Педагогика (пәннің атауы) пәннің оқу-әдістемелік кешені



жүктеу 1,11 Mb.
бет6/10
Дата14.11.2018
өлшемі1,11 Mb.
#19554
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық тарихи тәжірибені беру үрдісі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын қамтиды. Жанұя, мектепке дейінгі мекеме, оқу-тәрбие орындары, еңбек ұжымы ақпарат құралдары, баспа орындары т.б.

Тәрбие үрдісінің өзіндік ерекшіліктері бар:



  • Тәрбие үрдісі көп факторлы үрдіс.

  • Тәрбие ұзақ мерзімге созылатын үрдіс.

  • Тәрбие үрдісінде бірнеше қайталау болады.

  • Нәтижесі өте елеусіз.

  • Болашаққа бағытталған үрдіс.

Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз және күрделі үрдіс. Озық педагогикалық, психологиялық ойларды ұтымды әдіс-тәсілмен қолдана отырып, жас жеткіншектің ұлттық сана сезімі, имандылық қадір-қасиетін қалыптастыру. Ұлттық ой-парасатын нығайту мақсатымен дарынды балаларды анықтау. Олардың қабылдауын дамытуға жан-жақты жағдай жасау. Мемлекет заңдарын білу және оған сый құрметтпен қарау және оны жүзеге асыруға ынталы болу. Ұлттық ойын, дене шынықтыру түрлерін кең қолдана отырып жастардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою. Сонымен қатар басқа ұлттық өкілдерін, жастардың өзара сыйластық, достық негізде өмір сүруіне ықпал жасау.

Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің ірге тасын қалайтын негізгі қағидалар бар:



  • Тәрбиенің мазмұны оның жүзеге асыратын әдіс-тәсілдерінің негізі: адамгершілік,имандылық, ізгілік, елжандылық.

  • Үздіксіз тәрбиенің негізі ұлттық тәлім-тәрбие.

  • Жас ұрпақты іс-әрекетпен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу.

  • Тәрбие жұмысының барлық буынында ана тілін пайдалану.

Педагогикалық жағдайды зерттей отырып, педагогика тәрбиенің заңдылықтарын ашады. Заңдылық - педагогикада ғылыми нормативтік реттеуші қызметін атқара отырып, тәрбиенің заңдылықтарын ескеріп, принциптерді қалыптастырады (принцип - негізгі талаптар).

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1. Тәрбиелеу үрдісінің ерекшеліктерін ата.

2. Тәрбие беру көп факторлы үрдіс дегенді қалай түсінесіз?

3. Тәрбие үрдісінің құрылымын, кезеңдерін көрсетіңіз.

4. Тәрбие үрдісінің мазмұны дегенді қалай түсінесіз?
11 дәріс тақырыбы: Тәрбие процесінің заңдылықтары мен принциптері.

Тірек ұғымдар:Тәрбие заңдылықтары, тәрбие принциптері



Жоспары:

1.Тәрбие процесінің заңдылықтарына сипаттама.

2.Тәрбие процесінің принциптеріне сипаттама.

1.Заң – шынайы дүниенің жалпы, қажетті, мәнді, салыстырмалы тұрақты және қайталанатын байланыстарды көрсетуі, ал олар өз кезегінде тиісті жағдай болғанда дамудың сипатын, бағытын және нәтижесін анықтайды. Заң мен заңдылық арасында өзгешелік бар. Негізінен олар бір типті, бір дәрежедегі ұғымдар, себебі оларда шындықтың ішкі байланыстары және дамуы көрсетіледі. Сонымен бірге заң заңдылықтың белгілі бір жағы іспетті. Ал заңдылық сол шындықтың аясындағы заңдардың ісінің жиынтық нәтижесі сияқты. Заңдылық қажетті үрдіс болып, онда заңдардың тұтастай жиынтығы іс атқарады.

Заңдылық – қандай да бір үрдістің кезеңінде немесе қоғамдық өмірдің кез келген аясындағы объективті түрде бар, қайталанатын, мәнді байланыстағы құбылыстар. Тәрбие заңдылықтары нақты жағдайда заңдардың әрекетінің көрінісі ретінде қарастырылады, яғни тәрбие үрдісінің компоненттерінің құрамдас бөліктерінің арасындағы объективті, мәнді, тұрақты, қайталанатын байланыстары.

Тәрбие заңдылықтары: тәрбиенің қоғамдық мұқтаждық пен талаптарға үйлесімділігі; тәрбие, оқыту, білім беру және жеке дамуы процесстерінің өзара тәуелділігі; жеке адам қарым-қатынасы мен тәрбиесіндегі іс-әрекеттің анықтаушы ролі; тұтас тәрбие процесіндегі мақсат, мазмұн, әдістер мен тәрбие формаларының бір-біріне тәуелділігі т.б.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Тәрбие принциптерін ата және олардың мәнін аш.

  2. Тәрбие принциптерін жүзеге асыру ережелерін ата.

  3. Тәрбие заңдылықтары мен принциптерінің айырмашылығы неде?

  4. Мұғалім неге тәрбие заңдылықтары мен принциптерін білуі керек?

  5. Заң және заңдылық ұғымы.

  6. Тәрбие үрдісінің заңдылығы дегенді қалай түсінесіз?

  7. Тәрбие заңдылықтарын ата және оларды мәнін ашып көрсет.

  8. Тәрбие принциптерін ата және олардың мәнін аш.

12 дәріс тақырыбы:Тәрбиенің әдістері мен құралдары

Тірек ұғымдар:Тәрбие әдістері, тәрбие тәсілі, тәрбие құралдары.

Жоспары


    1. Тәрбие әдістері туралы негізгі түсінік

    2. Тәрбие әдістерінің классификациясы.

1. Әдіс дегеніміз - алға қойылған мақсатқа жетудің жолы, амалы, тәсілі, айласы. Тәрбиелеу әдістері - тәрбиелеушілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыстағы іс-әрекетінің тәсілдері. Бұл іс-әрекет тәрбиелеудің міндеттерін шешуге бағытталған.

Тәрбие тәсілі, амалы (прием) - жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты жақсарту. Тәсілдер, әдетте, әдістерді белгілі бір жағдайларда нақты пайдалануды қамтамасыз етеді. Мысалы, жазалау тәсілдері - ескерту, айыптау, сөгіс; сендіру, нандыру тәсілдері - иландыру, түсіндіру, баяндамалар; мадақтау тәсілдері - мақұлдау, мақтау, сыйлық беру т.б.

Тәрбие құралдары - іс-әрекеттің түрлері, көрнекі құралдар, көптеген коммуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі т.б.) жатады. Оқушы тұлғасы қалыптасуының бас-қарылуын қамтамасыз ету - тәрбиенің негізгі құралдарын толық және тиімді пайдалану, яғни тәрбиедегі шешуші роль атқаратын нәрсе оқшауланған құралдар емес, керісінше, олардың үйлесімді құрылған жүйесі екенін практика көрсетіп отыр. Тәрбие құралдары - бұл тәрбиелеу тәсілдерінің жиынтығы. Мысалы, еңбек - тәрбие құралы, бірақ еңбекті көрсету, бағалау, жұмыстағы қателіктерді көрсету бұлар тәсілдер болады.

Әдістердің жіктелуі (классификация) - бұл анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі. Жіктелуге сүйене отырып, педагог тек әдістер жүйесін анық көріп, танып қоймай, ол әр түрлі әдістерінің өзіне тән белгілерін, орнын жақсы түсінеді.

Кез келген әдістің жіктелуі олардың жалпы негіздері мен белгілерін анықтаудан басталады. Қазіргі педагогикада ондаған жіктеме белгілі, себебі әдістер жүйесінде жіктелудің логикалық негізі анық емес.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар


      1. Тәрбие әдісі және тәсілі туралы түсінік.

      2. Тәрбие әдістері, оларды жіктеу.

      3. Тұлға санасын қалыптастыру әдістері, оларды қолдану ерекшеліктері.

      4. Іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері, оларды қолдану ерекшеліктері.

      5. Мінез-құлықты ынталандыру әдістері, оларды қолдану ерекшеліктері.

13 дәріс тақырыбы: Тәрбиенің негізгі құралдары



Тірек ұғымдар: қарым-қатынас, оқыту, таным кезеңдері, білім беру.

Жоспары

  1. Қарым-қатынас тәрбиелеу құралы ретінде.

  2. Оқыту тәрбиелеу құралы ретінде.

  3. Жеке тұлға дамуындағы білім берудің рөлі.


1. Адамның қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі - адамдар арасындағы қарым-қатынас. Белгілі психолог А.Н.Леонтьевтің пікірінше, туылған сәтінде нәресте адамға кандидат қана, ал оқшау жағдайда кандидат та бола алмайды: ол адам болуды адамдармен қарым-қатынас барысында үйренеді. Басқаша айтқанда, әлеуметтік жағдайлардан тыс, тек биологиялық қана адамды тұлға ретінде қалыптастыра алмайды. Индивидтің қарым-қатынастан, таңдау мүмкіндігінен, белгілі бір дәрежеде еркін қимылдаудан айырылуы да тұлғаның дамуына кері әсер етеді. Адамды қоғамнан және қарым-қатынастан бездіру әрдайым ең қатал жазалардың бірі болып саналады, өйткені ұдайы оқшаулану мен жалғыздық тұлғаның өз мәніне қайшы келеді.

Қарым-қатынас - әлеуметтік-психологиялық құбылыс, кейде оны психологиялық категория ретінде қарастырады. Ол адамдардың өзара әрекетінің үрдісі, оған қатысатын адамдар бір бірінің ұмтылыстарына, ойларына, күйлеріне және сезімдеріне әр түрлі дәрежедегі күштермен әсер етеді.

Қарым-қатынаста өзара байланысты үш жағы бөлінеді: коммуникативті (ақпарат алмасу), интерактивті (қарым-қатынасқа түсетін индивидтердің белсенді өзара әрекетін ұйымдастыру), перцептивті (қарым-қатынасқа түсушілердің бірін-бірі қабылдау үрдісі, осы негізде өзара түсіністікті орнату).

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Тәрбие құралдары туралы түсінік.

  2. Қарым-қатынас түрлері.

  3. Қарым-қатынас және оның тұлға дамуына ықпалы.

  1. Педагогтың оқушылармен қарым-қатынасының шарттары.

  2. Оқу іс-әрекетінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әсері.

14 дәріс тақырыбы: Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ынталандыру



Тірек ұғымдар: өзін-өзі тәрбиелеу.

Жоспар

  1. Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінің мәні.

  2. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру.

1. Қалыптасып келе жатырған оқушы тұлғасы тәрбие субьектісіне айналады. Ол педагогикалық талаптарды орынды белсенді қабылдайды және өзінің сапалық қасиеттерін өзі жетілдіруге тырысады. Өзінің тұлғалық сапаларын өзі жетілдіру және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс-әрекеті өзін-өзі тәрбиелеу деп аталады.Бұл өзгерістер қоршаған ортамен өзара қатынас барысында жүреді.

Өзін-өзі тәрбиелеу оқушы тұлғасын жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді. Мысалы, оқушы дамуы мен қалыптасуына байланысты өзінің тәртібі мен мінез-құлқындағы кемшіліктері мен іс-әрекетіндегі сәтсіздіктеріне сын көзбен қарап, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіреді.

Тұлғаның сапалық қасиеттерінің қалыптасуының шын деңгейін есепке алмай жалпылама жүргізілген тәрбие жұмысының салалары тәрбие міндеттерін шешуде кемшіліктердің орнын толтырады.

Педагогикалық талаптарды мойындауға мәжбүр болған оқушы тек сырт көзге ғана тәртібін жөндеген түр білдіреді де, өзінің теріс қасиеттерін жасыра түседі.

Жасөспірімдік шақтағы бала өзбетіндікке ұмтылуын байқатады. Ол тәрбиенің пәрменсіз обьектісі болғысы келмейді, өз мінез-құлқын өзі анықтайтындай әрекет иесі, тәрбиенің субьектісі болуға ұмтылады. Егер тәрбиешілер осыны еске алмай, оның құқығын шектесе, оқушының педагогикалық талаптарға қарсылығын тудырады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз не?

  2. Өзін-өзі тәрбиелеуді қай кезден бастаған жөн?

  3. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыруда нені есепке алу қажет?

  4. К.Д.Ушинский өзін-өзі тәрбиелеу үшін қандай кеңестер берген?

  5. Оқушылардың өздерін өздері тәрбиелеуін ұйымдастыру мақсатында мұғалімең алдымен қандай міндеттерді жүзеге асыруы керек?

№15 дәріс тақырыбы:: Жеке тұлғаны ұжымда тәрбиелеу



Жоспары

  1. Ұжым және оның қасиеттері.

  2. Ұжымның даму ерекшеліктері және деңгейлері, олардың бір-бірімен сабақтастығы.

  3. Ұжымға педагогикалық жетекшілік.

  4. Оқушылардың өзін-өзі басқаруының функциялары және дамуы

  1. Латынның «коллективус» деген сөзі адамдар тобы, бірлестік, топ дегенді білдіреді. Осыдан коллектив, яғни ұжым – бұл адамдар тобы екені анықталады.

Ұжым қандайда бір әлеуметтік-экономикалық формацияның туындысы емес, ол адамдар индивидтерінің нормальдық жиынтығының құбылысы болып саналады, іскерлік пен жолдастықтың өзара әрекетінің, әр түрлі мәселелерді нәтижелі шешудің жалпыға бірдей формасы ретінде адамзат өркениетінің құнды әлеуметтік жетістігі болып табылады.

Б.Т.Лихачевтің пікірінше, ұжым адамзаттың бірлесіп өмір сүруінің объективті формасы ретінде, қоғамдық құбылыс ретінде өркениеттік мәнге ие, жалпы және мәңгі категория.

Қазіргі жағдайда, балаларда ұжымшылдықты тәрбиелеудің қажеттігі бар, ал екінші жағынан – демократизация, гуманизация, жекешелендіру, кәсіпкерлік, тұлғаның құқығы мен еркіндігінің сапасы, жеке меншік адамда индивидуализмді дамытуды талап етеді. Осыған орай Б.Т.Лихачев қазіргі жағдайда ұжымшыл-индивидуалды тәрбиелеу керек деп есептейді. Осындай міндет қойғанда бірыңғай ұжымда әрбір баланы саралап, әрі сонымен қатар ұжымшылдыққа тәрбиелеуге мүмкіншілік пайда болады. Бір жағынан ашықтық, ұжымшылдық, екінші жағынан өзімен-өзі, жекелікті сақтау, адамгершілік индивидуализм жолымен өзін-өзі орынықтыру арқылы бала тұлғаға айналады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



        1. Ұжым туралы түсінік.

        2. Ұжымның өзіндік қасиеттері, ерекшеліктері.

        3. А.С.Макаренко бойынша ұжымның даму кезеңдерін сипаттаңыз.

        4. Ұжымға педагогикалық басышылықта нені есепке алу керек?

        5. Мектеп ұжымын басқарудың педагогикалық тәжірибесінде қандай ережелерді есте сақтау керек?

        6. Ұжым алдындағы мақсат – перспектива дегеніміз не?

        7. Өзін-өзі басқару дегеніміз не?

        8. Өзін-өзі басқару қандай функцияларды орындайды?

16 дәріс тақырыбы: Оқушыларды тәрбиелеудегі отбасының ролі

Тірек ұғымдар: отбасы, отбасы педагогикасы,

Жоспары

  1. Отбасы - ерекше педагогикалық жүйе ретінде.

  2. Отбасы тәрбиесінің мүмкіншіліктері, әдіс-тәсілдері.

  3. Мектеп пен отбасының өзара әрекетінің формалары.

1. Отбасы педагогикасы - педагогика ғылымының саласы, ол институционалдық белгісіне қарай, яғни әлеуметтік институт - жас ұрпақты оқытумен және тәрбиелеумен айналысатын отбасы бойынша бөлінген. Бұл отбасындағы тәрбие туралы ғылым. Ол отбасы тәрбиесі жағдайларының ерекшеліктерін, олардың қолынан келетін мүмкіншіліктерін зерттейді, ата-аналар үшін балаларды тәрбиелеуге байланысты ғылыми негізделген ұсыныстарды жасайды.

Отбасы тәрбиесінің объектісі - тәрбиелік институт ретіндегі отбасының дамуының жағдайы және негізгі үрдістері болып табылады. Отбасы тәрбиесінің пәні - отбасындағы тәрбиенің мәні, механизмдері, осы процестің баланың тұлғасының құрылуына әсері.

Отбасындағы тәрбиені үйдегі тәрбие деп те атайды. Қазіргі жағдайда үй тәрбиесі қоғамдық тәрбиемен толықтырылады.

Отбасы тәрбиесінің міндеттері:

- отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін жасау;

- отбасы тәрбиесінің тәжірибесін зерттеу;

- отбасы тәрбиесінің практикасына ғылыми жетістіктерді енгізу;

- ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттырудың жолдарын зерттеу;

- отбасы және қоғамдық тәрбиенің, ата-аналар мен кәсіптік педагогтардың өзара әрекетінің технологиясының тиімді арақатынасын негіздеу.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Отбасы дегеніміз не?

  2. Отбасы тәрбиесі дегенді қалай түсінесіз?

  3. Отбасы тәрбиесі дегеніміз не?

  4. Отбасы тәрбиесінің обьектісі.

  5. Отбасы тәрбиесінің міндеттері.

  6. Отбасы тәрбиесінің көздері.

  7. Отбасы тәрбиесінің мүмкіншіліктері.

  8. Отбасы тәрбиесіндегі тәрбие әдістері.

  9. Отбасы тәрбиесінде қолданылатын құралдарды атаңыз.



№25 кредит сағат

17 дәріс тақырыбы: Тәрбиелік жүйелер



Мақсаты: Тәрбие жүйесі және оның даму кезеңдері туралы түсінік қалыптастыру.

Тірек ұғымдар: жүйе, тәрбие жүйесі.

Жоспар

  1. Тәрбиелік жүйелер ұғымы.

  2. Тәрбие жүйелерінің даму кезеңдері.

  3. Мектеп – тәрбие жұмысының орталығы.


1. Қазіргі заманғы және бұрынғы педагог-практиктер мен ғалымдардың көпшілігі (Ш.А.Амонашвили, И.П.Иванов, В.А.Караковский, Л.Кольберг, Н.Д.Никадров, Л.И.Новикова, В.А.Сластенин, В.А.Сухомлинский, Р.Штейнер т.б.) тәрбие – ерекше сфера, сондықтан ол оқыту мен білім беруге қосымша ретінде қарастырылмайды деген қорытындыға келді. Оқыту міндеттері тәрбие сферасына шықпай тиімді шешілуі мүмкін емес. Өз кезегінде тәрбиеге білім берудің құрамды бөлігі ретінде қарау оның ролін түсіреді және шындыққа сәйкес келмейді. Тәрбие жұмысының тиімділігін көтеруді тәрбие жүйелерімен (ТЖ) байланыстырады. Кез-келген жүйе - өзара байланысты және белгілі біртұтастылықты құрайтын элементтердің жиынтығы. “тәрбие жүйесі” ұғымы “жеке тұлға”, “даму”, “қатынас”, “біртұтастылық”, “құрылым”, “өзара байланыс”, “компонент”, “нәтижелілік” ұғымдарымен байланысты. Тәрбие жүйелерінің күрделі түрлеріне қызметі белгілі тәрбиелік мақсатқа жетуге тәуелді, мақсатқа бағытталған жүйелер және қызметі кезінде құрылымы мен мазмұнын өзгерте алатын өзіндік ұйымдастырылған жүйелер жатады.

Тәрбие жүйесі - өзін-өзі реттейтін, басқарылатын күрделі әлеуметтік психолого-педагогикалық құрылым. Ол бүкіл педагогикалық үрдісті қамтиды, оқу сабақтарын, балалардың сабақтан тыс уақытарын, әртүрлі іс-әрекет және қарым-қатынастарды интеграциялайды.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Тәрбие жүйесі туралы ұғым.

  2. Тәрбие жүйелерінң даму кезеңдері.

  3. Қандай тәрбие жүйелерін білесіз?

18 дәріс тақырыбы: Дидактика пәні және міндеттері



Жоспары:

1. Дидактика туралы түсінік.

2. Дидактиканың негізгі категориялары немесе ұғымдары.

3. Дидактиканың дамуы және қалыптасуы.

1.Дидактика (гр.didaktikos – үйрету, оқытуға қатысты) оқытудың және білім берудің теориясы, педагогиканың саласы. Дидактиканың мәні – адамға білім берудің және тәрбиелеудің құралы ретінде оқыту болады, яғни оқушылардың білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалім ұйымдастырған сабақ берумен оқудың бірлігінің өзара байланысы.

Дидактика – теориялық және сонымен қатар нормативті – қолданбалы ғылым. Дидактиканың ғылыми – теориялық функциясы оқытудың шынайы процестерін зерттеуді, оқытудың әр түрлі мақсаттарының фактілері мен заңдылықтарының байланыстарын анықтау, олардың мәнін ашу, дамуының үрдістері мен болашағын анықтау болып табылады. Алынған теориялық білімдер оқытудың практикасын бағыттауға мүмкіншілік береді. Оқыту теориясы білім мазмұнын таңдау мәселесін жасап, оқыту ұстанымдарын орнатып, оқыту әдістерін және құралдарын қолданудың нормативтерін белгілеп нормативті-қолданбалы, конструктивті – технологиялық функцияны атқарады. Бұл функциялардың бірлігінде дидактика – бұл оқыту процесінің мәнінің түсінігі, оның білімдік, тәрбиелік және дамытушылық функциясын жүзеге асырылуы.



2. Дидактиканың негізгі категориялары (ұғымдары): сабақ беру (преподавание), оқу, оқыту, білім беру, білім, іскерлік, дағды, оқытудың мақсаты, мазмұны, түрлері, формалары, әдістері, құралдары, нәтижесі.

Сабақ беру (преподавание) – оқыту мақсатын жүзеге асырудағы ақпараттандыруды, тәрбиелеуді, білімді ұғынуды және практикада қолдануды қамтамасыз ететін мұғалімдердің тәртіпке келтірілген іс-әрекеті.



Оқу - процесс, оның барысында оқушыда тану, жаттығу және тәжірибеге ие болу арқылы мінез-құлықтың және іс-әрекеттің жаңа формалары пайда болады.

Оқыту - қойылған мақсатты орындауға бағытталған мұғалім мен оқушылардың тәртіпке келтірілген өзара әрекеті. Бұл олардың бірлескен іс-әрекетінің екі жақты процесі болады.

Білім беру – оқушының оқыту процесінде ие болған білімнің, іскерліктің, дағдының, ойлау тәсілдерінің жүйесі.

Бақылау сұрақтары

  1. Дидактика дегеніміз не?

  2. Дидактиканың мәні.

  3. Дидактиканың негізгі категорияларын немесе ұғымдарын атаңыз.

  4. Дидактиканың негізгі категорияларына немесе ұғымдарына анықтама беріңіз.

  5. Оқыту мен оқудың айырмашылығы неде?

  6. Дидактиканың заңдылықтарын атаңыз.

  7. Дидактиканың дамуына үлес қосқан қандай көрнекті педагогтарды, олардың қандай еңбектерін білесіз?

  8. Дидактиканың даму тарихы.

19 дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының қазіргі мектептеріндегі білім мазмұны



Жоспары:

1. Білім беру мазмұны туралы түсінік және оның мәні..

2. Білім мазмұнын қалыптастырудың принциптері және ұстанымдары.

3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы және білім мазмұнына қойылатын жалпы талаптар.

4. Оқу жоспары, бағдарламалары, оқулық және оқу құралы.

5. Оқулыққа қойылатын талаптар.



1.Білім (оқыту, оқу үрдісі) мазмұны жас ұрпақты неге оқыту керек деген сұраққа нақты жауап болып табылады. Білім мазмұнын белгілі типті оқу мекемесінде арнайы оқытуға таңдалып алынған білім, біліктілік және дағдылардың нақты жүйесі деп түсіндіруге болады. Бұл жүйеге оқушылардың белгілі интеллектуалдық, әлеуметтік және рухани дамуын қамтамасыз ететін қоршаған орта, қазіргі заман өндірістері, мәдениет және өнер туралы білім; білім алудың интеллектуалдық және практикалық біліктіліктері мен оларды қолдану тәсілдері; танымдық іс-әрекет, теориялық және практикалық мәселелерді шығармашылықпен шешу дағдыларын меңгеру кіреді. Білім мазмұны категориясы адамдарға белгілі табиғат, адам, қоғам туралы білімдері, белгілі іс-әрекет тәсілдерін орындаудағы адамға тән біліктіліктер туралы алынған білімдері; қоғам алдында туындайтын жаңа мәселелерді шешу тәжірибесі; өмір, табиғат, қоршаған орта тағы басқалар туралы ойлары көрсетілген әлеуметтік тәжірибені бейнелейді. Кейде адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін жалпы адамзат мәдениеті деп атайды.

Сан мыңдаған даму тарихында адамзат өте көп білім жинақтады. Жасөспірім ұрпақ осы білімді игерген кезде ғана өркениет дамуы жүзеге асады. Бірақ жинақталған білімнің барлығын адам түгелдей меңгере алуы мүмкін емес. Сондықтан ең маңызды, негізгі білімдер мен біліктіліктерді таңдау мәселесінің орны ерекше.

Әлеуметтік тәжірибе мектептегі оқу мазмұнында түрлі пәндерге бөлініп көрініс табады. Оқу пәні бұл – нақты белгілері бойынша ерекшеленген, құбылыстардың нақты класына жататын әлеуметтік тәжірибенің (адамзат мәдениетінің) бөлігі. Оқу пәндері белгілі ғылымдардың негіздерін мектептердегі оқыту қажеттіліктеріне бейімдейтін білім мазмұнының арнайы

Білімнің мазмұны – оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамиды, ғылыми-материалистік көзқарасы, мінезі қалыптасады.

Білім мазмұны бұл – бірінші, алдыңғы ұрпақтың тәжірибесін меңгеру тәжірибесі, екінші жеке тұлға мінез-құлқының типологиялық сапаларын тәрбиелеу, үшіншіден адамның ақыл-ой және дене-күш жағынан дамуымен сипатталатын үш біртұтас үрдістің мазмұны.

Білім мазмұны көптеген нормативті құжаттарда анықталған.



Бақылау сұрақтары

    1. Білім және оның мазмұны туралы түсінік бер.

    2. Білім мазмұнының көздерін ата.

    3. Білім мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды көрсет.

    4. Оқу жоспары дегеніміз не?

    5. Оқу бағдарламасы дегеніміз не?

    6. Оқулық дегеніміз не?

    7. Оқу құралы дегеніміз не?

    8. Оқулыққа қойылатын талаптарды ата.

    9. Оқу жоспары неше компоненттен тұрады?

20 дәріс тақырыбы: Оқыту процесінің мәні



Жоспары:

1. Оқыту процесінің мәні және оның функциялары.

2. Оқытудың түрлері.

3. Оқушылардың танымдық іс-әрекеінің ерекшеліктері.

4. Оқыту процесінің құрылымы, негізгі сатылары.

1.Оқыту – қоғамдық қатынастарды, қоғамдық сананы, мәдениетті және өнімді еңбек тәжірибесін, қоршаған ортаны белсенді өзгерту және қорғау туралы білімді ересектерің мақсатты бағытталған, ұйымдасқан, жүйелі түрде беруі және оны өсіп келе жатқан ұрпақтың меңгеруі. Ол ұрпақтың сабақтастығын, қоғамның толықтай қызмет етуін және тұлғаның дамуының сәйкесті деңгейін қамтамасыз етеді. Оқыту процесінде оқушылар адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесінен белгілі бір жақтарын меңгереді: идеологияны,саясатты, ғылымды, мораль, еңбек, әдебиет және өнер, жалпы және денелік мәдениетті. Оқыту тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуының негізін салады.

Оқытудың ғылыми танымнан айырмашылығы бар. Ғылыми зерттеу адамзатқа белгісіз білімді ашып берсе, оқушы адамзатқа белгілі тек өзіне белгісіз білімдер жүейсін меңгереді.

Оқыту мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті ретінде екі өзара байланысты процеске бөлінеді: сабақ беру мұғалімнің іс-әрекеті ретінде және оқу оқушының іс-әрекеті ретінде. Мұғалім қоғамның мүддесін көздейді, ол оқушы меңгеруге тиісті адамзаттың тәжірибесін өзінде алып жүргенге іспетті. Сабақ беру бірнеше жақтың қосындысы болады: мұғалімнің өз пәнін білуі, оқыту-тәрбиелеу процесін ұйымдастыра білу іскерлігі, қазіргі оқыту әдістерін білуі, оқушының танымдық мүмкіншілігін, оның ақыл-ой дамуының терең түсінуін, шәкірттің тұлғалық белгілерін қалыптастырудың жолдарын білуі. Оқу – белсенді танымдық процесс, онда оқушының ақыл-күштері, мінезінің моральдық және еріктік белгілері, тұлғаның белгілері және темпераменті қалыптасып, көрініс табады.


жүктеу 1,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау