87
санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын қадағалайды.
Медицина қызметкерлерімен бірлесе отырып, балалардың денсаулық жағдайын бақылайды
және физикалық жүктемесін реттейді. Балалардың өмірі мен денсаулығына жауап береді.
Салауатты өмір салтын насихаттайды. Тәрбиешілермен, тәрбиеленушілердің ата-анасымен
тығыз байланыста болады. Бекітілген құжаттаманы және есептілікті жүргізеді.
Жүзу нұсқаушысы: Бағдарламаға сәйкес сабақ жүргізеді. Мектепке дейінгі жасы
кішкентай балаларды көп мөлшерлі судан қорықпауға үйретеді (арнайы ойындар, сабақтар
арқылы), ал орта мектепке дейінгі жастағы балаларға әртүрлі жүзу әдістерін үйрете
бастайды (кроль, брасс, «дельфин»). Балалардың суда жүзу кезіндегі қауіпсіздігіне толық
жауап береді. Медбикемен бірлесіп бассейіннің гигиеналық жағдайын бақылайды. Суға түсу
кезінде және жүзудің алдында бассейнді тексеріп, білім алушылардың денсаулығына зиян
келтіретін заттарды алып тастайды. Балаларды шешіндіру және душ қабылдау кезінде
көмектеседі және оларды гигиена талаптарын қатаң сақтауға үйретеді. Алғашқы медициналық
көмек көрсетеді. Санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын үнемі қадағалайды.
Қауіпсіздік техникасын бойынша нұсқаулық жүргізеді. Бекітілген құжаттаманы және
есептілікті жүргізеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және
Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» және
білім беру, дене тәрбиесі мен спорт мәселесі жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық
актілерді, педагогика, психология негіздерін, жас ерекшеліктер физиологиясын, анатомия,
мектеп гигиенасын, спорттық ғимараттарда және снарядтарда сабақ өткізу әдістемесін,
тәрбие жұмысының әдістемесін, әр жастағы балаларды жүзуге үйрету әдістемесін, суда жүзу
тәртібі, дене шынықтыру-сауықтыру шараларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының
талаптарын, бағдарламалар мен оқулықтарды, оқу кабинетін жарақтандыруға және жабдықтауға
қойылатын талаптарды, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздік
ережелері мен нормалары, санитарлық қағидалар мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегіі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім
(бакалавр) немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім.
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: тиісті мамандық бойынша техникалық
және кәсіптік білім.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын
талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ нұсқаушыға қойылатын жалпы талаптарға
жауап беруі, сонымен қатар: балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын нығайтудың алдыңғы
қатарлы әдістері мен тәсілдерін пайдалануы, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен
ата-аналар үшін консультациялар өткізуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы
қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және
нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушыға қойылатын талаптарға жауап
беруі, сонымен қатар балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын жақсарту бойынша тұрақты
нәтижелерді қамтамасыз етуі, балалармен жеке жұмыс жүргізуі, балалардың дене тәрбиесіне
және балалармен спорттық жарыстар өткізуге арналған жеке әдістемелерін әзірлеуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы
қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 4 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және
нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
88
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушыға қойылатын талаптарға
жауап беруі, сонымен қатар: тәжірибелік жұмыс қабілеттерінің бар болуы, балалармен жұмыс
істеудің жаңа бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлеуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы
қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және
нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 6 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ нұсқаушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап
беруі, сонымен қатар: балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын нығайтудың алдыңғы
қатарлы әдістері мен тәсілдерін пайдалануы, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен
ата-аналар үшін консультациялар өткізуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім және нұсқаушы
қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты нұсқаушыға қойылатын жалпы талаптарға
жауап беруі, сонымен қатар: балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын жақсарту бойынша
тұрақты нәтижелерді қамтамасыз етуі, балалармен жеке жұмыс жүргізуі, балалардың дене
тәрбиесіне және балалармен спорттық жарыстар өткізуге арналған жеке әдістемелерін
әзірлеуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім және нұсқаушы
қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушыға қойылатын жалпы талаптарға
жауап беруі, сонымен қатар: эксперименттік жұмыстарды өткізу дағдысының болуы,
балалармен сабақ өткізудің жаңа бағдарламасы мен әдістемесін әзірлеуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім және нұсқаушы
қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының әдіскері
Лауазымдық міндеттері. Барлық типтегі және түрдегі балаларға қосымша білім беру
ұйымдарында (бұдан әрі – ұйым) әдістемелік жұмысты жүзеге асырады. Білім беру процесінің
нәтижесін ұйымдық-әдістемелік алып жүруді, талдауды және бағалауды, инновациялық
педагогикалық тәжірибені топтастырып, таратуды қамтамасыз етеді. Педагог кадрлардың
шығармашылық өсуіне және олардың кәсіби жетілуіне көмек береді. Ұйымдардағы оқу-
әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын талдайды және оның тиімділігін арттыру
бойынша ұсыныс әзірлейді. Әдістемелік және ақпараттық материалдар әзірлеуге, диагностика
жасауға, педагог кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды
болжауға және жоспарлауға қатысады. Ұйымның педагог қызметкерлеріне қосымша білім
берудің оқу бағдарламасының мазмұнын, нысанын, әдістері мен оқыту құралдарын анықтауға,
ұйымның білім беру қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыруға
көмек көрсетеді. Балаларға қосымша білім беру ұйымындағы білім беру процесін жетілдіру
бойынша ұсыныс енгізеді. Білім беру процесіне арналған оқыту-әдістемелік құжаттамалар
мен құралдарды, жабдықтардың үлгілік тізбелерін, дидактикалық материалдарды және т.б.
әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады. Ұйымның
эксперименталдық жұмысының нәтижесін талдайды және жинақтайды. Педагог қызметкерлердің
мейлінше инновациялық, нәтижелі тәжірибелерін жинақтайды және тарату шараларын
қабылдайды. Педагог қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады
және үйлестіреді, оларға тиісті қызмет ету бағыты бойынша консультативтік және
практикалық көмек көрсетеді. Қызметкерлердің тиісті бағыттары бойынша олардың
Достарыңызбен бөлісу: |