ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС - Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.
- ҚАЙНАР АКАДЕМИЯСЫ МҰНДАЙ ІСКЕ ҚАРСЫ
АНЫҚТАМА - Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп аталады.
ПАРА ДЕГЕНІМІЗ НЕ? - Пара - пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамның пайдасына жасаған iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлiк, мүлiкке құқығы немесе мүлiк сипатындағы өзі немесе басқа адамдар үшін пайда түрiнде пара алу (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311-бабы).
- В. Дальдың сөздігі параны «алым-салық, тарту, сыйлық, сәлемдемелер ... лауазымды тұлғаға қысым жасаудан құтылу үшін сыйлық немесе төлем жасау немесе оны заңсыз істі жасау үшін параға жығу» ретінде белгілейді.
- ПАРА ТУРАЛЫ БІЛУ ӘРКІМНІҢ МІНДЕТІ!
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТЫ - 1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойды. Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заң қабылдады.
ПАРАНЫҢ ТҮРЛЕРІ - Кез-келген бұйымдар (ақша, бағалы қағаздар, асыл металлдардан жасалған бұйымдар, жылжымайтын мүлік, жер телімдері), қызмет және пайда (емделу, жөндеу жұмыстары, шет елдерге сапар) пара бола алады.
- Алайда параның жасырын түрлері де болады, ол адамнан параны талап етушіге немесе оның туыстарына жоқ қарызын төлеуді талап ету, еңбек ақыны төленуімен жалған еңбек келісімен жасасу, лотореядан «кездейсоқ» ұтыс. Жиі пара делдал арқылы беріліп, алынады – тараптардың бірінің қол астындағы қызметкері, бизнес бойынша серіктестері немесе арнайы осы үшін жалданған тұлға.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! - «Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан жала жабу – үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.». (Қазақстан Республикасы Қылмыс Кодексінің 129-бабы 3-тармағы)
ПАРА БЕРУ – ҚОҒАМДЫҚ ЗАЛАЛ! - Құқық қорғау органында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкер, жемқорлықпен күрес жүргізуші органға басқа құқық қорғау органына қатысты жемқорлық қылмыс туралы жалған ақпарат беретін болса, құқық қорғау органының қызметкері тәртіп бойынша қызметінен босатылады немесе жемқорлықпен күрес жүргізетін органның ұсынуы бойынша сәйкес функцияларды орындаудан босату жолымен жауапқа тартылады.
- “ПАРА БЕРУШІНІҢ ДЕ, ПАРА АЛУШЫНЫҢ ДА ОРНЫ – ТОЗАҚ”
ҚАЙНАР АКАДЕМИЯСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ!
Достарыңызбен бөлісу: |