Жүйкелік-психикалық қысым психикалық жағдайдың ерекше түрі болып табылады.Бұл оның ауыр өмір жағдайы
жəне іс-əрекетіне байланысты дамиды.
Астеникалық жағдай немесе психикалық белсенділігінің қажуы,психикалық,əлсіздік,қозғыш,психалық процесс
өнімділігінің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, денелік əлсіздік жəне басқа да вегетативті- соматикалық
бұзылыстармен сипатталады.
Субдепрессивті көңіл күй психалық іс-əрекеттің төмендеуі, психоматориканың, ұйқының бұзылуы, вегетативті-
соматикалық қызметі, артериалды қысымның көтерілуіне бейім, əлеуметтік белсенділік жəне адамның қарым-
қатынасының төмендеуі.
Тəжірибе 1
Мақсат: Жүйкелі-психикалық қысым жағайының мəнерлік деңгейін өлшеу.
Тəжірибе қолданылады: Жүйкелі- психикалық қысым сауалнамасы (Т.А.Немчин ). Бұл негізгі жағдайдың 30
сипаттамаға ие, ол 3 деңгейге бөлінген.
Жұмыс тəртібі: Зерттеу шусыз жəне дыбыссыз бөлмеде, жарықпен қамтылған, индивидуалды бөлек өткізіледі.
Зерттелушіге нұсқау: «Бланкінің оң бөлігін қазіргі уақыттағы сіздің жағдайыңыздың ерекшеліктерін ескере
отырып «+» белгісімен белгілеңіз».
Қорытындыны өңдеу: Бланкіні толтырғаннан кейін барлық балл қосылып есептелінеді. Ең төменгі балл-30, ал,
максимальді-90 балл. Жиналған мəлімет хаттамаға енгізіледі.
Тəжірибе 2
Мақсат: Астеникалық жағдайдың мəнерлік деңгейін өлшеу.
Тəжірибе құралдары: Астеникалық жағайдың шкаласы. (Л.Д.Малкова шығарған жəне Т.Г.Чертова бейімдеген).
Шкала 30 пункт- бекітілімнен тұрады.
Жұмыс тəртібі: Тəжірибе 1 шартымен өткізіледі.
Зерттелушіге нұсқау: «Əрбір сөйлемді оқып жəне 4 графаның біреуіне қазіргі кезде сіздің көңіл күйіңізге
байланысты «+» белгісін қойыңыз».
Қорытындыны өңдеу: Тестті бланкіні толтырып болған соң жинаған балдар қосылады. Барлық шкала
диапазоны 30 балдан 120 балға дейін.
Сабақ хаттамасы
Аты-жөні..................................................................................
Өзекті жағдай сипаттамасы ( экзаменге дейін, экзаменнен кейін, жауапкершілікті жəне қиын тапсырманы
орындау алды жəне т.б.).............................................................................
Психикалық жағдай бағасы
Көрсеткіш
Баға, балл
Əртүрлілік жағдайының көріну деңгейі
Жүйке-
психикалық қысым
Астеникалық
жағдай
Көңіл-күй
Қорытынды жəне ұсыныс...........................................................
1-ші диапазон -30-ден 50 балға дейін- «Астенияның жоқтығы көрінбеуі»,2-ші диапазон-51-ден 75 балға дейін-
«əлсіз астения» 3-ші диапазон-76-дан 100 балға дейін- «Қалыпты астения», 4-ші диапазон- 101-ден 120 балға
дейін «Жоғары астения».
Тəжірибе 3
Мақсат: Субдепрессияның нақтылы деңгейін өлшеу.
Тəжірибе құралдары: Субдепрессия шкаласы ( В.Зунг жəне Т.Н.Балашова) 20бекітілімнен тұрады.
Жұмыс тəртібі: тəжірибе 1 жəне 2 шарттарына негізделген.
Зерттелушіге нұсқау: «Қазіргі жағдайыңызды ескере отырып, əрбір сөйлемді оқып шығып «+» белгісін
қойыңыз».
Қорытындыны өңдеу: Зерттелуші жинаған балдарды қосып есептелінеді. Сауалнама 10
«тікелей»(1,3,4,7,8,9,10,13,15,19) жəне «кері» сұрақтарға (2,5,6,11,12,14,16,17,18,20) ие.
Əрбір жауап 1-ден 4балға дейін бағаланады. Кейін зерттелуші жинаған балдар қосылып, мына формула
бойынша есептелінеді
О
1=
О
/80100
Барлық шкала баға диапазоны 4 зонаға бөлінеді.
50 балдан төмен- төменгі көңіл-күйдің көрінбеуі.
51-59 балл- мағынасыз, бірақ нақты көңіл-күйдің төменлдеуі көрінеді.
60-69 балл-көңіл-күйдің төмендеуі.
70-тен жоғары- субдепрессия жəне депрессия.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.« Сөзді алып таста» əдістемесі арқылы ойлаудың бұзылуын анықтау əдістемесі қалай жүргізіледі?
2. Көңіл күйдің түсіңкілігін, астеникалық, жүйкелік –психикалық жағдайды бағалау қалай жүзеге асады?
3.Өзіне деген қатынасын анықтау қалай жүреді?
№28 Дəріс.
Тақырып: Əлеуметтік –психологиялық экспертиза.
Дəрістің мазмұны
1.Топтың əлеуметтік –психологиялық ахуалын анықтау.
2. Іскерлік ойындарды проектілеу.
3. Заңдық – психологиялық экспертиза.
Мақсаты: Топтың əлеуметтік –психологиялық ахуалын анықтау, іскерлік ойындарды проектілеу, заңдық
– психологиялық экспертиза жөнінде ақпарат беру.
1.Топтың психологиялық əлеуметтік ахуалын анықтау.
Əлеуметтік-психологиялық ахуал – топтың жеке обьектілерінен көрініс табатын қасиеттерімен байланысты,
топтың тұтас психологиялық сипаты. Белгілі обьектілердің қатарына «Тігінен» жəне «Көлденең» өзара қарым-
қатынас, əрекеттің мазмұны, əрекеттің кейбір элементтері жатады. Бұл обьектілердің топ мүшелерінен көрініс
табуы, психологиялық ахуалдың эмпирикалық көрсеткіштерін ретінде жүреді.
Психологиялық ахуалды опитмизациялау топ əрекетінің тиімділігін көтеруде маңызды болып табылады.
Оптимизация бойынша шараларды өңдеу үшін оның дамуы мен қасиеттерінің деңгейін диагностикалау қажет.
Сонымен қатар, психологиялық ахуалды дамыту мен түзеу үшін қажетті факторларды табу керек. Жалпы
алғанда психологиялық ахуалды қалыптастыру үшін келесідей негізгі факторларды бөліп көрсеткен жөн:
1)
осы топтың негізгі бөлігі болып табылатын өндірістік қатынасты сипаттау;
2)
еңбек əрекетінің мазмұны, ұйымдастырылуы мен жағдайы;
3)
басқару мүшелерінің жұмыстарын бағалау ерекшеліктері;
4)
жетекшілік ету мінез-құлқы;
5)
топтың ресми жəне ресми емес құрылымының сəйкес келу деңгейі;
6)
топ мүшелерінің əлеуметтік-демографиялық жəне психологиялық ерекшеліктері;
7)
топтың саны жəне т.б.
Сабақтың мақсаты. топтың əлеуемттік-психологиялдық ахуалын диагностикалап, үйрету. Бұл əдістеме топтың
психологиялық ахуалының даму деңгейін анықтауға, психологиялық ахуалға жалпы баға мен оның дамуына
қатысты факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Құрал-жабдықтар: Топтың əлеуемттік-психологиялық ахуалын зерттеу үшін қажетті сауалнама.
Сауалнама еңбек ұжымындағы психологиялық ахуалды зерттеу үшін өңделген. Бірқатар сұрақтарды
өзгерткеннен кейін, оны оқу, спорт жəне басқа да топтарда қолдануға болады.
Жұмыс тəртібі: Сауалнама əлеуемттік-психологиялдық ахуалын диагностикалауға қажетті топ қатысушылары
толтыру үшін ұсынылады. Əрбір топ мүшелері сауалнаманы жеке толтырады.
Алынған қорытындыны өңдеу жəне сараптамалау келесідей жүргізіледі.
17-23 сұрақтарға жауап беру ретінде зерттелуші топқа қысқа əлеуемттік-демографиялық сипаттама береді.
Мұнда: топтың саны, жынысы, жас құрамы жəне топ мүшелерінің саны (пайызбен), бітірілмеген орташа, орташа
арнайы, бітірілмеген жоғары жəне жоғары білімі көрсетіледі. Сонымен қатар, топ мүшелерінің профессионалды
құрамы, жұмыс тəжірибелеріне байланысты орналасуы, олардың орташа айлық еңбекуақылары мен жанұялық
жағдайы анықталады.
6-13 сұрақтары ұжымның өзара жеке тұлғалық қарым-қатынасы мен ұжымдағы эмоционалды, когнитивті жəне
мінез-құлық компоненттеріне бағытталған. Əрбір компонент 3 сұрақпен тестіленеді: эмоционалды:6-8,12,
когнитивті: 9А, 9Б, 11; мінез-құлық: 7,10,13. Бұл сұрақтардың əрбір жауабы 1,0 немесе -1 тəрізді бағаланады.
Топтан алынған ақпарат хаттамада бекітіледі.
Жеке компоненнттерді біртұтас сипаттау үшін əрбір қатысушының жауабы келесідей қорытындыланады:
жағымды баға мынадай сəйкестілік кезінде алынады: 1+1,1+0,++-; жағымсыз баға - - - , - - +, --0; 000, 00-, 00+
болса, қарама-қайшы баға. əрі қарай əрбір компонент үшін топтың орташа бағасы саналады. Мыс; эмоционалды
компонент үшін мұнда Σ+, «эмоционалды компонент» қатарындағы жағымды жауап саны; Σ- - осы қатардағы
жағымсыз жауап саны, п – сауалнамаға барлық қатысушылар саны.
Алынған орташа бағалар -1ден +1-ге дейінгі интервалда орналасады. Бұл континиум 3 бөлікке бөлінеді:
1-ден -0,33-ке дейін – жағымсыз бағалар, -0,33-тен +0,33-ке дейін қарама-қайшылық баға, +0,33-тен +1-ге дейін
жағымды баға. 3 компонент бағаларының сəйкес келуі – эмоционалды, когнитивті жəне мінез-құлықтық –
психологиялық ахуалды жағымды, жағымсыз, қарама-қайшылық деп сипаттауға мүмкіндік береді.
1,14,15 жəне 16 сұрақтар бойынша алынған ақпараттарды өңдеуде, топтық бағаның индексі саналады. Бұл жерде,
əрбір сұрақтардың жауабы 3 нұсқаудың біреуімен бағаланады: +1, 0 немесе -1. Топтық бағаның индексі баға
санына байланысты есепеледі. Нəтижесінде топтың баға индексін келесідей аламыз: тұтастай алғандағы жұмыс,
құралдар жағдайы, жұмыспен қамтамасыз ету теңдігі, еңбек ақының көлемі, санитарлық-гигиеналық жағдай,
басқарушымен қарым-қатынасы, квалификацияны көтеру мүмкіндігі жəне əртүрлі жұмыстар, жұмыстың
ұйымдастырылу деңгейі, ұжымдағы іске басшының əсер ету деңгейі.
Бұл бағаларды сараптау топтағы психологиялық ахуалды сапалы түрде сипаттауға жəне түзетуді талап ететін
жерлерді анықтауға мүмкіндік туғызады.
1,2 жəне 5 сұрақтарына жауаптарды сараптау, топтың жағымды, жағымсыз, қарама-қайшылық жағын анықтауға
көмек болады. 4 сұраққа жауап топтың ресми жəне ресми емес құрылымын сараптауға , яғни басшылық жəе
Достарыңызбен бөлісу: |