Педагогика факультетінің деканы


№ 1 практикалық жұмыс: Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негізі



жүктеу 2,09 Mb.
бет11/11
Дата02.02.2018
өлшемі2,09 Mb.
#8413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

№ 1 практикалық жұмыс: Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негізі


Мазмұны:

Әдіснаманың объектісі, пәні, қызметі, негізі.

Педагогиканың жалпы әдіснамалық мәселелері

2 практикалық жұмыс: Педагогикалық ғылым мен практиканың өзара байланысы


Мазмұны:


Педагогикалық ғылым мен практиканың ұқсастықтары мен айырмашылықтары (әдебиет №1)

Ғылым мен практиканың ортақ белгісі (әдебиет №1).

Педагогикалық ғылыми ізденістің объектісі мен субъектісі (әдебиет №1)

Ғылыми және практикалық педагогикалық қызметте қолданылатын құралдар (әдебиет №1).

3 практикалық жұмыс: Әдіснамалық мәдениет

Мазмұны:


Мұғалімге және ғалымға арналған әдіснама.

Мұғалім мен зерттеуші-педагогтың әдіснамалық мәдениетінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары (әдебиет №1: Сурет 8. – 168 бетте).

4 практикалық жұмыс: Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдістері және әдістемесі.

Мазмұны:


  1. Зерттеу әдістері және әдістеме.

  2. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдістері.

5 практикалық жұмыс: Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдістері және әдістемесі.

Мазмұны:

1. Іс-әрекет нәтижелерін зерттеу әдісі.


2. Бағалау әдісі (тәуелсіз мінездеме, психологиялық-педагогикалық консилиум, диагностикалық ситуация).

3. Эксперимент әдісі: түрлері, ерекшеліктері.

6 практикалық жұмыс: Психологиялық-педагогикалық тексеру

Мазмұны:


Психологиялық-педагогикалық тексеруге жалпы сипаттама.

Психологиялық-педагогикалық тексерудің түрлері

Психологиялық-педагогикалық тексерудің кезеңдері

Психологиялық-педагогикалық тексеруді өткізу әдістемесі

8 практикалық жұмыс: Тестілеуді өткізу

Мазмұны:


Зерттеу жұмысыңыздың тақырыбына, мақсатына сәйкес тестілеу әдісін қолданыңыз. Оны аудиторияда өткізу әдістемесін көрсетіңіз.

9 практикалық жұмыс: Зерттеудің нәтижелерін талқылау, сынақтан өткізу және рәсімдеу


Мазмұны:


Зерттеудің нәтижелерін интерпретациялау

Жұмысты сынқтан өткізу

Ізденіс нәтижелерін рәсімдеу

10 практикалық жұмыс: Зерттеу проблемасының күйін талдау. Ғылым мен тәжірибе фактілерін жинақтау және жазу.


Мазмұны:


Педагогикалық практикадан фактілерді жинақтау әдістемесі.

Бақылау, анкета жүргізу.

11 практикалық жұмыс: Ғылыми басылымдар

Мазмұны:2


  1. Қолжазбаларға қойылатын талаптар

  2. Мерзімді баспасөздегі жарияланатын ғылыми басылымдардың түрлері: ерекшеліктері және құрылымы

  3. Мерзімдік емес басылымдар түрлері: ерекшеліктері және құрылымы

12 практикалық жұмыс: Сөз сөйлеу техникасы

Мазмұны:


Презентациялауды өткізудің практикалық дағдылары

Көрнекі құралдарды пайдалану әдістемесі

Сөз сөйлеу шеберлігі

13 практикалық жұмыс: Әдістемелік блок


Мазмұны:


Жоспар құру бойынша әдістемелік ұсыныстар.

14 практикалық жұмыс: Педагогтың шығармашылық даралығы


Мазмұны:


Педагогтың тұлғасы және педагогикалық қабілеттер

Педагогикалық интуиция, импровизация, артистизм, педагогтың шығармашылық даралығы

15 практикалық жұмыс:

Қорытынды бақылау тестісі



7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар.

Теориялық материалды меңгеру бойынша әдістемелік нұсқау

Практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау.

Семинар сабағы студентке не береді? Бұл:


  1. Ғылым тілін меңгеру;

  2. Ұғымдарды қолдану дағдысын қалыптастырады;

  3. Интеллектуалдық проблемаларды және тапсырмаларды қою және шешудегі, өз көзқарасын қорғаудағы біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру.

Семинар сабақтары төмендегідей түрлерде өткізіледі:

1. Алдын-ала берілген тақырып бойынша топ болып әңгімелесу.;

2. Семинарға қатысушылардың талқылауы бойынша студенттердің сөйлеуі;

3. Топтарға бөліну, прзентация, мозака, жұппен жұмыс, т.б.



Семинарға дайындық және оның өткізілуі:

  1. Семинар сұрақтары алдын-ала беріледі. Сұрақты түсінбеген жағдайда тікелей оқытушымен кеңесуіне болады.

  2. Әрбір семинарға бөлек әдебиеттер тізімі және қосымша дайындалуға әдебиеттер тізімі беріледі. Студент сол әдебиеттерді Университеттің оқу залдарынан(№4 корпус №1,2 оқу залдары), кітапхананың абонемент бөлімдерінен (№4 корпус, №1 қабат) немесе кафедрадан алып дайындалуына құқылы.

  3. Семинардың барлық сұрақтарына міндетті түрде дайындалу керек.

  4. Семинарға дайындалу кезінде міндетті түрде болашақта емтихандар мен аралық бақылауларға керек болғандықтан арнайы дәптерге барлық сұрақтар бойынша ақпараттарды жазып алу керек.

  5. Семинар кезіндегі берілетін жауаптар міндетті түрде сұраққа сәйкес, қысқа да нұсқа түрде болуы және сұрақ толық ашылуы тиіс.

  6. Студенттер жауап беруші студентке кеселін тигізбей мұқият тыңдап отырғандары дұрыс.

  7. Семинарға дайындалмай келген студенттің баллдары кемітіледі және сол тақырып бойынша дайындалып келіп жауа бару керек.

  8. Сұрақтарға жауап беруде және пікірталас туғызатын мәселелерге өз ойын айтқысы келген студенттер қолдарын көтеріп, оқытушының рұқсатымен өз пікірлерін анық айтулары тиіс.

  9. Семинарға қойылатын талаптар дәріс сабақтарында да сақталады.

  10. Белсенді қатысқан студенттер қосымша тиісті балл ала алады.

  11. Семинарға дайындалған кезде студент дәрісті де толық меңгеруі керек.

ӨЖСӨЖ өткізу бойынша әдістемелік нұсқау.

1 ОЖСӨЖ мазмұны: Педагогикалық теорияның оқу-тәрбие жұмысымен байланысы



  1. Дескрептивті және прескрептивті әдіснама.

  2. Әдіснаманың деңгейлері: философиялық, жалпы-ғылыми, нақты-ғылыми, технологиялық.

Өткізілу формасы: «Үлкен шеңбер» әдісі.

2 ОЖСӨЖ мазмұны: Педагогикалық зерттеулердің дамуы



  1. Қазіргі психологиялық-педагогикалық зерттеулердің теориялық негіздері және проблематикасы.

  2. Білім беру инновацияларының мәні, олардың сипаттамасы.

Өткізілу формасы: «Конференция»

3 ОЖСӨЖ мазмұны:

Берілген әдебиеттерді пайдаланып, педагогика, психологиялық сөздіктер, энциклопедиялар т.б. бойынша пәннің қысқаша сөздігін жүргізуді бастаңыз.

4 ОЖСӨЖ мазмұны: Педагогикадағы зерттеулердің мәні мен әдістері.



  1. Педагогикалық шындық және оны зерттеу.

  2. Дәстүрлі-педагогикалық әдістер: бақылау, тәжірибені зерттеу, оқушылардың щығармашылық жұмыстарының нәтижесін зерттеу және т.б.

Өткізілу формасы: « Презентация стратегиясы».

5 ОЖСӨЖ мазмұны:



  1. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің жүйелілік ұстанымы.

Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің іс-әрекеттік ұстанымы.

Өткізілу формасы: «Коллоквиум».

6 ОЖСӨЖ мазмұны:

«Педагогикалық практикалық және ғылыми қызметтің айырмашылықтары» атты кестені толтырыңыз (әдебиет №1. – 76 бетте.)

7 ОЖСӨЖ мазмұны:

Педагогикалық ғылым мен практиканың өзара байланысы


  1. Педагогикалық ғылым мен практика – біртұтас жүйе (әдебиет № 1).

  2. Педагогикалық қызметтің ұстанымдары(әдебиет № 1)

Өткізілу формасы: «Коллоквиум».

9 ОЖСӨЖ мазмұны:



  1. Семинар тақырыбы бойынша 7-10 библиографиялық карточкалар даярлаңыз. Оларға аннотация жазыңыз. Есеп беру формасы: карточкалар.

  2. Тақырып бойынша әдеби және ғылыми мәтіндерден үзінділер келтіріңіз

10 ОЖСӨЖ мазмұны: Әдіснамалық мәдениет

  1. Педагогикалық жоғары оқу орнының студенті өзінің педагогикалық мәдениетін қалайша арттыра алады?

  2. Болашақ мұғалімнің әдіснамалық мәдениетінің қалыптасқаны жөнінде қандай критерийлер бойынша айтуға болады?

Өткізілу формасы: «Пікір талас».

11 ОЖСӨЖ мазмұны:

Қазіргі мектепте ғылыми-педагогикалық зерттеулердің қандай бағыттары өзекті болып табылады? Неліктен? Осындай зерттеулердің 5-тен кем емес тақырыптарын құрыңыз. Әрқайсысының объектісін, пәнін, мақсат-міндеттерін, қажетті зерттеу әдістерін белгілеңіз. Есеп беру формасы: зерттеу мәтіні.

12 ОЖСӨЖ мазмұны:



  1. Әдебиетті және басқа ақпарат көздерін зерттеу.

  2. Бақылау әдісі: түрлері, ерекшеліктері.

Өткізілу формасы: «Коллоквиум».

13 ОЖСӨЖ мазмұны:



  1. Сұрау әдісінің формалары: сауалнама және интервью.

  2. Сұрақ қою әдістемесі.

Өткізілу формасы: «Тренинг».

15 ОЖСӨЖ мазмұны:

Эксперимент және бақылау әдісін салыстырмалы түрде сипаттаңыз.

16 ОЖСӨЖ мазмұны:



  1. Теориялық зерттеу әдістеріне жалпы сипаттама.

  2. Теориялық талдау және жинақтау әдісі.

  3. Модельдеу әдісі. Ойша эксперимент.

Өткізілу формасы: «Конференция»

17 ОЖСӨЖ мазмұны: Озат тәжірибе – зерттеу көзі



  1. Озат тәжірибенің көрсеткіштері.

  2. Озат тәжірибемен жұмыс жасау кезеңдері.

Өткізілу формасы: « Презентация стратегиясы».

18 ОЖСӨЖ мазмұны:



  1. Жанұяны әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық тексерудің бағдарламасын құрыңыз

20 ОЖСӨЖ мазмұны:

  1. «Эксперимент» ұғымының мағынасын нақтылаңыз. Түрлі әдебиеттерде берілген анықтамаларды салыстырыңыз.

  2. Кешенді педагогикалық экспериментті өткізу шарттары.

22 ОЖСӨЖ мазмұны:

Курстық жұмысыңыздың негізгі идеясын ғылыми, оқу-педагогикалық, ресми, әдеби стильдерде белгілеңіз.

25 ОЖСӨЖ: Әңгімені өткізу әдістемесі

Нақты зерттеу тақырыбы бойынша әңгіме өткізудің жоспарын құрып, оны көрсетіңіз.

27 ОЖСӨЖ Зерттеудің нәтижелерін талқылау, сынақтан өткізу және рәсімдеу

Мазмұны:


  1. Логикалық және көркем-бейнелік интерпретацияның ерекшеліктері

  2. «Интерпретация» ұғымына берілген анықтамаларды салыстырыңыз

Өткізілу формасы: « Әдебиеттермен жұмыс».

29 ОЖСӨЖ: Әдебиеттермен жұмыс



Мазмұны:

  1. Әдебиет көздерін зерттеу әдістемесі.

  2. Аннотациялау әдістемесі.

  3. Реферат жазу әдістемесі.

  4. Конспектілеуге қойылатын талаптар.

31 ОЖСӨЖ: Курстық және дипломдық жұмыстар

Мазмұны:

  1. Курстық жұмысқа қойылатын негізгі талаптарға сипаттама.

  2. Дипломдық жұмысқа қойылатын негізгі талаптарға сипаттама.

32 ОЖСӨЖ: Педагогикадағы гносеологиялық операциялар

М азмұны:

  1. Ертеден қалыптасқан 5-6 ұғымдарды келтіріп, соңғы жылдары енгізілген 3-4 ұғымдарды атаңыз. Олардың пайда болу себептерін көрсетіңіз.

  2. Педагогикалық сөздіктен философия, психология, әлеуметтану ғылымдарының ұғымдарын таңдаңыз. Аталған ұғымдардың қайсысы бірнеше ғылымдарда қолданылатынын, олардың ерекшеліктерін көрсетіңіз.

34 ОЖСӨЖ мазмұны:

Дәріс және семинар сабақтары бойынша жазылған картотеканы жүйелеңіз және рәсімдеңіз

37 ОЖСӨЖ мазмұны:

Тез конспект жазудың тәсілдері. (Орлов А.А., Агафонова А.С. Введение в педагогическую деятельность. Практикум. М.,2004. 225 бет) аударма және қысқаша конспект.

38 ОЖСӨЖ мазмұны:

Педагогикалық еңбек жайында жазылған проблемді мақаланы («Қазақстан мектебі», «Тәрбие құралы», «Қазақстан жоғары мектебі», «Ұлағат» және т.б.) таңдап, оған аннотация және рецензия жазыңыз.

39 ОЖСӨЖ мазмұны:

Курстық жұмыстың жоспарын құру.

40 ОЖСӨЖ мазмұны:

Конспектілеу бойынша әдістемелік ұсыныстар.

41 ОЖСӨЖ мазмұны:


  1. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің жүйелілік ұстанымы.

Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің іс-әрекеттік ұстанымы.

Өткізілу формасы: «Коллоквиум».

42 ОЖСӨЖ мазмұны:

«Педагогикалық практикалық және ғылыми қызметтің айырмашылықтары» атты кестені толтырыңыз (әдебиет №1. – 76 бетте.)

43 ОЖСӨЖ мазмұны:

Педагогикалық ғылым мен практиканың өзара байланысы


  1. Педагогикалық ғылым мен практика – біртұтас жүйе (әдебиет № 1).

  2. Педагогикалық қызметтің ұстанымдары(әдебиет № 1)

Өткізілу формасы: «Коллоквиум».

44 ОЖСӨЖ мазмұны:



  1. Семинар тақырыбы бойынша 10-15 библиографиялық карточкалар даярлаңыз. Оларға аннотация жазыңыз. Есеп беру формасы: карточкалар.

  2. Тақырып бойынша әдеби және ғылыми мәтіндерден үзінділер келтіріңіз

145 ОЖСӨЖ мазмұны: Әдіснамалық мәдениет

  1. Педагогикалық жоғары оқу орнының студенті өзінің педагогикалық мәдениетін қалайша арттыра алады?

  2. Болашақ мұғалімнің әдіснамалық мәдениетінің қалыптасқаны жөнінде қандай критерийлер бойынша айтуға болады?

Өткізілу формасы: «Пікір талас».

8. . Курстық жұмыс және оған қойылатын талаптар.

1. Педагогикалық институтта студенттер ғылыми зерттеу негізінде курстық жұмысты орындайды. «Курстық» деп атауы нақты бір курсқа байланысты білім алу дегенді білдіреді. Курстық жұмыстар әртүрлі дисциплинада жазылады, бірақ жұмыс барысында студенттің білімі және дағдылары қорытындыланады. 1 жыл ішінде әлде 1 семестр ішінде орындалады. Оқу жоспары бойынша кейбір факультеттерде курстық жұмысты педагогикадан жазу қарастырылған. Курстық жұмысты орындау зерттеу әдістері мен әдістемелерін меңгеруге педагогикалық әрекетке қызығушылығын ояту педагогикалық процесті көру және талдау қабілеттерін қалыптастырады.

Курстық жұмыстың тапсырмалары:


  • студенттердің психологиялық және педагогикалық мәселелері бойынша білімінің кеңеюі;

  • студенттің педагогикалық тапсырмаларды шешуге шығармашылық дағдының қалыптасуы, мектеп сараманындағы және өзінің жұмыс қорытындыларын бағалау қабілеттігі;

  • студенттің теориялық білімдерін практикада қолдана алуы, алдыңғы педагогикалық тәжірибені талдау, педагогикалық практикадағы жеке тәжірибесі педагогикалық процестегі заңдылықтары мен негіздері орын алып отырады.

Курстық жұмыс психологиялық-педагогикалық және әдістемелік мәселелер бойынша білімді жүйелеуге, қорытындылауға, кеңейтуге көмектеседі.

Курстық жұмысқа қойылатын талаптар:

  1. Тақырыптың өзектілігі, оның отандық және шетелдік ғылымның дамуына сәйкестігі.

  2. Зерттеу проблемасы бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік әдебиеттерді және мерзімдік басылымдарды зерттеу және талдау.

  3. Зерттеу мәселесінің тарихын, мұғалімдердің озат тәжірибесін және өзінің жеке тәжірибесін есепке ала отырып, оның практикалық жағдайын зерттеу және талдау.

  4. Өз бетімен зерттеуді жүргізу: зерттеудің пәнін, мақсатын, әдістерін анық сипаттау, экспериментті сипаттау және талдау.

  5. Жүргізілген зерттеудің нәтижелерін қорытындылау, қорытындыларды және практикалық ұсыныстарды негіздеу.

  6. Безендіру мәдениеті (стандарт талаптарына сәйкестігі).

Курстық жұмыстың көлемі: компьютерде терілген 40-50 бет.

2. Курстық жұмысты орындау қисыны.

1 кезең – зерттеуге дайындық.

1.1. Зерттеу мәселесінің әдіснамалық негізін анқытау:



  • зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді зерттеу негізінде тақырыпты алдын-ала таңдау;

  • зерттеудің объектісін анықтау;

  • зерттеудің пәнін анықтау.

1.2. Зерттеуді ұйымдастыру және өткізуге дайындық:

  • зерттеу тақырыбы бойынша әдістемелік әдебиеттерді, педагогикалық тәжірибені талдау және «Әдістемелік әдебиеттерге және педагогикалық тәжірибеге шолу» атты мәтін даярлау;

  • тақырыпты нақтылау;

  • зерттеудің гипотезасын, мақсат-міндеттерін белгілеу;

  • зерттеу әдістерін таңдау және зерттеу өткізетін базаны (мектеп, сынып, балабақша, топ және т.б.) анықтау.

2 кезең – тәжірибе жұмысын даярлау және өткізу

2.1. Тәжірибе жұмысын жоспарлау:



  • экспериментальдық және бақылау топтарын анықтау;

  • зерттелетін объектілерді бақылау әдістері мен диагностикалық әдістерді және оларды жазып алудың формасын белгілеу;

  • зерттеу тақырыбы бойынша балалармен жұмыс жасау жүйесін (сабақтардың, тәрбиелік шаралардың және т.б. конспектілері) даярлау;

  • зерттеу нәтижелерін талдау әдістемесін жасау;

  • тәжірибе жұмысын өткізу үшін таңдалған әдістер мен тәсілдерід қолдану мүмкіндігі мен диагностикалық әдістемелерді нақтылау мақсатында тәрбиеші, мұғалім, оқушылардан кеңес алу.

2.2. Тәжірибе жұмысын өткізу:

  • анықтаушы экспериментті өткізу;

  • анықтаушы эксперименттің нәтижесін талдау негізінде гипотезаны тексеруге және тәжірибе жұмысының міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған балалармен жұмыс жүйесін (сабақтар, тәрбиелік шаралар, жеке жұмыс және т.б.) өткізу;

  • қалыптастырушы эксперименттің өтуін талдау, гипотезаны және тәжірибе жұмысын нақтылау, мүмкін болатын жағымды және жағымсыз нәтижелерін анықтау арқылы тәжірибе жұмысын бейнелеу, оның тиімділігінің психологиялық-педагогикалық шарттарын анықтау және жағымсыз құбылыстарды жою;

  • жасалған қорытындылар негізінде ғылыми гипотезаны негіздеу, зерттеу міндеттерінің орындалуын тексеру, олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық шарттарын анықтау мақсатында қалыптастырушы экспериментті қайта өткізу;

  • қорытынды бақылау эксперименті, талдау, қорытындылар, ұсыныстар.

3 кезең – курстық жұмысты безендіру

3.1. Курстық жұмысты жазуды аяқтау:



  • дайындалған мәтіндерді тарауларға біріктіру, орналастыру;

  • нәтижелерді, қорытынды жазу;

  • қорытынды құрастыру;

  • кіріспе жазу.

3.2. Әдебиеттер тізімін жазу.

3.3. Иллюстрациялар тізімін жасау.

3.4. Қосымшаларды орналастыру.

3.5. Мазмұнын құру.

3.6. Титулдық бетін безендіру.

Курстық жұмысты орындау әдістемесі.

1. 1 кезең – зерттеуге дайындық.

Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау.

Курстық жұмыстың тақырыбын таңдамас бұрын зерттеудің «объектілі саласын», «объектісін», «пәнін» анықтау қажет, себебі әрбір тақырып белгілі бір жүйе аймағында орналасады.

Педагогикалық зерттеудің объектілі саласы – зерттеу объектісі орналасқан ғылым мен практиканың аймағы, саласы. «Бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша оқитын студенттердің объектілі саласы – «бастауыш мектеп педагогикасы», «кіщі мектеп жасындағы балалардың ерекшеліктері», «математиканы бастауышта оқыту әдістемесі» және т.б. болып табылса, «Педагогика және психология» мамандығы бойынша объектілі сала – бұл «жалпы білім беретін мектеп педагогикасы», «пәндерді оқыту әдістемесі», «мектеп оқушыларының психологиясы» болып табылады.

Зерттеу объектісі – объектілі саланың ірі, дербес бөлігі. Онда зерттеудің пәні орналасқан. Мысалы, егер объектілі сала – кіші мектеп жасындағы балаларды экологиялық тәрбиелеу әдістемесі болса, объект бұнда экологиялық тәрбие берудің әдістері, формалары, басқа тәрбие түрлерімен байланысы, тәрбиелеу ерекшеліктері болып табылады.

Зерттеу пәні – объектінің бақылау бөлігі. Егер объект «Балаларға экологиялық тәрбие беру әдістері» болса, онда зерттеу ретінде кез-келген әдісті алуға болады. Мысалы, зерттеу пәні ретінде «Экскурсия экологиялық тәрбие берудің әдісі ретінде» деп анықталады.

Зерттеу пәні аясында алдын-ала тақырып белгіленеді. Тақырып – «Бастауыш мектепте экологиялық тәрбие берудің негізгі әдісі - экскурсия».

Осылайша, объектілі саласы, объекті, пән арасындағы қатынас – жоғарыдан төменге қарай бағыныңқылықты белгілейді. Басқаша айтқанда, объект объектілі саладан тарлау, пән объектіден тарлау.
2. Библиографиялық ізденіс

Кез-келген студентте кітапханада жұмыстану қажеттілігіне пайда болады. Ең алдымен өзіңіздің үйдегі шағын кітапханаңызға шолу жасаңыз. Журналдар мен газеттерден зерттеу тақырыбы бойынша өзіңізге қажетті мақаланы кезіктіруіңізде мүмкін. Содан кейін өзіңіздің оқитын оқу орындағы кітапхана қорына жүгініп, кейін оқырмандар кітапханасына баруыңызға болады. Қажетті әдебиеттерді іздеу – ұзаққа созылатын еңбек. Оның мәні ерекше, себебі жарияланған материалдардың толықтығына сіздің курстық жұмысыңыздың сапасы тәуелді.

Негізінде анқытамалық-библиографиялық бөлімде жұмыстанудың арнайы уақытын белгілеп, белгілі бір сағаттарда барған жөн. Ең алдымен, педагогикалық және психологиялық сөздіктерге, педагогикалық және психологиялық энциклопедияларға назар аудару керектігін ұмытпаңыз. Себебі педагогикалық энциклопедияларда мәселе бойынша қысқаша мәліметпен бірге сол мәселе жайында жарияланған негізгі еңбектердің тізімі де қосымша беріледі. Содан кейін зерттеу әдістемесі бойынша кітапхана каталогында жұмыстануға болады.

Каталогтар – бұл брошюра немесе карточка түрінде жазылған, кітапхана қорында жинақталған кітаптар тізімі. Каталогтардың 4 түрі белгілі: алфавиттік, пәндік, жүйелі және жаңа басылымдар.

Егер сіз кітаптың атауын және авторын білсеңіз, онда алфавиттік каталогқа барасыз. Пәндәк каталогта кітаптар белгілі бір пәнге арналған бөлімшелерге жинақталады. Бұл бөлімшелердің өздері алфавит бойынша орналасқан, ал бөлімше ішіндегі кітаптар да алфавиттік реттелген. Жйелі каталогта кітаптар бөлімшелерге ажыратылған, бұнда тек алфавиттік ретпен емес, пәндік жүйе бойынша орналасады. Жаңа түскен кітаптар каталогы – соңғы жарты жылда келіп түскен жаңа басылымдардың жүйелі каталогы. Каталогтан алынған әдебиеттер мәліметі жеке карточкаларға анық және дұрыс толтырылып (кітапханадан алу үшін шифрмен бірге жазылып алынады) жазылады. Мысалы, Бахишева С.М. Гимназияны басқару,-Алматы, 2004.-200 б.

Одан әрі карточкалар алфавит бойынша жүйелеп, әдебиеттер тізімі жазылады. Таңдалған тақырыпқа еніп, оны таңдалған әдебиеттер көмегімен ашу үшін берілген әдебиеттерді оқу мен жазудың жалпы ережелерін сақтай отырып, оларға шолу жасау қажет.

Курстық жұмыс сипаттаушы-жалпылаушы сптақа ие болғандықтан, әдебиеттерді талдауда тек қажеттілері мен маңыздыларын алған жөн. Сондықтан курстық жұмысқа тапқан материалдың барлығы енгізу қажет емес. Әдебиеттерді шолудың өзі саралау тұрғысын қажет етеді. Олардың бір бөлігінде өте маңызды материал болуы мүмкін, сондықтан оны мұқият өңдеп, конспектілеп алған дұрыс. Басқа әдебиетте тақырыптың тек кейбір жақтары ашылған болса, онда оны конспектілеудің қажеті жоқ, үшіншісі таңдалған тақырыпқа байланысты болмауы мүмкін, сондықтан өңдеуді талап етпейді. Ф.Бэконның айтуынша, тек дәмін қарайтын кітаптар болады, ал кейбір кітаптарды тұтастай жұтып қоюға болады, тек аз ғана кітаптарды шайнап, қорыту керек.

Әдебиеттерді зерттеудің міндеті – түрлі авторлардың белгілі бір мәселені қоб және шешу сипатын, олардың қорытындылары мен жалпылауларының аргументтігін бақылау, оларды талдай отырып, алынған материал негізінде өзіндік ұғына отырып, сол мәселенің қазіргі күйін анықтау мақсатында алынған материалды жүйелеу. Алынған материалды өңдеу міндетті түрде оқылған материал мен өзіңнің ескертулеріңді жазыр отыру керек. Жазу формасы – конспект, суырма, негізгі қағидалар, тезистер, идеялар, әдістемелер картотекасы. Бұл кейінірек алынған ақпаратты жіктеуді, жүйелеуді жеңілдетеді.




Әдебиет атауы

Негізгі тезистер, мәселелер

Комментарийлер









Жазбаларды жеке қағаздарға немесе дәптер бетінің бір жағына жазған дұрыс. Жазба формалары автордың идеяларын еркін баяндау немесе цитата түрінде жазылады. Цитата тырнақша алынып, цитата алынған кітаптың беті көрсетіледі. Материалды еркін баяндау жағдайында да жүйелі түрде конспектіленетін кітап немесе мақалалардың бетін көрсетіп отыру қажет. Жазбалар – бұл материалды жинақтаудың, алғашқы өңдеудің ең тиімді тәсілі, ақыл-ой еңбегін ұйымдастырудың міндетті формасы. Тақырыпты нақытлаған соң гипотезаны (блолжамды) өңдеуге кірісіңіз.

Гипотеза дегеніміз не? Гипотеза (грек сөзі «гипотезис» - негіз, болжам) – құбылыстар арасындағы заңды байланыстар жайында болжамдық ой. Гипотеза түрлері: жұмыс және ғылыми (немесе шынайы). Жұмыс гипотезасы – қолда бар материалды жүйелеу үшіе жасалатын уақытша болжам. Ғылыми (шынайы) гипотеза – көп материал жинақталған шақта, шешім «жобасын» ұсыну мүмкіндігі болағн шақта, ғылыми теорияға айналдыру,а болатын қағидаларды ұсынатындай шақта жасалатын болжам. Осылайша, жұмыс гипотезасы зерттеудің басында жасалса, ғылыми гипотеза жұмыс барысында жұмыс гипотезасын өзгертуден туындайды. Гипотезадан зерттеудің мақсат-міндеттері шығады.

Курстық жұмысты орындау әдістемесі.

1. Зерттелген материалды баяндау.

Курстық жұмыстың мақсаты – таңдалған тақырып бойынша әдебиеттерге шолу жасау, мәселенің қазіргі күйін, қысқаша тарихын баяндау, қорытындылар жасау және оларды дәлелдеу. Шолуда тақырып бойынша түрлі авторлардың тұрғылары талданып, салыстырмалы баға беріледі.

Жинақталған материалды жалпылау оны жүйелеуді және жіктеуді қажет етеді. Бұл жұмысты орындауда уақытты үнемдеуге парақтың бір жағына жазылған жазба көмектеседі. Бұл жазба формасы материалмен жеңіл жұмыстануға мүмкіндік береді, яғни оны қиюға, жапсыруға, орнын ауыстыруға болады.

Шолу кезінде бірінен соң бірін кітаптар мен мақалалардан алынған барлық материалды баяндаудың қажеті жоқ. Сұрақтың мәнін ашатындай, курстық жұмысының жоспарына, мақсат-міндеттеріне сәйкес негізгі қағидалар мен басты идеяларды анықтайтындай болу керек. Осылайша, шолудың сипаты хронологиялық емес, түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып, проблемдік сипатқа иеленуі тиіс. Курстық жұмыстың тілі қарапайым әдеби тілмен, жалпыға түсінікті терминдерді қолданумен терең және анық баяндалуы тиіс. Бір сөздің қайталану жиілігі 50-100 сөз интервалында болғаны жөн. Курстық жұмыстың мазмұны - әдебиеттерді зерттеу негізінде өзіндік түсіну және мәселені ұғыну болып табылады. Авторға және оның жұмысына сілтеме жасау өте маңызды. Қажет кезінде бұндай сілтеме оқырманға сол әдебиетке тікелей жүгініп, нақтылауға мүмкіндік береді.

Мәтінде авторлық пікірлергі сілтеме жасауда мына етістіктерді қолдануға болады:

Автор: талдайды; қарсы пікір білдіреді; көзқарасын айтады; толықтырады; дәлелдейді; мүмкін деп жібереді; сұрақ қояды; баяндайды; сенім білдіреді; табады; бастайды; көзқараспен келіспейді; келіспейді; айқындайды; талқылайды; түсіндіреді; қолдайды; жауап береді; белгілейді; қорғайды; анықтайды; мазмұндайды; жазады; қайталайды; мүмкіндік береді; болжайды; ойлайды; түсінеді; ұсынады; көрсетеді; таниды; көзқарасты қабылдайды; қорытынды жасайды; сұрақты талқылайды; сұрақты қарастырады; қосылады;шешеді; түсіндіреді; ұсынады; мәселені шешеді; келіседі; күмәнданады; айтады; сұрайды; сілтеме жасайды; есептейді; көрсетеді; еске салады; сендіреді; нақтылайды; дәлелдейді.

Цитата алынғаннан кейін оның көзін көрсетуді ұмытпаңыз.

2. Зерттеу әдістері және оларды таңдап алу.

Зерттеу әдістерін таңдау зерттеу тақырыбына, проблемасына, гипотезасына, мақсатына тәуелді.

Зерттеу объектісіне, пәніне, міндеттеріне, жинақталған материалға сәйкес әдістер таңдаған жөн. Олар қазіргі ғылыми зерттеудің талартарын орындауы тиіс: перспективті болуы, яғни сенімді нәтиже беруі; зерттеудің логикасына сәйкес болуы; оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді дамытуға бағытталуы; әдістердің өзара байланысы.
Курстық жұмыстың тәжірибелік бөлімін өткізу әдістемесі.

1. Зерттеудің 2-ші кезеңі (немесе тәжірибелік бөлім).

Бұл кезеңде анықтаушы эксперимент (тексеру), қалыптастырушы эксперимент (құрылымдық, өзгерту) және бақылау эксперименттерін біріктіретін тәжірибе жұмысының құрылымы анықталады.



Анықтаушы эксперимент - зерттеудің басында өткізіледі және оның міндеті зерттелетін құбылыстың практикадағы жағдайын анықтау. Қолданылатын әдістер: бақылау, әңгіме, анкета, оқушылар жұмысын, сабақ конгспектілерін зерттеу және т.б.

Қалыптастырушы эксперимент – эксперименттің келесі кезеңі. Міндеті – жаңа шарттарды орындай отырып, осы шарттардың тәрбие мен оқытудың тиімділігіне қаншалықты әсер ететіндігін зерттей отырып, ұсынылған гипотезаны тексеру. Бұл кезеңдегі өте маңызды нәрсе – тәжірибе жұмысының барысы мен нәтижесін жазып алу әдістемесі, алныған мәліметтерді талдау әдістемесі, мәліметтерді статистикалық өңдеу, кесте құру және т.б.

Бақылау эксперименті өткізілген жұмыстың нәтижесін (гипотезаның дұрыстығы немесе қателігі) нақтылауға мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың практикалық бөліміне енеді:



  • әдіс-тәсілдерді жасау: анкета, сұрақтар тізімі және т.б.;

  • сабақтар мен тәрбие шараларын даярлау;

  • жаттығулар, тренингтерді іріктеу және т.б.

Эксперимент жұмысы аяқталғаннан кейін оны өңдеу керек: сабақ, тәрбие шарасын, жаттығулардың өткізілуін баяндау, қателіктерді көрсету, қорытындылар жасау.
2. 3 кезең – курстық жұмыстың безендірілуі

Курстық жұмыстың безендірілуі жұмыстың жоспарына сәйкес тарауларды топтастырудан басталады (2 қосымшаны қараңыз). Әрбір тарауларды мұқият оқып шығып, оларға қорытынды жазу керек. Содан кейін жапы жұмыстың теориялық және практикалық зерттеулер бойынша қорытынды жазылады. Сонан соң жұмысқа кіріспе жазылады.



Кіріспе - ғылыми-зерттеу жұмысының алғышарт бөлімі. Автор оқырманды қызықтыратындай сөзі бастап, зерттеудің практикалық мәнділігін көрсетіп, эксперименттің базасын, зерттеудің әдістерін, қорғауға ұсынылатын қағидаларды, объектісін, пәнін, гипотезасын, зерттеудің мақсат-міндеттерін тартымды баяндайды.

Курстық жұмыстың құрылымдық бөлімі – библиография, немесе әдебиеттер тізімі. Бұл алфавиттік рет бойынша орналастырылған кітаптар мен мақалалар тізімі (3 қосымшаны қараңыз).

Курстық жұмыс иллюстрацияларға, қосымшаларға ие болуы мүмкін. Олардың әрбіреуі араб сандарымен нөмірленеді және тақырыбы болады. Қосымшалар араб сандарымен нөмірленеді, олар жұмыста келтірілу реті бой»ынша орналастырылады.

Мазмұны жұмысты топтастырғаннан кейін құрылады ( қосымшаны қараңыз). Содан кейін титулдық бет жазылады ( қосымшаны қараңыз). Талаптары:



  • авторлық мәтін компьютерде 14 кеглімен, Times New Roman шрифтімен, 1,5 интервалмен А4 форматты бетті терілуі тиіс;

  • терілген мәтіннің көлемі: жоғарғы – 20 мм, оң – 10 мм, сол – 20 мм кем емес, төменгі – 20 мм болуы тиіс;

  • мәтін беттері 3 –ші «Кіріспе» бетінен бастап араб сандарымен нөмірленеді. Титулдық бет және мазмұны жалпы беттер саны енеді, бірақ нөмірленбейді;

  • бас әріптермен жазылады: МАЗМҰНЫ-ЖОСПАРЫ, ТАРАУЛАР АТАУЫ;

  • әдебиеттер тізімі алфавит бойынша жазылады;

  • курстық жұмыс тігілген болуы тиіс.

Курстық жұмысты қорғау тәртібі.

1. Курстық жұмысты қорғау. Курстық жұмыс кафедра отырыстарында, базалық оқу орындарында (балабақша, мектеп, УПК), кіші курстағы студенттер алдында қорғалуы мүмкін.

Қорғауда студент 7-10 минутөа созылатын қысқаша баяндама жасайды, онда курстық жұмыстың тақырыбын таңдау мотиві, оның өзектілігі, зерттеудің объектісі мен пәні, зерттеудің мақсат-міндеттері, курстық жұмыстың ақпарат көздері айтылып, практикалық бөлімге, зерттеу әдістеріне және алынған нәтижелерге кеңірек тоқталып, көрнекіліктерді демонстрациялайды.



2. Курстық жұмысқа жетекшілік ету.

Курстық жұмыстарға жетекшілікке тек қана ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген мұғалімдерге тапсыруға болады. Ғылыми жетекшісінің негізгі ерекшелігі:

1. Студенттерге тақырыпты және жұмыс көлемін анықтауға көмек беру, зерттеу нормасын нақты белгіліп алу.

2. Курстық жұмысты бастамас бұрын студенттерге лекция оқылып, әдістемелік сұрақтар туралы консультациялар өткізіліп, курстық жұмысты орындаудағы жалпы талаптар және нақты шарттар айтылады. Теориялық және практикадағы жоспардағы зерттеу мәселелерін ашу үшін ұзақ және жүйелі жұмыс қажет. Бұдан жоспар-график негіз болады, курстық жұмыстың этаптарын кірістіреді, зерттеу түрлерінің әрбір этапта нұсқау мазмұнымен байланысып жатады.

3. Кейіннен ғылыми жетекшісі студенттерді әдебиеттермен жұмыс істеуге негіздейді, материалды жинау әдістері педагогикалық тәжірибе және эксперименталды бағдарламалардың құрылуына негіз болады.

4. Жетекші студентке олардың жұмыстарында көмек көрсетіп, курстық жұмысты орындауды систематикалық бақылап, консультация белгіленіп, тақырып бойынша жинақталған материалды талдайды.

5. Ғылыми жетекші курстық жұмысты зерттеп және рецензиялайды, кафедраға курстық жұмыстың дайындығы туралы хабарлап, қорғау күнін белгілейді.

Курстық жұмыстарға жалпы жетекшілікті кафедралар, оқу ісі жөніндегі проректор жүзеге асырады. 2-3-ші курстарда студенттер курстық жұмыс тақырыбын және ғылыми жетекшісін таңдайды. 1-ші кездесу барысында курстық жұмыстың тақырыбы анықталып, оны даярлау кестесі құрылады. Айына екі рет оқытушы студентке кеңес беріп отыруы тиіс, дер кезінде көмек береді. Жетекшінің міндеті – аяқталған курстық жұмысты тексеру, жазбаша пікір беру ( қосымшаны қараңыз) және студенттерді курстық жұмысты қорғауға даярлау. Ең жақсы курстық жұмыс ғылыми-практикалық конференцияға ұсынылады. Курстық жұмыстар арнайы журналға тіркеліп, тиісті бағасы қойылады.


3. Курстық жұмыстың құрылымы
Титулдық бет.

Мазмұны.

Кіріспе. Тақырыптың өзектілігі, әдебиеттерге, зерттеу әдістеріне, тәжірибе өткізілген базаға сипаттама, тараулардың мазмұны бойынша қысқаша түйіндеме, зерттеудің жаңалығын баяндау.

I тарау. Тақырыптың теориялық негізделуі.

1.1. Зерттелетін проблеманы ғылыми негіздеу және оның тарихы.

1.2. Проблеманың қазіргі жай-күйі, зерттелген әдебиеттер және мектеп практикасы негізінде оның өзектілігі көрсету.

1.3.Практика қажеттіліктеріне сүйене отырып, зерттелетін проблеманың мазмұнын, формаларын және әдістерін өзектілеу.


II тарау. Зерттелетін проблема бойынша жұмыс жүйесін апробациялау (сынақтан өткізу), яғни гипотезаны тексеру және ұсыныстар беру.

2.1. Тәжірибе жұмысын даярлауды баяндау.

2.2. Тәжірибе жұмысын өткізуді баяндау.

2.3. Тәжірибе жұмысының нәтижелерін талдауды баяндау.

2.4. Қолданылған әдіс-тәсілдерді (оқыту және тәрбиелеу құралдарын) пайдалану бойынша қорытындылар мен ұсыныстар.

Қорытынды


  • тараулар бойынша қорытындылар саны;

  • жалпы жұмыс бойынша өзіндік баяндама;

  • зерттеудің теориялық және практикалық мәніне, ғылыми жаңалығына кең түрде сипаттама.

Әдебиеттер тізімі.

Иллюстрациялар.

Қосымшалар.
Педагогика пәні бойынша курстық жұмыстың жалпы құрылымы.

  1. Курстық жұмыстың сыртқы бейнесі.

  2. Курстық жұмыстың ғылыми аппараты

  3. Титулдық бетті толтыру реті.

Педагогика пәні бойынша курстық жұмыс

Курстық жұмыстың құрылымы
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I тарау. Қазіргі жағдайда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері.

1.1. Адамгершілікке тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері.

1.2. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау.

II тарау. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны, әдістері мен формалары.

2.1. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің ерекшеліктері

2.2. Оқу-тәрбие үрдісінде адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны және ұйымдастырылуы.

2.3. Адамгершілікке тәрбиелеу тиімділігінің шарты ретінде оқу және тәрбие жұмыстарының бірлігі.

2.4. Тәжірибе жұмысын ұйымдастыру, оның нәтижелері және тиімділік көрсеткіштері.

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қосымшалар.

Зерттеу объектісі: кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу процесі.

Зерттеу пәні: кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің формалары, әдістері және құралдары.

Проблема: кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу формалары, әдістері және құралдарының қайсысы тиімдірек.

Зерттеу гипотезасы: кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің тиімділігіне мына жағдайларда қол жеткізуге болады: қоршаған адамдардың адамгершілік бейнесі және олардың беделге иеленуі, баламен қарым-қатынас жасаудың ізгіліктік сипаты; қазіргі талаптарға сәйкес адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруға мұғалімнің даярлығы; мектепте адамгершілік-хұқықтық орта және қарым-қатынас стилін орнату.

Зерттеу міндеттері:


  1. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің қазіргі мазмұнын және қазіргі заман талаптарына сәйкес адамгершілік тәрбиелеудің әдістерін анықтау.

  2. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің ерекшеліктерін талдау.

  3. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруға мұғалімді даярлау жолдарын анықтау.

  4. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің таңдалған формалары, әдістері және құралдарының тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.

  5. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуді жүзеге асыруда ұсыныстар даярлау.


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Педагогика кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:

Студенттің фамилиясы, аты, әкесінің аты

Мамандығы

Курс Топ

Ғылыми жетекшісі (Ф.А.Ә.)

Орал, ...жыл
Курстық жұмысты бағалау.

1. Курстық жұмыстың сапасын бағалау критерийлері

2. Курстық жұмысқа пікір жазу.

3. Әдебиеттердің және ақпарат көздерінің библиографиялық аппаратын жазу
1. Курстық жұмыстың сапасын бағалау критерийлері

Курстық жұмыс тапсырылғаннан кейін жетекшісі пікір жазады. Курстық жұмысьың сапасын талдау объектісі – жұмыс барысында алынған теориялық және практикалық жаңалықтардығ жиынтығы.



Курстық жұмысқа баға беруде оның теориялық, практикалық мәнін және өзектілігін атап өткен дұрыс.

Теориялық мәні:

  • зерттеудің нәтижелері оқыту мен тәрбиелеудің ғылымда бар тұжырымдамаларын, идеяларын, тұрғыларын толықтырады, дамытады;

  • зерттеудің нәтижелері дидактика, тәрбие теориясындағы кейбір қағидаларды нақтылайды;

  • зерттеудің нәтижелері осы саладағы бар теориялық қағидаларды қайталайды.

Практикалық мәні:

  • алынған нәтижелерді практикаға, оқу-тәрбие процесіне, оқыту әдістемесіне ендіру;

  • зерттеу нәтижелері жеке-әдістемелік сұрақтарды, тәрбие тәсілдері мен әдістерін шешуде маңызды болып табылады.

Зерттеудің өзектілігі оқыту мен тәрбие теориясы және практикасын дамытуда зерттеліп отырған проблеманы қарастыру және шешу қажеттілігін және дер кезінде шешім табу керектігін көрсетеді.
Қосымша 4

Пікір жазу бланкісі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Педагогика кафедрасы
Мамандығы __________________________________________________________

Курс ___________________________Топ __________________________________

Студент (Ф.А.Ә.)_______________________________________________________

Тақырып _____________________________________________________________

______________________________________________________________________

Пікір _________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Күні________ Бағасы _____________ Оқытушы қолы______________________
3. Әдебиеттердің және ақпарат көздерінің библиографиялық аппаратын жазу

  1. Егер ақпарат көзінің авторы белгілі болса, онда алдымен оның фамилиясы, кейін инициалдары жазылады:

Бахишева С.М. Гиназияны басқару. – Алматы, 2004.

Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. – М., 1995.

  1. Егер авторлар екеу немесе үшеу болса, онда авторлардың барлығы инициалдарымен кітапта орналасуы бойынша көрсетіледі:

Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы, 2004.

  1. Егер авторлар үшеуден көп болса, онда тек бірінші автордың фамилиясы және т.б. деген сөзбен тіркеле көрсетіледі:

Маркова А.К. және т.б. Ақыл-ойды диагностикалау және коррекциялау. – Петрозаводск, 1992.

  1. Егер ақпарат көзінде қосымша мәліметтер (оқу құралы, оқулық, еңбектер жинағы, шолу, ғалым жазбалары) болса, онда негізгі атауынан кейін қос нүкте қойылып, бас әріппен қосымша мәліметтер беріледі:

Поляков С.Д. Психопедагогика воспиатния: Опыт популярной монографии с элементами учебного пособия и научной фантастики. – М., 1996.

  1. Егер ақпарат көзі жалпы редакциядан (редакциясын басқарған) шыққан болса, онда ақпарат көзінің атауынан кейін бір қиғаш сызық (/) қойылады және әріптен кейін жазылады: /Жалпы ред.басқарған немесе Ред.басқарған. Содан соң – редактордың фамилиясы және инициалдары беріледі. Егер редакторы немесе құрастырушысы көрсетілсе, онда бұнда да бір қиғаш сызық (/) қойылады және бас әріппен жазылады: /Ред. немесе Құраст. Содан соң – редактордың немесе өқрастырушының фамилиясы және инициалдары беріледі.

Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны /Редакциясын басқарған А.С.Макаренко. Аударған З.Бейсенбаев/. - А., 1978.

Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу /Құрастырған В.П.Қырқалов,П.Э. Шпитальник. – А., 1975.

Ұстаздың шеберлікке жету жолдары /Құрастырған Ж.Нұржанова. – А., 1991.

  1. Егер сілтеме белгілі бір мақалаға (әңгіме) берілсе, ал ол мақала сол автордың басқа шығармаларының ішінде болып, олардың бәрі бір кітапта орналасса, онда автор фамилиясы және инициалдарынан кейін мақала (әңгіме) атауы беріледі де екі қиғаш сызық (//) қойылып, ақпарат көзінің барлық библиографиялық мәліметтері беріледі:

Коменский Я.А. Великая дидактика //Коменский Я.А. Соч.: В 2 т. – М., 1982. – Т 1. – С.242-446.

  1. Көптомдық басылымдарды жазуда автордың фамилиясы және инициалдарынан кейін былай жазылады: Шығ..жинағы немесе Шығ., қос нүкте қойылып, томның саны көрсетіледі: 3 т., 10 т.

  2. Басылымның реттік нөмірі былай жазылады: 5-ші басылым; 2-ші басылым, толықтырылған; 3-ші басылым, түзетулер енгізілген.

  3. Баспадан шыққан жері – міндетті библиографиялық элемент – атау септігі формасында беріледі: Алматы – А.; Астана –Ас.; Москва – М.; Ленинград – Л.; Санкт-Петербург – Спб.; Лондон - L.; Нью-Йорк –N.Y .

  4. Баспадан шыққан жылы «ж.» әріпінсіз толық көрсетіледі: 2004.

  5. Газет, журналдардан алынған ақпараттар былай көрсетіледі: автордың фамилиясы және инициалдары, мақала атауы, содан соң екі қиғаш сызық (//) қойылып, газет, журналдың атауы, нүкте, тире, жылы, нүкте, тире, журнал нөмірі (егер газеттен алынған болса, газеттің шыққан күні), нүкте, тире, беті, нүкте.

Шешенханова М. Мектеп басқарудың демократиялық алғышарттары //Қазақстан мектебі. – 1993. - № 2. – Б.3-6.
9. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Студенттің өз бетімен жұмысы – белгілі ғылым саласы бойынша білімдерін толықтыруға және танымдық іс-әрекетті қалыптастыруға, дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға бағытталған оқу іс-әрекетінің ерекше түрі.

Студенттің өз бетімен жұмысы оқу материалын игерудегі зерттеушілік тұрғы, шығармашылық белсенділік, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін, практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты.

Студенттің өз бетімен жұмысы – оқытушының қатсуынсыз, бірақ оның әдістемелік жетекшілігімен орындалатын, студенттің жоспарлы жұмысы.

Студенттің өз бетімен жұмысы әрбір дәріс және семинар сабағында өткен тақырыптар бойынша жүргізіледі.

Студенттің өз бетімен жұмысының сұрақтарын оқытушының өзі береді. Бұл сұрақтарға студент берілген әдебиеттер тізімі бойынша дайындала алады.



Студенттің өз бетімен жұмысы төмендегідей формаларда өтеді:

    • жазбаша жұмыс (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары, аннотация);

    • ғылыми жоба дайындау (семестрлік, курстық, дипломмдық жұмыстың басы, университет газетіне проблемалық мақалалар);

    • виртуалды ақпараттар жинақтау (локальды байланыс және Интернет арқылы);

    • электронды курс материалдарын меңгеру (компьютерлік жүйе арқылы).

Студенттің өз бетімен жұмысын оқытушы бағалау кестесі бойынша бағалайды. Студенттің өз бетімен жұмысы талапқа сай және уақытында жазылған кезде ғана орындалған болып саналады.
Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат, баяндама, курстық жұмыс т.б.)

    1. Ғылыми ізденістің жалпы әдіснамасы және педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері.

    2. Біртұтас педагогикалық процесс мұғалімнің ғылыми зерттеуі мен қызметінің объектісі ретінде.

    3. Ғылыми аппарат жэне педагогикалык зерттеудің логикалық құрылымы.

    4. Педагогикадағы ғылыми зерттеулердің әдістер жүйесі(жалпы сипаттама).

    5. Ғылыми зерттеудің жалпы үлгісі.

    6. Мәселе зерттеу процесінің құрылымының маңызды элементі ретінде және оның анықталуы.

    7. Педагогикалық тестілеу.

    8. Мәтінмен жұмыс жасау техникасы: жоспар, аннотация, конспект, тезис, реферат, цитата, рецензия.

    9. Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу және қолдану.

    10. Бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.

    11. Тәжірибелі-педагогикалық жұмыс және педагогикалық эксперимент: ұқсастықтары, айырмашылықтары, байланысы.

    12. Педагогикадағы әлеуметтік зерттеу әдістері.

    13. Педагогикадағы статистикалық зерттеу әдістері.

    14. Зерттеу нәтижелерін жинақтау және ғылыми жұмыстардың безендірілуі.

Педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін оқыту жэне тәрбиелеу практикасына енгізу.

\ГЛОССАРИЙ


Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

1

2

3

Анкета

Анкета




Әдіснама

Методология




Бақылау

Наблюдение




Болжам

Гипотеза




Ғылыми педагогикалық зерттеу

Научно-педагогическое исследование




Дедуктивті әдіс

Метод дедукции




Зерттеу объектісі

Объект исследования




Зерттеу пәні

Предмет исследования




Зерттеудегі мақсат қою

Целеполагание




Индуктивті әдіс

Метод индукции




Инновация

Инновация




Мақала

Статья




Міндет

Задача




Ой

Замысел




Педагогикалық мақсат

Педагогическая цель




Педагогикалық факт

Педагогический факт




Проблема

Проблема




Реферат

Реферат




Теориялық зерттеу

Теоретические исследования




Тест

Тест




Шарттар

Условия




Эксперимент

Эксперимент





Анкета әдісі – вербалды коммуникация негізінде бірінші әлеуметтік- психологиялық ақпарат алу әдісі.

Әдіснама – теориялық және пратикалық қызметті ұйымдастыру мен құрудың ұстанымдары және тәсілдерінің жиынтығы.

Бақылау - психикалық құбылыстарды жүйелі, мақсатты қабылдаудан тұратын эмпирикалық зерттеу әдісі.

Болжам – қажетті нәтижені қалай, қандай жолмен, ненің көмегімен алуға болатындығы жайында негізделген ой.

Ғылыми-педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімдерді қалыптастыру үрдісі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың объективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің бір түрі.

Дедуктивті әдіс - жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы

Зерттеу объектісі - шешуді қажет ететін маңызды проблемалар жинақталған ақиқат шындықтың саласы.

Зерттеу объектісі – зерттеушінің назарын аудартатын, зерттеу субъектісінен тәуелсіз өмір сүретін белгілі бір үрдіс, құбылыс.

Зерттеу пәні – бұл ракурс, бір нәрсеге қараудың нақты жағы.

Зерттеудегі мақсат қою – бұл шынайы педагогикалық ақиқат тұрғысынан мүмкіншілктерін есепке ала отырып, оның қазіргі күйін жаңа, қажетті, болашақта тілейтін күйіне өзгерту тәсілдерін таңдау

Индуктивті әдіс - ой қозғалысының жекеден жалпы қорытындыға қарай жүруі

Инновация - педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, формаларын, әдістерін, құралдарын енгізу.

Мақала – бұл нақты сұрақтар немесе зерттеу нәтижелері бойынша автордың көзқарасы көрсетілген шағын көлемдегі арнайы публикациялар.

Міндет – мақсатқа жетудің бөлігі, қадамы, кезеңі.

Ой – құралмен жабдықталған идея, бұл өзін жүзеге асырушы құралдармен қамтамасыз етілген идея.

Педагогикалық зерттеулердің мақсаты - жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудың объективті зааңдылықтарын ашу, белгілі заңдарды саналы және мақсатты түрде оқу-тәрбие жұмысының практикасында қолдану.

Педагогикалық мақсат – педагогикалық идеал және педагогикалық ақиқаттың шынайы үрдістері мен құбылыстарын өзгертуде олардың әлеуетін салыстыру негізінде жасалған болжаудың нәтижесі.

Педагогикалық факт – орта жағдайлары және тұлғаны дамыту факторлары арасындағы кейбір, бірнеше мәрте және шынайы бекітілген байланыстар.

Проблема – ғылымда белгісіз, анықталмаған нәрсе

Психодиагностика – тұлғаның индивидуалдық- психологиялық ерекшеліктерін анықтаумен өлшеуге әдістерді өндейтін психологияның саласы.

Реферат (лат. тіл.- refero – хабарлаймын) – ғылыми жұмыстың мазмұнын баяндама ретінде немесе жазбаша түрде беру.

Теориялық зерттеу – бұл педагогикалық құбылыстардың ерекшеліктерін, белгілерін, қасиеттерін, бөлек жақтарын бөліп қарастыру.

Тест – белгілі мәндік шкаласы бар стандартталған сұрақтармен тапсырмаларды қолданатын диагностикалық әдісі.

Шарттар – бұл ізденіс жүретін ішкі және сыртқы жағдайлар.

Эксперимент - зерттелініп жатырған объектінің мінез-құлқындағы өзгерістерді тіркеу және манипуляцияны жүзеге асыратын зерттеушінің сол ситуацияға белсенді кірісуін білдіретін ғылыми тану әдісі.
10. 2 курстағы педагогикалық практика «Ғылыми зерттеу жұмысының әдістемесі» деп аталады.

Мақсаты мен міндеттері: ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлау дағдысын қалыптастыру, қажетті әдістерді таңдай білу, экспериментті өзбетінше ұйымдастыру және зерттеу нәтижесін сапалы қорытындылау.

Іс-әрекет мазмұны: студенттің ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлау, жоспар және зерттеу картасын құрастыру, зерттеу тақырыбы бойынша картотека құрастыру, студенттердің тұлғалық ерекшеліктері және танымдық қабілеттерін зерттеу мәселесі бойынша диагностикалық әдістерді таңдау ( тест,анкета, жоспар, әңгіме, бағдарлама, бақылау), дидактикалық материалдарды таңдау зерттеу жұмысы тақырыбы бойынша көрнекі құралдар дайындау, психологиялық-педагогикалық экспериментті құрастыру білігін жүзеге асыру және жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесін талдау дағдысын қалыптастыру.

Педагогикалық практика барысы бойынша қалыптасатын білім, іскерлік,дағды: ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлау, зерттеу картасы мен картотека құрастыра білу, кластағы тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеу, танымдық процестерін зерттеу /зейінін бағалау, есте сақтау, ақыл-ой деңгейіне диагностика жүргізу/, жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу /өзін-өзі бағалау, үрейлену деңгейі, агрессия, темперамент, мінез акцентуациясын, мамандық таңдау/, дамыту жұмыстарын жүргізу, мұғалімге әрі қарай класпен жұмыстануға ұсыныс беру.

Педагогикалық практиканы ұйымдастыру принциптері: теория мен практиканың байланысы, практиканың кешендік сипаты, қазіргі мектепте білім берудің талаптарына сәйкестігі.

Студенттердің есеп құжаттары: зерттеу жұмысының жоспары, зерттеу картасы, зерттеу тақырыбы бойынша картотека құрастыру, диагностика қорытындысы, күнделік, оқушыға педагогикалық-психологиялық мінездеме беру, ұжымға педагогикалық-психологиялық мінездеме беру, қатысқан тәрбие сағаттарына талдау жасау, педагогикалық практика бойынша есеп.
11.Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары
Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

  • Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті



Яғни 100% (1 рейтинг) + 100% (2 рейтинг) + 100% (емтихан).

Баға қою саясаты: Семестр барысында төмендегі формада бақылау жүргізіледі:






Бағаның түрі




Баға критерииі

Жұмыс

Орындалған жұмыс саны

Бар лығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

 

Балы = %

балл






дәріске белсенді қатысу

100

30

3000

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+



СОӨЖ орындау

100

45

 4500

+

+

+

+

+

+

+

 

+

+

+

+

+

+

+



Практикалық сабақтар

100

15

1500














































4

СӨЖ

100

45

4500

+

+

+

+

+

+

+

 

+

+

+

+

+

+

+

5

Жеке жұмыс жаттығуларын орындау (газет, журнал, т.с.с. қосымша тың ақпараттар жинақтау, рефераттар)

100


4

400

 




+







+










+







+



+


6

Бақылау жұмысы.

100

2

200

 

 

 

 

 

 

+

 

 

 

 

 

 

+




7

Аралық бақылау

100

2

200






















+



















+

8

Аралық аттестация

100

1

























+

























Емтихан

 100

1

100

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семестр барысында екі аралық бақылау 7-ші және 15-ші аптада өткізіледі. Аралық бақылау бойынша студенттің ең үлкен үлгерім көрсеткіші 60 % құрайды.

Семестр соңында емтихан болады. Емтихан бойынша ең үлкен үлгерім көрсеткіші 40 % құрайды.

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулардың ең үлкен көрсеткіші / max 60 %/ мен емтихан / max 40 %/ көрсеткішінің қосындысынан құралады, яғни 100 %-ды құрайды.

Қорытынды емтихан курстың теориялық және практикалық материалдарының негізгі мазмұнын қамтитын 30 сұрақтан тұратын тест арқылы алынады.

Студенттің білім, білік және дағдысы төмендегі кестедегідей бағаланады:


Пайыз

Ұпай

Баға

Дәстүрлі баға


95-100

4,0

А

Өте жақсы

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы


80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағаттанарлық



65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

Д+

50-54

1,0

Д

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

1.7 Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

Студенттерге қойылатын талаптар

1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.

2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу керек, сабақ уақытында ұялы телефонын сөндіру керек, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.

3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түрде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.

4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.

5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындау арқылы тексеріледі.

6. Пікірлесу.

Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындау арқылы жүргізілуі мүмкін.
Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары

1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

  1. Ғылыми ізденістің жалпы әдіснамасы

  2. Әдіснама білімді жинақтау және практикада қолдану тәсілдері жайындағы ғылым ретінде.

  3. Педагог мәдениетінің әдіснамалық компоненті.

  4. Дескрептивті және прескрептивті әдіснама.Әдіснаманың деңгейлері.

  5. Педагогика ғылымының әдіснамалық негіздері

  6. Қазіргі психологиялық-педагогикалық зерттеулердің теориялық негіздері және проблематикасы.

  7. Білім беру инновацияларының мәні, олардың сипаттамасы.

  8. Педагогикалық шындық және оны зерттеу. Педагогикалық зерттеулерге сипаттама.

  9. Педагогикалық зерттеулердегі әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық деңгейлердің сәйкестігі.

  10. Педагогикалық зерттеу ұстанымдары.

  11. Дәстүрлі-педагогикалық әдістер.

  12. Зерттеу ізденісінің көздері мен жағдайлары

  13. Педагогикалық ғылым мен практиканың өзара байланысы

  14. Білім беру ұйымдарында тәжірибелік-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру.

  15. Ұжымдық кешенді зерттеуді ұйымдастыру кезеңдері

  16. Ізденіс жұмыстарын өткізу шарттары

  17. Зерттеудің қисындық (логикалық) құрылымы.

  18. Зерттеудің проблемасы және тақырыбы
  19. Ғылыми педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы


  20. Мұғалім мен зерттеуші-педагогтың әдіснамалық мәдениетінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары

  21. Зерттеудің объектісі және пәні

  22. Зерттеудің мақсат-міндеттері.

  23. Педагогикалық жоғары оқу орнының студентінің педагогикалық мәдениеті

  24. Зерттеудің теориялық негізі – идея, ой, және болжам.

  25. Зерттеу жұмысының тізбегі

  26. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдістері және әдістемесі.

  27. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдістері.

  28. Әдебиетті және басқа ақпарат көздерін зерттеу.

  29. Бақылау әдісі: түрлері, ерекшеліктері.

  30. Зерттеу ізденісінің нәтижелілігі көрсеткіштері

  31. Сұрау әдісінің формалары: сауалнама және интервью.

  32. Сұрақ қою әдістемесі.

  33. Теориялық зерттеу әдістері.

  34. Тестілеуді өткізу және алынған нәтижені интерпретациялау ережелері.

  35. Тест түрлері: қабілеттерді анықтау, жетістіктерді анықтау, тұлғалық .

  36. Тестілеуге қойылатын талаптар.
  37. Іс-әрекет нәтижелерін зерттеу әдісі.


  38. Бағалау әдісі (тәуелсіз мінездеме, психологиялық-педагогикалық консилиум, диагностикалық ситуация).

  39. Эксперимент әдісі: түрлері, ерекшеліктері.

  40. Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу және қолдану.

  41. Педагогикалық бақылау.

  42. Психологиялық-педагогикалық тексеру

  43. Педагогикалық зерттеулердегі сұрау әдістері.

  44. Кешенді педагогикалық эксперименттің түрлері.


8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

  1. Педагогикадағы әлеуметтік зерттеу әдістері.

  2. Тестілеу әдісі.

  3. Тест сұрақтарын құру әдістемесі

  4. Тестілеуді өткізу

  5. Әңгімені өткізу әдістемесі

  6. Озат педагогикалык тәжірибе мен инновация.

  7. Зерттеудің нәтижелерін талқылау, сынақтан өткізу және рәсімдеу

  8. Логикалық және көркем-бейнелік интерпретацияның ерекшеліктері

  9. Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату.

  10. Инновация туралы ұғым.

  11. ҒЗЖ студенттердің кәсіби дайындығына тигізер әсері.

  12. Педагогикалық институттағы СҒЗЖ.

  13. Математикалық әдістер

  14. Әдебиет көздерін зерттеу әдістемесі.

  15. Аннотациялау әдістемесі.

  16. Реферат жазу әдістемесі.

  17. Конспектілеуге қойылатын талаптар.

  18. Зерттеу проблемасының күйін талдау.

  19. Ғылым мен тәжірибе фактілерін жинақтау және жазу.

  20. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары.

  21. Курстық және дипломдық жұмыстар

  22. Курстық жұмысқа қойылатын негізгі талаптарға сипаттама.

  23. Дипломдық жұмысқа қойылатын негізгі талаптарға сипаттама.

  24. Педагогикадағы гносеологиялық операциялар

  25. Ғылыми басылымдарға қойылатын талаптар

  26. Мерзімді баспасөздегі жарияланатын ғылыми басылымдардың түрлері: ерекшеліктері және құрылымы

  27. Мерзімдік емес басылымдар түрлері: ерекшеліктері және құрылымы

  28. Әдіснамалық аппаратты құру әдістемесі.

  29. Курстық жұмысты орындау әдістемесі.

  30. Презентациялауды өткізудің практикалық дағдылары

  31. Көрнекі құралдарды пайдалану әдістемесі

  32. Сөз сөйлеу шеберлігі

  33. Курстық жұмыстың безендірілуі

  34. Курстық жұмысты қорғау тәртібі.

  35. Педагогтың шығармашылық даралығы


Емтиханға дайындық сұрақтары.

  1. ... - таным және ондағы өзгерістердің теориялық жиынтығы; ғылыми танымдық іс-әрекеттің формалары мен тәсілдері, құрылымы жайындағы ілім.

  2. Әдінаманың атқаратын қызметтері

  3. Әдіснамалық білімнің формаларын атаңыз:

  4. ... әдіснама – бұл ғылыми білімнің құрылымы мен ғылыми танымның заңдылықтары жайындағы ілім. Ол зерттеу үрдісінде бағыт береді.

  5. ... әдіснамаіс-әрекетті реттеуші қызметін атқарады.

  6. Әдіснамалық білімнің құрылымдық деңгейлері

  7. Философиялық деңгейде қандай мәселелер қарастырылады?

  8. Жалпығылыми деңгейде қандай мәселелер қарастырылады?

  9. Нақтығылыми деңгейде қандай мәселелер қарастырылады?

  10. Технологиялық деңгейде қандай мәселелер қарастырылады?

  11. Әдіснаманың ... - ғылыми зерттеу үрдісі, яғни құрылымдық бөліктері, біртұтас ғылыми-танымдық іс-әрекет.

  12. Әдіснаманың .... – білім, оның генезисі және оны алу тәсілдері, практикалық қолданыс табуы.

  13. Әдіснаманың қай бағытына негізделген ғылым өз зерттеулерін өндірістік-экономикалық және әлеуметтік-саяси факторлардың ықпалына байланыстыра жүргізеді.

  14. Педагогтың кәсіби дайындығының ең жоғарғы деңгейі – оның ... мәдениетінің қалыптасуы.

  15. Педагогика және философия ғылымдарының негізгі ұғымдарының мәнін түсіну, білім берудің түрлі ұғымдарын нақты ойлаудан абстрактілі ойлауға көшу деңгейі ретінде ұғыну, педагогикалық теорияны таным әрекетінің әдісіне өзгерте білуі және т.б. – бұл белгілер педагог мәдениетінің қай түріне тән

  16. Педагогика әдіснамасының ... - жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту құбылыстарын тану

  17. Педагогика әдіснамасының ...– жаңа адамды қалыптастыру үрдісінің заңдылықтары.

  18. Педагогика әдіснамасының ... – оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді жаңа жолдарын жасау.

  19. ... – жаңа педагогикалық білімдерді қалыптастыру үрдісі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың объективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің бір түрі.

  20. Педагогикалық зерттеулердің негізгі мақсаты - ...

  21. Зерттеу тақырыбын анықтау; зерттеу міндеттерін анықтау; танымдық міндеттері мен деңгейлерін анықтау әдістерін, шарттарын белгілеу және ақпаратты алдын-ала талдау; бастапқы болжамдарды қалыптастыру; оларды теориялық және экспериментальдық тексеру; алынған нәтижелерді талдау; оларды ғылыми интерпретациялау; оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруде теориялық қорытындылар мен ғылыми-әдістемелік кеңестер жасау, құрастыру. Бұл педагогикалық зерттеудің ....

  22. Педагогикадағы зерттеулердің ... деңгейі белгіленген?

  23. Педагогикадағы зерттеулердің деңгейлері қандай?

  24. Педагогикалық зерттеулердің бұл деңгейінде ғылымның жаңа фактілері және олардың негізінде заңдылықтар қалыптасады.

  25. Педагогикалық зерттеулердің бұл деңгейінде бұрын ашылған фактілерді түсіндіруге мүмкіндік беретін негізгі педагогикалық заңдылықтар құрастырылады, болашақтағы жағдайлар мен фактілерге болжам жасауға мүмкіндік жасалады.

Тест нұсқасы

. Педагогика – бұл


  1. бала тәрбиесінің заңдылығын зерттейді және оны тәрбиелеудің жолдарын айқындайды.

  2. адамдардың тәрбиесі, оқытылуы және білім беруі жайындағы ағым

  3. тәрбиешінің тәрбиеленушіге оның көзқарасын құру мақсатында ықпал ету өнері

  4. адам тәрбиесі жайындағы ғылым

  5. жас ұрпақты оқыту және білім беру мәселелерімен айналысады

2. Ғылыми педагогиканың негізін қалаушы

  1. Я.А.Коменский

  2. Ж.Ж.Руссо

  3. Ы.Алтынсарин

  4. К.Д.Ушинский

  5. А.С.Макаренко

3. Педагогика дамуындағы тұңғыш құрал «Қазақ хрестоматиясының» (1889) авторы кім?

A. Ы.Алтынсарин

B. А.Құнанбаев

C. Ж.Аймауытов

D. Ш.Уалиханов

E. А.Байтұрсынов

4. .. .. – білім беру мен оқытудың теориясын жасайтын педагогиканың саласы

A. дидактика

B. тәрбие теориясы

C. мектептану

D. педагогика тарихы

E. салыстырмалы педагогика

5. «Ұлы дидактика» кітабының авторы


  1. Пестолоцци

  2. Я.А.Коменский

  3. Дж.Локк

  4. Ж.Ж.Локк

  5. М.жұмабаев

6. Тілі мүкіс, сақау адамдарды тәрбиелеу ісімен айналысатын арнаулы педагогика саласы

  1. логопедия

  2. әлеуметтік педагогика

  3. олигофренопедагогика

  4. тифлопедагогика

  5. сурдопедагогика

7. Авторитарлық тәрбие өкілі

    1. И.Ф.Гербарт

    2. Д.Дьюи

    3. М.Монтессори

    4. М.Дулатов

    5. Я.А.Каменский

8. Гуманистік тәрбиені сипаттайтын тұжырымды таңдаңыз

A. Тұлғаның бостандығы мен құқықтарын құрметтеу

B. Діни бағытта тәрбиелеу

C. Орталықтандырылған мектеп тәрбиесінен бас тарту

D. Жақсы істерді ынталандыру

E. Тәрбиеленуші әрекетіндегі толық бостандық

9. Аксиологиялық принциптерге жатады


  1. бірізділік пен жүйелілік

  2. көрнекілік

  3. біртұтас гуманистік құндылықтар жүйесінде олардың мәдени және этникалық ерекшеліктерін сақтай отырып, философиялық көз-қарастардың теңдігі

  4. дәстүр мен шығармашылықтың бірмәнділігі принципі, өткен ғылым мен тәжірибені зерттеу мен қолдану және рухани баюдың мүмкіншілігінің қажеттілігін тану принципі

  5. адамдардың экзистенцияалдық теңдігі, принципі, құндылықтар жайындағы жарыссөздерден әлеуметтік мәдени прагматизмге көшу принципі.

10. Педагогика әдіснамасының объектісі – бұл ...

A. Адам тұлғасын оқыту, тәрбиелеу, дамыту процестері

B. Білім, оларды практикада қолдану

C. Заңдылықтарды ашу, оларды практикада қолдану

D. Жаңа жолдарды жасау

E. Тәрбиелеу және дамузаңдылықтарын ашу

11. Оқу пәндері бойынша сынып және үй жұмыстарын, шығарма, реферат, есептерді т.б. зерттеу. Бұл қандай зерттеу әдісі?


  1. анкета

  2. мектеп құжаттарын зерттеу

  3. оқушылардың шығармашылық әрекетінің нәтижесін зерттеу

  4. эксперимент

  5. ішінара бақылау

12. Әдіснаманың құрылымдық деңгейін көрсетіңіз

A. Философиялық, жалпы-ғылымилық, нақты-ғылымилық, технологиялық

B. Реттеуші, шектеуші

C. Философиялық, педагогикалық

D. Технологиялық, ғылымилық

E. Құрлымдық

13. Төменде аталған тәжірибенің қайсысын ғылыми-педагогикалық экспериментке жатқызамыз?


  1. оқытудағы жекелеу тұрғысын жүзеге асыру тәжірибесі

  2. мектеп директорын тағайындауды өткізу тәжірибесі

  3. мектептің оқушылар комитетінің жұмыс тәжірибесі

  4. географияны оқыту барысында негізгіні белгілеу іскерлігін ұштау тәжірибесі

  5. бидай өнімдерін өсіру тәжірибесі

14. « »– бұл жаңа педагогикалық білімнің қалыптасу процесі, танымдық іс-әрекетттің бір түрі

  1. Педагогикалық жағдаят

  2. Педагогикалық жұмыс

  3. Педагогикалық зерттеу

  4. Педагогикалық әдіс

  5. Тәрбие процесі

15. Мектепке жаңа мұғалім келген. Ол 5 «а» сыныбына сынып жетекші ретінде тағайындалды. Оқу жылының басталуына екі жұма уақыт бар еді. Мұғалім өзінің тәрбиеленушілерімен алдын-ала танысу мақсатында былтырғы 4 «а» сыныбының сынып журналын, оқушылардың жеке іс-қағаздарын, мінездемелерін қарап шықты. Нәтижесінде әрбір оқушымен сырттай таныс болды. Сұрақ: мұғалім ғылыми-педагогикалық зерттеудің қандай әдісін қолданды?

  1. мектеп құжаттарын зерттеу

  2. эксперимент

  3. бақылау

  4. озат тәжірибені талдау

  5. тестілеу



12. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық қолдау.

№1 корпус №2 оқу залы.

Әдебиеттер №7 корпус №4 оқу залы.

«Педагогика және психология » кафедрасы. 212 аудитория



13. Пән бойынша арнайы аудитория

Сабақ кестесімен.
жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау