Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет1/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168


1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

А. Қыдырмолдина

Дене тəрбиесі мен спорт түрлерінің

ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Оқулық

Алматы, 2014


2

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық» 

республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен

Пікір жазғандар:

Е. Д. Даленов – медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик;

Р. А. Арынова – биология ғылымдарының докторы, профессор;

А. С. Сайдахметова – биология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Қыдырмолдина А. Ш.

Дене тəрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері

Оқулық. – Алматы, 2014. – 528 бет.

Оқулықта  ҚР  Білім  жəне  ғылым  министрлігі  бекіткен  типтік  оқу 

бағдарламасына сəйкес дене тəрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық 

негіздері пəнін құрайтын тараулар толық қамтылған.

Еңбек  дене  шынықтыру,  медициналық-биологиялық  жоғары  оқу 

орындарының  студенттеріне,  осы  саладағы  ғылыми  қызметкерлерге, 

сондай-ақ 

ұстаздар, 

спорттық 

дəрігерлер, 

реабилитологтар, 

жаттықтырушылар  мен  салауатты  өмір  салты,  спорт  мəселелері 

қызықтыратын қалың көпшілікке арналған.

© Қыдырмолдина А. Ш., 2014

© ҚР Жоғары оқу орындарының

    қауымдастығы, 2014

ƏОЖ 796 (075.8)

КБЖ 75.1

Қ 79 


Қ 79  

ƏОЖ 796 (075.8)

КБЖ 75.1

ISBN 978-601-217-478-6

ISBN 978-601-217-478-6



3

АЛҒЫ СӨЗ

Аристотель атап өткен «өмірдің өзі талап ететін қозғалыстың» 

барлығы, яғни адамның күнделікті өмірде орындайтын көптеген түр-

лі қарапайым қозғалыстарынан бастап, спорттық практикада кездесе-

тін  күрделі  сипаттағы  жаттығуларға  дейін  жалпы  физиологиялық 

заңдылықтарға  бағынады.  Соның  ішінде,  итальяндық  физиолог                                                                                                                                 

А. Моссо «дене жаттығулары көптеген дəрі-дəрмектің орнын алмас-

тыра алады, бірақ бірде-бір дəрілік зат дене жаттығуларының орнын 

толтыра алмайды», – деп айрықша көрсеткен спорттық шынығудың 

физиологиялық механизмін білу аса маңызды.



Дене  тəрбиесі  мен  спорт  түрлерінің  физиологиялық  негіздері 

пəні биология, медицина жəне спорт ғылымдарының тоғысындағы 

салыстырмалы түрдегі жас ғылым болып табылады.

Пəн жоғары оқу орындарында негізгі оқу пəндердің бірі болуымен 

қатар əрі ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау барысында  алын-

ған нəтижелерге сүйенетін ғылыми пəн. Осыған орай пəннің негізгі 

мақсаты – адамның дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануына 

жəне  функциялық  дайындығын  басқаруына  қажетті  жаттығудың 

физиологиялық негіздеріне арналған өзіндік білім деңгейін көтеру 

барысында  білім  беру  жəне  дағдыландыру.  Сондықтан  да  бұл 

оқулықтың болашақ  ұстаздар мен жаттықтырушылар үшін маңызы 

зор. 

Осы  мəселелерді  ұсына,  іргелі  ғылыми  еңбектерге  сүйене 



отырып,  бұл  оқулық  мемлекеттік  тілімізде  дене  тəрбиесі  мен 

спорт  түрлерінің  физиологиясының  барлық  бөлімдері  қамтылған 

алғашқы  толыққанды  еңбек  ретінде  ұсынылып  отыр.  Сонымен 

қатар еуропалық университеттерде өткен ғылыми тағылымдама ба-

рысында ағылшын, итальян тіліндегі импакт факторы бар ғылыми 

журналдар  мен  соңғы  жылдардағы  заманауи  ғылыми  жетістіктер 

негізге  алынып  əрі  толықтырылып  жазылды.  Оқулықта  қазақтың 

кейбір  ұлттық  спорт  түрлерімен  шұғылданудың  физиологиялық 

ерекшеліктері берілді.



4

І ТАРАУ

ДЕНЕ ТƏРБИЕСІ МЕН СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ 

ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ПƏНІ ТУРАЛЫ 

ТҮСІНІК, МАҚСАТЫ ЖƏНЕ МІНДЕТТЕРІ

Дене  тəрбиесінің  физиологиялық  ерекшеліктерін  білу  мен 

жоғары спорттық нəтижелерге жету бірлігі ешкімнің күмəнін туды-

ра қоймас. 



Дене  тəрбиесі  мен  спорт  түрлерінің  физиологиялық  негіздері 

– жоғары оқу орындарында «Дене тəрбиесі мен спорт» мамандығы 

бойынша негізгі оқу пəндердің бірі əрі ғылыми-зерттеу жұмыстарын 

орындау  барысында  алынған  нəтижелерге  сүйенетін  ғылыми  пəн 

де  болып  табылады.  Бұл  пəнде  негізгі  назар  спорттық  əрекетке 

негізделген адамның бұлшық ет қызметінің физиологиясына ауда-

рылады. Мұндай мəселелерге, ең алдымен, əртүрлі спорттық əрекет 

түрлерінің физиологиялық сипаттамасы мен спорттық жаттықтыру 

кезіндегі организм бейімделуінің физиологиялық механизмдері жа-

тады. 


Қазіргі  кезде  еуропалық  ғалымдар  спорт  физиологиясына 

негізделген  зерттеулерді  іргелі  жəне  қолданбалы  зерттеулер  деп 

қарастырады. 

Іргелі ғылымдар ретінде дене жаттығулары гомеостаздың елеулі 

өзгерістерін  тудыратын  жағдай  болып  саналатындықтан  физио-

логия  ғылымын  тереңірек  бойлай  түсінуге  мүмкіндік  береді,  яғни 

организм  қызметінің  реттелу  механизмдерін  толық  ұғыну  үшін 

таптырмас  құрал.  Қолданбалы  зерттеулер  ретінде  физиологияны 

дене  жаттығуларының  табиғатын  терең  түсіну  үшін  қолданады. 

Денсаулықты  жəне  (немесе)  реабилитацияны  арттыру,  жұмысқа 

қабілеттілікті,  дене  сапаларын  (күш,  төзімділік)  жоғарылату  үшін 

жаттықтырудың тиімді жолдарын қарастырады.

Адамның  күнделікті  өмірде  орындайтын  көптеген  түрлі 

қарапайым 

қозғалыстарынан 

бастап, 


спорттық 

практика-

да    кездесетін күрделі сипаттағы жаттығулардың барлығы жалпы 

физиологиялық  заңдылықтарға  бағынады.  Дене  жүктемелері  түрлі 

мүшелер мен жүйелерде айтарлықтай өзгерістер тудырады, яғни адам 

организмі  бұлшық  ет  əрекетіне  бейімделеді.  Дене  жүктемелерінің 

ұзақ  мерзімде  ықпал  етуінен  спортшылар  организмінде  спорттық 

жаттығулар немесе дене шынықтырумен шұғылданған кезінде орын-

далатын  қарқынды  жұмыстарға  оңтайлы  бейімделуді  қамтамасыз 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау