1. Психологиялық кеңес мазмұны,мақсаты, міндеттері, кезеңдері
2. Психотерапиялық жұмыстың вербальды және вербальды емес тәсілдері.
3. Позиция және дистанция.
4. Психотерапиялық кеңес процесіндегі метафорлар.
Мақсаты:Студенттерге психологиялық кеңес беру , оның мақсат міндеттері және әдіс тәсілдері жөнінде түсінік қалыптастыру. Кеңес беру техникасына бағыт беру.
1 Психологиялық кеңес бұл психолог қызметіңдегі негізгі қызмет түрлерінің бірі. Бұл үздіксіз арнайы және негізгі кәсіби дайындықты қажет етеді. Психологиялық кеңес аймағының білімі тек арнайы практикалық қызметте ғана емес, сонымен қатар арнайы мамандарға әсіресе дефектолоктарға аса қажет болып саналады. Жалпы алғанда адамдарға психологиялық көмек көрсету нәтижелі болып көрінеді. Яғни жеткілікті дәрежеде көмек беру және нұсқау беру болып саналады. Кез келген әрбір адам психологтан психологиялық кеңес алуда өз ойындағы қиын мәселелердің кілтін көрсетудің жолан,бағытын сұрап көмек өтінеді.
Психологиялық кеңес арнайы мәселе бойынша, яғни жеке әнгіме негізінде іске асады. Психологиялық кеңес белгілі бір шектеулі уақытпен өткізіле отырып жүргізіледі. Мүнда бөгде адамдардың болмауы тиіс. Ең негізгісі клиентке аса қалыпты,қолайлы жағдай болуы шарт. Жеке клиентпен психологтың әнгімесі орташа есеппен алғанда 10 мин., сағат жарым ,2 сағат және негізгі мәселе жағдайына байланысты оданда жоғары уақытка ұласуы ықтимал. Психологтың негізгі міндеті көмек сурап келген негізгі міндеті көмек сұрап келген клиентті зейін қойып тыңдауы, тиіс және оның мәселесіне екеуіне тырысу қажет. Психолог икемді бола отырып клиенттің мәселесін талдауға әрекет етеді. Психологиялық кеңес кезенде клиенттің жеке тұлғасы бағаланады және оның жеке дара ерешелігі негізінде клиентке ғылыми негіздеме. Психологиялық кеңес –бұл адамдарға психологиялық тұрғыдан көмек қорсету. Сенім негізінде адамдардың өмірдегі мәселелерді шешуіне көмек көрсету,мәселелерге кездескен адамның мәселерден шығуына одан әрі қарай салауатты өмір сүруіне жағдай жасау болып саналады.
2 Психологиялық кеңес мазмұнында жалпы клиенттің мәселесі қамтылады. Егер клиентке мәселе күрделі болса,психолог онымен бірнеше сеанстар өткізеді. Өмірде психологқа келген клиентке мәселелер шамасы бірнешеу б.к. Сондықтан да психолог кеңес беруде аса бір дурыс бағыттылықты,тиімділікті таңдай білуі тиіс. Психологиялық кеңестің өзге психологиялық қызмет түрінен өзгешелігі аса шыдамдылықты ерекше зейінділікті үздіксіз жұмыс жүргізуде қажет етеді.Психологиялық кеңес мазмүны клиентпен бірлескен әрекетте аптаға, айға, тіпті жылдарға созылуы мүмкін. Бунда психолог ең негізгі орын алады. Себебі клиент мәселесін шешуде психолог белсенділік болу шарт.
Мақсаты:
клиентте туындаған мәселені шешуде жедел түрде көмек көрсете білу .
арнайы психологиялық білімді әлеуметтік жағдайда пайдалы түрде кеңес беру ретінде пайдалана білу.
клиентке уақытына көмек ету .
клиентке рухани күшпен,сенімділік жігер беру.
клиентке мәселелі жағдайдан шығабілуге көмек бере отырып бағыт көрсету.
Міндеттері:
Мәселені шеше білу және оны анықтау
клиентке туындаған мәселенің шындығының денгейін хабарлау.
клиенттің жеке тулғалық қасиетін зерттеу (мінезін,темпераментін,қабілетін,арын,жігерін т.б.)
клиентке дәл түрде кеңес беру және нұсқау ұсыну
қазіргі кездегі практикалық өмірден белгіленген мәселелер төңірегінде кеңес беру.
алдын ала психологтың сауықтыру бойынша кеңес беру.
Психологияның кеңес түрлері .
Жеке тұлғалық кеңес –адамның жеке түлғалық қасиеттерін шешу мәселесін қарастырады. Псих. кенеске клиент өзінің жеке тұлғасындағы қасиет жағдайын шешу бойынша сұраныс жасайды.
Жеке тұлғаның қасиетте мінез, темперамент қабілет ерік жігер күші бойынша бағыттарды қамтиды. Психолог осы мәселелер бойынша алә кеңес мазмұнында қойылған сұрақтардың негізгі мәселелеріне карай шеше алуға талпынады. Әрбір адам осындай мәселе бойынша білуге келгенде психолог жан-жақты бағдарлай отырып,адамның жан-жақтылық қасиет ерекшілігін дұрыс жолғақарай бағыттай білуі тиіс
Жанұялық кеңес –бұл жанұя мүшелелерің,жағдайын,әрі қажетті мәселелерін шешуге орындайды. Бұл тұрмыстың жағдайдағы жанұя мүшелерінің өзара кейбір үйлесімсіз мәселелерінің болуынан психологиялық көмекті қажет етеді. Мұндай жағдайда психолог мәселелердің негізгі себебін іздестіруге талпыныс жасайды. Ата-аналардың арасындағы өзара келіспеушілік жағдай оның жанұясында,баласына тумаларына өз әсерін тигізеді.
Педагогикалық психология кеңес –бұл әрбір мәселені педагогикалық псих. тұрғыдан дұрыс шеше білуді қарастырауы. Психологқа бұл мәселе бойынша тәрбие және зерттеу жақтарын қамти білуді және балаларды олардың жеке тұлғалық жағдайларын зерттеу анықтауды қарастырады.Оқушыға дер кезінде тәрбие сапаларын меңгерте отырып қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру білуге үйрету көзделінеді. Психолог психологиялық педагогикалық кеңес беруде оқушының жан-жақты дамуына дұрыс бағытты бере білуі тиіс.
Іскерлік кеңес –бұл әлеуметтік және тұрмыстық өмірге адамның нақтиіс-әрекетпен шұғылдануынан көрінеді.Оның іскерлігі адамның талпынысынан, қабілеттілігінен, кызығушылығынан іспен шуғылдануынан оның талпынады психолог клиентке қиындықтан шыңдық бағыт жолын нұсқау айта отырып ұсынады.
Клиенттің көзқарасы:
Эксперттіқ немесе психологиялық көмек ету жағдайында жағдайды бағалау.
Зерттеу жағжайындағы шыналы түрдегі мінез-құлық..
Клиникалық әңгімеге қатысу.
Әдістемемен жұмыс.
Қорытынды іс нәтижесін алу.
Іс- нәтижелерін қолдану және қабылдау.
Психологтың көзқарасы:
Заказ (сұраныс) қабылдап алу клиентпен өзара әрекетін міндетті анықтау
Мінез-құлық белгілерінің классификациясы, гипотезді өңдеу.
клиникалық әңгіме барысында гипотезді анықтау.
Психодиагностикалық әдістемелер көмегімен зерттеуді жүргізу.
Іс-нәтижесін өңдеу.Іс –нәтижелерін жинақтау.
Психодиагностикалық іс-нәтижелерін әріптестерімен толқылау.
Клиникалық әңгіме құруға арналған зерттеу әдістерін тандауға арналған бақылауда психодиагностика қандай мәліметтерді қолданады? Бұл оның психикалық шындық жайында ұғым түсінігінің дамуымен анықталынады. Клиентпен бұл бағыттағы жүйелі байланыс бақылау процессінен көрініп отырады. Бұған адам жайында жинақталған білімдер жиынтығы- медицина, физиология,генетика,әлеуметтану т.б. енеді. Сонымен қатар бұған әдебиет пен өнер көп материал береді. Адамдар типологиясын Л.Н.Толстой былай көрсетті : мінездің барлық сипаты адамдарда түрлі бөлікте 3 негізгі белгіден құралады;
Саналық-білім.
Ақылдық ловкость,естің жинақылығы.
Нақтылығы.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Психологиялық кеңес дегеніміз не?
2. Психологиялық кеңестің мақсаты не?
3. Кеңес беру процессінде психологиялық әсерлердің қандай түрлері қолданылады?
4. Кеңес беруде қандай позиция мен дистанция ұстанылуы керек?
№3 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |