Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы



жүктеу 5,22 Kb.
Pdf просмотр
бет23/62
Дата21.01.2018
өлшемі5,22 Kb.
#7778
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   62

48
құрып, сабақтастық жұмысын ұйымдастырудағы кейбір қиындықтарды атап айтты. Қабылданған ұсы-
ныс жоба: Əдістемелік бөлім жетекшілері, аудандық (қалалық) оқу бөлім əдіскерлері бастауыш жəне 
мектепке дейінгі білім беру сабақтастығы жайында сұрақтар бойынша педагогикалық тəжірибені об-
лыста, аудан, мектепте жинақтап қорыту.
Мектепке  дейінгі  педагогтар,  мұғалімдер  балалардың  эмоционалды  жайлы  жағдайын  қамтама-
сыз етуге бағытталған əдістер мен формаларды өз жұмысында қолдану. Мектепке дейінгі педагогтар, 
мұғалімдер ойын іс-əрекетін мектепке дейінгі тəрбие мен бастауыш буын оқытуындағы жетекші іс-əре-
кет ретінде қарастыру.
Психологтар мен мұғалімдер баланың мектепке дайындығын анықтау барысында негізгі тест пси-
хологиялық сапасын бағалауды есепке алу. Əдістемелік бөлімнің жетекшілері, аудандық (қалалық) оқу 
бөлімдерінің əдіскерлері сабақтастық сұрақтарын жүзеге асыратын бірыңғай жоспар құру (мектепке 
дейінгі мекеме педагогы-бастауыш сынып мұғалімі-ата-ана-психолог -əлеуметтік ұстаз) [3, 27-б].
Қиындықтар: кіші жастағы балалармен жұмыс жүргізудегі дидактикалық-əдістемелік базаның то-
лық дайындалмауы; мектептегі бастауыш сынып мұғалімдерінің ересек жастағы балалармен жұмыс 
жүргізу  дайындығының  жеткіліксіз  болуы;  мектепалды  дайындық  тобында  психологиялық  қызмет 
көмегінің аз көрсетілуі. Сонымен қатар сабақтастық мəселесін шешуде ата-аналармен жұмыс жүргі-
зу  бала  дамуының  бірыңғай  кеңістігін  жасаудың  белсенді  бағыты  ретінде  де  қаралуы  тиіс.Өйткені, 
ата-аналардың көпшілігі бала тəрбиесіндегі педагогикалық талаптардан бейхабар болуы мүмкін. Сон-
дықтан педагог қауымның алдына қойған қосымша – ата-аналармен жұмысты одан əрі жетілдірудің 
тың жолдарын қарастыра отырып, ортақ мақсатқа жетудің ұтымды сəттерін жіберіп алмау [4, 45-б].
Мектепке дейінгі мекеме, бастауыш буын мен ата-ана арасындағы сабақтастық сақталғанда бала-
ның мектепке жалпы, арнай жəне психологиялық жағынан қамтамасыз етіледі. Сондай – ақ, бастауыш 
сыныптағы оқыту мен тəрбие беру жұмыстарының негізі қаланып, мектепке дейінгі балалық шақтан 
жүйелі оқытуға кедергісіз көшу үшін жағдай жасалады. Қорыта айтқанда, жоғарыда көтерілген мəселе-
лер бойынша елімізде ауқымды іс-шараларды жүзеге асыру қолға алынуда. Тəрбие-білім беру əрбір ба-
ланың мектепке келуге жəне жетістіктерге қол жеткізуге деген қызығушылығын арттыру үшін жағдай 
туғызуға, білім алуға үнемі алға басуына кепілдік беріп отыруы қажет [5, 66-б].
Білім беру əр бала, əр оқушы үшін тұлғалық мазмұндығын қамтамасыз етуге жəне ол үшін өз ісіне 
де, өз өмірінде жеке тұлғалық ойын, құруға, өзіндік қорғану, өзіндік тəрбиелеу механизмін қалыпта-
стыруға жəне адамдардың адаммен, табиғат, өркениет, мəдениет пен қауіпсіз қарым-қатынас жасауын 
қамтамасыз етеді. Білім беру баланың жеке тұлғасында адамдық экологияны сақтап, тəрбиелеуге, өмір 
маңыздылығына,  жеке  бас  бостандықтарына  адамгершілікке  тəрбиелеуде  адамның  қалыптасу  функ-
циясын қалыптастыру керек. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі 
мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің əрбір азаматының арманы 
орындалып жатыр деп ұғынуға болады.
Пайдаланған əдебиеттер тізімі:
1.  Қазақстан Республикасы «12 жылдық жалпы білім беру» концепциясы. 
2.  Начальная школа, № 1, 2008.
3.  Дошкольное воспитание, № 3, 2007.
4.  Жұмабаев М. Педагогика. –Алматы. 1992.
5.  Тұрғынбаева Б.Ə. Дамыта оқыту. – Алматы. 1999.
ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІНДЕГІ ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ МƏСЕЛЕСІ
Жарылғапов Ж.Ж.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің
профессор, ф.ғ.д.
Кенешова Л. 
қазақ əдебиеті кафедрасының магистранты
Экзистенциализмнің басты бағдары – адам өмірінің мəні мен мағынасы, жеке тұлғаның өзін тануы, 
оның болмыспен қарым-қатынасы, адамгершілік құндылықтарға назар аудару. Философиялық бағыт 
ретінде ХХ ғасырда қалыптасқан экзистенциализм жеке тұлғаның өмір мен өлімге қатысы, адамның 


49
дүниеге келудегі мақсаты, қоғамдағы орны сияқты көптеген философиялық мəселелерге жауап іздейді. 
Ол адамгершілік құндылықтар күнделікті тұтынушылық қажеттіліктердің тасасында қалған, техноген-
ді, индустриалды, қатыгез қоғамға қарсылық ретінде туындады. Ғаламдық дағдарыстар мен соғыстар 
жəне төніп келе жатқан рухани апат адамгершілік құндылықтардың құлдырауына, адамның өз қолымен 
өмірінің мəні мен болмысы жайлы сұрақтар неғұрлым шиеленісе түскенін айтып жүрген ғалымдары-
мыз да бар [1,53].
Сонымен,  қазақ  əдебиетіндегі  экзистенциализмге  тоқталмас  бұрын,  біз  алдымен  экзистенциализ-
мнің не екенін қысқаша тоқталу керек. Жалпы экзистенциализмнің пайда болуына түрткі болған үш 
бағдарды атап көрсете аламыз. Олар: С.Къеркегордың философиясы, Э.Гуссерльдің феноменологиясы 
жəне ойшылдар «өмір философиясы» деп атап кеткен концепция.
Арнайы  теологиялық  білім  алған  Серен  Къеркегор  өзінің  жеке  басының  трагедиясының  (бұл  құ-
былыс экзистенциалистердің бəріне де ортақ деуге болады) жаратылысын дінмен емес, ең əуелі фило-
софиялық мазмұнмен жазды.
Экзистенциализмнің бағыт ретінде қалыптасуына Эдмунд Гуссерльдің феноменологиясы, нақтырақ 
айтсақ, оның əдістемесі қатты əсер етті. Гуссерль ХХ ғасыр ғылымының дағдарысқа ұшырап отырға-
нын  көрсетіп,  осы  дағдарыстан  шығу  жолында  өзінің  феноменологиясын  ұсынды.  Гуссерль  қойған 
сауалдар төмендегі мазмұнда еді: Ғылым нақты адам болмысына не берді? Оның өмірінің мəні неме-
се мəнсіз өмір туралы сұрақтарына жауап берді ме? Адамзат өзінің биік рухын неге жоғалтты? Неге 
бақытсыз?
Осындай сұрақтарға жауап іздей отыра Гуссерль экзистенциализмнің назарын индивидтің санасы-
на, оның ішкі дүниесіне, феномендер легіне аударғаны белгілі.
Экзистенциализмге негіз болған тағы бір бағыт – «өмір философиясы». Оның өкілдері өте көп. Өмір 
философиясы өмірді дүниенің бір бөлігі ретінде ғана қарастырумен шектелмей, оны дүниежүзілік тұта-
стықтың қақ ортасына қояды, өмір ұғымына сүйене отырып, дүние мен өмірді толық түсінуге талпы-
ныс жасайды. Өмір философиясының ең танымал өкілі – Артур Шопенгауэр. Артур Шопенгауэр өмірді 
қасірет пен азапқа толы мəнсіз нəрсе ретінде түсіндерсе, Фридрих Ницще өмір ұғымының пессимистік 
мазмұнына оптимистік реңк беріп, замандастарының бойында өмірге деген құштарлық пен іңкəрлік 
оятты. Өмірге деген осындай көзқарас оның əсіресе «Заратустра осылай деген» еңбегінен анық көрінеді.
Адамның болмысын құрайтын оның экзистенциясы, осы экзистенция дүниенің жалпы бейнесінің 
негізі деген экзистенциалдық онтологияны неміс философы Мартин Хайдеггер ұсынды. Онтологиялық 
категорияларға айналған «жатсыну», «өгейсіну», «маза» туралы көбірек ойлана бастады. М.Хайдег-
гердің «Болмыс жəне уақыт туындысы» феноменологиялық онтологияның түсініктеріне түзету енгіз-
ген бірден-бір туынды болды. Хайдеггерге дейінгі онтологияда болмыс, жалпы индивитке жат болмыс, 
ал адам микрокосм ретінде ұғындырылса, Хайдеггер болмысты керісінше, адам болмысы – болмыс-са-
на арқылы қарастырады.
Болмыс-сана танушы субъектінің санасы емес, ол – азап шегуші сана. Бұл сананың өзі зерттеу объ-
ектісі, ол өзіне маза бермей, өзін түсінуге тырысады. Хайдеггердің «Адам дегеніміз – маза» деуі де сон-
дықтан. Азап шегуші, уайымдаушы сананы адам болмысы деп түсіндірген неміс экзистенциалистері 
қазіргі заманғы адам болмысының үрей, қорқыныш, жатсыну өмірге толы екенін көрсетті.
Экзистенциализмнің көрнекті өкілі, француз жазушысы Жан Поль Сартр философиясы біраз мағлұ-
маттар береді. Балалық жəне жастық шағында жалғыздық пен түсінбестікті, жатсыну мен жетімдікті 
басынан кешкен Сартрды адам табиғатының жұмбақ сырларының төңірегіндегі мазасыз сұрақтар ерте 
ойландырады.  Адамның  өз  тағдырына  деген  өз  жауапкершілігін  Сартр  жалпыадамзаттық  дəрежеге 
дейін көтереді, адам өзін ғана емес, жалпы адам атаулыны таңдайды, «біздің жауапкершілігіміз біз ой-
лағаннан əлдеқайда үлкен, себебі ол бүкіл адамзатқа қатысты» – деген ой айтады. «Үрей», «күйзеліс», 
«жатсыну» секілді сезімдердің пайда болуын да Сартр осы адам таңдауы мен жауапкершілігінің қиын-
дығымен түсіндіреді.
«Адамды қоршаған дүние – мəнсіз, абсурд» деген қағида француздардың тағы бір көрнекті жазушы 
драматургі Альберт Камюдің экзистенциализмнің негізі болды. Материалдық мұқтаждық пен ауру мең-
деген кезеңдерінде Камю өзіне «Өмірге не үшін келдім? Осындай өмірдің мəні бар ма?» деген сұрақты 
үнемі қойып отырды, оның жауабын Ницще, Къеркегор, Шестов, Достоевский, Жид, Монтерлан, жəне 
тағы басқа ойшылдардың ілімінен іздеді [2, 126].
Соңғы жылдарда кеңістік пен кейіпкер қатынасын көркем зерделеу нəтижесінде өніп шығып, əдеби 
тенденциялардың бірі ретінде көрініс берген қазақ прозасындағы экзистенционалды ой ағымы бүгінгі 
күні айрықша назар аударуға сұранып тұрған мəселелердің ішіне енеді. Кезінде «өмір сүру филосо-
фиясы» деп аталған мұндай бағытты тек буржуазиялық идеологияның, буржуазиялық философияның 


жүктеу 5,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау