Педагогика факультеті Психологиялық – педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы Мәнжазба Тақырыбы


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті



жүктеу 152,16 Kb.
бет17/20
Дата16.01.2022
өлшемі152,16 Kb.
#32926
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
ДШ деф102 СӨЖ2

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Педагогика факультеті

Психологиялық – педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы
Мәнжазба

Тепе-теңдік қабілетерінің даму үшін гимнастикалық жаттығулардың маңызы



Тексерген: Кулембаева А.Г.

Тобы: МДОжТ-202

Ақтөбе - 2020 жыл

Гимнастика - бұл сіздің денсаулығыңызды жақсартуға ғана емес, сіздің эмоционалды жағдайыңызға да тамаша спорт . Гимнастиканың негізгі түрлері: спорт, денсаулық және қолданбалы. Бүгін біз жарыстар өткізілетін бірінші бағытқа қызығушылық танытамыз.


Гимнастика түрлері

Гимнастика жаттығу жүйесі болып табылады, ол белгілі бір мөлшерде дайындығы мен дене күшін талап етеді, өйткені оларда күрделі элементтер бар. Бұл ең көне спорт түрлерінің бірі. Олимпиада ойындарының бағдарламасында 1896 жылы гимнастика енгізілді. Бүгінгі күні бұл спорт өте танымал. Спорт түрлеріне: акробатикалық, көркемдік, спорттық және командалық гимнастика.


Спорттық гимнастикадан әрбір спорт түрін қарастырайық:
Акробатикалық . Тепе-теңдікті ұстап тұруға және айналуды жүзеге асыруға негізделген белгілі бір жаттығулардың орындалуын көздейді. Жалпы алғанда жаттығулардың 3 тобы бар: секірулер, жұптар мен топтардағы жаттығулар.

Көркем . Спортшылар әртүрлі музыкалық жаттығуларды орындайды. Гимнастиканың бұл түрі тамаша икемділік, үйлестіруді дамытады және барлық бұлшықеттердің жағдайын жақсартады.

Спорт . Спортшылар кейбір раковиналармен, сондай-ақ тегін жаттығулармен және қолдауға арналған секірулермен жарысады. Гимнастикалық артиллериялық раковиналардың түрлері: едендік жаттығулар, жылқы, сақиналар, тірек секіру, барлар, шабандоздар мен журналдар.

Команда . Жарыс әйелдер мен ерлер арасында, сондай-ақ 6-дан 12 адамға дейін болатын аралас топтарда өткізіледі. Бұл бағыттың туған жері - Скандинавия.

Жарыстар белгілі бір ережелерге сәйкес жүргізіледі, сонымен бірге судьялардан талап етілетін көптеген талаптар бар. Олар жаттығулардың дұрыс орындалуына және спортшының пайда болуына қатысты.

Волейбол воллеyбалл, воллеy — «қалқып ұру», балл — «доп») ) — спорт түрі, анығырақ айтқанда, командалық спорт түрі. Мұнда 2 команда тордың екі жағына бөлініп тұрып, әр команда өздеріне тиесілі арнайы алаңда ойнайды. Ойынның мақсаты - волейбол добын команда өкілдері өздерінің алаңдарына түсіріп алмау керек, керісінше, қарсылас команданың белгіленген алаңына түсіріп, ұпай алу қажет. Егер команда өкілдерінің біреуіне доп тиіп, ол доп аутқа кететін болса, қарсылас команда ұпай еншілейді. Сондықтан қарсыласты қателестіру арқылы ұпай алуға болады. Доп белгілі бір команданың алаңында болған кезде, ол командадан тек үш ойыншы ғана допты келесі жаққа асыруға көмек ете алады, яғни, үш реттен артық допқа қол тигізуге болмайды (блок қойған жағдайда ғана төртінші рет допты алаңда ұстауға болады).

Волейболдың ережелерін бекітіп, басқа да волейболға қатысты маңызды істермен айналысатын басты кеңес - Халықаралық волейбол федерациясы.

Волейбол - комбинациялық спорт түрі. Волейбол алаңында әрбір спортшы маңызды рөл атқарады. Волейбол ойыншысы биіктікке секіру қабілеті жоғары, реакциясы мықты, командаластарымен еркін түсінесетін, физикалық әлеуетін соққы жасау кезінде орынды пайдаланатын ойыншы болғаны жөн.

Волейбол ойнаушы адамдардың бұл ойынды ұнатуының басты себептері: салауатты өмір салтын ұнату, ережелерінің оңай болуы және волейбол ойнау үшін көп құралдың қажет болмауы.

Волейболдың бірнеше түрі бар: жағажай волейболы, мини-волейбол, пионербол, саябақтағы (парктегі) волейбол (1998 жылы Токиодағы ФЫВБ кеңесінде бекітілген).

Спорт және қимыл ойындары – дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді, сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек. Волейбол еңбекші бұқараны дене шынықтыру және спортпен тиянақты айналысуға, белсенді демалуға, Президенттік сынақ тапсыруға тартудың күшті жолдарының бірі. Енді осы ойынның адам организміне әсері туралы қысқаша тоқталайық.

Ойын тактикасының қарапайымдылығы және доп үшін тікелей тартыстың жоқтығы волейболмен көпшіліктің жаппай айналысуына жол ашады. Ал волейболшылардың организміне түсетін салмақ мөлшері орташа деңгейде. Денеге аса күшті әсер ететін қимыл-жүгіру мұнда аз қолданылады

Волейбол ойнау реакция жылдамдығын, ептілікті, төзімділікті калыптастыруға көмектеседі, тыныс жүрек-тамыр, бұлшық ет жүйелерін нығайтады, ой шаршауынан арылтады, жалпы алғанда организмге игі әсер етеді.

Волейбол адамды ұжымдық қимылға, жеке бас мүддесін команда мүддесіне бағындыра білуге, тәртіпті, болуға, өзгелерге дер кезінде көмекке келуге үйретеді.

Дәрігерлер мен дене шынықтыру, спорт мамандарының бір ауызды пікірінше, волейболдың емдеу-сауықтыру мүмкіндіктері орасан зор. Сондықтан осынау тамаша ойын әрбір мекеме, жоғары оқу орны, мектеп, демалыс орындарында берік орын алса, нұр үстіне нұр болар еді.

Арнайы спорт мектептері мен дене тәрбиесі мәдениетінің болашақ мамандарын даярлайтын оқу орындары оқушыларын волейбол спорт ойынының қыр-сырына қанықтыру-өте күрделі процесс. Олар:

1. Волейбол ойыншысына тән дене құрылысы, күш-қуаты және ұжымдық

әрекетке бейімдігі бар жаттығулар таңдау;

2. Әрбір жаттығушыларға тән психологиялық ерекшеліктерді үнемі назарда

ұстау;


3. 10-20 жас аралығындағылардың өсуі мен анатомиялық -физиологиялық

құрылымын зерделі тексеру;

4. Болашақ волейбол спорт ойынын жете меңгерушілерге қойылатын

арнайы талаптарды үнемі басшылыққа алу қажеттігі;

5. Жаттығушылардың ойын барысындағы атқартын функцияларын алдын-

ала белгілеу;

6. Жаттығу жүйесін алдын-ала жоспарлай отырып оның нәтижесін талдау;

7. Алдағы болатынспорт жарыстарыныңмақсатыменміндетін

ойыншылар мен бірлесе отырып талқылау;

8. Жаттығушыларды үнемі дәрігерлік байқаудан өткізіп, оларға берілетін

жүктемелердің организм мүмкіншілігіне үйлесімділік табуын қадағалау;

9. Жарыс-жаттығу кезеңі мен демалу және ширақ мерзімдері арасындағы

органикалық бірлестіктің мерзімін белгілеу;

10.Машықтанушы жастардың болашақ үлкен спорттта биік тұлға дәрежесіне дейін көтерілуіне жағдай жасау.

Сөйтіп, көпжылдық жаттығушылар мен жаттықтырушылардың көздеген мақсатына жетуіне бірден-бір себепші жоғарыдағы аталып өткен кезеңдердің жүйелі, ізбе-ізділікпен бірігуінен болатын нәтиже екендігін ескертеміз.

Көп жылдық дайындықтарға арналған оқу-жаттығу процесіне байланысты құбылыс. Себебі, жаттығу-дәріс кезінде әрбір шәкірт-машықтанушы тапсырма алады, оны өз бетімен орындайды. Тапсырманың түрлерін жаттықтырушы алдын-ала жоспарлап, оның мүлтіксіз орындалуын қадағалап отырады. Жаттығушылар орындайтын ойын тәсілдері бұрынғы меңгерген техникалық жаттығудың күрделіленген түрі немесе бұрын меңгерген ойын элементінің жалағыс да болуы мүмкін.

Жалпы білім беретін мектептердің Х-ХІ сыныптарындағы дене тәрбиесі пәнінің өзіндік ерекшеліктері барлығын мұғалімдер зерделі түрде ұйымдастырулары керек. Себебі бұл сыныптар оқушылары спорт ойындарының бір түрімен тиянақты, зор ыждағаттылықпен шұғылдануға ерекше мән береді, сондықтан да олардың ойын шеберлігіне мән беріп, жүйелі, мақсатты жаттығулар ұйымдастыру мақсаты қойылуы міндетті. Бұл жастағы окушылар психологиясына тән ерекшеліктер спорт ойындарының әдіс-тәсілін меңгерумен бірге оларға тән қимыл-қозғалыстардағы үйлесімділік, өзара келісімділік, ақыл- ой, сана -сезім және еріктілік сияқты қасиеттердің жүйелену кезеңдерінің бастау алулары. Сондықтан да мұғалімдер мен жаттықтырушылар бұл кезеңіндегі негізгі шарттардың бірі олардың ойын ережелерінің күрделі тәсілдерін үйреніп меңгерулеріне ерекше уақыт бөлулері болашақтағы олар іс-әрекеттерінің нәтижелілігін қамтамасыз ететінін ескертеміз. Оқушылардың волейбол ойыны дәрісін нәтижелі ұйымдастырудың бір пайдалы- тиімді түрі арнайы бағытта өткізілетін тәжірибе дәрісі болып былады. Бұл кезеңде ойын-жаттығу барысында жан-жақты дамыту жаттығуларын тиімді пайдалану арқылы талапқа сәйкес тәжірибелер жинақталады, шеберліктері арттыратын жалпы спорттық жаттығулар түрінде өз беттерінше тандауғ мүмкіншілік алады.

Дене тәрбиесі мұғалімдері болашақ волейболшылар дайындаудың алғашқы бесігі мектептегі дене тәрбиесі дәрісі екендігін назардан тыс қалдырмауы қажеттілік демекпіз, себебі тек дамудың осы кезеңінде төмендегілердей сапалық өлшемдер бар. Олар: теориялық жәңе әдістемелік білімдерді, айла-әдіс шеберлік деңгейін қамтитын бағдарламалық материалдарды меңгеру дәрежелері, дене шынықтыру, салауатты өмір салтын баянды ету.




жүктеу 152,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау