Сурет 1. Дүниетанымның жалпылау құрылымы
Л.И.Божович ұсынысы бойынша жеке тұлғаның дүниетанымы - салыстырмалы түрде кеш келетін құбылыс, ол жеткіншек шақта пайда болатын, жалпы тәрбиелік бағыттылық, дүниетаным мен дүниені сезіну жүйесі болып табылады.
Жеке_тұлғаның_ғылыми_дүниетанымының қалыптасуының зандылықтары. Оқушылардын ғылыми дүниетанымы тұтас педагогикалық процесте қалыптасады. Дәл осы жерде ғылыми білімдерді меңгеру жүйесі мен оларды тәжірибеде пайдалану, бұрынғы кездегі мәдени мұралармен, қазіргі ғылым негіздерімен оқушыларды қаруландыру құралы болса, дүниетанымдық білімдерді терең сенімге айналдыру оқушылардың іс-әрекет және мінез-құлық принциптеріне айналады, қоғамдық бағыттарын анықтайды, іс-әрекетке дайындығын және өмірлік ұстанымын қалыптастырады.
153
Сурет 2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру процесі.
Маңызды педагогикалық мәселелердің бірі болып оқушылардың дүниетанымын ' қалыптастырута байланысты оқушылардың сенімдері мен өзіндік көзқарасының заңдылықтарын ашу.
Ғалымдардың көзқарасы бойынша табиғат және қоғам туралы ғылыми білімдерді меңгеру - ғылыми дүниетанымды қалыптастыру негізінің маңызды шарты болып табылады.
Бірақта табиғат пен қоғам дамуының заңдылығын білу жеткіліксіз. Саналы көзқарас, сенім ойдьщ болмауы адамда формальды түрде деректерді меңгеруге және дүниетанымдық сипатты жалпылауға әкеп соғады. Тек қана білімді «аудару» және өзіндік сезінген тәжірибесін, әр түрлі іс-әрекеттерден қамтылған тұрақты көзқарастарын, негізіне тұлғаның идеялық мақсаты жататын сендіру және идеалынан тұрады. Олардан адам мінез-құлқына бағыттайтын дүниетаным пайда болады.
Білімді аудару тұрақты сендіру, мінез-құлық мотивтері, принциптері болатын, тұлғаның дүниетанымын қалыптастырудың шарты болып табылады.
Педагогтар мен психологтардың зерттеулері бойынша білім оқушылардың іс-әрекетінің басты нәтижесі, олардың бойында теориялық сана мен ойлаудың қалыптасуы болып табылады. Оқу іс-әрекетінің психологиялық
154
мазмұны -іс-әрекеттің жалпы тәсілдерін, білімдерді меңгеру.
И.Я. Лернер танымдық тапсырмалардың рөлін зерттей келе, оқушылдардың өздігінен жетістіктерге жету жолындағы бағдары және білімді пайдалануы сезінуге жол ашады, яғни білімдер сенімге айналу үшін, жеке тұлғаның қажеттіліктерінен, әлеуметтік үміт пен құндылық бағыттарынан биік болып тұрған көзқарастарынын жалпы жүйесіне және оның сезіміне айналуы қажет дейді (түсінік, баға, өлшем). Оқушылардың жағымды эмоционалдық күйі, олардың жеке тәжірибесіне, әлеуметтік-психологиялық жағдайына сүйенеді.
Бірақта танымдық тапсырмалардың рөлі ғылыми сенімділіктерді қалыптастыру жолында да өз маңызын жоймайды. Танымдық тапсырмаларды бір мезетте қалыптастыру диагностикасы мен сенімнің тәсілі болып қызмет етеді.
Психология-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай келе, тұлғаның дүниетаным ұйытқысын құру, ғылыми сенімді қалыптастыру құбылыстарының мәселесін мынындай етіп бөлуге
мәжбүр етеді:
- объективті мазмұны, маңызды қасиеті бар сыртқы дүние туралы
дүниетаным білімі болуы және оны меңгеру;
- олардың мағынасы мен құндылығын түсіну;
олардың талаптарынан шығатын міндеттерге, шынайылыққа
сенімділік;
- индивидтің қажеттілігі мен қызығушылығын есепке ала отырып,
меңгерілген білімді негіздеу;
- құбылыстар мен әлеуметтік фактілерді бағалау және ғылыми
талдаудың тәсілдерін меңгеру, білім берудің біліктілігін жаңғырту,
адамдардың іс-әрекетін, өмір құбылыстарын, әлеуметтік, саяси,
экономикалық және басқа да құбылыс фактілерін талдау және
бағалау;
- өмірде осы білімдер арқылы басшылық жасай білу ұмтылу;
- белсенді іс-әрекетке субъект ретінде дайындық (шешім қабылдау, іс-
әрекет жоспарын жасау және негіздеу, бағалау, қабылданған
шешімнің дұрыстығын дәлеледеу).
155
Білімді сенімге айналдыру және дүниетанымды қалыптастыру тұлғаның жалпы бағытта қалыптасуымен яғни іс-әрекет қарым-қатынасының жүйесімен тікелей байланысты. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер көрсеткендей баланың жеке тұлғасы оның жүйеде алатын орнымен, жеткілікті адами қарым-қатынаспен, соның ішінде өмірде қойылатын талаптардың дәл сол кездегі психологиялық ерекшеліктерімен байланысты болады.
Дәл осы сәйкестіктен баланың қажеттілігі мен тілегі, мақсаты, ұмтылысы туындайды және сол арқылы жаңа психологиялық сапаларының қозғалыс күші дамиды. Өмірдің шарты оқушы жеке тұлғасының қалыптасуын тікелей анықтамайды, ал оның тәуелділігі сонда, өзара қатынасымыз бен әрекеттерімізде осы шарттармен оқушының өзі болады.
Оқушының дүниетанымын қалыптастыру мінез-құлқының ең маңызды қозғаушысы болып табылады, оның іс-әрекетінің себеп-салдарын анықтайды
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру іс-әрекеті жетістігінің маңызды шарты тәжірибелік іс-әрекеттер мен сенімдер, білім бірлігімен қамтамасыз етілген педагогикалық процесс болып табылады. Бұған тек қана педагогикалық процесте «логикалық тізбені» ойластырғанда және іске асырғанда ғана жетуге болады. Ол жүйелер: танымдық көзқарасы бар білім жүйесі, зерттеліп жатқан фактілерге, құбылыстарға тұлғалық қарым-қатынас, тәжірибеде ойластырылған және алынған жеке іс-әрекеттік жоспардағы білім.
Адамдардың көзқарастары мен сенімдері әрқашан уақытта жеке тәжірибеде ойластырылған. Тәжірибе негізіне сүйене отырып, олар жеке тұлғаның діни әлемін, оның қажеттілігін, сезімін, мінез-құлық мотивін анықтайды, сонымен қатар тек қана оқушылардың танымына, сезіміне, еркіне әсер етеді, бірақ мінез-құлық және іс-әрекет тәжірибесінде оған белгіленген әлеуметтік-мәнділігін анықтауды және жинақтауды ұйымдастырады.
Г.Н.Филонов бойынша тұлғалық іс-әрекеттік тұрғыдан оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды төмендегідей қарастырады:
шынайы дүниені жеке тұлғаның рухани-тәжірибелік
тұрғыдан меңгеру негізіндегі іс-әрекетін мойындауы
және оның адам санасындағы адекватты бейнеленуі;
156
- тұтастықтықтың жеке тұлғаның интеллектуальдық
эмоциональды-еріктік және іс-әрекет тәжірибе
саласына әсерін іске асыру;
жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру
жүйесінде тәрбие процесін дараландыру, еңбек және
оқытуда жеке тұлға мен ұжымнын өзара әсерінің
органикалық біртұтастығы;
Оқытудың өмірмен, еңбекпен, тәжірибемен тығыз байланысына негізделген іс-әрекет тәжірибе факторының белсенді қызметі оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың міндетті шарты.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру процесінде мысалы, оқушының ішкі позициясындағы бұрын қалыптасқан және қалыптасып отырған әрекеттің арасында, оған деген мұғалімнің қойып отырған талабымен және оны орындаудағы дайындық деңгейі арасында қарама-қайшылықтар туындауы мүмкін. Өз уакытында пайда болған қарама-қайшылықтың көзін және сипатын ашу керек, тәрбие процесінде оны жеңу жолдарын анықтау - мұғалімнің басты міндеті.
Дүниетанымды калыптастырудын жолдары мен құралдары. Дүниетанымнын қалыптасуы педагогикалық процесс ретінде, объективті түрде әдіснамалық идеялардың реттелген жиынтығын оқушылар игілігіне айналдыруды талап етеді. Оқушылар материалистік диалектиканың мынадай зандары мен категорияларын игерулері қажет: дүниенің материалдығы мен танымдылығы; қозғалыс - материяның өмір сүру формасы ретінде; материяның бірінші, сананың екінші болуы; қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі; себепті байланыс -болмыстың жалпы заңы; сандық өзгерістердің мөлшерден шығып кетуі мен олардың сапалық өзгерістерге айналуы; дамудың үздіксіздігі мен үздіктігі; себеп пен салдар диалектикасы; құбылыс - мәнділіктін көрінісі ретінде; мүмкіндік пен шындық; практика -таным негізі, ақиқат өлшемі.
Дүниетаным қалыптасуының біртұтас процесі білім берудегі сабақтастық, оқу пәндері арасындағы өзара байланыс арқылы жүзеге асады. Оқыту - оқытушы мен оқушының бірлескен іс-әрекетімен сипатталады, іс-әрекеттің мақсаты - оқушыларды дамыту, олардың бойында білім, білік, дағдыларды,
157
яғни нақты бір іс-әрекеттің жалпы бағыттық негізін қалыптастыру.
Кез келген аналитикалық-жүйелік іс-әрекеттің нәтижесінде (түсінікте, идеалдарда, теорияларда) білім де, іс-әрекет әдіс-тәсілдері де бар. Бұл танымның әр түрлі жақтары, бірақ бұл процесте ең басты орында білім тұрады. Осының барлығы оқушы бойында білім мен білікке қоса ойлау мен әрекет ете алуды дамытуды талап етеді. Ғылыми білім құрылымында екі деңгей бар: эмпирикалық және теориялық. Олар объективті болмысты көлемірек, тереңірек және толығырақ суреттеуі бойынша ажыратылады. Дүниетаным жекелеген білімдерден емес, заманның талабына сай білімдердің құрылымын қамтитын, әдіснамалық идеялар, теориялар мен принциптер негізінде ұйымдастырылатын жүйе. Оқушылардың меңгерген білімдер жүйесі әрдайым қозғалыста болады, басқа жүйелермен қатынасқа түсіп, оларды пайдалану міндеттеріне сәйкес жалғасады.
Оқыту - оқушылардың ғылыми білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудегі, шығармашылық қабілеттілігінің, дүниетанымы мен адамгершілік-эстетикалық көзқарастарының дамуындағы белсенді оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мен ынталандырудың мақсатты педагогикалық процесі. Оқыту, адамның іс-әрекетін белгілі бір білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудің саналы мақсаты билеген кезде қызмет-әрекет ретінде жүзеге асады. "Түсініктерді, ұғымдарды, заңдарды оқушылардың басына жаттанды түрде сіңіруге болмайды. Оларды оқушының өзі, мұғалімнің басшылығымен, көмегімен қалыптастыруы қажет. Білім түсініктердің пайда болуы, заңдарды жете түсіну - оқушының ойлау мен іс-әрекетінің белсенді процесі" (М. Н. Скаткин).
Оқу оқушылардың іс-әрекетінің басты нәтижесі олардың бойында теориялық сана мен ойлаудың қалыптасуы болып табылады. Оқу іс-әрекетінің психологиялық мазмұны іс-әрекеттің жалпы тәсілдерін, білімдерді меңгеру болып табылады.
Білімдер сенімге айналу үшін, жеке тұлғаның қажеттіліктерінен, әлеуметтік үміт пен құндылық бағыттарынан биік болып түрған көзқарастарының жалпы жүйесіне және оның сезіміне айналуы қажет. Оқушылардың жағымды эмоционалдық күйі, олардың жеке тәжірибесіне, әлеуметтік-психологиялык жағдайына сүйенеді.
158
Оқу мен еңбек, қоғамдық іс-әрекет оқушыларды әлеуметтік, жан-жақты ақпаратпен, саяси қарым-қатынас тәжірибесімен қаруландырады. Ол оқушының ішкі жан-дүниесіне, жеке тұлғаның белсенді жасампаздық қажеттілігін дамытады.
Өзін-өзі бақылауга арналган сұрақтар
1) "Дүниетаным" ұғымының мазмұны қандай?.
2) Дүниетаным құрылымы қандай?
3) Оқушының жеке тұлғалық дүниетанымының қалыптасу ерекшеліктерін сипаттаңыз.
4) Дүниетаным құрылымындағы сенімнің орнын анықтаңыз.
5) Дүниетанымның қальштасуының негізгі заңдьшықтарын сипаттаңыз.
6) Оқыту процесіндегі дүниетаным мен оқушылардың іс-әрекеті арасында қандай байланыс бар?
7) Адамның сенімі мен оның өмір салты арасында қандай байланыс бар?
Әдебиеттер
1. Философский словарь /Под. Ред. И.Т.Фролова - 5-е изд.-М.: Полит.
2. Залеский Г.Е.Психологические вопросы формирования
убеждений.-Изд-во Московского государственного университета –
1982-116с.
3. Харламов И.Ф. Педагогика:Учебное пособие.-3-е издание, перераб. и
доп.-М:Юрист,1997.-512с.
4. Актуальные проблемы нравственного воспитания .-
Новосибирск:Наука,1987 -243с.
5. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте
(Психологическое исследование). М., «Просвещение», 1968.
6. Выготский Л.С. Развитие высших психических функций. М., 1960.
7. Формирование личности: проблемы комплексного подхода в процессе
воспитания школьника Под ред.Г.Н.Филонова.-М. :Педагогика, 1983 .- 256с.
159
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
1) Ғылыми дүниетанымның қалыптасуы процесінде тәрбиенің жалпы әдістерінің жүйесін пайдалану қажет екенін дәлелдеп беріңіз?
2) "Дүниетаным" ұғымы анықтамасының салыстырмалы кестесін жасаңыз.
3) "Қазіргі кезде қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның дүниетанымы" тақырыбындағы ғылыми мақалалардың конспектісін жасаңыз.
4) "Дүниетанымның пайда болу және қалыптасуының әлеуметтік-мәдени динамикасы" тақырыбына дерек-мәлімет дайындаңыз.
5) Дүниетанымның мәніне қатысты ғылыми әдістемелердің жіктемесін құрыңыз.
6) Жеке тұлғаның дүниетанымдық бағдарларының алуан түрлі қатынастар жағдайларындағы қалыптасуының үлгісін жасаңыз.
Реферат тақырыптары
1. Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы - мектептің іс-әрекетінің басты бағыты.
2. Педагогикалық ғылымдағы дүниетанымдық түсініктер, көзқарастар мен сенімдердің қалыптасуы мен дамуы.
3. Білім беру процесіндегі оқушылар дүниетанымының қалыптасуы.
4. Сыныптан тыс тәрбиелік іс-әрекеттегі оқушылар дүниетанымының қалыптасу жолдары.
5. Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың ғылыми түсініктерінің қалыптасуының психологиялық мәселелері.
6. Оқушылардың дүниетанымы мен қоғамдық белсенділігінің қалыптасуының ара қатынасы.
7. Дүниетаным қальштасуындағы мұғалімнің алар орны.
8. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық негіздері.
160
2.5. Тұтас педагогикалық процестегі тәрбиенің құралдары,
формалары мен әдістер жүйесі
Мақсаты: педагогикалық процестің қозғаушы күші ретінде тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері жүйесінің мәнін ашу.
Міндеттері:
а) тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері, түсініктері туралы жалпы сипаттама беру;
э) тәрбиенің құралдары формалары мен әдістерін оқу және оқудан тыс уақытта пайдаланудың ерекшелігін негіздеу;
б) тәрбие әдістерін жіктеудің түрлеу негіздерін сипаттау;
в) тәрбие әдістерінің негізгі топтарының мәнін ашу.
г) тұтас педагогикалық процесте тәрбиенің формалары мен әдістерінің өзара байланысын көрсету.
Жоспар:
1. Тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері туралы түсінік.
2. Тәрбие әдістерінің жіктелуі.
3. Сананы қалыптастыру эдістері.
4.Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың әдістері.
5. Ынталандыру әдістері.
Негізгі ұғымдар: тұтас педагогикалық процесс, педагогикалық процестің қозғаушы күші, тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері.
Басқа пәндермен байланысы: философия, әлеуметтану, психология, этнопедагогика.
Тәрбиенін құралдары, формалары мен әдістері түралы түсінік. Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары жэне әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек. Құралдары формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші
161
болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н. Д. Хмель).
Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялык пен әлеуметтіктің (тұқымқалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды, яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.
Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді (К. Маркс). Бұл ретте әр түрлі іс-әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар.
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғанын қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдызқ, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады.
Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері-әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
- қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);
162
- тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия);
- таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.)
- оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәсілдері мен нақты әрекеттері, оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталануы тәрбие мақсатына бағытталуы керек. Тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.
Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, әдістемелік тәсілдер құралдар арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрқашан бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.
Педагогикалық процестің қозғаушы механизімінің негізгі компоненттерінің өзара байланысы кесте түрінде 1 суретте.
Педагогикалық процестің қозғаушы тетігі сияқты құрал, форма әдістердің оқу кезінде және оқудан тыс кезде қолдану аясына қарай өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу процесінде негізгі әрекеттің түрі таным болып табылады. Бірақ іс-әрекеттің басқа түрлері (ойын, қарым-қатынас, еңбек т.б.) оқу кезінде қолданылмасада керісінше әр түрлі іс-әрекет түрлері оқушының тұлғалық интелектісіне ғана әсер етіп қоймайды. Оқу- танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері мен формалары ойын элементтерімен, өнер құралдарымен, қарым-қатынаспен сабақтасып жатады. Оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы ғана емес, оқушының бір-бірімен өзара қарым-қатынасы педагогикалық технология, ұжымдық танымдық іс-әрекет мысал бола алады.
163
Достарыңызбен бөлісу: |