Философия мен педагогиканың өзара байланысының қүрделілігі. Бұрын да, енді де жалпы философиялық қағидаларды педагогикалық болмысқа “жапсыру” шындығында педагогика ғылымын айналып өте отырып жасалынды. Мысалы, физиканы оқыту әдістемесі бойынша бір құралдың авторы адамзат танымының жалпы қағидаларын педагогикалық практикадағы оқу жұмысы түрлеріне әкеліп пайдаланған. “Тірі түйсіктен абстрактылы ойлауға және одан практикаға көшу” формуласы алынады. Тірі түйсік деп оқушылардың “тікелей” сабақтарда, оқу-шеберханаларында, оқу-тәжірибиелік үлестерде, кәдуілгі өмірде қабылдағанын айтады. Тұжырымдар мен жалпы қорытулар – бұл абстрактылы ойлауға көшу, ал оқу үдерісіндегі практика деп оқушыларға практикалық әрекетте зерделенген құбылыстар мен заңдардың қолданылуын көрсету деп түсінеді. Негіздеудің бұл тәсілі оқытудың өзі туралы, тіпті қалай оқыту керектігі туралы ешбір білім қоспайды. Сабақты кез келген жерінен бастауға болады: тақтаға жазылған формуладан немесе адами практика туралы әңгімеден. Бұл жағдайда философияны қолдану белгіліден белгісізге өту әдісі бола алмайды.
Егер өткенде негіздеудің бұл тәсілі қайсыбір дәрежеде қажет, сол кездегі ғылым мен педагогикалық практиканың жай-күйіне шартты байланыста болса, қазіргі уақытта педагогика ғылымы тұрғысынан арнайы зерделемейінше, философиялық пайымдауларды педагогикалық жағдаяттарға тура пайдалану әрекеттері туралы айтуға болмайды. Бірақ осы көзқарасты жақтаушылар, көптеген елдерде тарағандай педагогика іс жүзінде жоқ – білім беру философиясы болсын деп, педагогика ғылымын басқа педагогикалық пәнмен айырбастап отыр. Бүгінгі күні қалыптасқан педагогика ғылымы мен педагогикалық теорияны айналып өтіп, білім беруді, педагогикалық талдауды философиялық талдаумен айырбастауды ұсынады. Білім беру мәселелерін шешу ушін, бірінші кезекте философияны, ғылымның басқа салаларының белгілерін пайдаланатын теориялық және қолданбалы пән ретіндегі педагогиканың бар екендігін көрмеу дұрыс болмас еді.
Мұндай айырбас болған жерде педагогика педагогикалық білім беруге шамалы ғана қатысы бар, немесе мүлдем қатысы жоқ білім мұхитына еріп кетеді. Сондықтан ғылым мен практика үшін әмбебап мағынадағы жаңалықтарға және “ дәстүрлі ” педагогиканы жаңа тәсілдермен және тұжырымдамалармен айырбастауға өте сақтықпен қарау керек. Мысалы, қазіргі уақытта салыстырмалы түрде табиғи және әлеуметтік жүйеге синергетикалық тәсілмен қараумен байланысты жаңа философиялық пайымдауларға үлкен үміт артады. Бұлар ол пайымдауларды шын мәнінде қолдануға, ең бастысы нақты педагогикалық міндеттер мен мәселелерді шешуге қажеттігін мұхият талдаған соң педагогикаға пайдалы болып көрінуі мүмкін. Әйтпесе бәрі бір сөздермен ойынға келіп тіреледі. “Мұғалім мен оқушының синергетикалық өзара әрекеттесуінің” жаңа түрі тексеріп келгенде, “мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуі” болып шығады. Жаңа сөз өзінен- өзі бұрын белгілі нәрсеге ештеңе қоса алмайды.
Бұл философиялық талдау керексіз дегенді білдірмейді. Қандай жағдайда да ол қажет және оның ерекше пәні қандай екенін нақты анықтап алу қажет. Мұны нақты мысалда жасап көреміз.
Педагогиканың аумағынан тыс “Адамның әлеуметтік қызметтері және білім мазмұны тұжырымдамасы” тақырыбы бойынша, бір жағынан, адамның қоғамдағы орны туралы пайымдаулармен, екіншіден, педагогикалық тұжырымдамаларға берілген анықтамалар арасындағы байланыс зерделенді. Білім мазмұны туралы, біріншіден, ол педагогикалық бейімделген ғылымдар негізі, екіншіден, білімдер, іскерліктер, дағдылар жиынтығы, үшіншіден, педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе болып табылады деген түрлі пайымдауларды салыстыру, қазіргі кезде гуманистік ойлаудың осы күнгі нұсқауларына сәйкесетін ең соңғы анықтама екенін көрсетті. ( Қараңыз: Краевский В.В. Содержание образования - бег на месте // Педагогика. 2000.№7). Бұл және осы сияқты жағдайларда философиялық талдаудың пәні педагогикалық болмыспен бірге әлеуметтік, қоғам және ондағы адам орны туралы кеңейтілген пайымдаулар мен оның білім беру туралы ғылыми- педагогикадағы көрінісінің арасындағы байланыс болып табылады. Философия педагогиканың орнына емес, онымен бірге өз ісімен айналысқаны аса маңызды. Философиялық талдау орындалған соң, ол философиядағы емес, педагогикалық теорияның құрамына және оның бір бөлігіне енеді, педагогикадағы бұдан былайғы теориялық жұмыстың бастапқы бекеті (нүктесі) болып табылады.
Істің басқа жағынан қарасақ, белгілі бір философиялық көзқарассыз педагогиканың қызметі мүмкін болмайды. Педагогиканың философияға теңестірілмеуі және онымен айырбасталмауы керек, педагогика философиясыз жасалынбайды. Педагогиканың философиялық және жалпы теориялық негіздерін мойындамау әрекеті міндетті түрде сәтсіздіктерге әкеледі. Бұндай әрекеттер сапалы немесе сезінбей-ақ өзінің негізінде сциентистік пайымдауларды иемденеді. Сциентизм дүниетанымдық бағдар түрінде адами қоғамның мәдениеті жүйесінде ғылым рөлін басым бағдарлауды бейнелейді. Сциентистік нұсқаулар нақты ғылымдарға сырттай еліктеуді көрсетеді: математикалық рәміздерді шебер пайдалануда; дәл ғылымдарға тән форманың философиялық-дүниетанымдық және әлеуметтік-гуманитарлық пайымдауларға берілуінде.
Педагогикада ғылыми дәлелділік (шынайылық) пен “тұтас” түр беруге келе бермейтін көпқырлы адами қатынастар арасындағы айырмасы нәзік және бір мағыналы емес. Бұл жағдайды елемеу әрекеттері көзбояушылыққа, мазмұнсыз болжамдарға және белгілі тұжырымдарға алып келмек.
Соңғы онжылдықтарда оқыту мен тәрбиелеудің табиғатын қазіргі математикалық құралдар арқылы жазып сипаттау орын алған. Бірақ мұндай құралдар олар қолданылатын объектінің мәні айқын болғанда ғана пайда тигізеді. Бұндай объектілер ерекшілігін ескермей, нақты ғылымдар әдістерін пайдаланудың нәтижесіздігін көптеген ғалымдар атап өтті. Осындай практикаға қарсы шыққан академиктер А.Д.Александров, А.Н.Крылов, Ю.А.Митрольский. А.Н.Крылов математиканы диірменмен салыстырады. Егер математикалық әдістің күшін ақымақтыққа пайдаланса, бұрынғыдан да үлкен ақымақтық шығады. Сонымен, бұл екі шеткері бағыттардың ешқайсысы да – бір жағынан, педагогиканы “қолданбалы философиямен” шектесе, ал баска жағынан, педагогиканы философиялық және өзіндік теориялық негіздерден ажырату әрекеттері- ғылымға да көмектеспейді әрі білім беру практикасын жетілдіруге әсер етпейді.
Дегенмен, осы уақытта философиямен байланыс- педагогикалық ойдың дамуының қажетті шарты. Философиялық қағидалар педагогикалық зерттеулерді әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз ететін жалпы бағдарлар болып табылады. Олар педагогикалық теорияларды құрастыру және олардың мәнін ойластыру, сондай-ақ, педагогикалық идеялар мен жазылымдардың қоғамға тигізетін әсерін болжау үшін қажет. Философия мен педагогиканың арақатынасын талдау адами білімнің бұл салаларының күрделі байланыста екенін көрсетеді. Философиялық бағыттар мен мәселелердің білім беру мәселелерімен ара қатынасының табиғатын түсіну қателер мен шектен тыс шешімдерден құтқарады.
. Қазіргі күні философияның педагогикада әдіснамалық қызмет атқаратыны күдік тудырмайды, алайда, осы заманғы жағдайда педагогиканың пәнаралық байланысы жаңаша даму үстінде. Бұл үрдістің ХХ ғ. ортасында басталуы ойлау қызметінің бөліп қарауға, оқытуға және дамытуға мүмкін ортақ үлгісі болатындығын Мәскеу әдіснамалық үйірмесі жұмысының нәтижелері дәлелдеді. Осы көзқарасқа сәйкес әдіснама қызметі ойлау және ойлау қызметі рәсімдерін ұйымдастырумен байланысты туындайды.
Ғылымда философия мен педагогиканың ара салмағы туралы мәселе даулы күйінде қалып отыр. Ғылыми-педагогикалық білімді дамытудың диалектикалық сипаты мойындалады. Жаңа ғылыми-педагогикалық білім диалектиканы құру және дамытудың негізі, яғни философияны педагогикада пайдалану, сонымен бірге, философияның өзінің де дамуының салдары болып саналады. Педагогика ғылымының материалын философияны дамыту мақсатында пайдалану күрделі рәсім болмақ, өйткені, мәселе философияның осы заманғы педагогика ғылымының толығатыны турасында емес, педагогикалық ғылымды дамыту деңгейі осы заманғы философияның зерттеу қырларына сәйкестігі белгіленуі тиіс. Философия педагогикалық болмысты гуманитарлық және әлеуметтік білімде бейнелейтін болмыстай талдамайды. Ол педагогикалық ғылымдағыдан басқаша педагогикалық тәжірибеге емес, сондықтан, педагогикалық тәжірибе объектісін емес, осы объектінің «мағынасына» мән береді. Философия осы тұрғыда жаңа педагогикалық білім бермейді, жаңа білім ретінде нақтылы ғылымды тудырады. Ол қолда бар педагогикалық білімді жаңа қырынан көруге мүмкіндік береді, басқаша айтқанда, жаңа материал берместен жаңаша көзқарас енгізеді. Тап осы тұста педагогикалық әдіснама мен философияның педагогиканы дамытудағы әдіснамалық рөлінің айырмашылықтары білінеді. Педагогика ғылымын дамытудағы басты (беталыс) үрдіс – объективті түрде жаңа педагогикалық білімді іздеу. Философияда да мұндай үрдіс бар және оның мәнісі – осы білімді және оның басқа ғылыми білімдер арасындағы орнын іздеу болып табылады. Осылайша, философия ғылымда бар әдістер «жұмыс істемегенде», әдіснама ретінде қажет болмақ. Философия ғылымды іздену бағытымен қамтамасыз етеді, өзіндік әдіснамасын жасауға көмектеседі. Осымен философияның міндеті аяқталады. Нақтылы ғылыми зерттеулермен ол айналыспайды. Бұл философия ілімінің өз сипатына байланысты. Оның категориялары мен қағидаларының тұтастық шегі оған нақтылы педагогикалық зерттеулермен айналысуға мүмкіндік бермейді.
Осылайша, философияның қазіргі заманғы педагогиканың дамуындағы рөлі айқын емес. Философия педагогтарға, ең бастысы: ғылым неге педагогиканың мәселелеріне жауап бере алмайды? –деген сауалдарына жауап іздегенде қажет болмақ.
Философтың назарын кез-келген қайшылықтар, соның ішінде педагогиканың қайшылықтары да аударатыны белгілі. Философ үшін әсіресе педагогикалық тосын пікірлер қызғылықты. Философиялық білім табиғатының қызметін мойындау философияның педагогикадағы әдіснамалық қызметін атқару мүмкіндігін түсіндіреді, бірақ, философияның философиялық білім ықпалының ерекше сипатын білдіретін педагогикадығы жаңа әдіснамалық серпіліісін қамтамасыз ететіндігі туралы ештеңе айтпайды. Педагогикалық ізденісте философия, философиялық сынның ықпалымен өзгеретін қолданыстағы жалпы ғылыми және жекеше ғылыми әдістер турасында сыни қызметін атқарады. Бұл жағдайда философия сындарлы міндетін орындайды.
Философия педагогика ғылымын дүниетанымдық деңгейде де талдайды. Зерттеудің бұл саласы педагогика ғылымының философиясы, білім беру философиясы немесе тәрбие философиясы деп аталады. Педагогтардың ғылыми қызметін философиядан бөліп алу мүмкіндігі, жекелей алғанда, онда сциентизм мен технократизмнің, кейде тіпті гуманистік және гуманитарлық негіздерге залалын тигізе отырып, төрелік етуіне алып келеді.
Педагогикадағы пайда болған жаңа әдіснамалық бағдарлар ғылыми танылған соң педагогтардың танымдық және тәжірибелік қызметінің логикасына әсер етеді, яғни әзір қайта қарауға жатпайтын шүбәсіз білімге айналады. Екінші мыңжылдықтың соңындағы оқиғалар тап қазір осындай сәт туғанын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |