Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2016 жылғы 19 қаңтардағы
№ 8 қаулысымен
бекітілді
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы «22» қыркүйегіндегі
№ 244 қаулысымен
бекітілді
«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентi
Жалпы ережелер
1.«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізім негізінде құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;
«электрондықүкіметтің»веб-порталыwww.egov.kz, www.elicense.kz
(бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларғажәне талаптарға сәйкестігі;
анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар бере отырып, обьектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместігі туралыветеринариялық-санитариялық қорытынды (бұдан әрі - ветеринариялық-санитариялық қорытынды).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Ветеринариялық-санитариялық қорытынды электрондық нысанда ресімделеді, бланкке басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің қолы қойыладыжәне мөрмен расталады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне»ветеринариялық-санитариялық қорытындыны алу орны, күні мен уақыты туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамыныңэлектрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауғакөрсетілетін қызметті алушының (немесе оның өкілінің) өтінішінің немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы№ 7-1/418 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11959нөмірімен тіркелген)бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес құжаттарының болуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1-іс-қимыл- көрсетілетінқызметті беруші кеңсесініңкөрсетілетінқызметті алушының өтініші мен құжаттарын қабылдауы, кіріс құжаттары журналында тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут;
2-іс-қимыл- көрсетілетін қызметті беруші басшылығыныңорындаушынытаңдауы. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі)сағаттан артық емес;
3-іс-қимыл –көрсетілетінқызметті беруші орындаушысыныңкөрсетілетінқызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын қарауы. Орындалу ұзақтығы - 2 (екі) жұмыс күні;
4-іс-қимыл –көрсетілетінқызметті беруші орындаушысының объектіні зерттеуді жүргізуі және ветеринариялық-санитариялық қорытындыны ресімдеуі. Орындалу ұзақтығы –2 (екі) жұмыс күні;
5-іс-қимыл –көрсетілетінқызметті беруші басшысының ветеринариялық-санитариялық қорытындыға қол қоюы. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
6-іс-қимыл –көрсетілетінқызметті берушінің кеңсесі көрсетілетінқызметті алушыға ветеринариялық-санитариялық қорытындыны береді. Орындалу ұзақтығы- 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетінқызметті алушы көрсетілетінқызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетінқызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
6. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі құжаттар
топтамасын қабылдау күні мен уақыты, құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, тіркеу туралы белгі қойылған оның өтінішінің көшірмесін көрсетілетінқызметті алушыға беру болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі басшының бұрыштамасы болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетінқызметті алушының ұсынған құжаттарының толықтығын қарау болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі объектіні зерттеу болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5- ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетінқызметті берушінің қолы қойылған электрондық нысан болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 6-шы іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 6-шы іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетінқызметті алушының ветеринариялық-санитариялық қорытындыны алғандығы туралы қол қоюы болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы:
1) көрсетілетінқызметті беруші кеңсесінің мемлекеттік қызметті алуғаөтініш қабылдауы. Орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут;
2) көрсетілетінқызметті берушінің басшысы көрсетілетінқызметті берушінің орындаушысын айқындайды. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) сағаттан артық емес;
3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетінқызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді. Орындалу ұзақтығы - 2 (екі) жұмыс күні;
4) көрсетілетінқызметті берушінің орындаушысы объектінізерттеуді жүргізеді және ветеринариялық-санитариялық қорытындыны қалыптастырады. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні;
5) көрсетілетінқызметті берушінің басшысы ветеринариялық-санитариялық қорытындыға қол қояды. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
6) көрсетілетінқызметті берушінің кеңсесі ветеринариялық-санитариялық қорытындыны көрсетілетінқызметті алушыға береді. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметкөрсету кезінде жүгіну және көрсетілетінқызметті беруші мен көрсетілетінқызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттіліктәртібі:
1) көрсетілетінқызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетінқызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – көрсетілетінқызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетінқызметті алушының парольді порталға енгізу процесі (авторландыру процесі);
3) 1-шарт – тіркелген көрсетілетінқызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (ЖСН/БСН) мен пароль арқылы порталда тексеру;
4) 2-процесс –көрсетілетінқызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
5) 3-процесс – көрсетілетінқызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетінқызметтіалушының оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттарды бекітуі;
6) 4-процесс – ЭҮТШ-де қызметке ақы төлеу, бұдан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға келіп түседі;
7) 2-шарт – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызмет көрсеткені үшін төлем төлеу фактісін тексеру;
8) 5-процесс – қызмет көрсеткені үшін төлемнің болмауына байланысты «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұратылатын қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
9) 6-процесс – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетінқызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3-шарт –порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
11)7-процесс – көрсетілетінқызметті алушының ЭЦҚ-сы түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
12) 8-процесс – қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) көрсетілетінқызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру (қол қою);
13) 9-процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрау салуды өңдеу;
14) 4-шарт –көрсетілетінқызметті берушінің көрсетілетінқызметті алушының ветеринариялық-санитариялық қорытындыны беру үшіннегіздерге сәйкестігін тексеруі;
15) 10-процесс –көрсетілетінқызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұратылатын қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
16) 11-процесс- көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжат нысанында ветеринариялық-санитариялық қорытындыны алу орны, күні мен уақыты туралы хабарламаны алуы.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну және көрсетілетінқызметті беруші мен көрсетілетінқызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілік тәртібі осы Регламентке 1 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетінқызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің толық сипаттамасы осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және көрсетілетінқызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.
Ескерту:
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ - мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесі
ЭҮТШ – «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі
БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Достарыңызбен бөлісу: |