2. Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық үрдістің дамуымен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді. Практика үшін педагогика ғылымы педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады.
3. Жүйе – элементтердің жиынтығы, олар белгілі бір тұтастық, бірлік құратын бір-бірімен қатынаста және байланыста болады.
Педагогика ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, коррекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі және т.б. дербес бөліне бастады.
Жалпы педагогика педагогикалық үрдіс пен білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік педагогикасы (мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы) анатомиялық және физиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық үрдіс пен білім берудің ерекшеліктерін зерттейді.
Кәсіби-техникалық, арнаулы орта, жоғары білім беру педагогикасы жұмысшы кадрларды кәсіби және әртүрлі деңгейде мамандарды даярлаудағы педагогикалық процестің заңдылықтарын зерттейді.
Коррекциялық педагогика (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия) дене дамуында кейбір ауытқушылықтар (есту, көру, сөйлеу) бар балалар мен ересектерге білім берудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістерін, формаларын зерттеумен айналысады.
Салыстырмалы педагогика әрбір елдегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін салыстыра отырып зерттейді.
Салалық педагогика (жалпы, әскери, өндірістік,еңбекпен түзету, сауықтыру, педагогикалық, психологиялық ) түрлі еңбек және өмір салаларында адамдарды тәрбиелеу, дамыту заңдылықтарын зерттейді.
Педагогика тарихы – адамзат тарихында педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым.
4. Педагогика саласындағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытта болғандықтан педагогика гуманитарлық білімдер жүйесімен байланыста болады.
Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінде, діни ілімдер, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамыды.
Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын түбегейлі зерттейді. Педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология психикалық үрдісті және адамның дербес ерекшіліктерін, демек, адам психологиясының даму заңдылықтарын зерттейді. Педагогика мен психология ғылымдарының зерттейтін объектісі - адам. Педагогикалық нақты мәселерді зерттеп, жинақтауға әлеуметтану ғылымының маңызы зор. Әлеуметтану ғылымы әлеуметтік ортаның ықпалын, арасындағы әлеуметтік қатынасты қарастырады. Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты этнографиялық және археологиялық деректерді пайдаланады. Педагогиканың да, психологияның да табиғи ғылыми негізі физиология болып саналады. Ол негізгі нерв және психикалық процестері өтуінің педагогикалық мән-жайын неғұрылым терең зерттеу үшін негізі болып келеді. Соңғы кезде педагогика ғылымы кибернетика жетістіктерін де пайдаланады. Бұл күрделі машиналардағы, тірі организмдегі және қоғамдағы үрдістердің жалпы заңдылықтарын зерттейді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Мына ұғымдарға анықтама беріңіз: педагогикалық процесс, педагогикалық жүйе, тәрбие, оқыту, білім беру, даму, қалыптасу.
2. Білім берудің мәні неде?
3. Білім берудің әлеуметтік мәні неде?
4. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы қандай формаларда өтеді?
5. Қазіргі педагогика ғылымының құрылымы қандай?
Әдебиеттер.
1. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания.-М..;1977. 2. Ананьев Б.Г. О человеке как обьекте и субьекте воспитания.// Ананьев Б.Г.Избр.психол труды: В 2т.-СПб., 1999.-т.2.
3. Гессен С.И. Основы педагогики: Введение в прикладную философию.-М.,1995
4. Гинецинский В.И. Основы теоретической педагогики. – СПб., 1992.
5. Журавлев В.И. Педагогика в системе наук о человеке. – М., 1990.
6. Лихачев Б.П. Педагогика: Учеб.пособие.- М., 1992.
7. Краевский В.В. Соотношение педагогической науки и педагогической практики.-М., 1977.
8. Мұқанова Б.Ы. және т.б. Педагогика. Дәріс курсы. А., 2003.
9. Педагогика. / под.ред П.И. Пидкасистего. –М., 1998.
10.Подласый И.П. Педагогика. – М., 2000.
11.Реан А., Бордовская Н., Розум С. Психология и педагогика. – М., 2003.
12.Молдағалиев Б.А. Педагогика. Сөздік., Орал., 2002.
14.Сластенин В.А. и др. Педагогика. –М., 1997.
15.Щедровский Г.П. и др. Пед агогика и логика.-М., 2000.
Өзін-өзі тексеру тесті.
Педагогика алғашқыда мына ғылым саласында дамыды:
психология
антропология
этика
эстетика
философия
Педагогика ғылымдарының жүйесі
жалпы педагогика, педагогика тарихы, жас ерекшелік педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, дефектология, әлеуметтік педагогика, жанұя педагогикасы, әскери педагогика, жеке әдістемелер
жалпы педагогика, дефектология, әлеуметтану, философия, физиология
дидактика, психология, философия, мектептану, мектеп гигиенасы, тәрбие теориясы, салыстырмалы педагогика.
жас ерекшелік физиологиясы, мектептану, валеология, педагогика тарихы
жалпы педагогика, этика, эстетика, валеология
Педагогика қай ғылыммен тығыз байланысты?
экономика
әлеуметтану
физиология
философия
психология
Неліктен педагогикада тәрбие ұғымына көптеген анықтамалар беріледі?
анықтамалардың көп болуы тәрбиені теориялық мағынасында осы терминнің тұрмыстық салада қолданылуынан айыру үшін қажет
Анықтамалардың көп болуы педагогиканы дамушы теориялық ғылым ретінде сипаттайды
«Тәрбие» ұғымының тұрмыста қолданылатын мағынасы ғылыми теорияны құруда жарамсыз
Тәрбие кең мағыналы және жалпылама ұғым, сондықтан оны арнайы нақтылау қажет
дұрыс жауабы жоқ
Оқыту – бұл …
… мұғалімнің оқушыларға оларды өмір сүруге дайындау мақсатында беретін білімі
… білім, білік және дағдыны меңгеру мақсатында оқушылардың өз бетімен оқу жұмысын ұйымдастыру
… оқушыларға білім, білік, дағдыны беруге, өмір сүруге дайындауға бағытталған мұғалімнің іс-әрекетінің үрдісі
… білім, білік, дағды жүйесін саналы және тұрақты меңгеруге бағытталған мұғалім мен оқушы әрекеттерінің екіжақты үрдісі. Оның барысында ақыл-ой қабілеттері мен танымдық қызығушылықтарының дамуы, таным іс-әрекетінің әдістерін меңгеру жүзеге асырылады, ғылыми көзқарас қалыптасады.
… білім, білік, дағды берілетін және меңгерілетін мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы
Педагогиканың негізгі ұғымдарын атаңыз
орта, тәрбие, тұқымқуалаушылық
білім, білік, дағды
оқыту, оқу, сабақ беру
тәрбие, оқыту, білім беру
тәрбиелеу, қалыптастыру, дамыту
Үшінші тақырып
Педагогиканың әдіснамалық негіздері
Мақсаты: мұғалімнің теориялық және практикалық іс-әрекетін ұйымдастыруда әдіснаманың ролі туралы ұғымды қалыптастыру.
Тірек ұғымдар: әдіснама, әдіснамалық негіз.
Жоспар.
1. Педагогикалық зертеудің әдіснамасы
2. Педагогиканың әдіснамалық негіздері.
1. Әдіснама (методология; грек. мethodos – зерттеу жолы, теория, ілім және ,,,, логия) – 1) ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты өзгеріске түсіру. Зерттеуші педагогиканың нәтижеге жетуі оның ғылыми-құрал жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты; 3) дүниенің, қоғамның обьективті заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.
Әдіснама - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы. Зерттелетін обьекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі; ғылыми әдістің негізгі мақсаты - обьективтік ақиқатты ашу. Әдіснаманың негізіне белгілі бір білімдер (ұғымдар мен заңдар) жүйесі жатады. Ғылыми теория мен әдіснама өте тығыз байланысты. Теория - обьективтік шындықтың идеялық бейнесі.
Педагогика ғылымының әдіснамасы – қоғамның даму жағдайында үнемі өзгеріп отыратын педагогикалық шындықты шынайы, дұрыс көрсететін білімді табудың ыңғайы мен тәсілдері туралы қағидалардың, педагогикалық теорияның негіздері және құрылымы, бастапқы қағидалары туралы білімдер жүйесі.
Әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім. Бұл нақты философиялық жүйемен байланысты. Ғылыми әдіснаманың негізін Гегель салған. Әдіснаманы меңгеру арқылы дүниетанымдық көзқарас, ұстаным қолданылды, ол кейін зерттеу нәтижесінде жасалған ғылыми идеяларды кәсіби тәжірибелік іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Ғылыми білімнің жалпы моделі философиялық алғышарттар негізінде жасалады.
Кез-келген әдіснама реттеуші, нормалаушы қызметін атқарады. Әдіснамалық білім дескриптивті (бейелеуші) және прескриптивті (нормалаушы) формаларда көрінеді.
Дескриптивті әдіснама – ғылыми білімнің құрылымы, ғылыми танымның заңдылықтары жайындағы ілім. Ол зерттеу үрдісінде бағыттаушы ретінде қолданылады. Прескриптивті әдіснама іс-әрекетті реттеуге бағытталған.
Әдіснамалық білім құрылымы 4 деңгейден тұрады:
1) Фиолсофиялық деңгейде ғылым танымның жалпы принциптері мен ғылымның ұғымдық аппараты жинақталған.
2) Жалпы ғылымилық деңгей – бірнеше ғылыми пәндерде қолданылатын теориялық тұжырымдамалар.
3) Нақты-ғылымилық деңгейінде арнайы ғылымда қолданылатын зерттеу әдістерінің принциптері мен іс-шаралардың жиынтығы көрсетілген;
4)Технологиялық – зерттеу әдістемесі мен техникасы.
Әдіснаманың барлық деңгейлері күрделі жүйені құрайды. Мұнда философиялық деңгей әдіснамалық білімнің мазмұнды негізі ретінде танылады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1.Педагогика әдіснамасының мәні неде?
2.Әдіснамалық білімнің деңгейлерін атаңыз, олардың педагогикадағы спецификасын көрсетіңіз?
3.Ғылымның әдіснамасы деген не?
4.Педагогика ғылымы - әдіснаманың іс-әрекеттің теориясы мен практикасын дамытудағы маңызы қандай?
Әдебиеттер.
1. Бабанский Ю.К. Проблемы повышения эффективности педагогических исследований. - М.,1982.
2. Введение в научное исследование по педагогике/Под.ред. В.И. Журавлева., М.1998.
3. Журавлев В.И. Педагогика в системе наук о человеке. М.,1990.
4. Журавлев В.И. Взаимосвязь педагогической науки и практики. М.,1988
5. Кочетов А.И. Культура педагогического исследованияя. Минск.,1986.
6. Кузьмина Н.А. Методы системного педагогического исследования. - Л.,1980.
7. Скаткин М.Н. Методология и методика педагогических исследований. - М., 1986.
8. Загвязинский В.И. Методология и методика педагогических исследований. - М., 1982.
9. Краевский В.В. Методология педагогического исследования. - Самара, 1994.
Өзін-өзі тексеру тесті.
1. Педагогиканың әдіснамасы бұл …
а) тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамытудың заңдылықтарын тану және қолданудың жолдарын анықтайды
б) адам тұлғасының оқыту, тәрбиелеу, дамыту құбылыстарын тану
в) жаңа адамды қалыптастуру үрдісінің заңдылықтары
г) оқу-тәрбие қызметін ұйымдастырудың тиімді жолдарын жасау
д) тәрбиенің әлеуметтік мәні
2. Педагогика әдіснамасының объектісі – бұл ...
Білім, оларды практикада қолдану
Адам тұлғасын оқыту, тәрбиелеу, дамыту үрдістері
Заңдылықтарды ашу, оларды практикада қолдану
Жаңа жолдарды жасау
Тәрбиелеу және даму заңдылықтарын ашу
3. Әдіснаманың құрылымдық деңгейін көрсетіңіз
Реттеуші, шектеуші
Философиялық, педагогикалық
Философиялық, жалпы-ғылымилық, нақты-ғылымилық, технологиялық
Технологиялық, ғылымилық
Құрлымдық
Төртінші тақырып
Педагогиканың аксиологиялық негіздері
Мақсаты: педагогиканың аксиологиялық әдіснамасы жайында түсінік қалыптастыру.
Тірек ұғымдар: аксиология, аксиологиялық әдіснама, құндылық.
Жоспар.
1. Педагогиканың жаңа әдіснамасы
2. Аксиологиялық әдіснамаға сипаттама.
3. Педагогикалық құндылықтар жайындағы ұғым.
1. Білім берудің дамуы білім беру философиясының дамуы мен оның педагогикалық теория мен практикаға енгізілуіне тікелей бағынышты. Қазіргі европалық мектеп пен білім беру Я.А.Коменский, И.Г. Песталоцци, Ф.Фребель, И.Г.Гербарт, Ф.А. Дистервег, Дж. Дьюи және т.б. классиктер түйіндеген философиялық және педагогикалық идеялардың әсерінен қалыптасқан. Олардың идеялары ХІХ-ХХғғ. Дамыған білім берудің классикалық моделі негізінде жатыр.
ХХғ. І-ші жартысында Қазақстан, сол кездегі Кеңес Одағы педагогикасында бүгінгі күні өз мәні мен маңызын жойып алған иеялар негіз ретінде танылды. Олар қазір сынға алынған. Осы идеялар ішінде білімді адам идеялының түсіндірмесі де бар. Білімді – бұл білімді білетін және қолдана алатын адам. Білімділік парадигма білім берудің мазмұнын ғылым негіздері жайындағы білім дегенге саяды. Оқу пәндерін құру тәсілі бұнда білімді біртіндеп жинақтау. Оқытудың басты формасы – сынып сабақ жүйесі.
1960-шы жылдан бастап отандық мәдениетке (басқа адамның пікірін түсінуі, есепке алу қажеттілігі,тұлғаны, оның құқын құрметтеу) диолог, ынтымақтастық, біріккен іс-әрекет енгізілді. Осыған байланысты классикалық білім беру жүйесі қоғам мен өндіріс талаптарына сәйкес келмей қалды. Жаңа педагогика мен білім беру процесін қайта құру үшін философиялық педагогикалық идеяларға қажеттілік туындайды.
Қазіргі педагогика ғылымының басты бағыты – оның көзқарас негіздеріне бағытталуы, тұлға құндылығына қайта оралуы. Педагогика мен практиканың адамға, оны дамытуға, гуманистік дәстүрді қайта жаңғыртуға бағытталуы - өмірлік мақсат ретінде танылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін педагогиканың әдіснамасы болып табылатын білім берудің гуманистік философиясын дайындау қажет.
Осыған сәйкес, педагогиканың әдіснамасы – бұл білім беру философиясының гуманистік мәнін белгілейтін педагогикалық таным мен ақиқат шындықты өзгерту жайындағы теориялық қағидалардың жиынтығы.
2. Адам әрдайым болып жатқан құбылыстарды дүниетанымды бағалауға (саяси, құлықтық, эстетикалық және т.б.), міндет қоюға, шешімін іздеп, табуға, оны жүзеге асыруға мәжбүр. Адамның қоршаған ортаға (қоғамға, табиғатқа,өзіне) көз-қарасы екі жақты белгіленеді: практикалық және теориялық. Практикалық және теориялық көзқарастардың байланысын аксиологиялық (грек. Axia - құндылық және logos - ғылым), немесе құндылықты тұрғы жүзеге асырады, ол, бір жағынан құбылыстарды зерттесе, екінші жағынан қоғамды гуманизациялау (ізгілендіру) міндетін атқарады.
Аксиологиялық тұрғының мәні аксиологиялық принциптер жүйесі арқылы көрсетіледі:
Біртұтас гуманистік құндылықтар жүйесінде олардың мәдени және этникалық ерекшеліктерін сақтай отырып, философиялық көз-қарастардың теңдігі;
Дәстүр мен шығармашылықтың бірмәнділігі принципі, өткен ғылым мен тәжірибені зерттеу мен қолдану және рухани баюдың мүмкіншілігінің қажеттілігін тану принципі.
Адамдардың экзистенциалдық теңдігі, принципі, құндылықтар жайындағы жарыссөздерден әлеуметтік мәдени прагматизмге көшу принципі.
Осы әдіснамаға сәйкес, педагогиканың гуманистік мәнін анықтау міндеті қойылады.
3. Педагогикалық аксиологияның мәні педагогикалық қызметтің спецификасымен, оның әлеуметтік ролі мен тұлғаны қаруландырушы мүмкіншіліктерімен анықталады. Педагогикалық құндылықтар – педагогикалық қызметтің ерекшеліктері. Олар ғоғамдағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қарым-қатынастар негізінде қалыптасады.
Педагогикалық қатынастар – педагогикалық қызметті реттеуші және танымдық – іс-әрекеттік жүйе ретінде танылатын нормалар. Олар тарихи тұрғыдан қалыптасып, педагогикалық ғылымда қоғамдық сананың формасы ретіндегі спецификалық бейнелер мен түсініктер түрінде есепке алынады. Педагогикалық құндылықтарды меңгеру педагогикалық қызметте жүзеге асырылады. Қатынастардың қалыптасуы педагогтың тұлғалық- кәсіби дамуының көрсеткіші болып саналады.
Өмір жағдайларының өзгеруіне, қоғам мен тұлға қажеттіліктерінің дамуына байланысты педагогикалық қатынастар да өзгереді. Педагогикалық қатынастардың көптігі олардың жіктеу және реттеу қажеттілігін тудырады. Олар өмір сүру деңгейіне сәйкес тұлғалық, топтық және әлеуметтік-педагогикалық қатынастарға ажыратылады.
Аксиологиялық «Мен» құндылықты бағдарлар жүйесі ретінде оның ішкі дүниесін құрайтын когнетивті және эмоционалды-еріктік компоненттерден тұрады.
Онда әлеуметтік–педагогикалық қатынастармен қатар кәсіби топтық қатынастар жинақталған. Олар педагогикалық қатынастар жүйесінің негізі болып табылады. Бұл жүйеге:
тұлғаның әлеуметтік және кәсіби ортада өзінің орнын бекітумен байланысты қатынастар (педагог еңбегінің қоғамдық маңызы, педагогикалық қызметтің абыройы, ортаның педагог мамандығын құрметтеуі және т.б.);
қарым-қатынас қажеттілігін өтейтін және оның аумағын кеңейтетін қатынастар (балалармен, әріптестермен, басшылармен қарым-қатынас орнатуы, балаларға махаббаты мен сүйіспеншілігі, рухани қатынастармен алмасуы және т.б.);
шығармашылық даралығын дамытуға бағыттайтын қатынастар (кәсіби-шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіншілігі, әлеуметтік мәдениетке енуі, сүйікті ісімен айналысуы, өзін-өзі әрдайым жетілдіруі және т.б.);
өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қатынастар (педагог еңбегінің шығармашылық, өзгермелі сипаты, педагогикалық мамандықтың романтикасы мен қызықтығы, балаларға көмек беру мүмкіндігі және т.б.);
прагматикалық қажеттіліктері қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қатынастар (мемлекеттік қызметке ие болу,еңбек ақысы,демалыс күндерінің ұзақтығы, қызметте өсу және т.б.).
Педагогикалық құндылықтар гуманистік табиғаты мен мәнімен ерекшеленеді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Неліктен педагогиканың жаңа әдіснамасын жасау қажеттілігі туындайды?
2. Білім берудің гуманистік философиясының мәні неде?
3. Педагогикалық құбылыстарды зерттеуде аксиологиялық тұрғыны қолданудың спецификасы қандай?
4. Аксиологиялық принциптерді атаңыз, оларды педагогикада қолдануды көрсетіңіз.
5. Педагогикалық құндылықтар деген не?
6. «Педагогикалық құндылықтардың жіктелуі» атты үлгі дайындап, оған сипаттама беріңіз.
7. Жоғары оқу орнының студенті өзінің әдіснамалық мәдениетін қалай жетілдіруіне болады?
Әдебиеттер.
1. Гинецинский В.И. Основы теоретической педагогики. - СПб, 1992.
2. Исаев И.Ф.,Ситникова М.И. Творческая самореализация учителя: Культурологический подход. - Белгород.,1999.
3. Лихачев Б.Т. Введение в теорию воспитательных ценностей.- Самара., 1998.
4.Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. - М., 2004.
Өзін-өзі тексеру тесті.
1. Гуманизм бұл ...
Адамды тұлға ретінде оның құндылығын тану
Адамды құрметтеу
Оқыту мен тәрбиеде жеке ерекшеліктерді есепке алу
Адамның құқықтары мен абыройын құрметтеуден көрінетін пікірлер жүйесі
Дұрыс жауабы жоқ
2. Практикалық және теориялық көзқарастардың байланысын жүзеге асырады?
а) гуманистік тұрғы
б) гуманитарлық тұрғы
в) философиялық тұрғы
г) аксиологиялық тұрғы
д) педагогикалық тұрғы
3. Аксиологиялық принциптерге жатады
а) бірізділік пен жүйелілік
б) көрнекілік
в) біртұтас гуманистік құндылықтар жүйесінде олардың мәдени және этникалық ерекшеліктерін сақтай отырып, философиялық көз-қарастардың теңдігі
г) дәстүр мен шығармашылықтың бірмәнділігі принципі, өткен ғылым мен тәжірибені зерттеу мен қолдану және рухани баюдың мүмкіншілігінің қажеттілігін тану принципі
д) адамдардың экзистенцияалдық теңдігі, принципі, құндылықтар жайындағы жарыссөздерден әлеуметтік мәдени прагматизмге көшу принципі.
4. Аксиологиялық құндылықтарды атаңыз.
а) тұлғаның әлеуметтік және кәсіби ортада өзінің орнын бекітумен байланысты қатынастар (педагог еңбегінің қоғамдық маңызы, педагогикалық қызметтің абыройы, ортаның педагог мамандығын құрметтеуі және т.б.);
б) қарым-қатынас қажеттілігін өтейтін және оның аумағын кеңейтетін қатынастар (балалармен, әріптестермен, басшылармен қарым-қатынас орнатуы, балаларға махаббаты мен сүйіспеншілігі, рухани қатынастармен алмасуы және т.б.);
в) шығармашылық даралығын дамытуға бағыттайтын қатынастар (кәсіби-шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіншілігі, әлеуметтік мәдениетке енуі, сүйікті ісімен айналысуы, өзін-өзі әрдайым жетілдіруі және т.б.);
г) өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қатынастар (педагог еңбегінің шығармашылық, өзгермелі сипаты, педагогикалық мамандықтың романтикасы мен қызықтығы, балаларға көмек беру мүмкіндігі және т.б.);
д) прагматикалық қажеттіліктері қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қатынастар (мемлекеттік қызметке ие болу,еңбек ақысы,демалыс күндерінің ұзақтығы, қызметте өсу және т.б.).
Бесінші тақырып
Әдістер жүйесі және ғылыми педагогикалық
зерттеулердің логикасы
Мақсаты: болмысты ғылыми тану тәсілдері туралы түсінікті қалыптастыру,
ғылыми- педагогикалық ойлауды дамыту.
Тірек ұғымдар: ғылыми зерттеу әдісі, заңдылық, ғылыми зерттеу, жүйе.
Жоспар.
1. Ғылым әдісі жайында ұғым.
2. Педагогикалық зерттеудің логикасы.
3. Ғылыми зерттеулерге қойылатын талаптар.
4. Зерттеу әдістері, зерттеу әдістерін таңдау принциптері.
1. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері – шындықтың құбылыстарын эмпирикалық және теориялық танудың, зерттеудің тәсілдері, іс-шаралары және операциялары.
Эмпиризм (грек.empeiria – тәжірибе) – дүниені танудың бірден бір көзі – түсіну және сезімдік тәжірибе деп түсінетін философиялық бағыт.
Педагогикалық зерттеу – бұл білім берудің заңдылықтары, құрылымы мен механизмі, мазмұны, принциптері мен технологиясы жайында жаңа білім алуға бағытталған ғылыми іс-әрекет процесі мен нәтижесі.
Педагогикалық зерттеулер бағыттары бойынша фундаментальды, қолданбалы және өңдеу түрлеріне бөлінеді. Фундаментальды зерттеудің нәтижесінде жалпылама концепциялар пайда болады. Олар педагогиканың теориялық және практикалық жетістіктерін қорытындылайды, педагогикалық модеьдердің болжамын ұсынады. Қолданбалы зерттеулер педагогикалық практиканың кейбір жақтарын терең зерттеуге, оның заңдылықтарын ашуға бағытталған жұмыстар. өңдеулер бұрыннан белгілі теориялық қағидаларды есепке ала отырып, ғылыми-практикалық ұсыныстарды негіздеуге бағытталған жұмыстар.
Педагогикалық зерттеулердің басты көрсеткіштері: өзектілігі, жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы.
Ғылыми зерттеудің логикасына сәйкес зерттеудің әдістемесі жасалады. Түрлі әдістерді қолдану арқылы зерттелетін мәселе жан-жақты қарастырылуына мүмкіндік туғызылады.
Педагогикалық зерттеулердің басты принциптері:
біртұтастық принципі.
тұлғалық принципі.
іс-әрекеттік принципі.
полисубъектілік принцип.
культурологиялық принцип.
этнопедагогикалық принцип.
антропологиялық принцип.
Достарыңызбен бөлісу: |