Педагогика факультеті Педагогика және психология кафедрасы. 050103- «педагогика және психология»


Дәріс 12. Бастапқы кәсіби білім беру (БКББ) теориясы және әдістемесі



жүктеу 1,49 Mb.
бет11/12
Дата22.05.2018
өлшемі1,49 Mb.
#16395
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Дәріс 12. Бастапқы кәсіби білім беру (БКББ) теориясы және әдістемесі.

  1. БКББ-дің ұйымдастырушылық-педагогикалық негіздері

  2. БК дайындықтың міндеттері, мазмұны, ұстанымдары.

  3. БКББ орындарында жалпытехникалық және арнайы дайындаудың формалары мен әдістері.

1.БКББ-дің ұйымдастырушылық-педагогикалық негіздері. БКББ ұйымдарының басты мақсаты – қоғамның пайдалы еңбектің негізгі бағыттары бойынша білікті мамандарды даярлау.

БКББ жүйесінде білім берудің мынадай типтері кең таралған: кәсіптік училище, кәсіптік лицей, техникалық мектеп, оқу-өндірістік орталы, кешкі мектеп және т.б.



Кәсіптік училище (құрылыс, тігін, ауыл шаруашылық, электротехникалық және т.б.) – БКББ-дің бағдарламаларын жүзеге асырады. Олар жалпы орта біліммен қоса нақты мамандықты белгілі бір деңгейде меңгеруді қамтамасыз етеді. Ең көп тараған ұйым түрі.

Кәсіптік лицей (техникалық, құрылыс, коммерциялық, агролицей және т.б.) – үздіксіз КББ орталығы. Бастапқы және орта кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды қаматамасыз етеді. Олар орта КББ-ді алу мүмкіндігімен біліктіліктің жоғары деңгейлі нақты мамандықты игеруді қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымының бұл түрі БКББ-ді дамытудың басты орталығы болып табылады. Олардың негізінде білім беру үрдісінің мазмұнын, оқу-бағдарламалық құжаттарды жетілдіру мәселесі бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге болады.

Техникалық, кешкі мектептер – жұмысшылар мен мамандарды қайта даярлау, біліктілігін арттыру, жеделдетілген оқу формасы бойынша жұмысшылар мен мамандарды біліктіліктің қажетті деңгейінде даярлауды жүзеге асырады.

Кәсіптік дайындық оқушылардың жұмыстың белгілі бір түрін орындауда қажетті дағдыларды жеделдетілген түрде меңгеруіне бағытталған. Даярлау, қайта даярлау, екінші мамандық алу, біліктілікті арттыру күндізгі, кешкі оқыту формасында өткізіледі.



2.БК дайындықтың міндеттері, мазмұны, ұстанымдары. БКББ – маманды кәсіпке даярлаудың алғашқы деңгейі.

Үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесі - әрбір адамды тәрбиелеу міндеттерін шешетін, оның жалпы білім беру, политехникалық және кәсіптік дайындығын жүзеге асыратын, білім берудің барлық компоненттерінің өзара байланысы мен сабақтастығын, бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік және қоғамдық білім беру ұйымдарының жиынтығы.

КББ орындарында педагогикалық үрдісті басқарудың ұстанымдары бекітілген:



  • білім беруді демократияландыру;

  • білім беруді ізгілендіру;

  • білім беруді гуманитарландыру;

  • білім беруді саралау;

  • білім беруді жекелеу;

  • теория мен практиканың байланысы;

  • ұжымдық жұмыс пен өз бетімен жұмыстанудың байланысы және т.б.

БКБ-нің мазмұны – бұл белгілі біліктілікті, мамандықты игеруді қамтамасыз ететін құрал. КБ-нің мазмұны – табиғат пен қоғам, өндіріс заңдары, техника мен технология, сана жайында ғы теориялық білім жүйесі, оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке дайындауды қамтамасыз ететін практикалық білік пен дағды, оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыратын білім жүйесі. Сонымен қатар, кәсіптік білім, білік және дағды.

БКББ орындарындағы ББ-дің мазмұны мен ББ үрдісін ұйымдастыруды оқу жоспарлары бағдарламалары реттейді.



Теориялық дайындық – мектептік жалпы білімінің жалғасы, кәсіптік практикалық қызметтің ғылыми базасы және орта және кәсіптік жоғары білім алудың негізі. Теориялық оқыту пәндердің екі циклынан құрылған: жалпы білім беретін (тарих, қазақ тілі, орыс тілі, әдебиет, математика, физика және т.б.) және кәсіптік.

Білікті мамандарды даярлау белгілі оқу жоспары бойынша жүзеге асырылады. Оқу жоспары – бұл оқу пәндерінің тізімі мен көлемін белгілейтін, олардың апталық, курстық санын ажырататын мемлекеттік құжат. Жоспар мемлекеттік білім беру стандарты негізінде жасалады. Оқу бағдарламасы – бұл білім, білік пен дағдылар мазмұны мен көлемін, оқу пәнінің нормасы мен мәнділігін, оқу жылдарындағы бірізділігін анықтайтын мемлекеттік құжат.

Теориялық дайындық жүйесі оқу-әдістемелік материал мен оқулықтар жүйесіне сүйенеді. Оқулық және оқу құралы – оқытудың ақпараттық моделі. Оның қызметі:


  • ақпараттық;

  • дамытушы;

  • жүйелеуші;

  • өз бетімен білім алуды қамтамасыз етуші.

Теориялық дайындық практикамен тығыз байланысты. Мамандық практикалық тұрғыдан даярлаудың мына формалары белгіленген:

  • өндірістік оқыту;

  • өндірістік (педагогикалық) сараман.

Олардың оқу жоспарлары мен бағдарламалары жасалады.

3. БКББ орындарында жалпытехникалық және арнайы дайындаудың формалары мен әдістері. БКББ құрылымында жалпы техникалық және арнайы пәндердің орны ерекше. Олар оқушылардың жалпы біліміне негізделеді, оларды толықтырады. Бұндай пәндерді оқытуда жалпыпедагогикалық формалар мен әдістермен қатар спецификалық формалар қолданылады. Оқу үрдісінің формасы мен әдістері оқу материалының мазмұнымен анықталады. Басты формасы: сабақ.

Сабақ – бұл мұғалімнің тұрақты құрамы бар, дайындық деңгейі бірдей оқушылардың тобымен жұмыстануы. Жалпыдидактикалық талаптары: мақсат мен мазмұнның нақтылығы; міндеттердің өзара байланысы; ұжымдық және жеке жұмыс; ұйымдастыру.

Әдістері: әңгіме, өздік жұмыс, кітаппен өздік жұмыс (оқулық, оқу құралы, қосымша әдебиет, анықтамалық және т.б.), көрнекілік пен оқытудың техникалық құралдарын қолдану, лабораториялық сабақ (бақылау мақсатында), практикалық сабақ (қалыптастыру мақсатында).
Дәріс 13. Кәсіптік орта білім беру (КОББ): идеологиясы, мазмұны. Кәсіптік орта білім беру (КОББ) технологиясы.

  1. КОББ-дің сипаттамасы және даму бағыттары

  2. КОББ-дің мазмұны, құрылымы

  3. Кәсіптік орта мектепте маманды дайындау технологиясы


1. ХХІ ғасырда кәсіптік ОМ-тің дамуында ақпараттық технологияларды енгізу, техникалық қызмет көрсетудің жаңа түрлері, жаңа мамандықтардың пайда болуы байқалады.

Жоғары технологиялы және ғылыми негізді өндірістің дамуы кәсіби біліктілікке, көп функционалды іскерлікке ие, практикалық іс-әрекетке бағдарланған мамандарды талап етеді. Бұл жағдайда дәл осы КОББ деңгейі экономиканың даму бағытын қамтамасыз етеді.

Басқару үрдісіне әкімшілікті-техникалық жағынан көмек беруді, күрделі техникалық, технологиялық және ақпараттық жүйелерді тікелей басқаруды, өнімдердің сапасын, өндірістік және экологиялық сипаттамаларын, оның қауіпсіздігін бақылауды және т.б. қызметтерді орта буын мамандары атқаруда.

КОББ-ге қажеттілігінің өсуі дүниежүзілік масштабта байқалады. Қазақстан Республикасында орта арнайы оқу орындарының 2 түрі бар: техникум (училище) және колледж.



Колледж - жоғары түрдегі дербес білім беру ұйымы (немесе университет, академия, институттың құрылымдық бөлігі). Онда орта КБ жеке оқу жоспарлары бойынша тереңдетілген оқу бағдарламалары жүзеге асырылып, олар болашақ мамандарды біліктіліктің жоғары деңгейімен қамтамасыз етеді.

Колледж көпфункциональды сипатқа ие. Колледждер тек орта кәсіптік білім ғана емес, сонымен бірге бастапқы және қосымша кәсіптік білім бағдарламаларын жүзеге асырады.; оқушылар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізеді; әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-зерттеушілік, өндірістік іс-әрекетті өткізеді.

Колледж - инновациялық оқу орыны. Ол кадрларды даярлаудың деңгейіне сәйкес қоғам талаптарын орындайды, алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды қолдануға және білім беруді ізгілендіру және гуманитаризациялау мәселелерін шешуге қажетті жағдай жасаушы.

Колледждің қызметінде міндетті түрде мына бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуі тиіс:


  • қолданбалы ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және өткізу;

  • тәжірибе-эксперимент жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;

  • қажетті ғылыми-әдістемелік жабдықталуы;

  • оқытушыларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру.

Білім беру үрдісін ұйымдастыруда колледждің басты міндеті - тұлғаның кең ауқымды мәдени және сапалы кәсіби дайындыққа қажеттілігін өтеу.

Колледж түлектері ЖОО-ның ІІ, ІІІ курстарына түсіп, білімін жалғастыруына болады.



2. Қазіргі кезде орта буындағы мамандарды даярлау 225 мамандық түрі бойынша жүргізіледі.

Мамандық – білім мен біліктің белгілі бір жиынтығын қажет ететін еңбек іс-әрекетінің тұрақты түрі.

Біліктілік – кәсіптік білімділіктің деңгейі мен түрі. Ол маманның күрделі кәсіби міндеттерді шешу мүмкіншілігін белгілейді.

Мамандану - кәсіби іс-әрекеттің нақты, тар, арнайы саласында қолданылатын білік, білім және дағдылардың жиынтығы. Егер маманның профилі тым кең болған жағдайда пайда болады. Мамандану жоғары курстарда жүзеге асырылады.

Орта буындағы маманның іс-әрекетінің басты мазмұны - кәсіби міндеттерді шешу үшін ең тиімді де сапалы шешімді таңдау және жүзеге асыру, олардың дәстүрлі емес варианттарын жасау. Орта арнайы білімді мамандар жоғары білімді мамандар сияқты ой еңбегімен шұғылданады.



КОББ-дің мазмұнын дамытудағы негізгі бағыттар:

  • КОББ-дің мамандық түрлерін жетілдіру;

  • мазмұнның саралануы;

  • мазмұнды ізгілендіру және гуманитаризациялау;

  • жалпығылыми және жалпыкәсіби дайындықты күшейту;

  • мазмұнды ақпараттандыру;

  • мазмұнның сабақтастығы.

3. Орта кәсіби мектептегі басты құжаттар - оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары.

Оқу жоспары - бұл нормативті құжат. Маманды даярлаудың басты бағыты мен мазмұнын, оқу пәндерінің бірізділігін, қарқындылығын, уақытын, оқытуды ұымдастырудың басты формаларын, оқушылардың білімін тексеру формалары мен уақытын айқындайды. Оқу жоспарында оқытудың мазмұны оқу пәндерінің тізімі және сараманның негізгі түрлері арқылы көрсетілген. Оқу жоспары мемлекеттік стандартта көрсетілген мамандыққа берілетін сипаттамаға сәйкес жасалынған.

Әрбір арнайы оқу орынында оқу жоспарының бірнеше түрлері болады: базистік, типтік және оқу (жұмыс).

ОАОО-ның базистік оқу жоспары - негізгі мемлекеттік құжат, мамандарды кәсіпке даярлау деңгейіндегі мемлекеттік стандарттың құрамдас бөлігі. Ол типтік және жұмыс жоспарларының негізі.

Типтік оқу жоспары әдетте ұсыныс беру сипатында болады. Олар Министрлікпен бекітіледі.

Оқу жоспарлары оқу формаларына (күндізгі, кешкі, сырттай) сәйкес жасалады. Оқу жоспарларында оқу пәндері әлеуметтік-гуманитарлық, жалпы кәсіби және арнайы пәндік дайындық блоктарына жинақталған. Сонымен қатар, сараман бойынша арнайы тарау қарастырылады.

Оқу бағдарламасы - нақты оқу пәні бойынша білім, білікке қойылатын талаптарды, оқу материалының мазмұны мен бірізділігін анықтайтын құжат. Бағдарлама түсінік хаттан, оқытушыға арналған әдістемелік нұсқаудан тұрады. Онда маманды даярлау жүйесінде оқытылатын пәннің алатын орны, білімділік, тәрбиелілік, дамытушылық міндеттер, пәннің басқа пәндермен байланысы, сараманмен байланысы, оқыту формалары мен СӨЖ-ты ұйымдастыру формалары көрсетіледі.

Оқу бағдарламасында оқу пәнінің құрылымын, тараулары мен тақырыптарын, әрбіреуіне қажетті сағат мөлшерін, теориялық және практикалық дайындық сағаттары көрсетілген жоспар құрылады. Оқу бағдарламасында әдебиет тізімі, курстық жұмыс тақырыптары беріледі.

Оқыту формалары: фронтальды, топтық, жеке.

Техникум, училище, колледждерде оқу сабақтарының формалары:



1. Сабақ - (екі сағат, оқу тобы, аудитория, сабақ кестесі)

2. Дәріс - оқу ақпаратын берудің тиімді түрі;

- тыңдаушы пассивті;

- оқытудың жекелік сипаты жойылған;

- оқытушы мен студент арасындағы кері байланыс әлсіз;

- оқушылар білімі тексерілмейді;

Дәріс түрлері: а) кіріспе; ә) анықтаушы (установочная); б) ағымдағы; в) қорытынды; г) шолу.

Өткізу түріне қарай: ақпараттық, проблемді (мәселенің шешілуі); дәріс-әңгіме (студенттердің сұрақтары).

3. Семинар - мақсаты: білімді тереңдету, жүйелеу, бекіту, тексеру, сөйлеу, тыңдау.

Семинар түрлері: а) әңгіме; ә) тыңдау, реферат талдау; б) пікірталас; в) аралас.

4. Оқу экскурсиясы (кіріспе, ағымдағы, қорытынды)

5. Оқу конференциясы

6. Кеңес (көмек беру)

7. Лабораториялық сабақ

8. Практикалық сабақ

9. Курстық жұмыс

10. Дипломдық жұмыс

11. Сараман

Дәріс 14. Жоғары кәсіптік білім беру (ЖКББ): идеологиясы, мазмұны

1. ЖКББ-дің мәні, маңызы, ролі.

2. ЖКББ-дің мазмұны және білім беру бағдарламасы.

3. Жоғары кәсіптік білім беру (ЖКББ) технологиясы.
1.Жоғары білімнің тарихы бірнеше ғасырларға созылған. Кез келген қоғам білім негізінде дамытылады. Жоғарғы білім және ғылыми зерттеу жұмыстары адамның, ұлттың, қоғамның мәдени, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық дамуындағы маңызды компоненттері болып табылады.

Жоғары кәсіби білім - бұл жалпы (толық) орта немесе орта кәсіби білім негізіндегі білім. Ол негізгі кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша жоғары оқу орнында жүзеге асырылады. Бұл қорытынды аттестация және бітірушіге жоғары кәсіби білім жайында құжат берумен аяқталады.

Бүгінгі күні жоғары білімнің ролі артуда. Бір жағынан, бұл студенттер санының өсуі, екінші жағынан, жоғары білімнің міндеттері мен қызметінің кеңеюімен, жоғары білімнің беделінің өсуімен сипатталады.

Жоғары білімнің міндеттері:


  1. Тұлғаның интеллектуалды, мәдениет және құлықтық дамуындағы қажеттіліктерін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру арқылы қанағаттандыру;

  2. Ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен оқушылардың ғылыми зерттеулері мен шығармашылық әрекетінің көмегімен ғылым мен өнерді дамыту; алынған нәтижелерді білім беру үрдісінде қолдану;

  3. Жоғары білімді жұмысшылардың дайындығына және жоғары білікті ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің білктілігін арттыруға, қайта даярлауға жағдай жасау;

  4. Қазіргі өркениет және демократия жағдайында оқушылардың азаматтық позициясын, өмір сүруге, еңбектенуге қабілетін дамыту.

  5. Қоғамның құлықтық, мәдени және ғылыми құндылықтарын сақтау және байыту;

  6. Халыққа білім беру, оның білімділік және мәдени деңгейлерін арттыру.

ЖОО, ең алдымен, жоғары білікті мамандарды даярлау және қайта даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы. Сонымен қатар, жоғары білім білімнің басқа деңгейлеріне қарағанда адамның тұлғалық өсуімен, оның даралығының тұрақтануымен байланысты.

ЖОО-дағы ғылыми зерттеулердің көлемі мен маңыздылығы ЖОО-ның статусын (мәртебесін) анықтауда басты критерий болып табылады. ЖОО-ның мәртебесі оның түрімен, ұйымдастыру-құқықтық формасымен, мемлекеттік аккредитацияның болу, болмауымен анықталады.

ЖОО-ның мәртебесі оның беделіне әсер етеді. ЖОО-ның беделі ЖОО-ның мәнділігі, мамандарды дайындау сапасы, ғылыми зерттеулердің сипаты, ЖОО-ның ел және аймақтың мәдени дамуындағы ролі жайындағы жалпы түсініктерден қалыптасады.

ЖОО-ның мәртебесі мына құжаттармен сипатталады: ҚР «Білім туралы» Заңы, «ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру беру» жайындағы Заңы, жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім стандарты және ЖКББ ұйымының типтік жарғысы.

ЖОО-ның түрлері: университет, академия, институт. Университеттің академиядан, институттан айырмашылығы студенттерді ғылымның кең саласында және түрлі бағыттарында мамандандыруды жүзеге асырады. Ал институттың айырмашылығы ол ғылыми және әдістемелік ортаның болу және болмауы мүмкін. Институт - дербес ұйым. Институт ЖОО-ның құрамдас бөлігі.

Білім берудің мемлекеттік емес саласының кеңеюі – дамудың бағыты болып табылады.



ЖКББ формалары: күндізгі, сырттай, экстернат.

ЖОО-ның жұмыс жасауы үшін: 1) тіркелу

2) лицензия алу

3) мемлекеттік аккредитация (5 жыл)

4) мемлекеттік аттестациядан өту қажет.

ЖОО-н жалпы басқаруды - ғылыми кеңес (ректор, проректорлар, декандар) жүзеге асырады. ЖОО-ның тікелей басшысы ректор. ЖКББ-дің субьектілері – оқытушылар және студенттер.

Университет кешені:


  1. оқу-білім орталығы;

  2. ғылыми, өндірістік, ақылы зерттеулерді дамыту орталығы;

  3. үздіксіз білім беру орталығы;

  4. мәдениет орталығы (конкурс);

  5. ақпараттық орталығы (оқулық, әдебиет);

  6. халықаралық ынтымақтастық орталығы.

2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар:

1) ББМ - экономикалық және әлеуметтік дамудың факторы. Ол тұлғаның өзін-өзі анықталуын қамтамасыз етуге, оның жүзеге асырылуына жағдай жасауға, қоғамды дамытуға бағытталуы тиіс.

2) Білім беру мазмұны қоғамның жалпы және кәсіби мәдениет деңгейін, оқушыларда дүниенің біртұтас бейнесін қалыптастыруды, тұлғаның әлемдік және ұлттық мәдениетке енуін, адамды және азаматты қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс.

3) Кез келген деңгейдегі кәсіптік білім мамандық алуға және біліктілікке иеленуге бағытталуы тиіс.

4) Білім беру мазмұны адамдар арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа жағдай жасауы тиіс.

ЖКББ-дің мемлекеттік стандартында жоғары білімнің үш деңгейі көрсетілген.:

І деңгей – толық емес жоғары білім (ЖОО-да 2 жыл)

ІІ деңгей – «бакалавр» (4 жыл)

ІІІ деңгей – «магистр» (2 жыл)

ЖКББ-дің негізгі кәсіптік білім беру бағдарламаларында міндетті пәндер:



  1. жалпы гуманитарлық және әлеуметтік экономикалық;

  2. математикалық және жалпы ғылыми-жаратылыстану;

  3. жалпыкәсіби;

  4. арнайы.

Жоғары педагогикалық білім беру 3 блоктан құралған:

  1. жалпымәдени (оқудың 25 % уақытын қамтиды);

  2. ғылыми-педагогикалық (18 %);

  3. пәндік (57 %).

3. ЖКББ технологиялары.

Оқу үрдісінің технологиялық критерийлері:

1) заңдылыққа сәйкестілігі (технология белгілі бір ғылыми тұжырымдамаға сүйенеді);

2) тұтастық;

3) басқарылуы;

4) тиімділігі;

5) қайта өндірілуі.



Белгілі білім беру технологиялары:

    1. Дамыта оқыту (В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин)

    2. Проблемді оқыту (И.Я.Лернер)

    3. Ықшамдалған оқыту жүйесі (А.С.Границкая)

    4. Толық меңгеру технологиялары (Б.Блум, Д.Кэррол)


Кәсіптік білім беруді жүзеге асырушы технологиялар


Технология

Мәні

Проблемді оқыту

Оқушылар алдына проблеманы біртіндеп ұсыну, оларды шешу арқылы кәсіптік қызметтің білімдік компонентімен бірге оны жүзеге асыру дағдысын да меңгереді.

Модульді оқыту

Қашықтан оқытуда кең қолданылады. Оқушылардың мазмұнды модуль түрінде ұсынылатын жеке оқу бағдарламасы бойынша өздік жұмысы.

Контексті оқу

Болашақ кәсіптік қызметтің пәндік және әлеуметтік мазмұнын моделдеу, оқытудың белсенді әдістерін қолдану.

Ойын әдісі

Дербес таным әрекеті. Ол оқу ақпаратын іздеуге, өңдеуге, меңгеруге бағытталған.


Белсенді оқыту әдістері:

Имитациялық емес: Проблемді дәріс

Дөңгелек үстел

Дәріс-конференция

Дәріс-конспект

Оқытушы дәрісі

Шолу дәрісі

Коллоквиум

Бағдарламалы оқыту

Семинар


Топтық кеңес

Олимпиада


Имитациялық → ойын емес

↓ а) ситуациялық шешім



Ойын ә) міндеттер шешу

1) шешім қабылдаудың б) оқытушының сабақты

бірнеше нұсқасы қорытындылауы және

2) «ойға шабуыл» бағалауы

3) іскерлік ойын в) жасалған нұсқауларды

4) рольдік ойындар талқылау

5) жеке технологиялық г) семинар өткізу

үрдісті ойын ғ) жеке тренажер

түрінде жобалау

Дәріс 15. Қосымша кәсіптік білім беру (ҚКББ).


  1. ҚКББ-дің ерекшеліктері.

  2. ҚКББ-дің қызметі.

  3. Біліктілікті арттыру. Қайта даярлаудың формалары мен әдістері.

  4. ҚКББ-дің мазмұны және кәсіптік құзіреттіліктің элементтері

1. ҚКББ - ересектерге үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды бөліктерінің бірі. Оған мамандарды қайта даярлау (екінші жоғары білім), біліктілікті арттыру, кәсіптік қайта даярлау, сынақтан өту (стажировка) және өз бетімен білім алу енеді. Бұл жүйе адам өмірінің ұзақ мерзіміне созылады, себебі ол адамның кәсіптік қызметке кірісу кезеңінен бастап, қызметтің соңына дейін жалғасуы мүмкін. ҚКББ жаңа әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайда тұлғаның дұрыс бағытталуына көмек беруді, тұлғаның дұрыс өз қызығушылықтарын ұсынып, қорғауға мүмкіндік береді.

ҚКББ-дің негізгі ерешеліктері:

  • кадрларды үздіксіз даярлау жүйесінде әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталуы;

  • курстық оқу мен өз бетімен білім алудың және оқудың өмірлік, кәсіптік тәжірибемен өзара байланысы;

  • оқыту мазмұнының пәнаралық сипаты;

  • мамандардың кәсіптік қажеттіліктерін және танымдық қызығушылықтарын, олардың лауазымдық қызметтерін, қызметтік мәртебесін (құқығы мен міндеттері) және тұлғаның мәнді кәсіптік қасиеттерін зерттеу және есепке алу негізінде оқытуды құру.

ҚКББ білім беру жүйесі үздіксіз білім берудің бөлігі ретінде көп қызметтілігімен, жылдамдығымен, дамудын озық сипатымен анықталады. ҚКББ саласының ерекшелігі ересек оқушылардың спецификалық категориясының қатыстырылуы болып табылады, яғни олар базалық кәсіптік білімге және кәсіптік қызметтің тәжірибесіне ие ересек адамдар.

ҚКББ жүйесіне енетін элементтер:

1) Қосымша өнімділікті алу үшін маманның дайындық деңгейінің және дайындық мазмұнына қойылатын мемлекеттік талаптардың минимумы негізінде жасалатын қосымша кәсіптік б.б. бағдарламалары (ҚКБББ).

2) Негізгі мақсаты ҚКББ аясында б.б. әрекеті болып табылатын қоғамдық ұйымдар (бірлестіктер), б.б. мекемелері мен б.б. ұйымдары.

3) ҚКББ аясында қызмет жасайтын бірлестіктер (ассоцияциялар, одақтар), ұйымдар; қоғамдық және мемлекеттік-қоғамдық бірлестіктер (кәсіптік ассоциациялар, қоғамдастықтар, ғылыми және әдістемелік кеңестер және т.б. ұйымдар).

4) ҚКББ басқару органдары, мекемелері мен ұйымдары.

ҚКББ мекемелері қатарына біліктілікті арттыру академиялары, институттары, орталықтары, сонымен бірге жоғары оқу орындарында ҚКББ жүзеге асырушы құрылымдық бөлімшелер жатады (факультеттер мен аймақтық орталықтар).



ҚКББ ұйымдарын құру мақсаты: оқушылардың кәсіптік білімін тереңдету, кәсіби қасиеттерін жетілдіру және оларды өз қызметтерін жаңаша орындауға даярлау.

ҚКББ мекемелерінің басты міндеттері:

  1. ғылымның салалары бойынша жаңа жетістіктер жайындағы білімді алу, озат отандық және шетелдік тәжірибемен танысу қажеттіліктерін қанағаттандыру;

  2. мамандардың біліктілігін арттыру және кәсіптік қайта даярлауды ұйымдастыру және өткізу;

  3. ғылыми зерттеулерді, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-эксперимент жұмыстарын, кеңес беруді ұйымдастыру және өткізу;

  4. бағдарламаларды, жобаларды, ұсыныстарды, құжаттар мен материалдар жинағын ғылыми тексеру.

2. ҚКББ-дің қызметтері: акмеологиялық, сервистік, диагностикалық, компенсаторлық, инновациялық, болжамдық, мамандандыру, кеңес беру.

Акмеологиялық қызмет мамандардың адами, әлеуметтік, рухани-адамгершілік қасиеттерін, даралығын дамытуға бағытталған.

Сервистік қызметі экономика, өндіріс, өндірістік емес салаларға қажетті басшы, маман, жұмысшы сынды білікті кадрларды дайындауға бағытталған.

Диагностикалық қызмет курстық оқытудың әрбір кезеңінде жүргізілетін оқушылардың кәсіптік құзырлылық деңгейін, тұлғалық қажеттіліктерін анықтауды қамтамасыз етеді.

Компенсаторлық қызмет диагностикалық қызмет негізінде жүреді. Ол мамандардың базалық даярлығында кездесетін кемшіліктерді жоюға, олардың теориялық білімі мен іскерлігі және тәжірибесіне түзету енгізуді мақсат етеді.

Инновациялық қызметті мамандарда тұжырымдамалық ойлауын қалыптастырумен, олардың инновациялық әрекетте даярлығымен байланыстырады. Даярлық деңгейі мына жағадйлармен анықталады: мотивтер мен мақсатттар жүйесінің қалыптасу деңгейі, шығармашылық әрекетті жүзеге асыруға қажетті білімінің болуы; кәсіптік іскерлігі мен қабілеттері қалыптасуы жүретін үрдіске адамды енгізу.

Болжамдық қызметі - бұл оқушылардың бойында мүмкін болатын кәсіптік іс-әрекеттеріндегі болашақ проблемаларды алдын-ала көру, оларды шешу модельдерін жасау, шешім қабылдаудағы нәтижені алдын-ала белгілеу қабілеттерін дамыту.

Мамандандыру қызметі ҚКББ-дің басты міндеттері негізінен мамандардың кәсіптік қажеттіліктерімен, әлеуметтік мәртебесімен, кәсіптік және лауазымдық қызметтерімен белгіленеді.

Кеңес беру қызметі оқушыларға өздерінің кәсіптік проблемаларын шешуде көрсетілетін көмекті іске асырады.

ҚКББ бағдарламалары ҚКББ-дің мазмұнын белгілейді. ҚКББ бағдарламалары кәсіптік білім берудің жоғары, орта және бастапқы деңгейлі бағдарламаларына ажыратылады.



3. ҚКББ түрлері:

Өз бетімен білім алу - жеке бағдарламалар негізінде жүргізілетін ҚКБ алу түрі. Ол өзінің білім алу әрекетін өз бетімен жобалау және өз әрекетін өзі басқаруы.

Мамандарды қайта даярлау - екінші жоғары білім алу, яғни жаңа мамандықты игеру.

Сынақтан өту - теориялық білім, іскерлік, дағдыны практика жүзінде қалыптастыру және бекіту, кәсіптік міндеттерді орындауда қажетті кәсіптік және ұйымдастыру қасиеттерін иелену.

Біліктілікті арттыру - кәсіптік білімді тереңдету, жүйелеу, жаңарту, біліктілік деңгейіне қойылатын талаптардың артуына және кәсіптік міндеттерді шешуде жаңа тәсілдерді меңгеру қажеттілігіне байланысты практикалық іскерлікті дамыту. Ол қысқа мерзімді (72 сағаттан кем емес) нақты білім беру мекемесінің прболемалары бойынша тақырыптық оқыту (басшы негізгі жұмыс орнында өткізеді, емтихан, сынақ тапсырумен немесе баяндама қорғаумен аяқталады). Кәсіптік қызметтің өзекті мәселелері бойынша тақырыптық және проблемді семинарлар (72 сағаттан 100 сағатқа дейін).

Ұзақмерзімді (100 сағ. жоғары) оқытудың мақсаты - өзекті кәсіптік мәселелерді терең зерттеу, қарастыру.

ҚКББ формалары

  1. негізігі жұмысынан босатылуы (күндізгі оқу)

  2. жұмысынан босатылуы (сырттай, қашықтан)

  3. жұмыстан жартылай босатылуы;

  4. жеке оқыту;

  5. экстернат

ҚКББ әдістері:

  1. интернет-технологиялар;

  2. блокты-модульдік оқыту;

  3. кәсіптік бағдар беру;

  4. инновациялық ойын технологиялары;

  5. дәріс;

  6. семинар;

  7. практикалық сабақ;

  8. топтық жұмыс:

  9. жобалау әдісі.

(Қараңыз: Сластенин В.А. Педагогика профессионального образования. С. 302-307)

4. ҚКББ-дің мазмұны бірнеше деңгейлерде қарастырылады:

  1. Теориялық түсінік деңгейі.

Бұл деңгейде әдіснамалық негіз қалыптасады, философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық негіздеме жасалады. Обьект, міндет, мазмұн, құрылым, технология, критерийлер белгіленеді.

  1. Оқу пәні деңгейі.

Бұл деңгйде ҚКББ мазмұны жүйесіндегі әрбір пәннің міндеті, ролі, орны түсіндіріледі, оның құндылықтары анықталады, оқу пәні мазмұнының құрамы, құрылымы белгіленеді.

  1. Оқу материалының деңгейі.

Оқушылар меңгеруге тиіс материал оқу құралында, әдістемелік нұсқауларда, дәріс сабақтарында, видеобағдарламаларда, практикалық тапсырмалар жинақтарында және т.б. беріледі. Бұл деңгейде белгілі бір пәнді оқу курсына енетін меңгерілуі тиіс кәсіптік құзіреттіліктердің нақты бөлігі айқындалады.

  1. Субьектілі-тұлғалық деңгейі.

Бұл деңгейде кәсіптік-тұлғалық рефлексия, жеке білім алу маршруттарын, жеке білім беру бағдарламаларын оқушылардың өздері жобалау іске асырылады.

  1. Жобаланған жеке мазмұнды әрбір оқушы игеретін деңгей.

Ол құндылықтардың дамуынан, кәсіптік білім жүйесінің толысуынан, кәсіптік іскерлік пен дағдының дамуынан, кәсіптік-тұлғалық өзін-өзі дамыту тәжірибесінің байытылуынан, шығармашылық әрекет, кәсіптік мәдениет, тәжірибелерінің дамытылуынан көрінеді.

Кәсіптік құзіреттіліктің элементтері:

Арнайы құзіреттілік - жоғары деңгейде кәсіптік әрекетпен айналысу және өз дамуын жобалау қабілеті.

Әлеуметтік құзіреттілік - біріккен кәсіптік іс-әрекетпен (топтық, ұжымдық) айналысу, кәсіптік қарым-қатынас тәсілдерін қолдану және ынтамақтастықта әрекеттену қабілеті; өзінің кәсіптік еңбегінің нәтижесі үшін жауапкершілігі.

Тұлғалық құзіреттілік - өзін-өзі көрсету және өзін-өзі дамыту тәсілдерін қолдану қабілеті.

Жеке құзіреттілік - мамандық аясында өзін-өзі іске асыру және дамыту тәсілдерін қолдану қабілеті, кәсіптік өсуге даярлығы, өзін-өзі сақтауға қабілеті, кәсіптік қартаюға бой бермеуі; өз еңбегін дұрыс ұйымдастыра білуі.

ҚКББ-дің мазмұнын анықтаушы факторлар: әлеуметтік-педагогикалық; ғылыми-теориялық; тұлғалық-субьектілі; кәсіптік- құзіреттілік; андрогогикалық.
6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.



Тақырып

Мазмұны

Апта

Әдебиет



Кәсіптік бағдар саласындағы ғалымдардың, мамандардың, белгілі педагогтардың еңбектерімен танысу.

Кәсіптік бағдар саласындағы ғалымдардың, мамандардың, белгілі педагогтардың еңбектерімен танысу.








Тақырып: Кәсіптік бағдардың дамуы.


  1. Еңбек тәрбиесі мен оқуды өндіріспен байланыстыру.

  2. КБ берудің тарихы








Тақырып: Кәсіптік бағдардың дамуы

  1. Жалпы білім беретін мектеп пен кәсіптік мектептің бағыт-бағдары

  2. Ғылым мен техниканың дамуы және оның жастардың кәсіптік бағдарына әсері.








Тақырып: Әлеуметтік-экономикалық реформалар кезіндегі жастардың КБ-ын басқару.


  1. Жастардың кәсіптік бағдары - әлеуметтік процесс пен ғылыми басқарудың жиынтығы.

  2. Оқушылардың кәсіптік бейімін анықтау мәселесі.

  3. Оқушыларды кәсіпке баулудың ғылыми негіздері.








Тақырып: Әлеуметтік-экономикалық реформалар кезіндегі жастардың КБ-ын басқару.

  1. Жастардың кәсіптік бағдары - әлеуметтік процесс пен ғылыми басқарудың жиынтығы.

  2. Оқушылардың кәсіптік бейімін анықтау мәселесі.

  3. Оқушыларды кәсіпке баулудың ғылыми негіздері.








Тақырып: Жалпы білім беретін орта мектептегі КБ-ды басқару.


  1. ЖББМ-тегі КБ-дың негізгі мақсаттары.

  2. ЖББМ-тегі КБ-дың жүйесі.

  3. Ауыл мектебіндегі КБ жұмысының ерекшелігі.

  4. КБ жөніндегі оқу-әдістемелік бөлмесі – мектептегі КБ жұмысының орталығы.








Тақырып: Жалпы орта білім беретін мектептегі КБ жұмысының әдістемесі мен ұйымдастырылуы


  1. Әр оқушының өзіне мамандық таңдаудағы психолог пен сынып жетекшінің жұмысы.

  2. Оқушылардың қызығушылығы мен бейімін КБ жұмысының процесінде зертте.

  3. Мектептің ата-аналармен жүргізілетін КБ жұмысының әдістері мен түрлері.








Тақырып: Жалпы орта білім беретін мектептегі КБ жұмысының әдістемесі мен ұйымдастырылуы


  1. КБ беру жөнінде жасөспірімдермен жүргізілетін жұмыстың жеке әдістемесі.

  2. Еңбекке баулу мен ғылым негіздерін оқу процесінде КББ.

  3. Оқушыларды кәсіптерге бағдарлауда пән мұғалімінің ролі.








Тақырып: Кәсіптік білім берудің теориясы


  1. КББ-дің жалпылама және спецификалық қызметтері.

  2. КББ-дің экономикамен, қоғамдық еңбекпен байланысы. КББ-дің нарықтық экономикаға бейімделу жолдары.










Тақырып: Кәсіптік білім берудің теориясы


  1. КББ-дің педагогикалық жүйесі.

  2. Тұлғаның кәсіптік әлеуметтенуі, кәсіптік даярлық, кәсіптік тұрақтануының ерекшеліктері.

  3. Кәсіптік біліктілік, кәсіптік құзіреттілік ұғымдарына сипаттама.








Тақырып: Бастапқы КББ-дің негіздері.


  1. Бастапқы КББ ұйымдарына жалпы сипаттама.

  2. БКББ-дің мазмұны, құрылымы немен анықталады?

  3. БКББ ұйымдарында оқу үрдісін ұйымдастыруда қандай формалар қолданылады?











Тақырып: Орта КББ негіздері


  1. Орта КББ ұйымдарын бітірушілер экономика және әлеуметтік салалардың қай бөліктеріне қажет?

  2. 1) Жұмыс жасаудың ұйымдастырушылық-құқықтық формасын; 2) ведомстволық тәуелділігін; 3) бітірушілер біліктілігі деңгейін есепке ала отырып, орта арнайы білім беру ұйымдарының түрлеріне сипаттама беріңіз.








Тақырып: Орта КББ негіздері


  1. ОКББ мазмұнын дамытудың бағыттары.

  2. ОКББ ұйымдарында оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері.








Тақырып: Кейбір жұмысшы кәсіптерінің сипаттамалары (профессиограммалары).


  1. Химия өндірісіндегі аппаратшы.

  2. Тракторшы-машинист.








Тақырып: Жоғары және қосымша КББ негіздері.


  1. Жоғары КББ-дің мазмұны, қызметі және даму бағыттары.

  2. ЖОО-ның түрлері, мәртебесі.

  3. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі қосымша КББ-дің маңызы.

  4. Қосымша КББ-дің негізгі формалары.

  5. «Маманның кәсіптік құзіреттілік деңгейін арттыру жолдары» тақырыбы бойынша өз бетімен білім алу бағдарламасын дайындаңыз.










ОЖСӨЖ ӨТКІЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ.
8.Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық проект (жұмыс) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар қарастырылмаған

9. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Студенттің өз бетімен жұмысы – белгілі ғылым саласы бойынша білімдерін толықтыруға және танымдық іс-әрекетті қалыптастыруға, дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға бағытталған оқу іс-әрекетінің ерекше түрі.

Студенттің өз бетімен жұмысы оқу материалын игерудегі зерттеушілік тұрғы, шығармашылық белсенділік, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін, практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты.

Студенттің өз бетімен жұмысы – оқытушының қатсуынсыз, бірақ оның әдістемелік жетекшілігімен орындалатын, студенттің жоспарлы жұмысы.

Студенттің өз бетімен жұмысы әрбір дәріс және семинар сабағында өткен тақырыптар бойынша жүргізіледі.

Студенттің өз бетімен жұмысының сұрақтарын оқытушының өзі береді. Бұл сұрақтарға студент берілген әдебиеттер тізімі бойынша дайындала алады.



Студенттің өз бетімен жұмысы төмендегідей формаларда өтеді:

    • жазбаша жұмыс (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары, аннотация);

    • ғылыми жоба дайындау (семестрлік, курстық, дипломмдық жұмыстың басы, университет газетіне проблемалық мақалалар);

    • виртуалды ақпараттар жинақтау (локальды байланыс және Интернет арқылы);

    • электронды курс материалдарын меңгеру (компьютерлік жүйе арқылы).

Студенттің өз бетімен жұмысын оқытушы бағалау кестесі бойынша бағалайды. Студенттің өз бетімен жұмысы талапқа сай және уақытында жазылған кезде ғана орындалған болып саналады.

  1. Кәсіптік бағдар берудегі психолог жұмысы.

  2. Кәсіптік бағдар жұмысын басқарудың мақсаты мен міндеттері

  3. Кәсіптік бағдар беру кеңесінің міндеттері

  4. Оқушылардың кәсіптік бейімін анықтау

  5. Кәсіптік бағдар жұмысын жоспарлау, өткізу және бақылау.

  6. Кәсіптік бағдардың дамуы.

  7. Жалпы білім беретін мектеп пен кәсіптік мектептің бағыт-бағдары

  8. Оқушыларға КБ берудегі сынып жетекші мен ата-ананың ролі

  9. Оқушыларға КБ берудегі ата-аналармен жұмыс.

  10. Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдардың міндеті мен жұмысының негізгі бағыттары

  11. Кәсіптік бағдардың жүйесі мен тармақтары.

  12. Мектеп оқушысының кәсіби бағдарын зерттеу

  13. Оқудан тыс жұмыстағы кәсіптік бағдар берудің әдістемесі.

  14. Кәсіптік бағдар кабинеті: негізгі бағыттары мен міндеттері.

  15. Ауыл мектебіндегі КБ жұмысының ерекшелігі.

  16. Сынып жетекші және психологтың кәсіби кеңес беру әдістемесі

  17. Оқытушының кәсіби-педагогикалық мәдениеті.

  18. Маманның кәсіби-тұлғалық дамуы мен тәрбиесінің психологиялық негіздері.

  19. Кәсіптік білім берудің (КББ) теориялық-әдіснамалық негіздері

  20. Жалпы орта білім беретін мектептегі КБ жұмысының әдістемесі мен ұйымдастырылуы

  21. Бастапқы кәсіби білім беру (БКББ) теориясы және әдістемесі

  22. Болашақ мамандарға кәсіптік тәрбие берудің мәні, ерекшеліктері.

  1. Кәсіптік орта білім беру (КОББ): идеологиясы, мазмұны, технологиясы

  2. Жоғары кәсіптік білім беру (ЖКББ): идеологиясы, мазмұны, технологиясы

  3. Қосымша кәсіптік білім беру (ҚКББ): қызметі, мазмұны және түрлері.

  4. Біліктілікті арттыру және қайта даярлаудың формалары мен әдістері

  5. Педагог-психолог мамандығының сипаттамасы



10.Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі пән бойынша қарастырылмаған.
11.Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары
1.6 Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

Білім бағалау мәліметінде білім бағалау шкаласы, критериясы, жұмыс түрлерінің тізімі және осы жұмыстарды орындау талаптары беріледі.


Бағалау критериялары

Бағалау түрі

Жұмысы үшін балл

Орындалған жұмыстардың саны

Дәрістегі белсенділік

100

15

Семинардағы белсенділік (практикалық жұмыста)

100

15

Лабороториялық жұмыстағы белсенділік

-

-

СОӨЖ сабағындағы белсенділік

100

30

СӨЖ тапсырмаларын орындау

100

15

Жеке тапсырма

100

6

Жазба жұмыс

100

2

Басқа да бақылау түрлері

100

N

Рубеждық бақылау

100

2

Аралық аттестация (Р1,Р2)

100

Барлық бағаның орта арифмитикалық көрсеткіші

Ағымдық бақылау

(р1+р2)/2




Емтиханға жіберілу рейтингі

Ағымдық бақылау ⃰ 0,6




Емтихан бағасы

100 ⃰ 0,4




Қорытынды баға

Ем.жіберілу +Ем.бағасы




Әдетте силлабуста келесі мәліметтер көрсетіледі:

    • барлық жұмыс түрлерін бағалау ережесі (максималды балл, айыптық және көтермелеу балдары);

    • қорытынды (емтихан) бағасын қою критериялары және аппеляция ережесі;

    • сабаққа кешігу, сабақты қалдыру, дәрісханадағы тәртіп, жұмысты кеш тапсыру, емтиханға қатыспау т.б. мәселелер.


Бағалау саясаты

Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайлық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.

Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.

Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау

  • Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.

  • Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
Мысалы

«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»
Бағалау саясаты:

Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)


Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:


Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз



Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.
Студенттерге қойылатын талаптар:

1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.

2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.

3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.

4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.

5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.

6. Пікірлесу.

Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.

Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары

1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

  1. Кәсіптік бағдар - әлеуметтік-экономикалық проблема

  2. Кәсіптік бағдар берудегі психолог жұмысы.

  3. Кәсіптік бағдар жүйесі.

  4. Кәсіптік бағдар жұмысын басқарудың мақсаты мен міндеттері

  5. Кәсіптік бағдар беру кеңесінің міндеттері

  6. Әкімшіліктің кәсіптік бағдар берудегі міндеттері

  7. Пән мұғалімі, мектеп кітапханасы, мектеп дәрігері, ата-аналардың міндеттері

  8. Оқушылардың кәсіптік бейімін анықтау

  9. Кәсіптік бағдар жұмысын жоспарлау, өткізу және бақылау.

  10. Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыру

  11. Кәсіптік бағдар саласындағы ғалымдардың, мамандардың, белгілі педагогтардың еңбектері

  12. Оқушыларға КБ берудегі пән мұғалімдерінің рөлі

  13. Кәсіптік бағдардың дамуы.

  14. Еңбек тәрбиесі мен оқуды өндіріспен байланыстыру.

  15. Жалпы білім беретін мектеп пен кәсіптік мектептің бағыт-бағдары

  16. Ғылым мен техниканың дамуы және оның жастардың кәсіптік бағдарына әсері.

  17. Оқушыларға КБ берудегі сынып жетекші мен ата-ананың ролі

  18. Оқушыларға КБ берудегі ата-аналармен жұмыс.

  19. Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдардың міндеті мен жұмысының негізгі бағыттары

  20. Кәсіптік бағдардың әлеуметтік-педагогикалық проблемасы, ұстанымдары.

  21. Кәсіптік бағдардың жүйесі мен тармақтары.

  22. Мектеп оқушысының кәсіби бағдарын зерттеу

  23. Оқудан тыс жұмыстағы кәсіптік бағдар берудің әдістемесі.

  24. Әлеуметтік-экономикалық реформалар кезіндегі жастардың КБ-ын басқару.

  25. Оқушыларды кәсіпке баулудың ғылыми негіздері.

  26. Кәсіптік бағдар кабинеті

  27. Мектептегі КБ кабинетінің негізгі бағыттары мен міндеттері.

  28. Кәсіптік бағдар кабинетін жасақтау әдістемесі.

  29. Мектепаралық оқу-өндіріс комбинатының кәсіптік бағдар кабинеті

  30. Базалық кәсіп орынның кәсіптік бағдар кабинеті

  31. Жалпы білім беретін орта мектептегі КБ-ды басқару.

  32. ЖББМ-тегі КБ-дың негізгі мақсаттары.

  33. ЖББМ-тегі КБ-дың жүйесі.

  34. Ауыл мектебіндегі КБ жұмысының ерекшелігі.

  35. КБ жөніндегі оқу-әдістемелік бөлмесі – мектептегі КБ жұмысының орталығы.

  36. Сынып жетекші және психологтың кәсіби кеңес беру әдістемесі

  37. Кәсіби кеңес берудің әдістемесі.

  38. Кәсіби кеңес берудің қызметі.

  39. Қабілет пен бейімді анықтау.

  40. Оқытушының кәсіби-педагогикалық мәдениеті.

  41. Маманның кәсіби-тұлғалық дамуы мен тәрбиесінің психологиялық негіздері.


8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

  1. Кәсіптік білім берудің (КББ) теориялық-әдіснамалық негіздері

  2. Жалпы орта білім беретін мектептегі КБ жұмысының әдістемесі мен ұйымдастырылуы

  3. Бастапқы кәсіби білім беру (БКББ) теориясы және әдістемесі

  4. БКББ-дің ұйымдастырушылық-педагогикалық негіздері

  5. БК дайындықтың міндеттері, мазмұны, ұстанымдары.

  6. Кәсіптік білім берудің теориясы

  7. КББ-дің жалпылама және спецификалық қызметтері.

  8. КББ-дің экономикамен, қоғамдық еңбекпен байланысы. КББ-дің нарықтық экономикаға бейімделу жолдары.

  9. КББ-дің педагогикалық жүйесі.

  10. Тұлғаның кәсіптік әлеуметтенуі, кәсіптік даярлық, кәсіптік тұрақтануының ерекшеліктері.

  11. Кәсіптік біліктілік, кәсіптік құзіреттілік ұғымдарына сипаттама.

  12. Бастапқы кәсіби білім беру (БКББ) әдістемесі.

  13. БКББ орындарында жалпытехникалық және арнайы дайындаудың формалары мен әдістері

  14. Кәсіптік тәрбиенің мәні.

  15. Болашақ мамандарға кәсіптік тәрбие берудің мәні, ерекшеліктері.

  16. Кәсіптік тәрбиенің әдістемесі және технологиясы.

  17. Кәсіптік қызметтің психологиялық ерекшеліктері.

  18. Кәсіптік орта білім беру (КОББ): идеологиясы, мазмұны.

  19. КОББ-дің мазмұны, құрылымы

  20. Кәсіптік орта мектепте маманды дайындау технологиясы

  21. Жоғары кәсіптік білім беру (ЖКББ): идеологиясы, мазмұны

  22. ЖКББ технологиялары.

  23. Базалық мекемелердің оқушыларды КБ-ға басшылығы.

  24. Оқушыларды еңбекке даярлаудың материалдық өндірістің шеңберіндегі тірек мекемелерінің, МАОӨК, ОКТУ, мектептердің өзара байланыс жүйесі.

  25. Жастарды өмірге және еңбекке даярлаудағы әлеуметтік институттардың ролі.

  26. Қазақстанда кәсіптік бағдарлаудың мемлекеттік қызметінің болашағы.

  27. Жасөспірімдерді КБ-лауда әдебиет пен өнердің ролі.

  28. Орта КББ негіздері

  29. ОЖСӨЖ мазмұны:

  30. Оқушыларды еңбекке даярлаудың материалдық өндірістің шеңберіндегі тірек мекемелерінің, МАОӨК, ОКТУ, мектептердің өзара байланыс жүйесін құрыңыз.

  31. Қосымша кәсіптік білім беру (ҚКББ).

  32. ҚКББ-дің қызметі, мазмұны және түрлері.

  33. Біліктілікті арттыру және қайта даярлаудың формалары мен әдістері.

  34. Педагог-психолог мамандығының сипаттамасы

  35. Кәсіптік құзіреттіліктің элементтері

  36. Оқу-өндірістік комбинатының жұмысы

  37. КБ беру бөлмесінің жұмысы.

  38. Оқушыларға кәсіптік бағдар беруде мектептің, МАОӨК пен ОКТУ-дың өзара байланысы


Емтиханға дайындық сұрақтары.

  1. Кәсіптік бағдар берудегі психолог жұмысы.

  2. Кәсіптік бағдар жұмысын басқарудың мақсаты мен міндеттері

  3. Кәсіптік бағдар беру кеңесінің міндеттері

  4. Оқушылардың кәсіптік бейімін анықтау

  5. Кәсіптік бағдар жұмысын жоспарлау, өткізу және бақылау.

  6. Кәсіптік бағдардың дамуы.

  7. Жалпы білім беретін мектеп пен кәсіптік мектептің бағыт-бағдары

  8. Оқушыларға КБ берудегі сынып жетекші мен ата-ананың ролі

  9. Оқушыларға КБ берудегі ата-аналармен жұмыс.

  10. Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдардың міндеті мен жұмысының негізгі бағыттары

  11. Кәсіптік бағдардың жүйесі мен тармақтары.

  12. Мектеп оқушысының кәсіби бағдарын зерттеу

  13. Оқудан тыс жұмыстағы кәсіптік бағдар берудің әдістемесі.

  14. Кәсіптік бағдар кабинеті: негізгі бағыттары мен міндеттері.

  15. Ауыл мектебіндегі КБ жұмысының ерекшелігі.

  16. Сынып жетекші және психологтың кәсіби кеңес беру әдістемесі

  17. Оқытушының кәсіби-педагогикалық мәдениеті.

  18. Маманның кәсіби-тұлғалық дамуы мен тәрбиесінің психологиялық негіздері.

  19. Кәсіптік білім берудің (КББ) теориялық-әдіснамалық негіздері

  20. Жалпы орта білім беретін мектептегі КБ жұмысының әдістемесі мен ұйымдастырылуы

  21. Бастапқы кәсіби білім беру (БКББ) теориясы және әдістемесі

  22. Болашақ мамандарға кәсіптік тәрбие берудің мәні, ерекшеліктері.

  1. Кәсіптік орта білім беру (КОББ): идеологиясы, мазмұны, технологиясы

  2. Жоғары кәсіптік білім беру (ЖКББ): идеологиясы, мазмұны, технологиясы

  3. Қосымша кәсіптік білім беру (ҚКББ): қызметі, мазмұны және түрлері.

  4. Біліктілікті арттыру және қайта даярлаудың формалары мен әдістері

  5. Педагог-психолог мамандығының сипаттамасы



12. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық қолдау.

№1 корпус №2 оқу залы.

Әдебиеттер №8 корпус №4 оқу залы.

«Педагогика және психология » кафедрасы. 212, 221бөлме



ПЕДАГОТАР ҮШІН ТАҚЫРЫПТЫҚ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР 3
КӘСІПТІК ОҚЫТУ, КӘСІП АЛДЫ ДАЯРЛЫҚ, МЕКТЕПТЕН КЕЙІНГІ МАРШРУТТЫ ЖОБАЛАУ: ҚҰЖАТТАР, ТАЛДАУ

жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау