Сабақ жоспары
Пән: Әдебиеттік оқу
|
Мектеп:
|
|
|
Күні: _._._
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
|
|
Сынып: 2 «А»
|
Қатысқандар саны: 28
|
Қатыспағандар саны:0
|
|
|
Бөлім
|
Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
|
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Мақал-мәтел оқып, жұмбақ шешейік. Жаңылтпаш жаттайық
|
|
|
Сабақтың оқыту мақсаттары
|
2.2.4.1. Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштың жанрлық ерекшеліктерін анықтау.
2.3.2.1- мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру
|
|
|
Сабақ мақсаты
|
Оқушылардың бәрі: мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштың халық ауыз әдебиеті үлгілеріне жататынын біледі.
|
|
|
Оқушылардың көпшілігі: аталған жанрларды айыра алады.
|
|
|
Кейбір оқушылар: мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпашты өз сөздерімен құрастыра алады.
|
|
|
Бағалау критерийлері
|
Ауыз әдебиеті шығармаларының жанрлық түрлерін анықтай алады.
Дайын ұйқас арқылы жұмбақ, жаңылтпаш, санамақтар құрастыра алады.
|
|
|
Ойлау деңгейлері
|
Білу және түсіну, қолдану, жинақтау.
|
|
|
Тілдік мақсат (дағды)
|
Тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары іске асады.
Мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ, шығарма жанрлары
|
|
|
Құндылық
|
Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы құндылығы: ұлттық салт-дәстүріміз бен ауыз әдебиетіміздің үлгі өнегесін ұғындыру
|
|
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ тілі
|
|
|
Алдыңғы білім
|
Өтірік өлең құрастырамын
|
|
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Қызығушылықты ояту:
Сәлесдесу түрлері бойынша шағын сергіту сәтін жасау.
Үй жұмысын сұрау. «Шынжыр» әдісі. Оқушылар өздері құраған өтірік өлеңдерін бірінен соң бірі шынжыр ретімен жатқа айтады.
Бағалау критерийі: өлеңдегі ұйқастың шеберлігі; өлең мазмұнының өтірікке жанасуы.
ҚБ: «Бағдаршам» (критерий бойынша бағдаршаммен бағалайды)
Ой сергек: жаңылтпашты қатар бойынша опера, халық әні, эстрада жанрында орындау:
Шеше, шеше
Неше кесе
Сынды кеше?
|
Мультимедиялық оқу құралы
|
Сабақтың ортасы
30–35 минут
|
Мағынаны ажырату. Білу, түсіну.
Ой қозғау
«Мақал-мәтел» жарысы. Мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, сөзжұмбақты шешіңдер.
1. Ер қанаты-...
2. Асық ойнаған ... азар
3. Ақыл ... – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
4. Әдепті бала – арлы... бала.
5. Бірлік ... түбі – тірлік.
6. Білім. ... инемен құдық қазғандай.
7. Еңбек етсең ....
8. Отан .......
9. Тазалық – денсаулық ... кепілі.
10. Ұрлық түбі – ...қорлық.
Тақырыпты болжау:
Мақсат, күтілетін нәтиже
Сабақтың мақсатымен таныстырып, күтілетін нәтижені оқушылармен бірлесе анықтау.
Тұжырым.
Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар – шағын халық шығармаларының түрлері.
Мақал-мәтелдер – нақыл сөздер. Онда халықтың түйінді ойлары айтылады.
Жаңылтпаштар дыбыстар мен сөздерді дұрыс, анық айтып жаттығу үшін қолданылады. Жұмбақтар – табиғат құбылыстарының, өзін қоршаған дүниенің сырын танып білуге талпынған халық ойынан туған шығармалар.
Қолдану. Топтық жұмыс.
1-тапсырма: Конвертте берілген мақал-мәтелдерді төмендегідей тақырыптар бойынша топтастыру және әр тақырыпты мақал-мәтелдермен толықтыру.
1-топ.Туған жер, Отан туралы;
2-топ. Еңбек туралы;
3-топ. Жақсы, жаман істер туралы;
4-топ. Ерлік, батырлық туралы.
2-тапсырма: Топтар арасында жаңылмай жаңылтпаш айту жарысы. Оқулықта берілген жаңылтпаштарды кезек-кезек бір-біріне айтады.
ҚБ: Қол соғу арқылы бағалау.
Жұптық жұмыс.
1.Оқулықтағы жұмбақтардың шешімін табу.
2.Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштың жанрлық ерекшеліктері қандай?
Жетістік крийтерийі:
Өлең тақырыбын түсінген
|
|
Неше жұмбақтың шешімін тапты?
|
|
Жанрлық ерекшеліктерін анықтай алады
|
|
ҚБ: ЖК бойынша.
|
Интербелсенді тақта
iMektep сайтынан (халық ауыз әдебиеті)
Жабық конверттер
Оқулық, кесте
Бағалау кестесі
|
|
Жинақтау. Ой-толғау. Жеке жұмыс.
Оқушылар өздері қалаған суреттерге қарап, жұмбақ құрастырады.
Дескриптор: жұмбақтың мазмұнының түсінікті болуы; ұйқасқа мән берілуі.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бағалау.
|
|
Сабақтың соңы
5 минут
|
Үйге: Ұнатқан 2 мақал-мәтел, 2 жұмбақ,
2 жаңылтпашты жазып, жаттап келу. (өз шығармашылымен орындауға да болады)
Кері байланыс. Ауызша
Рефлексия. Ауызша
|
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
|
Бағалау –
Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
|
А, А + ақын сөздерін пайдаланып көркем сөйлеу.
|
Жетістік критерийлері арқылы,
қол соғу арқылы.
|
Құндылықтарды дарыту:
ынтымақтастық,
құрмет.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
АКТ-ны қолдану дағдылары: осы сабақ барысында оқушыларға тақырыпқа қатысты көрнекі құралдар интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі.
Тәрбиелік мәні: әр нәрсенің қадірін білуге, төзімділікке, сабырлылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
|
Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты):
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты):
1.
2.
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|
|
|
|
|
Пәні :
|
Қазақ тілі
|
Сабақтың тақырыбы:
Сынып: 4 “Б”
|
Мақал – мәтелдер
|
Сілтемелер:
|
Қазақ тілі оқулығы, Алматы «Атамұра» баспасы 2012ж, Блум таксономиясы,СТО технологиясы.
|
Жалпы мақсаттар:
|
Мақал – мәтелдер туралы түсінік беру, мағыналарын ашу ұғындыру. Оқушылардың мақал туралы алған білімдерін пысықтау және тереңдетужасалу жолдарын түсіндіру;оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;Ана тілін ардақтап бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғуға, сауатты, көркем жазуға,тез ойлауға, жүйелі сөйлеуге төселдіру; достық, түсіністік сезімдерін тереңдету.
|
Негізгі мақсаттар:
|
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
Топтық жұмыс жүргізу;
Бағалауды үйрену.
|
Оқыту нәтижелері:
|
Белсенділіктері, қызығушылықтары артады;
Бір-бірімен пікір алмасады;
Қорытынды шығарады.
|
Жаңа сабақ
|
Халық ауыз әдебиетінде мақалдың орны ерекше. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткен. Мақал-мәтелдерде халықтың сан алуан өмір құбыстары қамтылған. Олар ой дәлдігімен, ықшамдығымен ерекшеленеді.Мақал - мәтелдердің құрамындағы әр сөздің орны тұрақты болады. Ондағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе бір сөзін басқа сөзбен алмастыруға келмейді Мақал - мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты аз сөзбен көп мағына білдіреді.Мақал-тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Мысалы: Кең болсаң, кем болмайсың.
Мәтелдерде ой-пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады. Мәтелдердің мақалдан айырмашылығы мағынасы ашық болмай, ишарамен, тұспалмен айтылады.
|
Түйінді идеялары:
|
Мақал – тәрбиелік мәні бар, ақыл-нақыл сипатында айтылатын сөздер табы.
Мәтел – ой-пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы.
|
Сабақтың әдіс – тәсілі:
|
Топтық жұмыс, талдау жүргізу, қарама - қарсы шабуыл, сыни тұрғыдан ойлау, графикалық диктант, диалогтік оқыту, сұрақ қою техникалары, синквейн, бас жолды өлең тұжырымдамасы.
|
Сабақтың көрнекілігі:
|
Маркер, қағаздар, оқулық, слайд, АКТ, венн диаграммасы.
|
Пәнаралық байланыс:
|
Қазақ әдебиеті, ағылшын, орыс тілі.
|
Кезең
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру
|
Оқушылармен амандасып, сыныпқа ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Шаттық шеңбері.
Тәтті кәмпиттер арқылы топқа бөлу.
|
Көтеріңкі көңіл-күйде топтарға бөлінеді, топ басшысын сайлайды.
|
Басталуы
|
Үй тапсырмасы. Өткен тақырыптарды пысықтау «Қарама - қарсы шабуыл» әдісі бойынша ашық сұрақтар
|
|
Қызығушы-лықты ояту
І Білу
|
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын мына сөзжұмбақты шешу арқылы анықтайтын боламыз.
Сөзжұмбақ
1.Жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер.
2. Мағыналары қарама – қарсы сөздер
3. Жылқы пірі.
4. Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөздер.
5. Қыстың бірінші айы.
6. Білім беретін мекеме.
7. Мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралатын сөздер?
8. Айтуға тиым салынған сөздер
9. Сиыр пірі.
10. Тілдегі сөздер жиынтығын зерттейтін салны ата
Қандай сөз шықты? (Мақал-мәтел)
|
Оқушылар өтілген тақырыптар бойынша ашық сұрақтар қояды , келесі топ жауап береді,жаңа тақырыпты табады
|
ІІ Түсіну
|
«Даналық сөзден дән ізде»
Мақал-мәтелдердің екіші сыңарларын жасыратын ойын ойнату. Бірінші -жоғалтушылар, екінші -табушылар.
Графикалық диктант
|
Берілген сөйлемдерден мақал мен мәтел жасалу жолын түсіндіреді.
|
ІІІ Қолдану
|
«Сөз асылы - мақал»
Ұсынылған мәтіндер мазмұнына мақал-мәтел жазу, жоспар құру.
І топ «Болат пен Марат»
ІІтоп«Сен оны құрметте» мәтін
ІІІ топ«Нан – қасиетті тағам»
|
сөйлем құрау
|
Сергіту сәті
|
«Балбырауын» күйі
|
Оқушылар ән әуенімен билейді, сергиді
|
IV Талдау
|
«Мәнерлі сөздің мәнін ұқ»
Интербелсенді тақтадан түрлі суреттер көрсете отырып, мақал –мәтелдерді табу, мәнін ашу
|
|
V Жинақтау
Дәптермен жұмыс
|
«Венн диаграммасы» Мақал мен мәтелдің айырмашылығы.
Мақал – мәтелді толықтыру, екі тілге аудару
Фонетикалық талдау. Жақсылық, табиғат, құлагер.
|
|
VI Бағалау
|
«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп»«Бес жолды өлең тұжырымдамасы»
Зат есім
Сын есім (2 сөз)
Етістік
Түйінді ой
Синоним
|
Оқушылар топта пікірлерімен алмасып,семантикалық кестені толтырады
Өз ойларымен бөлісіп, синквейн құрастырады.
|
Келесі тапсырма (үйге тапсырма)
|
«Бірлік бар жерде – тірлік бар» ой толғау жазу
127- жаттығу.
Сұрақтарға жауап беру
|
|
Формативті, суммативті бағалау
|
Графикалық бағалау
|
Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды критерийлер арқылы бағалайды
|
Кері байланыс
|
Оқушылар сабақта алған әсерлерін жазып, смайликке іледі.
|
26
Қорытынды
|
Қорыта келе оқушылардың тілін дамытуда көркем шығарманың тәрбиелік мәнін анықтау үшін ауыз әдебиеті үлгілері мен жазбалары балалар әдебиетінің туындыларын пайдаланудың жолдары қарастырылады. Педагогикалық әдебиеттерде әдіс мақсатқа жетудің тәсілі деп санаймын. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой- толғаныстары сөздерде,санамақтарда, жұмбақтар мен мақал – мәтелдерде т.б. көптеп кездеседі. Қазақ халқы өз ұрпағын бесікке жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр мен әңгіме,ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ қоршаған ортаның құпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп, білмесе де, жапан түзде жалғыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, қаршадайынан-ақ есту,көру сезімдері де, құралайды көзге атып түсірген мерген де болған. Бір естігенін қалтықсыз есте сақтайтын қабілеті күшті, әңгімеге үйір көшпелі халықтың баласы небір қызық ертегілерді, жыр – дастандарды жаттап алады. Сондықтан қазақтың ауызекі поэтикалық шығармаларындағы материалдарын бастауыш мектептің оқу процесінде пайдаланудың мәні зор. Жоба тиімділігін бағалау критерийлері пәндердің ұлттық құндылықтарға толы мазмұны кеңейеді. Балада бір естігенін қалтықсыз есте сақтайтын қабілеті дамиды. Небір қызық ертегілерді, жыр- дастандарды жаттап алады. Оқушылардың тілін дамытуда, тәрбие салаларын жүзеге асыруға балалар әдебиетін пайдалану терең талданады. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай көркем шығарма жанрларының: ертегі, мақал – мәтел, жұмбақтар, жаңылтпаштар тәрбие құралы ретінде пайдаланылады.
Ұлы Абай атамыз мақал-мәтелдерді жоғары бағалай келіп, «Оны да талғап пайдалану керек»-дейді. Бұл курстық жұмысымда мен бастауыш мектептегі кез-келген сабақта мақал-мәтелдерді пайдалану мүмкіндегі мол екендігін дәлелдедім.
Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің барлығы дерлік балаға өмір танытарлық қызмет атқарары сөзсіз. Айнала қоршаған ортаның қыр-сырын, сын-сипатын танытып, таным әрекеттерін, яғни қиялын, ойлауын, еске сақтауын, тілін дамытады.
Баланы тәрбиелеу ісіне қажетті барлық мүмкіндіктер ауыз әдебиеті үлгілерінен табылып, халықтық шығармаларды оқып-танысу барысында адамгершілік асыл қасиеттердің адамды адам мұратына жеткізетініне, ал жаман қылық, жат әрекеттердің зияны тиіп, жаманшылыққа ұшырататынына көз жеткізеді.
Сондықтан қазақтың ауызекі поэтикалық шығармашылығы материалдарын бастауыш мектептің оқу процесінде пайдаланудың мәні зор.
27
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. «Қазақ тәнім - тәрбиесі». Алматы. «Санат» 1995 ж. 21-22 бет.
2 Жарикбаев К.Б., Калиев С.К. Қазақстан педагогикалық ой антологиясы. Алматы: Рауан, 1995.
3 Қ. Жұмалиев, Т.Ақшошлақов. «Қазақ тілі мен әдебиеті». «Рауан» баспасы.1996 ж.
4 Ғабдуллин М., Қазақ халқының ауыз әдебиеті, Алматы., 1972
5 Тайжанов А.Т. Мұхтар Әуезовтің педагогикалық мұраларының мектеп өміріндегі орны. – Ақтөбе, 1993.
6 Р. Төлеубаева «Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика». Алматы .1994 ж. 43 бет
7 .Ғабдуллин М., Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1972
8 Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова. «Педагогика». Дарын.Алматы 2004 ж. 180 бет
9Қоянбаев Р. Тәрбие теориясы.- Алматы, 1991ж
10 Жәркенов М. Әдебиет пәнін өмірмен байланыстыра оқыту. - Алматы, 1984 ж.
11 Алпысбаев Т. «Қазақ халық әдебиеті» Т.З; Ертегілер. Алматы,
«Жазушы» 1975ж. 135
12 .Қазақтың мақалдары мен мәтелдері //құрастырушы Өтебай Тұрманжанов. – Алматы, 1935ж.
13Албытова Н. Қазақ балалар фольклор арқылы бастауыш мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру. – А., 1999 ж.
14 Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 1958. – 70 б.
15 Ақмұқанова Б. Қазақтың мақал-мәтелдері. Алматы, 1950.
28
Сайыстың тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
Сайыстың мақсаты: Оқушыларды мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету, ой-өрісін кеңейту. Өз қазақ әдебиетін құрметтеуге, өз тілін мақтан ете білуге тәрбиелеу. өз ойларын әдеби тілде жеткізе білуге баулу, ой жүйріктігін дамыту.
Сайыстың барысы:
І.Кіріспе бөлім
- Құрметті ұстаздар, оқушылар, «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең қымбат қазынаның бірі- мақал-мәтелдер. Оқушыларға мақал-мәтелдерді үйретіп ұғындыру, баланы көптеген жақсы қасиеттерге адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелейді. Мақал-мәтелдер дегеніміз сөз арқылы ықшамды, жинақталған, өтімді түрде айтылатын күрделі ойдың қорытындысы, бейнелі тіл байлығымыз. Қоғамда болып жатқан елеулі өзгерістер, салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз, мақал –мәтелдердің шығуына негіз болған. Мақал- мәтелдердің бала тәрбиесінде маңызы өте зор. Ал, жұмбақ шешу арқылы оқушының ой-өрісі, дүниетанымы кеңейеді. Оқушы ізденімпаздыққа, тапқырлыққа үйренеді. Дегенмен, мақал-мәтелді орынды қолдана білу, мағынасын түсіне білу де өнер.
-Ендеше, «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысымызды бастаймыз. Ойынның шартымен таңыстырайын. Ортаға үш топ шығады, «Тұлпар», «Сұңқар», «Қыран». Әр сұрақ 10 ұпаймен бағаланады, жартылай жауап 5 ұпаймен бағаланады.
І тур. "Білгенге маржан"мақал-мәтелдің жалғасын табу
ІІ тур. «Кім жүйрік ?»тапсырмаларды орындау
ІІІ-тур."Тапқыр болсаң, тауып көр"Жұмбақ шешу.
ІҮтур. «Намыс-Дода» бөлімі топ басшылар жарысы
Ү тур. Көрермендер көрімдігі.
Әділқазы алқалары:
1.Тәрбие ісі меңгерушісі Төлемісов Берік Қаршығаұлы
2. «Мұрагер» ОҒҚ мүшесі 11 кл. оқушысы Сарина Айжанат
3.Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Байжанова Айгүл Жайлыбайқызы
ІІ.Негізгі бөлім
1 тур
"Білгенге маржан"мақал-мәтелдің жалғасын табу
1. Оқу білім бұлағы..... (білім өмір шырағы)
2. Жаңбыр бір жауса,.... (терек екі жауады)
3. Өнерлінің қолы алтын,.... (өлеңшінің сөзі алтын)
4. Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы бол)
5. Көп жасаған білмейді....../көп көрген біледі/
6. Қыз өссе елдің көркі,... (гүл өссе жердің көркі)
7. Жері байдың... (елі бай)
8. Досы көпті жау алмайды.... /ақылы көпті дау алмайды/
9.Жауға жаныңды берсең де...... /сырыңды берме/
10.Өз білмегеніңді кісіден сұра.... /кісі болмаса, кішіден сұра/
1. Ер жігіт ел үшін туады... (ел үшін өледі)
2. Әдепті бала – арлы бала,... (әдепсіз бала сорлы бала)
3. Білекті бірді жығады,... (білімді мыңды жығады)
4. Еңбек етсең ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)
5. Отан - қуат... (Отбасы - шуақ)
6. Ұланы бар елдің... (ұраны бар)
7. Жақсыдан үйрен,....(жаманнан жирен)
8.Саналы адам сағыңды сындырмас... /жаман адам жағыңды тындырмас/
9.Бейнетің қатты болса.... /Татқаның тәтті болады/
10. Еңбек етпесең, елге өкпелеме...../Егін екпесең жерге өкпелеме/
1. Болат қайнауда шынығады... (батыр майданда шынығады)
2. Білген кісі тауып айтады,... (білмеген кісі қауып айтады)
3. Мың малын болғанша,... (бір балаң ғалым болсын /
4. Тіл тас жарады, ... (тас жармаса, бас жарады)
5. Ерді намыс өлтіреді, ... (қоянды қамыс өлтіреді)
6. Басқа елде сұлтан болғанша, ... (өз еліңде ұлтан бол)
7. Ердің атын... (еңбек шығарады)
8. Малы жоқ деп ерден түңілме...../Шөбі жоқ деп жерден түңілме/
9. Ер жігіт ел үшін туады,...../елі үшін өледі/
10. Білім қымбат......../Білу қиын/
ІІ тур
«Кім жүйрік ?» 10,20,30,40 сандарына қарай әр тақырыпқа 5-10 мақал айту,
10 ұпай Ұстаз туралы мақал айту:
Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы.
Шәкіртсіз-ұстаз тұл.
20 ұпай. Тіл туралы мақал айту:
«Өнер алды – қызыл тіл!
«Бас кеспек болсаң да, тіл кеспек жоқ»
«Басқа пәле тілден»
«Бал тамған тілден – у тамар»
Тіл жоқ жерде, ұлт та жоқ.
30 ұпай Жақсылық пен жаманшылық туралы мақал айту:
«Жақсы бала - сүйеніш, жаман бала - күйініш»
«Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі,
Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі»
Жақсылық пен жамандық егіз
Жаман аттан аяғым артық,жаман жолдастан таяғым артық
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
40 ұпай Мал туралы мақал айту:
Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді.
Нар жолында жүк қалмас
Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір
Ер қанаты – ат
Сиырдың сүті – тілінде
10 ұпай:Табиғат туралы мақал айту:
Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.
Не ексең, соны орасың.
Бір тал кессең, он тал ек.
20ұпай Оқу-білім, өнер туралы мақал айту:
Оқу-инемен құдық қазғандай.
Оқусыз- білім жоқ, білімсіз – күнің жоқ.
Ел іші-өнер кеніші.
Өнерлі өрге жүзер.
Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.
30 ұпай Ерлік, батырлық туралы мақал айту:
Батыр майданда шынығады.
Жаңбыр жауса жер ырысы, батыр туса ел ырысы.
40ұпай Ата-ана, отбасы туралы мақал айту:
Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап ұл өсер.
Ата-ананың қадірін, балалы болсаң білерсің.
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
ІІІ тур "Тапқыр болсаң, тауып көр"Жұмбақ шешу.
І топқа сұрақ
Жерді көрдім қаласы бар
Үйлері жоқ мекендейтін,
Көлді көрдім, өзен көрдім
Сулары жоқ терең дейтін (карта)
Жұмбақ шешкіш кім екен?
Сыртқа шықсам түн екен
Моншақтарын шашып ап,
Бір сары қыз тұр екен (ай, жұлдыздар)
Қабат – қабат қаптама,
Ақылың болса аттама (Кітап)
Жезге ұқсас сабағы,
Дәні халық тағамы (Бидай)
Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты (Велосипед)
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді /Ұстаз-учитель-teacher /
Отыз екі батыр,
Екіге бөлініп жатыр / тіс – зубы - tooth /
ІІ топқа сұрақ
Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді (Жұлдыздар)
Балалар суға салған жіп
Тереңнен іліп алар жүк (Қармақ)
Шөміші жоқ теңізді сапырады
Кебісі жоқ егінді жапырады. (Дауыл)
Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай (Әтеш)
Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. /кітап/
Жұмбақтың шешуін орыс, ағылшын тіліне аудару:
Көктемде ақ гүлге оранады,
Күзде қолға доп болып оралады / алма – яблоки – apple /
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді / су – вода - water /
ІІІ топқа сұрақ
Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. /автобус/
Әжем уыстап сығып
Далада кептірген.
Қатты әрі, дәмді
Көп жесең, шөлдеткен /құрт/
Күмбір-күмбір күйі бар
Құлағыңа құйып ал! /домбыра/
Тақылдатып таңдайды
Уақыттан бір қалмайды /сағат/
Сақалы жоқ, шашы бар,
Бет-аузы жоқ, басы бар
Белін бекем байлаған
Қоқысты қоймай айдаған /сыпырғыш/
«Ұйқасын тап !»
1. Өзінше ноян, қорқақ ( қоян )
2. Тұмсығымен шымшып, құрт тереді (шымшық)
3. Кезіп жүрген шандақты, көрдім жаңа (қаңбақты )
4.Алмастан тыным, шабады (құлын)
ІҮтур «Намыс-Дода»бөлімі топпен мақал айту
/асық алу алу арқылы, тақырып таңдап, сол тақырыпқа білгенінше мақал айтуы тиіс/
а/Отан, туған жер туралы ә/ Ас, тамақ туралы б/ Дос туралы мақал айту
Ү тур Көрермендер көрімдігі.
Көрермендерге мақалдың бір жолын айтады, олар екінші жолын табады,
1. Отан туралы:
«Отан үшін отқа түс, күймейсің»
«Отансыз адам - ормансыз бұлбұл»
2. Ашу, ыза туралы:
«Ашумен басталған іс абыроймен аяқталмайды»
«Ашу дұшпан ақыл дос,
Ақылыңа ақыл қос»
3. Ар – ұят намыс туралы:
«Мал үшін таласпа, ар үшін талас»
«Арлы арына қараса, арсыз жеңдім дер»
4. Бала туралы:
«Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар»
«Бала тілі - бал»
5. Денсаулық туралы:
«Денсаулық - зор байлық»
«Дені саудың - жаны сау»
Жұмбақ шешу:
1. Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады,
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады. (Қар)
2. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсен жылатады (Пияз)
3. Асты тас, үсті тас,
Ортасынды жанды бас (Тасбақа)
4. Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады. (Жұмыртқа)
5. Тал басынды түндіксіз отау (Ұя)
Берілген тұрақты сөз тіркестердің мағынасын ашу:
Иығынан су кетті / жолы болмау /
Тонның ішкі бауындай / тату-тәтті, дос /
Ат шаптырым жер / алыс жер /
Екі көзі төрт болды / күтіп қалу /
Тайға таңба басқандай / анық /
Таяқ тастам жер / жақын жер /
ІІІ. Қорытынды бөлім.
«Тұз астың дәмін келтіреді,
Мақал сөздің мәнін келтіреді»
«Мақал қайдан шығады ой болмаса,
Киіз қайдан шығады қой болмаса» - дегендей, мақал-мәтелдермен жұмбақ жарысын тамашаладық. Жарысқа қатысушы сайыскерлер өздерінің сөздік қорын байытып, қазақтың мақал – мәтелдерін, жұмбақтарын жақсы білетіндіктерін көрсете білді. Осы жаттаған жұмбақ, мақалдармен шектелмей, мемлекеттік тілімізді құрметтеп, шешендік сөздерді көбірек біліп, тілге шешен, сөзге жүйрік болуға ұмтылыңыздар.
Марапаттау.
Әділқазылар алқасы жеңіске жеткен топтарды мараппаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |