру жүйесінің институционалды құрылымы.

2 Сақтандыру жүйесі секторының қазіргі жағдайы. Сақтандыру жүйесі секторының негізгі көрсеткіштері. Активтердің динамикасы мен құрылымы, сақтандыру мекемелерінің сақтандыру резервтері. Сақтандыру ұйымдарының динамикасы мен құрылымы. Қайта сақтандыру: динамикасы мен құрылымы. Сақтандыру ұйымдарының инвестициялық қоржыны.

Сақтандыру жүйесі секторының мәселелері мен даму болашағы.



Тапсырма:

1. Дәріс материалдары аясында қаралмаған қосымша материалдар бойынша жұмыс атқару.

2. Банктік сектордың мәселелерін нақтылайтын сызба құрастыру және оны шешу жолдарын қарастыру

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

Теориялық материалды толығымен қарастыру, дәріс материалдары толық жазылған соң дәрістерге назар аудару, әр сұрақ бойынша қосымша ақпараттарды іздестіру (ғылыми журналдар, интернет көздер). Сақтандыру секторының мәселелерін нақтылайтын сызбаны құрастыру және шешу жолдарын нұсқау.



Әдебиеттер: [2,4]
Тақырып 5 Қазақстан Республикасындағы қор нарығының дамуының болашағы мен жағдайлары. 3 сағат

Жоспар:

1. Қор нарығының қалыптасуының негізгі кезеңдері. Құнды қағаздар нарығының инфрақұрылымы.

2. Құнды қағаздар нарығының негізгі көрсеткіштері. Эмитенттер мен қаржылық құралдар. Қазақстанның қор нарығы. Қазақстанның қор биржасындағы саудаға босатылған құнды қағаздар.

3. IPO: қарым-қатынас, мақсат-міндеттері. IPO компании-эмитент үшін артықшылықтар мен кемшліктері. Тәуекелдіктер және IPO. IPO нысанына компанияның қаржылық нарықтық талаптары. Листинг үшін биржаны іріктеу: Лондон, Нью-Йорк, Гонконг қор битжалары. Қазақстандық компаниялардың акцияларын орналастырудың бастапқы тәжірибесі.

Қор нарығының даму болашағы мен мәселелері. Қор нарығын тұрақты ету шаралары. Қор нарығын реттеу саласындағы заңдарды жандандыру. Қор нарығының дамуының болашағы зор бағыттары.

Тапсырма:

1. Ұсынылған сұрақтар бойынша теориялық материалдарды оқу.

2. Қосымша материалдар қарастыру.

3. IPO компания-эмитент үшін артықшылықтар мен кемшіліктері. IPO жүзеге асырудағы тәуекелдіктер.



Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

Теориялық материалды толығымен қарастыру, дәріс материалдары толық жазылған соң дәрістерге назар аудару, әр сұрақ бойынша қосымша ақпараттарды іздестіру (ғылыми журналдар, интернет көздер). Баяндама дайындау, тақырыбы: IPO компания-эмитент үшін артықшылықтар мен кемшіліктері. IPO жүзеге асырудағы тәуекелдіктер. Баяндама тақырыбын магистрант өз еркімен таңдауына болады


Әдебиет: [3,8]
Тақырып 6 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорларды дамытудың болашағы мен қазіргі жағдайлары . 1 сағат

Жоспар:

1. Инвестициялық қорлардың түсінігі мен түрлері. Инвестициялық қорлардың дамуының динамикасы. Инвестициялық қорлардың салымдық құрылымы.

2. Инвестициялық қорлардың даму болашағы мен мәселелері. Инвестициялық қорлардың саласындағы заңдарды жандандыру. Инвестициялық қорлардың перспективалы бағыттары.

Тапсырма:

1. Дәріс материалдары аясында қаралмаған қосымша материалдар бойынша жұмыс атқару.

2. Аталмыш тақырыпқа сай 20 тест сұрағын дайындау.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

Теориялық материалды толығымен қарастыру, дәріс материалдары толық жазылған соң дәрістерге назар аудару, әр сұрақ бойынша қосымша ақпараттарды іздестіру (ғылыми журналдар, интернет көздер). Аталмыш тақырыпқа сай 20 тест сұрағын дайындау . Сұрақтар хабарлау мәмінде болуы қажет, мазмұнды, жауаптың 5 нұсқасы болуы шарт, оның бірі дұрыс болуы керек.



Әдебиет: [1,7]
Тақырып 7 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақшалай-несиелік саясаты . 1 сағат

Жоспар:

1. Ақшалай-несиелік саясаттың құралдары. Реқаржыландыру құралдары. ҚРХБ негізгі операцияларының жүктмелері. РЕПО операциялары. Минималды резервті талаптар. Валюта нарығындағы интервенция. Ұлттық банктің ішкі нарықтағы операциялар сальдосы.

2. Ақшалай агрегаттар. Ақшалай база. Ақша массасы.

Тапсырма:

1. Дәріс материалдары аясында қаралмаған қосымша материалдар бойынша жұмыс атқару.

 

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

Теориялық материалды толығымен қарастыру, дәріс материалдары толық жазылған соң дәрістерге назар аудару, әр сұрақ бойынша қосымша ақпараттарды іздестіру (ғылыми журналдар, интернет көздер).



Әдебиет: [2,5]
Тақырып 8 Қазақстан Республикасындағы валюталық нарықтың дамуының болашағы мен қазіргі жағдайы. 1 сағат

Жоспар:

1. Валюталық курстың АҚШ доллары мен евроға, ресей рубліне қатынасы. Шынайы алмастыру курсның индексі.

2. Валюталық реттеу мен валюталық бақылау. Валюталық реттеу аясындағы заңдарды жандандыру. Валюталық реттеу режимі. Валюталық бақылаудың экспортық-импорттық жайы.

Тапсырма:

1. Дәріс материалдары аясында қаралмаған қосымша материалдар бойынша жұмыс атқару.

 

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

Теориялық материалды толығымен қарастыру, дәріс материалдары толық жазылған соң дәрістерге назар аудару, әр сұрақ бойынша қосымша ақпараттарды іздестіру (ғылыми журналдар, интернет көздер).



Әдебиет: [2,5]
Тақырып 9 Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының қаржылық қырлары, 1 сағат

Жоспар:

1. Форсты индустриялық-инновациялық дамудың бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері. Форсты индустриялық-инновациялық дамудың бағдарламасының бағыттары.

2. Форсты индустриялық-инновациялық дамудың бағдарламасының аясындағы инвестициялық жобаларды қаржыландырудағы қаржылық құралдар. Инвестициялық және инновациялық әрекеттерді қаржыландырудың жаңа әдістері мен пшіндері.

Экономиканың шынайы секторның және банктік сектордың мәселелері. Коммерциялық банктердің әрекеттерін мемлекеттік реттеу.



Тапсырма:

1. Дәріс материалдары аясында қаралмаған қосымша материалдар бойынша жұмыс атқару.

 

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

Теориялық материалды толығымен қарастыру, дәріс материалдары толық жазылған соң дәрістерге назар аудару, әр сұрақ бойынша қосымша ақпараттарды іздестіру (ғылыми журналдар, интернет көздер).


Әдебиет: [2,4]
8.Өздік жұмыстарының тапсырмалары
Тақырып 1. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы

СӨЖ тапсырмасы

1. Эссе жазу. «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері».

2. «Экономиканың шынайы секторы» тақырыбы бойынша материалды конспектілеу мен қарастыру

Әдебиет [1,2].
Тақырып 2. Қазақстан Республикасының банк секторының даму болашағы мен қазіргі жағдайы

СӨЖ тапсырмасы

1. Несиелік қоржын мен несиелік тәуекелдік сапасы: конспектілеу мен материал бойынша жұмыс.

2. 10 тес сұрағын құрастыру: банк секторының даму болашағы мен қазіргі жағдайы

Әдебиет [2,8]
Тақырып 3. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің даму болашағы мен қазіргі жағдайы

СӨЖ тапсырмасы

1 Блок-сызба құрастыру: зейнетақы секторының даму болашағы мен даму мәселелері.

2. Зейнетақы жүйесінің қалыптасуының негізгі кезеңдері мен алғышарттары: конспектілеу

Әдебиет [3,4]
Тақырып 4. Қазақстан Республикасының сақтандыру секторының даму болашағы мен қазіргі жағдайы

СӨЖ тапсырмасы

1. Эссе жазу: сақтандыру секторының қазіргі жағдайы.

2.Аталмыш тақырып бойынша 20 тест сұрағын құрастыру: сақтандыру секторының дамуы мен мәселелері.

Әдебиет [4,5]
Тақырып 5. Қазақстан Республикасының қор нарығының даму болашағы мен қазіргі жағдайы

СӨЖ тапсырмасы

1. Мына тақырыпта блок-сызба құрастыру: қор нарығының даму болашағы мен мәселелері.

2. Мына тақырыпта конспект: құнды қағаздар нарығының негізгі көрсеткіштері.

Әдебиет [5,6]
Тақырып 6 . Қазақстан Республикасының инвестициялық қорының даму болашағы мен қазіргі жағдайы

СӨЖ тапсырмасы

1. Өткен 5 тақырып бойынша коллоквиумға дайындық.

2. Power Point бойынша презентация дайындау, тақырыбы: инвестициялық қордың даму болашағы мен мәселелері.

Әдебиет [7,8]
Тақырып 7. Қазақстан Республикасының ақшалай-несиелік саясаты

СӨЖ тапсырмасы

1. Ақшалай-несиелік саясаттың құралдары: конспектілеу.

2. Эссе жазу, тақырыбы: Қазақстан Республикасы территориясында ақшалай агрегаттардың қызметі.

Әдебиет [6,8]
Тақырып 8. Қазақстан Республикасының валюта нарығының даму болашағы мен қазіргі жағдайы

СӨЖ тапсырмасы

1. Конспектілеу тақырыбы: Валюталық курс бағамының АҚШ долларына, евроға, ресей рубліне қатынасы.

2. Мақалаға аңдатпа жазу. Міндет: ғылыми журналдан немесе республикалық газет бетінен, интернет сайтынан мақала алып, аңдатпа жазу, тақырыбы: валюталық реттеу мен валюталық бақылау.

* Аңдатпа.

Мәтінге комментарий ұсыну, мерзімдік баспасөзге шолу жасалады. Студент мақаланы таңдап, өзіндік ой түйіндерін жазады (аталмыш мақаланың таңдалу себебін, тақырып бойынша өз тұжырымын ұсыну). Мақаланы пайдалана отырып, мақала авторын, көзін, мерзімін жазу керек. Дереккөзге міндетті талап – басылым ресми болуы шарт.

Әдебиет [2,5]
Тақырып 9. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының қаржылық қырлары

СӨЖ тапсырмасы

1. Конспектілеу мен сұрақтарды қарастыру: Форсты индустриялық-инновациялық дамудың бағдарламасы аясында инвестициялық жобаларды қаржыландырудың қаржылық құралдары.

2. Power Point бойынша презентация дайындау, тақырыбы: экономиканың шынайы секторы мен банк жүйесінің өзара әрекеттері.

Әдебиет [3,5]
Реферат дайындау

Магистрант тарапынан он минуттық екі ғылыми баяндама ұсынылады, реферат түрінде жазбаша түрде тапсырады. Аталмыш рефераттарды міндетті түрде бақылау аптасы кезеңінде міндетті түрде тапсырады (8 және 15 апталар). Баяндамаға қойылатын негізгі талаптар мыналар: таңдалған тақырып бойынша теориялық мәліметтің болуы, көзқарастарды нақтылау, өз пікірі болуы, студенттің ұсынысы мен нұсқауларының орын алуы, қысқалық пен нақтылық. Өзекті сұрақ бойынша баяндама дамиды, толықтырылады, ғылыми конференцияға жолданады. Рефераттар тақырыптары студенттер тарапынан оқытушымен ақылдаса барып жазылады. Рефераттар тақырыптн магистрант таңдауға құқылы.



  1. Қазақстандық банктердің әрекетіндегі тәуекелдіктер

  2. ҚР банктік жүйенің дамуы мен қалыптасуы

  3. ҚР зейнетақымен қамтамасыз етудің дамуы мен қалыптасуы

  4. ҚР сақтандыру секторының дамуы мен қалыптасуы

  5. ҚР-дағы тұрғын үйді несиелеуді дамыту мен қалыптасуы

  6. ҚР Ұлттық қоры: пайдалану бағыттары мен қалыптастыру көздері

  7. Қазақстандағы даму институттар

  8. ҚР-дағы инфляциялық үдерістер

  9. ҚР-дағы корпоративті басқару

  10. Дамудың қазіргі кезеңіндегі Ұлттық банктің ақшалай-несиелік саясаты

  11. ҚР-дағы инвестициялық қорлардың дамуы мен қалыптасуы

  12. Инвестициялық әрекеттерді қаржыландырудың қазіргі пішіндері

  13. ҚР қор нарығының даму болашығы мен мәселелері

  14. ҚР корпоративті облигациялар дамуы мен қалыптасуы

  15. Қазақстанда активтерді секьюритизациялау: қазіргі жағдайы мен болашағы

  16. ҚР банкаралық несиелеудің нарығын дамыту

  17. ҚР-да құнды мемлекеттік қағаздарды дамыту мен қалыптастыру

  18. ҚР-да мемлекеттік емес қағаздар нарығының дамуы мен қалыптасуы

  19. Қазақстанның экономикасындағы салықтық-бюджеттік реттеу жұмыстары

  20. ҚР-дағы коммерциялық банктердің инвестициялық әрекеттерін мемлекеттік реттеу


10. СӨЖ кеңес алу кестелері

Кеңес беру барлық сұрақтар бойынша ағымдағы семестрлік кестесі бойынша жүзеге асады


11. Білім алушылардың білімдерін тексеру кестесі

Әр тапсырманың орындалуы 0 ден 100 балға дейін бағаланады


Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру мен орындау кестесі




Түрлері

Тапсырманың мазмұны, тақырыбы мен мақсаты

Ұсныла

тын әдебиет



Орында

лу жалғасымдылығы



Бақы

лау пішіні



Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Эссе, конспект

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы

1,2

2 апта

Ауыз


ша баяндама

2-ші апта

2

Тестілік сұрақтар, конспект

Қазақстан Республикасы

ның банктік секторының дамуы мен болашағы



2,8

1 апта

Ауыз

ша баяндама



3 апта

3

Блок-сызба, конспект

Қазақстан Республикасы

ның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің дамуы мен болашағы



3,4

1 апта

Ауыз

ша баяндама



4 апта

4

Тестілік сұрақтар, эссе

Қазақстан Республикасы

ның сақтандыру секторының дамуы мен болашағы



4,5

3 апта

Ауыз

ша баяндама



5 апта

5

Тестілік сұрақтар, эссе

Қазақстан Республикасы

ның сақтандыру секторының дамуы мен болашағы



5,6

3 апта

Ауыз

ша баяндама






6

Тестілік сұрақтар, эссе

Қазақстан Республикасы

ның сақтандыру секторының дамуы мен болашағы



7,8

3 апта

Ауыз

ша баяндама



7 апта

7

Конспект, блок-сызба

Қазақстан Республикасы

ның қор нарығының дамуы мен болашағы



6,8

1 апта

Ауыз

ша баяндама



8 апта

8

Рубеждік бақылау

Тақырыптар 1-5







Коллоквиум

8 апта

9

Каллок

виум, презентация



Қазақстан Республикасы

ның инвестициялық қордың дамуы мен болашағы



2,5

2 апта

Ауыз

ша баяндама



9 апта

10

Каллок

виум, презентация



Қазақстан Республикасы

ның қор нарығының дамуы мен болашағы



2,5

2 апта

Ауыз

ша баяндама



10 апта

11

Конспект, эссе

Қазақстан Республикасы

ның Ұлттық Банкінің ақшалай-несиелік саясаты



3,5

2 апта

Ауыз

ша баяндама



11 апта

12

Конспект, эссе

Қазақстан Республикасы

ның Ұлттық Банкінің ақшалай-несиелік саясаты



1,8

2 апта

Ауыз

ша баяндама



12 апта

13

Конспект, аннотация

Қазақстан Республикасы

ның валюталық нарығының дамуы мен болашағы



2,4

1 апта

Ауыз

ша баяндама



13 апта

14

Конспект, презента

ция


Қазақстан Республикасы

ның форсталған индустриялық-инновациялық дамуының қаржылық қырлары



2,4

1 апта

Ауыз

ша баяндама



14 апта

15

Рубеждік бақылау

Тақырып 1-9







Коллоквиум

15 апта

12. Білім алушылардың білімдерін бағалау өлшемдері


Пәнді оқу, үйрену уақытында емтихан тестілеу түрінде жалғасады, онда барлық өтілген материал қамтылады.Емтиханға босату үшін міндетті жағдай – бағдарлама бойынша барлық қарастырылған тапсырмалардың орындалуы.

Әр тапсырма 0-100 балл аралығында бағаланады.

Босату рейтингі барлық ағымдағы сабақтар бойынша берілген тапсырмалардың орташа арифметикалық шамасы бойынша есептеледі (тәжірибе бойынша бағалау, СӨЗ тапсырмалары, рубеждік бақылау).

Қорытынды бақылау (ҚБ) пән бойынша босатылатын студенттер, жұмыс бағдарламасының барлық талаптарын іске асырып, ( тәжірибелік жұмыстарды жүзеге асырғандар, СӨЖ бойынша да) және босату рейтингінің ұпайын жинаушылар ( 50 баллдан кем емес).

Студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі пән бойынша қорытынды бағамен анықталады (Қ), яғни ҚБ мен РБ бағалары бойынша қалыптасады (емтихан) салмақтық үлесі назарға алынады (ВДРД және ВДИК):

Салмақтық үлес жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі.

Пән бойынша қорытынды баға мына жағдайларда есептеледі, егер білім алушы қалыпты бағаларға ие болса, босату рейтингі бойынша және қорытынды бақылау бойынша да. Қорытынды бақылауға келмеу себепсіз жағдайда «қанағаттанғысыз» деп бағаланады.

Пән бойынша емтиханның нәтижелері студенттерге сол күні не келесі күні жеткізіледі, емтихан болса екінші күн жартысында белгілі болады.

Оқудың жетістіктері, яғни білім, дағды, икем, машық, пән бойынша көп балды әріптік жүйе бойынша бағаланады, сол сияқты оның сандық баламасы мен дәстүрлі бағалау шкаласы болады:


Әріптер реті жүйесі бойынша бағалау

Ұпайдың сандық баламасы

Пайыздық мазмұн

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанғысыз

13. Оқытушыға қойылатын талаптар, саясат пен шаралар

Пәнді игеру барысында магистрант ұмтылуы қажет:



  • әр сабаққа қатысуға;

  • оқу сабақтарына белсене қатысуға;

  • регламент сақтауға;

  • курстастары мен оқытушыларына қатысты дұрыс қарым-қатынас жасауы;

  • басқа қатыушылардың пікірін тыңдау, сыйласымды көзқарас;

  • өте тыңғылықты болу, сабақтың басталуын тоспау;

  • сабақ кезінде телефонмен сөйлеспеу.

Аудиториялық сабақтардың барлығына толықтай қатысу, кешікпеу де басты талаптар қатарынан орын алады. Сабақтарды босату деканат тарапынан тапсырмалар алуға рұқсат етілген соң қайта жұмыс жасалады. Жұмыстарды уақтлы тапсыру керек. Барлық тапсырмаларды толық орындамаған студенттер емтиханға босатылмайды.

Өтілген материалдарды қайталау мен тақырыптарды қайталау әр сабақ пәні бойынша міндетті болып саналады. Игерілген оқу материалдарының деңгейі тест не жазбаша жұмыс бойынша тексеріледі.

Студенттердің өздік жұмыстарын орындауларында оқытушының басқаруымен жалғасады, келесі төрт негізгі қызмет ескеріледі.

Біріншісі – оқытушының ақпараттарын студенттердің белсенді жүзеге асыруы орын алып, пән бойынша лайықты машық, дағды алу басты назарда болады.

Екінші қызмет бойынша студенттер өздігінен, оқытушының нұсқаулары бойынша оқу-әдістемелік құралдарды оқып-үйренеді, әдеби және интернет-көздермен танысады, үй тапсырмаларын орындайды. Бұл кезеңде студенттерден жұмыс әдістерін игеру талап етіледі, өз қиындықтарын жеңіп, өздерін-өздері ұйымдастырып, тәртіп жайын назарда ұстайды.

Үшінші қызмет –студенттер өздерінің қиын ахуалдарын жүйелей және талдай алулары, оқу материалын игеру мен түсінудегі қиындықтардың себептерін анықтау, басқа да оқу әрекеттерін жүзеге асыру. Студенттер қиындық туғызатын сауалдарды оқытушыға жолдап, түсінік алады, қосымша ізденеді, бұл сұрақтарға өздерінің жауаптарын алға тартады.



Төртінші қызмет студенттерде оқытушыға жолығып, әр түрлі кеңес, түсінік алумен ұштасады.

14. Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет

  1. www.afn.kz/

  2. www.nationalbank.kz/

  3. www.kase.kz/

  4. Газеттер: Деловая неделя, Панорама, Казахстанская правда и др.

  5. Журнал «Банки Казахстана»

  6. Журнал «Рынок ценных бумаг Казахстана»


Қосымша әдебиет

  1. О банках и банковской деятельности в Республики Казахстан: Закон РК от 31 августа 1995 года №2444/ Правовая система «Зан»Медиатека ПГУ

  2. О государственном регулировании и надзоре финансового рынка и финансовых организаций: Закон РК от 4 июля 2013 года №474/ Правовая система «Зан»Медиатека ПГУ

  3. О Национальном Банке Республики Казахстан: Закон РК от 30 марта 1995 года №2185/ Правовая система «Зан»Медиатека ПГУ

  4. О пенсионном обеспечении: Закон РК от 20 июня 1997 года/ Правовая система «Зан»Медиатека ПГУ

  5. О рынке ценных бумаг: Закон РК от 2 июля 2013 года №461/ Правовая система «Зан»Медиатека ПГУ

  6. О страховой деятельности: Закон РК от 18 декабря 2010 года №126/ Правовая система «Зан»Медиатека ПГУ

  7. Об акционерных обществах: Закон РК от 13 мая 2013 года/Правовая система «Зан»Медиатека ПГУ

  8. Об инвестиционных фондах в Республики Казахстан: Закон Республика Казахстан от 7 июля 2014 года/ Правовая система «Зан» Медиатека ПГУ





жүктеу 2,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау