С.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Психология және педагогика кафедрасы
5В090500 - «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттеріне арналған
«Психодиагностика» пәні бойынша
Пән бағдарламасы (Syllabus)
Павлодар
|
Пән бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы
|
|
Нысан
Н ҰС ПМУ 7.18.4/19
|
|
БЕКІТЕМІН
ФЖжӨФ деканы
___________Ж.Т.Сарбалаев
20__ж. «___»____________
|
Құрастырушы: _________ аға оқытушы Кударова Н.А.
5В090500 - «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттеріне арналған
«Психодиагностика» пәні бойынша
Пән бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20__ ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________№_____ Хаттама
Кафедра меңгерушісі __________ Бурдина Е.И. 20__ж. «____» ________
Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20_ ж. «_____»____________ №____ Хаттама
ОӘК төрағасы _____________ Ксембаева С.К. 20_ж. «_____»___________
1. Пән паспорты
Пәннің атауы «Психодиагностика»
Компоненттің міндетті пәні
Оқу мерзімі мен кредит саны
Барлығы – 3 кредит
Курс: 2
Семестр: 4
Барлық аудиторлық сабақтары – 45
Дәрістер: 30
Практикалық/семинарлық сабақтар: 15
СӨЖ: 90
СӨЖО: 22,5
Жалпы – 135
Бақылау нысаны
Қортынды бақылау нысаны: Емтихан– 4 семестр
Пререквизиттер
Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: әлеуметтік психология, педагогика, педагогика мамандығына кіріспе, жалпы және әлеуметтік психология.
Постреквизиттер
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: ақпараттану, саясаттану, философия.
2. Оқытушы туралы мәлімет және байланысу ақпараттары
Аты-жөні: Кударова Назгуль Абильбековна
Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: аға оқытушы, психология магистрі
Кафедра «Психология және педагогика», аудитория 149
телефон: 67-36-85 (1139),
Е-mail:
3. Пән, мақсаттары мен міндеттері
Пәні, мақсаттары мен міндеттері
«Психодиагностика» курсы «Әлеуметтік жүмысы» мамандығының кәсіби сиппаттамасын ескере отырып құрастырылған. Курстың мазмұны студенрттерді жалпы психологияның негізгі қағидалары; құрылым заңдылықтары; өмір сүру субъектісі болып табылатын адам тұлғасының қалыптасуы және дамуы жайында таныстырады.
Пәнді оқу мақсаты: қазіргі кездегі психологияның теориялық негізі туралы білімдер жүйесін қалыптастыру, сонымен қатар психодиагностиканы оқу барысында болашақ педагогтардың кәсіби маңызды сапаларының дамуына ықпал ету.
Міндеттері:
-студенттерді қазіргі кездегі жалпы психологияның негізгі қағидаларымен, міндеттерімен және мөселелерімен таныстыру;
-студенттерде жалпы психологияның категориялар және әдістер жайындағы білімдер жүйесін қалыптастыру;
-курстың жетекші мәнін ашу, негізгі бағдарламалық ұғымдардың игерілуін қамтамассыз ету;
-студенттердің психологиялық-педагогикалық және ғылыми дүниетанымының кеңеюіне ықпал ету;
-студенттің педагогикалық қабілетін дамыту;
-студенттерді психологиялық деректер мен заңдылықтарды табуға және оған ғылыми түсініктеме беруге үйрету;
Оқу барысында студенттер негізгі білімдерді меңгеріп, келесі маңызды іскерліктер мен дағдыларды игеруі қажет:
-жалпы психологияның қазіргі кездегі мәселені білу;
-психикалық процестердің құрлымын, қызметінің негізгі заңдылықтарын, дамуын білу;
-алынған білімді тәжірибеде дұрыс қолдана білу;
-жалпы психологияның ғылыми-үғымдық аппа-раттарына сүйене білу;
-тиісті әдебиеттерді іздеу және олармен жүмыс істеу дағдысының болуы;
-кәсіптік-педагогикалық қарым-қатынас дағды-сының болуы.
4. Білім, біліктілікке және құзыреттілікке койылатын талаптар:
Берілген пәнді оқу нәтижесінде студенттердің түсініктер туралы болу қажет:
- теориялық білімдерді практикада адекватты қолдану;
- зерттеу іс-әрекетіне деген дағдылар;
Білу қажет:
-психологиялық құбылыстар мен процестердің негізгі
заңдылықтары жайлы білімдер;
Істей білу кажет:
- теориялық білімдерді практикада қолайлы қолдану;
Тәжірибелік дағдыларды иелену:
- зерттеу іс-әрекетіне деген дағдылар;
- кәсіби қарым-қатынас дағдылары;
Құзыретті болу:
- психологияның бұл саласында кәсіби қарым-қатынасты игеру қажет.
5 Пәнді оқытудағы тақырыптық жоспар
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлуі
№
|
Тақырыптардың атауы
|
Сағат саны
|
теор
|
семинар
|
СӨЖ
|
1
|
Психодиагностика тарихы
|
3
|
1
|
9
|
2
|
XX ғасырдағы психодиагностиканың дамуы
|
3
|
10
|
9
|
3
|
Психодиагностика ғылым ретінде
|
3
|
2
|
9
|
4
|
Тест психодиагностиканың негізгі құралы ретінде
|
3
|
2
|
9
|
5
|
Психологиялық диагноз
|
3
|
2
|
9
|
6
|
Психодиагностикалық үрдіс
|
3
|
|
9
|
7
|
Психодиагностиканың психометрикалық негіздері
|
3
|
2
|
9
|
8
|
Интеллектіні өлшеу
|
3
|
2
|
9
|
9
|
Тұлғалық сауалнамалар
|
3
|
1
|
9
|
10
|
Креативтілікке психологиялық диагностика жүргізу
|
3
|
2
|
9
|
Барлығы 135
|
30
|
15
|
90
|
Теоретикалық курстың мазмұны
1 тақырып. Психодиагностика тарихы
Жоспар
Психодиагностиканың алғышарттары
Психодиагностиканың ғылым ретіндегі шығу тегі
Индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеу (Френсис Гальтон)
а) Джеймс Мак-Кин Кеттеллдің ақыл-ой тесттері; ә) Альфред
Ерте замандардан бері адамдар алуан түрлі индивидуалдық айырмашылықтарды сипаттау үшін реттелген жүйе қалыптастыруға тырысқан. Антикалық дәуірден біздің заманымызға дейін жеткен Теофрасттың «Характеры» (б.з.д. 372-287ж.ж.) еңбегінде көптеген адамдарға тән тұлғалық ерекшеліктердің көріну түрлерін сипаттайтын «типтер» көрініс тапқан.
Ерте замандардан бері келе жатқан түрлі типологиялар ғылыми психодиагностиканың пайда болуына өз үлестерін қосқаны анық. Оның даму жолы Гиппократтың – темпераменттер типінен – оларды адамгершілік сипаттамалармен толықтырған Галенге дейін; одан соң темперамент қасиеттерін басқа психикалық үрдістерден бөліп қарастыруға тырысқан Кантқа дейін және ең соңында қазіргі заманғы типологияларды құрастырған Павлов, Кречмер, Шелдон және т.б. зерттеушілерге дейін жалғасады.
Ерте замандар өркениетіне үңілсек, индивидуалдық ерекшеліктрді анықтаудың айрықша тәсілдері туралы естеліктер аз емес. Мысалы, б.з.д. 2200 жыл бұрын Ежелгі Қытайда шенеуніктерді іріктеуге ерекше мән берген. Ол уақыттағы іріктеу жүйесі жазу және санау тәрізді түрлі «қабілеттерден» бастап, тұрмыстағы мінез-құлық ерекшеліктеріне дейін қамтыған.
Ежелгі Грекияда, Спартада, құл иеленуші Римде түрлі сынақтар кеңінен қолданылғаны белгілі. Б.з.д. 412 ж. Сицилиядан жеңіліп, тірі қалған 7000 Афина әскерлері Сиракуздың тасты карьерлеріне тасталынады. Одан аман қалу үшін олар Еврипидтің өлеңдерін жатқа айтуға қабілетті болуы қажет болған.
Әрине, индивидуалдық айырмашылықтардың барлығын психологиялық ғылым зерттемейді (физикалық, физиологиялық). Ақыл-ойды зерттеу тесттеріне жақын әдісті ойлап тапқан испан ғалымы Хуан Хуарт (1530-1589). Оның 1575 ж. шыққан Examen de Ingenius кітабы балалардың таланттарын анықтауға арналған. Кейіннен ол кітап 27 европа мен латын тілдеріне аударылып басылған. Хуартты қызықтырған басты өлшемдер түсіну, есте сақтау және қиял.
Біздің заманымызға жақын XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында френология, физиогномика, графология «ғылымдары» кең тарай бастаған. Тұлғаның индивидуалдық ерекшеліктерін диагностикалау құралдарын іздестіргендері үшін оларды еске алған жөн.
Френологиялық талпыныстардың авторы австриялық ғалым Ф.Галль.
Анна Анастазидің (1982) зерттеуі бойынша, ақыл-ойдың кемістігін алғашқы зерттеулер және XIX ғ. басталған оларды басқа психикалық аурулардан бөліп қарастыру, психологиялық тестілеудің қалыптасуына үлесін қосты.
Осыған байланысты француз дәрігерлері Жан Эскироль мен (1772-1840) Эдуард Сегеннің (1812-1880) зерттеулерін де атап кеткен жөн. Ақыл-ой кемістігін психикалық аурулардан бөліп қарастыруды мақсат еткен Эскироль алғашқылардың бірі болып олардың ара жігін ажыратады, сонымен қоса ақыл-ой кемістігі деңгейлерінің классификациясын ұсынады. Алғашында ол физикалық критерийлерді, оның ішінде бас қаңқасының көлемі мен құрылымын қолдануға талпынған, бірақ ол нәтиже бермеді.
Кейінірек Эскироль индивидуумның сөйлеуінің даму ерекшеліктері ақыл-ой кемістігі деңгейлерін дифферен-циациялаудың психологиялық критерийі (жарты ғасыр өткен соң, Бине-Симон шкаласы құрастырылғанда осы критерий қолданылды) бола алатынын дұрыс анықтай алды. Эскироль ауру балалармен жұмыс жасауға ұмтылмаған, ол оларды оқыту уақытты бос кетіру деп санаған.
Эскирольдың жұмыстарын зерттеп және ақыл-есі кем ба-лаларды оқыту тәжірибесіне сүйене отырып, Эдуард Сеген керісінше қорытындыға келеді.
Ол ақыл-есі кем индивидуумдар өзінің дамуында белгілі бір нәтижелерге жете алады деп санайды да, Парижде оларды оқытатын мектеп ашады. Сегеннің жетекшілігімен оқытылып жатқан балалардың қол жеткізген нәтижелеріне қошемет көрсету үшін бүкіл әлемнің психологтары мен педагогтары ағылып келе бастады. Ол қолданған оқыту тәсілдерінің арасында бізді, ойықтары бар тақтайшаға түрлі формадағы пішіндерді формасына сәйкес неғұрлым тез жылдамдықпен орналастыруды оқушыдан талап ететін Сеген тақтасы деп аталып кеткен әдіс қызықтырады. Осы және т.б. Сеген ұсынған әдістемелер кейіннен вербалдық емес интеллект тесттері ретінде қолданыла бастады, олардың кейбіреулері әлі күнге дейін қолданыста.
Индивидуалдық ерекшеліктерді зерттеу үшін математикалық, статистикалық процедуаралар қажет екені белгілі. Психологиялық статистиканың негізі бельгиялық математик Ламберт Кьютелдің еңбегінде көрініс тапты. ол адамдардың өмірге келуі, өзіне өзі қол жұмсау, үйлену және т.б. қоғамдық құбылыстарға статистикалық процедуаралар қолдана бастады. бұл сала моральдық статистика деп аталып кетті.
Психодиагностиканың ғылым ретіндегі шығу тегі
Ғылыми психодиагностиканың қалыптасуы психоло-гиялық ғылымға эксперименттің, өлшеу идеясының енуімен байланысты. XIX ғ. 30 ж.ж. неміс зерттеушісі Вольф психометрия түсінігін енгізді. бірақ философтардың, жаратылыстанушылардың, математиктердің ойлары тек ғасыр өтіп барып жүзеге аса бастады. психикалық құбылыстарды өлшеу идеясын жүзеге асыру Э.Вебер мен Г.Фехнердің психофи-зикасынан басталды. Осыдан кейін психология тек түйсіктерді ғана емес, одан күрделі психикалық функцияларды зерттеу барысында да «математика» тілінде сөйлеуге талпына бастады.
Жекелеген айырмашылықтарды зерттеуге тек психологтар, физиологтар, дәрігерлер ғана емес, басқа да ғалым-дар қызығушылық танытқан. 1816 ж. Кенигсбергтен шыққан астроном Фридрих Бессель «Астрономиялық журналдан» Гринвич обсерваториясындағы Король астрономының көмекшісі кәсіби жарамсыздығы үшін жұмыстан босатылғаны жөнінде оқиды. Ол жұлдыздың «ағып түсуін» өзінің басшысынан бір секунд кеш байқағаны үшін жұмыстан шығарылады. Бұл оқиғаға қызығушылық танытқан Бессель зерттеу жүргізіп, әр адамның жұлдыздың «құлауын» аңғару реакциясының әрқилы екенін анықтайды. ол жұлдыздарды бақылаушыларға арналған «бақылаушыны теңестіруді» есептеу қажет деп есептейді. Осылайша, астрономия физиологтар мен психологтарды реакция уақытының индивидуалдық айырмашылықтарын зерттеуге бет бұруына түрткі болды.
«Менталдық хронометрия» деп аталған бағытқа елеулі үлес қосқан голландтық физиолог Ф.Дондерс (1818-1889). Ол Гельмгольц анықтаған жүйке импульсының өту жылдамдығынан асып кеткен реакцияға жіберілген уақытты психикалық үрдістерге жатқызу керек деп шешкен (бұлшықеттен түрлі қашықтықта тұрған жүйке ошақтарын тітіркендіру арқылы). Ол реакциялардың бірнеше типін бөліп көрсетті. А реакциясы – зерттелуші қандай тітіркендіргіш әсер ететінін және қандай реакциямен жауап беру керектігін біледі. В реакциясы – түрлі тірікендіргіштерге түрлі қимыладр арқылы жауап береді. С реакциясы – бірнеше стимул ұсынылса, тек соның біреуіне ғана жауап береді. Дондерстің пайымдауынша, А-дан В-ны алғанда, тадау мен елестету тәрізді психикалық үрдістердің жылдамдығын есептеуге болады. Оның ішінде С-дан А алынғанда ажырату уақыты, С-дан В алынғанда таңдау уақыты белгілі болады. Бұл зерттеулердің негізгісі, психикалық, физиологиядан бөлек эксперименталдық зерттеулердің айрықша облысына айналды.
Индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеу (Френсис Гальтон)
Френсис Гальтон 1822 жылы Бирмингем қаласында дүниеге келген. Оның балалық шағы бай отбасында өтеді. Анасы Чарльз Дарвиннің атасы болып келетін Эразм Дарвиннің қызы болған. Кембридж университетінің бакалавр дәрежесін (1844) алған.
Индивидуалдық айырмашылықтарды зерттеудің негізін қалаушы ағылшын ғалымы Френсис Гальтон болып табылады. Ол оларды өлшейтін құрал – тестті ойлап тапты.
Ф.Гальтонның негізі идеяларының бірі – адамның қабі-леттерін өлшеу. Оны қызықтырған негізгі мәселе – қабілеттердің тұқым қуалаушылығы. Адамзатты жақсарту идеясының негізінде Гальтон психометрияны немесе ақыл-ойды өлшеу үшін тиісті психологиялық, психофизиологиялық зерттеулер жүргізеді. Гальтонның алғашқы зерттеулерінің негізінде индивидуалдық психологиялық ерекшеліктер мен оларды өлшейтін ғылым пайда болды.
Өзінің бақылауларына және Дж. Локктың философиялық іліміне сүйене отырып, Ф.Гальтон сенсорлық ажырату ерекшеліктерінің көмегімен адамның ақыл-ойын (интеллект) бағалауға болады деп пайымдады. 1883 ж. ол өзінің ақыл-ойды өлшеу идеясын құрастырды: «Біз қабылдайтын сыртқы оқиғалар жайлы барлық ақпарат біздің сезім мүшелеріміздің жолымен келеді; адамның сезім мүшелері неғұрлым нәзік айырма-шылықтарды қабылдай алатын болса, онда оның интеллектуалдық іс-әрекеттерді жүзеге асыру мен пайымдаулар құруына соғұрлым мол мүмкіндіктер туындайды».
Ф.Гальтон соған дейін белгілі болған сезімталдық табалдырығын, реакция уақытын анықтайтын эксперименталдық-психологиялық тәсілдерді жетілдіреді және жаңасын құрас-тырады. Олардың ішіндегі, дыбыс жоғарылығын қабыладау ше-гін анықтауға арналған ысқырғыш және ұзындықты көзбен ажыратуға арналған сызықша (линейка) әлі күнге дейін қолданыста және соның атымен аталады.
1884 ж. Лондонда өткізілген медициналық құрал-жаб-дықтар, денсаулық сақтау әдістері халықаралық көрмесінде Ф.Гальтон келушілерді өз құрастырған тесттермен таныстырады. оның антропометриялық зертханасында кез-келген келуші өзінің «қабілеттерін» өлшей алатын болды. Тестілеу он жеті көрсеткіш бойынша жүргізілді, олардың ішінде саусақтар күші мен ұру күші, көру өткірлігі, өкпенің көлемі, түс айыру, нысандарды жаттау және т.б. болды. Көрме жабылған соң, Ф.Гальтон өзінің зертханасын Оңтүстік Кенсингтон Мұражайына көшіріп, алты жыл бойы 9000 адамға өлшеулер жүргізеді.
Ф.Гальтон психологиядағы статистикалық процедура-ларды қолданудағы жаңашыл ғалым болды. 1888 жылы корреляция коэффициентін есептеу әдісін ұсынды.
Гальтон антропометрия мен тұқым қуалаушылықты зерт-теуде корреляция коэффициентін есептеді. Тұқым қуалаушылық-тағы регрессия құбылысын статистикалық зерттеу корреляция түсінігімен тікелей байланысты: «Регрессия былайша түсін-діріледі. Бала жартылай ата-анасына, жартылай арғы ата-баба-ларына ұқсайды. Жалпы айтқанда, оның генеалогиясы неғұрлым әрі кетсе, оның ата-бабалары да, тұтас нәсілден алынған, саны бірдей адамдар топтарынан бөлектенгенше, соғұрлым көп және алуан түрлі болады. Олардың орташа бойы нәсілдің бойындай болады, басқаша айтқанда, ол орташа». Гальтон ашқан регрессия заңы осы. Гальтонның бұл заңдары қазір тек тарихи дерек болса да, өз заманында олар жаңашыл зерттеулер болып саналды.
Гальтонмен бірге жұмыс жасаған математик және био-граф Карл Пирсон корреляцияны есептейтін математикалық аппаратты жетілдірді. Нәтижесінде Пирсон бойынша корреляция коэффициенті пайда болды. Сондай-ақ ол d-квадрат параметриялық емес коэффициентін құрастырды. ол коэффи-циенттер психодиагностикалық зерттеулерде кеңінен қолданы-лады, солардың негізінде психологиялық тесттерді құрастыру мен қолдануда сандық әдістерді қолдану дәстүрі орнады.
Ф.Гальтон тұлғалық ерекшеліктерді өлшеу туралы мәселе қойған ғалымдардың алғашқысы болып табылады.
Сондай-ақ, Ф.Гальтон «идеялар ассоциациясын» да зерт-теушілердің басында тұрғандардың бірі.
Осылайша, интеллектіні зерттеудегі ағылшын мектебінің пайда болуы мен қалыптасуына ұлы ағылшын елеулі үлес қосты.
Джеймс Мак-Кин Кеттеллдің ақыл-ой тесттері
а) Джеймс Мак-Кин Кеттелл 1860 жылы АҚШ-тың Истон қаласында дүниеге келген (Пенсильвания штаты). Лафайет колледжіінң бакалавры (1880), философия докторы (Лейпциг университеті, 1886). Дүние жүзіндегі ең алғашқы психология профессоры (Пенсильвания университеті, 1887-1891). Амери-калық психологиялық ассоциацияның президенті (1895). 1917 ж. Америкалық психологиялық корпорация құрады, ол ең бірінші рет тесттерді басып шығарады.
Дж. Кеттелл Ф.Гальтонның ақыл-ойды өлшеу идеяларына ден қоя бастайды.
1890 ж. Дж. Кеттелл психодиагностикадағы ең атақты ең-бек болып есептелетін «Ақыл-ой тесттері және өлшеу» жұмысын жариялайды. бұл мақаласында ол қолданылып жүрген 50 тесттер ішінен онын іріктеп алады. олар жақсы танымал «динамо-метрия», «қозғалыс диапазоны» (белгілі бір ара қашықтыққа қолды қозғалтуға жіберілетін уақыт), «сезімталдық аймақтары», «салмақтың білінер-білінбес айырмашылығы», «дыбысқа жауап беру уақыты», «түсті ажырату уақыты», «50 см. сызықты екі еселендіру», «10 секундтық уақыт кесіндісін айыру», «әріптер қатарын айтудың бірізділігі». Кеттелл бұл тесттерді ақыл-ойды өлшеуге болатын қарапайым психикалық функциялар тесті деп атады.
Альфред Биненің интеллектіні зерттеуге қосқан үлесі
Альфред Бине 1857 ж. Ниццада дүниеге келген. Гипноз және истерия мәселелерімен айналысқан. 1894 ж. жәндіктердің жүйке жүйесін зерттегені үшін доктор дәрежесін алады. Осы жылы Сорбоннада психологиялық зертхананың директоры болып тағайындалады және Франциядағы алғашқы психологиялық журнал ашады.
Альфред Бине эксперименталдық психологияның негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Зерттеудің алғашқы кезеңдерінде Бине интеллект мен хиромантия және френология қарастыратын «өзгермелілер» арасындағы өзара байланысты түсінуге тырысқан. Сондай-ақ ол Гальтон мен Кеттелл қолданған тесттерді қолданып эксперименттер жүргізді. Алайда 1890 ж.ж. Бине индивидуалдық айырмашылықтарды зерттеу үшін анағұрлым күрделі психикалық үрдістерге жүгіну қажет деген тұжырымға келеді.Бине мен Анри 1896 жылы зейінді, түсінуді, есте сақтауды, қиялды, эстетикалық бағалауды, моральдық пайымдауларды және кеңстікті визуалдық түйсінуді өлшеуге арналған тесттер топтамасына сипаттама берді.
1891 жылы Гарвард университетінен Хуго Мюнстерберг мектеп жасындағы балаларға қолдануға болатын 14 тест дайын-дады. Олардың ішінде оқу, вербалдық ассоциация, есте сақтау, сондай-ақ қарапайым арифметикалық тапсырмалар болды.
Атақты неміс психологы Герман Эббингауз адамның есте сақтауын эксперименталдық зерттеп, оның екі түрінің арасындағы айырмашылықты ашады: жаттауды жеңілдетуден көрінетін имплициттік және тікелей қайта жаңғыртудан көрінетін эмплициттік есте сақтау. Ол имплициттік есте сақтау тесттерін құрастырды және тікелей қайта жаңғыртылмайтын және танымайтын материал, қалайда жадыда сақталатындығын көрсетті, ол қайталап оқуды жеңілдетеді. Балалардың ақыл-ой қабілеттерін зерттей отырып, Г.Эббингауз 1897 ж. тест құрастырады, кейіннен ол соның атымен аталды. Ол сөздерді жинақтау мен құрастыру арқылы елеулі тұтастыққа қол жет-кізетін қабілетті интеллектінің маңызды сипаттамасы деп пайымдады. Психодиагностикадағы тестті жинақтауда толық-тыру ұстанымы әлі күнге дейін кеңінен қолданылады. Алайда А.Бине мен оның қызметкерлерінің көп жылғы еңбегінің нәтижесінде интеллект тесттері құрылды.
Биненің тұжырымы бойынша, индивидуалдық психоло-гияның негізгі түсінігіне норма мен нормадан ауытқушылық жа-тады.
1905 ж. А.Бине Теодор Симонмен бірге қиындығына қа-рай орналасқан 30 тапсырмадан тұратын балалардың интел-лектісін өлшеуге арналған алғашқы шкаланы құрастырды. Бала-лар алған ұпай саны шешілген тапсырмаға тәуелді болды. Бине бұл шкала дифференциацияның «дөрекі» тәсілі деп пайымдады (мысалы, қарапайым 5 жастағы бала 14 тапсырмадан әрі аса алмайды). Бұл шкалада перцептивті-сенсорлық тапсырмалар болғанымен, интеллектінің негізгі компоненттері болып есептелген пайымдау, түсіну және ой түю қабілеттерін ашуға мүмкіндік беретін вербалдық материалдарға ерекше орын берілді.
1908 ж. Бине-Симонның жетілдірілген шаласы жария етілді. Ол 3 жастан 13 жасқа дейін жыныстық белгісіне қарай топтастырылған осы деңгейден өткен белгілі бір жастағы балалар пайызына сәйкес 59 тесттен тұрды. Бұл анықтаушы пайыздық диапазон 67 %-дан 75 %-ға дейін болды. Егер балалардың көпшілігі (пайыздық есеппен) тесттен өтсе, ол бұл жас деңгейі үшін тым жеңіл деп саналды; егер бұл тестті балалардың тым аз пайызы орындаса, онда ол бұл жас үшін аса күрделі болып са-налды.
Мысал ретінде Бине-Симонның 7-8 жастағы балаларға ар-налған тесттер тапсырмаларын келтірейік.
(бұл тестте қолданылатын психикалық даму көрсет-кіштері қазіргі балалардың психикалық даму нормаларынан көп артта қалады).
7 жастағы балалар үшін
1. Оң және сол жақтарын ажырату.
2. Ұсынылған суретті сипаттау.
3. Бірнеше тапсырманы орындау.
4. Бірнеше тиынның жалпы құнын атау.
5. Көрсетілген төрт негізгі түсті атау.
8 жастағы балалар үшін
1. Есіне түсіру арқылы екі нысанды салыстыру. Олардың арасындағы ұқсастықты табу.
2. 20-дан 1-ге дейін кері санау.
3. Суреттегі адамдардың жетіспейтін жерлерін табу (4 тапсырма).
4. Апта күнін, бүгінгі күнді, айды, жылды атау.
5. Бір мағыналы бес саннан тұратын қатарды қайталау.
А.Бине ұсынған интеллектуалдық деңгейді диаг-ностикалау мәселесін шешу үшін, осы тапсырмаларды қалыпты балалардың қай жаста дұрыс шеше алатындығын анықтап, сол жаста сынақтан өткізу керек.
Егер бала өзінің жасындағы балалар орындайтын тап-сырмаларды сәтті орындаса, онда ол қалыпты бала деп саналды. Бұл тапсырмаларды А.Бине ақыл-ой жасын анықтау үшін қол-дануды ұсынды (оны баланың хронологиялық жасымен оңай салыстыруға болады). Осыны толығырақ түсіндірейік. Тест тап-сырмаларын сәтті орындау көрсеткіштері ақыл-ой жасы болып саналады. Тапсырмалар жас ерекшелігіне қарай топтастырылады. Мысалы, 8 жасар балалардың көпшілігі орындай алған тап-сырмалар - 8 жас деңгейіне қатысты, ал 9 жасар балалардың көп-шілігі орындаған тапсырмалар – 9 жас деңгейіне қатысты және т.с.с. Алайда сыналушының тест тапсырмаларын нақты орын-дауы басқаша болуы мүмкін. Ол күрделілігі өзінен төмен жас деңгейіне арналған кейбір тапсырмаларға шамасы келмеуі мүм-кін. Осыған байланысты сыналушының максималды жас дең-гейін, яғни одан төмен тест тапсырмаларына шамасы жететін «базалық жасын» анықтау қажет. Неғұрлым жоғары деңгейлерге арналған тапсырмаларды орындай алса, олар негізгі нәтижеге белгілі бір айдың саны түрінде «жеке сынақ» болып қосылады. Осылайша, ақыл-ой жасы «базалық жас» пен қосымша айлардың қосындысы арқылы анықталады. Мысалы, сыналушының хронологиялық жасы 12-ге тең. Сынақ нәтижесінде мынадай нәтиже алынды:
Кесте 1
Жылдар
|
Айлар
|
VII (базалық деңгей)
|
84
|
VIII
|
6
|
IX
|
2
|
X
|
4
|
XI
|
2
|
Барлығы
|
98
|
Яғни, баланың ақыл-ой жасы 8 жыл 2 айға тең. Ақыл-ой жасы мен хронологиялық жас арасындағы айырмашылық ин-теллектінің абсолюттік өлшемі болып табылады.
Алайда бұл айырмашылық түрлі жас топтары үшін бірдей мағына бермейді, себебі интеллект әрқилы дамиды. 4 жасар баал үшін интеллектуалдық дамуының бір жас алда немесе артта болуы, 12 жастағы баламен салыстырғанда анағұрлым маңыздырақ. Осыған байланысты Вильям Луис Штерн интеллектінің абсолюттік өлшемін - айырмашылық деп емес, са-лыстыру деп анықтауды ұсынды.
Осылайша атақты интеллект коэффициенті (Intelligence Quotient) -қысқаша IQ пайда болды, оның формуласы мынадай:
Интеллект құрылымы (Чарльз Спирмен)
Чарльз Эдвард Спирмен 1863 ж. Лондонда дүниеге келген. 1897 ж. Вундт зертханасында психологиямен айналыса бастайды. 1906 ж. Лейпциг университетінде докторлық дәреже алады. Эксперименталдық психология пәнінің оқытушысы (1907-1911), ойлау мен логика профессоры (1911-1928), психология профессоры (1928-1931). Лондондық «психология мектебінің» негізін қалаушы.
Тесттер нәтижесінің статистикалық талдауына негіздел-ген интеллектіні ұйымдастырудың алғашқы теориясына Чарльз Эдвард Спирменнің теориясы жатады.
Ф.Гальтонның корреляциялық талдау зерттеулерімен қа-наттанған Ч.Спирмен 1901 ж. түрлі интеллектуалдық қабі-леттердің өзара байланысы мәселесіне назар аударады, ал 1904 ж. қазіргі күні классикалық еңбекке айналған «Общий интеллект, объективно детерминированный и измеренный» және «Доказательность и измерение связи между двумя предметами» мақалаларын жариялайды.
Ч.Спирмен зерттеулері интеллектінің екі факторлы тео-риясының пайда болуына алып келеді. Бұл теорияға сәйкес тесттер арасындағы оң корреляцияны (осы тесттерді орындау сәттілігі) және әрбір қолданылушы әдістемеге тән айрықша фак-торларды (S1 S2 S3 және т.б.) анықтайтын жалпы және гене-ралдық фактор (general factor - G) болады. Төменде сызба түрінде берілген (Х белгісімен корреляция белгіленген):
Кесте 2
Тест
|
Фактор
|
|
G
|
S1
|
S2
|
S3
|
S4
|
1
|
X
|
X
|
|
|
|
2
|
X
|
|
X
|
|
|
3
|
X
|
|
|
X
|
|
4
|
X
|
|
|
|
X
|
Бұл тұжырымдамада оң корреляция тек генералдық фак-тордың болуымен ғана түсіндіріледі. Тесттер осы факторға толы болса, олардың арасындағы корреляция соғұрлым жоғары. Ай-рықша факторлар өлшеу қателіктері тәрізді рөл ойнайды. Осы тұрғыдан алғанда Ч.Спирмен теориясын монофакторлық деуге болады.
Ч.Спирмен бойынша, генералдық факторды неғұрлым тар ауқымда талдау, бұл фактордың интеллектінің барлық өл-шемдеріне тән болғандығынан тұрады. G факторын ақыл-ой күш-қуаты (mental energy) ретінде талқылауға болады деген болжамды да ұсынды. Спирмен G факторын бұлыңғыр түсінік деп пайым-дағандықтан, оны интеллектімен теңестірмеді.
G факторының рөлі күрделі математикалық және вер-балдық тесттерде анағұрлым жоғары, ал сенсомоторлық тест-терде – төмен екендігі анықталды.
2 тақырып. XX ғасырдағы психодиагностиканың дамуы
Жоспар
1901 – 1920 ж.ж. психодиагностиканың дамуы
1930 – 1939 ж.ж психодиагностиканың дамуы
1940 -1950 ж.ж. психодиагностиканың дамуы
1960 - 1970 ж.ж. психодиагностиканың дамуы
1980 - 1990 ж.ж. психодиагностиканың дамуы
1901 – 1920 ж.ж. психодиагностиканың дамуы
ХХ ғ. индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеу сала-сындағы елеулі қол жеткізген нәтижелерге А.Биненің тесттері жатады. Бине шкаласы неғұрлым кең ауқымда қолданыла бас-тайды.
Еуропадан келуші иммигранттарды зерттеуге арналған әдістемелер ішіне қосқан Генри Годдард оны алғашқы қолда-нушылардың бірі болды. Ағылшын тілін нашар білетін немесе мүлдем білмейтін адамдарды зерттеуде бейімделмеген тесттерді қолдану неге әкелетінін Годдардтың жұмысы анық көрсетті. Осы зерттеудің нәтижесі бойынша еврейлердің 83%, венгрлердің 80 %, итальяндықтардың 79%, Ресейден келушілердің 87% ақыл-есі төмен болып сипатталуы мүмкін еді.
Г.Годдард ұсынған Бине-Симон шкаласына (1908 ж.) кө-ңілі толмаған америкалық психолог Льюис Мэдисон Термен мен Х.Д.Чайлдз бірігіп тестті жаңадан қайта бейімдеуге кіріседі. Ол шкала тапсырмаларының валидтілігі мен сенімділігін тексеруге мән береді. Тесттің көптеген тапсырмалары модификацияға ұшы-рады, сонымен қоса жаңа тапсырмалар қосылды. Ол шкала (Бине-Симон шкаласының Стэнфордтық нұсқасы) 2100 бала мен 180 ересектерге жүргізіліп стандартталды. Ол 3 жастан ересек жастағыларға дейін диапазонды қамтыды, бірақ 11 жасқа арналған тесттер болмады. Нәтижесі ақыл-ой дамуы мен жастың ара қатынасының көрінісі ретінде және интеллект коэффици-ентіне немесе IQ-ге ауыстырылуы мүмкін болды. Термен осы шкаланың көмегімен IQ – ді орналастыру негізінде мынадай классификациялық сызбаны ұсынды: 90 – 109 IQ – орташа ақыл-ой қабілеттері, 70-тен төмен IQ ақыл-есі кемдікті, 140-тан жоғары IQ данышпандықты білдіреді. Бұл жерде ол анықтаған шектеулер ерікті түрде таңдалғанын және осы классификациялық сызба жаңа өлшеу үшін жалпы басшылыққа алуға ғана арналғанын ес-кертті. Өкінішке орай ол сақтықты көптеген мамандар ескермеді.
Бине шкаласының қазірзі таңдағы қолданыстағы дамуы-ның негізгі кезеңдерін былайша көрсетуге болады.
Жыл
|
Автор (авторлар)
|
Ескерту
|
1905
|
Бине және Симон
|
30 тапсырма, стандартталмаған
|
1908
|
Бине және Симон
|
Ақыл-ой жасының концепциясы, жеткілікті стандартталмаған
|
1911
|
Бине және Симон
|
Ересектерге арналған шектеулі шкала қосылған
|
1916
|
Термен және Меррилл
|
Вербалдық материалы көп
|
1937
|
Термен және Меррилл
|
Екінші басылуы, параллельдік формалар қолданылады, стандартталуы жақсартылған
|
1960
|
Термен және Меррилл
|
Үшінші басылуы, 4,5 мың адам зерттелген
|
1972
|
Роберт Торндайк
|
2,1 мың адамға рестандартизация жүргізілген
|
1986
|
Торндайк, Хаген, Сеттлер
|
15 субтесті бар, стандартталуы қанағаттанарлық (5 мың адам), жас ерекшелік диапазоны: 2-0, 23-11
|
1930 – 1939 ж.ж психодиагностиканың дамуы
1930 жж. көптеген жаңа тесттер пайда болды. Олардың көпшілігі АҚШ-да құрастырылды. 1936 ж. Мына бес тест жайлы мақалалар өте көп жарияланды: Стенфорд-Бине – 141, Роршах тесті – 68 мақала. Келесі орынды Бернрейтердің тұлғалық сауал-намасы (Bernreuter Personality Inventory), Сишордың музыкалық талантты өлшеуіштері (Seashore Measures of Musical Talent) және Стронгтың кәсіби қызығушылықтар бланкісі (Strong Vocational Blank).
Екі жақсы құрастырылған вербалдық емес шкалалар он жылдықтың басында пайда болды. Кос кубиктері мен Портеус лабиринттері (Arthur Point Scale of Performance Tests) тәрізді белгілі тесттерден алып құрастырылған 6-дан 16 жасқа дейінгі балаларды зерттеуге арналған Грейс Артурдың шкаласы жария-ланды. Бұл шкала Стэнфорд-Бине шкаласымен корреляциялануы қажет еді, алайда қажетті корреляция тек 12 жастағыларды зерттегенде ғана байқалды.
Стэнфорд-Биненің неғұрлым танымал шкаласы 1937 жылы шықты. 2 жастан бастап үлкен ересек жас деңгейлері үшін тесттер құрастырылды, олардың ішіне 1916 ж. редакциясына кірмеген 11 мен 13 жасқа арналған тапсырмалар да енді. Сол кезде шкаланың екі эквивалентті формасы L және M (авторлардың есімдерінің алғашқы әріптері: Льюис Термен және Мауд Мерилл) құрастырылды. Бұл нұсқа Америкада туылған бір жарым мен 18 жас аралығындағы ақ нәсілді 3000 балаға жүр-гізіліп, стандартталды, бұл жерде авторлар сыналушылардың тұр-ғылықты жерінің географиясы мен әлеуми-экономикалық мәрте-бесін бақылауға тырысқан.
1937 ж. шкаланың нұсқасын сынау 1916 ж. жарияланған шкаланың сыналуымен үйлес болды: вербалдық тапсырмалардың көптігі; ересектерді бағалау үшін құндылығының күмәнділігі, тапсырмалардың үнемі дұрыс құралмауы және т.б. дегенмен де бұл шкала алдыңғысына қарағанда анағұрлым жетілдірілген еді. Оны көптеген психологтар қабылдады.
1938 ж. Ұлыбританияда қазіргі күнге дейін бүкіл әлемнің психологтары қолданатын тест пайда болды. Ол тест – Равеннің прогрессивтік матрицалары, оны Л.Пенрос пен Дж.Равен жал-пы интеллектіні зерттеу үшін құрастырды және одан алынған нәтижелерге мәдениет пен білімнің ықпалы өте аз болады деп саналды.
Бұл жылдары бұдан да басқа көптеген тесттер жариялана бастады.
1940 -1950 ж.ж. психодиагностиканың дамуы
Бұл кезеңде диагностикалық әдістемелер көбейе бастады. Оскар Бурос 1940 ж. шығарған «Ежегодник психических из-мерений» журналында психологиялық тесттердің саны беріледі, оның тиісті шығарылымдарында 325 тестке шолу жарияланады және 200 тест беріледі. Әрине, ол тесттердің барлығы психо-логтар арасында танымал болған жоқ.
Бірінші дүниежүзілік соғыс тәрізді екніші дүниежүзілік соғыс та жаңа тесттерді құрастыруға түрткі болды. Екінші дүние-жүзілік соғыстың басында АҚШ психологтары әскердің мұқтаж-дықтары үшін, тағы да топтық тесттер құрастыруға бет алады. Осылайша Әскери жалпы классификациялық тест деп аталған (The Army General Classification Test) – соғыс барысындағы шамамен 10 миллион әскери қызметкерлерге топтық тест жүргізіледі. Сонымен қоса, сыналушыға күшті стресстік фактор-лардың тікелей ықпал етуін зерттейтін жағдаяттық тесттерді құрастыруда елеулі алға жылжу болды. Олар Екінші дүниежүзілік соғыста барлау-шпиондық іс-әрекеттерді орындауға неғұрлым қолайлы тұлғаларды іріктеу үшін қолданылды.
1942 ж. Векслер-Белльвью – II немесе «әскерлік Векслер» деген атпен танымал Векслер тестінің екінші редакциясы жарық көрді. Бұл он жылдықта АҚШ-тағы интеллектуалдық дамуы дең-гейін анықтау үшін қолданылатын әдістемелердің ішіндегі көшбасшысы Векслер шкаласы.
1949 ж. Векслер ересектерге арналған шкаланың үлгісін бойынша балалардың интеллектуалдық дамуының деңгейін анықтауға арналған шкала жариялады. Ол 200 балаға зерттеу жүргізіліп стандартталды: 5-15 жасқа дейінгі 100 ұл және 100 қыз бала.
1960 - 1970 ж.ж. психодиагностиканың дамуы
ХХ ғ. алпысыншы жылдары тесттер туралы пікір-таластардың жылдары. Ол әсіресе АҚШ- да ерекше көрініс алды. Әлеумет азаматтық құқықтардың сақталуына алаңдай бастады, әсіресе жеке өмір құқығына қатысты, интеллектуалдық даму дең-гейін бағалауға және тұлғалық сапаларға қатысты тесттерге күмәнмен қарау пайда болды.
1967 ж. мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп оқушы-ларының интеллект деңгейін бағалауға арналған жеке-дара жүргізілетін Векслер шкаласының жаңа нұсқасы жарияланды.
Екі жылдан соң Бэйлидің нәрестелер дамуының шкала-лары ұсынылды, олар 2 айдан 30 айға дейінгі 1262 балаға жүр-гізіліп стандартталған.
Балалардың мектепте нашар оқуы жайлы мәселе осы жылдары жиі қойыла бастады. Сондықтан да оқып үйренуге бай-ланысты дағдыларды бағалауға арналған қосымша тесттер құ-растырылды. Олардың ішіндегі ең танымалдары Миннесоталық перцептивтік-диагностикалық тест, Фростингтің визуалдық даму тесті және Иллинойстық психолингвистикалық қабілеттер тесті. Аталған тесттердің біріншісі 1963 ж. ұсынылды және 1967 ж. 5 – 18 жасқа дейінгі аралықтағы балаларға зертету жүргізіліп, қайта стандартталды.
1970 жж. Пайда болған тұлғалық сауалнамалар ішінде Д.Голдбергтің жалпы денсаулық сауалнамасын және Т.Миллон құрастырған Көп осьті клиникалық сауалнаманы атап өтуге болады. Голдбергтің сауалнамасы психикалық жайлы-лықты, эмоциялық тұрақтылықты диагностикалауға арналған.
1980 - 1990 ж.ж. психодиагностиканың дамуы
Бұл он жылдықта да тесттер саны өсе түсті. Тұлғалық ерекшеліктерді диагностикалауға арналған сауалнамалар көптеп шығарыла бастады. Бірақ кез-келген әдістеменің валидтілігі диагностикалық әдістемелердің ең осал тұстары болып қала берді. Аладйа жобалау тесттерінің мәртебесіне сын пікірлер аса ықпал ете алмады. АҚШ-да 1935-1982 жж. Арасында неғұрлым танымал тесттер мыналар.
Тест
|
Рангтегі орны
|
Миннесоталық көп аспектілі тұлғалық сауалнама
|
1
|
Ересектерге арналған Векслердің интеллект шкаласы
|
2
|
Бендердің гештальт-тесті
|
3
|
Роршах тесті
|
4
|
Балаларға арналған Векслердің интеллект шкаласы
|
5
|
Тақырыптық апперцепция тесті
|
6
|
Сөйлемдерді аяқтауға арналған тесті
|
7
|
«Адамның суретін сал» тесті
|
8
|
«Адам-Үй-Ағаш» тесті
|
9
|
Пибода тесті
|
10
|
Сөйлемдерді аяқтауға арналған Ротттер тесті
|
11
|
Векслердің есте ақтау шкаласы
|
12
|
1992 ж. Психикалық өлшеулер жылнамасының он бірінші шығарылымы 477 коммерциялық тесттерді (бұлардың зертету тесттерінен ерекшелігі, олар мамандарға сату үшін шығарылған) жариялады. Ол тесттердің басым көпшілігі тұлғаны диаг-ностикалауға (28,3%), ал интеллектіні зерттеуге жаңа тесттердің ішінен орта есеппен небәрі 4,6% ғана арналған.
Интеллектіні диагностикалу тесттерінің ішінде таны-малдығы бойынша түрлі жас топтарына арналған Векслер шка-ласы бірінші орынды алады. 1991 ж. балаларға арналған шкала-ның үшінші редакциясы (WISC-R), ал 1998 ж. – үлкендерге арналған шкаланың үшінші редакциясы (WAIS - III) шығады.
А.Кауфман және Н.Кауфман интеллектіні өлшеудің жаңа тесттерін құраструды әрі қарай жалғастырды. 1990 ж. бір вер-балды және бір вербалды еме субтесттерден тұратын және 4 –тен 90 жасқа дейінгі диапазонды қамтитын «Кауфманның қысқаша интеллект тесті» шықты.
АҚШ-да тарала бастаған «Британдық қабілеттер шкаласын» да еске алған жөн. Оның қайта қаралып және кеңейтілген «Қабілеттердің дифференциалдық шкалалары» деген атаумен шыққан нұсқасын 1990 ж. Эллиот жариялады.
3 тақырып. Психодиагностика ғылым ретінде
Жоспар
1. Психодиагностика туралы түсінік
2. Психодиагностиканың пәні және құрылымы
3. Психодиагностиканың психологияның басқа салаларымен бай-ланысы
Психодиагностика туралы түсінік
Индивидуалдық-психологиялық ерекшеліктерді өлшеу үшін жиі қолданылатын термин- «психологиялық тест» болып табылады. Алғашында «психологиялық тест» термині кең мағы-нада қолданылды. Кейінірек, тесттердің дамуына орай, психо-логиялық тесттің аумағы тұлғалық ерекшеліктер мен когнитивтік қабілеттерді зерттеуге дейін тарылды.
«Психодиагностика» термині 1921 ж. Герман Роршах құрастырған «перцепцияға негізделген диагностикалық тесттің» көмегімен жүргізілген зерттеуден кейін қолданысқа енді. Алайда бұл терминнің мазмұны кеңейе бастайды. Индивидуалдық айыр-машылықтарды өлшеумен байланыстылардың барлығын психо-диагностика деп түсіну қалыптаса бастайды.
Терминнің тағдырын әрі қарай зерттесек, Р.Хейс оның ерекше мағынаға ие болғаны туралы айтады (мүмкін ол 1930 жж. екінші жартысындағы психометрикалық тесттердің дағдарысы-мен байланысты шығар).
Г.Роршахтан кейінгі психодиагностика – ол тұлғаны пси-ходиагностиканың әдістемелерімен және жобалау тесттерімен зерттеу. Психодиагностиканы жобалау әдістемелеріне жатқызу және оны психологиялық тесттің эквиваленті ретінде қолдану көбінесе неміс және швейцар психологтарының (Мейли, 1961; Хейс, 1966 және т.б.) жұмыстарында жиі қолданылған.
Кеңінен танымал WEBSTER сөздігіне үңілейік: «Психо-диагностика – ол клиникалық психологияның құралдарымен тұлғаға бағалау немесе психикалық ауытқушылықтарға диаг-ностика жүргізу практикасы және ғылымы». Осы анықтаманы «Медициналық терминдердің энциклопедиялық сөздігімен» салыстырайық: «Психодиагностика – эксперименталдық – пси-хологиялық тесттер көмегімен аурудың психикалық ахуалын ба-ғалау».
АҚШ-тың ғылыми әдебиеттеріндегі басым ұстанымның Батыс елдеріне ықпалы өте зор. 1970 жж. дейін кез-келген психо-логиялық тесттерді құрастыру және қолданумен байланыс-тылардың барлығы, осы зерттеу бағытының нысаны анықталмаса да «психологиялық тестілеу» термині арқылы белгіленді (Анастазиді қараңыз, 1982). Аталғандарға дәлел ретінде 1960-1970 жж. басшылыққа алынған ең таңымал атауларды көрсетіп кетейік: «Психологическое тестирование» (Anastasi, 1968; Анастази 1982, 2001), «Сущность психологического тести-рования» - Essentials of Psichological Testing (Cronbach, 1960), «Теории тестов» - Test Theory (Magnusson, 1967), «Теория и практика психологического тестирования» - Theory and Practice of Psichological Testing (Freeman, 1963). «Психодиагностика» термині біртіндеп қолданыстан шығуда. 2000 ж. шыққан «Энциклопедия психологии» сегіз томдығында (Enciclopedia of Psichology. – APA and Oxford University Press; Америкалық психологиялық ассоциация Оксфорд университетімен бірігіп шығарған) психодиагностикаға арналған мақала жоқ.
Психодиагностиканың пәні және құрылымы
КССР-де «психодиагностика» деп аталған зерттеу бағыты 1960 жж. Б.Г.Ананьевтің күш салу арқылы пайда болады. Батыстық тестілеуге қарсы қойылған кеңестік ғалымдардың психологиялық жаңа бағыты зерттеу нысаны мен ұстанымдарын анықтауды қажет етті. Б.Г.Ананьев психодиагностиканы «тұл-ғаның психофизиологиялық қызметтерінің, үрдістерінің, жағдайлары мен қасиеттерінің даму деңгейін анықтауды... олардың әрқайсының құрылымдық ерекшеліктерін және олардың мінез-құлықтың күрделі синдромдарын құрайтын констел-ляцияларын анықтауды... күрделі жағдайлар мен фрустра-торлардың, түрлі стимуляторлардың әсері кезіндегі адамның аху-алдарын танып білуді ... адамның дамуының потенциалдарын анықтауды мақсат ететін зерттеу бағыты ретінде қарастыру керек деп есептейді» (Ананьев, 1968).
Психодиагностика бойынша алғашқы ресейлік моно-графиялардың бірі адамдарды психологиялық және психофи-зиологиялық белгілеріне қарай жіктеу мен ранжирлеу әдістері ре-тінде сипаттайды.
Осы анықтаманың авторы К.М.Гуревичтің пікірі бойын-ша, психодиагностиканы осылайша талқылау соның ауқымында бір адамды екінші адамнан немесе бір топты екінші топтан ажы-ратуды мақсат еткен психологиялық және психофизиологиялық әдістемелерді қарастыруға мүмкіндік береді. Психологиялық диагностиканың нысаны бұлайша түсіндірумен келісу қиын. Сон-да психодиагностика тек қана психологиялық емес, статис-тикалық және психофизиологиялық әдістемелердің жүйесіз жи-ынтығынан тұратын болып шықты. Адамдарды жіктеу мен ранжирлеу психодиагностиканың өлшеуінің іргетасын – психо-метрияны құрайтын статистикалық процедураларсыз мүмкін емес. Алайда психодиагностика психофизиологиялық әдіс-темелердің көмегімен психологиялық айырмашылықтарды анықтай алмайды. Бұл әдістемелерді психодиагностикаға енгізу-ші психологтар психологиялық феномен физиологиядан шығады деген ескі көзқарастарды ұстанды. Гуревич ұсынған анықтама психодиагностиканы қолдану аясын осылайша тарылтты.
Өткен ғасырдың 80 жж. екінші жартысында психоло-гиялық практиканың түрлі салаларына тесттердің біртіндеп «енуі» негізінде кеңес психологтары оған жаңа анықтамалар бе-реді. Мысалы, «Краткий психологический словарь» «индивид-уалдық ерекшеліктер мен тұлғаның даму перспективаларын анықтау әдістерін құрастыратын психология саласы» деп көр-сетеді.
Түрлі анықтамаларды ескере отырып Л.Ф.Бурлачук мына-дай анықтама ұсынады:
Психодиагностика – тұлғаның жеке – дара психология-лық ерекшеліктерін бағалау мен өлшеу теорияларын, ұстаным-дарын және құралдарын шығаратын психология ғылымының са-ласы.
Психодиагностиканың бір ғаысрдан астам уақыты ішін-дегі даму барысында психологиылқ әдістемелерді қолданудың негізгі аймақтары қалыптасты, оларды жалпы психодиаг-ностиканың салалары деп атауға болады.
Білім берудегі психодиагностика – оқу материалын тиім-ді игеруді өлшеу үшін қолданылады.
Клиникалық психодиагностика – науқастың жеке-дара психологиялық ерекшеліктерінің психикалық соматикалық ауру-лардың (тұлғаның құрылымдық, дианмикалық ерекшеліктері, ауруға қатынасы, психологиялық қорғаныс тетіктері және т.б.) пайда болуы мен ағымына тигізетін әсерін зерттеуге бағытталған.
Кәсіби психодиагностика – кәсіби іріктеу мен кәсіби бағдарлау үшін диагностикалық әдістемелерді қолдану.
Психодиагностиканың психологияның басқа салаларымен байланысы
XIX ғ. мен XX ғ. тоғысқан тұсында көрнекті неміс психо-логы Вильям Штерн «психикалық қызметтер мен қасиеттердің маңызды айырмашылықтары» туралы ғылымды бөліп көрсету үшін дифференциалды психология» түсінігін енгізді.
Психодиагностика мен дифференциалды психологяның зерттеу нысандары сәйкес келеді. Алғашқысы жеке-дара айыр-машылықтарды өлшеуге бағытталған, ал екіншісі осы айыр-машылықтардың себептері мен салдарын тану, түбіне үңілу. Психодиагностика мен дифференциалды психологияны бөлек қарастырудың сипаты жасанды, ал шындығында олар бір-бірін толықтырып тұр.
Алғашында психикалық үрдістердің уақытша сипаттама-ларын өлшеу психометрия деп аталған. соңынан психикалық құбылыстарды сандық өлшеумен байланыстылардың барлығы психометрияға жатқызылатын болды. «Словарь XX века» сөздігі оны «өзгермелі факторлармен жұмыс жасаушы психология саласы» деп анықтады. Мұндай көзқарас бойынша психометрия психофизиологиядан бастап тұлғаға дейінгі психологиялық өлшеу аясын тұтас қамтиды.
Өлшеуге арналған кез-келген психологиялық құралды құрастыру тиісті талаптарды бұлжытпай орындауы қажет екендігі белгілі. Ол талаптар өлшеу әдістемесінің дәлдігіне, шынайылығына және адекваттылығына, оның көмегімен алынған нәтижелердің салыстырмалылығына қатысты. Оларға сәйкес болуы математикалық - статистикалық процедуралармен анық-талады. Осыған байланысты кең қолданылатын «психометрикалық тесттер» термині - өлшеу ұстанымдарын қанағаттан-дыратын валидтілігі және сенімділігі белгілі стандартталған әдіс-темелер дегенді білдіреді.
4 тақырып. Тест психодиагностиканың негізгі құралы ретінде
Жоспар
1. Тест түсінігі. Тест түрлері
Компьютерленген және компьютерлік тесттер
Тұлғаны зерттеудің «объективтік» тесттері
Шетел тесттерін бейімдеу
Тест түсінігі. Тест түрлері
Тест дегеніміз (ағ. тілінен test – сынақ, тексеру) – нәтижелері сандық және сапалық бағалауға жататын, көбіне тапсырма орындау уақыты шектелген және тұлғаның индивидуалдық-психологиялық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін, белгілі бір формадағы белсенділікке ықпал ететін стандартталған тапсырмалар.
Білімнің алуан салаларында кеңінен тараған «тест» тер-минінің тарихы тереңде жатыр. Р.Пэнто мен М.Гравитцтің айтуы бойынша (1972) «тест» сөзі ежелгі француз тілінен шыққан және «кесе» сөзінің (лат. testa – саз балшықтан жасалған құмыра) синонимі болып табылады. Ол сөзбен алхимиктер сынақ жасау үшін қолданған күйдірілген балшықтан жасалған кішігірім ыдыс-тарды атаған.
Қазіргі заманға жақын «тест» терминінің мазмұны XIX ғ. қалыптасты. Психодиагностикада тесттерді классификациялау-дың алуан түрлері бар. Олар тесттер тапсырмаларын қолдану ерекшеліктеріне қарай вербалдық тесттер және практикалық тесттер, зерттеу процедураларының қалпына қарай – топтық тесттер және индивидуалдық тесттер, бағытына қарай – қа-білеттер тесттері, тұлға тесттері және жекелеген пси-хикалық қызметтердің тесттері, ал уақыт шектеуінің болуы немесе болмауына байланысты – жылдамдық тесттері және нәтиже тесттері болып бөлінеді. Сондай-ақ, тесттер құрас-тырылу ұстанымдарына қарай бөлінуі мүмкін. Соңғы жылдары көптеген тесттер компьютерлік ортаға бейімделді (нәтижелерді өңдеу және ұсыну және т.б.), оларды компьютерленген тесттер деп атауға болады. Қазіргі заманның есептеу техникаларының мүмкіндіктерін есепке ала отырып құрастырылатын компьютерлік тесттер көптеп шығарылуда. Л.Ф.Бурлачук ұсынған классификация тесттің негізінде жүзеге асырылатын диагностикалық тәсілге сүйенеді.
Компьютерленген және компьютерлік тесттер
Компьютерленген және компьютерлік тесттер. Компьютер психодиагностиканың дамуының қазіргі кезеңіндегі психологтың диагностикалық іс-әрекетінің ажырамас бөлшегіне айналды. Психодиагностикаға компьютердің енуінің өз тарихы бар. Ақ-параттық технологиялардың алғашқы даму кезеңінде (1960 жж. басы) компьютердің қызметі шектеулі болатын, ол көбіне қара-пайым стимулдар мен реакцияларды тіркеумен және нәтижелерді статистикалық өңдеумен шектелді. Компьютер зерттеушінің қосымша көмекші құралы рөлін атқарады, оған ең ауыр және ең қиын операцияларды өңдеу жүгі артылды. Бірақ осы кездің өз-інде тесттерді машинамен өңдеу дами бастады.
Компьютерлік психодиагностика шетелде ақпараттық тех-нологиялардың дамуының екінші кезеңінде (1960 жж.) пайда бола бастайды. Ең бірінші кезекте диагностикалық ақпаратты өңдеудегі уақытты көп алатын процедуралар («шикі» ұпайларды есептеу, нәтижелер қорын жинақтау, тесттің нормаларын есептеу, алғашқы нәтижелерді стандарттық көрсеткіштерге салу және т.б.) автоматтандырылды. Бұл кезеңде нәтижелерді көп өлшемді талдау жүйесі дамыды.
Электрониканың дамуы машина қорларының бағасының тө-мендеуіне алып келді, ал математикалық қамтамасыз етуге ке-тетін шығындар өсті. Ақпараттық технологиялар дамуының бұл кезеңінің тұжырымдамасын былайша анықтауға болады: «Бағ-дарламалауға болатын барлық нәрсені машиналар жасауы керек, ал адамдар әзірге бағдарлама жаза алмағандарын ғана жасауы керек» (Громов, 1985). Батыстың компьютерлік психодиаг-ностикасының негізгі жетістіктері осы кезеңге жатады. Жаңа машина технологиясының пайда болуына дейін психодиаг-ностикада стандартталған әдістемелердің қомақты қоры бар бола-тын. Кейбір іріктелген сыналушылар саны миллиондаған адам-дарға жетті. Алынған ауқымды нәтижелерді жылдам өңдеу үшін компьютерлік құралдар арқылы психодиагностикалық ақпарат жинау дами бастады, арнайы бағдарламамен қамтамасыз ету құралдары құрастырыла бастады. Компьютер «экспериментатор» рөлін жиі атқаратын болды.
Ақпараттық технологиялардың дамуының үшінші кезеңі (1970 жж. бастап) БЭЕМ негізінде компьютерленген психодиаг-ностикалық жүйелердің жаңа дәуірінің пайда болуына жағдай жасады, автоматтанған тест әдістемелерін практикаға енгізу үрдісін жылдамдатты, психодиагностикалық ақпараты жинау мен өңдеуді үрдістерін формализациялау мен автоматизациялаудың негізін құрды. Зерттеу барсы өзгерді, зерттелінушінің ЭЕМ қатынасы «диалогқа» айналды. Кері байланысты енгізу алдыңғы нәтижелерге қарай зерттеу стратегиясын өзгертуге мүмкіндік берді. Дәл осы кезеңде компьютерлік ортаға арнайы жасалған алғашқы компьютерлік тесттер пайда болды. Бұл тесттердің дамуы сыналушының жауап беру ерекшеліктеріне ыңғайланған тапсырмалардың болуымен байланысты бейімделген тестілеудің алғышарттарынан тұрды. Сондықтан да тесттерді компьютер-ленген немесе компьютер ортасына бейімделген компьютерлік тесттер деп бөлу орынды.
XX ғ. соңғы жылдары компьютерлер тек институттар мен зертханалар ғана емес, әрбір зерттеуші қол жеткізе алатын болды. Қазіргі кезеңде психодиагностикалық зерттеулер жылдам әрекет етуші және алуан түрлі қосалқы қондырғылары бар, аса күшті персоналдық компьютерлер базасында жүзеге асады.
Отандық зерттеу бағыты ретіндегі компьютерлік психо-диагностика 1980 жж. соңына қарай пайда бола бастайды, бірақ ол шетелдегі ақпараттық технологиялардың даму үрдісіне ілесе алмайды. Жалпы психология ғылымы осы заманғы ақпараттық технологияларды белсенді қолданушылардың алдыңғы қатарына жатпайды. Кеңес психологтарына тек 1960 жж. ғана факторлық талдау тәсілдерін қолмен есептеу ұсынылған кезде, шетелдіктер осы математикалық-статистикалық әдісті 1930 жж. бастап ЭЕМ көмегімен жүзеге асыру кең қолданыла бастаған.
Бұрынғы кеңестер одағында тесттердің компьютерлік нұсқаларының пайда болуын (1980 жж. соңы) барлығы бірдей қолдамады. 1990 жж. мәскеу психологтары жүргізген түрлі әлеуметтік топтардың компьютерленген тестілеуге қатынасын зерттеу, жоғарғы деңгей басшыларының, құрастырушы-психо-диагносттардың және компьютермен жұмыс жасай алатындардың және өзін-өзі тануға ұмтылатындардың мұндай зерттеуге үлкен үмітпен қарайтындықтарын анықтады. Қарамағындағылармен тікелей жұмыс жасайтын және оларды ұзақ уақыт бойы білетін орта деңгей басшыларының жағымсыз қатынасы байқалды. Мұндай қатынас қолданушы-психодиагносттарға да (кейде оларда психодиагностика саласындағы нашар теориялық және практикалық дайындығы нәтижесі ретінде еш сынаусыз шектен тыс сенім кездеседі) және кәсіби іс-әрекетінің жемістілігі, мансабы және т.б. тестілеу нәтижелерінің қорытындысына тәуелді деп қарайтындар да кездеседі.
Дәстүрлімен салыстырғанда қазіргі заманғы психодиаг-ностикалық әдістемелердің артықшылықтарына мыналарды жат-қызуға болады:
жүзеге асырылушы бағдарламаның өзгермейтіндігі тес-тілеу жағдайларының бірқалыптылығын қамтамасыз етеді (тапсырмаларды басқаша ұсынғанда бұған қол жеткізу қиын);
сыналушының түрлі реакцияларынның дәлдігін және бір мағыналылығын тіркеуге қол жеткізіледі;
сыналушы әрекеттерінің бірізділігін аңғаруға және қал-пына келтіруге мүмкіндік береді;
психодиагностикалық қорытындылардың біртұтас қоры жеңіл құрылады, зерттелушілердің түрлі топтарына арналған эмпирикалық негізделген тест нормалары қа-лыптасады;
тесттерді автоматтық түрде құрастыру мүмкіндіктері пай-да болады;
психолог зерттеу барысындағы және тест құрастырудағы (бейімдеудегі) ауыр, күрделі, көп уақытты алатын жұмыс-тан босатылады;
топтық тестілеу практикасын кеңейту және әдістемелерді тарату мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі;
нәтижелерді талдау күшті математикалық-статистикалық аппаратын қолдану мүмкіндігі артады, талдаудың жаңа процедуралары жеңілдетіледі;
тестілеу нәтижелерінің жария етілмеуін сақтау жеңіл-дейді;
диагностикалық қорытындыларды сақтау (магниттік құ-ралдарда) оңтайландырылады, зерттеуге кететін шығын төмендейді;
кейбір жағдайларда шешуші мағынаға ие, тез нәтиже бе-ретін экспресс-әдістемелерді (мысалы, кәсіби психо-диагностика) өткізуге оңтайлы жағдайлар туғызады;
тест тапсырмаларын компьютер арқылы ұсыну, зерт-телуші мен экспериментатор арасындағы тұлғааралық қарым-қатынас жағдайларында туындайтын жағымсыз әсерлерді азайтады (зертелушінің қорғаныс тетіктерінің әрекетін төмендетеді, субъектке тән іс-әрекет пен түрт-кілерді диагностикалауды жеңілдетеді);
зерттелушілерде «ойын» түрткісінің оянуы (тестті ойын түрінде ұйымдастыру), тестілеу үрдісін неғұрлым тар-тымды етеді, әрі нәтижесінің шынайылығы артады;
түрлі әдістемелерді талдаудың концептуалдық сызба-ларының үйлеспеуінен туындайтын мәселені шешу жолдары көрінеді (мысалы, ғылыми, әдеби және тұр-мыстық лексикада қолданылатын психикалық қасиет-тердің термин-атауларының тезаурус-сөздігін құрастыру);
сыналушынының мінез-құлқын талдауды зерттеу жүргізу барысында тікелей жүргізуге, сол жердегі жағдайға орай қалыптасқан көтпеген көрсеткіштерді есепке алуға, диа-логты уақыт өлшемінде ұйымдастыруға мүмкіндік береді (бейімделуші тестілеу);
зерттелуші қажет болған жағдайда тестілеу нәтижесі бойынша жылдам талданған кері байланыспен қамта-масыз етіледі;
компьютерлік графика құралдары сыналушыға дина-микалық нысандар ұсына алады (динамикалық стимулдық орта), полимодалдық стимулдарды қолдануға болады;
психодиагностикалық зерттеулерді жеке - дараландыруға да, жылдам бұқаралық зерттеу жүргізуге де қажетті жағ-дайлар жасалады;
практикалық тапсырмаларды шешумен тығыз байланыс орнайды.
Психодиагностикалық зерттеуге компьютерді ену деңгейін бағалау үшін Хартман ұсынған шкаланы негізге алу қажет (1986).
Достарыңызбен бөлісу: |