5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
№1 дәріс тақырыбы: Педагогиканың ғылым ретіндегі жалпы түсінігі.
Жоспары:
Педагогика жайында жалпы түсінік.
Педагогика ғылымының обьектісі және пәні.
Педагогика - тәрбие жайындағы ғылым.
1. Педагогика өз атауын гректің «пайдагогос» (пайда-бала, гогос-жетектеймін) сөзінен алған. Ол баланы жетектеуші деген мағынаны берген еді. Ежелгі Грецияда бұл сөз өзінің тікелей мағынасында қолданылған болатын. Ең алғаш педагогтар деп қожайындардың баласын мектепке апарып-әкелетін құлдарды атаған. Кейін педагогтар деп балаларды үйрету, тәрбиелеу және оқытумен айналысатын адамдарды атады.
Әрбір адам тәжірибе негізінде белгілі бір педагогикалық білімдерді жинақтайды, түрлі педагогикалық құбылыстар арасында байланыстарды орнықтырады. Осылайша, алғашқы қауым адамдары балаларды тәрбиелеуде белгілі бір білімге ие болған. Ол ұрпақтан-ұрпаққа салт-дәстүр, ойын, ережелер түрінде жеткізіліп отырған. Бұл білім мақал-мәтелдерде, аңыз-әңгімелерде, ертегілерде сақталған, ол халық педегогикасының мазмұнын құрайды. Мысалы, қазақ мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәнділігі ерекше: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», «Шешесін көріп - қызын ал, аяғын көріп - асын іш», «Ұлтыңды сақтаймын десең - қызыңды тәрбиеле, руыңды сақтаймын десең - ұлыңды тәрбиеле» және т.б. Сонымен қатар, қазақ халқында ата-әже, әке-шеше тәрбиесімен бірге арнайы, дарынды адамдарда (белгілі ақын, жыршы, әнші, күйші, молда, емші, шебер адамдар) да тәрбиелену кең таралған.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
«Педагогика» ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама беріңіз.
Ғылыми педагогикалық білімнің тұрмыстық білімнен қандай айырмашылығы бар?
Педагогиканы ғылым және өнер деп таниды. Сіз қалай түсінер едіңіз?
Педагогиканың ғылым ретінде дамуына не түрткі болды?
Ғылымның обьектісі және пәні дегеніміз не?
Педагогиканың тәжірибесі мен пәнін негіздеңдер.
Берілген әдебиет тізімі бойынша «педагогика» ғылымын түсіндірудің кестесін құрыңыз. Есеп беру формасы: кесте.
«Адамзат тарихында педагогикалық ойлардың дамуы» атты хронологиялық кесте құрыңыз.
№2 дәріс тақырыбы: Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде.
Мақсаты: педагогиканың ұғымдық аппараты туралы ұғым беру; педагогика-
лық пәндердің мазмұнын ашып көрсету; педагогиканың басқа ғы-
лымдалмен байланысын көрсету.
Тірек ұғымдар: педагогиканың категориялары, категориялық аппарат, ұғым, тәрбие, білім беру, оқыту, жүйе.
Жоспар.
1. Педагогиканың ұғымдық аппараты.
2. Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны.
3.Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде.
1. Педагогика пәнін және оның зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық:
Пеяагогиканың болмыс ұғымдарына тәрбие, білім беру, оқыту жатады. Ұғымдар - объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын көреміз. Педагогикада "мадсат", "құрал", "тәсіл", "даму" және қалыптасу" сияқты ұғымдар да кездеседі. Бірақ олар барлық ғалымдарға ортақ ұғымдар. Біз оларға тоқталмай оқу, тәрбие тақырыптарына сәйкес қарастырамыз.
Педагогика ұғымдарының бірі - тәрбие. Тәрбие - қоғамның негізгі жеке адамды мақсатты жүйелі қалыптастыру принципі больш табылады. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіңдірушілерде бар. Бұл жағдайда бала пассивті обьект түріңде қарастырылады. Ол субъекті бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс - әрекет жасау рөлін атқармайды.
Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп анықтама берушілер де кездеседі Бұл жерде балаға толық ерік беру мәселесіне ерекше көңіл аударылып, ал тәрбиенің рөлі бүркешеленіп, елеусіз қальш отыр.
Педагогика ғылымы тәрбиені қоғамдық құбылыс, қоғамдық категория, тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығын философия тұрғысынан қарастырьш түсіңдіреді. Егер қоғам тәрбиеден қол үзсе, оңда адамзаттың мол тәжірибесі мәңгілік елеусіз қалып, тәрбие ілгері баспас еді. "Тәрбие" термині әрдайым тар мағынада, "тәрбиеші тәрбиелейді, кең мағынада "өмір тәрбиелейді" деп қолданьш келеді. Оның тәрбие жайындағы жалпы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тар мағынада, тәрбие деп мұғалімнің және тәрбиешінің ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Әрине тәрбие жұмыстарымен бір ғана мұғалім және ата-аналар шұғылданып қоймайды. Тәрбие - көптің ісі. Сондықтан тәрбие мәселелерімен кәсіподақ ұйымдары қоғамдық мекемелер, еңбек ұжымдары және бүкіл жұртшылық больш айналысады. Олай болса, тәрбиені кең мағынада табиғат және әлеуметтік органың, мектеп пен ата - аналардың, бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалы деп түсіну керек.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Мына ұғымдарға анықтама беріңіз: педагогикалық процесс, педагогикалық жүйе, тәрбие, оқыту, білім беру, даму, қалыптасу.
2. Білім берудің мәні неде?
3. Білім берудің әлеуметтік мәні неде?
4. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы қандай формаларда өтеді?
5. Қазіргі педагогика ғылымының құрылымы қандай?
№3 дәріс тақырыбы: Педагогиканың әдіснамалық негіздері.
Мақсаты: мұғалімнің теориялық және практикалық іс-әрекетін ұйымдасты-
руда әдіснаманың ролі туралы ұғымды қалыптастыру.
Тірек ұғымдар: әдіснама, әдіснамалық негіз.
Жоспар.
1. Педагогикалық зертеудің әдіснамалық негіздері.
2. Педагогиканың жаңа әдіснамасы
3. Аксиологиялық әдіснамаға сипаттама.
1. Әдіснама (методология; грек. мethodos – зерттеу жолы, теория, ілім және ,,,, логия) – 1) ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педпгогикалық болмысты өзгеріске түсіру. Зерттеуші педагогиканың нәтижеге жетуі оның ғылыми-құрал жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты; 3) дүниенің, қоғамның обьективті заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.
Әдіснама - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы. Зерттелетін обьекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі; ғылыми әдістің негізгі мақсаты - обьективтік ақиқатты ашу. Әдіснаманың негізіне белгілі бір білімдер (ұғымдар мен заңдар) жүйесі жатады. Ғылыми теория мен әдіснама өте тығыз байланысты. Теория - обьективтік шындықтың идеялық бейнесі.
Педагогика ғылымының әдіснамасы – қоғамның даму жағдайында үнемі өзгеріп отыратын педагогикалық шындықты шынайы, дұрыс көрсететін білімді табудың ыңғайы мен тәсілдері туралы қағидалардың, педагогикалық теорияның негіздері және құрылымы, бастапқы қағидалары туралы білімдер жүйесі.
Әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім. Бұл нақты философиялық жүйемен байланысты. Ғылым әдіснаманың негізін Гегель салған. Әдіснаманы меңгеру арқылы дүниетанымдық көзқарас, ұстаным қолданылды, ол кейін зерттеу нәтижесінде жасалған ғылыми идеяларды кәсіби тәжірибелік іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Ғылыми білімнің жалпы моделі философиялық алғышарттар негізінде жасалады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1.Педагогика әдіснамасының мәні неде?
2.Әдіснамалық білімнің деңгейлерін атаңыз, олардың педагогикадағы спецификасын көрсетіңіз?
3.Ғылымның әдіснамасы деген не?
4.Педагогика ғылымы - әдіснаманың іс-әрекеттің теориясы мен практикасын дамытудағы маңызы қандай?
1. Неліктен педагогиканың жаңа әдіснамасын жасау қажеттілігі туындайды?
2. Білім берудің гуманистік философиясының мәні неде?
3. Педагогикалық құбылыстарды зерттеуде аксиологиялық тұрғыны қолданудың спецификасы қандай?
4. Аксиологиялық принциптерді атаңыз, оларды педагогикада қолдануды көрсетіңіз.
№4 дәріс тақырыбы: Педагогикадағы мақсат қою.
Мақсаты: педагогикада мақсат қоюдың ерекшелігін түсіндіру
Тірек ұғымдар: мақсат, міндет, т.б.
Жоспары:
1. Тәрбиенің мақсаты.
2. Тәрбиенің міндеттері.
1. Кез-келген тәрбие мақсатты түрде жүргізіледі. Мақсатқа мазмұн, ұйымдастыру, тәрбиенің формалары мен тәсілдері бағынышты. Сондықтан, педаогикадағы тәрбиенің мақсатын анықтау маңызды мәселе.
Тәрбиенің жалпы және жеке мақсаттарын белгілейді. Жалпы мақсаты - барлық адамдарға тән, қалыптасуы қажет қасиеттерді белгілесе, жеке мақсат тек бір адамды тәрбиелеуде ғана белгіленеді. Дамушы педагогика ғылымы жалпы және жеке мақсаттарды біріктіре қарастырады.
Практикада мақсат - бұл нақты міндеттер жүйесі. Мақсат және міндет өзара тұтастық және бөлік, жүйе және оның компоненттері ретінде байланысты болады. Сондықтан, тәрбиенің мақсатын - тәрбие арқылы шешілетін міндеттер жүйесі деп анықтауға болады.
Мақсат - тәрбие жүйесінің анықтаушы сипаттамасы. Мақсат арқылы тәрбиелік жүйелер бір-бірінен ажыратылады.
Тәрбиенің мақсаты қалай пайда болған? Олардың қалыптасуында көптеген объективті факторлар көрінеді:
ағзаның физиологиялық жетілу заңдылықтары;
адамдардың психикалық дамуы;
философия, педагогика ғылымдарының жетістіктері;
қоғамдық мәдениеттің дамуы.
Басты факторы - идеология, мемлекеттің сасясаты.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Тәрбие ұғымына анықтама беріңіз.
2. Тәрбиенің мақсат-міндеттерін атаңыз.
3. Тәрбиенің мақсатының анықталуына қандай факторлар әсер етеді?
4. Мақсат пен міндет терминдерінің айырмашылығ неде?
5. Қоғам дамуындағы тәрбие мақсатының өзгеруіне қандай факторлар әсер етеді?
6. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерін атаңыз.
7. Дене тәрбиесінің міндеттерін атаңыз.
8. Еңбек тәрбиесінің міндеттерін атаңыз.
9. Эстетикалық тәрбиесінің міндеттерін атаңыз.
10.Адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін атаңыз.
№5 дәріс тақырыбы: Шетел педагогикалық тұжырымдамалары.
Мақсаты: Студенттерді шетел педагогикалық тұжырымдамаларымен таныстыру .
Тірек ұғымдар: Прагматизм, Неотомизм, Экзистенциализм, Бихевиоризм
Жоспары:
1. Қазіргі шетел педагогикалық тұжырымдамалары.
2. Шетел педагогикасындағы тәрбиенің мақсаты.
Философиялық теориялар педагогикалық концепциялар мен тәрбие жүйелеріне негіз болды. Философиялық бағыттарға негізделген басты педагогикалық концепциялар:
прагматизм
неопозитивизм
экзистенциализм
неотомизм
бихевиоризм
Прагматизм (грек сөзі «прагма» - іс) - философиялық-педагоги- калық бағыт. Ол тәрбиені өмірмен ұштастыра, тәрбиенің мақсаты практикалық іс-әрекетте жүзеге асырылады дейді. Прагматикалық философия негізін қалаушылар Ч. Пирс (1839 – 1914), У. Джеймс (1842 – 1910), Дж. Дьюй (1859 -1952). Оның басты қағидалары: мектеп өмірден, оқыту тәрбиеден алыс болмауы тиіс. Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың белсенділігіне сүйену керек. Тәрбие және оқыту практикалық іс-әрекеттер көмегімен жүзеге асырылады. Оқу-тәрбие процесінің негізінде баланың қызығушылықтары болуы керек. «Біз баланың орнына өзімізді қойып, содан шығуымыз керек. Бағдарлама емес, оқытудың саны мен сапасын бала өзі анықтағаны жөн».
Неопозитивизм - ғылыми-техникалық құбылыстар жиынтығын ұғыну.
Ол Платон, Аристотель, Юм, Канттың этикалық идеялары негізінен туындаған. Қазіргі педагогикалық неопозитивизмді «жаңа гуманизм» деп атайды, немесе «сциенцизм» (ағыл. «ғылыми») өкілдері - П. Херс, Дж. Вильсон, Р.С.Питерс, А.Харрис, М.Уорнок, Л.Кольберг және т. б.
Басты идеялары: «рационалдық ойлау», интеллектіні дамыту, тәрбиенің мақсаты - рационалды (ақыл-ойға жеңдіруші! Ойлайтын адамды құрастыру. Олар сезімге емес, логика мен ақылға сенеді. Адамдық «мен» дамуы тиіс.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Прагматизм концепциясындағы тәрбиенің мәні неде?
2. Неотомизм концепциясындағы тәрбиенің мәні неде?
3. Экзистенциализм концепциясындағы тәрбиенің мәні неде?
4. Бихевиоризм концепциясындағы тәрбиенің мәні неде?
№6 дәріс тақырыбы: Тұлғаның дамуы, тәрбиеленуі, қалыптасуы мен әлеуметтенуінің өзара қатынасы.
Мақсаты: жеке тұлға, оның даму факторлары туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Тірек ұғымдар: тұлға, жеке тұлға, индивид, даралық, даму, тәрбие, қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының факторлары, қозғаушы күштер, әлеуметтену.
Жоспар.
1. Жеке тұлға туралы түсінік.
2. Тұлғаның тәрбиеленуі мен қалыптасуы.
3. Тұлға дамуындағы оқытудың орны.
4. Тұлғаны әлеуметтендіру және қалыптастыру факторлары.
1. Тұлға - 1) дербес әрекет жасайтын субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі өзімен-өзі болу қабілетінде ашылады;
2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным-орнын еркін және жауапкершілікпен анқытайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым-қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам әлеуметтену процесінде тұлғаға айналады.
Индивид (лат. individuum – бөлінбейтін) – 1) жекелей табиғи тіршілік иесі. Homo sapiens түрінің өкілі филогенездік және онтогенездік дамудың, туа біткен және жүре біткеннің біртұтастығының өнімі, тән сипатты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам; 2) адамзат қауымдастығының жеке бір өкілі; табиғи шектелу шеңберінен асып шыққан, құралдарды, белгілерді пайдаланатын және осылар арқылы өзінің мінез-құлқы мен психикалық процестерді меңгеретін әлеуметтік тіршілік иесі. Индивидтің сипаттамалары:
психофихиологиялық ұйымдасуының тұтастығы;
қоршаған ортамен өзара әрекетестіктегі орнықты тұрақтылығы;
белсенділігі.
Тұтастық белгісі индивидтің өмірлік қатынастарын жүзеге асыратын сан алуан функциялар мен механизмдер арасындағы байланыстардың жүйелі сипатын көрсетеді. Тұрақтылық индивидтің шындық болмысқа деген негізгі қатынастарының сақталуын анықтайды. сонымен қатар, икемділік, вариативтілік жайттарының болуын көздейді. Белсенділігі оынң өзін өзгертуге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Тұлға дамуының мәні неде?
2. «Жеке тұлға» және оның құрылымдық ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
3. Жеке тұлғаның қалыптасуымен байланысты негізгі ұғымдарды сипаттаңыз.
4. Тұлға дамуының қозғаушы күштері қандай?
5. Тұлға дамуы мен қалыптасуының негізгі теориялық-әдіснамалық амал-тәсілдерінің сипаттамаларын беріңіз.
6. Тұлға қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларды атаңыз.
7. Тәрбие мен дамудың өзара байланысты екенін дәлелдеңіз.
8. Өз бақылауларыңызға сүйене отырып (отбасындағы, мектептегі, қоршаған ортадағы), әртүрлі факторлардың оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етуінің нақты мысалдарын келтіріңіз.
9. Әлеуметтену процестерін атаңыз, олардың мәні неде?
10. Әлеуметтену кезеңдері қандай және олар тұлғаның әлеуметтік даму кезеңдерімен қандай байланыста?
№7 дәріс тақырыбы: Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларды дамыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері.
Мақсаты: мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай және жеке басына тән ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру және осы ерекшеліктерді оқу-тәрбие процесінде ескеру.
Тірек ұғымдар: жеке тұлға, жас мөлшері, жеке ерекшеліктер.
Жоспар.
1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуы мен тәрбиеленуінің ерекшеліктері.
2.Кіші мектеп жасындағы балалардың дамуы мен тәрбиеленуінің ерекшеліктері.
1. Адамның мектепке дейінгі кезінде, жасөспірім шақта және әлеуметтік ортада қалыптасқан есейген шақ кезеңдеріндегі мінез-құлқы ерекшеленеді.
Мектепке дейінгі балалық шақта жас баланың 4-7 жас аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасында болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезгендерін зердесіне хаттай жазып ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да өсіп отырады. Баланың 4 жастағы салмағы 15-16 кг, ал бойы 100 см болса, 5 жастағы салмағы 17-18 кг, бойы 106-107 см болады.
4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене түседі. Әжептәуір санамақтарды игеріп, аз және көп сандарды айдың, күннің, жылдың мезгілдерін айыратын халге жетеді. бұл жастағылардың ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып, белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс жасайды. баланың мектепке 6-7 жасында баруы негізінен биологиялық және физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа алудан деп түсіндіріледі. Дендері сау болып дүниеге келеген балалар қашан да алғыр, зерек, ұғымтал болып келеді. Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап, қабылдауға бейімделеді. жете түсінген құбылыстарын өмір бойы ұмытпайды.
Мектепке дейінгі тәрбие – жалпы педагогиканың бір саласы. Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту туралы және оның негізгі заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Бұл кезеңде баланың дамуы тез, үдемелі болғандықтан, әлсіз де нәзік, кінәшіл болып келеді. Бала осы шақта сөйлеуді меңгереді.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
Оқушының «дамуы», «тәрбиесі», «жеке тұлғалық қалыптасуы» деген түсінікті ашыңдар.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін атаңыз.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуы мен тәрбиеленуінің ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері қанджпай?
Кіші мектеп жасындағы балалардың дамуы мен тәрбиеленуінің ерекшеліктерін есепке алу қалай жүзегше асырылады?
№8 дәріс тақырыбы:
Орта және жоғары мектеп жасындағы балаларды дамыту мен тәрбиелеу ерекшеліктері.
Мақсаты: мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай және жеке басына тән ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру және осы ерекшеліктерді оқу-тәрбие процесінде ескеру.
Тірек ұғымдар: жеке тұлға, жас мөлшері, жеке ерекшеліктер, акселерация, дарындылық, девиация.
Жоспар.
1. Орта және жоғары мектеп жасындағы баланың дамуы мен тәрбиеленуінің ерекшеліктері.
2.Жастық шақ - әлеуметтік-психологиялық құбылыс.
3.Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық процесте ескерілуі.
1. Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағына қалыптасуының жасөспірімдік шағы (10-15 жас) ең қиын кезең болып есептеледі. Жасөспірімдердің мінезіндегі ауытқушылықтар осы жастағы соматикалық және психикалық дамуда жатыр. Бұл кезде баланың бойы тез өседі. Жүректің көлемінің өсуі бойдың өсуін қуып жете алмайды, сондықтан да қан жүретін тамырлар әлдеқайда жіңішке болады, қан қысымы артады. Бала жасөспірім шаққа өткен кезде оның нерв жүйесінің құрылым морфологиялық жағынан жетіліп болады. Оның әрі қарай дамуы ағзаның барлық қызметіне және екінші сигналды жүйенің жетілуіне бақылау жасауды күшейтеді. Жасөспірім өзін қоршаған әлемге баға береді және оған деген өзінің қарым-қатынасын орнықтырады. Ол өмірдің тұрмыстық қарым-қатынастарына еніп, енді тек өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша ғана емес, сонымен бірге өзі теориялық жағынан игерген қағидалар бойынша қарым-қатынасқа түседі және адамдардың мінез-құлқын, қоғамдық құбылыстарды бағалауда сыни көзқарасқа бейім болып келеді.
Бұл жастағылардың қажеттілігі - өздерінің айналадағы адамдарға деген қарым-қатынасын, әлемдегі өз орнын табу. Жасөспірімдер қоғамдық-өндірістік еңбекке қатысады. Ол тек еңбек арқылы қоғамдық өмірде өз орнын таба алады, өзін бекітеді. Жасөспірім өзіне дос болатын адамды өз ұжымындағы жолдастарының арасынан табады. Жасөспірімдермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идея: іс-әрекет түрлеріндегі жетістіктерге жағдай жасау, құндылықтарын қалыптастыру.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай және жеке басына тән ерекшеліктері туралы не білесіз?
2.Жас және жеке ерекшеліктерді оқу-тәрбие процесінде ескерудің мәні неде?
3.Орта мектеп жасындағы баланың дамуы мен тәрбиеленуінде қандай ерекшеліктер бар?
Жоғары мектеп жасындағы баланың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін атаңыз.
«Жастық шақ - әлеуметтік-психологиялық құбылыс» дегенді қалай түсінесіз?
Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерін білу және оны педагогикалық процесте ескеру мұғалімге не үшін қажет?
Жеке ерекшеліктер дегеніміз не?
«Акселерация», «дарындылық», «девиация» ұғымдарына сипаттама беріңіз.
№9 дәріс тақырыбы: Тәрбие теориясы - педагогиканың құрамды бөлігі ретінде
Тірек ұғымдар: тәрбие теориясы, тәрбиелеу мақсаты
Жоспар
1. Тәрбие теориясы және тәрбиеге жалпы сипаттама.
2. Тәрбиенің мақсат-міндеттері, категориялары және тәрбие-білім беру мақсатын орындаудағы арнайы ұйымдастырылған әрекет ретінде.
3. Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбиеге көзқарастар эволюциясы.
1. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық өзгерістер білім беру саласындағы мемлекеттік саясатпен тығыз байланысты. Сондықтан барлық педагогикалық жоғары және орта оқу орындарының болашақ мұғалімдерді педагогика ғылымының теориялық негіздерімен қаруландыру басты міндет болып табылады.
Мұғалімнің кәсіби даярлығының тиімділігі көбінесе теориялық әдістемелік қалыптасуының жаңа мазмұнымен анықталады. Студенттердің болашақ мұғалімдік мамандығының бағытын анықтауға, әсіресе, олардың ынтасын қалыптастыруға педагогика пәні, оның «Тәрбиелеу теориясы» бөлімі зор ықпал жасайды.
Тәрбиелеу теориясы - тарихи құрылған және XIX ғасырда түбегейлі қалыптасқан педагогика ғылымының бөлімі. ХІХ ғасырдың басында неміс педагогы И.Ф.Гербарт (1776-1841) тәрбиелеу теориясын оқыту теориясына пара-пар қылып педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде шығарып қойды. Бара-бара тәрбиелеу теориясының шешуге тиісті мәселелерінің шеңбері анықтала бастады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1.Тәрбие мақсатының мәнін ашыңыз.
2.Тәрбие теориясы дегенді қалай түсінесіз?
3. Тәрбие дегеніміз не?
4.Тәрбие қандай функцияларды орындайды?
Адам тәрбиесі туралы айтылған ойшылдар, педагогтардың пікірлері.
Қазақ ойшылдары, педагогтарының адам тәрбиесі туралы ойларының мәні.
№10 дәріс тақырыбы: Тәрбие түсінігі.
Тірек ұғымдар: тәрбие процесі, тәрбие процесінің кезеңдері, сатылары
Жоспары:
Тәрбие процесінің ерекшеліктері.
Тәрбие беру көп факторлы процес.
Тәрбие процесінің құрылымы, кезеңдері.
Достарыңызбен бөлісу: |