«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Педагогиканың ғылыми жүйе ретіндегі құрылымы және оның даму көздері



жүктеу 0,98 Mb.
бет28/162
Дата11.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#41704
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   162
ПФжӘ дәріс

2. Педагогиканың ғылыми жүйе ретіндегі құрылымы және оның даму көздері.

Жиырмасыншы ғасырда ғылыми білімнің адам өміріне әсері күшейген уақытта ғылымның өзі де зерттеу мәселесіне айналды. Өз ізденістерінде ғылымның қалыптасу үдерісін ең басты зерттеу пәні ретінде қарастырған ғылым философиясының көрнекті өкілдері (К. Поппер, Т. Кун, М. Полани, С. Тулмин, И. Лакатос, П. Фейерабенд және басқалар) ғылым деген не, ғылыми танымның ерекшелігі неде, ғылымның құрылымы мен қызметтері қандай, оның даму сипатына не әсер етеді деген сұрақтарға жауап іздеді. Ғылым туралы пайымдауларды қайта қарастыру замануи педагогиканың қалыптасуына тікелей қатысы бар болғандықтан да қажет. Бұл үшін ХХ ғасырға дейін ғылым философиясы өкілдері «ғылыми заң» деп нені түсіндіргенін еске түсіру керек. Сол тарихи кезеңде көпшілік ғалымдар әлемді зерттеушілердің зерделеуіне тәуелсіз деп таныды. Барлығы да заңдармен басқарылады деп түсінілді. Ғалымдардың көпшілігі ғылым әлем құпиясын ашуға, оны түсіндіруге, ондағы әрекеттенуші күштерді тануға қабілетті деген бір жақты пікірде болды. Әрине, барлық ғалымдар дәл осылай ойлаған жоқ. Олар адам айнала қоршаған дүниемен танысуға қажет әлем туралы сезімдік дәйектер-мәліметтер бар деп білді. Ғылымдағы бұл бағыт логикалық эмпиризм деп аталды. Логикалық эмпиризм ғылымның эмпирикалық базисі мен тілінің шынайылығы туралы ойлануға мәжбүр етті. Бұл педагогикаға да өз әсерін тигізді. Педагогика өзінің ұғымдық тілін, эмпирикалық базасын қайта тексеріп пайымдады, педагогика ғылымының құрылымы, оның теорияларының құрамы туралы ойластырды. Жалпы алғанда, логикалық эмпиризм ғылымилықтың жаңа көкжиегіне жетуге ықпал жасады.


Ғылымды кеңірек мағынада шындық өмір туралы объективті білімдерді жасау және теориялық жинақтау іске асатын адами әрекеттің бір саласы деп қарастырады. Ғылым - білімдер жасау, алу мақсатындағы әрекет, жұмыс. Ғылым саласындағы әрекет - ғылыми зерттеу. Бұл ғылымның құралдары мен әдістері пайдаланылатын және зерттелетін нысандары туралы білімдердің қалыптасуымен аяқталатын объектіні жүйелі және мақсатқа бағытталған түрде зерделейтін таным үдерісінің ерекше түрі. Ғалым сол ғылымда жинақталған білімнен, жалпы адами тәжірибеден алынған ақпаратқа сүйенеді, ол ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған. Оның нәтижелері ғылымда белгілі бір олқылықтардың орнын толтырады. Зерттеу барысында танымның арнайы құралдары қолданылады: модельдеу, болжамдар жасау, эксперимент жүргізу және т.б.
XX-XXI ғасырлар тоғысында кезкелген елдің тұрақты өркендеуін қамтамасыз ететін ең басты фактор – адам. Өркениетте адам рөлінің артуы, адами капиталдың қоғам дамуының негізгі ресурсына айналуы адам туралы ғылымдардың ішінде ең алдымен білім беру туралы арнайы ғылым педагогиканың маңызын арттырды. Ғылымның адамиландырылуына байланысты ғылыми кеңістікте айтарлықтай өзгерістер пайда болды. Ғылыми ізденісті жүйелі ұйымдастыруда педагогиканың басқа ғылымдармен үнемі өзара әрекеттесуінің қажеттілігі артуда. Пәнаралық зерттеу жобаларының көпшілігінде педагогика жетекші орынды иеленуде. Осындай зерттеулер жүргізу тәжірибесін тиімді ету үшін оған қатысушы ғылымдардың табиғаты, мәні айқындалады. Сондықтан да XXI ғасырдағы педагогиканың өзін өзі саналы сезінуі өзекті мәселеге айналуда. Белгілі бір ғылымның өзін жете түсінуі оның басқа ғылымдар арасындағы орнын, рөлі мен маңыздылығын ұғыну және бағалауды білдіреді. Тіпті бұл мәселе педагогиканың келешекте дамуымен ғана емес, оның толыққанды ғылым болып қалуымен де байланысты өзектендірілуде.
Соңғы жылдардағы көптеген жарияланымдарда педагог-ғалымдар (Б.С. Гершунский, В.В. Краевский, О.Г. Прикот және басқалар) педагогика ғылымының мәртебесіне өзге ғылыми пәндерден әртүрлі қауіп төніп тұрғанына алаңдаушылық бар екені жөнінде пікірлер айтты. Қазіргі жағдай, Г.П. Щедровицкийдің пайымдауынша, «педагогикаға қызмет көрсететін» «кешенді ғылымдар» деген жаңа типті ғылымдардың қалыптасуымен сипатталады. Әрине педагогика ғылымы басқа ғылымдар мен бағыттардың (әлеуметтік антропология, феноменология, когнитология, семиотика, информатика) тарапынан ерекше талаптарды ескермей қоя алмайды. Өкінішке орай, педагогиканың бұл ғылымдармен өзара қарым-қатынасы пәнаралық қақтығыстарға да әкеліп соғуда.
XXI ғасырдың басында педагогиканың құрылымын түсінудің өзін қиындататын құрамындағы пәндердің ғылыми бағыттары, ағымдардың көптігі педагогиканы күрделі жүйеленген ғылым болуға әкелгені ақиқат. Педагогиканың құрылымын анықтауға тұжырымдамалық көзқарастар мен тұғырлар көп-ақ (В.Е. Гмурман, В.И. Гинецинский, В.М. Полонский, Н.А. Вершинина). Бірақ ғалымдардың педагогика ғылымының айқын құрылымын құрып бітуі әзірге аяқталмаған секілді. Педагогиканың бірыңғай әрі біртұтас ғылым ретіндегі құрылымын зерделеу қажеттігі анық көріне түсуде. Болашақ педагогикалық зерттеулердің бағыттарын таңдауға жазық кеңістік ашылуда. Дегенмен замануи педагогиканың тұтас құрылымын, оның әдіснамасын негіздеу мәселесі өзінің көкейкестілігін жоғалтқан жоқ. Өйткені, педагогиканың дамуының күрделілігі, кейде балама көзқарастардың, түрлі ғылыми мектептердің, тұғырлардың, ағымдардың, бағыттардың болуы, нақты педагогикалық пәндер санының көптігі қазіргі педагогиканы талдауға қажет әдіснамалық тұғырды арнайы жасауды талап етеді. Бұл тұжырымдама педагогикалық пәндердің тұтас жүйесі ретіндегі педагогика ғылымы құрылымын талдаудың негізіне алынатыны шындық.
Бұл ретте ғылыми пән оның құрылымының жүйе құрушы элементі түрінде педагогиканың өзін өзі рефлексиялауы мен дамытуын зерттеудің өміршеңдігін қарастырады. Ғылыми пәннің талдау бірлігі ретінде алынуы педагогиканың құрылымын сипаттауда қолданылатын жалпы ғылымилық категориялардың ұғымдық аппаратын реттеуге мүмкіндік береді. Замануи педагогикадағы жалпы ғылымилық ұғымдар осыған дәлел. Ғылымның дамуы ғылыми білімнің саралануы мен кірігуінің өзара байланысы үрдісімен сипатталады. Ғылымдардың жақындасу үдерісі, кешенді тәсілді қолдану көптеген жеке ғылымдарға тән бола тұра, философиялық ұғымдардан ажыратылатын түсініктердің пайда болуына ықпал етті. Мұндай интегративті сипаттағы ғылыми негіздеме бірнеше пәндердің әлеуетін біріктіретін түсініктер педагогикада да кеңінен қолданылуда. Осы уақытта іргелі зерттеу жүргізу «жүйе», «құрылым», «әрекет», «әлеуметтік», «оңтайлылық», «жағдай», «ұйымдастыру», «болжам», «деңгей» және басқа да жалпы ғылымилық түсініктерсіз мүмкін емес.
Жалпы ғылымилық түсініктерді педагогиканың пәніне қатысты ойластырғанда, педагогиканың терминологиясы «педагогикалық болмыс», «педагогикалық жүйе», «білім беру үдерісі», «педагогикалық өзара әрекеттестік» сияқты сөз тіркестерімен байиды. Педагогика кез келген ғылым сияқты шынайы болмысты бейнелейді. Сондықтан, педагогикалық болмысты педагогикалық әрекетті ғылыми қарастыруға алынған болмыс деп анықтауға болады.
Үдеріс - жүйенің күй-жайының ауысуы, демек, білім беру үдерісі - әрекет ретінде білім беру жүйесінің күй-жайының ауысуы. Сондықтан, педагогикалық әрекет және педагогикалық үдеріс - екеуі бір нәрсе емес. Педагогикалық үдеріс – қозғалыстағы, дамудағы әрекет. Тек оны ойша ғана тоқтатып, педагогикалық әрекеттің бөліктерін талдауға болады. Енді бір маңызды ұғым «педагогикалық өзара әрекеттестік», практикалық педагогикалық әрекеттің мәнді белгісі – оның екі жақты сипатын бейнелейді. Бұл қасиет арқылы педагогикада мақсат қоюмен және басшылық етумен байланыстының бәрін сипаттайды. Ең соңында педагогикалық зерттеулерде іргелес ғылымнан алынған ұғымдарды бөліп көрсетуге болады. Психологиядан («қабылдау», «меңгеру», «ақыл-ойдың дамуы», «еске сақтау», «іскерліктер», «дағдылар»), кибернетикадан («кері байланыс», «динамикалық жүйе») да көптеген ұғымдарды педагогикада кеңінен қолданыс табуда.
Математика, физика немесе логика сияқты ғылымдардан өзгеше педагогика негізінен жалпы қолданыстағы сөздерді пайдаланады. Бірақ сөздер ғылыми айналымға түскен соң, ғылыми терминнің өзіндік қасиетіне – осы саланың ғалымдары бірдей ұғынатын бір мағынаны иеленеді. Сөздің ғылыми терминге айналуы ғылыми пән мен ғылыми еңбектің көрінісі, яғни нәтижесі болып табылады.
Ғылыми пән педагогика құрылымын зерттеуде әдіснамалық тұғырларды жүзеге асыру мен әдістерді қолдануды реттеу идеяларын, қағидаларын анықтауды қамтамасыз етеді. Осының нәтижесінде ғалымдар замануи педагогиканың құрылымын жүйелеп нақтылауды, ғылыми-педагогикалық пәндердің дамуының бағыттары мен жаңа ғылыми-педагогикалық пәндердің пайда болуын қарастырады. Сондай-ақ нақты педагогикалық ғылыми пәндердің даму кезеңдері мен деңгейлерін анықтау мүмкін болады. Бұл үшін ғылымның пәндік құрылымы туралы замануи түсінік туралы білімдер жүйеленеді. Педагогиканың ғылыми пәндер жүйесі ретіндегі құрылымының даму генезисі зерделенеді. Ғылым дамуы модельдерін осы зерттеулерде кешенді пайдалану қажет. Сонымен қатар ғалымдар педагогиканың дамуын кезеңдерге бөліп қарастыру өлшемдерін анықтайды және негіздейді, даму деңгейлерін сипаттайды. Педагогиканың ғылым ретіндегі бөліктері нақтылануда. Ғылыми-педагогикалық пәндер жіктемесі жасалуда. Замануи педагогиканың пәндік деңгейде құрылуы мен педагогика құрылымының болжамдық моделі негізделуде.
Педагогиканың пәндік құрылымын философтар, педагогтар жүйелілік тұғыр, ғылымтанудың теориялық қағидалары арқылы зерттеп пайымдауда. Бұл теориялар педагогикалық зерттеулер барысында алынған білімдерді пәндік құрылым бөліктерін түсіндіруге, ғылым дамуының әртүрлі модельдеріндегі жасалған зерттеу әдістерінің байланыстарын орнату арқылы зерттеу логикасын анықтауға, педагогиканың пәндік мәртебесін қолдауға бағыттылған стратегияның орынды екенін ашып көрсетуге мүмкіндік береді.
Педагогиканың құрылымын зерттеудің әдіснамасына келесі идеялар, тұжырымдар, теориялардың жиынтығы алынуда. Олар:

жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау