Бейсенбина Айгуль Кайырберлина,
«№86 ЖББОМ» КММ, Қарағанды қаласы
Қысқа мерзімді жоспар
Қазақстан – достық пен татулық мекені
Бұл ҚМЖ үлгісінде заман талабына сай оқыту үшін сабақтың тақырыбы, мақсаты, сілтемелер, оқу нәтижесі, негізгі идеялар, қолданылатын материалдар, технология, жаңа әдістер көрсетіліп жазылады.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 4-бөлім. Достық пен татулық - таптырмас бақыт Т.Айбергенов «Бір тойым бар»
Мұғалімнің аты-жөні: Бейсенбина Айгуль Кайырберлина
Мектеп: «№86 ЖББОМ» КММ Қарағанды қаласы
|
Сынып: 8
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қазақстан – достық пен татулық мекені
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
8.3.4.1.Мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау
8.4.5.1.Тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқылған мәтіндердің түрлерін анықтау, бөлімдерге бөлу.
Мәтіндерді тілдік ерекшеліктеріне қарай салыстыру, талдау.
Мәтін жазуда сөйлем ішінде қолданылатын тыныс белгілерді дұрыс қолдану.
|
Бағалау критерийі
|
оқыған мәтіндерді түрлеріне қарай ажыратады;
мәтіндерді тілдік ерекшеліктеріне қарай талқылайды, салыстырады;
сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қолданып, тақырып бойынша мәтін жазу.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады: мәтінді түсініп оқиды, түрлерін анықтайды, бөлімдерге бөледі, мәтіндерді тілдік ерекшеліктеріне қарай салыстырады, талдау жасайды, мәтін жазуда сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қолданады.
|
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен сөз тіркестері: жолдас, замандас, берік, ұйымшылдық, жақындық.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» дегенді қалай түсінесің?
- «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген сөздің мағынасы қандай?
|
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының ынтымақтастық және бірлік, құндылықтарын достық, патриоттық сезімдерін қалыптастыру;
Оқушыларды Отанын сүюге, қорғауға, елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Оқу үдерісіндегі пәнаралық байланыс: тарих - көп ұлтты мемлекеттің ынтымақтастығы, өзін-өзі тану - руханилық пен адамгершілік, табыс пен жетістік, информатика -интербелсенді тақтаны қолдану, дерекқордан және интернеттен ақпарат іздеу, сілтемелерді пайдалануға негізделген.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин.
|
СЖ.«Сәлемдесу» тренингі
Мақсаты: жағымды психологиялық ахуал орнату.
Оқушылар сынып ішінде ары-бері жүріп, бір-біріне қол беріп, әр түрлі тілде сәлемдеседі. Ол үшін қолдарына әр тілде жазылған сәлемдесу түрлері беріледі. («Ассалаумағалейкүм!», «Сәлем!», «Сәлеметсің бе?!», «Hello!», «Merhaba», «Ассалому - алакум!» т.б.)
|
Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер Оқу құралы. А.Қ. Әлімов/ «НЗМ» ДББҰ ПШО, Астана 2014 167-6ет.
|
Алдыңғы білім
|
Бірлік, достық Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері, диаспора туралы түсініктері қалыптасқан және осы бағытта ой қорыта алады.
|
|
СЖ.Кері байланыс: «Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі
Мақсаты: Алдыңғы білімді бекіту мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылып, жауабы тыңдалады.
Жетелеуші сұрақтар:
Қазақстанда қанша ұлттың өкілдері тұрады?
Диаспора деген не?
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» дегенді қалай түсінесің?
«Бірлік бар жерде тірлік бар» деген сөздің мағынасы қандай?
ҚБ.: «Жақсы! Жарайсың! Тамаша!» - ауызша бағалау уәждеу арқылы жүзеге асады
|
|
Сабақтың ортасы 30 мин.
|
Мәтіналды жұмыс
СЖ. «Стоп, кадр» әдісі
|
|
|
Мақсаты: Кадрды экранда тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа тарту.
Жүру тәртібі: Оқушыларға «Бірлігі жарасқан – Қазақстан» бейнебаяны көрсетіледі;
Түсінбеген, сұрақ туындаған сәтте бейнежазба тоқтатылып, түсінік және қосымша ақпарат ұсынылады;
Талқылау сұрақтарына жауап береді...
Бейнероликтен не байқадыңдар?
Біздің мемлекетімізде қандай ұлттың өкілдері тұрады?
1 мамыр қандай мереке?
Сонда бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ? /оқушылар жауабы тыңдалады/
Сабақтың мақсаты және бағалау
|
«Бірлігі жарасқан – Қазақстан» бейнебаяны
|
Достарыңызбен бөлісу: |