1. Практикалық психология туралы түсінік, даму тарихы
2. Практикалық психологияның ғылыми негіздері.
3. Практик –психологтың кәсіби этикасы.
Мақсаты: Студенттерді практикалық психология оның даму тарихы, ғылыми негіздері туралы теориялық біліммен қаруландыру.
1.Практикалық психологияның існе асуы ғылыми түрде дәлелдеген тәжірибелі зерттеулер нәтижесінде ғана көрінісбереді .Сонымен бірге психологиялық міндеттерді шешудің негізгі әдістемелеріне сүйенеді, жана зерттеулерде тиімді әдіс-тәсілдердібасшылыққа алады. Бұлардың барлығы психологиялық қызметте іске алады.
Практикалық психология мазмұны арқылы жаңа мәселелер шешіліп біртіндеп жаңа жұмыс мазмұны көрінеді.Психолог маман психологиялық қызметте білімге,сүйене отырып, белгілі бір заңдылықты басшылыққа алады. Психологиялық қызметт, арнайы тақырып жөнінде өзіндік белгі және анықтама бере отырып, арнайы ғылымның дәлелдемелерін басшылыққа алады. Б.Россель былай дейді; Адам ғылымда –зерделі, арі зейінді, жүйелі, әрі саң, өз тәжірибесіңің қорытындысын сипаттауға бағытталады,және ғылымға ұмтылуы нақты білім нәтижесінен көрінеді. Ол жаңа жалпы заңдылықтарды таба отырып жекелей фактілерді жалпыменбайланыстырады – деп ол «ғылым» түсінігін сипаттайды. Ол ғылымға түсінік бере отырып, ғылым маңыздылығы жағынан өнермен тең, әрі оның практикалық мәні бар . Міне осылай адамды әдеппен қамтамасыз етеді, әрі мақсатқа жетуге жол көрсетеді. Бірақта мақсатқа жету мен талап тілекті орындау тек қана ғылыммен ғана анықталмайды. Бұл өмір жолындағы ғылымңың әдеппен байланыстылығы.
Қазіргі кезде психологиялық қызметте белгілі бір анықтамалар болумен қатар талаптарда бар.Бұларды орындау ғылыми білімнің негізгі принциптерінің құрылуына және таңдалынып алынған әдіс –тәсілдеріне қарай бағытталады. Адам қарым –қатынас жасай отырып,ғылымға умтылады,негізгі мәселерді орындайды.Психологиялық қызметте түйінді мәселені шешуге оның сапасын,өзіндік көзқарасын көрсетеді .Кейінгі жылдары психологтардың жұмысы көптеген жаңа тыңғылықты жұмыс мазмұны осы практикалық психология барысында көрініп жүр. Әрбір істің ұғым түсінігі, бейнесі көрініс береді . Осы көрініс психологиялық зерттеуге сүйене отырып анықталынады,әрі талдау жүргізіледі , сүрақтар қойылады, ойлан формасы қызметіне енеді.
Қазіргі заманғы психологияның методологиялық негізгі өзіндіқ ғылымның тормағымен ұштасады.Осыдан барып бағалана отырып , шынайы көзқарас қалыптасады.
Психологиялық хабарламалар,жаңалықтар сан түрлі беріліп,әрі жетістікке жете отырып,
іске асу жолдары іздестіріледі. Үнемі психологиялық қызметте ізденіс барысында жаңа мәні бар ғылым дамиды,әрі жол беріледі,зерттеу жұмысы жүргізіле отырып, адамның жеке тұрғалық ерешелігіне әсер ете отырып ,оның жалпы саналы түрде түсінуіне,қозғалысын бағдарлауға,дұрыс түсіне білуге бағып жасайды.
2.Практикалық психологияның ғылыми негіздері .
Практикалық психология қызметінің ерекшелігі .
Қазіргі заманғы психология –бұл үлкен аұқымды алатын кең түрдегі көп түрлі практика .
Психологиялық білім адам қызметінің әр саласында ,әсіресе әртүрлі мәселелер төнірегінде кездеседі.Мұнда психологиялық білім аса қажет болып саналып, өз көмегін көрсетеді.Бұлар білім беру, білім , медицина, саясат, экономика, бизнес, өнеркәсіптік шаруашылықтар, спорт салалары. Осы аталған салалардың барлығында практикалық психология өз қажеттілігін көрсетеді. Білім беру бағытында адамның интеллектуальдық және (адамның) адамгершілік деңгейін көтеруде (бағытында)психологиялық білім қажет етіледі .Оқыту жұмысында мұғалім мен оқушы үнемі үздінсіз байланыс үстінде болады,
Сондықтанда практикалық психология білімі оларға аса қажет, осының көмегінің нәтежесінде өзара бірлескен әрекетті тиімді алуға жол ашылды.
Медициналық практика саласындада психологиялық білім өз қажеттілігін көрсетуде,
яғни науқастың (ауруының) сырқатының диагностикасын анықтауда түрлі ауруларды психологиялық әдістер (психотерапия) арқылы емдеу, психодиагностика жүргізу .
Практикалық психология :
Психологиялық диагностика
Психологиялық түзету
Психологиялық кеңес беру
Психотерапия
Практикалық психологияның даму тарихы .
Практикалық психологияның дамып қалыптаса түсуі психология ғылымының дүниеге келуімен байланысты келді. Практикалық психология психологиялық білімнің негізінде дами отырып қажеттілікке байланысты өмірге келді.Бірақ та мүның екі туылғанкүні бар деп есептеуге болады.
Біреуі -өткен өмірден келе жатыр, екіншісі-19 ғасырдың ортасымен байланысты себебі психологияның және ғылым ретінде таныла бастаған кезеңнен басталады.
Практикалық психологияның дамуы психологиялық білімнің практикада қолданылуы өмірдегі қажетті жағдай мәселелерге қызмет етуі, өздігінен көріне алуы,психология саласында өйдын байқалуы нәтижесінде анықталына бастады. 18 ғасырдан өзінде-ақ медицина саласында діни және салттарда психологиялық білім аса табысты түрде қолданыла бастады. Қазіргі заманғы практикалық психология 19-20 ғасырда дами түсті деп бағдарлап айтуға болады.Жалпы психологиядан педагогикалық ,психоло-медициналық психология,инженерлік психологияның бөлінуі, практикалық психологияның алғашқы даму кезеңі деп есептеуі болады. Бұл кездепсихологияның қолданбалы саласы ғылымдармен қатар болғанмен ,өздігінен дербес бола қойған жоқ .
Бұл даму кезең практикалық психологияның 19 ғасырдың алғынан 20 ғасырдың 40 жылдарына дейін болды.
40 жылдардан бастап практикалық таза психологияның белгілі салалары көрініп пайда бола бастады. Олардың ішінде адтотренинг,жекелей және топтық психотүзету,жанұяның психотерапия, логотерапияда қолданылды .
Практикалық психологияның тийімді әдістерің адамға психологиялық тұрғыдан жақсы әсер беруі бір даңытта медицинада қолданбалы психологияда іске асты .
3 .Әсересе практикалық психология білімінің кең түрде қолданылуы 20 ғасырда байқалды , өйткені практикалық психологияның 3 кезеңі дами бастады.Яғни бұл ұйымдастырылған бағытпен байқала түсті. Көптеген елдерде, соның ішінде біздің елде қолданбалы психология институттары ашылып олар өздерінің психологиялық қызметтерін құрды .Онда арнайы білімді маман кәсіби практикалық психологтар жұмыс жасады. Соңғы жылдары әлеуметтік –психологиялық тренинг топтың жағдайда өтіліп жүр. Практикалық психологтар мектептерге келіп жетті. Олар балаларды мектепке қабылдауға қатысады психодиагностика жүргізеді.Оқушылардың мектепке псих-ң жағыңан даярлығын анықтайды. Сонымен қатар балалардың жылдан жылғы психологиялық дамуын зерттейуді,болашақ маман іесін таңдауға көмектеседі .
Мектептің психологы мұғалімдерімен ата-аналарға ақыл-кеңес береді, балалар тағдырын шешуге қатысады. Психология факультатив сабағын өткізеді.
Психологиялық көмек ең алдымен білімге қажет? Керек ? Осы мамандықтың қажет екендігін кім алып келді?
Қоғамдық.,әлеуметтік сұраныс әкеліп отыр 20 ғасырда бір адамның әсері көп адамға немесе адам тобы үлкен келген адамдар тобына әсер ететіндігі сипатталып отыр .
Әлеуметтік сұраныс қажеттілігіне қарай практикалық психология ғылыми психологиялық білім негізінде көріне отырып, қызмет етеді . Яғни адамға мақсатты түрде әсер етуді қамтиды.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Практикалық психология саласынының негізгі міндеттері.
2. Практикалық психологияның міндеттері.
3. Практикалық психологияның психологияның басқа салаларымен байланысы.
4. Практик спихологтың кәсіби этикаларын атаңыз.
№ 2 дәріс
Тақырып: Психологиялық кеңес
Достарыңызбен бөлісу: |