Лексикалық тақырыбы: Астана-болашақтың қаласы
Грамматикалық тақырыбы: Сөйлем мүшелері.
Мақсаты:
1) білімділік: оқушылардың білім деңгейінкөтеру, ұжымдық түрде
білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын
қалыптастыру
2)дамытушылық: алған білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту
3)тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, қаламызды сүюге, аялауға тәрбиелеу. Оқушыларға әстетикалық тәрбие беру.
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, оқыту, іздендіру, жаттығу, мәнерлеп оқу, түсіндіру
Көрнекілігі: интерактивтік тақта, компьютер,тест, мәтін, слайдтар, ән айту, сөзжұмбақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих,география, музыка
Ұраны: «Бір-бірімізді қайталамай, толықтырамыз өзгертіп айтамыз.Әрқайсымыз қатысуға
ынталанамыз.Бір-бірімізді тыңдаймыз.Тақырыпка байланысты еркін сөйлесеміз.»
Барысы:
1.Ұйымдастыру
2.»Ой шақыру» Сөзжұмбақ шешу
3.Жаңа сабақ. «Миға шабуыл»
4.Астана туралы фотоальбом көру
5.Мәтінмен жұмыс
6.Сөздік жұмысы.
7.Деңгейлік тапсырма
8.»Шын немесе жалған»
9.Тестілеу
10.Үйге тапсырма
11.»Ой қорыту»
12.Бағалау
13.Қорытындылау
І.Ұйыдастыру: Сәлемдесу. Әнұран айту.
-Сәлеметсіндерме, балалар! Отырыныздар.
-Бүгін нешесе? Аптаның қай күні?
-Қазір қай сабақ?Бүгін неше сабақ болады?
-Жылдың қай мезгілі?
ІІ. «Ой шақыру» Сөзжұмбақ шешу
1.Әкеңнің әкесі
2.Үшінші септік
3.Астананың рәмізі
4.Ең жақын адам
5.»Ескі» сөзінің синонимі
6.Қазақстан Республиқасың үшінші астанасы
-Балалар қаңдай сөз шықты? - Астана
ІІІ. Балалар Астана туралы не білесіңдер?
-Отаның қай мемлекет?
-Астанасы қай қала?
-Астана қаласы ұнай ма?
-Астана қаңдай қала?
Ал, енді Астана қаласына сырттай саяхат жасаймыз?
ІV. Aстана — фотоальбом көру.
Ал, енді осы көргенімізді мәтінмен толықтырайық
Үлестірмелі кәртішкелер )үлестіру)
Мәтінді мәкерлеп оқу.Мәтінмен жұмыс — 49 сл.
V. Мәтінмен жұмыс.
Астана
Қазақстан Республикасының астанасы-Арқаның төрінде орналасқан Астана қаласы.1997 жылы астана Ақмола қаласына көшірілді.1998жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана деп өзгертілді. Астананың рәмізі - Бәйтерек. Бәйтерек- әсем,биік ғимарат, сол жағалаудың көркі. Қазіргі кезде Астана ең сұлу жас қала.Астанада ғажап зәулім ғимараттар салынып жатыр. Астананың сол жағалауында Елбасының Резиденциясы, Ақорда, Парламент, Қорғаныс министрлігі, Ішкіістер министрлігі,т.б .ұйымдар мен мекемелер орналасқан. Астанада 9 шағын аудан және «Орбита», «Шұбар» , «Жастар», «Целинный» шағын аудандары бар. Астанада көптеген білім ошақтары: 50-ден астам орта білім беретін,арнаулы орта білім беретін мектептержәне жоғары оқу орындары, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттықуниверситет, С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университет ,медициналық академия, Ресей-Қазақстан университеті, т.б. оқу орындары бар.Астанада театрлар, Президент мұражайы, цирк , «Думан», «Конгресс Холл,»Жастар» орталығы, т.б. ойын-сауық орындары көптеп саналады. Бас қалада біздің еліміздің атақты, ұлы адамдарының-Абайдың, С. Сейфуллиннің, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ескерткіштері бар. Астана күннен-күнге гүлденуде.Астананың болашағы зор.
VI. Сөздік жұмысы:
орналасқан-расположен
көшірілді-переведен
жарлығы-указ
өзгертілді-переименован
рәмізі-символ
ғимарат-здание
сол жағалауында-на левом берегу
ескерткіштер-памятники
гүлденуде-цветет
зәулім-высотный
Сөз тіркесі немесе сөйлем құрастыру.Тақтада жазу.
VII. Деңгейлік тапсырма – 1,2,3.\51,52,53 сл.
VIII. «Ой қорыту» - 8 сұрақ
IX. «Шын немесе жалған» ойыны.
X.Тестілеу (үлестірмелі қағаздар)
Тест сұрақтары.
1.Астана қаласының рәмізі:
а)ту б)елтаңба в)әнұран с)Бәйтерек
2.Астанада ескерткіштер бар:
а)Абай б)Шоқан в)Шәкәрім с)Сәкен
3.Астана Арқаның .... орналасқан:
а)сол жағында б)төрінде в)алда с)оң жағында
4.Астана .... қала:
а)көне б)ескі в)таза с)әсем
5.Астана қаласының тұсаүкесір тойы:
а)1998 б)1991 в)1997 с)1995
6.Астананың бұрынғы аты:
а)Ақтобе б)Алматы в)Ақмола с)Орал
7.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
а)Еділ б)Қарасу в)Есіл с)Жайық
8.Дұрыс жазылған сөйлемді тап:
а)Астана сұлу әрі таза қала
б)Астана ұқыпты қала
в)Астана ең сұлу, жас қала
с)Астанада сұлу қала
9.»Астана-столица Казахстана» аудармасын тап:
а)Астана күшті қала б)Астана-Қазақстанның астанасы
в)Астана-Қазақстан қаласы с)Астана жас қала
10.Астананың түған күні:
а)6 шілде б)10 шілде в)10 маусым с)6 маусым
XI. Үйге тапсырма
XII. Бағалау.Қорытынды.Не білдік?Не істедік?
Астананың болашағы алда.Келешегі мол.Ол келешекте Еуразия құрылығындағы әйгілі қала болмақ.Біздің астанамыз ең жас, ең сұлу қала.
Достарыңызбен бөлісу: |