Адамгершілік, кішіпейілділік жайында:
Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.
18
Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп сіңлі өсер.
«Сіз» деген – әдеп
«Біз» деген - көмек.
Әдепті бала, ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала, ата-анасын қақсатар.
Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
Ұлтымызда тәлім-тәрбиеге, әдептілікке, адамгершілікке шакыратын айшықты сөздер аз емес. Тәрбиеге қатысты нақыл сөздердің мәнін ашу арқылы оқушыларды осы қасиеттерге үндейді.
Мақал-мәтелдердің ұлттық-мәдени, ұлттық-дүниетанымдық мақсатта қолданылған сөздердің халық тарихын, салт-санасын танып-білудегі рөлі ерекше. [15]
Қорыта келгенде, тіліміздегі мыңдаған мақал-мәтелдер тіл байлығымыздың сүбелі саласы, көркем сөз шеберлігін шыңдай түсуге, тілдік мүмкіншіліктердің өрісін кеңейте түсуге қажетті, әсерлі де әсем, бейнелі де айшықты сөз өрнегі болып саналатынына көзімізді жеткіздік
“Бастауыш сыныпта жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді оқыту” тақырыбы бойынша менің сабақ үлгілерім:
Достарыңызбен бөлісу: |