Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



жүктеу 1,83 Mb.
бет11/24
Дата07.02.2020
өлшемі1,83 Mb.
#28580
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Психологиялық өлшеудің классикалық теориясы қалай жүзеге асады?

2.Теория бөліктері қандай?

3.Шкалалар типтері қандай?

4.Шкалалар типреті және түзілістер типтерін ата?

Әдебиеттер:

1.Бурлачук Л.Ф. Морозов С .М. Словарь – справочник по психодиагностике .СПБ Питер Ком, 1999

2.Волков.Б.С. Волкова В.Н. Методы исследования в психологии. М., 2002.

3. Гайда В.К. , Захаров В.П. Психологическое тестирование . Л,МГУ , 1982г

4.Ганзен В.А. Балин В.Д. Теория и методология психологического иследования.

5.КрыловаА.А, МаничеваС.А.Практикум по общей экспериментальной и прикладной психологиим.,2006. 33-49.


17 Дәріс.

Тақырып: тестілеу.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.тестілеу және өлшеу теориясы.

2. Классикалық эмперико-статикалық тест теориясы.

3.Тестілеудің стохастикалық теориясы.

Мақсаты: Тестілеу және өлшеу теориясы, классикалық эмперико-статикалық тест теориясы, тестілеудің стохастикалық теориясы жөнінде білімдерді тееңдету.

Дәрістің мазмұны

Тест – бұл диагностикалық әдіс. Қазіргі уақытта көптеген мектептерде қабылдау алдында балаларға психологиялық тексеру жүргізеді. Бір жағдайларда бұл белгілі бір мамандықтарға үйрету немесе арнайы бағытқа салу, басқа жағдайда – балаларды оқыту қарқыны әртүрлі деңгейлі сыныптарға бөлу үшін жасалады.. мұнда психолог арнайы тест қолданады. Тестілер – бұл стандартталған, жекелей психологиялық айырмашылықтарды анықтауға арналған, уақыт жағынан шектелген сынақ түрі. Сонымен бірге тестілер баланың ақыл-ойын дамыту бағдарламасын жасауға, оларды мектепке оқуға дайындауға және психикалық даму деңгейі сәйкес болмаған жағдайда түзету бағдарламаларын жасауға негіз бола алады.

Тест-стандартталған, белгілі бір белсенділік қалпын ынталандыратын, тапсыр маны орындау уақыты шектеулі, қорытындысы санақ түрінде бағаланатын және тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретіінансамбль деп түсіндіріледі.Сынақ, тексеру аймағында кең қолданысқа ие «тест» термині көне тарихқа ие.

Р.Пэнта және М.Гравитс (1972) бойынша «тест» сөзі ежелгі француз сөзінен шыққан, «кесе», «аяқ» сөздерінің синонимі болып табылады. Күйдірілген саз балшықтан жасалған, аса үлкен емес ыдыстарды алхимиктер тәжірибелерін өткізетін болған.Орыс тіліне «тест» сөзі ұзақ уақыт бойы екі мғынада қолданылып келді.

1. Қоғамдық қызметке тұратын әрбір адам,өзінің жасырын католик емес екендігін көрсету үшін беретін діни ағылшын анты.

2. Алтын немесе күмістен қалайыны ерітіп, бөлуге арналған жалпақ ыдыс.

Қазіргі мазмұнға жақын «тест» термині- психологиялық термин мазмұнына ХІХ ғасырдың аяғында ие болды.

Психодиагностикада тесттердің әртүрлі классификациясы белгілі. Олар тест тапсырмасының ерекшелігіне қарай вербальді және тәжірбиелік, сынақ процедурасының формасына қарай –топтық және жеке тест болып,бағытына қарай –қабілет, тұлға және жеке психикалық функциялардың тесті болып, уақыттың шектеуіне қарай жылдамдық тесті және қорытындылық тесттері болып бөлінеді.Сонымен қатар тесттер құрастыру принципімен де ерекшеленеді. Соңғы 10 жылдарда көптеген тесттерді компьютер ортасына бейімдей бастады. Ол тесттерді компьютерлендірген деп атайды. Қазіргі есептеуіш техника мүмкіндігіне сай компьютердік тесттер құрастырылуда.

Тесттің кез-келген тану құралы сияқты нақты зерттеу жағдайында оның кемшілігі немесе жетістігі ретінде қарастырылатын ерекшеліктері бар.Тестті эффективті қолдану көптеген факторларды есепке алуға байланысты, солардың ішінде ең маңыздысы-теоретикалық концепцияны қолдану аймағы. Тест қолдануға оңай, «қарапайым» болу керек деген көзқарас шындыққа жатпайды.

Күрделі психикалық зерттеу құралы бола отырып, тест «жеңіл» тапсырма болуы мүмкін емес.Тестті ғылыми қолдану жалпы психологиялық білімсіз, психодиагностикалық зерттеулердің теория және тәжірибе аймағындағы біліктіліксіз мүмкін болмас еді. Тестілеуде психодиагностиканың этикалық нормасын қабылдау да аса маңызды жәйт.

2.Әдістемелерді жасау және бейімдеу технологиясы.

Ерекше әдістемені жасау және шетелдік әдістемені бейімдеу тек қана бөлек психометрикалық қасиеттерін, репрезентативтілікті, сенімділікті, валидтілікті тексеруден ғана тұрмайды. Бір жағдайда жұмысты бір этапынан бастау дұрыс болса, басқа жағдайлада басқасынан бастау дұрыс болады. Шындығында кез-келген тестті қолдану жағдайы тек қана «жобалау» немесе «қолдануға» жатпайды.

Сонымен қатар тестілеудің барлық аспектілерінің өзгеріссіз және зерттелген, қалыпты қолдануға дайын тесттің жағдайларын табу да қиын. Жағдайлардың көп қырлылығын, барлық тәуелсіз параметрлер комбинаторикасын психолог-практиктер, екі-үш белгілі жағдайға әкелуге тырысды.

1.Қолдану жағдайы. Тестті біреу құрастырған, белгілі бір тіл мәдениетінен алынған тесттік нормалар бар.(стандарттау таңдауының және жас-жыныстық құрылымға қолдану таңдауы кәсіби-мәдени белгілері бойынша мәнсіз саналады).

2.Бейімделу жағдайы. Тестті біреу құрастырған, сенімділігі мен валидтілігі тексерілген, бірақ тесттік нормалары жоқ.Бейімделудің басты мақсаты тесттік нормаларды құру болып табылады

3.Құрастыру жағдайы. Психикалық қасиетті концепция бар,бірақ оны өлшейтін уақыт, орын, санақ анализі және басқа ресурстардың кедергілеріне талапты қанағаттандыратын процедурасы жоқ. Сондықтан өлшейтін процедураны тауып, оның сенімділігін, валидтілігін тексеріп, тесттік нормаларды құрастыру керек.

Аударма тестілердің бейімделу сұрақтарына тоқтала кетсек. Дайын шетел әдістемелері арқылы отандық әдістемелер репертуарын толықтыру көптеген психологтар үшін психодиагностикаға арзан, қысқа, валидті жол болып табылады. Бірақ, бейімдеу тек қана тесттік ұпайда нормативті бөлуге теңестірілсе, онда бейімделген әдістеменің валидтілігі мен сенімділігі жаңа жағдайда сенім оятады, ал авторлардың тесттік концепциясы және оның қолданған валидтілік критериінің мазмұны біздің жағдайға өзгерісіз енеді. Мұндай ауыстыру қалыпты психикалық қасиеттерді тестілеуде елемейтін қателіктерді береді (жүйке жүйесінің қасиеті, функционалдық жағдайы, сенсомоторлық параметрлері, қалыпты когнитивті функциялары).Тұлғаның интегралдық психикалық қасиетін және жеке сезінуді (түрткілер,өз-өзін бағалау,жалпы қабілеттер,қарым-қатынас стилі, құндылыққа бағдарлануы, қызығушылықтыры), сонымен қатар кез-келген лингвистикалық құралдарды қолдануды және мәдени спецификалық критерилердің қорытындысын бағалауды тестілеуде бейімдеудің тесттік нормаларын ғана жинастыруға болмайды.



Жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайда, көлемі бойынша ерекше әдістеме жасауға жұмыстың сенімділігі мен валидтілігін тексеру үшін эмпирикалық жұмыс қажет. Бұл жол саналы түрде немесе білместіктен психометрика принциптерін елемейтіндер үшін ғана қысқа болып табылады.Аударылған көп деңгейлі сұрақнама-тестін бейімдеудегі жұмыста эмпирикалық-статистикалық сатыларды атап кету жөн.

3.1.Тесттің ішкі валидтілігін талдау. Бұл талдау барлық эмпирикалық индикаторлардың қиылысында жатқан, жалпы диагностикалық қасиет барын көрсетуге арналған. Мұндай анализ барлық факторлық анализ бойынша алынған тесттік шкалаларға міндетті саналады. Мысал ретінде Айзенктің EPI сұрақнама-тестін және Кеттелдің 16 факторлық тестін атап кетуге болады.Ал «бақылау локусы» немесе ММРІ клиникалық шкалалары сұрақнамасына ішкі келісімділікті талдау талабын қойып қажеті жоқ, өйткені бұл шкалалардың пункттері сыртқы критерий бойынша таңдалған және бір ортаға жинақталмаған.Ішкі келісімділікті талдау бірдеңгейлі және көпдеңгейлі тестке тесттерге қолданылады. Бірінші жағдайда жай ғана калькулятор ғана қажет болса, көпдеңгейлі тесттерге арнайы компьютерлік «пункттерді талдау бағдарламасы» қажет. Біртекті емес шкалаларға қарағанда ішкі келісімділікті талдау пункттердің ақпараттандырылғандығын тексеруге мүмкіндік береді(дұрыс жауап автордың ерекше версиясына сай келуі керек).

2. Қайта тестілеуге тұрақтылығын тексеру. Бұл сынақ теоретикалық тұрғыдан уақытқа инварианттылық күтілетін қасиеттерді диагностикалауға қажет. Ретестті сенімділікті талдау тесттің бөлек пунктінің ақпараттанды-рылуымен қатар бөлек пунктінің тұрақтылығымен де қатар жүргізіледі. Ретесттік сенімділік ақпаратынсыз психолог кез-келген тестті элементарлы статикалық экстраполирлік болжам құру үшін қолдануға құқы жоқ.

3. Сыртқы релевантты кореляция критериін талдау. Егер тест басынан критериалды-бағдарланған болып құрастырылса бұл бейімдеудің деңгейі өте қажет. Мысалы, мұндай жұмысты Ф.Б.Березиннің ұжымы ММРІ-дің қысқартылған модификацияланған түрін жасау үшін атқарған.

4. Тесттік нормаларды тексеру немесе рестандартизациялау. Бұл этап жайында жоғарыда айтылып кеткен болатын. Өкінішке орай, тесттерді бейімдеу жұмысында осы деңгейді ғана психологтар қажет деп келген болатын.Бірақ бұл жағдайда да таңдауды ыдыратуға тесттік ұпайды бөлудегі тұрақтылықты тексеруге қажетті жұмыс үнемі атқарылған жоқ.

5. Көпдеңгейлі тесттерге спецификалық деңгей- шкалалар арасындағы орын басу құрылымын тексеру болып табылады. Мысалы Айзенк тесті үшін ортогональдық, статистикалық тәуелсіздік тән. Тіпті аталып кеткен 5 сатыны қысқаша қарастырып өтудің өзі шетел тесттерін бейімдеу ерекше әдістемелерді жасаудағы эмпирико-статистикалық жұмыс көлеміне кем түспейді.Бұл жерде «бейімдеу» терминін қолданғаннан гөрі «шетел әдістемелерін отандық таңдауда зерттеу» деген дұрыс болар еді. Дегенмен айтылғанды шетел шетел әдістемесімен жұмыс істеуге қарсы шығу деп түсінуге болмайды. Жоқ, әрине мұндай жұмыс интенсивті және жоспар бойынша жүргізілуі тиіс. Бұл әлемге тараған кроссмәдениетті, әмбебаптылығын дәлелдеген, көп елдерде қолданысқа ие,бейімделген тесттерге қатысты. Халықаралық тесттердің отандық эквивалентін жасау халықаралық валидтеу, теоретикалық мазмұндылық және тесттерді қолдану тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді.

Психологтардың алдына тестті жас-жыныс немесе кәсіби-мәдени ерекшеліктері стандартталған таңдаудан жаңа популяцияға «ішкі мәдени ауыстыру» жағдайы ерекше міндет қояды. Бұл жағдайда қажет:



  1. Әдістеменің валидтілігін, әдістеме өз мағынасы бойынша кәсіби немесе аймақтық ерекшеліктерге жақын болса, тексеру қажет. Бұл мүмкіндігінше максималды экономды валидтілікті тексеру процедурасын таңдау керек. Таңдаудың көлемі экспериментте валидтілікті тексергенде статистикалық байланыстарын алуға күтілетіндей болуы тиіс.Егер валидтілікті тексеру қорытындысы қанағттанарлық болмаса, онда жиналған қорытындылар бойынша жай ғана пункттерге талдау жасау керек: кейбір пункттер ақпараттандырылғандығын тексеру керек, кейбір сұрақтар мағыналылығын,осы жағдайға қолдануға маңыздылығын қарастыру керек. Тесттік ұпайды санағанда қажетсіз пункттерді алып тастағанда валидтілік анықталады.

  2. Тесттік нормалардың сай келуін анықтау. Валидтілікті тексеруден кейін жағымды қорытынды алынғанда ғана таңдауды кеңейтіп, тесттік ұпайларды эмпирикалық бөлуді қайта құрастыруға болады.Бұл бөлудің квантилиясын нормативті бөлудің квантилиясымен салыстыруға болады, егер қайшылықтар өлшеу қатесінен аспаса әмбебап тесттік норма популяциясына жатқызу туралы қорытынды шығаруға болады.Бірақ практикада маңызды өзгешеліктер жиі пайда болады. Бұл жағдайда психолог жеке тесттік тәжірибесінде ғана емес, отандық психодиаг-ностиканың ақпараттық-әдістемелік бланкін толтыру үшін де қажет. Әдістемені жасауда өткен бөлімде айтылып кеткендей, шешуші рольді психологтың мәртебесі мен әдіснамалық бағдары атқарады.

4. Мәртебе мағынасы бұл жағдайда зерттеу мекемесінде және тәжірибелік мекемедегі жұмыс атқаратын психологтың әрекет өнімдері нормативті талаптарының айырмашылықтары деп түсініледі. Егер бірінші жағдайда психолог өзінің құрастырған әдістемесінің ішкі психологиялық валидтілігін қорытынды өнімі санаса, екінші жағдайда ол өзінің психодиагностикалық бағдарламаларының тәжірбиелік эффективтігін қамтамасыз етуі керек -диагностикасының статикалық маңызды байланысын - әлеуметтік құнды көрсеткіш критериін көрсетіп, осы байланыс негізінде психологиялық «әсер ету» концепциясын құрастыруы керек. Көрсетілген психолог-зерттеуші және психолог-практик мәртебелерінің бастапқы ерекшеліктері тестті және тесттік батареяларды құрастыру стратегиясындағы аяқталған ерешеліктерді көрсетеді. Психолог-зерттеушіге басты құндылық-бұл конструктты валидтеуге аяқталған бағдар бойынша қол жеткізген диагностикалық, конструкттылық дәлелденуі және эмпирикалық бір мағыналылығы болып табылады. Теоретикалық , эклектикалық - ғылыми қатал конструктты жоқ эмпирикалық құрал көмегімен алынса да психолог-практик үшін басты құндылық бұл- эффективтілік болып табылады.

Психодиагностика- басқаратын сақина түрінде жүзеге асырылатын «ғылым-тәжірибе-ғылым-тәжірибе...» түріндегі спецификалық институт сияқты, егер кез-келген тесттерді құрастыру,қолдану мүмкін болса өз жұмысында оптимальді режимге ие болады.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.тестілеу және өлшеу теориясы дегеніміз не ?

2. Классикалық эмперико-статикалық тест теориясы қалай жүзеге асады?

3.Тестілеудің стохастикалық теориясы қандай?

Әдебиеттер:

1.Бурлачук Л.Ф. Морозов С .М. Словарь – справочник по психодиагностике .СПБ Питер Ком, 1999

2.Волков.Б.С. Волкова В.Н. Методы исследования в психологии. М., 2002.

3. Гайда В.К. , Захаров В.П. Психологическое тестирование . Л,МГУ , 1982г

4.Ганзен В.А. Балин В.Д. Теория и методология психологического иследования.

5.КрыловаА.А, МаничеваС.А.Практикум по общей экспериментальной и прикладной психологиим.,2006. 33-49.


18 Дәріс.

Тақырып:Экспериментальды психологиялық зерттеулер нәтижелерінің интерпретациясы.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Интерпретация және қорытындылау.

2.Зерттеу нәтижесінің формасы.

3. Ғылыми мақалаға қойылатын талаптар.

Мақсаты: Интерпретация және қорытындылау, зерттеу нәтижесінің формасы, ғылыми мақалаға қойылатын талаптар жөнінде түсіндіру.

Дәрістің мазмұны:

1. Интерпретация дегеніміз латын тілінен алынған (interpretation) сөз ғылыми тілмен айтқанда –мазмұнын ашып түсіндіру , талқылау, ал, өнер тілінде көркемдік шығарманы творчествалық орындау, автор-лық шығармашылық және сценариі деген мағынаны білдіреді. Ин-терпретация ол өзі көбірек шыншылдыққа , бір нәрсенің мазмұнын ашуға жақшырақ келеді. Біздің жобалауымыз бойынша айтқанда, бұл сөздің арғы жағында бір нәрсені ашу,яғни жаңалық ашу деген-ді білдіреді деп ойлаймыз.Мыс: оқушының оқу үлгерімінің күрт төмендеуі неліктен екенін анықтау, соны неліктен олай болды екен деп бақылау отырып мазмұнын , себебін табу, ашу оны көбіне төмен класс оқушыларының жоғары класқа ауысуынан байқауға болады.Себебіолардың көбі жоғары классқа барғанда яғни 5 сынып оқушысы болғаннан кейін, бұрынғыдай бір оқытушы емес , әртүрлі оқытушылар әртүрлі пәндерден сабақ берген кездеалғашында, оған үйрене алмай көп қиналады.Олар өздерін қорғаушы, қамқоршылары-нан айырылғандай сезініп далада, қараусыз қалғандай болып, ыңғай-сызданып, сабақтарына біріне үлгерсі, біріне үлгере алмай қиналып, сабағы, ынтасы бәрі төмендейді.Міне сондықтан балаға көбірек мән беріп, соның тілінде ата-анасы, жаңа класс жетекшісі мектеп ұжымы бәрі көмектесуі керек.

Осыдан кейін ғана бала әрі қарай қайтадан қалпына түсе бастайды.

Жұмыстың апробациясы.

Бір нәрсенің жұмыстың кемшілікті болдырмай алдын-алудың апробациясы.Сенімді апробация-ол алдын-алу, кеткен кемшіліктерді түзету болып саналады.

Апробация сөзі латын тілінен алынған. Ол бір нәрсені қолдау дегенді білдіреді. Оны доклад, дискусияларда, бір жұмыстарды тал-қылағанда пайдаланамыз.Ол мысалы: курстың жұмысы, диссертация, отчет жасағанда, соны талқылай отырып, жазған, жасаған жұмысын қолдауын айтамыз.

2.Жұмыс апробациясының өзі неше бір түрлерге бөлінеді деп айтуға болады.Соларды зерттейтін болсақ олар:

1.Ғылыми-техникалық есеп.

2.Доклад және жаңалық .

3.Стсатья.

4.Рецензия .

5.Брашюра.

6.Методикалық бағдарлама беру

7.Диссертация.

8.Кіріспе.

9.Теориялық .

1.Ғылыми есеп дегенге қысқаша мінездеме берер болсақ , ол жасалған ғылыми жұмыстардың қорытындысы болып келеді.Оған методика бір затты байқап көруге арналған жұмыстар жатады.

2.Доклад мысалы: жаңалыққа ол хат түрінде жазылады бірақ оны тек дауыстап оқыту керек.Оны халық арасында түгелдей айта алмаймыз, тек қана қысқа түрде айтылады.

3.Статья көбіне қысқаша түрде, тек қана қысқаша ескертулер, солардың қорытындылары ғана беріледі.

4.Рецензия-ол қиындау шығармаларды, не шығарманы міндетті түрде қарау болып есептеледі.

5.Брошюра-ол дегеніміз 4 немесе одан көп бетке жазылған шығарманы қарау.

6.Методикалық бағдарлама беру .Ол өте қысқаша ғана, практика түрінде бағыт бағдар беру және көрсету деп есептеледі.

7.Диссертация латын тілінен алынған (dissertation)-бақылау, қысқаша айтып беру. Диссертацияны кандидаттар немесе ғылым докторлары қорғайды.Диссертацияны алдын-ала дайындалып, бүкіл коммисия алдында оқи отырып соның ішіндегі жазғандарын солардың алдында қорғап шығуы керек .

8.Кіріспе-дегеніміз бір әңгіменің берілуі,соны қысқаша көрсетіп, практика жүзінде өткен шаралардың қысқаша қортындыларының не мағына беретін білдіреді.

9.Теориялық жағынан қортындылау ол бір әдебиеттің немесе қызықтырған бір қиын жағдайды зерттеу, іздену болып келеді.Содан кейін тәжіриебе жүргізуге немесе байқап көруге арналған жұмысына қысқаша тоқталып өтеміз .Қорытындыға осы барлық жүргіген жұмыстың соңындағы қалай аяқталғанын жазу және де соған қай жерінен артық , кемшілік кеткенін айтып, ескертулер мен түзетулер болып есептеледі .

Библюграфия- дегеніміз осы жұмысқа қолданған әдебиеттер.

Стиль-дегеніміз осы өткізілген немесе өткізілейін деп отырған ғылыми жұмыстың қатаң түрде оқылуын, жазылуын қадағалап отыру, өз тілінде жақсы , нақты түрде түсіндіру болып есептеледі.

3.Ғылыми нәтижелердің мәтіндік көріннісінің бірнеше нұсқалары болады. Ғылыми басылымның негізгі формасы ғылыми мақала болып табылады. Мақалаға қойылатын талаптар төмендегіше болады.

Мақаланың мұқаба бетінде автордың аты-жөні мен оның жұмыс орны қысқаша көрсетіледі.(15 сөзден көп емес.) Ол оқырманға зерттеу туралы қысқаша мәлімет беруі тиіс. Мақаламен қатар 100-175 сөзден көп емес қысқаша мәлімет болады. Онда зерттеу проблемасы , пәні, зерттеушілер, әдісі туралы және нәтижелер мен негізгі қорытындылары туралы жазылады. Алғашында кіріспеден басталады. Кіріспенің бас жағында проблеме ұсынылады. Кейін осыған дейінгі жүргізілген зерттеулерге шолу жасалады. Бұрынғы зерттеулерде қолданылған негізгі әдістер , нәтижелердегі кездескен қарама-қайшылықтарға талдау жасалады. Автор өзінің зерттеулерінің теориялық негізін ұсынады. Болжам және оны тексеру жолы көрсетіледі. Зерттелетін және бақыланатын айнымалылықтардың тізімі келтіріледі. Және зерттеу нәтижесі туралы болжам жасалады.

Келесі бөлімі әдіс. Зерттеу әдістері туралы негізгі мәліметтер кіріспеде келтіріледі. Осы бөлімде зерттеу процедурасының барлық ерекшеліктері толығымен ашылады. Зерттелушілерді таңдау сипаты топтарды қалыптастыру стратегиясы туралы айтылады. Зерттеуді жүргізудің сыртқы жағдайлары, уақыты туралы мәлімет беріледі. Зерттеу процедурасы толықтай сипатталады. Оқырманға экспериментатордың жұмыс алгоритмі мәлімет береді. Зерттелушіге берілген нұсқаутолық жазылады. Тәуелсіз айнымалыны басқару тәсілдері, тәуелді айнымалыны өлшеу, сыртқы айнымалыларды бақылау тәсілдері туралы айтылады.

Әдістемелер мен аппаратура.

Әдістеме мен аппаратураны сипаттауда моделінің нақты атауы мен оның спецификасын көрсеткен жөн. Көбіне ерекше аппаратура деталды түрде суреттеледі. Стандартты техника мен стандартталған әдістемелерді(тест) жан-жақты суреттеу міндетті емес. Бірақ қолданылған тестерді сипаттаған кезде олардың атауын , өткізу мерзілін, орнын валидизация мен ревалидизация авторларын негізі псиметрикалық сиппаттамаларын,с.қ. тестті жасаушының мекен-жайын көрсетіп кету міндетті. Р.Кеттелдің Мәдени ерікті интеллект тестісі –А.Ф. Денисов, Г.Д.Дорофеев ГП « ИМАТОН»-баспасы СП-1994

Нәтижелер Мақаланың басты бөлімі нәтижелерді ұсыну мен талдауға аврналады. Бұл бөлімнің басында проблема мен болжам туралы еске түсірген жөн. Кейін қысқаша түрде негізгі қорытындылар келтіріледі. Нәтижелердің жалпы құрылымы мен оның статистикалық мәні туралы айтылады.

Қорытындыларды нақтылап суреттеу үшін кестелер мен суреттер келтіріледі. Кестелер мен сызбаларды мақала мәтініне емес, мәтін соңына орналастыруы тиіс. Әрбір кесте немесе сурет бөлек бетте көрсетіледі.

Нәтижелерді талдау . Бұл бөлімдже мақала авторы алынған мәліметтер туралы қорытынды жасап, оларды болжамман байланысмтырып отырады. Автор теориялық және әдіснамалық мәліметтерді пайдалана отырып эксперимент нәтижесін түсіндіруі тиіс. Зерттеу барысында сүйенген теорияны жетілдіру немесе кері теріске шығару үшін шығарылатын ұсыныстарды түсіндіру үшін қосымша болжамдар беруге болады.

Мәлімет көзіне сүйену. Қолданылған әдебеттер тізімі бөлек бетте көрсетіледі. Соынмен мақала барысында әдебиеттерге сілтеме жасалады. Маңызды деген сілтемелер бірінші бетте болуы тиіс. Әрбір кесте бөлек-бөлек бетте берілуі керек. Алдымен кесте нөмірі кейін аты. Әдетте қатар бойында зерттелушілер тобы, ал жол бойында эксперимент шарты беріледі.

Мақалада сөйлем құрастыру барысында енжар сөздерден қашу керек.

Басылымды шыққан нәтижелер әрбір қолданылуға жететін ақпарат ағынына кіреді. тҒылымның күші- біліксүйгіштік, қызғаныш, тәкапарлық секілді субьективті әсерге бағынбауында. Қоғамның ашықтығы тұлғалық өсуді қолдап, бірақ ғылыми бірлестіктерге ғылыми емес принциптерді жүктеп отыр. Эксперимент бұл ғылыми бірлестікке жүктелетін кез-келген идеяны сынға алатын күшті құрал.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Интерпретация және қорытындылау қалай жүзеге асады?

2.Зерттеу нәтижесінің формасы қандай?

3. Ғылыми мақалаға қойылатын талаптар қандай?

Әдебиеттер:

1.Бурлачук Л.Ф. Морозов С .М. Словарь – справочник по психодиагностике .СПБ Питер Ком, 1999

2.Волков.Б.С. Волкова В.Н. Методы исследования в психологии. М., 2002.

3. Гайда В.К. , Захаров В.П. Психологическое тестирование . Л,МГУ , 1982г

4.Ганзен В.А. Балин В.Д. Теория и методология психологического иследования.

5.КрыловаА.А, МаничеваС.А.Практикум по общей экспериментальной и прикладной психологиим.,2006. 33-49.


19 дәріс.

Тақырып: зерттеу нәтижелерін бейнелеу мен безендендіру түрлері.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. мақала

  2. доклад

  3. Ғылыми есеп.

  4. Рицензия

  5. Әдістемелік құрал.

Мақсаты: мақала, доклад, ғылыми есеп, рецензия, әдістемелік құрал туралы түсініктер беру.

1.Бұл нақты сұрақтар немесе зерттеу нәтижелері бойынша автордың көзқарасы көрсетілген шағын көлемдегі арнайы публикациялар. Студент зерттеушілер үшін тағы бір ғылыми ақпарат көзі, түрлі ғылыми ақпараттарда жарияланған материалдар.

2.Кез-келген рефераттарды, мақалаларды әр түрлі саладағы жиналыстарда баяндау, теориялық мазмұнды ретінде жеткізіледі.

3.Дисертация, қол жазба, есептер, орталық кітапхана немесе ғылыми мекемелердің ақпараттарын сақтау бөлімдерінде болатындықтан оларды зерттеуге студенттердің қолдары жете бермейді. Дисертация бұл монографиялық еңбекке ұқсас ғылыми жұмыс (кандидаттық, докторлық дисертация) магистрлік дисертация, докторлық Пиамти, докторлық. Әрбір дисертацияның мазмұны қысқаша түрде авторефератта көрініс табады.

Зерттеу жұмысын дұрыс білікті және нәтижелі жүргізу үшін осы кезге дейін жарияланған мақалалармен ғылыми еңбектерді зерттеу қажет. Бұл жұмыс «зерттелетін мәселенің жағдай зерттеу» деп аталады. Зерттеуші ең алдымен кітапхана ақпарат орталықтарында, зерттеу институттарында ақпаратты жинақтайды. Педагогика және басқада ғылыми зерттеу нәтижелері кітаптар мақалалар ғылыми жұмыстар жинағы дисертация баяндама есептермен көрініс табады. Әдебиет көздерін зерттеу ең оңай тәсілі бұл ақапаратты бөлек карточкаларға түсіріп алу және анотациялау. Оқылған мақала немесе кітаптардың қысқаша мазмұны жазып алудың бірнеше түрлері бар: тезис, реферат, цитата және т.б.

Аспирантура, докторатура – оқу орындары мен мекемелерде біліктілігі жоғары білімі және ғылыми педагог нысандар дайындау нысаны.

Бакалавр, магистр – жоғары кәсіптік білімнің тиісті білім берген адамға академикалық дәреже мен біліктілік.

Гимназия – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламасы іске асыратын оқушылардың білімділігі мен қабілетіне сәйкес бейімдеп саралап оқытатынды. Көздейтін жалпы білім беретін оқу орны.

Лицей – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын жоғарғы сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарламалап оқушыларды жүзеге асыратын жалпы оқу орны. Шағын жинақталған мектеп – сынып жинақ аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың нысандары бар, оқушылардың саны шағын жалпы білім беру мектеп.

Колледж – орта кәсіптік білімі бар мамандықтар даярлаудың білім беру бағдарламасын іске асыратын жалпы оқу.

Оқу бағдарламасы - әрбір оқу пәні бойәынша тең келуге тиісті білімнің шеберлігін дағдыларының мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат.

Оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбесімен көлемі оларды зерделеу тәртібімен бақылау нышандарын регламенттердегі негізгі құжат.



3.Ғылыми ізденістің нәтижелі болуы шын жемісті нәтижеге қол жеткізу үшін зерттеу логикалық түрде құрылу керек. Психикалық зерттеулердің негізгі айналысатын саласы дамушы ортаның қарым-қатынасы және тұлғаның көптеген әлеуметтік байланыстылығы. Зерттеуші объект адам болған соң зерттеу логикалық жүйелі құрылу қажет. Зерттеу логикасының құрылуы 3 кезеңін бөліп көрсетуге болады. 1 бастапқы кезең, 2 зерттеушілік кезең, безендірушілік кезең. 1 – тақырып анықталады, зерттеу міндеттері қойылып гипотезі өнделеді. Зерттеу мынадай логикалық құрылымда жүзеге асады. I – бастапқы кезең – проблема, тақырып, объект, пән, мақсат, міндеттері, гипотезі. Зерттеушілік кезеңінің логикалық кезеңі әдістемелік таңдау гипотезді дәлелдеу. Алғашқы қорытындыны шығару қорытындыны нақтылау. Безендірушілік кезең: 1 қорытындыны талқылау, 2 қоғамға жариялау, жұмысты безендіру (есеп баяндама, кітаптар шығару, дисертация шығару), 4 зерттеу нәтижесін практикаға енгізу. Зерттеу жұмысы объектіні таңдай бастады. Бұл психологиядағы адам әлі шешілмеген маңызды проблема. Мектепке дейінгі тәрбие, орта немесе жоғарғы мектеп оқу процесі, ақпараттау, үздіксіз білім беру. Зерттеуші біліміне қызығушылығына өмірлік тәжірибелер қабілетіне сәйкес зерттеу болып келеді. Бір-бірімен тығыз байланысты қадамдардың бірі – зерттеушінің проблемасымен тақырыбын анықтау. 4.Проблема дегеніміз – проблемалық міндеттерді шешу. Мысалы: баланың бос уақытын ұйымдастыру проблемасықиын тәрбиеленетін баланың алдын алу проблемасы. Белгілі бір проблеманы анықтау үшін зерттеушінің білімі мен тәжірибесі мол болу керек. Зерттеу объектісі танылушыдан тәуелсіз қасиеттермен қарама-ққатынастың белгілі бір жиынтығы. Психологиядағы белгілі бір объектісі таным субъектісінен тыс өмір сүретін құрылыс. Мысалы: зерттеу объектілері жаңа білім беру жүйесінің қалыптасу процесі тұлғаның әлеуметтік дамуы белгілі бір техниканың тиімділігі. Зерттеу пәні ұғымы, мазмұны бойынша нақты болып келеді. Зерттеу пәнінде терең зерттеуді қажет ететін объектідегі қарым-қатынаспен қасиет бейнеленеді. Бір ғана объектінің өзінің әртүрлі зерттеп пәнін бөліп алуға болған. Зерттеу пәнінде зерттеу жұмысына қатысты мәселелер бейнеленген. Психологиялық зерттеу пәніне ұжымдық қарым-қатынас біріккен іс-әрекеттер ересект-н балалық ұжымын қалыптастыру, танымдық қызығушылық дамуына қоршаған ортаның әсері жатады. Зерттеу басталмас бұрын мүмкіндігіншще ізденістің жалпы нәтижесін алдын-ала нақты ойлап оның мақсатын айқындау қажет. Мақсатқа бағыттаушылық – адам әрекетінің маңызды сипаты белгілі бір мақсатпен жету үшін адам болашақтағы істерін ойша бейнелейді, миында талдайды. Сол сияқты психологиялық зерттеудің мақсаты зерттеушілердің жалпы аралық немесе соңғы нәтижелері туралы негізделген. Зерттеудегі ең маңызды және қажетті кезең жалпы мақсаттың зерттеу міндеті жүйесінде нақтылануы болып табылады.

жүктеу 1,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау