Пән бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)


Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі



жүктеу 2,07 Mb.
бет2/8
Дата14.05.2018
өлшемі2,07 Mb.
#13037
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаржы кафедрасы

ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ(Syllabus)
6М050900 «Қаржы» мамандығы магистранттары үшін

APFPSED 5306 пәні: «Экономикалық әрекеттердің субъектілерінің қаржылық саясатының өзекті мәселелері»



Павлодар, 2013 ж.


Пән бағдарламасының бекітілу парағы (Syllabus)





Пішіні

Ф СО ПГУ 7.18.4/19




БЕКІТЕМІН

ҚЭФ Деканы

___________ Т. Я. Эрназаров

(қолы)


«___»_____________20__ж.

Құрастырушы: э.ғ.к., доцент Салихова А. Р.

аға оқытушы Стегайло И.В.

аға оқытушы Дюсембекова С.Р.



Пән бағдарламасы (Syllabus)

APFPSED 5306 Пәні «Экономикалық әрекеттердің субъектілерінің қаржылық саясатының өзекті мәселелері »

6М050900 «Қаржы» мамандығын оқытудың күндізгі формасының магистранттары үшін
Бағдарлама жұмыс оқу бағдарламасының негізінде дайындалды, бекітілді «___» _________20__ж.
Кафедраның мәжілісіне ұсынылды «___»____________20__ж.
Хаттама №_____

Кафедра меңгерушісі ___________ Д.З. Айгужинова «____» ________20__ж.

(қолы)
Қаржылық-экономикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«____»______________20__ж. Хаттама №____


ОӘК төрағасы ___________ А. Б. Темиргалиева «____» ________20__ж.

(қолы)


1. Оқу пәнінің паспорты
Пәннің атауы «Экономикалық әрекеттердің субъектілерінің қаржылық саясатының өзекті мәселелері »

Пән компоненті таңдау бойынша


Несиенің көлемі мен қарастыру мерзімі

Барлығы – 2 несие

Курс: 1

Семестр: 2



Барлық аудиторлық сабақтар – 30 сағат

Дәріс сабақтары – 15 сағат

Тәжірибелік /семинар сабақтары - 15 сағат

МӨЖ – 60 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылығы - 90 сағат

Бақылау пішіні:

Емтихан: 2 семестр


Пререквизиттер

Аталмыш пәнді игеру үшін міндетті түрде білім, икем, машық, дағды қажет, яғни келесі пәндерді меңгеруде иелік етеді:



  • Қаржы.


Постреквизиттер

Аталмыш пәнді игеру үшін міндетті түрде білім, икем, машық, дағды мамандық бойынша қорытынды мемлекеттік аттестацияға дайындалу үшін қажет.


2. Пән, мақсаты мен міндеттері
Пәннің негізі мен оның тағайындалымы экономиканың дамуымен қатысты, яғни қаржылық жүйенің ұтымды құрылу жағдайына белгілі мөлшерде қатысты, кең ауқымда түсіндіріліп, тек қана мемлекеттің қаржысына ғана байланысты жайлар назарда болмайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда қаржылық жүйенің жаңа элементтері дамуда және қалыптасуда, қаржылық құрылымдардың қосалқы жүйесіне енеді, олардың ішінде ерекше рөлді алатын институттар, экономикалық субъектілер арасындағы қаржылық ресурстарды қайта бөлу жайын қамтамасыз етеді. Олардың әрекеттерінің тиімділігі ақша саласының жағдайына ықпал етеді, экономиканың инвестициялық потенциалы мен олардың жүзеге асуының мүмкіндіктеріне әсер береді, ақтық нәтижеде, экономиканың дамуының және төмендеуінің жағдайларын анықтайды.

Пәнді оқытудың мақсаты тыңдармандарға Қазақстанның қаржылық жүйесінің реформалануының негізгі кезеңдері туралы мәселелерді терең игерту болып саналады, қаржылық жүйенің жекелеген элементтерінің қазіргі жағдайына талдау дағдыларын алуларына мүмкіндік береді, сол сияқты басқа да негізгі мәселелерді қарастыру мен даму бағыттарын айқындауға жол ашады.
Пәнді оқытудың міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының өзекті мәселелерін қарастыру;

  • мемлекеттің қаржылық әрекеттерін қарастыру, экономиканың дамуының негізгі тенденцияларына назар аудару, экономиканың дамуына кедергі келтіретін факторларды қарастыру;

  • Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесінің элементтерінің аясында жеткілікті білім қалыптастыру;

  • Қаржылық жүйеде туындаған мәселелерді магистранттардың зерттеулеріне жағдай туғызу, алынған білім негізінде дағдарыстан шығу жолдарын ұсыну.


3. Қалыптасатын біліктілік:

Білім мен түсініктер:



  • Қазақстанның экономикасының дамуының негізгі тенденциялары мен қаржылық жүйесінің жекелеген элементтері ;

  • тұтастай елдің экономикасының дамуына кедергі келтіретін өзекті мәселелер хақында, сол сияқты қаржылық жүйенің жекелеген элементтері турасында;

  • Қазақстанның экономикасының дамуының болашағы туралы және қаржылық жүйесінің жекелеген элементтері барысында.

Білім мен түсінікті пайдалану:

  • елдің қаржылық жүйесінің жекелеген элементтерінің дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтау;

  • елдің қаржылық жүйесінің жекелеген элементтерінің дамуының негізгі бағыттарын қалыптастыру.

  • Қазақстанның экономикасының дамуын бөгейтін үдерістерді талдау;

  • елдің қаржылық жүйесінің жекелеген элементтерінің қазіргі жағдайын бағалау.

Тұжырымдар қалыптастыру:

  • алынған білімді пайдалану арқылы зерттеліп отырған сұрақ туралы жеке пікір қалыптастыру;

  • пікірталастарда, ғылыми конференцияларда алынған біліктіліктерін көрсете білу.

Коммуникация:

  • аналитикалық және статистикалық ақпараттарды меңгеру, заңдарды игеру, мақсаты – қаржылық жүйенің мәселелерін анықтау;

  • Мемлекеттің қаржылық-шаруашылық әрекетінің саласында туындайтын мәселелерді түсіну;

  • мемлекеттің қаржылық жүйесінің жекелеген саласында мәселелерді шешу;

  • пікірталастарда, ғылыми конференцияларда алынған біліктіліктерін көрсете білу.

Оқыту дағдылары:

  • Қазақстанның қаржылық дамуы мен қалыптасуының кезеңдері, аталмыш бағыттағы заңдар мен ережелерді иггеру;

  • қаржылық жүйені тұрақтандырумен қатысты нақты міндеттерді шешу, Мемлекеттің қаржылық жағдайын нығайтудың факторларын білу, бағаның тұрақтылығын қолдау;

  • олардың рөлін түсіну мен қаржылық жүйедегі өндірістік үдерістердің мәніне назар аудару, сол сияқты мемлекеттің орташа мерзімді фискальды саясатын талдауды үйреніп, қызметке қатысты мәселелерді айқындап, шешу жолдарын нақтылау;

  • ғылыми мақалалармен жұмыс, шетелдік тәжірибені тану


4. Пәнді танудың тақырыптық жоспары
Сабақтың түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу

п/п

Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша аудиторлық сағаттардың көлемі

СӨЖ

дәріс

практ. (сем.)

лаб., студ., жеке жұмыс.

Бар

лығы

Оның ішінде СӨ

АЖ

1

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы

2

2




10

2,5

2

Қазақстан Республикасының банк секторының дамуының жағдайы мен болашағы

3

3




6

1,5

3

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін дамытудың жағдайы мен болашағы

2

2




8

2

4

Қазақстан Республикасының сақтандыру секторының дамуының жағдайы мен болашағы

1

1




6

1,5

5

Қазақстан Республикасының қор нарығының дамуының жағдайы мен болашағы

3

3




6

1,5

6

Қазақстан Республикасының инвестициялық қорының дамуының жағдайы мен болашағы

1

1




6

1,5

7

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақшалай-несие саясаты

1

1




6

1,5

8

Қазақстан Республикасының валюта нарығының даму жағдайы мен болашағы

1

1




6

1,5




Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының қаржылық аспектілері

1

1




6

1,5




Барлығы: 90 (2 кредит)

15

15




60

15

6. Дәріс сабақтарының мазмұны
Тақырып 1. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы

Жоспар:

1. 2009 жылғы негізгі қорытындылар.

2. Экономиканың шынайы секторы.

3. Салықтық-бюджеттік сала.

4. Төлемдік баланс пен сыртқы қарыз.

2012 жылы Қазақстанның экономикасы өсу қарқынының баяулауы алға тартылды. Қосымша бағалау бойынша, 2012 жылы ЖЖӨ шынайы өсуі 2011 жылмен салыстырғанда 5%-ды құрайды немесе 30 072,5 млрд тенге, яғни 0,4 пайыздық пункт немесе 1 383,5 млрд тенге, жоспарланған көрсеткіштерден төмен. Өнеркәсіптің артуы 0,5% бағдарланған өсуде - 2,7%", - қаржы мен бюджет бойынша мәжіліс комитеті өз қорытындысында.

Ауыл шаруашылығының жиынтық өнімінің көлемі 2012 жылы 17,8% -ға азайды, 2011 жылмен салыстырғанда (бағдарланған төмендеуде - 12,3%) және 1233,5 млрд тенгені құрады.

«Экономиканың өсуіне ықпал ететін сыртқы фактор –мұнайға қатысты әлемдік бағаның жоғары деңгейі. 2012 жылы мұнайға қатысты баға әр баррель үшін -$111,97 (Brent маркалы мұнай), бағдарлы бағадан жоғары - $11,97", - деп атап өтеді комитет.

Инфляция деңгейі 2012 жылдың желтоқсанында 6% -ды құрады, бұл 2011 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,4% төмен, яғни - 7,4%.

«Инфляция деңгейі жоспарлы интервалдар шегінде қалыптасты - 6-8%. Азық-түлік тауарларына бағаның өсуі - 0,8%-ды құрайды, бұл 3,8% өткен жылдың көрсеткішінен төмен, 9,1%-ды құрайды. Азық-түлікке енбейтін тауарларының бағасының артуы - 0,3%-ды құрайды, 2011 жыл көрсеткіші - 5,3 %, төлемдік қызметтер - 9,3% ал 2011 жылдың көрсеткішінде - 7,3%", - дейді қорытындысында.

Елдің халықаралық резервтері тұтастай, Ұлттық қордың ақшасын қосқанда ($57,8 млрд), 1 қаңтар 2013 жылы $86,0 млрд теңгені құрайды, және 1 қаңтар 2012 жылмен салыстырғанда артқан, соған сай көрсеткіш: 17,9% және 32,4%.

Комитеттің ақпараты бойынша, тұрғындардың орташа жан басына шаққандағы ақшалай кірісі - 6,8% , 2012 жылы қаңтар-желтоқсан айларында шынайы мәні - 618,3 мың. тенге. Жұмыссыздықтың деңгейі 2012 жылдың соңында 5,3% құрайды, бағдарлы көрсеткіш - 5,8%.

Қаржы Министрлігінің деректері бойынша Қазақстанның дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері жеткілікті дәрежеде тұрақты болып қалды, соңғы уақытта экономикалық өсу баяуласа да. Шынайы ЖЖӨ-нің өсу қарқыны 2011 жылдағы 7 пайыздан 2012 жылы 5 пайызға төмендеді. 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында әлі де жоғары деңгей сақталынуда - 4,6 пайыз. Қосымша бағдар бойынша бұл деңгей ағымдағы жылдың срңына дейін сақталады немесе жоғарылау жағына қарай өзгереді. Бұндай жеткілікті жоғары қарқын экономикалық өсу бағытында еңбекпен қамтуды арттырудың мүмкіндіктеріне ие болды, яғни жуық шамамен – жылына 2,5 пайызға, оның үстіне бұл көрсеткішті келесі үш жыл көлемінде сақтауға болады. Бірқатар азық-түлік тауарларына бағаның төмендеуіне қатысты жалпы инфляцияның лайықты деңгейі мақсатты диапазоннан біраз төмендеді - 6–8 пайызға, ал базалық инфляция тұрақты болып қала береді, яғни жуық шамамен - 5–5,5 пайыз. Орталық банктің реқаржыландыру ресми жүктемесінің жиынтық төмендеуінен кейін 200 базисті пунктке 2012 жылдың басында, 2012 жылдың тамызынан ресми органдар жүктемені өзгеріссіз сақтайды - 5,5 пайызға.

Қарапайым тілмен айтқанда негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер анағұрлым тұрақты болмақ, өсудің азаюы 2011 жылмен салыстырғанда экономикалық дағдарыстан шығып, соған сай көптеген экономиканың секторындағы көлем дағдарысқа дейінгі мүмкіндікке қол жеткізуге ұмтылады, сонымен байланысты жалпы өсудің қарқынды өсуі байқалады, аталмыш жағдай Ресейдің көптеген елдерде байқалады. ЖЖӨ өсуі жылына - 4-5 пайыз – бұл елдің дамуының тиімді көрсеткіші.

Қаржылық секторды жандандыру мен біртіндеп қалпына келтіру жүзеге асады. Соңғы жылдың банк кірісінің көрсеткіші елеулі түрде жақсарды, бұрынғыша кейбір көрсеткіштер әлсіз болып саналады: ірі банктерде активтердің кірісінің коэффициенті ( БТА мен Альянс басқа) өткен жылы өткен жылы 1 пайыз. Капиталдың жеткіліктілігінің коэффициенті жүйе деңгейінде 2012 жылы 17 ден 18 пайыз, сыртқа қарыз реқұрастырудан кейін БТА рекапитализациясы мемлекеттік қаражаттан жүзеге асты. Жеке секторға несиенің артуы тұтастай алғанда шектік болып қалады, тұтыну несиесі, шағын және орта банктерде ыңғай алып, қарқынды негізде артатын болады (төмен базамен). Қамтамасыз етілмейтін несиелердің үлкен көлемімен реттеу бойынша шаралар (ҚЕН) жалғасуда, бірақ әзірге шектеулі жағдайда.

Банктік емес секторға не қатысты, Қазақстанның 11 зейнетақы қоры активтердің жалпы сомасымен - 21,2 млрд АҚШ доллар (ЖЖӨ 11 пайызы) орталық банктің ішінара басқаруымен біріктіріледі, 2013 жылдың басында Елбасының жарлығына сай қолға алынған.

Ақпарат кең ауқымда келтірілген, бірақ ол кейбір мамандарға ғана лайықты дәрежеде түсінікті жеткізілді. Біздің екінші деңгейлі банктер біртіндеп экономикалық дағдарыстан кейін өздеріне келе бастауда, бұл үдеріс өте баяу жүруде. Банктерден кіріс бар, бірақ ол әзіргі өте төменгі деңгейде. Қайтарылмаған несиелердің жеткілікті мөлшері сақталуда. Тұрғындарды тікелей ақшалай несиелеудің деңгейі салыстырмалы түрде аса жоғары емес, соның өзінде тұтыну несиесінің деңгейі артуда.

Принципінде бұл арада жаңалықтар жоқ, барлығына белгілі, дағдарыс кезеңінде банктік жүйенің біраз болса да қиындыққа ұшырағаны белгілі, ұсынылған сенімсіз несиелердің көлемі өте үлкен болды және бұл мәсәле ең соңында тығырыққы ұшырады. Қазіргі уақытта баяу түрдегі айқын қалпына келтіру үдерісі байқалуда және бұл саланы сауықтыру белең алуда, банк басшылары өткен қателіктерде ескеріп, болашақта қайталамауға тырысады.

2012 жылы мемлекеттік бюджеттің жағдай біраз нашарлайды, көбінесе бұл мұнай секторының әлсіз көрсеткіштерінен орын алды, сол сияқты жаңа мұнай жобалары үшін салықтық жеңілдіктер орын алып, шығындардың арту сәйкестігі ЖЖӨ-нен 0,8 пайызға жетті. Мұнай тапшылығы артты, 8,8 ден 9,0 пайызға, ЖЖӨ-нің 6 пайызының тұрақты орташа мерзімді деңгейімен салыстырғанда. 2013 жылдың басында кіріс көрсеткіштері қатыстық тұрғыда төмендеу болды және шығындар деңгейі де төменге түсті. Орташа мерзімді болашақта ресми органдар ірі инвестициялық жобаларды кеңейтілген мемлекеттік секторда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жоспарлауда, экономикалық даму мен диверсификациялау үшін.

Өсі перспективалары берік болып саналады. Күтілетіні, 2013 жылы ЖЖӨ артуы - 5,25 пайызды құрады, 2012 жылмен салыстырғанда анағұрлым жоғары, мұнай секторында және ауыл шаруашылығында өндіріс көлемін қалпына келтіру үрдісі ізінше. Орташа мерзімді перспективада өсудің жалпы қарқыны 2015 жылы Қашаған мұнай орнының толыққанды игерілуі арқасында жоғарылайды. Өсудің бағдарланған қарқынына қол жеткізе алмаудың негізгі тәуекелдіктері - әлемдік экономикадағы потенциалды төмендеу, әсіресе ресей мен қытайда, сол сияқты мұнай бағасының төмендеуі де ықпал етеді.

Ең алдымен, мемлекеттік бюджеттің жағдайының нашарлауының кереғар факторын өз көзқарасымыз бойынша қарастырамыз, бірден атап өтерлігі, бұл мұнайдың ахуалына да байланысты екені белгілі. Бұл уақытша мәнге ие, мұнайға баға ауытқып, оларды игеру бойынша жаңа жобалар іске қосылды. Бұл жобалар үшін кейбір салықтық жеңілдіктер ұсынылды, толыққанды қуатты иелену барысында бұл жобалар кірістің артуына жол ашып, мемлекеттік қазынаны толтыруға мүмкіндік береді. Орташа мерзімді болашақ бағдарлары барлық мәселені шешпейді, 2015 жылы Қашағанда толыққанды мұнай әрекетіне көшу серпін бермек, мұнай саласының жалпы кірісін арттырып, мемлекеттік бюджетке қаражаттың түсуін арттырады.

Мұнайға қатысты бағаның төмендеуіне қатысты тәуекелдіктер әрқашан іске аспақ, мұнай өндіруші кез келген елдерде бағдарларды қалыптастыру да мүмкін емес. Оның үстіне, мұнай бағаларының жағдайына бақылау соңғы жылдары оңтайлы ахуалдарға жол ашуда, Ресей мен Қытайдың экономикасының дамуына да потенциалды төмендеу тән, бұл арада көпшілігі әлемдік экономиканың жалпы дамуымен байланысты, яғни ықтимал дағдарыс жағдайында келеңсіз жайлардан қашу мүмкін емес.

ЖЖӨ-нің өсу болашағы қуантады, анағұрлым берік дамуда, мұнай секторында тапшылық жоқ, ал Өкімет шығындарды диверсификациялау шараларын қолданады және инвестициялық жобаларды іске асыруды жолға қояды, яғни жақын болашақта біздің елдің жалпы өсуіне қалыпты ықпал жасайды.

Қаржы Министрлігінің өкілдерінің деректері бойынша біздің елдің экономикалық дамуын бағалауға мүмкіндік бар, сол сияқты лайықты ұсыныстар беріледі.

Олар экономиканың жағдайын қалыпты бағалауға жол ашып, Қазақстанның тұрақты өсуін құптады. Бұдан басқа атап өтілгені, өсудің орташа қарқыны соңғы онжылдықта - 8 пайыз, мұнай бағасының өсу көлемін қолдап, Қазақстанның жағдайының барысы аймақтың негізгі экономикалық салаларына қатысты екендігі белгілі. Өкілдер ресми органдарды оңтайлы перспективаларды қолдануға шақырды, экономикалық скясаттың негіздерін нығайту үшін айқын мақсат пен өсу дәрежесінің нәтижелі болуы көзделеді.

Нұсқаулар ретінде қамтамасыз етілмейтін несиелердің мәселелерін реттеу үшін шешімді әрекеттер қажеттіліктері атап өтілді және қаржылық тұрақтылық үшін тәуекелдікке қарсы жұмыстар назарға алынды. Негізінен, ҚЕН реттеудің баяу қозғалыстары барысында ресми органдарға Қорда жоспарланып отырған мәселелі несиелер мен ҚЕН жаңа лимиттерін қатаң сақтау жүзеге асады, сол арқылы толыққанды нормативтерге сай әрекет ету жалғасады.

Тұтыну несиелерінің қарқынды өсуі барысында, ресми органдар директорды тәуекелдікті басқарудың жеткілікті сенімділігін қамтамасыз ету мен несиелеудің тәжірибелерін іске асыру көзделеді, нәтижесінде ҚЕН мәселелерін асқындырмау көзделеді. Осылармен байланысты маңызды мән әрі қарай бақылауды күшейту мен көптеген макропруденциалды құралдарды лайықты іске асыру көзделеді, бақылауды нығайту мен ликвидтілік тәуекелдігін бағалауды жандандыру көзделіп, алдын ала ескертудің жүйесін дамыту көзделеді. ҚМ директорын сақтандырған жайт, мемлекеттің қолайсыз әрекетті бастан кешіріп отырған банктерде жоспарлы түрде жұмысты жолға қоюды үшін нарықтық негіздегі операциялар жалғасып, жұмыстардың айқын болуы көзделеді, банктердің жұмысының тұрақтылығын арттырып, жаңа тәуекелдіктерінен сақтандыру көзделуде.

Нұсқауларда атап өтілгені, мұнайлы емес тапшылықтардың орташа болашақта төмендеуі басты алғышарт болып саналмақ, және бұл фискальды консолидацияның сенімді стратегиясы болуын талап етеді. Бұл арада атап өтілгені, консолидация жоспарлары, орташа мерзімді бюджеттік негізде құжаттарда орын алып, жарияланғандарына лайықты болуы көзделеді (бюджетте көрсетілмеген), мемлекеттік шығындардың ірі көлемді жоспарларында байқалғандай, даму мен диверсификацияның өкіметтік бағдарламаларымен тығыз байланысты болады.

Сол сияқты ҚМ директорын әрі қарай мұнай экономикасында төмендеуге қатысты шаралар қолдануға шақырды. Негізінен, тиімді де нәтижелі диверсификация үшін, яғни жеке сектордың негізгі рөлінің артуына ықпал етуде, міндетті түрде адами капиталды дамыту мен кәсіпкерлік әрекеттер мен институттарды өркендету көзделеді.

Елдің қаржылық секторы мен экономикасын лайықты дамыту үшін міндетті түрде аталмыш секторлардың қазіргі жағдайларына тиянақты талдау жасалады. Зерттеудің негізгі мақсаты – ҚР-ның қазіргі банк секторын және экономика жағдайларына талдау.

Әлемнің әр түрлі елдеріндегі экономикада экономикалық өсудің қалпына келтіру үдерістері байқалады, яғни дағдарысқа қарсы жүргізілген шаралар мен әлемдік сауданың өсуіне қатысты. ҚМ пікірі бойынша, дамыған елдердің дамуы бойынша бағдарлар төмендеу ықтималдығына ие болуы мүмкін (кесте. 1). [4]

Дамушы елдер әлемдік өсудің маңызды факторы болып саналады, оның себебі, экономикалық ықпалдың артуы мен дамушы елдермен салыстырғанда өсудің жоғары қарқыны себепкер болады, дамушы елдердің үлесінің артуы әлемдік ЖЖӨ-де экономикалық ықпал мен дамушы елдермен салыстырғандағы жоғары өсу нәтижесінде қалыптасты.

Біздің көзқарасымыз бойынша, Қазақстанның экономикасы бойынша ЖЖӨ-нің өсу қарқыны төмендеуде. Жалпы жиынтық өнімнің өсуі 2010 жылы 3,8 % -ды құрайды және деңгейі - 17 202,6 млрд тенге. 2009 жылы тұрғындардың жан басына шаққанда ЖЖӨ - 6 958,4 АҚШ долл. және 2003 жылмен салыстырғанда 3,3 ретке артқан, бірақ, 2008 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, тұрғындардың жан басына шаққанда ЖЖӨ 1,2 ретке азайған (кесте. 2), тұрғындардың жан басына шаққанда ЖЖӨ төмендеу себебі көмірсутекке қатысты әлемдік тағаның төмендеуінен [3].

2010 жылы тұрғындардың жан басына шаққанда ЖЖӨ көрсеткіштері 2009 жылмен салыстырғанда артты, бұның өзі Қазақстанның экономикасының дағдарысқа қарсы қабылдаған шараларының қалыпты ықпалы туралы айғақтайды. Сол сияқты тағы да міндетті түрде атап өтерлік жағдай, 2010 жылы мұнай бағасы тұрақтанып, соған сай тұрғындардың жан басына шаққанда ЖЖӨ көрсеткіштері артты, 2010 жылғы көрсеткіштері - 7379,3 АҚШ долларын құрады. Тұрғындардың жан басына шаққанда ЖЖӨ көрсеткіштері артуы, қарқынды түрде орын алуы шикізат секторының алдыңғы жылдары өсуіне қатысты болды. Тұрғындардың жан басына шаққанда ЖЖӨ 2003 жылдан 2010 жылға дейін жуық шамамен - 7 %.

Біздің көзқарасымыз бойынша, қазақстандық экономикада жағдай ұтымды. ҚМ 2010 жылы өсу бағасын көтерді 4 тен 5,4 % -ға дейін және оны 2011 жылы 5 % ауқымында болжайды. ЕБРР және Сити Банк анағұрлым оңтайлы көзқараста, өсу барысын 5,3 және  5,5 деңгейінде күтуде, соған сай, Ренессанс Капитал мен АТФ Банк Қазақстанның экономикасының өсуін 3,7 және 4,5 % деп бағдарлауда.

Композитті алдыңғы қатарлы индикатор қазақстандық экономикада сол сияқты 2011 жылы Қазақстанның экономикасының қалыпқа келу үдерістерінің жалғасуын нұсқайды (сурет 1) [1]. Атап өтерлігі, КОИ жеткілікті көлемде экономиканың рецессиядан шығуының байланыс нүктесін дәл анықтап берді, жуық шамамен - 1 жыл. КОИ ағымдағы мәні байқатқандай, 2011 жылдың соңына қарай Қазақстанның экономикасы өзін-өзі қалпына келтіру дәрежесіне дейін көтеріледі.


Кесте 2 Қазақстан Республикасының макроэкономикалық жекелеген көрсеткіштерінің динамикасы

 


Көрсеткіш

2003 г.

2004 г.

2005 г.

2006 г.

2007 г.

2008 г.

2009 г.

2010(о) г.

2011(п) г.

2012(п) г.

ЖЖӨ (номиналь), млрд тенге

4612,0

5870,1

7590,6

10213,7

12849,8

16052,9

15887,8

17202,6

19414,9

22016,5

ЖЖӨ, млрд АҚШ долл.

30,8

43,2

57,1

81,0

104,9

133,4

107,7

113,9

131,6

156,7

Шынайы ЖЖӨ өсуі

ЖЖӨ, %


9,3

9,6

9,7

10,7

8,9

3,3

1,2

3,8

4,5

5,0

Тұрғындардың жан басына шаққандағы ЖЖӨ, долл.

2056,0

2859,2

3759,6

5295,1

6804,9

8597,5

6958,4

7379,3

8548,6

10204,2

Тұрғындардың жан басына шаққандағы ЖЖӨ, %

 

8,8


 

8,9


 

9,0


 

9,9


 

8,1


 

2,5


 

1,5


 

4,1


 

4,8


 

5,3


ИПЦ өсуі, %

6,4

6,9

7,6

8,6

10,8

17,1

6,2

7,6

8,0

8,0

Жұмыссыздық деңгейі, %

8,8

8,4

8,1

7,8

7,3

6,6

6,3

6,5

6,5

6,5

Алмастыру курс тенге /долл.США жыл соңында

 

144,2


 

130,0


 

134,0


 

127,0


 

120,3


 

120,8


 

148,5


 

151,0


 

144,0


 

137,0


Шынайы ішкі сұраныс, млрд тенге

 

3351,2


 

3547,9


 

3882,5


 

4210,4


 

4804,9


 

4233,3


 

5021,6


 

4911,6


 

5115,4


 

5357,4


Шынайы экспорт,

млрд тенге



1811,4

2014,3

2036,4

2168,8

2348,8

2391,1

2020,5

2222,5

2333,6

2567,0

Шынайы инвестиция, млрд тенге

670,2

821,0

1051,8

1364,1

1600,1

1627,3

1448,3

1506,2

1641,8

1789,6

Ескерту : (о) - баға; (п) - бағдар. ИПЦ – тұтыну бағасының индексі.


Сурет. 1.Қазақстандық экономиканың алдыңғы қатарлы және сәйкес көрсеткіштері


Қазақстан экономикасы 2009 жылдың қорытындысы бойынша қалыпты өсу жағдайында, яғни ауыл шаруашылығы есебінен және кен өндіру өнеркәсібі арқылы, 2009 жылдың ортасынан шикізат бағасының қалпына келуімен қатысты. Экономиканың өсу жағдайында өңдеуші өнеркәсіп пен сауданың өсуі қарқынды нәтижелерді байқатты: 19,1 және 12,9 % соған сай. Ішкі сұраныс факторынан басқа, өңдеуші өнеркәсіп пен сауданың өсуі алдыңғы дағдарыс жылдарының төменгі базасының тиімділігімен түсіндіріледі. Құрылыс пен қаржылық әрекет, яғни дағдарыс жылдары экономикалық өсудің негізгі қозғаушы тетіктері бола отырып, дағдарысқа дейінгі кезеңдерде бұндай көрсеткіштер белең алмаған. Сол сияқты атап өтерлігі, мемлекеттік дағдарысқа қарсы бағдарламалар аясында құрылыста қалыпты өсу реті байқалды - 4 % (рис. 2) [1].

ЖЖӨ қарастыруда 2009 жылдың шығындары бойынша оңтайлы өсу таза экспорттың қалыпты салымы арқасында сақталды, оның үстіне, аталмыш кезеңде экспорттың өсуімен негізделмеген, импорттың қысқаруымен ыңғай алады. 2010 жылы таза экспорт салымы артушы экспорттық салымдар есебінен өркендеді (сурет. 3) [1].



Сурет. 2. ЖЖӨ өсуіндегі салалардың салымы

Сурет. 3. ЖЖӨ өсуіне компоненттер салымы


Инвестицияның негізгі капиталға қысқару қарқыны баяулады, алайда инвестицияның экономиканың өсуіне елеулі салымы жүзеге аспады. Негізгі капиталдың жинақталуының төменгі деңгейі инвестицияның экономиканың шикізатты емес салаларына жеткілікті емес көлемдегі жиынтығының орын алуы өз кезегінде экономиканың өсуін орташа және ұзақ мерзімді болашақта шектейтіні белгілі (сурет. 4) [1].

Сурет . 4. Пайдалану бағыттарына қарай негізгі капитал инвестициясы
Шетел   инвестицияларының ағыны 2010 жылы қысқарды. Шетел   инвестицияларының төмендеуі 2010 жылы өңдеуші өнеркәсіп пен құрылыс секторы өнеркәсібі өзіндік қаражатының инвестицияларының артуының салдарынан ретін тапты.

Бағыттар бойынша инвестициялар құрылымын пайдалану байқатқандай, инвестициялық белсенділік шикізатты емес салаларда төменгі деңгейде орын алады. Бірнеше жылдар көлемінде соңғы уақыттарда шикізатты емес салаларда инвестициялар құрылымы көлемі тәжірибелік тұрғыда өзгеріссіз қалуда және бұл салалардағы өндірістік технологиялардың біртіндеп ескіруін байқатады, сол сияқты бірінші кезекте ұзақ мерзімді кезеңде өңдеуші өнеркәсіптің өсу барысы шектелген, қысқа мерзімді кезеңде өңдеуші өнеркәсіптің әрі қарай артуы несиелік ресурстарға қол жеткізудің ағымдағы жағдайларымен шектеледі, яғни аталмыш саланың кәсіпорынының инвестициясының басты көзі болып саналады.



Салықтық кодекстегі өзгерістер

«ҚР-дағы зейнетақымен қамтамасыз етудің заңдарының бұзылуы» атты 88-ші бапқа қатысты кейбір өзгерістер белең алды, әсіресе үшінші пунктке қатысты. Бұл нормаға сай, кәсіпкерлердің зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша өздерінің заңдық міндеттемелерін орындамауы салықтық орган тарапынан анықталып, өз соңынан ескертулермен ұласты, физикалық тұлғаларда, жеке кәсіпкерлерде таралып (ЖК), жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, заңды тұлғалар араласады. Ал егер жыл бойы салықтық инспекторлар тәртіп бұзуды қайталап кездестірсе, онда салық төлеушіні айыппұл күтеді. Оның үстіне, шағын және орта бизнес субъектілері үшін ол 30 пайызды құрайды, ал ірі кәсіпкерлер үшін - міндетті зейнетақы жарнасының және есептелген соманың 50 пайызы мөлшерінде төленеді.

Бұрынғы жылдардағы хаң нормаларын салыстыру үшін бұндай пункт қарастырылмаған, яғни ескерту, және құқық бұзушыға бірден әкімшілік айыппұл жазылады. Оның үстіне, іздестіру есебі соманың пайызына қатысты атқарылмаған, айлық есептік көрсеткіштер бойынша тағайындалады. Оның үстіне, жауапкершілікке тартылған қызметтік тұлғалар, бұрынғы тәртіп бойынша жауапкершіліктен ығыстырылды.

ҚР-ның «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңының бұзылуы бойынша әкімшілік айыппұл құқығымен жазалауға болмайды. Тәртіп бұзушы ескертумен шектеледі. Алайда қайтара тәртіп бұзу жағдайында төленбеген әлеуметтік шығындардан айыппұлды 30 дан 50 пайызға дейін төлейді.

Салықтық заңдардың өзгерістері камералық бақылауға да қатысты екені белгілі. Бұл фискальды бақылаудың бірден-бір пішіні, яғни салықтық қызмет салық төлеушілерге қатысты ұсынылған салықтық есептің талдау мен қарастыруға негізделеді, өкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтеріне сүйеніп, сол сияқты басқа да құжаттар мен салық төлеуші әрекеті туралы деректерге де сүйенеді. Бұндай бақылаудың мақсаты – кәсіпкерлерге нақтыланған қателіктерді өздігінен жоюға мүмкіндік беру. Бұл жағдайда тәртіп бұзушыға камералық бақылау бойынша мәлімдеме беріледі, яғни салық төлеуші тағайындалған мерзімде іске асыруы керек. 587-ші бапқа сай, жаңа редакциясы бойынша, пункт 2, өз күшіне 2013 жылы еніп, тәртіп бұзушылық туралы мәлімдеменің орындалуын келесі құжаттар арқылы баяндауы тиіс: кезеңдік салықтық есеп, яғни оған нақтыланған тәртіп бұзушылықтар жатады, бұндай мәлімдемені бағыттау бойынша салықтық қызметтік органдардың қызметтік тұлғаларының әрекетсіздігіне шағым мен олар бойынша түсініктер алға тартылады.

Нұсқалған мәлімдемемен келіспеушілік жағдайында алушы камералық бақылау бойынша нақтыланған нәтижелермен лайықты түсініктерді алға тартуына болады, егер бұндай қосымша өтініш болмаса, лайықты тәртіп бойынша жалғасады. Бұрын бұндай ереже қарастырылмаған.



2012 жылы республикалық бюджеттің орындалуы

1. 2012 жылы республикалық бюджеттің орындалуы экономиканың өсуі жағдайында жүзеге асты, сыртқы саудалық айналым мен негізгі капиталға инвестиция жолға қойылды. Бұлармен қоса қабат, экономиканың шынайы секторын қолдауға бағытталған қаражат өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің өсуі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемінің артуына қол жеткізбеді. Сол сияқты республикалық бюджеттің кірісінің орындалуында тәуелділік шикізат секторына қатысты, салық түсімдері мен импортталған тауарлардың, жұмыс пен қызметтің түрлеріне, бюджетке төлемдерге қатысты.


2. Республикалық бюджеттің орындалуы мен жоспарлану механизмінің жүйелі байланысы орын алмаған, нәтижесінде қаржылық жылы оны нақтылау мен түзету үдерістері бірнеше рет қайталануда.
3. Республикалық бюджеттің көрсеткіштері есептік жылы екі рет нақтыланды. Нәтижесінде, өзгерістер сипат алып, «Республикалық бюджет туралы» 2012 жылы 20 қарашада Заңға біраз дұрыстаулар орын алды, соның арқасында республикалық бюджеттің кірістері 2012 жылы 382,5 млрд. тенгеге азайып, 4 729,8 млрд. тенгені құрайды, ал шығындар 173,6 млрд. тенгеге қысқарды және 5 301,0 млрд. тенге болды. Бұл республикалық бюджеттен кірістің орындалын қамтамасыз етіп, есептік қаржылық жылы толық көлемде, ал шығындарды – 99,3%пайызға жеткізеді.
4. Республикалық бюджеттің кірісі 2012 жылы ЖЖӨ-нің 15,8% -ын құрайды, бұл 2011 жылдың деңгейінен 0,5 пайыз пунктке төмен (16,3%). Салықтық түсімдердің үлесі кірісте - 62,5% және 2011 жылмен салыстырғанда 1,5 пайыз пунктке азайғандығы аңғарылады.
5. 2012 жылы республикалық бюджетке түсімдердің көлемінің көрсеткіштерінің нақтыланған бағдарлары жүзеге аспаған, яғни салық пен төлемнің 13 түрі бойынша. 2011 жылмен салыстырғанда ірі салық төлеушілерден түсім 336,7 млрд. тенгеге азайған немесе - 21,4%. Бұл деректер қосымша түсімдердің қолда бар резервтерін толық пайдаланбаудан деп ұғынылады, яғни салықтық және кедендік төлемдердің жеткілікті жүзеге аспау жағдайлары байқалып отыр, бұлардың барлығы республикалық бюджеттің кіріс көзінің төмендеуіне соғады.
6. Республикада тауарлардан, қызметтен, ішкі өндірістен салықтық және басқа да түсімдердің төмендеуі байқалады. 2012 жылы более 90 кедендік төлемдер импортқа қатысты бажды құрады, бөлінген кедендік баж, шикі мұнайға баж лайықты түрде жүзеге аса бастады.
7. Салық бойынша және кедендік төлемдер бойынша преференциялар мен жеңілдіктер ұсыну механизмі шаруашылық субъектілерін қолдауға бағытталмаған – үстеме құнмен тауар өндірушілер. Салықтық және кедендік жеңілдіктер тиімділіктерін бағалау әдістері Өкімет тарапынан дайындалмады.
8. Есептік жылы шығындардың жекелеген көрсеткіштердің түзетілуі мен нақтылау аясында елеулі түрде өзгерді, республикалық бюджеттің кірісі функционалдық және экономикалық ерекшеліктерге қатысты. Республикалық бюджетті нақтылауда 2012 жылы қарашада шығындар азайтылды, бұларға қарамастан, пайдаланбағандары - 41,8 млрд. тенге.
9. 2012 жылы жылдық тағайындалымдар он қызметтік топтар топ бойынша орындалмады және отызға әкімшілік бюджеттік бағдалламалар жүзеге асады. Республикалық бюджет қайтарылды және және есептік мерзімде пайдалынылмады, жергілікті атқару органдары 50 млрд. тенге бюджеттік несие мен мақсатты трансферттерді жүзеге асырды.
10. Заң «2012 – 2014 жылдары республикалық бюджет бойынша» Өкіметтің шешімдерінде көптеген нормалардың мақсатты трансферттер облыстық бюджеттік, Астана, Алматы қалаларында түрлі бағытта жұмыстар атқарады.
11. Өкімет тарапынан мониторинг бюджеттік несиенің қаражатын бақылау төменгі деңгейде жүзеге асырылады, несиелік қаражат тиімсіз қолданылады, оларды жабудың мерзімі бұзылады, байқалған мақсаттарға қол жеткізілмейді.
12. 11 акционерлік қоғам мен бір РГП жарғылық капиталдың артуы қарастырылмаған 60,4 млрд. тенге бюджеттік бағдарламалардың әкімшіліктері толық көлемде игерілген деп есепте нұсқайды. Алайда, бақылау есепшоттарындағы қалдық аталмыш субъектілердің қаражаттары бойынша назар аудару барысында - 21,8 млрд. тенгені құрайды.

13. Республикалық бюджеттің атқарылу есебі бойынша оның тапшылығы - 906,5 млрд. тенге, 2011 жылмен салыстырғанда - 57,4%-ға артқан. Тапшылықты қаржыландыру үшін, негізінен, ішкі зайымдар тартылған. Ішкі нарықта қаражаттың көлемді кіріктірілуі мемлекеттік қарыздың артуына әкелді, сол сияқты оларды қамтамасыз етудегі шығындардың артуына соқты.

14. Қазақстан Республикасының сыртқы жиынтық қарызы нешний 2012 жылы 11,8 млрд. АҚШ долл. артты, немесе 9,4% және 137,0 млрд. АҚШ долларын құрайды.

15. Есептік комитеттің бағалауы бойынша, Өкімет тарапынан 2012 жылы республикалық бюджеттің орындалуы барысында пайдаланылмаған түрлерін ескре отырып, есептік мерзімді қаржылық тәртіп бұзушылық пен тиімсіз пайдалану - 219,1 млрд. тенгеге жеткен немесе 3,6% шығын. Қаражатты тиімсіз пайдалану мен жекелеген әкімшілік тарапынан шығындар бюджеттік бағдарламалар бойынша қатынасы 20%-ға тең болды.

16. Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың тиімділіктерін бағалау байқатқандай, республикада мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүйелі байланысы қамтамасыз етілмеген, мемлекеттік органдардың оларды жүзеге асыру бойынша кешенді механизмі дайындалмаған. 2012 жылы екі мемлекеттік және 13 салалық бағдарламалар бойынша жекелеген шаралар жүзеге аспаған, жоспарланған мақсаттары мен міндеттері, көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген.

17. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мемлекеттік, салалық және басқа да бағдарламалық құжаттардың міндеттері мен мақсаттарының қол жеткізілуіне бағытталмаған. Жекелеген бюджеттік бағдарламалық құжаттардың тікелей және ақтық нәтижелері стратегиялық жоспарларда нақтыланбаған және сандық, сапалық көрсеткіштермен бекітілмеген.


18. Жоспарлау мен мақсатты трансферттердің кешенді механизмдерін айқын және сапалы пайдаланудың болмауынан жергілікті бюджеттің кірістерінің ішкі резервтерін арттыру жұмыстары қолданылмайды, жергілікті атқару органдарының, мемлекеттік қаржылық институттардың және екінші деңгейлі банктердің есепшоттарында республикалық бюджеттің қаражатының көлемді түрдегі қалдықтары түзілуде, ұтымды әрекеттерге жол ашу керек.

19. Өкімет тарапына аймақтар аясындағы инвестициялық ұтымды жобалар бойынша шешімдердің принциптері қамтамасыз етілмейді, яғни үш жылғы бюджеттің қорында бекітілген жосспарлар бойынша әлі де назар аударатын мәселелер баршылық. Республикалық бюджетті нақтылауда аймақтар аясындағы инвестициялық ұтымды жобалар тізімі қарастырылады, яғни 2012 жылы 24-ке ұлғаяды, 37 жоба лайықты қаржыландырылды. Бұның барлығы аймақтарда жобаларды жүзеге асыруда республикалық бюджеттің қаражатының тиімсіз қолданысын байқатты, жүйелі жұмыс қажет.

20. Республикада мемлекеттің активтерін басқарудың тиімді жүйесі құрылмаған, дивидендті саясатта біртекті көліктік ережелер жоқ. Дивидендтер түсімінің көлемінің қатынасы мен мемлекеттік кәсіпорынның таза кірісінің бюджетке қатысты бөлігі квазимемлекеттік сектордың субъектілерінің таза кірісі бойынша төменгі деңгейде қала береді. Республикалық бюджеттің қаражаты жеткілікті көлемде тиімді қолданыста емес, яғни жарғылық капиталдың артуы мен толықтырылуына қатысты қаражат көзі лайықты іске аспаған. Нәтижесінде 38% акционерлік қоғам мен ЖШС мемлекеттің қатысуымен шығынды болып саналады, олардың қарыздық сомасы, яғни 2012 жыл көлемінде 3,4 млрд. тенгені құрайды.

21. Есептік комитеттің тексеріс нәтижелері байқатқандай, 2012 жылы бюджеттік қаражат өз мәнінде қолданылмаған, осылармен байланысты, мемлекеттік қаржыны басқару саласында қосымша шараларды жүзеге асыру жалғасын табуда, осы үдерістердің нәтижесінде республикалық бюджеттің қаражатын тиімді де нәтижелі пайдалану тиімділігі артпақ.


Тақырып 2 Қазақстан Республикасының банктік секторының даму болашағы мен жағдайы
Жоспар:

1. Дамудың қазіргі кезеңіндегі банктік сектордың ахуалын бағалау.

2. Несиелік қоржынның сапасы мен несиелік тәуекелдік.

3. Банктік сектордың дамуының болашағы мен мәселелері.

2012 жылы үш банктің қарыздарын реқұрылымдаудың қалыпты жақтары айқындалды - АҚ «БТА Банк», АҚ «Альянсбанк» және АҚ «Темiрбанк». Алайда 2011 жылдың қорытындысы бойынша ағымдағы банктердің ұстанымдары анағұрлым қолайсыздау болатын. АҚ «БТА Банк бұрынырақта Қазақстанның бірден-бір ірі банкі болып саналған, соңғы бір жарым жылда реқұрылымдаудың есебі бойынша екінші қатарда. Банк купонды төлем бойынша 165 млн. доллар қарызға енді және қазіргі кезеңде қарызды қамтамасыз етудің жаңа жағдайларын қарастыруда. АҚ «Альянсбанк» пен АҚ «Темiрбанкке» қатысты мәселе қозғайтын болсақ, екі банктің жағдайы тұрақтанды.

Тұтастай алғанда Қазақстанның барлық банктік жүйесі кері тенденцияны байқатты. Банктік сектордың өзіндік капиталы 1,303 трлн. тенгені құрады және 01.01.2012 жылмен салыстырғанда 13 млрд. тенгеге немесе на 1% -ға төмендеді.

Ағымдағы жылы депозиттік базаның артуы мен екінші деңгейлі банктердің ресурстық базаны толықтыруда қайта бағдарлануы клиенттердің салымдарын тарту есебінен жалғасты, бұның өзі 2012 жылғы банктік сектордың қалыпты кезеңі болмақ. Физикалық және заңды тұлғалардың салымдары SPV есебінсіз 7 797,5 млрд. тенгеге дейін артты, 2011 жылдың 1 қаңтарында ішкі депозиттер 6 850,7 млрд. тенге деңгейінде орын алды. Депозиттер мен салымдардың өсуінің тұрақты тренді жалғасуда, бұл негізінен банктердің біртіндеп дағдарыстан кейінгі жағдайлардан шығуларына қатысты, осы орайда салымшылардың сенімдерін сақтау көзделген. Шұғыл арту шамасын бұл жылы да күтуге болмайды, депозит бойынша сыйақы мөлшері жүктемесі төмендеуде. Валюталық және теңгелік депозиттердің қатынасы келесі ахуалды 2009 жылдың күзінен сақтауда: депозиттер ұлттық валютада қазір үлкен сұранысқа ие, евровалюта мен долларға қарағанда. Аталмыш жағдай доллардың соңғы екі жылда ауытқуымен қатысты, сол сияқты 2011 жылы Еуроодақтың қолайсыз ахуалымен қатысты.

Жұмыс атқармайтын несиелердің көлемі – NPL (жұмыс атқармайтын несиелер – күдікті 5 категориялы және сенімсіз) көптеген банктерде артты.

2012 жылдың нәтижелері мынадай тұжырым жасауға итермелейді, экономикалық белсенділік тұтастай алғанда шектеулі болып қалады, несиелеудің артуы мен банктік сектордағы қиындықтарға қарамастан. Экономиканың өсуінің орын алған қарқыны қазақстандық банктік жүйенің өсуіне елеулі ықпал бола алмады, несиелік банктік қоржынның сапасының жақсаруына септігін тигізе алмады. Ағымдағы жылы капиталды қалпына келтіру жүзеге аса алмады, ең алдымен, АҚ «БТА Банктің» қарыздарын реқұрылымдаумен сәтсіз аяқталды. Мерзімі ұзартылған зайымдармен қатысты тәуекелдіктер өте жоғары деңгейде қала береді.

Банктер несиелік тәуекелдіктерді реттеу мақсатында несиелік саясатты қайта қарастырып, жаңа несиені ұсыну бойынша жағдайларды қатаңдатты. 2011 жылы ұсынылған жеке несиелердің динамикасы артып, несиелік жүктеменің артуына қарамастан ұлғайды. Соңғы жылдары тұтынушылық несиелеріне деген сұраныс арту үстінде, бұндағы негізгі мақсат – тұрмыстық техникалар сатып алу, оқу мен туристік саяхаттарға төлеу. Ипотекалық несие саласындағы жағдай жанданды, негізгі себебі банктердің жағынан ипотекалық зайым бойынша несиелік саясаттың жұмсаруы болды. Алайда бірінші жарна ережелері мен кепілдік затқа талаптар қатаң болып қала берді.

2011 жылы екінші деңгейлі банктердің несиелік қоржыны - 15,5 пайызға артты, 1 қаңтар 2012 жылы 10 472,8 млрд. тенгеге артқан.

Көптеген банктер күткендей, 2012 жылдың бірінші жартысында несиелік ресурстарға деген сұраныс зайымшылар жағынан артты. Несиелеудің көлемінің көтерілуі күтілуде - 12-15%-ға. Қазақстанның Ұлттық банкі бекіткендей, бәсекелестіктің артуы да банктік сектордың салаларында байқалады және бұл дерек жүктеменің төмендеу барысын ынталандырады және ұсынылатын несиелердің сомасы мен мерзімі бойынша жағдайларын жақсартады.

2. Несиелік қоржынның сапасы мен несиелік тәуекелдік.

Несиелік қоржын қазақстандық банктерде қазан айында - 7493,0 млрд. тенгені құрады, бұ қыркүйекпен салыстырғанда 0,004%-ға аздық етеді.

Сарапшылардың пікірлері бойынша, Қазақстанда елдің экономикасын несиелеу үдерісін қалпына келтіру үшін негіздер жеткілікті. «Тұтастай алғанда, несиелеу саласында ұтымды жақтарын да атап кеткен жөн, несиелік қоржынның динамикасы жыл басынан байқағандай елеулі өзгерістерге енген».

Соңғы жылдары несиелік қоржынның жалпы көлемінің тұрақтануы Қазақстанның экономикасының біртіндеп қалпына келу жайларын айғақтайды.

2013 жылдың басынан несиелік қоржынның көлемі 2%-ға төмендеген.
Экономикадағы несие көлемі, ұлттық валютада ұсынылған, 2013 жылы маусымда 1,2% дан 4202,4 млрд. тенгеге дейін артты, соның өзінде несиелік қоржын шетел валютасында 1,5% дан 3290,6 млрд. тенгеге төмендеген.

Дағдарыстан кейінгі несиелеуді қалпына келтірудің бөгелуінің негізгі себебі - банктер тарапынан зайымшыға қатысты талаптардың қатаюы, сол сияқты несие бойынша пайыздық жүктеменің жоғары болуы.

Банктер мерзмі ұзартылған несиенің көптігінен арзандату мәселесіне бармай отыр.

Экономикадағы жалпы қолайлы ахуалдар, экспорттық шикізатқа деген жоғары баға, тұрғындардың кірісінің артуы банктік секторға тұтастай алғанда қолайлы ықпал етеді.

Пайыздық жүктемелердің жалпы төмендеуін атап өтуге болады, жалпы жағдайға оңтайлы ықпал етеді. Несие бойынша орташа жүктеме заңды тұлғалар үшін шетел валютасында 2013 жылдың маусым айында - 10,2%-ды құрады, қаңтар айында- 11,3%. Ұлттық валютада 2013 жылдың маусым айында пайыздық жүктеме - 12,5%, ал қаңтарда - 14,3%. Для физических лиц средневзвешенная ставка по кредитам в иностранной валюте в октябре составила 13,9%( в январе - 15%), в тенге составила 19,6%( в январе 21%)».

Отандық және шетелдік тәжірибеде, оның ішінде несиелік ұйымдардың банкротқа ұшырауының бірден бір себебі несиелік операциялардан туындайтын тәуекелдердің дер кезінде алдын алмау. Несиелік операциялар бойынша несиелік ұйымдардың ғасырға жуық тарихы болғанымен несиелік институттардағы қазіргі жағдай несие қабілеттілікті анықтау әдістерінің кемшіліктері бар және жеткіліксіз дамығандығын анықтады. Қазақстандағы кейбір екінші деңгейдегі банктерге несиелік операцияларға қатысты әр түрлі ықпал ету шараларын қолданудың өзі банктердің несиелік операцияларының дұрыс жолға қойылмағандығының көрінісі. Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілік арқылы банктің несиелік операцияларының сапасын жоғарылату мен коммерциялық банктің табыстылығын арттыру - өзекті мәселе. Ол бүгінгі күннің халықаралық талаптарға жауап беретін мықты әрі сенімді банктерінің қалыптасуына ықпал етеді.

Бұрынғыша, несиелік қоржынның өсуі , сол сияқты банктік сектордағы активтердің артуы күтілмейді. 2012 жылы жағдай 2011 жылмен салыстырғанда жақсарды, банк өнімдерінің ішінде несиелік өнімдерге деген сұраныс артты, ипотека мен тұтыну несиелерінің нарығы жанданды. Бірақ бұндай жандану нәтижелерге қатты ықпал ете қоймайды, олар елеулі болып саналмайды. Ипотекалық нарыққа қатысты мәселеде банктердің көп бөлігі несиелік саясаттарын өзгеріссіз қалдырғылары келеді. Сұраныс аса жоғары қарқынды иеленбейді, ұзақ мерзімді болашақта несиелік саясатты жеңілдету ықтималдығы орын алады.

Қазақстанда несие тәуекелділігін басқару жүйесінде жекелеген элементтер ғана қызмет етуде. Несие тәуекелділігін басқарудың толық жүйесіне әлі қол жеткізілген жоқ. Біз оның көптеген себептері бар деп есептейміз: Біріншіден, біздің елімізде несиелік операциялар әлі қалыптасу және даму сатысында, өйткені несиелік ресурстар көбіне шет елдерден тартылатындығы сияқты, қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтаудың бірыңғай жүйесі жоқ, тағы да шет елдердің әдістеріне жүгінуге тура келеді. Екіншіден, жоғарыда аталып өткендей, ақпараттық жүйенің әлсіздігі, несиелік бюро қызметінің қалыптасу сатысында болуы, банктің іскерлік тәуекелділігін тудырады. Еуропалық одаққа кіретін елдерде кредиторлар тұрақты негізде несиелік бюролар арқылы қарыз алушылардың төлемқабілеттілігі туралы ақпаратпен алмасады. Қазақстанда жеке несиелік бюролармен қатар несиелерді мемлекеттік тіркеу институттарын құру жоспарлануда, бұл көптеген дамыған елдерде қолданылады. Үшіншіден, ұсынылған несиелер бойынша кепілдеу жүйесінің болмауы, бізде кепілдік қоры депозиттер мен ипотекалық несиелерге қатысты құрылған. Төртіншіден, банктің несие тәуекелділігін есептеудің бірыңғай әдістемесі жоқ, оның ішінде Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік т.с.с. ерекшеліктерін ескеріп құрылған. Бесіншіден, банктік несие бойынша қабылданған кепіл заттардың барлық уақытта анықталған өтімділікті көрсете алмауы. Алтыншыдан, жақсы дайындалған барлық уақытта несие тәуекелділігіне қарсы әрекет көрсете алатын несиелік саясаттың болмауы. Жетіншіден, банк персоналдарының нашар дайындығы мен әрекеті және тез шешім қабылдай алмауы, Сегізіншіден, қарыз алушыға байланысты келеңсіз немесе күтпеген жағдайлардың орын алуы.

Клиенттік базаны арттыру үшін банктер несиелік өнімдерді толықтыруды қарқынды жүзеге асыруда. Ерекше сұраныста экспресс- несиелеу мен сауда нүктелерінде несиелеу (POS- несиелеу), сол үшін көптеген банктер клиенттерді тарту мақсатында әр түрлі әдістермен жұмыс атқарады. Бұлардан басқа, POS –несиелеу өнімдік линиясы бойынша жұмысты жандандыру жолға қойылған, соның ішінде несиелеудің икемді шарттары да орын алған, сол сияқты несие бойынша арнаулы бағдарламалар сауда мекемелерінен жеңілдіктер пайдалану арқылы жалғасуда. Басты назар қамтамасыз етудің дистанционды каналдарын дамытуға бағытталады (интернет-банкинг, банкоматтар, қолма-қол емес түріндегі терминалдар) клиенттерге қолайлы уақытта қамту мәселесі орын алады.

Депозиттер мен салымдардың өсуінің тұрақты тренді жалғасуда, негізінен сұраныс ұлттық национальной валюта өнімдеріне қатысты, қазақстандық тенге бүгінгі күні валюта нарығында анағұрлым тұрақты орынды иеленуде Евровалюта немесе АҚШ долларына қарағанда.

Банктік нарықты біртінден жақсарту әлемдік тенденцияларға да қатысты, экономикалық толқындардан, мемлекет тарапынан ішкі бақылау мен реттеуге де қатысты. Банктік жүйенің барлық тәжірибелік тұрғыдан әлсіз тұстарын ескере келе, солар бойынша лайықты жұмыстар жүргізілуде, жақын 3 жылда жағдайдың жақсаруына сенім мол.
Тақырып 3 Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін дамыту болашағы мен жағдайлары
Жоспар:

1. Зейнетақы жүйесінің қалыптасуының негізгі кезеңдері мен алғышарттары

2. Зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы

3. Зейнетақы жүйесінің даму проблемалары мен даму болашағы.

Қазақстанның қазіргі зейнетақы жүйесінің өз жұмысын 1997 жылдан бастайды, яғни Қазақстан Республикасының Өкіметі елді зейнетақы жүйесін реформалаудың Тұжырымдамасын қолдап,  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету» Заңы қабылданды. Жаңа енгізілім жинақтық зейнетақы жүйесін қалыптастырумен ыңғай алды, біртіндеп бұрынғы жүйеден ауытқи бастайды.

Өткен жүзжылдықтың соңында көптеген өткір мәселелер туындады. Бұның басты себебі нарықтық экономика  механизміне көшу, басқа жағынан — әлеуметтік-демографиялық факторлар, яғни Қазақстан үшін өткен жүзжылдықтың 90-шы жылдарына лайықты болды. Осы құбылыстың себебінен демографиялық, экономикалық және әлеуметтік сипат факторлар кешені орын алды. Осылардың бірқатары орта өмір сүру ұлғаюының фонында туылудың қысқару нәтижесіндегі халықтың қартаю үрдісінің жылдамдауымен байланысты болды. Факторлардың келесі тобы еңбек нарығындағы ілгері жылжушылықпен байланысты болды: жұмыссыздар санының өсуі, бейресми және толық емес жұмыспен қамтушылықтың таралуы, міндетті зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінен халық бөлігінің шығуы. Бұл өз кезегінде көп елді тәжірибеде болғандай ынтымақтастықты зейнетақы жүйенің қаржылық негізін құраған жарналары бар жұмыс істейтін халық санының кемуіне алып келді. Зейнеткерлер санының өсуі және қызметпен жасайтын сала жағдаятының өзгеруі ынтымақтастықты зейнетақы жүйенің тұрақтылығына күмән келтірді, өйтені жұмыс істейтін халыққа зейнетақы жүктемесінің шамадан тыс күшеюі анықталды. Осы қиыншылықтардың бірқатарымен Қазақстанда кезігіп, ТМД елдері кеңістігінде өз жинақтаушы зейнетақы жүйесін құруды бірінші болып бастады.



жүктеу 2,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау