Пән бағдарламасының (syllabus) титулдық парағы


Дәріс сабақтарының мазмұны



жүктеу 0,56 Mb.
бет2/3
Дата10.02.2018
өлшемі0,56 Mb.
#9154
түріБағдарламасы
1   2   3

6. Дәріс сабақтарының мазмұны



Тақырып 1. Туризмнің экономикасына кіріспе

Экономиканың анықтауы - туризмге қолдану ғылым ретінде. Қоғамдық дамудың ұйымдастыру түрлері және туристік қызмет етдің өзгеруі, туризм экономикасын оқып білудің құрылымдық аспектілер.

Адам алдындағы бірінші өз өмірін алып қалу қажеттілік болудан қалған соң оның алдында тағы бір қажеттілік туады ол саяхаттардағы қажеттілік.

Саяхаттардағы адамның жаңа ақпарат алу қажеттілігі адам қоғамының дамуының обьективті заңы болып табылады. Саяхат адамға қуаныш пен демалыс сыйлайды. Экономиканың дамуының бір кезінде яғни саяхаттарға сұраныс артқан уақытта осы бағыттың услугамен өндірушілері пайда болды. Бұл ерекше типтегі туризм тауарының пайда болуына әкелді.

Туризмнің тауар болып пайда болуы материалды-техникалық базаның болуын, туристерге қызмет ететін мамандырылған кадрлардың болуын, туристік шаруашылық субьектілерін мақсатты басқаруын талап етті. Бұл туризмнің халық шаруашылығының өз бетімен дамитын саласына айналу қажеттілігін жүзеге асырды.

Туризм өмірдің бірінші қажеттілігі емес, сондықтан ол адамның белгілі бір табысының деңгейінде және қоғамның белгілі бір байлығының деңгейінде ғана қажеттілік болып табылады. Мұндай жағдай мемлекетте туризм, ел экономикасын қызметтер экономикасына айналмағанда және халық–шаруашылық комплексінің басқа салаларымен параллель дамып жан жақты дамығанда болады.

Туризм елдің ұлттық табысының құруына қатысады. Туризмнен алынған табыстары бойынша АҚШ, Испания, Франция, Италия және Ұлыбритания елдері алдыңғы орындарда. ЮНБӘТМ деректері бойынша(Бүкіләлемдік Туристік Мекеме) он көшбасшы мемлекеттің арасынан алтысы европалық елдер.
Тақырып 2. Туристік саланы қалыптастыру факторлары

Өндірістің факторлары және туристік сала қызметі үшін оларды маңызы. өндірістің негізгі факторлары. өндірістің қосымша факторлары. Капитал факторы. Туризмнің экологиялығы. Туристік қызметінің экология -экономикалық бағалауы. Жер – туристік қызметіндегі өндіру факторы ретінде. Туристік мақсаты үшін жердің бағасы. Туристік қызметі үшін жер қорлар бағасының экономикалың негіздеуі. Айлық - туристік қызметінде факторлық кіріс ретінде. Туристік қызметін өткізуден және еңбекті төлеуден түсім көрсеткішінен арақатынасы. Капиталдың мәні және пайыздың экономикалық табиғаты. өндіріс қаражатының құрылымы.

Соңғы жылдары туризм әлемдегі пайдалы бизнестің түріне айналды. Туризм әлеуметтік-тұрмыстық инфраструктарының салааралық комплексі ретінде әлемдік экономикада басты рөл атқарады, әлемдік жалпы ұлттық өнімнің ондық бөлігін қамтамасыз етіп және жақын арада оның негізгі факторы болады.

Туризм индустриясы – көп елдердің экономикасында маңызды орын алатын, көпеңбекті процесс. Туризм шетел валютасының түсімінің белсенді көзі болып табылады, және елдің төлем баллансына, сонымен қатар әлеуметтік және мәдени ортаға, экологияға әсер етеді.

Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі факторлар, мыналарға бөлінеді:


  • статикалық (табиғи-географиялық, тарихи-мәдени);

  • динамикалық(де­мографиялық,әлеуметтік-экономикалық, матеиалды-техникалық, политикалық)

Сонымен қатар туризмге әсер етеін факторлар бөлінеді:

1) сыртқы(экзогенды): демографиялық және әлеуметтік өзгерістер, экономикалық және қаржы факторлары;

2) ішкі(эндогенды) туризм сферасында тікелей әсер ететін факторлар; материалды-техникалық,туристік нарықтың факторлары. Айтылған факторлар өз кезегінде бөлінеді:

- экстенсивті (жұмысшылардың санының өсуі, материалдық ресурстардың артуы, туризмнің жаңа обьектілерін салу);

- интенсивті (қызметкерлердің квалификациясын жоғарылату, материалды базаны техникалық жабдықтау)

- тоқтатқыш кризистер (теріс): экономиканың милитирациясы, ішкі берешектің өсуі, саяси тұрақсыздық, бағалардың өсуі, көтерілістер, қылмыстық жағдай, экологиялық қолайсыз жағдай, туристік фирмалардың банкрот болуы.

Қазіргі уақытта теріс факторлар туризмнің дамуына қатты әсер етіп жатыр. Тоқырау жағдайлары алдымен ішкі туризмде пайда болды, ал шығу туризмі сол уақытта дами береді. Бұл екі туризмнің арасында баланс бұзылған жағдайда, елден ішкі туризмнің дамуына инвестицияланатын валюта шығарылады.

Туризмнің дамуына әсер ететін факторлардың ішінде ерекше орынды маусымдылық факторы алады. Маусымға тәуелді туристік әрекеттің көлемі салмақты толқуларға ұшырауы мүмкін. Туристік ұйымдар мен мекемелер маусымдық түсулерді азайту үшін маусымдық толқуларғы ұшырамайтын туризмнің түрлерін дамытуға келесі әрекеттер жасап жатыр, мысалы маусымдық бағалардың дифференциясын енгізу(қызып жатқан маусымда жоғарылау, маусымаралығында қалыптылығы және маусым емес уақытта азайтылған; мейраханаларда маусымға байланысты тұру тарифінің шамасының айырмасы 50%-ға жетуі мүмкін). Туризмдегі маусымдылық мәселелеріне халықаралық туристік ұйымдардағы кеңестер арналған.

Халықаралық туризм көп факторлардың әсерінен дамиды: демографиялық, әлеуметтік, экономикалық, саяси. Экономикалық факторлар қызметтерді өндіру арттырудың тұрақты тенденциясы тауарларды өндірумен салыстырғандағы тенденция қызметтерді пайдалану артуына байланысты өсуі. Осында барлық салалардағы ғылыми-техникалық процесс, халықтын табыстарының өсуі жатады.

Сонымен қатар халықаралық туризмнің дамуының екі типін ажыратып көрсетуге болады:



  • сыртқы факторлар: саясат пен құқық, саяхаттардың қауіптілігі, экономика мен қаржы, әлеуметтік демографиялық өзгерістер, инфрақұрылым мен көліктің жағдайы, сауданың дамуы, жаңа технологиялар.

- ішкі салалық факторлар: тур дистинациясындағы өнімнің мүлтіксіздігі, туроператорлық өнім ен қызметтер сферасының дамуы, мамандандырылған турагенттік желінің дамуы, дистрибуция жүйесі, адам ресурстарды қолдануы, маркетинг.

Саясат пен құқық. Мемлекет туризмге қатысты саясатының жүргізуіне байланысты туристік ресурстар әртүрлі дәрежедегі интенсивтілікте қолданылады. Егер мемлекет туризм саласының дамуына қызығушылық танытса, ол туризмнің дамудың басымдылықтың жалпы конценциясынан көрінеді.

Саяхаттың қауіпсіздігі. Туризм көлемінің өсуімен қауіпсіздік сұрақтары үлкен орында тұратын болды. Қазіргі саяхаттанушылар үшін туристерді тосатын мемлекет үкіметінен өмір қауіпсіздігі мен демалыс орындарындағы, көліктегі туристердің денсаулығын, орналастыру құралдарымен қамтамасыз етуді күту алыпты жағдай болып табылады.

Экономика және қаржы. Қонақжайлылық индустриясына макроэкономикалық сонымен қатар микроэкономикалық факторлар әсер етеді. Макроэкономикалық тұрақсыздық, жұмыссыздық пен инфляцияның өсуі қоғамды түршіктіреді және халықтың көбінде саяхатқа шығудан қалыс қалып, үйде қалуды қалайды.

Турстік сұраныстың тауарлары мен тамақтарына баға деңгейі демелу орнын таңдаудағы негізгі фактор ретінде қарастырылады.



Мәдениет. Мәдени мұра мен мәдени орта саяхатшыларды өзіне тартатын магнит болып табылады. Туритстер белгілі бір орындаға барады, мысалы әйгілі Мадридтегі Прадо немесе Париждегі Лувр, Венаның симфониялық оркестрын тыңдау үшін Венаға сапар шегеді. Мәдениетті рухани, материалдық және физикалық деп бөлу қабылданған – осы үш аспект халықаралық туристік байланыстардың дамуында үлкен мәнге ие.

Әлеуметтік демографиялық өзгерістер. Үшінші мыңжылдықтың басында жер шарының халқы 7 млрд. жетеді кейбір әлеуметтік демографиялық өзгерістер болып, олар халықаралық туризмнің ары қарай дамуына әсер ететін болады. Халықаралық туризм үшін жастық және жанұялық фактор маңызды болып табылады. 18-34 жастағы жас адамдар саяхатшылар негізгі массасын құрайды, ерекше күшпен бұл фактор Оңтүстік-Шығыс Азия мен Тынықмұхиттық бассейннің елдерімен басталатын туристік ағындардың ерекше күшімен бұл фактор көрінеді.

Көлік пен инфрақұрылымның жағдайы. Жолаушылық көлік пен туристік инфрақұрылым туристің үйден әуежайға, немесе вокзалға, бір қаладан басқа қалаға, вокзалдан қонақжайға, қонақжайдан өз уақытын өткізетін жерге және артқа, туристің максималды ыңғайлы және қауіпсіз жүруі мен болуын қамтамасыз ететін жол садады.

Жолаушылық көліктің жағдайы пен туризм арасында тура тәуелділік бар: Между состоянием пассажирского транспорта и туризма существует прямая зависимость: көліктік құралдарды мүлтіксіздеудегі прогресс туристік саяхаттардың көлемінің өсуінде тікелей байқалады. Халықаралық саяхаттарға сұраныс өскен сайын, көліктік құралдардың сыйымдылығы шешетін факторлардың бірі болады.



Сауданын дамуы. Басқа елге сахатқа барар кезде турист болатын елде не сатып алуға болатынымен қызығады. Кейбр мемлекеттер өзінің экспорттық өнекәсібін шетелдік қонақтардың керек жарақтарына бағыттайды, және турларды, кәдесайды, қызметтерді сатудан ғана пайда таппайды, сонымен қатар ұзақ қолданатын тауарларды сатудан пайда табады онын ішінде мысалға мына елдер БАЭ, Түркия, Грекия, Италия, Сингапур өздеріне шетелдік қонақтарды көбінде ерекше тауарларды қол жетерлік бағамен белсенді сатумен қызықтырады.

Жаңа технологиялар. Ғылыми – техникалық прогресстің жетістіктері қонақжайлылық индустриясы мен туризмде, әсіресе көліктік тасулар, дистрибюция жүйесі мен тұтынушылық ақпарат облыстарында кең қолданылады. Жаңа технологиялардың арқасында авиациялық өндірісте жоғары дыбыстық ұшақтарда жолаушыларды тасу мүмкін болды. Теміржолдағы шағылу ең алдымен поездардың қозғалу жылдамдығын арттыру және саяхаттың ыңғайлылық дәрежесін жоғарылату. Телекомуникациялық технологиялар мен электрондық өнеркәсіптің дамуы алдын ала орын алудың компьютерленген жүйелеріді құруға, ал олар көлік пен шын уақыттағы орналастыру құралдарында алдын ала орын алуға мүмкіндік берді.

Туристік дестинациялардағы турөнімнің мүлтіксізденуі. Турөнім әртүрлі туристік индустрия секторларының өкілдерінің әрекеттерінің нәтижесі. Жолаушылық көлік пен ұйымдастыру секторы және турустік қызметтерді сатушылардың яғни орналастыру секторларының арасындағы байланыс маңызды болып табылады. Соңғы жылдары отельерлер туристік нарықтың белгілі бір сегменттеріне бағыттап, авиакомпаниялар және туроператорлармен жұмыс істеуді үйренді.

Туристік өнімді мүлтіксіздеудегі маңызы зор роль бос уақыт өткізетін кәсіпорындарға, бөлшектеп сатуға, сонымен қатар қоғамдық тамақтану орындарына беріледі.



Туроператорлық өнім мен қызметтер сферасының дамуы. Туроператорлар отельер және авиакомпаниялармен тығыз байланыста жұмыс істейді, әдетте олар қонақжайлар мен көліктердегі орын квотасы жайлы алдыне ала келісіп алады, бұл турларды қайтаброндаусыз сатуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 10 ірі туроператорлық компаниялар нарықтың 30%-ін бақылайды. өнім, қызметтер және бағалар қатысындағы туроператорлар саясаты көбінесе халықаралық туризм нарығының коньюктурасын анықтайды.

Мамандандырылған турагенттік желісінің дамуы. Турагенттік желі, көтерме сатушылар өзінің турларын сататын бөлетін желінің негізін құрайды. Одан басқа олар басқа маңызды функцияларды атқарады – аймақтық қызмет көрсететін ұйымдармен байланысты сақтап қалу және туристік бағдарламаның орындалуын мен қосымша қызметтерді беру. Олардың жұмысынан көрсетілетін туристік қызметтердің сапасы байланысты, әуежолдан тосып алудан бастап, отельге апару және экскурсия, шаралар, спорттық жарыстарды ұйымдастыруға дейін.

Дистрибюция жүйесі. Мұндай жүйелер туристік өнімді берушілер, сатушылар, сатып алушыларды бірегей жүйеге біріктіреді. Жаңа ақпараттық технологиялар туристік қызметтердің дистрибуция жүйесін мейлінше жеңілдетуге, оны одан да ақпаратты және барлық қатысушылар үшін тиімді етті. Заманға сай дистрибюция жүйелері саяхаттың әртүрлі нұсқаларын көрсете отырып, сатып алушылардың қажеттіліктеріне оңай бейімделеді.

Адами ресустарды пайдалану. Туристік индустрияның дамуы дамыған елдермен қатар дамушы елдердегі жұмыспен қамтуды жоғарылатуға ықпал етеді. Соған байланысты экономикалық жағынан дамыған елдерде халық өсімінің темпінің ақырындауы байқалды, болашақта туристік кәсіпорындарға қызметкерлерді алуда қиындықтар туу мүмкін. Осы мақсаттар үшін кейбір мемлекеттерге жұмыс күшін басқа жерден импорттауға тура келеді.

Дамушы мемлекеттерде мәселе басқаша түрде. Бүкіл халықтың үлкен үлесін, білімі және туристік секторда істейтін қабілеттері жоқ жас адамдар құрайды. Мамандандырылған кадрлардың жетіспеуі, сонымен қатар туристік қызметтерге сұраныстың артуы бұл елдерде білім мен туристік индустрия үшін жұмысшыларды дайындаудың жоғарылатылған қажеттілігін туғызады.



Маркетинг – туристік қажеттіліктер мен тілектерді қанағаттандыру үшін жұмыс істейтін заманға сай кәсіпорынның философиясы, сонымен қатар ол тұтынушылық туристік қызметтердің қалауы мен талғамына күшті әсер ететін инструмент қызметін атқарады. Туризм дамуы үшін маркетинг мәні бір жағынан тұтынушылық қажеттіліктер мен тілектер әрқилы бола береді, екінші жағынан туристік нарықта бәсекелестіктің артуы турбизнес «ойыншыларын» әрқилы маркетингтік стратегияларға жақындауына тура келеді.
Тақырып 3. Туризмнің индустриясы және оның конъюнктурасын анықтау

Туризмнің экономикалық мәні және оның материалдық техникалық базасы. Туризмнің бақылау функциялары. Туристік аудандар топтардың жіктелуі. Мейманханаға жалпы талаптар. Туризмді ұйымдастыру түрлері. Аймақтық экономика құрылымында аграрлық туризмнің даму ерекшелігі және рөлі. Туристік нарығының конъюнктурасын анықтау. Туризм үшін сегментация қызметінің критериі. Сұраныстың және ұсыныстың заңдары. Нарықтық тепе-теңдігі.

Туризм индустриясы және оның конъюктурасын анықтау.

Туристік индустрия – материалдық өндіріс және өндірістік емес сфералардағы ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың жиынтығы. Бұл индустрия туристік өнімді қолдану мен ауыстыру, таратуды, өндіруді, туристік ресурстарды қолдану және игеру, сонымен қатар, туризмнің материалдық-техникалық базасын қалыптастыру. Күрделі салааралық халық шаруашылықты кешен бола отырып, туристік индустрия келесі компоненттерден тұрады:

- туризмді ұйымдастыру – туристік өнеркәсіпті әзірлеу, туристік өнімді жүзеге асыру және оны дамыту (туроператорлар және турагенттер);

- орналастыру қызметін көрсететін мекемелер (қонақүйлер, мотельдер, пансионаттар, демлыс үйлері және т.б.);

- тамақтану мекемелері (мейрамханалар, кафе, барлар және т.б.);

- көліктық мекемелер (авто және авиационды өндірістер, теміржол ведомствасы, өзенді және теңіз көлік мекемелері және т.б.);

- экскурсиялық бюро;

- өндірістік туристік мекемелер (туристік кәдесыйлар, қонақүйлер жиһаздары, туристік құрал-жабдықтар өндірісі);

- сауда мекемелері (туристік кәдесыйлар және құрал-жабдықтарды қамтамасыз ететін дүкендер);

- бос уақыт және ойын-сауық саласындағы мекемелер (теметикалық парктер, киноконцерттік залдар, клубтар, ойын автоматтары залы және т.б.);

- туризмнің өзіндік қызмет мекемелері (туристік, альпинистік, велосипедтік клубтар);

- туризмді басқару органдары (мемлекеттік мекемелер, қоғамдық туристік ұйымдар);

- оқу, ғылыми, жобалық мекемелер.

Келтірілген тізім толық емес болып келеді. Процестің кеңеюіне және күрделенуіне байланысты туризм ұйымдарының барлық жаңа салалары және халықтық экономика мекемелері туристік мекемелерге қатысты болады. Туристерге қызмет көрсетуді сауда-саттық, банктер, сақтандыру компаниялары айналысады. Туристік индустрия мекемелері туристерге ғана қызмет көрсетпейді, сонымен қатар келесі халық топтарына қызмет көрсетеді: мәдениет мекемелері, медициналық және емдік мекемелер, байланыс ұйымдары, халық тұтынатын тауарлар өндірісі бойынша мекемелері, қоғамдық жолаушылар көлігі және т.б.

Осылардан шыға отырып, «Ресей Федерациясындағы туристік қызмет көрсету негізі» федералдық заң туристік индустрияны «қонақүйлер және орналастыру құралдарының, көлік құралдарының, қоғамдық тамақтану объектілерінің, спорттық, сауықтыру және іс-қағаздық объектілердің, туристік және турагенттік қызметті, сонымен қатар экскурсиялық қызметтердің жиынтығы» ретінде қарастырады. Саяхаттау кезінде туристен алынатын қажет төлемдер кешені туризм еңбегіне енгізілген өнімді көрсетеді. Практикада бұны «туристік өнім» деп атайды.

Туристік өнім – тұтынушы төлемге ие болатын туристік қызмет түрінде болатын қоғамдық еңбек нәтижесі. Кең түсінікте туристік өнім туристік қызметтің кез келген түрі болып табылады.

Туристік қызметтер – материалдық форманы қабылдамайтын және туристердің қажеттілігін қамтамасыз ететін мақсатты өндірістік қызмет. Осы анықтамаға сай берілген қызметтерді ерекше түрдегі көрінбейтін тауар ретінде сипаттауға болады.

Туристік қызметтерге келесілер жатады:

- туристерді орналастыру;

- туристерді тұрғылықты тұратын елінен уақытша тұратын жерге және керісінше орналастыру;

- туристерді тамақпен қамтамасыз ету;

- туристердің мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз ету (экскурсия, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару, мәдени және тарихи ескерткіштерді, саяжай, қорықтарды, фестиваль, спорттық жарыстарды және т.б. орындарды аралау);

- іскерлік және ғылыми қызығушылықтарды қанағаттандыру (конгрессте, конференцияларға, кеңестерге, семинарларға, жәрмеңкелерге, көрмелерге және т.б. қатысу);

- ақпараттық қызмет (сол немесе басқа аймақтардағы туристік ресурстар жайында, кеден және шекаралық қызметтер жайында, валюта курсы, көлік түрлері жайында және т.б.);

- байланыс құралдары ( интернетті, халықаралық және қалааралық байланыс пен факсті қолдану);

- ұйымдастырушылық қызмет (төлқұжат, визалар, сақтандыруларды рәсімдеу, аудармашылардың, гидтердің қызметтерін пайдалану);

- сауда-саттық мекемелердің арнайы тағайындалуы (сыйлықтарды, кәдесыйларды сату және т.б.)

- делдалдық қызмет (қонақүйлердегі орындарды алдын ала сақтау, көліктің әр түріне билеттер алу, хат-хабарды жіберу мен әкелу, сыйлықтарды, кәдесыйларга ие болу);

- тұрмыстық қызмет (киім, аяқ киім жөндеу, химиялық тазарту және т.б.);

- спорттық-сауықтандыру қызметі (басссейнді, спорттық құрал-жабдықтарды, пайдалану, лицензия бойынша балық, аң аулау және т.б.)



Нарық конъюктурасын бағалау.

Туризм нарығын белгілі бір уақытта және белгілі бір орында туристік өнімнің сату-сатып алуды қамтамасыз ететін ұсыныс пен сұранысты біріктіретін қоғамдық-экономикалық құбылыс ретінде анықтауға болады.

Туристік нарықты сипаттау кезінде қажетті сәттер қатарын есепке алу қажет:

- сату-сатып алудың негізгі заты қызметтер болып табылады;

- туристік нарықтың механизміне сатушы мен сатып алушыдан басқа белгілі мөлшердегі делдалдық түйіндер кіреді;

- туристік қызметтерге сұраныс келесі ерекшеліктермен айрықшаланады: материалдық мүмкіндіктер, жасы, мақсаттар және себептер бойынша жолаушылардың үлкен әртүрлілігі; дифференциацияның жоғары дәрежелілігі және индивидтігі; үлкен орын басушылық; туристік ұсыныстан уақыт және орын бойынша алыстау;

- туристік ұсыныс сонымен қатар келесі сипаттамалармен сипатталады: туризмда тауарлар мен қызметтер үштік қасиетке ие болады (табиғи ресурстар, туындаған ресурстар, туристік ресурстар, саланың жоғары фондсыйымдылығы, төменгі эластиктік, кешенділік).

Нарықты зерттеудің жалпы мақсаты шарттарды анықтаудан тұрады. Бұл шарттар халықтың шарттарға деген сұранысын толық қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және олардың эффективтілігіне сілтемелер тудырылады. Осыған сәйкес нарықты зерттеудің бірінші кезектегі мақсаты осы шарттқа ұсыныс пен сұраныстың, яғни нарық конъюктурасының қазіргі жағдайын бағалау болып табылады.



Конъюнктура – қызмет көрсетудегі сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігін, сонымен қатар олардың бағасы мен динамикасын анықтайтын факторлар мен шарттардың әрекеттесуінің белгілі бір уақыттың нәтижесінде болатын нарықтағы экономикалық жағдай.

Конъюктураны зерттеу нарықтың қазіргі жағдайымен байланысты болғандықтан, зерттеу мекеменің деңгейінде қабылданатын коммерциялық шешімдер негізіне бағытталған болу керек. Бірақ кез келген нарықты зерттеуді оқшауланған түрде жүргізуге болмайды.

Нарық конъюктурасы көптеген факторлар әсерінен қалыптасады және дамиды. Сондықтан негізгі қиындықтар осы факторларды анықтау шеңберінде пайда болады. Туристік нарықтың конъюктурасын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер келесілер болып табылады:

- туристік қызметтердің сұранысы мен ұсынысының сәйкестігі;

- баға деңгейі;

- нарыққа кіруге арналған барьерлер және бәсекелестердің жағдайы;

- берілген нарықтағы мемлекеттік реттеу дәрежесі;

- туристік қызметтерді жүзеге асырудың коммерциялық шарттары;

- сұраныс және басқа параметрлердің маусымдық тербелісінің бар болуы.

Конъюктураны бағалаудың негізгі методикалық талаптары келесілерден тұрады:

- экономикалық өмірдегі құбылыстардың әрекеттестігі;

- бір нарықтағы конъюктураның даму тенденциясын механикалық түрде басқаға, тіпті аралас туристік нарықтарға ауыстыруға болмайды;

- конъюктураның тұрақсыздығы, нарықтағы тұрақсыздықтың болуы нарықты тұрақты және үздіксіз бақылап отыруды талап етеді;

- туристік нарықтың конъюктурасын зерттеу белгілі бір кезекпен іске асырылуы керек.

Нарық конъюктурасын зерттеу сатылары:

1. Дайындық сатысы. Дайындық сатысында зерттеу объектісі, конъюктураның негізгі көрсеткіштері, қажет ақпарат көздері анықталады.

2. Конъюктураның дамуымен қазіргі уақыттаға бақылау жинау, сақтау, тексеру, түзетуді, зерттелетін нарықтың жағдайы жөніндегі алынған сипаттамаларды біріншілік өңдеуді ұйғарады.

3. Конъюктуралық ақпараттың анализі. Мақсаты – зерттелетін нарықтың конъюктурасын қалыптастыру тенденциялары мен заңдылықтарын айқындау.

4. Конъюктуралық болжамды жетілдіру. Туристік нарықтың конъюктурасын зерттеу кезінде оның мақсаты осы уақыттағы жағдайын анықтау ғана емес, оның ары қарайғы дамуының сипаттамасын анықтайды. Конъюктуралық болжам нарықтың даму жетістіктерін көрсетеді және мекеме қызметінің тәсілі мен стратегиясын жетілдірудің негізі болып табылады. Болжамның сапасы анализдің қаншалықты жүргізілетініне және конъюктураның қалыптасу және даму факторларының бағалауына байланысты болады.

Қорытынды: Туризм үлкен маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда туризмнің маңызын адам өмірінде, аймақтарда, мемлекеттерде және халықаралық өмірде бағалау мүмкін емес.
Тақырып 4. Туризм дамуының аймақтық бағдарламаның экономикалық негіздеу және әзірлеуі

Аймақтық бағдарламаны әзірлеуге негізгі келісі. Рекреациондық келіс.. Туристік өнім көзғалысының кезеңен шығып оның құнының есебі. Маркетингтік келіс. Салааралық келіс. Инвестициялық жобалау.

Туристік өнімнің басқа тұтынушылық тауардың және қызметінің ерекшелігі мен айрықша сипаттамалары. Туристік өнімге баға орнатылуының стратегиясы. Туристік өнімге сұранысты ынталандыруға негізгі қаражат. Туристік объектілердің инвестициялық жобалау.

Туризмді дамытудың кешенді аймақтық бағдарламасы

Кез келген аймақта туризмнің кешенді даму концепциясы келесі жақындауларға негізделеді:

  1. Рекреациялық жақындау келесі жағдайлардан тұрады: табиғи-ландшафтты кешенді бағалау; тұратын жердің, тарихи және мәдени ескерткіштердің экологиялық жағдайын анықтау.

Бұл жақындау экономикалық тәртіптің кемшілігіне ие болады. Мысалы, Солтүстік Мәскеудің рекреационды потнециалын зерттеуде жергілікті шарттардың экономикалық негіздеріне тоқтала кету мүмкін емес. Рекреационды ресурстардың тудыру жобасымен бірге технологиялық бағалауды орынды байланыстыру таушаңғы объектісі үшін ыңғайлы болады. Жобаны жетілдіру ең алдымен жергілікті рекреациондық ресурстарды қолданудың жылдық тиімділігінің есебімен байланысты болады.

2. Экономикалық жақындау. Туризмді дамытудың аймақтық бағдарламасы туристік өнімнің бағасының есебінің оның сатысынан басқа қозғалыстарға шығуын талап етеді: туристерді әкелу, олардың өмір сүруі мен тамақтануы, бос уақыттарын қамтамасыз ету. Бірақ бұл тек қана туристік ұйымдардың тоқтап қалуы. Олардың артынан табыс есебі келеді. Ол ереже бойынша орташа саладағы рентабельділік деңгейіне (20-30%) негізделеді. Туристік жолдаманың бағасына салықтық ставканы қосу принциптері жайында сұрақ дискуссиялық болып табылады. Себебі салықты іске асырылған тауарға төлейді. Ал нарыққа шығаруға дейін бұл өзіндік зат болып табылады және туристік жолдамалардың бағасын болашақ салықтық аудару есебінен жоғарылату рационалды болмайды.

3. Маркетингті жақындау. Ол туристік өнім бағасының есебімен тығыз байланысты және ең алдымен туристік нарық сегментінің анализімен бекітіледі. Солтүстік Мәскеуді алсақ, отандық туристердің арасында аса көп емес және орташа кемшіліктері бар адамдар болуы мүмкін. Туристік жолдамалардың бағасы және туристердің саны оптималды пайданы осы көрсеткіштерді түрлендіру жолымен береді.

Берілген ауданда шетелдік контингенттің жоқ екенін есепке алу керек. Солтүстік Мәскеу Серниев Посад, Дмитров және т.б. аумақтардан тұрады, бірақ аталғандардың барлығы «Ресейдің алтын сақинасы» атты бағдарламасы құрамының түйініне кіреді.

4. Салааралық жақындау. Оның аталуы өзін-өзі сипаттайды, бірақ оның құрылымын екі сатыға бөлуге болады: а) объектің қазіргі жағдайын бағалау және б) оның дамуының жетістіктері.

Бірінші сатыда объект аумағының жалпы сипаттамасына аса көп көңіл бөлінеді. Егер «Ресейдің алтын сақинасы» аумағын алсақ, онда оған бес облыс енеді: Московская, Ярославская, Костромская, Ивановская, Владимирская. Солтүстік Мәскеуге жалпы аумақтың 25 %-ы кіреді. Бұл сатыда қалалық және ауылдық мекендер, аймақтық экономика жағдайына анализ жасалады, бұл туризмді дамыту салаларын анықтауды қамтамасыз етеді.

Туризмді дамытудың аймақтық бағдарламасының екінші сатысын жетілдіру салалық және аймақтық деңгейдің жетістіктерімен байланысты. Мұнда туристік кешенді дамыту міндеттері кіреді, оның негізгісі туристерді орналастыру объектілері және туристік ағындардың шиеленісін анықтау болып табылады. Бірінші көрсеткіш отандық және шетелдік туристердің қатысын есепке алса, екіншісі олардың таралу деңгейін, орналасу орындарының көлемін (яғни мотель, қонақүйлер, кемнингтер, туристік ауылдар және т.б.) есепке алады.

Бұл сатыда бағдарламада тарихи және мәдени ескерткіштерді қайта қалпына келтіру және дамыту бөлімі көрсетілген. Ол екі топқа бөлінеді: аса маңыздылар (мұражайлар, көрмелер, храмды кешендер және т.б.); функционалды-туристік қолданылатындар (қонақүйлер, дүңгіршектер, сату орындары және т.б.).

  Бағдарламада қалаларды қалпына келтіру және жақсарту жөніндегі бөлімдер көрсетілген. Туризмнің инфрақұрылымдық кешеніне енгізуге болатын салалар топтарын бөліп көрсету орынды болады. Оған автожолдар құрылысы және көлік, байланыс құралдары және өндірістік мекемелер, табиғи-ландшафтты кешендер және аграрлы өнеркәсіптің салалары жатады.      

5. Инвестициялық жобалау. Ол салааралық жақындаудан шығады. Оның негізі туристерді орналастыру құралдарының тиімділігін анықтаумен бекітіледі.

Ресей экономикасының нарықтық периодындағы инвестициялық болжамның жалпыға белгілі қабылдауларымен бірге жобаны қаржыландыру құрылымын және оның негізгі экономикалық сипаттамаларын, кіріс болжамын, ақша құралдарының қозғалысын көрсету қабылданған.

Жоғары аталғандарға қарап отырып, ең маңыздысы салааралық жақындау болып табылады. Алайда онда туристік қажеттіліктің болжамды орындарының табиғи-ландшафты сипаттамалары (1-жақындау), және бағдардың экономикалық негізі (2-жақындау), және нарық сегментациясы (3-жақындау), туристерді орналастыру құралдарының экономикалық негізі (5-жақындау) есепке алынады. Аймақтық бағдарламаларды жетілдірудегі кешенді жақындау оның тұтынушылық бағасын жоғарылатуға мүмкіндік береді және сонымен қатар туристік нарықта оларды табысты жүзеге асыруға себеп болады.
Тақырып 5. Негізгі және айналым қорлар, туристік ұйымның материалдық емес активтер

Негізгі қор, түсінігі. Активті негізгі қор. Пассивті негізгі қор. Негізгі қордың физикалық және моралдық тозуы. Негізгі қорды қайта өндіру. Негізгі қорды бағалау құны. Негізгі қорды тиімді пайдалану көрсеткіштері.

Айналым қор және үндеу қоры. Айналым қаражатты пайдалану көрсеткіштері. Материалдық емес активтер және олардың қозғалысының бағдары.
Тақырып 6. Туризмдегі инвестиция

Инвестиция, түсінігі. Мемлекеттік инвестиция және оларды тиімді пайдалану. Капиталды салымдардың құрылымы. Капиталды салымдардың салалық құрылымы.

Қайта өндірудің құрылымы. Капиталды салымдардың технологиялық құрылымы. Капиталды салымдардың жергілікті құрылымы. Туризмдегі инвестицияның жалпы тиімділігінің көрсеткіші. Капиталды салымдардың салыстырмалы экономикалық тиімдігі. Туризмдегі инвестициялық үрдістер. Инвестиция қорын жақындату бағыты. Мемлекеттік инвестицияны жақындату ерекшелігі. Бір ортаға бағынған қорларды конкурстық орналастыру міндетті шарты.
Тақырып 7. Туристік қызметінің өзіндік құны

Туристік қызметінің өзіндік құнына енгізілген шығындардың құрамы және жіктелуі. Шығындардың жіктелуі. Калькуляция статьялары бойынша шығындардың құрылымы. Туристік қызметін өндіруге шығындардың жіктелуінің осы заманғы ерекшеліктері. Турларды өткізуге шығындардың экономикалық негіздеуі.


Тақырып 8. Туризмдегі бағаның құрылуы

Баға құрылуының маркетингтік аспектілер. Бағаның құрылуына келісі. Баға құрылуының кезеңдері. Баға құрылуының әдісі. Бәсеке жағдайында бағаның құрылуы және пайда.

Туристтік бизнесте бағаның дұрыс пайда болу жөніндегі сұрақтар және оның әр элементінің негізділігі мән берерлік жайт. Бұл осы бизнестің ерекшеліктерімен түсіндіріледі, соның ішінде: мезгілділік (сезон), табиғи-климаттық жағдай, бір туристке бір уақытта қызмет кешенін көрсету, олардың әр түрлі спектрлері, топтың бөлінулері, топтың жастық құрамы және т.б. Ұйымдық – экономикалық ерекшеліктері: фирма жұмыскерлерінің өзара бір-бірін аыстыруы, персонаның көп емес штаттары, тура шығынның болмауы (есептеу әдісімен анықталатындардан басқасы) болып табылады.

Бағаның қалыптасуының дұрыстығы – оның тура және жанама элементтерінің дұрыс анықталулары. Егер еңбек ақы тура негізгі элемент болса және (немесе) жалпы шығын көлемінде жоғары меншікті салмақты болса, онда бағаны құрастыру қиынға соғады. Бұл турфирмадағы қызметкерлердің көп емес штаттарымен, жұмыс күініде олардың орындауымен жүргізген бірнеше функцияларымен, еңбек ақының жинақтық формасымен түсіндіріледі. Мысалы, Турфирманың директоры өзінің міндеттерін, сонымен қатар менеджердің және бір уақытта туроператордың міндетін атқарады; бухгалтер-кассир өз міндетін (бухгалтерлік міндеттің бірлігі ретінде), авиабилеттер, клиенттерге жолдама сататын кассир міндетін, сақтандыру полистерін беретін агент ретінде, кеңсе-менеджері ретінде және т.б. қызмет атқарады.

Дегенмен қиыншылықтар турфирманың қызметке, РБ аймағынан алынатын турөнімге калькуляция құру міндетінен босатпайды, себебі алынатын өнімге демалыс бағаларының (тарифтер) дәрежесін анықтауда, қожалық субьектілері оны сәйкес келетін экономикалық есептеумен (шығын тізімін көрсететін калькуляция) көрсету керек.

Осыған қарап, турфирмалар әр бір резидент қызметіне, сонымен қатар РБ (ішкі туризм) аймағынан алынатын өзіндік турөнімге берілетін бағаны сәйкес келетін есептеумен көрсетіп, есептік берілгендерді жоспарлық калькуляцияға топтастыру қажет.

Қызметтің және турөнімдер біртекті болғанда, оларды прейскурантқа жүйелеген оңайға соғады. Әр элементтің экономикалық дәлелденген баға қимылы калькуляция бекітілген периодқа (ай) таралады. Бекітілген демалыс бағасының орындалуы кезінде жоспарлық калькуляция қосылмайды. Бір айдан бір айға кеткенде сол бір қызмет түріне, турөнімге бағалар мынадай болуы мүмкін:


  • Өзгеріссіз қалуы мүмкін;

  • РБ Министрлер кеңесімен бекітілген баға өсуінің индексі немесе оның дәрежесін жоғарлатылуы жөнінде сәйкес ұйымда тіркелген, қажеттілігі бойынша экономикалық дәлелденуі бойынша жоғарылауы мүмкін;

  • Нарықтың конъюктуралығы нәтижесінде төмендеуі мүмкін.

Баға элементтері тура, жанама және есептік деп бөлінеді.

Тура – ол, сол немесе басқа турөнімге, қызмет түріне тура қатысты болатын баға элементі және оның бағаға енуі тура ену әдісімен жүреді (көбінесе абсолютті бағамен). Турбизнесте мұндай элементтерді атауға болады:

- штат қызметкерлерінің еңбегін өтеу;

- штат жұмыскерлерінің еңбек ақыларын өтеуге кететін шығындарға бөлу;

- берілген қызмет түрін көрсетуде қолданылатын басқа ұйымдар (заңды тұлға және кәсіпкерлер) қызметіне кететін шығындар;

- штаттық емес жұмыскерлердің еңбегіне кететін шығындар;

- штаттық емес жұмыскерлер еңбегін төлеуде кететін шығындарға ақша бөлу;

- канцелярлік шығындар;

-ақпараттық әдебиеттерді (буклеттер, кітаптар, плакаттар, визиткалар және т.б.) сатып алуға немесе өндіруге кететін шығындар;

- шаралар өткізетін мекемені жалдау;

- негізгі өндірістік қорларды және айналым заттарын амортизациялау;

- басқада тура бағытты шығындар.

Штат қызметкерлерінің шартты немесе аккордты формадағы еңбегін төлеуге кететін шығындарда бағаға тура енгізіледі. Еңбек ақының жинақтық формасында (қазіргі уақытта жүйелік сипаттамада болатын) осындай шығындардың қосындысын анықтау үшін, әр қызмет түріне арналған, турөнімдік еңбек шығындарын (жұмсалған уақыт) анықтау керек.Ол үшін жұмыскерлердің қызмет көрсету кездеріндегі жұмыс укақытының хранометражн немес фотосуретін жасау керек. Әрі қарай турфирманың басшысы уақыт нормасын құрастырып, бекіту керек және демалыстық бағаны есептеу кезінде осы нормаларды ұстану керек.

Штат жұмыскерлерінің еңбегін төлеу кезіндегі шығындарға бөлулер жүргізгенде бағаға заңмен бекітілген салықтар көбейтілу арқылы осы жұмыскерлердің еңбегңн төлеудегі шығындарға бөлуге енеді. Қазіргі уақытта мұндай бөлулерге жатады:



    • - әлеуметтік қорғаныш фондына бөліну - 35%;

    • - өндірістегі қолайсыз жағдайлардан және мамандық сырқаттардан міндетті сақтандыруға бөліністер – 0,2 %.

    • Басқа ұйымдардың қызметіне кететін шығындар баға шарттар негізінде, оларға спецификация бойынша, есеп-факторлар, инвойстар, есептер т.б. бойынша толықтай енгізіледі.

    • Штатық емес жұмыскерлер қызметіне кететін шығындар бағаға жоспарланған еңбектік шарт бойынша енгізіледі.

    • Штаттық емес жұмыскерлердің еңбегін өтеу шығындарының бөлінділері бағаға салық көбейтіндісімен, еңбек ақыны өтеу сомасына кететін бөлінген шығындар қосындысымен енгізіледі.

    • Канцелярлық шығындар (турқызметті тура жасау үшін, яғни жалпы қожалық қолданудан тыс канцелярлық шығындарды есептемегенде) бағаға жұмыскерлердің: гид, экскурсия жүргізуші, туроператор, сонымен қатар, экскурсанттар (блокнот, қағаз, қалам) оларды пайдалану қағидаттары бойынша енгізіледі.

    • Ақпараттық әдебиеттерді өндіруге немесе сатып алуға кететін шығындар шарттарға, шарттардың спецификациясына, есеп-фактураларына, инвойстарға, есптерге сонымен қатар бағаны анықтау есебіне бекітіледі.

    • Экскурсияға кететін шығындар бағаға шарттар бойынша, олардың спецификациясына,, есеп-фактураға және т.с.с. бойынша енгізіледі.

    • Туристерді, экскурсанттарды, жолдамашыларды жинауға, конкурс, дәріс, жиналыс өткізуге арналған мекемелерді жалдауға арналған шығын бағаға шарттар, шарттардың спецификациясына, есеп-фактураларына, инвойстарға, есптер бойынша еніп сонымен қатар бағаны анықтау есебіне бекітіледі.

    • Жанама шығындар – сол немесе басқа қызмет түріне, турөнімге жанама қатысы бар баға элементі және оның бағаға енгізілуі қатысты есептеулермен жүреді.

    • Турбизнесте тек бір ғана бағаның жанама элементі бар – жалпыфирмалық шығындар. Жалпы фирмалық шығын бағаға бағаның тура элементтерінің енгізілуінен кейін процентпен енгізіледі.

    • Жанама шығындардың пайызын анықтау ай сайын өтіледі. Бағағ жанама шығынның процентпен, есептеу жүргізілмеген түрі қате болып табылады. Өткен жылғы есептелген жанама шығын процентін, алдыңғы жыл бойы пайдалануға болмайды. Осы процентті есептеуде анықталу үшін мекеменің есептік политика жөніндегі заңына жүгіну керек. Жалпы фирмалық шығындардың шамасын баға туындауда анықтау жалпы фирмалық шығындарды бухгалтерлік есептеулердегі жұмыскерлер түрлерінде қолдану критериіне сай келу керек.

    • Жалпы фирмалық шығындарды қолдану критериінің ең қолайлы түрі, турөнімдерден, қызметтерден түскен пайдалар болып табылады. Қолданудың басқада критерилерін қолдануға болады.Ең бастысы, бұл баға элементі турөнімдердегі, әр бір қызмет түрлеріндегі бағалар болуы тиіс және олардың барлық түрлерін біріктіретін бола отырып, олардың өлшемі болуы керек. Басқа критерилер:штат жұмыскерлерінің еңбек ақысы,туристерді тасымалдайтын транспорттік қызмет және т.б.Баға туындылауда есепте қолданылатын процент қолданылуы тиіс. Осының көмегі арқылы жалпы фирмалық шығындардың сомасы баға элементі ретінде анықталады.

    • Жоғарыда кғөрсетілгендегідей, баға – ол жоспарлық шама. Тура баға элементтерін есептеуде жоспарлық экономикалық көрсеткіштер қолданылады, соның ішінде: штаттық күнтізбе берілімдері, уақы нормасы, келісім, спецификация, есеп-фактор т.с.с. анықтамалары.

    • Бағаның жанама элементтерін есептеуде – жалпы фирмалық шығындардың соңғы есептік периодта құрылған фактілік процентін қолдану қажет. Көруіміз бойынша бухгалтерлік есептемелерді қолданған жөн.


Тақырып 9. Туристік ұйым қызметінің экономикалық талдау

Экономикалық талдаудың мақсаты және түрлері. Туристік ұйымның даму және функциялау көрсеткіштері. Экономикалық талдаудың шаралары.


Тақырып 10. Қазақстандық туризмнің халықаралық дамуы және қазіргі кезеңдегі ерекшелігі

Халықаралық туризмнің елдің экономикалық және әлеметтік өміріне әсері. Туризмдегі келетін және кететін ағындарды талдау. Қазақстандық туризм нарығының қазіргі кезеңдегі ерекшелігі. Қазақстандық туристік бизнестің даму стратегиясы.




жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау