17. Білім басқармалары жыл сайын (жылына 2 рет – қаңтар, маусым)
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілік арттыру
курстары тыңдаушылары туралы Бірыңғай деректер базасына (бұдан әрі –
Бірыңғай деректер базасы) "Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік
деректер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығына (Нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8369 болып тіркелген)
сәйкес "Ұлттық білім беру деректер базасы" ақпараттық жүйесінің әкімшілік
есептілік нысандары бойынша мәліметтер жолдайды. Бірыңғай деректер базасы
"Өрлеу" БАҰО" ресми интернет-порталында қолданыста болады.
3-тарау. Курстарды өткізу тәртібі
18. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес білім беру деңгейлері бойынша
курс өткізу тақырыбы, нысаны, мазмұны және кәсіби оқыту ұзақтығына қарай
өзіндік ерекшеліктер мен өзгешеліктері болады
19. Курстарды Ұйымдардың келесі категориялары бар:
1) курстық даярлық бейіні бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар
оқытушылар;
2) қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен дайындалған
сертификатталған тренерлер;
3) курстық даярлық бейіні бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар
өндірістік кәсіпорындардың мамандары мен қызметкерлері;
4) педагогикалық және бейінді мамандықтар бойынша мамандар даярлайтын
жоғары оқу орындарының профессорлар-оқытушылар құрамы өткізеді.
20. Курстарды өткізу кезеңінде Ұйымдармен жекелеген дәрістерді оқу мен
практикалық сабақтарды жүргізуде әдіскерлер, педагогтер, білім беру
ұйымдарының басшылары, практиктер, өндірістік кәсіпорындардың мамандары,
өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен жұмыс берушілер қауымдастығы
қызметкерлері тартылуы мүмкін.
21. Курстардың ұзақтығы:
1) қысқа мерзімді Курстар – кемінде 36 академиялық сағат;
2) ұзақ мерзімді Курстар – кемінде 108 академиялық сағат.
Шетелдегі Курстардың ұзақтығы:
1) қысқа мерзімді Курстар – 3 (үш) айға дейін;
2) ұзақ мерзімді Курстар – 1 (бір) жылға дейін.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а.
29.09.2017
№ 498
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
22. Курстың бір академиялық сағаты 45 минутты құрайды.
23. Білім беру бағдарламалары бойынша курстардың ұзақтығы:
1) "Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы" - 344
академиялық сағаттан кем емес, "Мектептегі мұғалім көшбасшылығы" - 320
академиялық сағаттан кем емес, "Тиімді оқыту" - кемінде 296 академиялық
сағат.
2) "Мектептің біртұтас педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық
құндылықтар" - кемінде 350 академиялық сағат, "Сыныптың біртұтас
педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар" мен "Сабақтағы
жалпыадамзаттық құндылықтар" - кемінде 340 академиялық сағат;
3) Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында "Ағылшын тілі
мұғалімдерінің тілдік және кәсіби құзыреттілігін арттыру" - кемінде 320
академиялық сағат, тілдік құзыреттілік бойынша – кемінде 320 академиялық
сағат;
4) орта білім беру ұйымдары басшыларының біліктіліктерін арттыру
бағдарламасы бойынша курстардың ұзақтығы – кемінде 640 академиялық сағат;
5)
Жоғары
оқу
орындарының
педагогикалық
мамандықтары
оқытушыларының біліктіліктерін арттыру бағдарламалары бойынша курстардың
ұзақтығы – кемінде 240 академиялық сағат.
24. Ұзақ мерзімді Курстар аяқталған соң Ұйым тыңдаушылар білімінің
қорытынды бағасын Ұйым бекіткен үлгіде бойынша өткізеді.
25. Курстардан өткен тыңдаушыларға Ұйым біліктілікті арттыру курсының
тақырыбына сәйкес сертификат береді.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің
12.06.2018
№ 266
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
26. Келесі білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ мерзімді курстарды
сәтті аяқтаған тыңдаушыларға Ұйым сертификат береді:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Педагогикалық қоғамдастықтағы
мұғалім көшбасшылығы";
2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Мектептегі мұғалім
көшбасшылығы";
3) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Тиімді оқыту";
4) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес "Мектептің біртұтас педагогикалық
процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар";
5) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес "Сыныптың біртұтас педагогикалық
процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар";
6) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес "Сабақтағы жалпыадамзаттық
құндылықтар";
7) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының орта
білім беру ұйымдарының басшыларына.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің
12.06.2018
№ 266
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
27. 26-тармақта көрсетілген сертификат ала алмаған ұзақ мерзімді Курс
тыңдаушыларына:
1) өз қаражаты есебінен бір жылда бір реттен артық емес білімін қайта
бағалауға;
2) Курстың келесі легінің тыңдаушыларымен бірге білімін қайта бағалауға;
3) дәлелді себептерге байланысты ағымдағы жылдың ішінде бір лектен
екінші лекке ауысуға;
4) дәлелді себептерге байланысты аяқталмай қалған курсты растау
құжаттарын ұсына отырып, аяқтап шығуға;
5) өз қаражаты есебінен дәлелді себептерге байланысты аяқталмай қалған
курсты растау құжаттарын ұсына отырып, аяқтап шығуға (жоғары оқу
орындарының педагогика мамандықтарының оқытушылары үшін) мүмкіндік
беріледі.
28. 26-тармақта көрсетілген, 2016 жылдың 1 қаңтарынан ұзақ мерзімді
Курстардың тыңдаушыларының сертификатын алған педагогтерге келесі
біліктілік деңгейінің мерзімінен бұрын берілуіне мүмкіндік беріледі.
29. Оқудан шығарылған тыңдаушылар Ұйым басшысының бұйрығына және
Ұйым құрған ұзақ мерзімді курс тыңдаушыларының өтініштері мен
шағымдарын қарау жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес Ұйымның
шығындарын өтейді.
30. Сертификатқа Ұйым басшысының, ол болмаған жағдайда оның міндетін
атқарушының қолы қойылады және берілген күннен бастап 5 (бес) жыл бойы
жарамды.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а.
29.09.2017
№ 498
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
31. Ұйымдар:
1) Сертификатталған педагог кадрларды курстан кейінгі қолдауды;
2) Педагог кадрларды курстан кейінгі қолдауды;
Достарыңызбен бөлісу: |