3) Курстан кейінгі қолдауды немесе курстан кейінгі сүйемелдеуді
қамтамасыз ету үшін әдістемелік ресурстар мен инструментарийлерді, курстан
кейінгі мониторингті жүргізу тетіктерін және/немесе диагностикалық
инструментарийлерін әзірлеу және бекітуді (Білім басқармаларымен келісім
бойынша) жүзеге асырады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің
12.06.2018
№ 266
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
32. Ұйымдар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім
басқармаларымен Курстан кейінгі мониторингті жүргізеді.
33. Министрлікпен Курстан кейінгі мониторингті үйлестіріледі және
Курстардың тиімділігі бағаланады.
34. Педагогикалық қызметкер Орталықпен біліктілікті арттыру курстарынан
өту туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасасады.
Ескерту. 3-тарау 34-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым
министрінің м.а. 29.09.2017
№ 498
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
35. Шарт Курстардан өтуді ұйымдастыру бойынша барлық шығыстарды
төлеуге байланысты ақша аудару үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 3-тарау 35-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым
министрінің м.а. 29.09.2017
№ 498
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
36. Курстар педагог қызметкердің біліктілігіне сәйкес тілдік дайындықты
қамтиды.
Ескерту. 3-тарау 36-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым
министрінің м.а. 29.09.2017
№ 498
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
37. Шетелдік ұйым Курстар аяқталған соң біліктілікті арттыру курстары
тақырыбы бойынша сертификат (өз үлгісінде) береді.
Ескерту. 3-тарау 37-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым
министрінің м.а. 29.09.2017
№ 498
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
38. Педагогикалық қызметкер Шетелдік ұйымнан шығарылуына алып келген
теріс нәтижемен Курстан өткен жағдайда педагогикалық қызметкер Орталықтың
Курстардан шетелде өтуді ұйымдастыруға байланысты нақты жұмсаған
шығындарын өтеуді жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тарау 38-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым
министрінің м.а. 29.09.2017
№ 498
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Педагогикалық кадрлардың
біліктілігін арттыру курстарын
ұйымдастыру мен өткізу
қағидаларына
1 қосымша
Білім беру бағдарламалары бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру
курстарында оқуға үміткерге қойылатын талаптар
№
"Мұғалімнің педагогикалық қоғамдастықтағы көшбасшылығы"
1
Жоғары педагогикалық білім, кемінде жеті жыл педагогикалық өтіл және жоғары техникалық және
кәісптік
(орта
кәсіптік)
білім,
кемінде
тоғыз
жыл
педагогикалық
өтіл;
аудандық (қалалық) республикалық (халықаралық) деңгейдегі шығармашылық және ғылыми
конкурстардың, спорт жарыстарының, пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарын, жүлдегерлерін
даярлайтын аудандық (қалалық) республикалық (халықаралық) деңгейдегі кәсіби конкурстарға қатысу;
оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдістемелер мен педагогикалық технологияларды пайдалану;
педагогикалық басылымдарда әдістемелік құралдарды және оқу бағдарламалары мен жарияланымдарды
әзірлеуге
немесе
әзірлеуге
қатысу;
аудандық (қалалық) конференцияларға, семинарларға, форумдарға даярлық және өткізу кезінде жұмыс
тәжірибесін тарату (жарияланым, жинақтар, ұсынымдар, құралдар, көрме материалдары);
ИКТ, MS Office саласындағы білімдерді меңгеру, зерек пайдаланушы деңгейінде электронды поштада,
сервистерде,
интернетте
жұмыс
істей
білу;
жас педагогтар үшін тәлімгер ретінде аудандық, облыстық, (қалалық), халықаралық деңгейдегі оқу-үйрену
семинарларын, тренингтерді, жұмыстарды өткізу. ИКТ саласындағы функционалды сауаттылықтың
жеткілікті деңгейінің болуы, кәсіптік, әлеуметтік және жеке міндеттерді шешу үшін білім қызметінде ИКТ
қолданылуын негіздеу.
"Мұғалімнің мектептегі көшбасшылығы"
2
жоғары педагогикалық білім, кемінде бес жыл педагогикалық өтіл немесе жоғары техникалық және
кәсіптік
(орта
кәсіптік)
білім,
кемінде
жеті
жыл
педагогикалық
өтіл;
аудандық
(қалалық),
облыстық
деңгейдегі
кәсіби
конкурстарға
қатысу
нәтижелері;
оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдістемелер мен педагогикалық технологияларды пайдалану;
педагогикалық басылымдарда әдістемелік құралдарды және оқу бағдарламалары мен жарияланымдарды
әзірлеуге
немесе
әзірлеуге
қатысу;
аудандық (қалалық) конференцияларға, семинарларға, форумдарға даярлық және өткізу кезінде жұмыс
тәжірибесін тарату (жарияланым, жинақтар, ұсынымдар, құралдар, көрме материалдары);
аудандық (қалалық) республикалық (халықаралық) деңгейдегі шығармашылық және ғылыми
конкурстардың, спорт жарыстарының, пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарының, жүлдегерлерінің
нәтижелері
(оған
қатысушылар
қатарынан);
ИКТ саласындағы білімдерді меңгеру: MS Windows, MS Office, электронды пошта, Internet.
"Тиімді оқыту"
3
жоғары педагогикалық білім, кемінде үш жыл педагогикалық өтіл және жоғары техникалық және кәісптік
(орта
кәсіптік)
білім,
кемінде
бес
жыл
педагогикалық
өтіл;