Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,65 Mb.
Pdf просмотр
бет45/49
Дата20.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#22599
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49

89 
 
 
біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмысына, білім беру мазмұнын ғылыми-әдістемелік 
қамтамасыз ету бойынша, оқу құралдарына, әдістемелік материалдарға арналған тапсырыстың 
перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады. Балаларға қосымша білім беру саласындағы 
алдыңғы қатарлы оқыту және тәрбиелеу технологиялары, отандық және әлемдік тәжірибе 
туралы ақпаратты қорытындылайды және таратады. Конкурстар, көрмелер, олимпиадалар, 
слеттер, жарыстар және т.б. өткізу бойынша қажетті құжаттама әзірлеп, ұйымдастырады. 
Әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-аналитикалық материалдарды жинауды, жинақтауды және 
жүйелендіруді жүзеге асырады. Қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық 
актілердің жобаларын әзірлеуге, сараптауға, қолданыстағысын түзетуге және жаңа білім 
беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттама әзірлеуге қатысады. 
 
      Білім беру ұйымының педагогикалық және өзге де кеңестерінің жұмысына, сондай-ақ 
әдістемелік бірлестік қызметі мен әдістемелік жұмыстың өзге де түріне қатысады. Еңбек 
қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережені орындайды. Білім беру процесі кезінде 
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) өмірін және денсаулығын қорғауды қамтамасыз 
етеді.
 
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және 
Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан 
Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 
Қазақстан Республикасының заңдары және білім беру қызметін реттейтін басқа да 
нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының білімін дамытудың басым 
бағыттарын, дидактика принциптерін, педагогиканың, жас ерекшелік психологиясының 
негіздерін, білім беру процесін немесе қызмет бағытын әдістемелік қамтамасыз ету 
принципін, білім беру ұйымындағы білім беру процесін ұйымдастыру жүйесін, оқу-
бағдарламалық құжаттамаларды, оқу жабдықтары мен басқа да оқу-әдістемелік құжаттаманың 
үлгілік тізбелерін әзірлеу принципі мен тәртібін, педагогикалық жұмыстың элективті 
нысандары мен әдістерін анықтау, топтастыру және тарату әдістемесін, ұйымның 
педагогикалық қызметкерлерінің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру және 
мазмұны принципін, баспалармен жұмыс жүргізу негіздерін, әдістемелік және ақпараттық 
материалдарды жүйелендіру принциптерін, аудиовизуалды және интерактивтік оқыту 
құралдарына қойылатын негізгі талаптарды, қазіргі заманғы педагогикалық оқыту 
технологияларын, құзыреттілік қатынасты іске асыру, даулы жағдайлардың себебін 
диагностикалау технологиясы, олардың алдын алу және шешу жолдары, экология, экономика, 
әлеуметтану негіздерін, мәтіндік редактор, электрондық кестелер, электрондық пошта және 
браузерлер, мультимедиялық құралдар жұмысының негіздерін, еңбек заңнамаларын, білім беру 
ұйымының ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігін сақтау 
ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім 
(бакалавр) немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім, білім беру жүйесіндегі 
педагогикалық жұмыс өтілі немесе тиісті бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
 
       біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім 
немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; 
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім 
немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, 
жарияланған әдістемелік материалдарының болуы.
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: жоғары педагогикалық білім 
немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл және 
жарияланған әдістемелік материалдарының болуы.
 
 


90 
 
 
   Қосымша бiлiм беру оқу-әдiстемелiк 
орталығының (ҚБ ОӘО) әдіскері 
 
      Лауазымдық міндеттері. Аналитикалық қызмет: қызмет бағыттары бойынша балаларға 
қосымша бiлiм беру жүйесiнiң бағдарламалық-әдiстемелiк қамтамасыз етілу жағдайын 
зерделейді және талдайды, оның тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныс әзірлейді. Балаларға 
арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарының кадрлық құрамы мен әдiстемелiк корпусының 
шығармашылық әлеуеті туралы деректер базасын жинап, талдайды. Балаларға қосымша бiлiм 
беру жүйесінде іске асырылатын бағдарламалық-әдiстемелiк өнім банкін, педагогикалық 
ақпарат банкін (нормативтік құқықтық, ғылыми-әдiстемелiк, әдiстемелiк және т.б.) 
қалыптастырады. Республикадағы балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарында іске асырылатын 
бағдарламалық-әдiстемелiк өнімді жүйелейді.
 
       Ғылыми-әдiстемелiк қызмет: тұлғаның даму міндеттерін шешудің озық инновациялық 
тәсілдерін анықтайды және насихаттайды. Әдiстемелiк және ақпараттық материалдар
диагностика, болжау және педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және 
біліктілігін арттыруды жоспарлауға қатысады. Ұйымдардың эксперименталды және зерттеу 
жұмысының нәтижелерін талдап, жалпылайды. Балаларға қосымша білім беру ұйымдары 
қызметінің практикасына ғылыми зерттеулерді, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені 
талдайды және жалпылайды, педагогтердің ғылыми және теориялық құзыреттіліктерін 
қамтамасыз етеді. Әртүрлі типтегі бағдарламаларды (білімдік, мәдениеттік, эксперименттік 
жұмыс бағдарламалары) және әдістемелік өнімдердің түрлерін (әдістемелік әзірлемелер, 
ұсынымдамалар, құралдар және т.б.) әзірлеу технологияларын жасайды. Түрлі типті оқу-
әдістемелік өнімдерді және әдістемелік қосымшаларды әзірлейді, рецензиялайды және 
бекітуге дайындайды. Балаларға қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске 
асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-әдістемелік өнімдерді басып шығаруға дайындықты 
жүзеге асырады. Тиісті қызметтік бағыттары бойынша, білім беру мазмұнын ғылыми-
әдістемелік қамтамасыз ету бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыруды және қайта 
даярлауды ұйымдастыру жұмысына, оқу құралдарына, әдістемелік материалдарға тапсырыс беру 
жоспарын әзірлеуге қатысады. Әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдамалық материалдар 
жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асырады. Қосымша білім беру саласындағы нормативтік-
құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағыларын түзетуге 
және жаңа білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеуге қатысады. 
Балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы әлемдік және отандық 
тәжірибе, алдыңғы қатарлы оқу және тәрбиелеу технологиялары туралы ақпаратты таратады 
және жалпылайды. 
 
       Конкурс, көрме, олимпиада, слет, жарыс және т.б. өткізу бойынша қажетті 
құжаттарды әзірлейді және ұйымдастырады. Қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды 
қамтамасыз етеді. 
 
      Сараптамалық қызметті: балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарының республикалық 
конкурстарға ұсынатын бағдарламалық-әдiстемелiк өнімдеріне (бағыттары бойынша) бейінді 
сараптама ұйымдастырады. Сараптаманы өтінімдер бойынша жүзеге асырады (бiлiм беру 
ұйымдары, жеке тұлғалар).
 
      Консалтингті қызметті ұйымдастырады: педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және 
олардың кәсіби дамуына ықпал етеді. Балаларға қосымша бiлiм беру оқу бағдарламаларының 
мазмұнын, нысанын, әдісін және оқу құралын анықтауда, ұйымдардың білім беру қызметін 
ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыруда ұйымдардың педагогикалық 
қызметкерлеріне көмек көрсетеді. Қосымша бiлiм беру саласында оқу-тәрбиенiң инновациялық 
технологиялары, алдыңғы қатарлы отандық және әлемдік тәжірибе туралы ақпаратты 
жалпылайды және таратады. Педагогикалық жетiстiктерді (мастер-кластар, педагогикалық 
шеберлік, шығармашылық семинарлар және т.б. ұйымдастыру арқылы) насихаттайды. Балаларға 


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау