«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Философия және педагогиканың өзара әрекеттестігі



жүктеу 0,98 Mb.
бет20/162
Дата11.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#41704
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   162
ПФжӘ дәріс

2. Философия және педагогиканың өзара әрекеттестігі


Педагогикадағы философиялық ұғымдар болмыстың ең жалпы белгілері мен байланыстарын, түрлі жақтары мен қасиеттерін көрсетеді, педагогика мен оның зерделейтін болмыс бөлігінің даму заңдылықтары мен үдерістерін түсінуге көмектеседі. Педагогиканың объектісі туралы «әлеуметтену» сөзін және теория туралы немесе «мән» және «құбылыс», «жалпылық» және «бірлік» сияқты ұғымдарды қолданбай педагогиканың нысаны туралы айтуға болмайды. Мұндай ұғымдар қатарына «қарама-қайшылық», «себеп және салдар», «болмыс», «сана», «практика» сияқты ұғымдар жатады. Бұл ұғымдар педагогиканың басқа ғылымдармен пәнаралық байланысын терең пайымдауды қажет етеді.
Осы уақытта философиямен байланыс - педагогикалық ойдың дамуының қажетті шарты. Философиялық қағидалар педагогикалық зерттеулерді әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз ететін жалпы бағдарлар болып табылады. Олар педагогикалық теорияларды құрастыру және олардың мәнін ойластыру, сондай-ақ, педагогикалық идеялар мен жазылымдардың қоғамға тигізетін әсерін болжау үшін қажет. Философия мен педагогиканың арақатынасын талдау адами білімнің бұл салаларының күрделі байланыста екенін көрсетеді. Философиялық бағыттар мен білім беру мәселелерінің ара қатынасының табиғатын түсіну қателер мен дәйексіз шешімдерден құтқарады.
Қазіргі күні философияның педагогикада әдіснамалық қызмет атқаратыны күдік тудырмайды, алайда, осы заманда педагогиканың пәнаралық байланысы жаңаша даму үстінде. Бұл үрдістің ХХ ғасырдың ортасында басталуы ойлау қызметінің, оқытуға және дамытуға мүмкін ортақ үлгісі болатындығын Мәскеу әдіснамалық үйірмесі жұмысының нәтижелері дәлелдеді. Бұл көзқарасқа сәйкес әдіснама қызметі ойлау әрекеті рәсімдерін ұйымдастырумен байланысты туындайды.
Ғылымда философия мен педагогиканың арасалмағы туралы мәселе даулы күйінде қалып отыр. Ғылыми-педагогикалық білімді дамытудың диалектикалық сипаты әлдеқашан мойындалған. Жаңа ғылыми-педагогикалық білім диалектиканы құрудың және дамытудың негізі, яғни философияны педагогикада пайдалану, сонымен бірге, философияның өзінің де дамуының салдары болып саналады. Педагогика ғылымының материалын философияны дамыту мақсатында пайдалану күрделі рәсім болмақ, өйткені мәселе философияның негізінде бүгінгі педагогика ғылымының толығатыны турасында емес, педагогикалық ғылымды дамыту деңгейінің замануи философияның зерттеу қырларына сәйкестігі белгіленуі тиіс. Философия педагогикалық болмысты гуманитарлық және әлеуметтік білімде бейнелейтін болмыстай талдамайды. Ол қолда бар педагогикалық білімді жаңа қырынан көруге мүмкіндік береді, басқаша айтқанда, жаңа материал берместен жаңаша көзқарас енгізеді. Тап осы тұста педагогиканың әдіснамасы мен философияның педагогиканы дамытудағы әдіснамалық рөлінің айырмашылықтары анық білінеді.
Педагогика ғылымын дамытудағы басты үдеріс – объективті түрде жаңа педагогикалық білімді іздеу. Философияда да мұндай үдеріс бар және оның мәнісі – осы білімді және оның басқа ғылыми білімдер арасындағы орнын іздеу. Осылайша, философия ғылымда бар әдістер «жұмыс істемегенде», әдіснама ретінде қажет болмақ. Философия ғылымды іздену бағытымен қамтамасыз етеді, өзіндік әдіснамасын жасауға көмектеседі. Осымен философияның міндеті аяқталады. Нақтылы ғылыми зерттеулермен ол айналыспайды. Бұл философия ілімінің өз сипатына байланысты. Оның категориялары мен қағидаларының тұтастық шегі оған нақтылы педагогикалық зерттеулермен айналысуға мүмкіндік бермейді.
Философия педагогтарға, ең бастысы: ғылым неге педагогиканың мәселелеріне жауап бере алмайды? –деген сауалдарына жауап іздегенде қажет болмақ. Философтың кез келген қайшылықтар, соның ішінде, педагогиканың қайшылықтары да назар аударатыны белгілі. Философ үшін, әсіресе, педагогикалық тосын пікірлер қызғылықты. Философиялық білім табиғатының қызметін мойындау философияның педагогикадағы әдіснамалық қызметін атқару мүмкіндігін түсіндіреді, бірақ, философияның философиялық білім ықпалының ерекше сипатын білдіретін педагогикадығы жаңа әдіснамалық серпілісін қамтамасыз ететіндігі туралы ештеңе айтпайды. Педагогикалық ізденісте философия, философиялық сынның ықпалымен өзгеретін қолданыстағы жалпы ғылыми және жекеше ғылыми әдістер турасында сыни қызметін атқарады. Бұл жағдайда философия өзінің сындарлы міндетін орындайды.
Философия педагогика ғылымын дүниетанымдық деңгейде де талдайды. Зерттеудің бұл саласы педагогика ғылымының философиясы, білім беру философиясы, дидактика философиясы, тәрбие философиясы деп аталады. Педагогтардың ғылыми қызметін философиядан бөліп алу мүмкіндігі, жекелей алғанда, онда сциентизм мен технократизмнің, кейде тіпті гуманистік және гуманитарлық негіздерге залалын тигізе отырып, төрелік етуіне алып келеді.
Педагогикадағы пайда болған жаңа әдіснамалық бағдарлар ғылыми танылған соң педагогтардың танымдық және тәжірибелік әрекетінің логикасына әсер етеді, яғни әзір қайта қарауға жатпайтын шүбәсіз білімге айналады. Екінші мыңжылдықтың соңындағы оқиғалар тап қазір осындай сәт туғанын көрсетеді.

жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау