Педагогика факультеті Педагогика және психология кафедрасы. 050103- «педагогика және психология»


Дәріс 1. Кәсіптік бағдар - әлеуметтік-экономикалық проблема



жүктеу 1,49 Mb.
бет8/12
Дата22.05.2018
өлшемі1,49 Mb.
#16395
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Дәріс 1. Кәсіптік бағдар - әлеуметтік-экономикалық проблема.

    1. Мамандық таңдау – жауапты іс.

    2. Кәсіптік бағдар берудегі психолог жұмысы.

    3. Кәсіптік бағдар жүйесі.


Мамандық таңдау – жауапты іс.

Бүгінгі таңда білім беру саласында маңызды реформалар жүзеге асырылуда. Қазіргі мектеп 12 жылдық жалпы білім беру табалдырығында тұр. Қазақстан республикасының 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасында 9 міндет қойылған, соның 7-ші пункті негізгі сатыда бағдаралды даярлықты енгізу. Осы тұжырымдамада «Екінші сатының негізгі ерекшелігі психологиялық-педагогикалық диагностикалау және кәсіби бағдар беру негізінде бағдаралды даярлық енгізу.

Бағдаралды даярлық енгізу арқылы оқушылар 12 жылдық мектептің 3-ші сатысында білім алуға бағдарлы, саналы түрде таңдау жасайды. Бұл орасан зор жұмыс кәсіби бағдар, пәндік, пәнаралық вариативтік бөлімдері бар курстардың мазмұны мен шаралары арқылы және мектептің ішкі ресурстары, сонымен қатар басқа білім беру ресурстары арқылы жүзеге асады» деп көрсетілген.

ҚР-дағы жалпы білім беру жүйесінің негізгі даму бағыттары атты Білім және Ғылым министрімен сұхбатта: «12-жылдық мектептің базистік оқу жоспарында ақпараттық және кәсіби бағдар беру мақсатында курстар енгізіледі. Психологиялық диагностика өткізіп, өңдеу мектеп психологының міндетіне кіреді» деп бағдаралды даярлық жұмыстарының қомақты бөлігі психологтардың иығына артылатынын көреміз.

Педагогика ғылымы мен практикасында «бағдаралды даярлық» ұғымы жаңа түсінік болып табылады. Бағдаралды даярлық – бұл жүйелі педагогикалық, психологиялық, ақпараттық және ұйымдастыру іс-шаралары, яғни 9 сынып оқушыларының болашақ білімі мен кәсіби іс-әрекетін таңдауда көмек ету (оның ішінде оқу бағдарын таңдау, жоғары сатыны қай мектепте немесе қандай басқа білім мекемелерінде жалғастырады). 9 сыныпты аяқтаған оқушы тек бағдарлы оқуға ғана емес, сонымен қатар өмірлік, кәсіби және әлеуметтік өздік таңдау жасау керек.

Мектептің басты міндеті – елдің құнды азаматтарын тәрбиелеу, ал бұл міндетті шешу жоғары сынып оқушыларының қандай білім алатынына және қайда жұмыс істейтініне байланысты. Жасөспірімдер (9 сынып оқушылары) алғашқы кәсіби таңдауларын жасаулары қажет. 10 сыныпта бағдарлы оқуға, не білімін басқа мекемелерде жалғастыруға бағыт алады. Солндықтан бағдарлы оқу жүйесін жүзеге асыруда оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, алдын-ала кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілуі тиіс.

9 сыныптан кейін оқушы орта мектепте білімін жалғастырмайтын болса, өзінің алғашқы кәсіби таңдауын жасауы керек: кәсіптік мектеп, лицей, не колледжнемесе қысқамерзімді кәсіби курстарға баруға мүмкіндік беріледі.
Кәсіптік бағдар берудегі психолог жұмысы.

Жасөспірімдерді тәрбиелеуде төмендегі психологиялық-педагогикалық жұмыс бағыттары жүзеге асырылуы тиіс:



  • жоғары сатыда бағдарлы оқу ерекшеліктері және негізгі мектепті бітіргеннен кейін білімді жалғастыру және таңдаған мамандықтары бойынша білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру;

  • оқушыларды алғашқы кәсіби жоспар жасауға әзірлеу;

  • оқушылардың кәсібьи болашағына оптимистік көзқарас қалыптастыру;

  • әртүрлі кәсіби мамандықтардың әлеуметтік теңдігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу;

  • оқушы тұлғасының толық қалыптасуына оң әсер ету, оның ішінде іскерлік, өзіндік таным мен өзіндік өзгеру қабілеті, тәуелсіздік, өзіне сенімділік, таңдау жасай білу және оған жауапкершілік, мақсатқа бағытталу, өзіндік сын, құзіреттілік, тіл табыса білу, өзбеттілік, тәртіптілік, икемділік, ерік-жігер қасиеттері;

  • оқушыға өз темпераменті, қызығушылығы, қабілеті, икемділігі, ойлау типі, қажеттілігі, құнды бағыты туралы терең өзіндік танымға жағдай жасау;

  • мамандық таңдауда әр жасөспірімнің өз жолын іздеуді белсендендіру;

  • жасөспірімнің маңызды әлеуметтік құндылықтарды меңгеруі;

  • мамандық таңдау мотивін айқындау, яғни өзін жүзеге асыру, бекіту, жанұяға пайдасын тигізу, өмір сүру үщін табыс табу және т.б.;

  • мамандық тар әлмеі, өзі туралы, өз аймағында қажетті мамандықтар және оның болашағы туралы мамандық таңдау проблемалары жөнінде жан-жақты, әрі терең мағлұмат беру.

Кәсіби таңдау жасау процесінде жасөспірімнің қалыптасуы толыққанды болады, егерде:

  • кәсіби таңдау жасау тұлғаның даму механизмі ретінде және осы дамудың нәтижесі ретінде қарастырылса;

  • жасөспірімдердің өзекті қажеттіліктері (психологиялық, әлеуметтік), соынмен бірге оларды жүзеге асыруда туындайтын қайшылықтар толыққанды ескерілсе;

  • кәсіби таңдау жасауға бағытталған педагогикалық-психологиялық жұмыстар жасөспірімдердің жеке тұлғасына бағытталып негізделсе: кәсіби таңдау процесінде оқушылар өз бетімен маңызды өмірлік шешім қабылдаушы белсенді субъектіге айналса;

  • психологиялық-педагогикалық әсер ету құралы тұлғаның толық қалыптасуы болып табылады, олар бір-бірімен тығыз байланысқан компонентерге бөлінеді: рухани-құндылық, мотив-еріктік, тұлғалық-дамушылық, когнитивтік, эмоционалдық.

Оқушылармен жүйелі түрде бағдаралды даярлық жұмыстьары, алғащқы кәсіби таңдау курстары жүргізілу керек. Психолог Е.Лепешева бағдаралды даярлық жұмыстары бағдарламасы төрт негнізгі ережеге сүйеніп жасалуы керек дейді:

  1. Кәсіби таңдау жасау – жеке тұлғалық әрекет. Әр тұлға өзін терең танымайынша, саналы өмір жолын таңдау, мамандық таңдау жасауы мүмкін емес. Сондықтан балалармен әр мамандықтың адамға, оның өмір жолына қалай әсер ететіні жөнінде пікірлесу керек.

  2. Өзіндік айқындалудың негізі - әркім өзін жекелік ретінде түсіну. «Қалаймын, қолымнан келеді, таңдау керек» әрекеттері бір-бірімен тең дәржеде болмауы керек, «қалаймын» жоғары болып, қалған екеуі оған бағынышты болуы шарт.

  3. Мамандықтар туралы ақпараттар беруде аса терең және иекмді тәсіл қажет.

  4. Жасалынған таңдауды белсенді түрде жүзеге асыру.

Жоғарыда аталған мәселелерді ескере отырып, әр психолог бағдаралды даярлық жұмысының кешенді бағдарламасын жасақтап, жүйелі шаралар өткізіп, әр оқушыға өмірлік алғашқы қадамын дұрыс жасауына жан-жақты психологиялық қолдау көрсетіп, педагогтарға және ата-анаға баласының өзіндік шешімді қабылдайтын маңызды кезеңдегі іс-әрекеттері жөнінде кеңестер беру керек.

Кәсіптік бағдар жүйесі.

Кәсіптік бағдар берудің мақсаты – еңбек ресурстарын үйлесімді бөлуге, жастардық өмір жолын таңдауына, кәсіпке бойы үйренуіне ықпал жасау. Курстың пәні – жалпы білім беретін орта мектептің кәсіпке бағдарлау жүйесі. Курстың негізгі міндеті – жастарды кәсіпке бағдарлау жүйесінің теориялық проблемаларын зерттеу; жалпы білім беретін мектептің кәсіптік бағдар беру процесіндегі орны мен рөлінің сипаты; мектепте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыруда сынып жетекшілерін, псилогтарды және т.б. қызметкерлерді осы сала бойынша қажетті біліммен, оның әдістемесімен және практикалық дағдысымен қаруландыру. Кәсіптік бағдар - әрбір жеке адамның ерекшеліктерін және ел экономикасының қажеті мен мүддесін есепке ала отырып, жастарды кәсіпті еркін және өз бетімен таңдап алуға даярлаудың ғылыми негізделген жүйесі.

Кәсіптік бағдар – білімнің жеке саласы. Бірақ ол педагогика, психология, социология, экономика, философия, медицина, құқық ілімдері қиылысында қалыптасады. Кәсіптік бағдар беру – күрделі әлеуметтік-педагогикалық жүйе. Ол қоғамның әлеуметтік сұранысымен тікелей байланысты. Өзінің негізгі көрсеткіштеріне байланысты кәсіптік бағдардың әр түрлі деңгейде мақсаттары бар. Бастауыш мектептің мақсаты – еңбекпен, түрлі мамандықтармен танысу, еңбектің қолдан келетін әдістерін меңгеру, жұмысқа ынтаны қалыптастыру. 5-7 сынып оқушыларының әр түрлі қызметке (тану, коммуникативті, қоғамдық пайдалы кәсіптік еңбек) тез араласуына, белгілі мамандыққа икемділігін арттыру үшін жағдайлар жасалады. 8-11 сыныптарда оқушылардың өзін-өзі тәрбиеленуіне, мамандық таңдауға, өз мүмкіндіктерін бағалауына көңіл бөлінеді. Кәсіп таңдау мектеп көлемінде бітпейді, одан әрі өндірістік еңбек ұжымдарында, орта және арнаулы оқу орындарында жалғасады.

Кәсіптік бағдардың жалпы жүйесі: әлеуметтік, экономикалық, психологиялық-педагогикалық, медициналық-физиологиялық. Әлеуметтік қызмет оқушыларға кәсіптік бағдар беруді қоғамның әлеуметтік сұранысын орындау тұрғысынан қарастырады. Экономикалық қызмет – жұмыс күшінің сапалы құрылымын арттыру, жұмыспен қанағттануды арттыру, жұмыс өнімділігі мен кәсіби ынтаны арттыру, жұмыс уақытын үнемдеу болып табылады. Психологиялық-педагогикалық қызмет оқушылардың бейімділігін, қызығушылықтарын, ынтасын қалыптастырады. Жеке бастың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес мамандық таңдау кезінде оларға көмек көрсету. Денсаулыққа қойылатын талаптар мен жеке адамның физиологиялық ерекшеліктерін ескеру, сол саладағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға көмектесуді медициналық-физиологиялық қызмет атқарады.


Дәріс 2. Кәсіптік бағдар жұмысын басқарудың мақсаты мен міндеттері

  1. Кәсіптік бағдар берудің жалпы міндеттері

  2. Кәсіптік бағдар беру кеңесінің міндеттері

  3. Әкімшіліктің кәсіптік бағдар берудегі міндеттері

  4. Пән мұғалімі, мектеп кітапханасы, мектеп дәрігері, ата-аналардың міндеттері


Кәсіптік бағдар берудің жалпы міндеттері. Басқарудың кез-келген процесі екіжақты болады. Ол басқару жүйесі мен басқарушының өзара әрекетін айқындайды. Өз мүмкіндігі мен ортаның жағдайына қарай оқушының мамандық таңдауға көзқарасын қалыптастыру ісінде педагогикалық ұжым зор ықпал етеді. Жасөспірімнің мақсат-мүддесіне, кәсіп таңдауына басшылық жасап, бағыт-бағдар беріп отырған жөн.

Жасөспірімдердің кәсіптік таңдауын қалыптастырудың бірнеше жолдары бар:



  1. Мектеп жасына дейінгі балаларға кәсіптік бағдар беру міндеттері: балаларды мамандықтармен таныстыру, жас ерекшеліктеріне қарай еңбексүйгіштікке баулу, жұмысқа қызығуын, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру. Бастапқы кәсіптік бағдар берудің мақсаты – баланың мамандыққа деген көңіл күйін қалыптастыру, оған шамасы келетін жерде өзін сынауына мүмкіндік беру.

  2. 1-4 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру міндеттері: оқушылардың оқу, қоғамдық пайдалы еңбектегі мынтасын арттыру, оларды мамандық әлемімен таныстыруды жалғастыру, түрлі мамандықтар бойынша кейбір еңбек түрлерін игеруге талпынту, оған қызығушылығын қалыптастыру. Кәсіптік айқындаудың бұл кездегі мақсаты – адамгершілік, мамандық таңдаудың идеялық негізін, еңбек қызметінің қоғамдық маңызың, белгілі бір мамандыққа қызығушылығын қалыптастыру.

  3. 5-7 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру міндеттері: оқушыларды мамандықтармен, өзі тұрған экономикалық аймақтың қызметімен мақсатты таныстыру, мамандықтар туралы білімін тереңдету, оған қызығушылығын дамыту, практикалық еңбек дағдыларын жетілдіру. Кәсіптік бағдар берудің бұл кезеңдегі міндеті – жасөспірімнің кәсіби бағытын, жеке тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес қоғамға керек мамандық таңдауын қалыптастыру.

  4. 8-9 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берудің міндеттері: оқушылардың мамандық таңдау негізіндерімен таныстыру, кәсіптік маңызы бар сапаны дамыту.

  5. 10-10 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берудің міндеттері: өзін кәсіптік айқындаудың субъектісі ретінде сезінетін қатынасты қалыптастыру. Кәсіптік бағдар берудің бұл кезеңдегі мақсаты – оқушылардың әлеуметтік-кәсіби мәртебесін анықтау. Осылайша, кәсіптік бағдар беру жұмысы кезең-кезеңімен жүзеге асады.

Кәсіптік бағдар беру жұмысына тұтас педагогикалық ұжым қатысады: мектеп директоры, оның оқу және тәрбие істері жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері, мектеп психологы, мектеп дәрігері, сынып жетекшісі, үйірме жетекшілері және оқушылар.

Кәсіптік бағдар беру кеңесінің міндеттері. Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу үшін мектепте кәсіптік бағдар беру кеңесі құрылады. Мектеп кеңесінің негізгі міндеті – оқушылардың кәсіптік бағдарға ынтасының, санасының артуы үшін педагогикалық ұжым мен базалық жұмыс орындарының қызметін бағыттау, біріктіру және үйлестіру. Кеңестің міндеттері:

  • оқушылардың дүниетанымын, еңбекке қатынасын, материалдық өндіріс саласында еңбек етуге әзірлігін қалыптастыру;

  • кәсіптік бағдар берушілердің белсенді өмірлік позициясын, кәсіптік бағдар беру жұмысын ғылыми негізде ұйысдастыру талпынысын қалыптастыру;

  • мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарын мектепаралық оқу-өндірістік комбинатпен, базалық кәсіпорынмен, орта кәсіптік-техникалық училищемен, мәдениет мекемелерімен үйлестіру, кәсіптік бағдар беру жұмысын белгілі бір мерзімге жоспарлау;

  • мектептегі кәсіптік бағдар берушілердің жұмыстарын үйлестіру;

  • мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарына күнделікті бақылау жасау.

Құрамында 10-15 адамы бар кеңес мектеп директоры бұйрығымен әр оқу жылына арнайы бекітіледі. Кеңес төрағасы – мектеп директоры, оның орынбасары, хатшы – кәсіптік бағдар беру кабинетінің меңгерушісі. Кеңес мүшелері – мектеп дәрігері, кітапханашы, ата-аналар комитетінің мүшесі, базалық кәсіпорын өкілі, отбасы мен жұртшылық, мектепке ықпал ету кеңесінің өкілі, еңбек пәнінің мұғалімі, арнайы кәсіптік бағдар беру курстарының жетекшісі.

Кәсіптік бағдар беру кеңесі:

  • кәсіптік бағдар берудің жалпы мектептік шараларын жоспарлайды және ұйымдастырады;

  • мектепте кәсіптік бағдар берудің оқу-әдістемелік кабинетін құрады, жоспарын жасайды;

  • педагогикалық ұжым мүшелерін, ата-ан,аларды, оқушыларды мамандықтар туралы түрлі ақпарат құралдары арқылы (сабақтар, сынып сағаттары, мектеп радиоторабы, қабырға газеті) ұдайы хабарландырады;

  • өз мәжілістерінде кәсіптік бағдар берушілердің оқушылармен жүргізген жұмыстарын тыңдайды;

  • ата-аналар арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырады;

  • мектеп пен ата-аналар комитетіне, оқушылар ұйымдарына кәсіптік бағдар беруде көмпек көрсетеді және оны бақылайды;

  • оқушылардың кәсіптік жоспарларды оқып-үйренуін ұйымдастырады;

  • кәсіптік бағдар беру жұмысының озат тәжірибесін кеңейтеді, мұғалімдерге семинарлар ұйымдастырады;

  • кеңес жұмысы бір жылға бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі. Кеңес мәжілісі әр тоқсанда кемінде екі рет өткізіледі.

Әкімшіліктің кәсіптік бағдар берудегі міндеттері. Директордың міндеттері: педагогикалық ұжымның жұмысын бағыттау; мектептің кәсіптік бағдар беру кеңесін құру және жұмысын ұйымдастыру; кәсіптік бағдар беру туралы нұсқаулармен, бұйрықтармен және шешімдермен ұдайы танысу; мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарын бақылау және талдау; кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша базалық кәсіпорын басшыларымен қарым-қатынас орнату.

Ұйымдастырушының міндеттері: кәсіптік бағдар проблемалары бойынша ата-аналарға лекторий ұйымдастыру; ата-аналарды кәсіби ақпараттық кездесулер мен экскурсиялар жүргізуге қатыстыру; ата-аналар мен оқушылар арасында мамандықтарды насихаттайтын шаралардың жоспарын жасау және жүзеге асыру; мамандық таңдауға даярлайтын мектептік шараларға оқушыларды кеңінен тарту; кәсіптік бағдар беру туралы сынып бұрыштарын ұйымдастыру; кәсіптік бағдар тақырыптары бойынша оқушылардың жиналыстары мен жиындарын өткізу; мектеп бітірушілермен тығыз байланыс жасау; оқушыларды пән және техникалық үйірмелер жұмыстарына тарту, қабырға газеті мен мектеп радиосын пайдалану; кәсіптік бағдар бойынша жалпымектептік және сыныпаралық шараларды жоспарлау және ұйымдастыру; мектепте кәсіптік бағдардың оқу-әдістемелік кабинетін құру және оның қызметін бағыттау; пән мұғалімдерінің және сынып жетекшілерінің оқушылармен жүргізетін кәсіптік бағдар жұмыстарын ұйымдастыру және тексеру; кәсіптік бағдар жұмыстарының озық тәжірибелерін жинақтау, кеңейту және тарату.

Пән мұғалімі, мектеп кітапханасы, мектеп дәрігері, ата-аналардың міндеттері. Сынып жетекшілердің міндеттері: ата-аналармен және пән мұғалімдерімен әңгімелесіп, оқушылардың ынтасы мен талабының, қабілеті мен икемділігінің қалыптасуын терең әрі жан-жақты зерттеу; сынып сағаттары, факультатив сабақтары мен экскурсияларда оқушы ерекшелігін зерттеп-білу негізінде арнаулы мақсатқа бағытталған кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу; кәсіптік бағдар жұмысын ата-аналармен тығыз байланыста жүргізу; әр оқу жылының аяғында мектептегі кәсіптік бағдар кеңесіне мектеп бітірушілердің әрі қарай оқуға немесе жұмысқа деген тілектері бойынша тізімін өткізу.

Пән мұғалімдерінің міндеттері: сабақтан тыс уақыттарда бағдарламалық материал негізінде оқушыларды халық шаруашылығы, экономика, мәдениет салаларымен және түрлі мамандықтармен таныстыру; әр оқушының икемділігі мен қабілетін, қызығушылықтарын зерттеп білу және дамыту; оқу кабинеттерін бехендіруге кәсіптік бағдар тақырыптарын қосу; ғылым мен техника жетістіктері жайында кинофильдерді, диафильмдерді, диапозитивтерді көрсету; сыныптан тыс шараларда кәсіптік бағдар жұмыстары нышандарын пайдалану.

Мектеп кітапханасының міндеттері: мұғалімдер мен оқушылар үшін кәсіптік бағдар әдебиеттерін үнемі іріктеп отыру; оқушылардың кітап оқуын зерттеу және оларға мамандық таңдауға көмектесетін тиісті әдебиеттерді ұсыну; мамандықтар туралы оқырман диспуттарын, конференцияларын және кітап көрмелерін ұйымдастыру; мектептегі кәсіптік бағдар кабинетінде әдістемелік және басқа көмекші материалдарды ұлғайту мен жүйелеу.

Мектеп дәрігерінің міндеттері: оқушылар денсаулығын жүйелі тексеріп отыру; мамандық таңдау мәселелері бойынша оқушылармен және ата-аналармен жекелей әрі топтық кеңестер өткізу; оқушы денсаулығының таңдаған мамандығының талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру; бұқаралық мамандықтар бойынша сәйкес келмейтін көрсеткіштердің медициналық картотекасын құрастыру.

Ата-аналар комитетінің міндеттері: кәсіптік бағдар проблемалары бойынша ата-аналар арасында лекторий жүргізу; оққушылармен мамандық туралы әңгімелер жүргізу және мектептегі басқа кәсіптік бағдар шараларына қатысуға ата-аналарды тарту.


Дәріс 3. Кәсіптік бағдар жұмысын жоспарлау, өткізу және бақылау.

  1. Кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарын құру

  2. Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыру

  3. Кәсіптік бағдар беру жұмысын бақылау

Кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарын құру. Кәсіптік бағдарды басқару процесінің алғашқы кезеңі – жоспарлау. Ол оқушылардың жас шамасына байланысты кәсіптік бағдар беруді басқарудың жүйелілігін, сабақтастығын, үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Жоспарлаудың ерекшелігі – оның ғылыми негізділігі. Жоспар бір жылға жасалады. Бұл оқушылардың кәсіптік бағдар алуының қалыптасуын айқындауға, нәтижелерін қадағалауға мүмкіндік береді. Кәсіптік бағдар жұмысын жоспарлағанда мектепке жақынөндіріс орындарын, оқушылардың тұрмыс-тіршілігін, оқуын, еңбек мүмкіндіктерін ескеруі қажет. Мектептің жоспары төмендегі бағыттарды қамтиды: кәсіптік бағдар (КБ) кеңесінің әрекеттерін; оқу процесінде КБ бағытында жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды; мектепаралық оқу-өндіріс комбинатымен, өндіріс шаруашылығымен бірігіп істелетін жұмыстарды; жоғары оқу орындарымен, техникумдармен, училищелермен бірігіп істелетін жұмыстарды; мектеп кітапханасының, мектеп дәрігерінің жұмыстарын, мектептің КБ жөніндегі оқу-әдістемелік кабинеттің жұмыстарын. Жоспар күнтізбелік кесте түрінде жасалады. Кестеде көлденеңінен – оқу апталары, тігінен - өткізілетін КБ жұмыстарының түрлері орналастырылады. Кестенің ұяларында өткізілуі қажет іс-әрекеттер әр түрлі геометриялық фигуралар (үшбұрыш, шаршы, шеңбер) арқылы белгіленеді. Олар шараларға қатысатын оқушылар санын көрсетеді (үшбұрыш – жеке сыныппен, шаршы – параллель сыныптармен, шеңбер – жалпы мектептік шаралар). Сонымен қатар орындаушылыардың аты-жөннің орнына реттік нөмірлер енгізген жөн. Түрлі-түсті рәміздер (символика) де енгізіледі. Апта ішінде өткізілетін КБ жұмыстарын, мысалы, оқушыларға КБ-дан хабарлама беруді – қызыл, қоғамға пайдалы еңбекті м- көк; жеке немесе топтық кеңес беруді – жасыл, диагностикалық әрекеттерді – көгілдір, бейімдеу әрекеттерін – сары түспен белгілейді.

Сынып жетекшінің жоспары оқушылардың мамандық алу бағдарында өз мүдделері мен қажеттіліктерін есптеп жасаған жоспарлары негізінде құрылады. Жоспар құруда сынып жетекшінің жұмысын үш кезеңге бөлген жөн:

1 кезең – болжау-жоспарлау әректтеріне (директивалық құжаттар, КБ мүмкіндіктері, педагогикалық реттеудің түрлері, әдістері т.б.) керекті мәліметтер жинақтау;

2 кезең – шешілуге тиісті міндеттер мен мақсаттарды анықтау және оларды іске асыру жолдары мен шарттарын белгілеу;

3 кезең – жоғарыдағы талаптар негізінде КБ жұмысының бағыты мен көлемін анықтап, оқушылар ұжымы және оның жеке мүшелері үшін жоспардың нақты мазмұнын дайындау.

Жоспардың түрі:


Апта күндері

Ай

1 апта

2 апта

3 апта

4 апта

Дүйсенбі













Сейсенбі













Сәрсенбі













Бейсенбі













Жұма













Сенбі













Жексенбі













Басқарудың негізгі міндеті – қол жеткен нәтижелерді жоспарланған шаралармен салыстырып, шешілген мәселелерді анықтау, жиналған мәліметтерді талдау, соның нәтижесінде педагогикалық және оқушылар ұжымдары алдына жаңа міндеттер белгілеу, қажет жағдайда жоспардың өңделген нұсқасын жасау.

Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыру. КБ басқарудың міндетті қызметі – КБ жұмысын тек мектепте ғана емес, сондай-ақ мектеп пен басқа да әлеуметтік институттар арасында оқушылардың мамандық таңдауын үйлестіру.

Оқушылардың КБ-на басшылық ету үшін қажетті материалдарды іріктеп алуда төмендегідей талаптар қойылады:



  1. КБ материалдары оқу-тәрбие процесінің логикасын бұзбауы керек, олар сабақ, сыныптан, мектептен тыс шаралармен тығыз байланысты болып, олардың ғылыми ауқымын, практикалық мәнін, өмірімен байланысын тереңдете түсуі тиіс.

  2. КБ материалдары түрлі әдістерді қолдану арқылы баяндалуы қажет.

  3. КБ матер-иалдарының мазмұны ауыл шаруашылығын, экономиканы, мәдениетті, мамандықтарды, ғылым жетістіктерін, оларды іс жүзінде қолданудың түрлі салаларын қамтуы керек.

  4. Оқушыларды профессиограммалық материалдарды, мамандық туралы мінездемелерді, адамның жеке ерекшеліктерін, психикалық өзгешеліктерін, таңдаған мамандықтардың психологиялық-психофизиологиялық ерекшеліктерін салыстыра білуге үйрету қажет.

  5. КБ материалдары көрнекілікпен (фильмдер, радио-теледидар, экскурсиялар т.б.) жабдықталуы керек.

  6. Оқушылардың КБ жөніндегі білімдері үйірмелерде, факультативтерде, практикалық, қоғамға пайдалы және өнімді еңбек жұмыстарында ұштасуы керек.

жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау