Пән бағдарламасының (syllabus) титулдық парағы


Практикалық сабақтардың мазмұны, сағаттарда олардың көлемі



жүктеу 0,56 Mb.
бет3/3
Дата10.02.2018
өлшемі0,56 Mb.
#9154
түріБағдарламасы
1   2   3

7. Практикалық сабақтардың мазмұны, сағаттарда олардың көлемі



Тақырып 1 Туризмнің экономикасына кіріспе

Тапсырмалар:

1 Экономиканың анықтауы - туризмге қолдану ғылым ретінде.

2 Қоғамдық дамудың ұйымдастыру түрлері және туристік қызмет етдің өзгеруі, туризм экономикасын оқып білудің құрылымдық аспектілер.

Әдебиеттер: [1-5]

Тақырып 2 Туристік саланы калыптастыру факторлары

Тапсырмалар:

Бастапқы деректер бойынша кәсіпорынның туристік қызметінің экология-экономикалық бағалауын анықтау; туристік қызмет үшін жер қорлар бағасының экономикалың негіздеуін беру.

Әдебиеттер: [1-5]


Тақырып 3 Туризмнің индустриясы және оның конъюнктурасын анықтау

Тапсырмалар:

1 Туризмнің экономикалық мәні және оның материалдық техникалық базасы.

2 Туристік аудандар топтардың жіктелуі.

Әдебиеттер: [1-5]
Тақырып 4 Туризм дамуының аймақтық бағдарламаның экономикалық негіздеу және әзірлеуі

Тапсырмалар:

Бастапқы деректерді пайдаланып, турдың құнын есептеу (авиа ұшу құнын есептемегенде).

Әдебиеттер: [1-5]


Тақырып 5 Негізгі және айналым қорлар, туристік ұйымның материалдық емес активтер

Тапсырмалар:

Туристік ұйымның негізгі қордың құрылымын есептеу, оның ілгершілігін анықтау.

Әдебиеттер: [1-5]


Тақырып 6 Туризмдегі инвестиция

Тапсырмалар:

Бастапқы деректер негізінде туристік ұйымның дамуына инвестиция салымының ең жақсы таңдауын іске асыру.

Әдебиеттер: [1-5]


Тақырып 7 Туристік қызметінің өзіндік құны

Тапсырмалар:

Туристік қызметіне шығындарды, шығындар құрылымын есептеу.

Әдебиеттер: [1-5]


Тақырып 8 Туризмдегі бағаның құрылуы

Тапсырмалар:

Бастапқы деректер негізінде туристік бағдардың құнын есептеу.

Әдебиеттер: [1-5]


Тақырып 9 Туристік ұйым қызметінің экономикалық талдау

Тапсырмалар:

Туристік фирманың ырғақтылық және маусымдылық коэффициенттерін; туристерді қызмет етуге сапалы көрсеткіштерді есептеу.

Әдебиеттер: [1-5]


Тақырып 10 Қазақстандық туризмнің халықаралық дамуы және қазіргі кезеңдегі ерекшелігі

Тапсырмалар:

ҚР туристік қызметінің статистикалық деректерін қолданып, туризмдегі келетін және кететін ағындарың талдау

Әдебиеттер: [1-5]


8. Өзіндік жұмыстың тапсырмалары
Әрбір тақырып бойынша СӨЖ үшін тапсырмалар монографияларды, оқулықтарды, ақпараттың басқа көздерін қарастыра отырып, төменде көрсетілген барлық сұрақтарды әзірлеуді және рефераттарды жазуды ескереді.
Тақырып 1 Туризмнің экономикасына кіріспе

Экономиканың анықтауы - туризмге қолдану ғылым ретінде. Қоғамдық дамудың ұйымдастыру түрлері және туристік қызмет етдің өзгеруі, туризм экономикасын оқып білудің құрылымдық аспектілер.


Тақырып 2 Туристік саланы калыптастыру факторлары

Өндірістің факторлары және туристік сала қызметі үшін оларды маңызы. өндірістің негізгі факторлары. өндірістің қосымша факторлары. Капитал факторы. Туризмнің экологиялығы. Туристік қызметінің экология -экономикалық бағалауы. Жер – туристік қызметіндегі өндіру факторы ретінде. Туристік мақсаты үшін жердің бағасы. Туристік қызметі үшін жер қорлар бағасының экономикалың негіздеуі. Айлық - туристік қызметінде факторлық кіріс ретінде. Туристік қызметін өткізуден және еңбекті төлеуден түсім көрсеткішінен арақатынасы. Капиталдың мәні және пайыздың экономикалық табиғаты. өндіріс қаражатының құрылымы.


Тақырып 3 Туризмнің индустриясы және оның конъюнктурасын анықтау

Туризмнің экономикалық мәні және оның материалдық техникалық базасы. Туризмнің бақылау функциялары. Туристік аудандар топтардың жіктелуі. Мейманханаға жалпы талаптар. Туризмді ұйымдастыру түрлері. Аймақтық экономика құрылымында аграрлық туризмнің даму ерекшелігі және рөлі. Туристік нарығының конъюнктурасын анықтау. Туризм үшін сегментация қызметінің критериі. Сұраныстың және ұсыныстың заңдары. Нарықтық тепе-теңдігі.



Тақырып 4 Туризм дамуының аймақтық бағдарламаның экономикалық негіздеу және әзірлеуі

Аймақтық бағдарламаны әзірлеуге негізгі келісі. Рекреациондық келіс.. Туристік өнім көзғалысының кезеңен шығып оның құнының есебі. Маркетингтік келіс. Салааралық келіс. Инвестициялық жобалау.

Туристік өнімнің басқа тұтынушылық тауардың және қызметінің ерекшелігі мен айрықша сипаттамалары. Туристік өнімге баға орнатылуының стратегиясы. Туристік өнімге сұранысты ынталандыруға негізгі қаражат. Туристік объектілердің инвестициялық жобалау.
Тақырып 5 Негізгі және айналым қорлар, туристік ұйымның материалдық емес активтер

Негізгі қор, түсінігі. Активті негізгі қор. Пассивті негізгі қор. Негізгі қордың физикалық және моралдық тозуы. Негізгі қорды қайта өндіру. Негізгі қорды бағалау құны. Негізгі қорды тиімді пайдалану көрсеткіштері.

Айналым қор және үндеу қоры. Айналым қаражатты пайдалану көрсеткіштері. Материалдық емес активтер және олардың қозғалысының бағдары.
Тақырып 6 Туризмдегі инвестиция

Инвестиция, түсінігі. Мемлекеттік инвестиция және оларды тиімді пайдалану. Капиталды салымдардың құрылымы. Капиталды салымдардың салалық құрылымы.

Қайта өндірудің құрылымы. Капиталды салымдардың технологиялық құрылымы. Капиталды салымдардың жергілікті құрылымы. Туризмдегі инвестицияның жалпы тиімділігінің көрсеткіші. Капиталды салымдардың салыстырмалы экономикалық тиімдігі. Туризмдегі инвестициялық үрдістер. Инвестиция қорын жақындату бағыты. Мемлекеттік инвестицияны жақындату ерекшелігі. Бір ортаға бағынған қорларды конкурстық орналастыру міндетті шарты.
Тақырып 7 Туристік қызметінің өзіндік құны

Туристік қызметінің өзіндік құнына енгізілген шығындардың құрамы және жіктелуі. Шығындардың жіктелуі. Калькуляция статьялары бойынша шығындардың құрылымы. Туристік қызметін өндіруге шығындардың жіктелуінің осы заманғы ерекшеліктері. Турларды өткізуге шығындардың экономикалық негіздеуі.


Тақырып 8 Туризмдегі бағаның құрылуы

Баға құрылуының маркетингтік аспектілер. Бағаның құрылуына келісі. Баға құрылуының кезеңдері. Баға құрылуының әдісі. Бәсеке жағдайында бағаның құрылуы және пайда.


Тақырып 9 Туристік ұйым қызметінің экономикалық талдау

Экономикалық талдаудың мақсаты және түрлері. Туристік ұйымның даму және функциялау көрсеткіштері. Экономикалық талдаудың шаралары.


Тақырып 10 Қазақстандық туризмнің халықаралық дамуы және қазіргі кезеңдегі ерекшелігі

Халықаралық туризмнің елдің экономикалық және әлеметтік өміріне әсері. Туризмдегі келетін және кететін ағындарды талдау. Қазақстандық туризм нарығының қазіргі кезеңдегі ерекшелігі. Қазақстандық туристік бизнестің даму стратегиясы.


Оқу бағдарламасының аса күрделі сұрақтары
1 Инвестициялық жобалау;

2 Туризмдегі инвестицияның жалпы тиімділігінің көрсеткіші;

3 Қазақстандық туристік бизнестің даму стратегиясы.
9. СӨЖМ кеңесінің кестесі (СӨЖМ СӨЖ-дің 25% құрайды)
Ағымдағы семестрге барлық сұрақтар бойынша кеңес ОСӨЖ кестесіне сәйкес жүргізіледі.
10. Білім алушының білімін тексеру кестесі
Практикалық сабақтар және СӨЖМ 0-100 балмен бағаланады.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Орындау ұзақтығы

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Бақылау жұмысы

Туризмдегі инвестиция

[1-5]

6 жұма

жазбаша бақылау

7-ші жұма

2

Межелік бақылау

Тақырып 1-6







тест

8-ші жұма

3

Бақылау жұмысы

Қазақстандық туризмнің халықаралық дамуы және қазіргі кезеңдегі ерекшелігі

[1-5]

5 жұма

жазбаша бақылау

14-ші жұма

4

Межелік бақылау

Тақырып 7-10







тест

15-ші жұма

11. Білім алушылардың білімін бағалау критерийлері

Пәнді меңгеру барлық өткен материалды қамтитын тест түріндегі емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберілудің міндетті шарты болып бағдарламада барлық көрсетілген тапсырмадарды орындау табылады.

Әрбір тапсырма 0-100 балмен бағаланады.

Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтарда барлық орындалған тапсырмалардың (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, СӨЖ бойынша тапсырмалар, практика бойынша тапсырмалар және басқалары, межелік бақылау) орташа арифметикалық бағасымен есептелінеді.

Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын (барлық зертханалық жұмыстарды, СӨЖ бойынша тапсырмалар мен жұмыстарды орындау және тапсыру) орындаған, курстық жобаны (жұмысты) қорғағаны үшін оң баға алған және жіберу рейтингін жинаған (50 балдан кем емес) студенттер жіберіледі.

Әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік емтихан болса да) студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс/ жоба) салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮЖР және СҮҚБ).

Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Үлес салмақтар жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6 көп емес және ҚБ үшін 0,3 кем емес болуы керек.

КЖб/КЖ комиссия алдында қорғалады. Баға жетекшінің пікірін ескере отырып, көрсеткен біліміне сәйкес қойылады.

Пән бойынша жіберу рейтингі де, қорытынды бақылау да оң бағаланған жағдайда ғана қорытынды баға есептеледі. Дәлелсіз себеппен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда, «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңеріледі. Пәннен емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні айтылады, егер емтихан жазбаша түрде түстен кейін жүргізілсе, онда келесі күні айтылады.

Қорытынды бағаны есептеудің дұрыстығы үшін межелік бақалауда (рейтингте) және қорытынды емтиханда білім алушының білімі пайыздарда 0-ден 100 % дейін бағаланады.

Межелік бақылаудың бағасы ағымдағы бағалар мен межелік бақылаудың бағасынан есептелінеді.



Пән бойынша студенттердің оқу жетістіктері, яғни білімдері, икемділіктері, машықтары және құзыреттері көпбалды әріптік жүйе бойынша бағаланады:


Әріптік жүйедегі баға

Балдың сандық баламасы

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйедегі баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


12. Оқытушының талаптары, саясат пен тәртіптер
Білім алушы барлық аудиториялық сабақтарға кешігусіз қатысуға міндетті. Сабаққа қатыспау жағдайлары деканатпен бекітілген тәртіппен өтеледі. Сабаққа кем дегенде екі рет қана қатыспауға рұқсат етіледі. Сабаққа екі рет кешігу бір сабаққа қатыспаған деп есептелінеді. Сабаққа екі реттен көп қатыспаған жағдайда оқытушы бұдан әрі студентті мәселе әкімшілік шешілгенге дейін сабаққа кіргізбеуге құқығы бар. Дәрісте берілген курстың студенті болып табылмайтын бөтен адамдардың болуына тыйым салынады.

Жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың ең соңғы мерзімі – емтихандық сессияның басына дейін 3 күнге дейін.

Барлық тапсырмаларды тапсырмаған, курстық жұмысты қорғамаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыпты қайталау және өткен материалдарды қарау міндетті. Оқу материалдарын меңгеру дәрежесі тестпен немесе жазбаша жұмыстармен тексеріледі. Студенттерді тестілеу ескертусіз өткізілуі мүмкін.

Оқытушының бақылауымен орындалатын студенттің өздік жұмысы (СӨЖМ) кезінде келесі төрт негізгі функциялар ескеріледі.

Бірінші – оқу пәні бойынша бекіту сабақтары кезінде алынған ақпаратты студенттермен белсенді қабылдауды жүзеге асыруды ұйғарады.

Екінші функция студенттер өз бетінше оқытушы ұсынымдары негізінде оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқиды, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды орындайды және т.б. ескереді. Берілген кезеңде студенттерден жұмыс әдістерін білу, өз қиыншылықтарын түсіну, өзін ұйымдастыру мен өзін ұстай білушілік талап етіледі.

Студенттердің үшінші функциясы қиындық туындататын жағдайларды талдау мен жүйелеуден, оқу материалдарын түсіну мен меңгеруде қиындықтар себептерін анықтаудан, басқа оқу әрекеттерін орындаудан тұрады. Студенттер шешілмейтін қиындықтарды оқытушыға сұрақтар жүйесі түрінде (оларды реттейді, рәсімдейді) қояды, бұл сұрақтарға жауаптардың өз нұсқасын береді.

Студенттердің төртінші функциясы оқытушыға сәйкес түсіндірулер, кеңестер, көмектер үшін жолығудан тұрады.
13. Әдебиеттер тізімі
Негізгі

1 Кусаинов Х. Х., Сергеева А. М.  Туризм экономикасы: оқу құралы. -Алматы: Экономика, 2012. - 208 б.

2 Сұрағанова С. К., Сабатаева Б. О.  Туризм инфрақұрылымы: оқулық. -Алматы: Дәуір, 2012. - 288 б.

Қосымша:

3 Сұрағанова С. К., Сабатаева Б. О.  Туризм менеджменті: туризм мамандығына арналған оқулық. - Алматы: Полиграфкомбинат, 2012. - 254 б.

4 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі   Қазақстан туризмi, 2006-2010: стат. жинақ. - Астана, 2011. - 151 б.



5 Павлодар облысындағы туризм және қонақ үй шаруашылығының дамуы, 2010=Развитие туризма и гостиничного хозяйства в Павлодарской области, 2010. - Павлодар, 2011. - 23 с.

  
жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау