«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Жоғары білім берудегі инновациялық үдерістердің қарқынды өрлеуі



жүктеу 0,98 Mb.
бет70/162
Дата11.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#41704
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   162
ПФжӘ дәріс

Жоғары білім берудегі инновациялық үдерістердің қарқынды өрлеуі. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басы қазқстандық білім беру жүйесіндегі қарқынды өзгерістер кезеңі болып табылады. Бұл білім сапасына қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты сыртқы факторлардың әсерінен туындап қана қойған жоқ, сонымен қатар даму тенденциясын тудыратын ішкі қарама-қайшылықтардан туындап отыр.
Білім беру жүйесі қоғамдық жүйенің бір бөлігі болып табылады, сондықтан ол басқа да бөліктердің өзгеру ықпалында болады. В.С. Лазерев пайымдағандай: «Әр университет көптеген тармақтары бойынша оны қоршаған әлеммен байланысты, сондықтан сыртқы жағдайлардағы өзгерістер оның өміріне әсер етпей қоймайды. Кейбір өзгерістер тез арада реакция беруді талап етсе, басқа өзгерістер университеттің түп тамырымен мақсаттары мен оған жету жолдарына өзгеріс енгізуді талап етеді. Соңғы онжылдық көрсетіп отырғандай, ықпал ету факторлары күннен күнге білім беруге әсер ету күшін арттыруда, кейін бұл ықпал азаяды деп күтудің қажеті жоқ».
Шетелдік университеттердегі аталған проблемалар Қазақстанда ғылыми инновациялық сфераны басқару құрылымдарын қолдану қажеттілігі жөнінде қорытындылауға мүмкіндік береді. Жоғарғы оқу орындарының инновациялық жүйесінің концептуалдық шешімін жобалаудың әртүрлі нұсқаларын құру және оның ішінен ең дұрысын таңдауда 1 - сурет мүмкіндік береді.
Қоғам даму қарқынының өсуі өзгермелі жағдайға бейім адамды даярлауды талап етеді. Қызметкерлерді дайындау мен олардың кәсіби біліктілігін арттыруды анықтайтын экономика және басқа салалардың даму динамикасы түлектердің бойында үздіксіз білім алуға деген талап пен қабілетті қалыптастыру қажеттігін тудырып отыр. Қазіргі қоғамға дербес, өз болашағына жауапкершілік ала алатын, шығармашыл, өз дамуына құндылық ретінде қарайтын, үздіксіз білім алуға қабілетті адамдар керек.
Қазақстанның болашағы білім сапасына байланысты анықталады, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қоғамның білім беруге жоғары мән бермей көптеген мәселелерді шешуі мүмкін емес деген түсінік қоғамдық санада қалыптасып келеді. Осыған орай «Білім туралы заң» (2007 жыл) және «Ғылым туралы заң» (2011 жыл) қабылданды. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік саясат ұстанымдары айқындалады. Онда «Жоғары оқу орны жүзеге асыратын қызметтің негізгі түрі білім берумен қатар: ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет, оның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықты іске асыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстарды жүргізу болып табылады» деп айқындалған.
Білім беру тәжірибесі көрсетіп отырғандай, университет жұмыс істеу режимінде болып қала алмайды, қоғам талабына сай және уақыттан артта қалмас үшін университет сапалы өзгеруі қажет. Әрі өзгеру шегіне қарай ол үнемі қоғамның әлеуметік тапсырысын орындап отыруы қажет. Университетке көрсетіліп жатқан сыртқы қысым және даму үшін пайда болған жаңа мүмкіндіктер оның ішкі жүйесінде қысымның пайда болуына алып келеді. Білім беру қызметін тұтынушылар университетке жоғары әрі жаңа талаптар қояды және көп жағдайда қанағаттана бермейді. Білім беру қызметіне тұтынушылардың үнемі сұраныстарын өзгертуі, сонымен бірге қаржылық қиындықтар университеттің білім алушы мен ата-ана арасындағы бәсекелестігін тудырады. Қазіргі таңда университеттің мәртебесі ондағы инновациялық өзгерістерге байланысты болып отыр, яғни оқытушыларды бағалау да олардың инновациялық белсенділігіне байланысты жүреді.
Инновациялық іс-әрекетке қойылатын шектеулердің азаюы білім беру жүйесінде ауқымды инновациялық қозғалысты туындатып отыр. Университеттің даму болашағына жаңаны өңдеу мен тарату үдерісі үлкен әсерін тигізеді. Басқа университетте туындап жатқан білім беру жүйесіндегі жетістіктер мен өңдемелер, педагогикалық тәжірибе университеттің дамуына мықты түрткі болып табылады. Білім берудегі инновациялық технологиялар білім алушылардың өз бетінше жұмысын белсендіруге және оны мәселенің шешімін табуда қолдануға, зерттеуге, әріптестікке бағытталған. Оларды қолдану студент-оқытушы жүйесіндегі басқа сапалы өзара әрекетті талап етеді.
Университетті жаңарту, білім беру тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру көптеген бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:

  • дамыта оқыту педагогикалық жүйесі ендірілуде;

  • жеке пәндерді көптеген нұсқалардың ішінен таңдау арқылы тереңдетіп оқыту жүргізілуде;

  • саралап және жекелеп оқыту негізінде көп деңгейлі оқыту жүзеге асырылуда;

  • оқыту үдерісінде модульдік жүйе іске асырылуда және т.б.

Жаңа білім беру үлгілерінің өрістеуі жаңа типтегі университеттердің пайда болуына алып келді. Жаңа типтегі университеттердің пайда болуы университеттің педагогикалық жүйесінің ауқымы және күрделілігі жағынан түрлі өзгерістерді айқындайды. Жаңаны ендіру типінің кең тараған түрі білім беру бағдарламаларының мазмұны немесе технологияларының өзгерісі болып табылады. Олар былайша ерекшеленеді: негізгі мақсат пен міндеттеріне байланысты; сүйенетін тұжырымдамасына байланысты; қолданылатын оқытуды ұйымдастыру формасына байланысты; оқыту әдістерінің басымдығына байланысты. Сонымен қатар, көптеген диагностикалық технологиялар қолданылуда (мониторинг, тестілеу, сауалнама, рейтингтер және т.б.).
Қазіргі таңда инновациялық технологиялардан кеңінен танымалдық танытқан ойын технологиялары, мәселелік оқыту, жеке оқыту технологиясы, өзін-өзі дамыту технологиясы, тұлғалық бағдарланған дамыта оқыту технологиясы, шығармашылық қабілеттерді дамыту технологиясы, топтық және ұжымдық технологиялар, компьютерлік технологиялар және т.б. Кейбір университеттерде модульдік оқыту технологиясы жүзеге асырылуда, бұл дәстүрлі оқытудың баламасы ретінде туындады. Модульдік оқытудың мәні білім алушы белгілі бір модульмен жұмыс істеу барысында өз бетінше не басқаның көмегімен анықталған мақсаттарға жетеді. Модуль – бұл оқытудың мазмұны мен оны меңгеру технологиясы біріктірілген қызмет аясы болып табылады. Модульдер жеке білім алушымен жекеше жұмыс істеуге, олардың қарым-қатынас формасын өзгертуге мүмкіндік береді.
ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылыми коммуникациялардың күрт өсуі байқалды, бұл әсіресе Интернет желісінің пайда болуымен байланысты. Ғылыми идеялармен алмасу үдерісінің артуы ғылыми-техникалық прогресс қарқынының жеделдетуін туындатты және зерттеу іс-әрекетінің тиімділігін тұтастай арттырды. Қазіргі таңда білімді жеке топтар емес, ғалымдар желісі ойластырады, күрделендіреді, олар әлемнің кез-келген түкпірінде болуы мүмкін. Бұл әр аймақтың беделді мамандарымен пікір алмасуға, сол арқылы мәселені шешіп, білімнің тез таралуына септігін тигізді. Бірақ желі арқылы университеттердің қаржыландыру үдерісіне ықпал ете алмайды. Ғалымдардың айтуынша, ғылым жаһандық құбылыс, оны ұлттық шекарада ұстап тұру мүмкін емес.



жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау