Педагогика факультеті Педагогика және психология кафедрасы. 050103- «педагогика және психология»


Кәсіптік бағдар беру жұмысын бақылау



жүктеу 1,49 Mb.
бет9/12
Дата22.05.2018
өлшемі1,49 Mb.
#16395
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Кәсіптік бағдар беру жұмысын бақылау. Мектептегі КБ жұмыстарының орындалуы төмендегі талаптарға байланысты:

  • әр оқушының жеке сипаты мен КБ-ын анықтау ақпарларының дамуына;

  • КБ процесінің жүйелі, ретті, кезеңді жүргізілуіне;

  • формасы жағынан әр түрлі болуына;

  • КБ жұмыстарының әр түрлі бағыттары мен кезеңдерінің жан-жақты болуына.

Бақылаудың негізгі түрлері: ағымдағы, кезеңді, қорытынды бақылаулар. Ағымдағы бақылау мектеп, сынып жетекшілері, мұғалімдер, әр түрлі үйірмелер мен бірлестік жетекшілері, оқушылар мен ата-аналар комитеттері, дәрігерлік қызметкерлер, кітапхана жұмысын қадағалаумен байланысты. Кезеңді бақылау тоқсан алдында, 1-ші жарты жылдықта, белгіленген аптадан (КБ айлығы, экскурсия, конкурс) жүргізіліп, оның қорытындысына байланысты өткізіледі. Ағымдағы және кезеңді бақылаулардың нәтижелеріне орай қорытынды бақылау жасалады. Мектептегі КБ жұмыстарына баға береді, жаңа оқу жылында жоспарды жақсартуға бағдарлама жасайды. Формалары: КБ-дың іс-қағаздарымен танысу, есеп беру, өзара тексеру, талдау нәтижелері, педагогикалық консилиум, конференция т.б.
Дәріс 4. Оқушыларға КБ берудегі пән мұғалімдерінің рөлі

  1. КБ берудегі мұғалімнің міндеттері

  2. КБ берудің негізгі түрлері

КБ берудегі мұғалімнің міндеттері. Оқушыларды кәсіпті дұрыс таңдай білуге үйретудегі мұғалімнің міндеті: оларды мамандық пен еңбектің түрлерімен таныстыру; мамандыққа қызығуын, ерекшелігін, икемділігін біле отырып, оларды қоғамдық мәні бар бағыттау; білімін одан әрі жалғастыру және жұмысқа орналастыру жөнінде оларға кеңес беру; репетиторлық қызмет атқару. Бұл міндеттер мұғалімнің өз пәніне сәйкес КБ жүргізуі үшін теориялық және практикалық даярлығын қажет етеді. Пән мұғалімдеріне төмендегі үлгіде жасалған профессиографикалық карточкалар үлкен көмек көрсетеді:

Сынып

Пән

Сабақтың тақырыбы

Мұғалімнің оқушыларды таныстыратын сала, кәсібі (мамандығы)

Кәсіп туралы қысқаша мәлімет















Әр уақытта мамандар құрастырған дайын кәсіптік мәліметтерді табу мүмкін емес. Сондықтан әрбір мұғалім КБ жөніндегі материалды жинақтаудың әдістемесін үйренуі керек. Бұл:



  • оқушыларға бағыт-бағдар беруде, мектеп оқулықтарында кәсіп түрлерін анықтау мақсатында талдау;

  • кәсіптік даярлық бағдарламасын, кәсіптік-біліктілік мінездемесін оқу және талдау;

  • мекемелердің, ұйымдардың, озық жұмысшылардың озат тәжірибелерін оқып-үйрену.

Профессиографикалық карточкалар оқу пәндері бойынша жіктеледі.

Мұғалімнің негізгі міндеті – оқушыларға белгілі бір пәнді терең де, ынталы оқуға үйрету. Мектептегі сабақтар КБ-та жүру үшін пән иесі түсіндіретін оқу материалының бағдарламамен байланыстылығын, сонымен бірге оқу материалының оқушыларға орнықты әрі мағыналы әсер етуін қадағалайды. Әлеуметтік және ғылыми-техникалық сабақтар оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі түрі болып саналады.



КБ берудің негізгі түрлері. Бағдарлама тақырыптарын оқытудағы пән мұғалімдерінің КБ жұмысының негізгі түрлері: бағдарламалық материал негізінде әңгіме, пікірталас; практикалық мазмұндағы есептерді шығару; теориялық конференцияларға, кештерге, олимпиадаларға қатысу; жоғары сынып оқушыларын еңбек бірлестіктеріндегі жұмыстарға апару; рольдік ойындар, интерактивті әдістер т.б. Жұмыстың түрін таңдап алу сабақтың түріне, материалға, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты. Өтілетін тақырыпқа сәйкес мамандықтар туралы жаңа материалды түсіндіру, бекіту кезінде, не қорытынды сабақ кезінде айтуға болады.

Гуманитарлық пәндерден мәліметтер алу оқушыларды еңбекке даярлау барысында зор роль атқарады. Адамның жан сұлулығын әдебиет шығармаларында ашып көрсету оқушылардың өмірге психологиялық даярлығын қалыптастырады.



Төменде КБ беруді жақсы жүргізу үшін мұғалімге қажетті білім мен іскерлік туралы тізім үлгісі берілген:

Білімі

Іскерлігі

КБ деген не, оның мазмұны, жұмыстың жеке және жалпы әдістері; мамандық таңдауда кезедесетін қателер; республиканың экономикасын дамытудағы негізгі тенденциялар; белгілі бір экономикалық аймақтың ерекшелігі және кадрларға мұқтаждығы; өндірістік және ауыл шаруашылық мекемелерінің түрлері; көлік, байланыс қызметі саласы, оған кәсіптік мамандар даярлайтын оқу орындары туралы; мамандық түрлері туралы; профессиограмма туралы түсінік; кәсіптік қажеттікті анықтау және оның ерекшеліктерін, КБ беру жұмысының негізгі бағыттары туралы, оқу курсымен байланысты мамандықтар мен кәсіптер туралы оқу бағдарламасына байланысты адамның алдына қоятын талаптары; еңбек заңдылығының негізгі мәселелері.

КБ беретін кездесулерді, мамандықтар туралы әңгімелерді, экскурсияларды, хабарларды көруді, радиохабарлар тыңдауды т.б. әдістемелік тұрғыдан ұйымдастыру; оқушыларға КБ беру мақсатында анкеталық сұрақтар, мәтіндер, т.б. жасау, қолдану, мамандықтың профессиограммасын құрастыру; КБ берудің іс-қағаздарын жүргізу, КБ беру мақсатында жалпы білім беретін пәндердің байланысын және пәнаралық байланыстарды ұйымдастыру,факультативтік үйірмелерде КБ-ды жүзеге асыру; жеке әдістерді, КБ беру жұмысының құралы мен түрлерін белгілі бір пәннен сабақ беру кезінде қолдану.

Мектепте пән мұғалімдері үшін төмендегі материалдардың болғаны дұрыс:

  • оқушыларға КБ берудің міндеттері мен бағыттарын белгілейтін қаулылар;

  • КБ беру мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының нұсқаулары;

  • республикалық, облыстық, қалалық ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың, дөңгелек үстелдердің материалдары;

  • мектеп жоспарындағы КБ беру жұмыстары;

  • сынып жетекшілердің, тәрбиешілердің, әдістемелік бірлестік жетекшілерінің жұмыс жоспарларының үлгілері;

  • әр жастағы оқушылармен өткізілетін сынып сағаттарына бағдар беретін әңгіме, лекция тақырыптары;

  • конкурстар, диспуттар өткізудің сценарийі, мамандық таңдауға арналған кештер, көгілдір от;

  • әр жастағы оқушылар үшін анкета үлгілері;

  • КБ беру мәселелері бойынша әдістемелік әдебиеттер.



Дәріс 5. Оқушыларға КБ берудегі сынып жетекші мен ата-ананың ролі.

    1. Оқушыларға КБ берудегі сынып жетекшінің ролі.

    2. Оқушының қабілеті мен бейімі.

    3. Оқушыларға КБ берудегі ата-аналармен жұмыс.


Оқушыларға КБ берудегі сынып жетекшінің ролі. КБ беру жұмысы сынып жетекшісі жұмысындағы басты бағыттардың бірі бола тұрса да, ол жұмыстар пән мұғалімдерімен, ата-аналармен тығыз байланыста жүреді. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлағанда КБ беру бағытында жүргізілетін іс-шараларды – мамандық таңдау жөнінде әңгіме, экскурсия, әр түрлі мамандық өкілдерімен кездесу өткізуді т.б. ескеруі керек.

Мектептің бастауыш сыныптарында оқушылар еңбек және мамандық туралы жалпы мәлімет алады, әр түрлі мамандық иелерімен танысады. Балалар бұл кезде өте қызыққыш, әр нәрсені білуге құмар келеді. Осы кезеңде олардың еңбекке сүйіспеншілігін оятудың маңызы зор.

5-9 сыныптарда оқушылар экономиканың көптеген салаларымен, түрлі мамандықтармен кең танысады. Мұнда олардың еңбекке дұрыс көзқарасының қалыптасуына ерекше назар аударып, оларды қоғамдық пайдалы еңбекке, үйірме жұмыстарына, факультативтік және өзіндік шығармашылық сабақтарға белсенді түрде тартуы, олардың мамандық таңдауына, кәсіптік-техникалық және арнаулы орта білім алуларына көмектесуі көзделеді.

10-11 сыныпта еңбек етуге даярлау жұмыстарын жалғастырып, оқушыларды мамандыққа қызықтыру, мамандықты дұрыс таңдау үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру, қалаған мамандық иесі болуына әр адамның мүмкіндігі, қабілеті, еркіне қарай жол ашылатынын ұғындыру. Жоғары сыныптарда оқушылармен және ата-аналармен жеке-жеке жұмыс жүргізуге көңіл аударылады.

Сынып жетекші мектеп бітірген оқушыларының одан әрі қарайғы өмір жолдарын айқындайды. Бұл үшін мектеп бітіруші туралы мынадай мәліметтер жиналады: қазір не істеп жүр (оқиды, жұмыс істейді, жұмыс істейді әрі оқиды, жұмыс істемейді, оқымайды); егер оқуға түспесе, қандай себеппен түспеді (конкурстан өтпеді, ойынан айныды, денсаулығына байланысты, ата-анасы рұқсат етпеді, т.б.) т.б.

Дұрыс ақыл-кеңес беруді қамтамасыз ететін КБ беру сабақтары. Бұнда оқушылар қоғамдық тұрғыдан алғанда өмірде елеулі мәні бар мәселені шешуге ұмтылады.



КБ беру сабақтарының негізгі міндеттері:

  • оқушыларды КБ беру жөніндегі білімнің белгілі бір жүйесімен қамтамасыз ете отырып, олардың мамандық үйренуге белсенділігін арттыру, оқушыларды өмірлік жолды саналы түрде таңдап алу жауапкершілігіне тәрбиелеу, өз бетімен мамандық таңдау туралы дұрыс түсінік қалыптастыру;

  • мамандыққа оңды көзқарасты қалыптастырып, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға үйрету;

  • оқушының әр нәрсеге сын көзбен қарап, баға беруіне, болашақ мамандығына керекті қасиеттерді өз бойына жинауына себепші болу.

КБ беру сабақтарында мұғалім оқушылардың өмірлік тәжірибесіне және біліміне сүйенеді. Сабақтың мақсаты мен мазмұнына, сынып ұжымына, мұғалімнің шеберлігіне байланысты КБ беру сабағының құрылысы әр түрлі. Сыныпта оқушылардың бастамасымен құрылған кәсіби хабарлаушылар тобы үлкен көмек көрсете алады. Оларды сабақты жоспарлауға, әдебиеттерді реттеуге, сызбалар мен кестелер әзірлеуге, профессиографиялық зерттеулер ұйымдастыруға, кездесулер мен экскурсиялар өткізуге, бағыт беруші сұрақтар таратуға, сынып тақтасын безендіруге т.б. пайдалануға болады.

Оқушының қабілеті мен бейімі. Психология ғылымында пәнге деген ықылас таңдап алу және танып-білу түрінде қарастырылады. Оқушының ынта-ықыласы шындық өмір жағдайында қалыптасуы қажет. Бағыты жағынан оқушының ықыласы әр түрлі болады: көркем, спорттық, техникалық, танымдық т.б. Егер оқушы әрдайым бір іс-әрекетпен шұғылданса, онда ықылас соған бейімделеді. Ықылас ұғымымен бейім тығыз байланысты. Егер танымдық ықылас белгілі бір пәнге ауса, онда бейім белгілі бір әрекетпен айналысуға деген бағытты білдіреді. Бұған оқушыларды үйірме жұмыстарына тарту арқылы қол жеткізіледі. Сынып жетекшісі жоғары сынып оқушыларын институттық факультатив сабақтарына, ғылыми лабораторияларына, мәдениет үйлеріндегі ғылымның әр саласы бойынша оқылатын лекцияларға қатыстырады.

Мамандыққам және оның талаптарына оқушының ықыласы мен бейімі, жеке басының ерекшеліктері, сәйкес келген жағдайда мамандықты әрі қарай игеруі үшін нақты жағдайлар мен әрекеттер жасалады (жеке тапсырмалар беру, арнайы дамытатын білік, арнайы кітаптармен таныстыру, мамандық туралы реферат даярлау, маманмен кездесу т.б.).

Қабілет – бұл іс-әрекеттің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін жеке адамның психологиялық қасиеттерінің жиынтығы. Іс-әрекеттің түрі адамның психикалық қасиетіне байланысты талаптарын ұсынады. Қабілеттер интеллектуалды, ерік-жігер және эмоционалды деп бөлінеді. Интеллектуалды қабілетке жататындар:


  • ақыл-ойдың айқындығы;

  • ақылдың қисындылығы – қатаң дәйектілік, ойлаудағы жүйелілік, зеректік, ақыл-ой бағдарының жылдамдығы;

  • ақыл-ой тереңдігі – заттар мен құбылыстардың жасырын қасиеттерін тануға көмектесу;

  • ақыл-ой өрісінің кеңдігі – мәселенің барлық жағын ескеру қабілетін күшейту;

  • ақылдың алғырлығы – сылбырлықтың болмауы, егер объективті себептер қажет етсе, оның барысын өзгерте алуы;

  • ақылдың сонылығы – бұл жаңалық, ой еңбегінің шығармашылық сипаты, онда соқыр еліктеудің болмауы;

  • ақылдың сыншылдығы – тексерілмеген, алдын-ала болжанған пікірдің болмауы, тексеруді қажет ететін қарсылықтарға байсалды қарау.

Оқушылардың қабілетін қалыптастыру маман психолог, педагог, физиолог, дәрігерлерді қатыстыра отырып, зерттеу жүргізуді қажет етеді.

Оқушыларға КБ берудегі ата-аналармен жұмыс. Жастардың мамандыпен таныстығы көбінесе әке-шешелерінің, аға-апаларының жұмысымен танысудан басталады. Ата-ананың мамандыққа көзқарасы көп жағдайда баланың мамандыққа деген көзқарасын айқындайды. Сынып жетекшінің ата-аналармен жұмысы екі бағытта жүргізіледі: 1) балалардың мамандық таңдауына ата-ананың көмектесуі; 2) сұхбат, мамандық туралы әңгіме, өндіріске экскурсия ұйымдастыру т.б. шараларға ата-аналарды маман ретінде шақыру, топта және жеке өткізілетін әңгімелер, ата-аналар жиналысы, конференциялар, дөңгелек үстелдер т.б.

Ата-аналармен жұмыс түрлері: топтық немесе жеке әңгіме, ата-аналар жиналысы, кәсіптік және еңбек тақырыбына арналған конференциялар, дөңгелек үстел, анкета тарату т.б.



Дәріс 6. Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдардың міндеті мен жұмысының негізгі бағыттары

  1. Кәсіптік бағдардың әлеуметтік-педагогикалық проблемасы, ұстанымдары.

  2. Кәсіптік бағдардың жүйесі мен тармақтары.


Кәсіптік бағдардың әлеуметтік-педагогикалық проблемасы, ұстанымдары, жүйесі мен тармақтары.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде кәсіптік бағдарды әлеуметтік процестерді ғылыми басқару, жас ұрпаққа тәрбие беру, еңбек ресурстарын тиімді бөлу, өмір жолын таңдау, адамның кәсіби бейімделуі мен кәсіби шеберлігін қалыптастыру мәселелерін қамтитын кешенді проблема ретінде қарастырады.

Оқушыны еңбекке және кәсіп таңдауға даярлау мектептің оқу-тәрбие жұмыстарының мән-мазмұнына жатады. Мамандық таңдау - өмір жолын бастаған жастардың бірінші міндеті.

Бүгін қоғамда барлық адамдарға қабілетін жан-жақты дамытуына, өз қалауы бойынша кәсіп таңдауына тең жағдай жасалған. Толып жатқан мамандық ішінен өзіне қажеттісін таңдауда көмек беру - мектептің міндеті.

Ғылым мен техниканың дамуы жаңа мамандықтардың пайда болуына және ескі кәсіптің жойылып, оның сипаты өзгеруіне ықпал етеді.

Кәсіптік бағдар (КБ) мазмұны, ұйымдастырылуы және әдісі бойынша жалпы дидактикалық және тәрбие принциптеріне бағынады:



  1. КБ-дың тәрбиелік сипаты жеке адамның таңдаған мамандығы бойынша қызмет етуге қажетті сапаларын қалыптастыруға бағытталған.

  2. КБ-дың политехникалық бағыты. Политехникалық білімі бар адам барлық жұмысқа ыңғайлы, икемді келеді, мамандығын ауыстыруға, басқа мамандық алуға әзір тұрады.

  3. Оқушының жас және жеке ерекшелігін есепке алу.

  4. Мектеп, жанұя және қоғамның бірлігі.

Кәсіптік бағдардың жүйесі мен тармақтары.

КБ-дың мақсаты мен мазмұны оны біртұтас жүйе ретінде қарауға мүмкіндік береді. Бұл жүйе өзара әрекеттес тармақтардан тұрады: кәсіби хабар, кәсіби кеңес (консультация), кәсіби іріктеу, кәсіби бейімдеу. Мамандық таңдау - ұзақ процесс, ол бірнеше кезеңде өтеді де жеке адамның қалыптасуы мен кәсіби өз орнын табуының ақиқат жолдарын шамалайды. Кәсіби өз орнын табу жеке адамның қалыптасуының бірнеше сатысынан: мамандық таңдаудан, мамандықты игеру процесінде кәсіби шыңдалудан және мамандардың ішінен өзінің еңбек орнын таңдаудан тұрады.

Өз мамандығын белгілеудің бастамасы болып саналатын кәсіптік бағдардың жүйе тармағы - кәсіби хабар. Міндеті - жастарды нақты экономикалық аудандағы мамандардың және кадрлардың қажеттілігімен таныстыру. Кәсіби насихаттың тиімділігі оқу-тәрбие процесі барысында жүзеге асырылады. Кәсіби насихат адамды ынталандырмайтын, қызықтырмайтын түрлерінің әлеуметтік мәнін ашу, тәрбие әдістерінің күшімен оның қоғамдық беделін көтеру мақсатында қолданылады.

Оқушының мүддесіне, қабілетіне, дене күйіне және қоғам сұранысына сай келетін ең қолайлы кәсіптер туралы жан-жақты негізделген кеңес беретін кәсіптік бағдардың аса маңызды, жауапты кезеңі – кәсіби кеңес (консультация). Консультация оқушының жеке басының физиологиялық-психологиялық ерекшеліктерін, оның ұжымдағы орнын белгілейді. Консультацияның үш түрі бар:



Анықтамалық-ұйымдық - оқушылар мен олардың ата-аналарының жұмысқа орналасуы, әр түрлі оқу орындарына қабылдау шарты, кәсіби мамандардың адамға қоятын талабы, нақты экономикалық аудандағы кадрларға сұраныс туралы сұрақтарына жауап беру.

Медициналық алдын-алу консультациясының мақсаты - оқушылардың психологиялық-физиологиялық және медициналық-биологиялық ерекшеліктерінің, таңдаған мамандыққа сәйкес келетіндігін анықтау және оқушының таңдаған мамандығына жарамдылығы туралы қорытынды беру (мектеп дәрігерлерімен бірге).

Психологиялық-педагогикалық консультация оқушының ынта-ықыласына, қабілетіне, ерекшелігіне қарай мамандық таңдауына көмектеседі.

Кәсіби консультацияның 2 кезеңі бар:



І - алдын-ала, 7 -8 сыныпта өткізіледі. Мәні: оқушының кәсіби және жалпы ынтасын салыстыру, оның мамандықты қаншалықты білетіндігін, қабілетін анықтау. Бұл кезеңде оқушыға болашақ мамандығы туралы тікелей нұсқау берілмейді, олардың кәсіби ынта-ықыласының тұрақтылығы тексеріледі, қажетті сапаларды дамыту мүмкіндіктеріне бағыттау көзделеді.

ІІ - оқушыны қалаған мамандығын меңгеруіне даярлау. Таңдаған мамандықпен мұқият танысу, соған қатысы бар пәндерді терең оқу және болашақ кәсіби қызметке тән элементтері бар практикалық жұмыс жатады.

Кеңес беруші (консультант) әр кәсіпке тән компоненттерді білуі тиіс. Олар: техникалық (машиналар, құрал-жабдықтар, анықтамалықтар, техникалық құжаттар), еңбек жағдайы; қызмет міндеттерінің мазмұны, қызметкерге қойылатын еңбек тәртібінің талаптары (өнімнің мөлшері мен сапасы, жұмысты орындау мерзімі, қарым-қатынасы, қызмет этикасы); қызметкердің жеке басына қойылатын талптар, еңбекақы, қауіпсіздік техникасын сақтау, ұжым өміріне ену хұқығы және т.б.



Кәсіби іріктеу тікелей өндірісте жүзеге асады. Білікті мамандарды іріктеу.

Кәсіби бейімделу – адамның жеке сапасының кәсіби жұмысының нақты бір түрінің талабына сәйкес келуі. Кәсіби бейімделу - жұмысшы күшін тұрақтандыру, жас жұмысшының қалаған мамандығына көзқарастарын қалыптастыру, сөйтіп, еңбек өнімділігін арттыру факторы. Бұл КБ-дың қорытынды кезеңі.

Дәріс 7. Мектеп оқушысының кәсіби бағдарын зерттеу

  1. Мектеп оқушысының кәсіби бағдарын зерттеу әдістері

  2. Оқудан тыс жұмыстағы кәсіптік бағдар берудің әдістемесі.



Мектеп оқушысының кәсіби бағдарын зерттеу әдістері.

Оқушылардың жеке ерекшеліктерін бақылау үшін мұғалім оларды зерттеу жүйесін жасайды. Әдістері: педагогикалық бақылау, әңгіме өткізу (ұжымдық, жеке), анкета, интервью, мектеп оқушысы жұмысының нәтижесі (шығарма) және т.б.

4-6 сыныптарда мамандық таңдау оқу пәнінің үлгеріміне байланысты, тек 7-8 сыныптарда оқушылар болашақ мамандығына сәйкес келетін оқу пәндеріне мұқият әзірленеді. Жеткіншек шақта қызығушылық біршама сараланады.

Бастауыш сыныпта оқушылар өздері білетін барлық мамандыққа бірдей көзқараста болады. Жоғары сыныпта кейбіреулердің ерекшелігі бұл жұмыстың айрықша жоспары мен белгілі бір мақсатта жүргізілетіндігінде. Олар өздерін жеке адам ретінде, нақты ұжымның және қоғамның мүшесі ретінде толық сезінеді; идеалы (мақсат-мұраты) қалыптасады; кәсіби ой-ниеті айқындалып, тұрақтанады. Өзіндік сана-сезімі өсіп, өзіне-өзі баға беруі артады.

ЖББМ-те мамандық таңдауға даялығын тәрбиелеу мақсатында оларды бақылау былайша жүзеге асады:

- оқушының денсаулығы, оның мамандыққа сәйкестігі (мектеп дәрігері);

- үлгерімі (пән мұғалімі);

- есте сақтау, ойлау ерекшеліктері (психолог);

- оқушы немен әуестенеді;

- ол не нәрсеге көбірек қабілетті;

- бос уақытында немен шұғылданады;

- қоғамдық еңбекке араласуы.



Оқудан тыс жұмыстағы кәсіптік бағдар берудің әдістемесі.

Сабақтан тыс жұмыстағы КБ-дың мазмұны: оқушының техникалық шығармашылығы, модельдеу үйірмелері, пікірталас, еңбек және демалыс лагері, оқушылардың өндірістік бригадалары, мектеп орманшылары, жоғарғы мектептер, профильді лагерь.

Еңбек пәнінің мұғалімі үйірме сабақтарында оқушыларды жеке-топтық әңгіме өткізу, кеңес беру, түсіндіру, көрнекі құралдарды пайдалана отырып, әңгімелесу әдістерімен, сондай-ақ заводтар мен кәсіптік-техникалық училищелерге экскурсия жасау процесінде, өндіріс озаттарымен кездесулерде, оқушыларды жұмысшы кәсібімен, өндіріспен және кәсіптік-техникалық училищелермен таныстырады.

Үйірме жұмысындағы КБ-дың жетекші тәсілі оқушылардың теориялық даярлығымен үйлестіре жүргізілетін практикалық жұмыстар болып саналады. Практикалық жұмысқа ықыласын дамытуда мыналар көмектеседі:

1) еңбек объектісін дұрыс таңдау;

2) еңбек объектілерін оқушылардың жасына және дара ерекшеліктеріне қарай бөлу;

3) оқушыларды практикалық жұмыстарды атқаруға даярлау;

4) үйірме ішіндегі жақсы ұйымдасқан жолдастық өзара көмек, сондай-ақ еңбек нәтижесін дер кезінде әрі әділ бағалау;

5) оқушылардың техникалық әдебиеттермен және құжаттармен дербес жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Факультативтік курстарда бір кәсіптің мәнін толық ашып, оның орны мен даму перспективасын көрсетуге мүмкіндік береді, ол оқушылардың өз ықыласын, бейімділігін, басқа да сапасын дұрыс белгіленуіне, болашақ кәсібін таңдауына жәрдем көрсетуі тиіс. Сөйлеушілерді сұрыптауға және даярлауға айрықша көңіл бөлген жөн.

Әңгіме кәсіптің политехникалық сипатын, еңбектің мән-мазмұнын, кәсіп перспективасын, өсу және жоғарылау мүмкіндігін: бүгін жұмысшы, ертең техник-инженер т.с.с. бола алатынын қамтуы тиіс. Жұмысшы мамандығын өсу мүмкіндігі бойынша да талдаудың мәні зор: мәселен, қосалқы кәсіпті, жоғары өндірістік разрядты меңгеру, рационализаторлық пен өнертапқыштыққа қатысу. Әңгіме үстінде шығармашылық өсудің мүмкіндігін, дене және ой күш-жігерінің қажеттігін, жалақы мөлшерін т.б. айтып кеткен жөн. Әңгіме өткізуге әзірлік кезінде мұғалім оқушыларға әуелі әдебиеттермен танысуды ұсынады, балалар ұстазының жетекшілігімен бөлмені безендіреді, бұйым үлгілерін, көрнекі құралдарды даярлайды, кітаптар мен плакаттар көрмесін ұйымдастырады, диафильмдерді сұрыптап көрсетеді т.б.

Мұғалім әңгімені мамандықтың пайда болуы тарихынан, оның қысқаша сипаттамасынан бастайды. Оқушылар жасаған бұйымды талдау әңгімені мазмұнды, қызықты етіп өткізуге мүмкіндік береді.

Жеткіншектерді мамандық түрлерімен таныстырғанда олардың басты кемшіліктерін атай, басқа мамандықтармен өзара байланысын көрсете отырып, жан-жақты сипаттаудың маңызы зор. Оқушыларды экономиканың әр түрлі саласындағы; өнеркәсіптегі (станоктар мен автоматты линиялардың жөндеушісі, токарь, слесарь, электромонтер, аппаратшы т. б.), құрылыстағы (монтажшы, электрмен пісіруші, өңдеу жұмысындағы кең профильді шебер т.б.), транспорт пен байланыстағы (жүргізуші, телефонист, телеграфист, радиооператор, радиомеханик т.б.), қызмет көрсету саласындағы (сатушы, тігінші, аспаз, экономист) т.б ең көп тараған перспективалы мамандықтармен таныстыруы тиіс. Экономикалық ауданға кадрлардың қажеттілігін ескеріп, оған аса қажет, кең тараған, болашағы бар мамандықтарды іріктеу керек.

Жеткіншектерге таныстыратын кәсіптерді іріктегенде ұжымдағы оқушылардың кәсіби мүддесінің ерекшеліктері де ескерілуі тиіс. Кәсіптің қоғам өміріндегі жетекші ролін көрсету, шығармашылық мүмкіндігін, балаларды қызықтыратын тұстарын айтып түсіндірген жөн. Сынып ұжымының ерекшелігін ескеру кәсіптік бағдар жұмысын едәуір тиімді етуге, дайын схема мен үлгіден аулақ болуға мүмкіндік береді.

Кәсіп жөніндегі әңгімені сол кәсіп өкілдерімен кездесу өткізу арқылы толықтырылған абзал. Жас жұмысшылармен - жақында ғана мектеп бітірушілермен - кездесу өткізу үлкен әсер қалдырады. Балалардың көпшілігі оларды мектепте оқыған кезінен білетін, сондықтан бұрынғы мектеп бітірушілердің айтқан сөзіне оқушылар толық сенеді.

Кездесуге дайындалуда оқушылармен әңгімелесуге келетін жас жұмысшыларды іріктеуге ерекше көңіл бөлу керек, олардың әрқайсысы өз кәсіптері туралы тыңдаушылардың көкейінде жүрген жайттар туралы ешбір бүкпесіз, тебірене айтуы керек. Ал оқушылар жас жұмысшылардың өз кәсіптеріне шынайы берілгендігін сезінуі тиіс. Ең бастысы, жас жұмысшы өз әңгімесінде кәсіп жайлы кеңесті қайталамасын. Балалар бұл әңгімеде жас жұмысшының қалыптасуын, оның кәсіби жолын, алғашқы қиындығы мен табысын, оның жұмыс күнін, жұмыс сменасын, жұмыс өмірін көре білсін.

4-6 сыныптың оқушыларына кейбір кәсіпті танымдық және рольдік ойындар арқылы таныстыруға болады. Бұл жастағы мектеп оқушылары кәсіп ролін де ықыластана ойнайды. Ойын барысында олар әдебиеттерді оқиды, ата-аналарымен, аға-әпкелерімен, таныстарымен кәсіп туралы кеңеседі, белгілі бір кәсіпті таңдау туралы өзара айтысады.

Кәсіби ағарту жұмыстарының тиімді формаларының бірі - оқушылардың өз жолдастарының алдында кәсіп туралы пікірталас.

Оқушыға кәсіпті насихаттау міндеті жүктелгенде, ол оны бұрынғы естіп білгеніне қарағанда едәуір ықылас қоя үйренеді. Жеткіншек кәсіп туралы әңгімелегенде тыңдаушыларды иландыруға, осы кәсіптің басты ерекшеліктерін, оның экономикадағы мәнін жан-жақты ашып көрсетуге тырысады. Кейде мұндай әңгімелерді «Кәсіп қорғау» кеші ретінде де өткізіп, сөйлеушілердің әр қайсысына өзі таңдаған кәсібінің артықшылығын дәлелдеуіне мүмкіндік беруге болады.

Оқушылар жеке-жеке немесе 2-3 адамнан топ-топқа бөлініп кәсіп туралы рефераттық хабарлама жасауға болады. Оқушы рефератпен ұзақ уақыт бойы жеке-дара шұғылданады: арнайы әдебиеттерді оқиды, осы кәсіптегі мамандармен кездеседі, кәсіпорындарға барады. Мұғалім рефератта мынадай сұрақтардың қамтылуын ұсынады: осы кәсіптің маңызы, маман жұмысының мазмұны, олардың атқаратын жұмыс түрлері, жабдықтар мен аспаптар, кәсіптің маманға қоятын талабы, еңбек жағдайы, осы мамандарды оқытатын жоғарғы оқу орындарының тізімі. Егер рефератпен оқушылар тобы жұмыс істейтін болса, онда топтың әрбір мүшесі кәсіптің аранайы бір мәселелерін терең, әрі жан-жақты оқып-үйреніп, сан алуан мәліметтерді пайдаланады. Мұндай топтарды белгілі бір маман қамқорлыққа алса, тіптен жақсы. Рефераттарды арнайы қазылар алқасы бағалайды. Ең таңдаулы жұмыстар оқушылардың, ата-аналардың, осы кәсіптегі мамандардың алдында «қорғалады», оларды кәсіптік бағдарлау кабинетіне қояды.

Оқушылардың рефератпен жұмыс істеуі олардың жекелеген кәсіптерді толығырақ білуіне, кәсіби ықыласын айқындауына ықпал етеді.

Жеткіншектер үшін ең тартымды деген кәсіптерді түпкілікті таныстыру мақсатында конкурстар, «Кәсіп туралы кім көп біледі?» викториналарын ұйымдастыруға болады. Конкурсты сан алуан кәсіп пен мамандыққа арнауға, ал материалды толық жинап алу үшін оқушыларға бірнеше сұрақтар ұсынуға болады. Мәселен, конкурсқа қатысушылардың құрылыс кәсібі туралы білетінін тексеру үшін мынадай сұрақтар қойылуы мүмкін: Саған қандай құрылыс мамандығы белгілі, олардың әрқайсысы туралы сен не білесің? Біздің аудандағы, қаладағы ең таңдаулы құрылысшыларды ата. Олар туралы айтып бер. Сен қаладағы, аудандағы ең басты құрылыс объектілерін білесің бе? Бізде екпінді құрылыстар бар ма? Олар жөнінде сен не білесің? Құрылыс саласындағы ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктерін айт. Соңғы 10 жылда құрылысшылар еңбегі қалай өзгерді? Көркем әдебиеттерде, кинода, кескіндемеде құрылысшылар еңбегі қалай бейнеленген? 10 жылдан кейін құрылысшылар еңбегін сен қалай елестетесің?

Конкурстар кәсіптік бағдарлаудың белсенді формасына жатады. Конкурстар қысқа мерзімде өткізілмейді. Конкурстар жарияланғаннан кейін оқушыларға кәсіп жайлы мәлімет жинауға, материалдарды альбомдарда, фотовитриналарда, кестелерде көркемдеуге, ақылдасуға мүмкіндік беру қажет. Оқушылар барлық жұмысты өздері атқарады. Конкурсқа әзірлік барысында мұғалімдер мен сынып жетекшілері оқушылардың қиын сұрақтарын түсіндіріп, күрделі проблемаларды шешуге жәрдемдесетін кеңесші ролін атқарады.

Көптеген мектептерде «Кім болам?» деген тақырыпта жиындар мен кештер өткізу дәстурге айналған. Мұнда көбінесе базалық кәсіпорынның өкілдері мен ата-аналар өз кәсіптері туралы айтып береді. «Кім болам?» тақырыбындағы кеш аудан мен облыстағы ең қажетті кәсіпті насихаттауға арналуы мүмкін. Кешке әзірленген кезде шаруашылықтың жетекші саласын дамытудың перспективасын, олардың әр алуан кәсіпке мұқтаждығын сипаттайтын материалдар іріктеліп алынуы тиіс. Мысалы, «Кәсіптің бүгіні мен ертеңі» тақырыбындағы кештің басты мақсаты - оқушылардың өзі жете білмейтін кәсіпке деген көзқарасын өзгерту. Мұндай кештің бағдарламасын салыстырмалы түрде құруға болады: оқушы былай ойлайды, ал өмірде былай; кешегісі мен бүгінгісі осылай еді, ал болашақта қалай болады. Ең бастысы - кәсіптің болашағын айқын көрсету.

Мектеп оқушыларын кәсіп таңдауға даярлауда ынтызар топтардың немесе болашақ мамандар клубының айрықша маңызы бар. Олар жалпы білім беретін мектептердің, мектепаралық оқу-өндіріс комбинаттарының, клубтардың, кәсіпорындардың, оқу орындарының, мәдениет үйлері мен сарайларының жанында құрылады. Мұндай клубтар кәсіби кеңестің топтық формасы ретінде оқушылардың белсенділігі мен дербестігін дамытады, олардың ықылас қоятын кәсіптермен мұқият шұғылдануына, өзін-өзі тәрбиелеуіне ықпал етеді, белгілі бір мамандықта өз күшін сынауға мүмкіндік береді.

Оқушыларды өнеркәсіптік өндіріс кәсібіне бағдарлаудың ықпалды формасы - техникалық үйірмелер болып саналады. Техникалық үйірмелерде шұғылдану оқушылардың белгілі бір еңбек саласын білуіне және практикалық іскерліктермен қарулануына мүмкіндік береді. Еңбек профиліне қарай олардың кәсіби мүддесін қалыптастырады. Кәсіптік бағдар беру тұрғысынан қарағанда үйірме профилінің айрықша маңызы бар. Сондықтан да мектепте педагогтар үйірме құру мәселесін шеше отырып, жергілікті өндіріске білікті жұмысшы кадрларының қажеттілігін ескереді.



жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау