2. Зерттеу әдісі – ғылыми зерттеу мақсатын шешетін амалдар; құбылыстарды зерттеуге және алуан түрлі ғылыми мәселелерді шешуге арналған әдіс-тәсілдердің жиынтығы.
Зерттеу жұмысының логикасы және құрылымы – зерттеудің көкейтестілігі, қарама-қайшылығы, зерттеу проблемасы,зерттеу мақсаты, обьектісі, пәні, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, зерттеудің әдіснамалық негізі, зерттеу көздері, әдістері, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық мәнділігі, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі, зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және өндіру, зерттеу базасы.
3-4. Педагогикадағы зерттеулер – оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылымы,механизімі, педагогиканың теориясы мен тарихы, оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылу әдістері мен ұйымдастырылу нысандары туралы қоғамдық тұрғыдан маңызды жаңа білімдер алуға бағытталған ғылыми қызмет процесі мен нәтижесі.
Зерттеу әдістерін үш топқа біріктіреді: педагогикалық тәжірибені зерттеу әдісі, теориялық зерттеу әдісі және математикалық статистикалық әдіс.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдісі – білім беру үрдісін ұйымдастыруда жинақталатын тәжірибені зерттеу тәсілдері.Онда бақылау, әңгіме, сауалнама (интервью), анкеталау – оқушылардың жазба графикалық және шығармашылық жұмыстарын, педагогикалық құжаттарды зерттеу әдістері енеді.
Бақылау – белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өту ерекшеліктерін, оларда тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының көрінуінің, алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркеп отыру. Бақылау әдісі тұтас және іріктеме, қосылымды және жай, бақыланытын және бақылауға келмейтін, далалық және лабараториялық және т.б. түрлерге бөлінеді.
Бақылау барысы жазып алынады. Бақылау алдын алы құрылған жоспар, таңдалған обьектілермен жүргізіледі.
Бақылау кезеңдері:
мақсат-міндеттерін белгілеу (бақылау не үшін жүргізіледі);
обьектіні, пәнді, ситуацияны таңдау (нені бақылау керек);
зерттелетін обьектіге әсері неғұрлым аз және қажетті ақпаратты жинақтауды қамтамасыз ететін бақылау тәсілін таңдау (қалай бақылау керек);
бақыланатын нәрсені тіркеу тәсілін таңдау (жазбаны қандай формада жүргізу керек);
алынған мәліметтерді өңдеу және интерпретациялау (нәтижесі қандай.).
Әңгіме – вербальдық (сөздік) қарым-қатынас негізінде ақпарат алу әдісі.
Сұхбат – бағытталған диолог, ауызша пікірлесу арқылы ақпарат алу амалы. Сұхбаттасу екі түрге бөлінеді: 1) еркін сұхбаттасу – тақырып, әңгіме түрі реттелмеген; 2) нысаны алдын ала әзірленген сұрақтарға негізделетін сұхбаттасу.
Анкета – анкета көмегімен ақпарат алу тәсілі. Оған жазбаша жауап алынады.
Әңгіме, сұхбат, анкета сұрау әдістері болып топтастырылады. Олардың нәтижелілігі сұрақтардың мазмұны мен құрылымына бағынышты. Сұрау әдісінің жоспары – сұрақтар тізімі (сұрау) сұрауды құру кезеңдері:
алуға қажетті ақпарат сипатын анықтау;
Қойылатын сұрақтар тізімін белгілеу;
Оқушылардың іс-әрекет нәтижелерін зерттеуге жазба, шығармашылық, графикалық, бақылау жұмыстарын, суреттерін, сызбаларын, пән бойынша дәптерлерін және т.б. енеді.Олардың көмегімен оқушылар даралығы,оның жұмыстануы, білім мен іскерлік деңгейін анықтауға болады.
Педагогикалық құжаттарды (оқушылардың жеке іс-қағаздары, сынып журналы, мед.карталар, күнделік, жиналыс хаттамалары және т.б. үрдісінің ұйымдастырылуын сипаттайтын обьективті мәліметтермен қаруландырады.
Эксперимент (лат.experimentum - тәжірибе, сынау)-1)ғылыми мәнде жасалған тәжірибе; 2) тәжірибе жүзінде бақылауды іске асыру.
Педагогикалық эксперимент – педагогикалық құбылыстардың себеп-салдарлы байланыстарын зерттеу мақсатындағы іс-әрекет.
Экспериментті өткізу кезеңдері:
1. Теориялық (мәселесін, мақсатын обьектісін, пәнін, міндеттерімен гипотезасын белгілеу);
2. Әдістемелік (зерттеу әдістемесін, оның жоспарын, бағдарламасын, әдістерін жасау);
3. Кәдімгі эксперимент- тәжірибелер тізбегін өткізу.
4.Талдау – алынған мәліметтерді сандық және сапалық талдау, интерпретациялау, қорытындылар жасау, практикалық ұсыныстар дайындау.
Аталған әдістерді эмперикалық деп те белгілейді. Олар – ғылыми-педагогикалық фактілерді жинақтау құралы.
Теориялық зерттеу әдісіне теориялық талдау, индуктивті және дидуктивтіәдістер енеді.
Талдау (анализ; грек.analusis- ыдырату, ажырату) – затты, құбылысты, үрдісті ойлау деңгейінде бөліктерге бөлу. Талдау нақты практикалық іс-әрекетпен жүзеге асырылады.
Индукция – 1) білімнің жеке-жеке пайымдардан жалпы қағидаларға қарай ілгерілеуі. 2)білімнің жалпыдан жалқыға өтуі. Индукция дедукциямен тығыз байланысты.
Дедукция (лат.dedictio-шығару)-білімнің жалпыдан кемірек жалқыға, жекеге қарай қозғалуы, салдардың алғы шарттардан шығарылуы.
Дедукциялық әдіс – жеке ережелер логикалық тұрғыда жалпы ережелерден (аксиомалардан, постулаттардан, ережелерден заңдардан) шығарылатын зерттеу, баяндау әдісі.
Теориялық әдістерге әдебиетті зерттеумен байланысты: библиография құру, реферат, конспект жазу, аннотациялау, цитата жазу.
Математикалық әдістер – педагогикада зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеу, сандық көрсеткіштерін белгілеу қажет. Кең таралған түрлері: ранжирлеу, тіркеу, шкалалау.
Статистикалық әдістер – орташа коэффицентін, медиананы құру. Оларды есептеу, шығару үшін арнайы формулалар мен анықтама кестелері бар. Нәтижесі сызба, диаграмма, кесте түрінде көрсетіледі.
Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті оның кәсіби дайындығының маңызды бөлігі болып табылады. Мұғалімдердің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру кезеңді жүргізіледі.
Бірінші кезең – дайындық кезеңі. Міндеттері – республикадағы білім беру жүйесіндегі реформалар бағытымен, мектепте жұмыс жасау үшін белсенді, дербес, шығармашылық ойлауы дамыған түлектерді дайындауға қойылатын талаптармен таныстыру; педагогикалық іздену жұмысына мотивтерін дамыту; мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде біртұтас педагогикалық үрдісті таныту; ғылыми-педагогикалық зерттеудің кейбір зерттеу әдістерімен таныстыру.
Екінші кезең – шығармашылық кезең. Оның басты міндеті – белгіленген зерттеу объектісін кезеңді зерттеу. Кейбір өзгермелі шамаларды зерттеу мақсатында ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістерін меңгеру.
Үшінші кезең – интеграциялау кезеңі. Бұнда теориялық білім практикаға енгізіледі.
Төртінші кезең – бақылау-түзету кезеңі. Бұнда жасалған жұмыстың нәтижесі көрсетіліп, бағаланады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Ғылыми зерттеу дегеніміз не?
2. Ғылыми зерттеу әдісі ұғымына анықтама беріңіз.
3. Зерттеудің эмпирикалық әдістер тобының мазмұнын ашыңыз.
4. Зерттеудің теориялық әдістер тобының мазмұнын ашыңыз.
5. Зерттеудің математикалық статистикалық әдістер тобының мазмұнын ашыңыз.
6. Зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгей әдістер тобының өзара байланысын көрсетіңіз.
7. Педагогикада зерттеуді ұйымдастыру логикасына сипаттам беріңіз.
8. Педагогикалық зерттеудің кезеңдерін атаңыз.
9. Педагогикалық зерттеу әдістемесінің мәні неде?
10. Нақты мысалдар арқылы зерттеу әдістерін қолдануды көрсетіңіз.
Әдебиет.
1. Грабарь М.И., Краснянская К.А. Применение математической статистики в педагогических исследованиях. – М., 1977.
2. Загвязинский В.И. Методология и методика педагогического исследования. – М., 2000.
3. Бабанский Ю.К. Проблемы повышения эффективности педагогических исследований. – М., 1982.
4. Ильин В.В., Калинкин А.Г. Природа науки. – М., 1985.
5. Краевский В.В. Методология педагогического исследования. – Самара, 1994.
Өзін өзі тексеру тесті.
1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің негізгі әдістері қай топта орналасқан?
а) тәжірибені жинақтау, тестілеу, анкета, модельдеу, оқушылардың тәрбиелік деңгейін зерттеу
б) бақылау, эксперимент, әңгіме, құжаттарды зерттеу, тестілеу, анкета, балалар шығармашылығының нәтижелерін зерттеу, математикалық әдістер, интервью
в) талдау, жинақтау, дедукция, эксперимент, социометриялық шамалар, анкета
г) әңгіме, лабораториялық жұмыс, жаттығу, құжаттарды зерттеу, анкета, талдау
д) әңгіме, эксперимент
2. Қай бақылау түрін ғылыми зерттеудің әдісіне жатқызамыз?
а) кезекші мұғалім асханадағы тәртіпті бақылауда
б) педагог тараудың белгілі бір тақырыбын компьютерлік бағдарлама көмегімен зерттеуде оқушылардың дамуын бақылауы
в) кл.жетекші оқушылардың киім киісі ұқыптылығын бақылауы
г) экскурсияда мұғалім оқушылармен бірге құмырсқаны бақылауда
д) жас мұғалім тәжірибелі әріптесінің қиын материалды түсіндіруге іс-әрекетін бақылауда
3. Төменде аталған әңгіменің қай түрін ғылыми-педагогикалық зерттеуге жатқызады?
а) кл.жетекшісінің ата-аналармен жанұядағы балалар тәрбиесі жайындағы әңгімелесуі
б) сабаққа кешігіп келген оқушылармен мұғалімнің әңгімелесуі
в) Қоғамдық орындарында жүріп-тұрудың ережелері жайында оқушылармен әңгімелесу
г) оқушылардың құқықтары мен міндеттері жайында кл.жетекшісінің әңгімесі
д) оқушылардың оқылатын материалға қызығушылығын белсендірудің тиімді тәсілдерін анықтайтын мұғаліммен әңгімелесу
4. Мектепке жаңа мұғалім келген. Ол 5 «а» сыныбына сынып жетекші ретінде тағайындалды. Оқу жылының басталуына екі жұма уақыт бар еді. Мұғалім өзінің тәрбиеленушілерімен алдын-ала танысу мақсатында былтырғы 4 «а» сыныбының сынып журналын, оқушылардың жеке іс-қағаздарын, мінездемелерін қарап шықты. Нәтижесінде әрбір оқушымен сырттай таныс болды. Сұрақ: мұғалім ғылыми-педагогикалық зерттеудің қандай әдісін қолданды?
а) эксперимент
б) бақылау
в) озат тәжірибені талдау
г) тестілеу
д) мектеп құжаттарын зерттеу
5. Төменде аталған тәжірибенің қайсысын ғылыми-педагогикалық экспериментке жатқызамыз?
а) оқытудағы жекелеу тұрғысын жүзеге асыру тәжірибесі
б) мектеп директорын тағайындауды өткізу тәжірибесі
в) мектептің оқушылар комитетінің жұмыс тәжірибесі
г) географияны оқыту барысында негізгіні белгілеу іскерлігін ұштау тәжірибесі
д) бидай өнімдерін өсіру тәжірибесі
6. ,,,– бұл жаңа педагогикалық білімнің қалыптасу процесі, танымдық іс-әрекетттің бір түрі
Педагогикалық жұмыс
Педагогикалық зерттеу
Педагогикалық әдіс
Тәрбие процесі
Педагогикалық жағдаят
7. Талдау, жинақтау, индукция, дедукция, логикалық әдістер ... – бұл әдістер тобына жатады.
әлеуметтік
математикалық, статистикалық
эмпирикалық
сұрау
теориялық
Алтыншы тақырып.
Педагогикадағы мақсат қою.
Мақсаты: педагогикада мақсат қоюдың ерекшелігін түсіндіру
Тірек ұғымдар: мақсат, міндет, неотомизм, прагматизм, неотомизм, бтхевиоризм, экзистенциализм.
Жоспар
1. Тәрбиенің мақсаты.
2. Тәрбиенің міндеттері.
3. Қазіргі шетел педагогикалық тұжырымдамалары.
4. Шетел педагогикасындағы тәрбиенің мақсаты.
1. Кез-келген тәрбие мақсатты түрде жүргізіледі. Мақсатқа мазмұн, ұйымдастыру, тәрбиенің формалары мен тәсілдері бағынышты. Сондықтан, педаогикадағы тәрбиенің мақсатын анықтау маңызды мәселе.
Тәрбиенің жалпы және жеке мақсаттарын белгілейді. Жалпы мақсаты - барлық адамдарға тән, қалыптасуы қажет қасиеттерді белгілесе, жеке мақсат тек бір адамды тәрбиелеуде ғана белгіленеді. Дамушы педагогика ғылымы жалпы және жеке мақсаттарды біріктіре қарастырады.
Практикада мақсат - бұл нақты міндеттер жүйесі. Мақсат және міндет өзара тұтастық және бөлік, жүйе және оның компоненттері ретінде байланысты болады. Сондықтан, тәрбиенің мақсатын - тәрбие арқылы шешілетін міндеттер жүйесі деп анықтауға болады.
Мақсат - тәрбие жүйесінің анықтаушы сипаттамасы. Мақсат арқылы тәрбиелік жүйелер бір-бірінен ажыратылады.
Тәрбиенің мақсаты қалай пайда болған? Олардың қалыптасуында көптеген объективті факторлар көрінеді:
ағзаның физиологиялық жетілу заңдылықтары;
адамдардың психикалық дамуы;
философия, педагогика ғылымдарының жетістіктері;
қоғамдық мәдениеттің дамуы.
Басты факторы - идеология, мемлекеттің сасясаты. Сондықтан, тәрбиенің мақсаты саясаткерлердің, қоғам қайраткерлерінің жеке бастарына бағынышты болды. Соңғы уақытта тәрбиенің мақсаты саясат пен идеологиядан тәуелсіз дамуда.
Педагогиканың тарихы - тәрбиенің мақсатының пайда болуы, дамуы, жүзеге асуы мен жойылудың тізбегі.
Тәрбиенің мақсатын анықтау маңызды себептермен анықталады. Олар:
Қоғамдық қажеттіліктері. Олар өндіріс тәсілдерімен анықталады, яғни өндірісітік күштердің даму деңгейі мен өндірістік қарым-қатынастар сипаты арқылы.
Сондықтан, тәрбиенің мақсаты қоғамының қол жеткізген даму дамуын көрсетеді. Осы байланысты бекіту үшін тәрбиенің мақсатының қоғамдық-экономикалық қарым-қатынастарға байланысты өзгеруіне шолу жасасақ. Тарихта бес қоғамдық-экономикалық формация бар:
Алғашқы қауымдық құрылым
Құл иеленушілік
Феодалдық
Капиталистік
Посткапиталистік.
Алғашқы қауымдық құрылымда таптың бөлінуі болмағандықтан, балалардың бәрі бірдей еңбекке дайындалған; аң аулау, балық аулау, киім кешек тігу. Бұнда тәрбие адамның өмір сүруін қамтамасыз ету әрекеттерін үйренумен шектеледі. Мақсаты - адамды тірі қалу тәжірибесімен қаруландыру, яғни күнделікті өмір сүруге қажет білім және дағды қалыптастыру. Арнайы тәрбиелік ұйымдар болмады, мектептер жаңадан пайда болды.
Құл иеленушілік қоғамда тәрбие мемлекеттің ерекше функциясына айналады. Тәрбиемен айналысатын арнайы орындар пайда болды. Екі түрлі топтың пайда болуы (құл иеленушілер мен құлдар) тәрбиенің мақсатына өзгерістер енгізді. Ол дуалистік сипатқа ие болды. Құл иеленушілер балаларын тәрбиелеудің мақсаты - оларды өнер, ғылым саласына дайындау, басқа елдерді бағындыру және олардың байлығын тартып алу үшін жаулап алу соғыстарын жүргізуге және өз мемлекетін қорғауға үйрету болды. Ал құлдар балаларының тәрбиесі - оларды қожайының бұйрығын орындауға дайындау. Бұл балаларды бағыну мен бой ұсынушылыққа тәрбиелеген. Өндірістік қарым-қатынастар тәрбиенің мақсатын белгілеп тұр. Таптық бөлінуге сәйкес өмір сүруге дайындық, көзқарастың қалыптасуы мен психологиясының дамуы жүргізілді.
Феодалистік кезеңдегі басты таптар - феодалдар және шаруалар. Тәрбиенің мақсаты екі түрлі феодал балаларына - рощарлік (жауынгерлік) тәрбие болса, шаруа балаларына - ашық аспан астындағы еңбек тәрбиесі.
Капиталистік кезеңдегі таптар - буржуазия және пролетариаттар. Өндірістің дамуы білімі бар жұмысшыларды қажет етеді. Сондықтан, басқарушы тап жұмысшыларға арналған оқу ұйымдарын ұйымдастыруға мәжбүр болды. Буржуаздар өз балаларына мемлекетті басқару, экономиканың дамуын бағыттау, қоғамды анықтау сынды білім береді. Жеке ерекшеленген оқу ұйымдарын ашады. Осы классикалық капитализмнің орнына посткапиталистік (нарықтық, демократиялық) кезең келеді. Бұл құрылымға өндірістік және қоғамдық қарым-қатынастың жоғары даму деңгейі тән.
Бұдан басқа тәрбиенің мақсатына мына факторлар әсер етеді:
ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогрестің қарқыны;
қоғамның экономикалық мүмкіншіліктері;
педагогикалық теория мен практикалық даму деңгейі;
оқу-тәрбие ұйымдары, мұғалімдер, тәрбиешілердің мүмкіндіктері.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі тәрбиенің мақсаты - тұлғаның ақыл-ой, құлық, эмоция және дене дамуына мүмкіндік туғызу; оның шығармашылық мүмкіндіктерін жан-жақты ашып дамыту; гуманистік қарым-қатынасын қалыптастыру; баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оның дербестігін, даралығын дамыту.
2. Ақыл-ой тәрбиесі тәрбиешілерді ғылымның негізгі жайындағы біліммен қаруландырады. Ғылыми білімді меңгеру барысы мен нәтижесінде ғылыми көзқарастың негізі қаланады. Көзқарас дегеніміз - адамның табиғатқа, қоғамға, еңбекке, танымға деген пікірлер жүйесі. Көзқарастың қалыптасуы - бұл қоғам мен табиғат құбылыстарын жете түсіну, оларды саналы түрде түсіндіру, оған өзінің қатынасын, ойын белгілеу. Бұл адамның логикалық ойлауын, есте сақтуын, зейінін, қиялын, танымдық әрекетін дамытады.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:
ғылыми білімнің белгілі-бір бөлігін меңгеру;
ғылыми көзқарасты қалыптастыру;
ақыл-ойдың күшін, қабілеттері мен таланьын дамыту;
танымдық әрекетін дамыту,
танымдық белсенділігін қалыптастыру;
білімін әрдайым жетілдіруге қажеттілігін дамыту.
Дене тәрбиесі барлық тәрбие жүйелерінің ажырамас бөлігі. Қазіргі
Қоғамға дені сау, еңбек етуге дайын тұлғаны қажет етеді.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
денсаулығын нығайту; дұрыс дене дамуын қамтамасыз ету;
ақыл-ой және дене еңбегін дамыту;
табиғат қозғалғыш қасиеттерді және жетілдіру;
жаңа қозғалыс, еңбекке үйрету;
басты қозғалғыш қаситеттерді (күш, ептілік, шыдамдылық және т. б.) дамыту;
гигиеналық дағдысын қалыптастыру;
құлықтық қасиеттерін (батылдық, турашыл, жауапкершілікті, ұжымшылдық, тәртіптілік) тәрбиелеу;
дене тәрбиесі және спортпен әрдайым шұғылдануға қажеттілігін қалыптастыру;
дені сау, сергек болуға құштарлығын дамыту.
Жүйелі дене тәрбиесі мектеп алды кезеңде басталады, мектепке «Дене тәрбиесі» сабағы - міндетті пән.
Еңбек және политехникалық тәрбие. Еңбек тәрбиесі - еңбек іс-әрекетін, өндірістік қарым-қатынастарды, еңбек құралдары мен оларды қолдану тәсілдерін қарастырады. Политехникалық тәрбие барық өндірістің негізгі принциптерімен таныстыруға, қазіргі өндірістік үрдістер мен қарым-қатынас білімдерін меңuертуге бағытталған. Оның басты міндеттері:
өндірістік қызметке қызығушылығын қалыптастыру;
техникалық қабілеттерін, жаңа экономикалық ойлауын, іс жүргізудегі білімін дамыту.
Құқтық тәрбие. Құқтық - бұл ішкі мораль, өз-өзіне арналған мораль. Ал мораль дегеніміз - адамның қоғамға, еңбекке, адамдарға қарым-қатынасын анықтайтын тарихи қалыптасқан мінез-құлық нормалары мен ережелері. Міндеттері:
құлықтық ұғымдарды, сенімдер, сезімдер, дағды мен әдеттерді қалыптастыру.
Құлықтық тәрбиенің негізі - жалпы адамзаттық құндылықтар (намыс, әділдік, міндет, парыз, жауакершілік, ар-ұят, бедел, гуманизм, еңбексүйгіштік, үлкенге құрмет, патриотизм, қоғамдық белсенділік, қайырымдылық).
Эмоционалды (эстетикалық) тәрбие. Оның міндеттерін 2 топқа бөлуге болады:
1. Теориялық білімді қалыптастыруы.
2. Практикалық дағдының қалыптасуы.
1-ші топ эстетикалық құндылықтарға үйретсе, 2-ші топ эстетикалық қызметке белсене араласу міндеттерін шешеді. Міндеттері:
- эстетикалық білім қалыптастыру;
- өткеннің эстетикалық және мәдени мұрасын меңгерту;
- ақиқат шындыққа эстетикалық қарым-қатынасты қалыптастыру;
- эстетикалық сезімдерін дамыту;
- эстетикалық идеалын қалыптастыру.
Практикалық іс-әрекет:
музыка, би, живописьпен айналысу;
шығармашылық ұйымдарда, тортарда қатысу.
3. Философиялық теориялар педагогикалық тұжырымдамалар мен тәрбие жүйелеріне негіз болды. Философиялық бағыттарға негізделген басты педагогикалық тұжырымдамалар:
прагматизм
неопозитивизм
экзистенциализм
неотомизм
бихевиоризм
Прагматизм (грек сөзі «прагма» - іс) - философиялық-педагогикалық бағыт. Ол тәрбиені өмірмен ұштастыра, тәрбиенің мақсаты практикалық іс-әрекетте жүзеге асырылады дейді. Прагматикалық философия негізін қалаушылар Ч. Пирс (1839 – 1914), У. Джеймс (1842 – 1910), Дж. Дьюй (1859 -1952). Оның басты қағидалары: мектеп өмірден, оқыту тәрбиеден алыс болмауы тиіс. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың белсенділігіне сүйену керек. Тәрбие және оқыту практикалық іс-әрекеттер көмегімен жүзеге асырылады. Оқу-тәрбие үрдісінің негізінде баланың қызығушылықтары болуы керек. «Біз баланың орнына өзімізді қойып, содан шығуымыз керек. Оқытудың саны мен сапасын бағдарлама емес, бала өзі анықтағаны жөн».
60-шы жыдары прагматизм құлдырап, оның орнына неопрагматизм келеді. А. Маслоу, А. Кумбс, К. Роджерс, Т. Браммельд, С. Хук және т. б. Басты мәні - тәрбие бұл тұлғаның өзін-өзі бекітуі. Яғни тұлғаның жүріс-тұрысында толық өз беттілік болу керек. Бұнда тұлғаның белсенділігі мен оптимизмі көрінеді.
Неопозитивизм - ғылыми-техникалық құбылыстар жиынтығын ұғыну.
Ол Платон, Аристотель, Юм, Канттың этикалық идеялары негізінен туындаған. Қазіргі педагогикалық неопозитивизмді «жаңа гуманизм» деп атайды, немесе «сциенцизм» (ағыл. «ғылыми») өкілдері - П. Херс, Дж. Вильсон, Р.С.Питерс, А.Харрис, М.Уорнок, Л.Кольберг және т. б.
Басты идеялары: «рационалдық ойлау», интеллектіні дамыту, тәрбиенің мақсаты - рационалды (ақыл-ойға жеңдіруші! Ойлайтын адамды құрастыру. Олар сезімге емес, логика мен ақылға сенеді. Адамдық «мен» дамуы тиіс.
Экзистенциализм (лат. сөзі existencia - тіршілік ету) - философиялық ағым. Бұнда тұлға - өмірдің жоғарғы құндылығы. Әрбір тұлға - қайталанбас, ұқсамайтын, ерекше. Әрбір адамның - өзінің құндылығы бар. Ғалымдардың айтуы бойынша, адамдар неғұрлым орта қоршауда. Қоғам адамның құлықтылығына үлкен нұқсан келтіреді, себебі қоғамдық институттар тұлғаның мүмкіншілігін, жүріс-тұрысын шектейді. Адам өзі не істегісі келсе, соны істейді. Бағдарлама, ешқандай әдіс-тәсіл қажет емес. Басты құрал - өмір, табиғат және интуиция. Экзистенциализм бойынша, тұлғаның табиғатшылығына ұжым зиян келтіреді. Ол адамды «үйіндегі жануарға» айналдырады Адамның көңіл-күйі, сезімі, импульсі, интуициясы - басты. Ал сана, интеллект, логика - екінші орында.
Неотомизм - діни философиялық ілім, негізін қалаушы, атын беруші Фома (Тома) Аквинский (1225 -127 ): өмір құдайының ерігіне бағынышты. Өмір - бұл «құдай санасының» көрінісі. Теология (құдай жайындағы ғылым) - танымның жоғарғы деңгейі. Өмірдің мәнін ғылыммен түсіндіру мүмкін емес. Оны тек «сана үстімен түсінуге болады. Ғылым - табиғи құбылыстарды, дін - рухани идеяларды дәріптейді. Адам - материя мен рухтың бірлігі. Ол бір уақытта индивид және тұлға. Индивид - денесі бір тіршілік иесі. Тұлға - елемейтін жаны бар. Тұлға ретінде ол тек құдайға бағынады.
Бихевиоризм (ағыл. Behavior - мінез-құлық, поведение) технократиялық тәрбиенің психо-педагогикалық тұжырымдамасы ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделген тәрбие. Б.Ф.Скиннер, К.Халл, Э.Толмен, С.Пресси. Басты идея - адамның жүріс-тұрысы - басқарылатын үрдіс. Бұнда ЭЕМ-нің орны ерекше.
4. Прагматикалық тәрбиенің мақсаты (Дж.Дьюй) - адамның практикалық іс-әрекетін, тәжірибесін, практикалық ақыл-ойын дамыту, тұлғаның өзін-өзі бекітуі.
Неопозитивизм - интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру.
Экзситенциализм - адамды тірішілік ету тәжірибесімен қаруландыру.
Неотомизм - құдайдан қорқушы тұлғаны қалыптастру, дін негізіндегі құлықтық тәрбие.
Бихевиоризм - «басқарылатын адамды» қалыптастыру.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Тәрбие ұғымына анықтама беріңіз.
2. Тәрбиенің мақсат-міндеттерін атаңыз.
3. Тәрбиенің мақсатының анықталуына қандай факторлар әсер етеді?
4. Мақсат пен міндет терминдерінің айырмашылығ неде?
5. Прагматизм тұжырымдамасындағы тәрбиенің мәні неде?
6. Неотомизм тұжырымдамасындағы тәрбиенің мәні неде?
7. Экзистенциализм тұжырымдамасындағы тәрбиенің мәні неде?
8. Бихевиоризм тұжырымдамасындағы тәрбиенің мәні неде?
9. Қоғам дамуындағы тәрбие мақсатының өзгеруіне қандай факторлар әсер етеді?
10. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерін атаңыз.
11. Дене тәрбиесінің міндеттерін атаңыз.
12. Еңбек тәрбиесінің міндеттерін атаңыз.
13. Эстетикалық тәрбиесінің міндеттерін атаңыз.
14.Адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін атаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |