«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Педагогикалық зерттеу тақырыптары



жүктеу 0,98 Mb.
бет71/162
Дата11.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#41704
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   162
ПФжӘ дәріс

3. Педагогикалық зерттеу тақырыптары.


Өзекті тақырыптар:
– ЖОО-да бакалавриат, магистратура, докторантурадағы мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар, типтік оқу жоспарлары, типтік оқу бағдарламалары, дәстүрлі және электронды оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар даярлау;
– Маман даярлаудың құрылымын, пәндердің мазмұнын нақтылау, әдістемесі мен технологиясын жетілдіру;
– ЖОО-да болашақ мамандарды тәрбие жұмысын және ұлттық тәрбие жүйесін ұйымдастыруға даярлау;
– 12 жылдық білім беру жүйесіне және шағын жинақталған мектепке мамандар даярлау;
– ЖОО білім беру бағдарламалардың сапасының мәселелері және еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптары, «Білім беру» тобы мамандықтарына сұраныс динамикасы;
– Жалпы орта білім беру және жоғары педагогикалық білім берудің мемлекеттік стандарттарын жасауды үйлестіру мәселелері;
– Жоғары педагогикалық білім беру үдерісінде базалық пәндерді шет тілінде оқыту мүмкіндіктері және тәжірибесі;
– Бағдарлы (бейінді) оқытудың теориясы мен технологиясы;
– Мемлекеттік стандарттар даярлау барысында «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижелерін пайдалану;
– Инновациялық технологияны оқыту үдерісінде, педагогикалық практика барысында, дипломдық жобаларды, мемлекеттік аттестацияны оқу-әдістемелік қамтамасыз етуде көрмелерді ұйымдастыруда пайдалану;
– Болашақ мамандардың кәсіби-дидактикалық, кәсіби-әдістемелік, кәсіби-технологиялық құзырлылығын қалыптастыру, біліктіліктерін арттыру;
– Жоғары педагогикалық білім беру жүйесіндегі әдістемелік көрмелер және инновациялық форумдар ұйымдастыру;
– Оқу-әдістемелік жұмыстың ғылыми-зерттеулер нәтижелері мен отандық, шетелдік жоғары оқу орындары тәжірибелері негізінде жетілдірілуі.
Әрине, бұл өте күрделі және ауқымды мәселелер. Оларды үйлесімді шешуді біздің университеттің базасындағы Секция Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен жүзеге асырады. Секция мүшелері, яғни Сіздер, осы келелі жұмыстарды атқаруға белсенді қатысқандарыңыз жөн болар еді. Кеңестің қорытынды мәжілісінде аталған мәселелер бойынша қабылданатын шешімдер мамандықтар бойынша педагогикалық білім беру мазмұнын тереңдетуге, одан әрі жетілдіруге мұрындық болар деген сенім білдіремін.
Әлемдік өркениет деңгейіне көтерілуге талпынған кез келген елдің, ұлттың өз мақсатына жету жолындағы басты қаруы – ұлттық рухани құндылықтарды негізге ала отырып, әрбір жеке адамның білім алуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының «Білім туралың Заңында да білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы ретінде азаматтардың тұлғалық, психофизиологиялық, интеллектуалдық даму деңгейін арттыру үшін олардың үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған. Азаматтардың үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету білім беру жүйесін ақпараттандыруымен тығыз байланысты.
«Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындаң, «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағдарламасында мына мәселелерге баса назар аударылған:

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту процесіне енгізу жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;

  • компьютер техникасымен қамтамасыз етілудің әлемдік көрсеткіштеріне (1 компьютерге келетін оқушылардың саны – 10-15) жету үшін орта білім беру ұйымдарын одан әрі компьютерлендіру;

  • орта білім беру ұйымдарын интернет желісіне қосу;

  • білім берудің барлық деңгейлерінде қашықтан оқыту технологияларын әзірлеу және енгізу;

  • оқыту технологиясын ақпараттық-бағдарламалық жағынан жабдықтау;

  • ақпараттық технологияларды оқыту процесіне енгізуді қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстарды жүргізу;

  • ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды бастауыш және кәсіптік білім саласында қолдана алатын мамандарды даярлау т.б..

Білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселелері педагог ғалымдардың да үнемі назарында болып келеді.



жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау